КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сынып – радиоактивті материалдар 3 страница
Титанның тотығуға қарсы қабілеті тотықпайтын болаттан жоғары. Ол атмосферада, тұщы және теңіз суында, қышқылдарда (сірке, азот, күкірт) тотықпайды деуге болады, 350-500°С температурасына дейін химиялық (газдан) тотығуға төзімді болып келеді. Химиялық төзімділігінің, қиын балқу қасиетінің, иілгіштігі және жеңілдігі (тығыздығы 4,5г/см3) нәтижесінде ол ұшақ, зымыран, кеме құрылысында және тағы басқа жұмыс жағдайларында кең қолданыс тапқан. Аталған металдар түсті металдарды тасымалдау көлемінің негізгі бөлігін құрайды. Сонымен қатар тасымалдау, қайта тиеу және сақтау барысында ескерілуі тиіс өзіндік ерекше қасиеттері бар бірқатар түсті металдар бар, оларға судан от алу қабілеті (калий, кальций, натрий және олардың қоспалары), улылық (ртуть), радиоактивтілік (уран, плутоний), жарылғыш заттар құрау қабілеті жатады. Ондай металдарды орамдау, тасымалдау және сақтау жөніндегі толық нұсқаулар техникалық шарттардың стандарттарында көрсетілген. Машина және аспап жасау өндірісі бұйымдары. Тасымалдау және қайта тиеу шарттары бойынша машина және аспап жасау өндірісі бұйымдарын шартты түрде келесі топтарға жіктеуге болады: доңғалақты және шынжыр табан техника, оралған және оралмаған ауыр салмақты жабдықтар, ірі көлемді және ұзын металл құрылғылары. Әрбір топта пішін, салмақ, өлшемдер мен қасиеттердің алуан түрлері бар. Жеңіл, жүк және арнайы автокөліктердің барлық түрлерін, әртүрлі ауылшаруашылық, жол-құрылыс т.с.с. машиналарды қамтитын доңғалақты және шынжыр табан техниканы дайындау және тиеу ерекшелігі техниканы жылжымалы құрамға бекіту жұмыстарының үлкен көлемі болып табылады. Доңғалақты және шынжыр табан техниканың барлық түрлері ашық ауада жұмыс істеуге арналған, сондықтан олар ашық алаңдарда сақталады. Бұл орайда атмосфералық әсерге бейім келетін түйіндері мен бөлшектерін жартылай орамдаған жөн. Машина және аспап жасау өнімдерінің көпшілігі орамдалған күйінде тасымалданады – ол химия, газ, металлургия және тағы басқа өнеркәсіп салаларына арналған құрал-жабдықтар, әртүрлі металл және ағаш өңдеу станоктары, ұсталық-престеу жабдықтары, электр дәнекерлегіш агрегаттар т.б. Өнімдерді орап, көлеміне, салмағына және сақталуын қамтамасыз ету талаптарын ескере отырыпе, стандарттарға сәйкес атмосфералық әсерден сақтайды (консервациялайды). Машина және аспап жасау өнімдерінің көлік ыдысы қалың ағаш жәшіктер болып табылады, олардың табанының астында жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау қолайлылығын қамтамасыз ету үшін, берік ағаш немесе металл шаналар болуы тиіс. Машина жасау бұйымдары ұзақ уақыт сақтау кезінде сақталуын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша төрт топқа жіктеледі. Ашық ауада жұмыс істеуге арналған машиналар, сондай-ақ, ұзақ мерзімге консервацияланған құрал-жабдықтар ашық алаңдарда сақталады. Бұл сақтау жағдайы аса қатаң деп аталады, себебі температура ауытқуы от +50-тан –50°С-қа дейін болуы мүмкін, ал ауа ылғалдығы 100%-ға дейін жетеді. Температура ауытқуынан қорықпайтын, бірақ атмосфералық жауын-шашындардың тікелей тиюінен қорғауды қажет ететін құрал-жабдықтарды (компрессорлар, күш трансформаторлары, газды салқындатқыштар т.с.с.) шатырлардың астында сақтауға болады. Бұл орайда атмосфера шартты түрде таза болса (ауылдық жер), сақтау жағдайы қатаң болуы мүмкін, ал қоршаған орта өнеркәсіптік орта болса, өте қатаң болуы мүмкін. Атмосфералық жауын-шашындар мен ылғалдың әсеріне бейім болып келетін, бірақ температура ауытқуынан қорықпайтын құрал-жабдықтарды қорғау үшін, ылғалдығы төмен болатын жылытылмайтын (тас немесе бетоннан жасалған) жабық қоймалар қолданылады. Ондай қоймаларда ауырлығы бойынша орташа сақтау жағдайына есептелген металл кескіш, ағаш өңдеегіш станоктар, электрмен дәнекерлеу және тағы басқа құрал-жабдықтар сақталады. Температура ауытқуы мен ылғал әсерінен қорғауды қажет ететін құрал-жабдықтар температура ауытқуы 5-40°С-ты, ал ылғалдығы 80% құрайтын жылытылатын қоймаларда сақталады. Нақтылығы жоғары станоктар, электронды-есептеу техникасы т.с.с. осындай жағайда сақталады. Оралған ауыр салмақты құрал-жабдықтарды қысқа мерзімді сақтау кезінде ашық алаңдарды пайдалануға болады. Әртүрлі электр және и радиотехникалық аспаптарды, сонымен қатар радиоэлектрондық аппараттарды сақтауда әсіресе қоршаған ортаның ылғалдығы жоғары болған жағдайда олардың орамына және оларды консервациялауға жоғары талаптар қойылады. Бұл жағдайларда бұйымды полимер жабындардан жасалған қаптамалар көмегімен және ауа құрғатқыш – силикагельді қолдану арқылы оқшаулау жолымен оның төңірегінде қажетті микроклимат түзеді. Бұйымдардың жекелеген түрлері азот немесе арнайы тәсілмен шық нүктесіне (–45°С жоғары болмайды) дейін кептірілген ауамен толтырылған саңылаусыз металл контейнерлерге салынып тасымалданады. Ондай құрал-жабдықтар жылытылатын жабық қоймаларда сақталады. Металдарды тотығудан қорғау. Тасымалдау және сақтау кезінде металдарды, металл бұйымдарды және металл құрылғыларды атмосфералық тотығудан қорғау үшін, әртүрлі жағармайлар, майлар қолданылады, бұйымдар ылғал өткізбейтін қағазға оралады, сөйтіп, бұйымның саңылаусыз орамында арнайы микроклимат түзіледі. Тотығу процестерін басудың ең тиімді құралы агрессиялық ортаға және жағармайлардың, майлардың, қағаздардың құрамына ингибиторлар – тотығудың алдын алатын, оны тежейтін немесе толық тоқтататын заттарды қосу болып табылады. Ингибиторлар ретінде аммиак, алюминий негізіндегі әртүрлі қоспалар, әлсіз органикалық және бейорганикалық қышқылдар (бензой, олеин т.б.) қолданылады. Ингибиторлар газ фазасында тұрған ұшпа және жағармайлар мен майлардың құрамына кіретін байланысатын деп екі топқа жіктеледі. Ұшпа ингибиторлар ұнтақ, ерітінді және булар түрінде пайдаланылады. Ұнтақ ингибиторды арнайы мата қапшықтарға салып, көлік ыдысының ішіне салады. Бірте-бірте буланып, ингибитор бүкіл ауа көлемін қанықтырып, металдың үстіңгі қабатына түсіп, ылғалмен қосылған кезде қорғағыш қабатты құрайды. Ерітінділерді (спирт, су және су-спирт ерітінділерін) және саңылаусыз орамның ішіне енгізілетін ингибитор буын қолданған кезде де осыған ұқсас қорғау процесі орын алады. Тотығу процестерін тоқтатудың ең қарапайым және үнемді құралы металл бұйымдарды алдын ала ингибиторлармен қанықтырылған қағазға орау болып табылады. Екіжақты ингибирленген қағазды қолдану бұйымды ылғал өткізбейтін қағазбен орауды талап етеді. Екінші қабаты полиэтилен жабыны болып табылатын қосқабатты ингибирленген қағазды қолдану қосымша орам жасау қажеттілігін жояды. Тотығудан бұзылудан қорғау түрін таңдау бұйымдардың қасиеттеріне, сонымен қатар сақтау және тасымалдау жағдайларына байланысты болып келеді.
Дәріс 13 АСТЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ӨҢДЕУ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ Жоспар: 1. Астық және оны өңдеу өнімдері 2. Тасымалдауды ұйымдастыруға әсер етуі Арналымы бойынша дақыл жүктері үш негізгі топқа жіктеледі: – дәнді дақылдар – бидай, тары, қарақұмық т.б,; – бұршақ тұқымдастар – ас бұршақ, жасымық, соя т.б.; – зәйтүн дақылдар – күнбағыс, сора, зығыр, майкене т.б. Дәнді дақылдар аса құнды азық-түлік жүктеріне жатады, оны тасымалдау кезінде сапалық және сандық тұрғыда сақталуын қамтамасыз ету қажет. Дәнді дақылдар жүктерінің көлемдік салмағына олардың қуыстылығы және ылғалдығы елеулі әсер етеді. Қуыстылық дәннің тасымалдау кезінде отыруына себеп болады әрі оған ауа өтпеуін туғызады. 26-кестеде кейбір дәнді дақыл жүктерінің көлемдік салмағы мен қуыстылығы келтірілген. 26-кесте
Дәнді дақыл жүктерінің көлемдік салмағы мен қуыстылығы
Дәннің ылғалдығы дақыл жүгінің көлемінде орын алатын биологиялық процестердің қарқынды дамып, жүруіне әсер етеді. Мысалы, дәндердің тыныс алу процестері мен микроағзалар мен дәнді дақылдар зиянкестерінің қызметі қарқындай түседі, соның нәтижесінде ауа оттегісі жұтылып, көмірқышқыл газ, ылғал және жылу шыға бастайды. Дәнді дақыл жылу өткізгіштігінің төмен дегейде болуы салдарынан жүк көлемінде жылу жинақталып, өздігімен ысуы қарқындайды. 50-55°С дтемпературасына дейін ысыған кезде дәнді дақыл шірік иісін, қышқыл иіс шығара бастайды да, оның салмағы күрт төмендейді. Жарық әсерінен де дәнді дақылдың химиялық құрамының өзгеруі мен соңынан бүлінуі орын алады. Дәннің ылғалдығы көбінесе қоршаған ортаның ылғалдығына тәуелді болып келеді, себебі дәнді дақылдардың ылғал тартқыштығы аса жоғары. Ылғалдыққа қарай негізгі дәнді дақыл жүктері төрт топқа жіктеледі: құрғақ, құрғақтығы орташа, ылғалды және сулы (27-кесте). 27-кесте Дәнді дақылдар жүктерінің топтары
Дәнді дақыл жүктерінің маңызды ерекшелігі олардың бөгде иістерді өзіне сіңіріп, ұзақ уақыт бойы ұстауы болып табылады. Сондықтан дәнді дақылдарды тасымалдауға дайындаған кезде вагондарды бұрын тасымалданған жүктердің қалдықтарынан мұқият тазартып, қажет болса, жуу қажет. Дәннің сапасы иісі, дәмі және түр-түсі бойынша анықталады. 28-кестеде сапасы әртүрлі дәнді дақылдардың негізгі көрсеткіштері келтірілген. 28-кесте Сапасы әртүрлі дәнді дақылдардың негізгі көрсеткіштері
Дәнді дақылдардың сапасының бірден-бір көрсеткіші оның ластануы, л, % – яғни отношение массы различных примесей Qпр әртүрлі қоспалардың салмағының, т, Qгр дәнді дақылдар жүгінің жалпы салмағына қатынасы, т:
л = Qпр / Qгр 100 % (72)
Дәнді дақыл жүктерінің келесі қоспаларының түрлері бар: – минералды – топырақ, тас, шаң-тозаң т.б.; – органикалық – қауыз, сабан т.с.с.; – дәндер – сынған және бүлінген дәндер; – арамшөптердің ұрықтары; – зиянды ұрықтар – қара күйе, куколь т.с.с.; – дәнді дақылдардың зиянкестері – кенелер, біз тұмсық т.б. Дәнді дақылдың түрі мен арналымына қарай оның мехникалық және өсімдік қоспаларымен шекті ластануы 1-8%-ды құрайды. Тиелетін дәнді дақылдардың әрбір партиясының сапалық сипаттамасы жүк сертификатында немесе сапа куәлігінде келтіріледі. Дәнді дақылдардың сусымалылығы оның жеке бөлшектерінің пішініне, өлшеміне, салмағына, ылғалдығына, қуыстығына т.б. байлагысты болып келеді. Әртүрлі жүктердегі дәннің сусымалылығын сипаттайтын табиғи еңіс бұрышы бидай үшін 16-38°, қара бидай үшін – 17-38°, арпа үшін – 16-45°, сұлы үшін – 18-54°, тас бұршақ үшін – 20-35°, зығыр ұрығы үшін – 14-34° құрайды. Дәнді дақыл жүктерінің көбісі ақтара тиеліп жабық немесе арнайы вагонмен тасымалданады. Қажетті жағдайларда жабық вагондардың шанақтарын тығыздап, есік ойықтарына алмалы-салмалы немесе алынбайтын дән қалқандарын орнатады. Дәннің салмағы өлшеу арқылы анықталады. Дәнді дақылды жүктерді беру кезінде таразылау нақтылығы нормалары және таразының көрсеткіші мен жүктің табиғи шығыны көрсеткіштерінің айырмалары ескеріледі. Дәнді дақылдарды өңдеу өнімдері. Дәнді дақылдарды өңдеу өнімдеріне ұн, жарма, күнжара, құрама жем, макарон өнімдері т.б. жатады. Олардың барлығы қоршаған ортаның ылғалы мен бөгде иістерін тартуға аса қабілетті болып табылады, сондықтан оларды тасымалдау және сақтауды ұйымдастыру кезінде осы ерекшелікті есте сақтаған жөн. 29-кестеде дәнді дақылдарды қайта өңдеудің кең тараған өнімдерінің қалыпты ылғалдығы келтірілген. 29-кесте
Дәнді дақылдарды қайта өңдеудің кең тараған өнімдерінің қалыпты ылғалдығы, %
Ылғалдық пен температура артқан кезде дәнді дақылдарды қайта өңдеу өнімдері өздігімен ысып, көреге бастайды. Ұн мен жарма температурасының жоғарылауы олардың жалпы көлемінің тыныс алуын ынталандырып, бұл өнімнің кебуін туғызып, салмағын азайтады. Бастапқы өніміне және оны өңдеу сапасына қарай ұн мен жарма сұрыптар мен түрлерге жіктеледі. Ұн әртүрлі дәнді дақылдарды ұнтақтау өнімі болып табылады, ал жарма әртүрлі дәнді дақылдарды ұсақтау немесе қауызынан арылту нәтижесінде пайда болады. Ұн мен жарма салмағы 50 немесе 70кг-дық мата қаптарға салынады. Ұн мен жармаған арналған қаптар таза, құрғақ, төзімді әрі зақымсыз болуы тиіс. Ұн, калибрленген жүгері дәні, жарма және тағы басқа дәнді дақылдар салынған қаптар пакеттерге оралып, астауларға тізіп салынады. Тасымалдау және сақтау кезінде, әсіресе штабельдің төменгі жағындағы қаптарда жатқан ұн мен жарма нығыздалуыға бейім болып келеді. Макарон өнімдеріне макарон, вермишель, кеспе және қамырдан жасалған әртүрлі көже қатықтар жатады. Макарон өнімдері мата қаптарға, фанера жәшіктерге және бүдір картон қораптарына салынады. Жәшіктер мен қораптардың ішіне орамдау қағазы салынады. Дәнді дақыл өнімдерін өзіндік иісі бар немесе ылғалдығы аса жоғары жүктермен бірге тасымалдауға және сақтауға болмайды.
Дәріс14 БАСҚА ЖҮКТЕРДІҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ Жоспар: 1. Басқа жүктер түрлерінің сипаттамасымен таныстыру 2. Тасымалдау үрдісінде басқа жүктерді тасымалдау және сақталу шарттарын білу Талшықты материалдар. Талшықты материалдар тоқыма (мата және трикотаж) өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Шығу тегі бойынша талшықты материалдар табиғи және химиялық деген екі топқа жіктеледі. Табиғи талшықтарға жатады: – өсімдік талшықтары – мақта, зығыр, сора, т.б.; – жануарлар талшықтары – жүн және табиғи жібек; – минералды – асбест. Химиялық талшықтар табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы (жасанды жібек, әйнек талшығы) немесе синтездеу арқылы (капрон, лавсан, энант т.с.с.) алынады. Талшықты материалдарды темір жолмен тасымалдаудың жалпы көлемінде 80% жуығын табиғи талшықтар құрайды. Асбестен басқа барлық талшықтарға келесі қасиеттер тән: ылғал тартқыштық, тозаң сыйымдылық, көгеруге, өздігімен ысуға және өздігімен от алуға бейімділік. Осы аталған физика-химиялық қасиеттер табиғи талшықтарды тасымалдаудың жалпы көлемінің 64% жуығын құрайтын мақтада айқын көрініс табады. Басқа талшықтар сияқты мақтаны бір орынның салмағы 80-250кг құрайтын будаларға жиналады. Өз кезегінде будаларды кендір немесе мақта матаға орайды. Ластанған, майлы дақтары бар, су тиген, өздігімен ысу белгілері бар және орамы зақымданған будаларды тамысалдауға қабылдауға болмайды. Мақта аса қатты кептірілген жағдайда оның талшықтары сынғыш әрі қатты болып қалады. Сұрыпына қарай мақтаның кондициялық ылғалдығы 8-13% мөлшерінде белгіленген. Мақта қоршаған ортадан ылғалды оңай сорады, бұл жағдайда будалардың көлемі ұлғайып, оны әсіресе контейнерден түсіру кезінде қиындық туғызуы ықтимал. Ылғалдығы аса жоғары мақтаны ұзақ уақыт сақтау оның көгеруіне және содан кйін шіруіне апарып соғады. Шіру кезінде жылу мен ылғал шығады. Штабель көлемінен жылудың дұрыс шықпауы мақтаның өздігімен ысуына, ал бұл өз кезегінде оның өздігімен от алуына апарып соғуы ықтимал. Әсіресе мақтаға құрамында күкірт немесе парафин бар өсімдік және жануарлар майлары, минералды майлар тиген кезде ысу жылдам жүреді. Бұл жағдайда май талшықтың бүкіл бетін қаулап, майлы заттардың ауа оттегісімен жанасу көлемі күрт ұлғаяды да, бұл мақтаның сол жерінің қатты ысуына апарып соғады. Майлы заттардың ауа оттегісімен қышқылдануының қарқындылығына қарай олар мақтаға енген кезде 2-3 сағат немесе тіпті бірнеше тәуліктен кейін өздігімен от алуы орын алады. Талшықты материалдар күн сәулесіне сезімтал болып келеді. Мысалы, күн сәулесі жеткілікті ұзақ уақыт әсер еткен кезде олар төзімділігінің 50%-на дейін жойылады. Талшықты материалдарды майлы заттары бар немесе оңай тұтанатын, қауіпті не аса ылғалды жүктермен бірге тасымалдауға немесе сақтауға болмайды. Өсімдіктерден алынған табиғи талшықты материалдарды тасымалдау кезінде негізгі тасымалдау құжаттарына сапа куәлігі, ал жүн не қылшықты тасымалдау кезінде малдәрігерлік куәлік қоса берілуі тиіс. Талшықты материалдармен жүк тиеу-түсіру және қойма операцияларын жүргізу кезінде болат арқан жіптер мен ілмектерді пайдалануға, будаларды лақтыруға, жүк тиеу-түсіру жайларында темекі шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды. Талшықты материалдар негізінен оңай жанғыш материалдарға жататындықтан, тасымалдау кезінде тиісті ережелердің орындалуын талап етеді. Тоқыма материалдары. Тоқыма материалдарына маталардың әртүрлі атаулары және тігін бұйымдары жатады. Тоқыма материалдарының тозаң сыйымдылығы мен ылғал тартқытығы аса жоғары болады, олар ылғалдан, жылудан және жарықтан қорқады. Қоршаған ортаның шаңын жұтуы матада дақтардың пайда болуына және оның сапасының жойылуына әсер етеді. Маталарға күн сәәулесінің ұзақ уақыт әсер етуі, сақтау орындарындағы температураның көтерілуі матаның бояуы мен беріктігін өзгертеді. Тоқыма материалдардың беріктігін сақтау үшін қойма жайларында ауаның салыстырмалы 65%-дан аспауы және температурасы 10-18°С мөлшерінде сақталып отыруы тиіс. Тоқыма материалдарды арналымына, санатына және құндылығына қарай бумалап, рулондап, теңдеп орауға, ағаш, фанера және бүдірлі картон жәшіктерге салуға болады. Целлюлоза. Целлюлоза қағаз өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Соынмен қатар целлюлоза жабындарды, лактарды, пластмассаларды, оқ-дәріні, штапельді талшықты т.б. өндіруде қолданылады. Целлюлозаның ылғал тартқыштығы аса жоғары. Қоршаған ортаның ылғалын сору оның көлемінің едәуір өсуіне апарып соғады, бұл целлюлоза будаларының бекітпелерін ажыратып, оларды бұзады. Целлюлозада артық ылғалдың жиналуы заттың өзегінде өңездің пайда болуына, содан кейін шіруіне апарып соғады. Целлюлоза оңай жанғыш жүктерге жатады, сондықтан тасымалдау кезінде ерекше сақтық шараларын қолдануды талап етеді. Целлюлоза салмағы 81-250 кг-дық будаларға жиналып оралады.
Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 836; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |