КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сынып – радиоактивті материалдар 4 страница
Қағаз өнеркәсібі өнімдері. Қағаз өнеркәсібінің негізгі өнім түрлері қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдар болып табылады. Арналымына қарай келесі қағаз түрлері бар: – жазба қағазы; – баспахана қағазы; – сызу-сурет салу қағазы; – темекі қағазы; – электроқшаулағыш қағаз; – сорғыш қағаз; – жарыққа сезімтал қағаз т.б. Өндіру барысында қағаздың кейбір түрлеріне ерекше қасиет береді, атап айтқанда, олар: беріктігі жоғары, түсі, ылғал тартқыштығы, ылғал өткізбеуі т.б. Алайда қағаздың негізгі көлемінің (жазба қағазы, баспахана қағазы, сыузу-сурет салу қағазы, темекі қағазы) ондай қасиеттері жоқ болғандықтан, олар қоршаған ортаның әсеріне бейім болып келеді. Мысалы, ылғал тартқан кезде қағаз бен одан жасалған бұйымдардың (альбомдар, дәптерлер, кітаптар) түсі өзгеріп, бүдірлік пайда болады, сапасы жойылады. Күн сәулесінің әсерімен түрлі-түсті қағаздар түсін жоғалтады, ал ақ қағаз сарғаяды, бұл да оның сапасын төмендетеді. Сондықтан қағаз бен одан жасалған бұйымдарды шаң-тозаңнан және ластанудан қорғау қажет. Қағаз рулондап, белдектеп және жеке табақтар (парақтар) түрінде жасалады. Рулондар қалың орауыш қағазға оралады. Қағаздың еніне қарай рулонның салмағы 166-300 кг болады. Парақты қағаз салмағы 60-200 кг-дық будаларға және салмағы 81-250 кг-дық жәшіктерге жинайды. Қағазға сыртқы механикалық әсерлер кері әсерлін тигізеді, олар: соққы, үйкеліс, түрткі, жоғарыдағы жүктердің қысымы. Сондықтан вагонға тиеп болған соң жекелеген жүк орындарының теңселуін, соққы алу және құлау мүмкіндігін болдырмау үшін, қағазды мұқият бекіту қажет. Қағазбен жасалатын тиеу-түсіру және қойма жұмыстарын арнайы жүк ұстауыш құрылғылар көмегімен орындайды. Картонның физика-химиялық қасиеттері қағаздікіндей. Арналымы бойынша картон ыдыс картоны, құрылыс картоны, полиграфиялық, оқшаулағыш картон, техникалық картон болып жіктеледі. Картонды салмағы Изготавливают и перевозят картон в рулонах массой 300-2000 кг-дық рулондармен және салмағы 81-250 кг-дық будалармен өндіріп, тасымалдайды. Шай, кофе, какао. Шайдың келесі түрлері болады: қара байха шай, көк байха шай, қара кірпіш шай, көк кірпіш шай, кесек шай және дәрумендер қосылған шай. Шайдың әрбір түрі сұрыптарға жіктеледі. Шай жоғары ылғалдықпен сипатталады, ол бөгде иістерді тез сіңіріп алады. Шайдың кондициялық ылғалдығы: 7-9% – байха шайы үшін; 10-12% – кесек және кірпіш шайлар үшін. Ылғалдығы артқан кезде шай көгеріп, автолиз құбылысы пайда болып, өнімнің сапасы төмендейді немесе жойылады. Шай тасымалдауға арналған көлік ыдысы ішіне орам қағазы, содан соң қабыршық қағаз және пергамент төселген фанера жәшіктер болып табылады. Шай салынған жеке жәшіктердің салмағы 51-80 кг. Шай таза, желденетін жайларда сақталады және жабық вагондармен тасымалданады. Шайды өзіндік ерекше иісі бар жүктермен бірге тасымалдауға болмайды. Какао бұршақ және ұнтақ түрінде тасымалданады. Какао бұршақтарын салмағы 52-80 кг құрайтын қаптарға, ал какао ұнтағын жәшіктерге орап салады. Какаоның өзіндік иісі қатты шығады, ол өте ылғал тартқыш, бөгде иістерді де тез сіңіріп алады. Сондықтан какаоны құрғақ, жақсы желдетілетін көлеңкелі жайларда сақтайды. Тасымалдауға қабылданатын какао бұршақтарының кондициялық ылғалдығы 8%-дан аспауы тиіс. Кофе ұнтақ және дән түрінде тасымалданады. Дән түріндегі кофені салмағы 52-80 кг құрайтын қаптарға, ал кофе ұнтағын пакеттер мен банкаларға салып, нетто салмағы 25 кг болатын картон немесе ағаш жәшіктерге тізіп салады. Кофенің ылғал тартқыштығы аса жоғары болады, ол бөгде иістерге сезімтал, көгеру және шіру, өздігімен ысу процестерінің дамуына аса бейім болып келеді, микроағзалармен және зиянкестермен жылдам зақымданады. Дән түріндегі кофенің кондициялық ылғалдығы 10%-дан аспауы тиіс.
Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 624; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |