КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сынып – радиоактивті материалдар 1 страница
Қауіпті жүктердің 7 сыныбы - меншікті белсенділігі 70 кБк/кг жоғары радиоактивті заттар. Радиоактивті материал – құрамында радионуклидтері бар жүктің белсенділік концентрациясы және толық белсенділігі жазбаларда көрсетілген мағынасын өсіретін материал. Басты қауіптілік: альфа-, бета- немесе гамма-сәулелену түріндегі радиоактивті сәулелену. Қосымша қауіптілік: заттар тұтануға әкелетін өздігінен тұтанатын болуы мүмкін, жылы энергиядан босату мүмкіндігіне алып келетін коррозионды болуы керек. Сәулелену әрекеті келтіретін мүмкін зияндар: өлімге әкелетін күюлер, иммуды жүйенің бұзылуы, қан құрамының өзгеруі, рак аурулары, шаштың түсуі, лейкемея, генетикалық бұзылулар. I – категория ақ түсті (№ 7B) "РАДИОАКТИВТІ" сөзінен кейін бір тік қызыл жолақ болуы керек. II категория – сары түсті (№ 7С) "РАДИОАКТИВТІ" сөзінен кейін екі тік қызыл жолақ болуы керек. III – категория сары түсті (№ 7Е) "РАДИОАКТИВТІ" деген сөзден кейін үш тік қызыл жолақ болуы керек. 7-сыныптың бөлінгіш материалы ақ түсті астыңғы бөлінгінде тік төртбұрыштың ішінде "ҚАУІПТІЛІГІ БОЙЫНША ҚАУІПСІЗДІК ИНДЕКСІ" деген сөз бар; 8-сынып – жебір және коррозионды заттар Қауіпті жүктердің 8 сыныбы – терінінің, көздің шырышты қабығының, тыныс жолдарының зақымдануын туындататын, металдың мүжілуін және көлік құралдарының, құрылғылардың, жүктердің бүлінуіне алып келетін, органикалық материалдармен немесе кейбір химиялық заттармен әрекеттескенде өрт туғызуы мүмкін жебір және коррозионды заттар.
8.1 кіші сынып қышқылдар; 8.2 кіші сынып - сілтілер; 8.3 кіші сынып – әртүрлі жебір және коррозиялық заттар. Жебір және коррозионды заттарға тасымалдау кезінде қойылған қауіптілік белгісіне қарай келесі үш топтағы қаптауларға жатады: I қаптау тобы: әлді коррозионды заттар, II қаптау тобы: коррозионды заттар, III қаптау тобы: әлсіз коррозионды заттар. 9-сынып – басқа да қауіпті жүктер. Қауіпті жүктердің 9 сыныбы –тасымалдауда онша қауіпті емес басқа сыныптарда қарастырылмаған, бірақ,соларға қолданалытатынбелгіленген тасымалдау және сақтау тәсілдерін қажет ететін заттар. Тасымалдау кезінде басқа аталған сыныптарда қамтылмаған қауіптілікті тудыратын заттар мен бұйымдар. Мысалы: асбест, сарымсақ соусы,құтқару плоты, ішкі жану қозғалтқыштары, гүлзар шабатын машина, мини-тракторлар, мотоциклдер, скутерлер, қайық моторлары, қарда жүргіштер, гидроциклдер, автомобильдер, азықтық қоспалар, экстракттар, құйма батарейлер, полимерлік түйіршіктер, қатты көміртегінің тотығы, магниттелу материалдары, магнетрондар, зәкір орнатылмаған экрандық емес тұрақты магниттер, эстрадалық дыбыс үлкейткіш аппараттардың колонкалары, жағымсыз иіс беретін заттар мен бұйымдар. 9.1 кіші сынып – өз құрамы бойынша 3 және 4-сыныпқа жатпайтын, бірақ белгіленген шарттарда өрт қауіпін туғызуы мүмкін қатты және сұйық жанғыш заттар мен материалдар (ұшқын температурасы +61 С-тан +100 С- қа дейінгі жабық сауыттағы жанғыш сұйықтар, талшықтар, басқа да ұқсас материалдар); 9.2 кіші сынып – белгілі бір шарттарда жебір және коррозионды болатын заттар. 9-сыныпқа жатқызылған заттарға тасымалдау кезінде қойылған қауіптілік белгісіне қарай келесі үш топтағы қаптаулардың бірі тағайындалады: I қаптау тобы: жоғары дәрежелі қауіпті жүктер; II қаптау тобы: орташа дәрежелі қауіпті жүктер; III қаптау тобы: төменгі дәрежелі қауіпті жүктер
Дәріс 11
ХИМИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ Жоспар: 1. Химиялық жүктердің түрлері 2. Химиялық жүктердің физика-химиялық қасиеттері Жалпы сипаттамасы. Химия өндірісі жүктеріне химиялық және минералды тыңайтқыштар, химиялық дәрі-дәрмектер мен парфюмерия бұйымдары, сабын, каучук және резина-техникалық бұйымдар, синтетикалық талшықтар, пластмассалар, желімдер, кокс-химиялық және ағаш-химиялық өнімдер, қышқылдар,сілтілер, тұздар т.б. жатады. Химиялық жүктер номенклатурасына мыңнан астам әртүрлі атаулар кіреді. Химия өндірісі жүктерінің өзіндік ерекшелігі олардың физика-химиялық қасиеттері мен көлем-салмақ сипаттамаларының алуан түрлілігі болып табылады. Теміржол көлігінде өздерінің негізгі қасиеттеріне сәйкес қарай химиялық жүктер алты тарифтік топқа біріктірілген. Химиялық және минералды тыңайтқыштар. Тыңайтқыштарға өсімдіктердің өсуі үшін қажетті қоректік элементтері бар заттар жатады. Қарапайым тыңайтқыштарда өсімдіктерге қажетті бір қоректік элемен бар, ол – азотты, фосфорлы, калийлі және басқа да әртүрлі микротыңайтқыштар. Микротыңайтқыштарда шағын дозада бор, молибден, мыс, марганец, магний, цинк т.б. микроэлементтер бар. Кешенді немесе күрделі тыңайтқыштарда екі-үш қоректік элементтің әртүрлі пропорцияялары бар, сондықтан олар тиісінше қосарлы немесе үштік тыңайтқыштар деп аталады. Өндіру тәсіліне қарай кешенді тыңайтқыштар аралас және күрделі болып жіктеледі. Аралас кешенді тыңайтқыштар бірнеше бөлшекті механикалық араластыру жолымен, ал күрделілері химиялық реакциялар нәтижесінде алынады. Әдетте тыңайтқыштар құрылымы ұсақ кристалды немесе ұнтақты қатты заттар немесе бөлек түйіршіктерден тұратын заттар болып табылады. Тек сұйық аммиак қана ерекшеленеді – ол өзіне тән иісі бар түсті мөлдір сұйықтық. Ұнтақ тәріздес тыңайтқыштардың теріс қасиеттері көп, олардың нығыздалу қабілеті, ылғал тартқыштығы, тозаңданғыштығы, абразивтілігі аса жоғары. Бұл машиналар мен жылжымалы құрамның үйкелетін бөлшектерін қорғау, қызмет көрсетуші адамдардың тыныс алу органдарын қорғау үшін респираторлар қолдану және тыңайтқыштарды сан және сапа тұрғысында шығындаудың алдын алу шараларын қолдану қажеттілігін туғызады. Түйіршіктеу тыңайтқыштардың теріс физика-химиялық қасиеттерін өзгертуге немесе едәуір әлсіретуге мүмкіндік береді. 25-кестеде барынша көп қолданылатын минералды тыңайтқыштардың кейбір көлем-салмақ және физикалық сипаттамалары келтірілген. 25-кесте
Минералды тыңайтқыштардың көлем-салмақ және физикалық сипаттамалары
Фосфорлы тыңайтқыштарға фосфоритті ұнтақ, әртүрлі жан-жануарлардың сүйектері, суперфосфаттар, преципитат және құрамында фосфор бар өндірістік қалдықтар (фосфоритті металлургиялық шлактар, термофосфаттар, балқытылған магнезиялық фосфаттар т.б.) жатады. Фосфоритті ұнтақ табиғи фосфаттарды ұнтақтау жолымен алынады. Ол қатты ұнтақталған, қатты тозаңданатын бурыл қою сұр түсті ұнтақ болып табылады. Сақтау және тасымалдау кезінде нығыздалмайды, суда ерімейді және ылғал тартпайды. Фосфоритті ұнтақ әмбебап және арнайы вагондарға ақтара тиеп тасымалданады. Суперфосфаттар жасанды фосфорлы тыңайтқыштарға жатады. Негізгі бөлшегі – фосфорлы ангидрит (P2O5) мөлшеріне қарай қарапайым, қосарлы және үштік суперфосфаттар болады. Қарапайым суперфосфат түйіршіктелген немесе сұрғылт-сары ұнтақ түрінде алынады. Ұзақ мерзім сақтаған кезде қарапайым суперфосфаттың сапасы төмендейді. Қосарлы және үштік суперфосфаттар түйіршіктелген түрінде жасалады – ол құрғақ, ылғал тартпайтын химиялық тұрақты тыңайтқыштар. Түйіршіктерінің өлшемі 1-10мм, алайда, негізгі құрамын (75% жуығын) 2-4мм-лік түйіршіктер құрайды. Суперфосфат суда ериді, бірақ ылғал тартпайды. Ұнтақ тәріздес суперфосфат нығыздалуға, кесектелуге бейім болып келеді (бұл оның түйіршіктелгенінен айырмашылығы). Жасанды фосфорлы тыңайтқыштар өндірісінің негізгі шикізаты апатит кені мен оның концентраты болып табылады. Апатит концентраты апатит кенін ұсақтау және байыту жолымен алынады. Концентрат көлемдік салмағы 3,2т/м3 және ылғалдығы 10%-ға жететін сұрғылт ұнтақ болып табылады. Қыс кезеңінде апатит концентраты мұздануға бейім. Апатит кені мен оның концентраты абразивтік қасиеті күшті тозаңданғыш жүктерге жатады. Апатит кені мен оның концентратын тасымалдау әмбебап вагондар мен хопперлерге ақтара тиеп жүзеге асырылады. Таралымы аз фосфорлы тыңайтқыштарға преципитат жатады. Ол – ылғалдығы 10%-ға жететін және негізгі бөлшегі Р2О5 27-31% мөлшерінде болатын ақшыл сұр немесе сарғыш түсті ұнтақ. Калийлі тыңайтқыштарға хлористый калий және калий сульфаты жатады. Калийлі тыңайтқыштарды алудың шикізаттары сильвинит және карналлит болып табылады. Хлорлы калий – сұрғылт-ақ түсті ұсақ кристалды немесе түйіршіктелген өнім, ол суда жақсы ериді, ылғал тартқыш, нығыздалуға аса бейім болып келеді. Хлорлы калийдің жалпы көлемінің 15%-ға жуығы түйіршіктелген түрінде алынады. Калий сульфаты, немесе күкіртқышқылды калий, сұр түсті ұсақ кристалды ұнтақ болып табылады, ол ылғал тартпайды және нығыздалмайды дерлік. Калийлі тыңайтқыштар металдарға қатты тотықтыру әсерін береді. Калийлі тыңайтқыштарды ақтара тиеп тасымалдау кезінде 4-5 жыл ішінде вагондардың металл шанақтары мен арнайы жылжымалы құрамның пневматикалық жүк түсіру құрылғылары істен шығады. Азотты тыңайтқыштарға: карбамид, немесе жасанды несепнәр; аммиак, натрий, кальций немесе әк, әк-аммиак селитралары; аммоний сульфаты; кальций цианамиді жатады. Карбамид – түйіршіктелген немесе ұсақ кристалды ақ түсті өнім, ол суда жақсы ериді, ылғал тартқыш. Ылғалдығы артқан кезде карбамид түйіршіктері бір-біріне жабысып, тығыз қабыршық құрап, өнімнің ішіне ылғал өткізбейді. Оның түйіршіктері тұрақсыз болып табылады, әрбір қайта тиеген сайын түйіршіктердің 5-10%-ы ыдырап, карбамидтің шығынын және сапасының төмендеуін туындатады. Сондай-ақ, түйіршіктердің беріктігін ылғалдығының артуы мен мұздануы және еруі де бұзады. Карбамид жанатын зат, оның түтінінде улы заттар бар. Селитралар санатына жататын тыңайтқыштардың физика-химиялық қасиеттері де осыған ұқсас. Аммиак селитрасы азотты тыңайтқыштардың кең тараған түрі болып табылады. Ол ақ түсті ұсақ кристалды ұнтақ немесе түйіршіктер түрінде жасалады. Аммиак селитрасы суда жақсы ериді, ылғал тартқыштығы жоғары. Оның ылғалдығы 3%-дан артқан кезде түйіршіктері бір-біріне жабысып, кесектеніп, өнім қатты нғыздалады. Аммиак селитрасының ұнтағы кез келген ылғалдықта нығыздалуға бейім болып келеді. Селитралардың барлық түрлері белсенді қышқылдағыштар болып табылады. Органикалық және тағы басқа кейбір заттармен селитралар жанғыш және жарылғыш қоспалар құрайды. Мысалы, сабан, жоңқа, және басқа да органикалық қоспалардың, минералды қышқылдардың, ұнтақ тәріздес алюминийдің, мыстың, цинктің және басқа да металдардың, улы химикаттардың, мұнай өнімдерінің т.б. жанында болған кезде аммиак селитрасының жарылыс және өрт қауіптілігі артады. Аммиак селитрасы ерітіндісі сіңген мата мен қағаз өзінен-өзі тұтанады. Парафиндер, әртүрлі майлар, мазуттар аммиак селитрасымен соққыдан жарылу қаупі бар нитратты қоспалар құрайды. Аммиак селитрасы тіпті қалыпты температурада да аммиак пен азот қышқылына бөлінеді. Азот қышқылдарының әртүрлі қоспаларға қышқылдандыру әсері өнім температурасының артып, ақыр аяғында өздігімен от алуына апарып соғады. Аммиак селитрасы температурасы 300°С жоғары көтерілген жағдайда, ал ұнтақ тәріздес металдардың қоспалары болған жағдайда 100°С және одан жоғары температурада жарылуы мүмкін. Аммиак селитрасының температурасы 10 қатардан жоғары штабельдерде сақтау кезінде де көтеріледі. Сондықтан ұзақ сақтау кезінде бұл өнімді биіктігі осындай штабельдергі тізуге болмайды. Жанған кезде аммиак селитрасы уландыратын еліткіш газ – азот қышқылын (N2O) шығарады. Селитраның ылғалдығы артқан оның жарылыс қауіптілігі төмендеп, ылғалдығы 3% және одан төмен болғанда жарылуы мүлдем мүмкін емес болады. Аммоний сульфаты – суда жақсы еритін түссіз кристал тәріздес зат, ылғал тартқыштығы мен нығыздалуы төмен дәрежеде. Сақтау кезінде қышқыл шығарып, ыдыстар мен орамдау материалдарын бұзады. Аммоний сульфаты атмосфералық жауын-шашындардан қорғауды талап етеді. Кальций цианамиді таза түрінде түссіз кристалдар болып табылады. Бұл тыңайтқыштың тозаңы тері мен тыныс алу органдарына тиген жағдайда теріні тітіркендіріп, уландырады. Кальций цианамидінің ылғал тартқыштығы мен нығыздалу дірежесі жоғары. Ылғал тартқан кезде бұл тыңайтқыштың көлемі айтарлықтай өседі. Ол фанерабарабандарға және қаптарға салынып оралады. Күрделі кешенді тыңайтқыштардың ішінде калий нитраты, немесе калий селитрасы, аммофос және нитрофоск кеңінен тараған. Калий селитрасының құрамында екі қоректік зат бар, олар: азот пен калий. Ол ақ түсті кристалды ұнтақ болып табылады. Оның физика-химиялық қасиеттері басқа селитра түрлерінің қасиеттеріне ұқсас келеді. Аммофостың құрамындағы қоректік заттар – азот пен фосфор. Ол негізінен өлшемдері 1-1,5мм болып келетін түйіршіктер түрінде жасалады. Аммофос әлсіз ылғал тартады әрі нығыздалмайды. Нитрофоск 0,25-3 мм-лік қызыл не жасыл түсті түйіршіктер түрінде шығарылады. Ылғал тартқыштығы төмен, бірақ ылғалды жерде нығыздалуға бейім. Аралас кешенді тыңайтқыштарға суперфосфаттың аммоний сульфатымен, сүйек және фосфоритті ұнтақпен, калий тұзымен, жомдармен, аммиак селитрасымен т.с.с. әртүрлі пропорцияда қоспалары жатады. Көптеген минералды тыңайтқыштар ыдысқа (орамға) салынған күйінде немесе ақтара тиеп тасымалданады әрі сақталады. Тыңайтқыштар салмағы 50кг жететін полиэтилен және қағаз қаптарға салынады. Ыдысқа салынып, оралған тыңайтқыштар жабық әмбебап вагондармен тасымалданады. Тыңайтқыштарды ақтара тиеп тасымалдау үшін жабық әмбебап және арнайы вагондар (цистерналар мен хопперлер), сонымен қатар арнайы қатты, жартылай қатты және жұмсақ контейнерлер қолданылады. Химиялық дәрі-дәрмек жүктері мен парфюмерия бұйымдары. Химиялық дәрі-дәрмек жүктеріне дәрі-дәрмектер, әртүрлі химиялық препараттар және өсімдіктерден жасалған дәрілік шикізаттар жатады. Дәрі-дәрмектер құтыларға, банкаларға, қораптарға, пакеттерге, ампулаларға салынып, ішкі ыдыстарға (қораптарға, пакеттерге т.с.с.) салынады. Дәрі-дәрмектерге арналған көлік (сыртқы) ыдысы ретінде жекелеген орындарының салмағы 50кг жететін фанера және ағаш жәшіктер қолданылады. Құрамында спирт, эфир майлары, улы, есірткі, анестезиялық және тағы басқа да қатты әсер ететін заттар бар дәрі-дәрмектер мен медициналық химиялық препараттар қауіпті және оңай жанғыш жүктерге жатады, сондықтан тасымалдау мен сақтау кезінде тиісті сақтық шараларының орындалуын талап етеді. Антибиотиктер, сарысулар мен кейбір өзге де медициналық препараттар қатаң белгіленген температура-ылғалдық жағдайында тасымалданып, сақталады. Өсімдіктерден жасалған дәріік шикізаттарға шөптер, өсімдіктер, гүлдер, ұрықтар жатады. Шикізаттар әрбір орынның салмағы 30-100кг құрайтындай етіп қаптарға, теңдерге, бумаларға салынады. Сақтау және тасымалдау кезінде дәрі-дәрмек шикізаттары ластанудан, бөгде иістерден, ылғалдан, тікелей күн сәулесінен, зиянкес жәндіктерден қорғалады. Оларды сақтау үшін құрғақ, қараңғыланған әрі жақсы желдетілетін жайлар пайдаланылады. Химиялық дәрі-дәрмек жүктерінің көпшілігінің өзіндік тұрақты иісі болады. Парфюмериялық жүктерге хош иісті зарарсыздандырғыш және балғындық беретін заттар (иіссулар, лосьондар, одеколондар т.б.) және косметикалық тауарлар (кремдер, опалар, тіс пасталары мен ұнтақтары, майлар, ерін далабы, лактар т.с.с.) жатады. Сұйық парфюмериялық тауарлар тығындары тығыз жабылатын құтыларға құйылады; майлар мен пасталар – банкалар мен түтіктерге; опалар мен ұнтақтар – қораптарға салынады. и тюбики; пудры и порошки – в коробки. Парфюмериялық жүктерді тасымалдауға арналған көлік ыдысы ретінде ішіне қағаз төселген фанера және ағаш жәшіктер қолданылады. Жеке орындардың салмағы 20кг дейін жетеді. Құрамында спирт бар иіссулар, одеколондар және кейбір басқа парфюмериялық тауарлар оңай жанғыш жүктер санатына жатады. Парфюмериялық жүктердің өзіндік тұрақты иісі болады және де олар бөгде иістерді өзіне сіңіріп алу қасиетін иеленеді, сондықтан парфюмериялық өнімдерді азық-түліктермен және өзіндік тұрақты иісі бар басқа жүктермен бірге сақтауға немесе тасымалдауға болмайды. Сұйық парфюмериялық тауарлар көршілес жүктерге тиген жағдайда кетпейтін дақтар пайда болады, олар сол жүктердің сапалық сипаттамаларын төмендетеді. Парфюмериялық жүктер құрғақ әрі жақсы желдетілетін жайларда сақталады. Каучук және резина-техникалық бұйымдар. Каучук алынатын бастапқы шикізат латекс болып табылады. Шығу тегі бойынша латекстер синтетикалық және табиғи болып жіктеледі. Табиғи латекстер дегеніміз каучук беретін өсімдіктердің шырыны болып табылады. Синтетикалық немесе жасанды латекстер жоғары молекулалы қоспаларды эмульсиялық полимерлеу жолымен алынады. Олардың сыртқы пішіні табиғиларға ұқсайды. Латекстер салмағы 200кг-дық цистерналарға немесе күбілерге құйылып тасымалданады. Тиеу алдында цистерналар мен күбілерді мұқият тазартады. Латекстер тығыздығы 0,64-0,7т/м3 құрайтын жанбайтын сұйықтықтарға жатады, алайда олар кеуіп қалған жағдайда от тигенде түтіндеп, биік жанатын қою түсті жабын пайда болады. Цистерналардың сыртқы жағында сондай жабын пайда болған жағдайда оларды мұқият тазартып, жабынды жояды. Температура төмендеген кезде латекс қоюланып, қоймалжыңға айналады. Латекстердің желатиндену температурасы +5°С жоғары болмайды. Латекстерді тасымалдау және сақтау кезіндегі температура +10°С-тан төмен, +35°С-тан жоғары болмауы тиіс. Тасымалдау және сақтау кезінде латекстер тікелей күн сәулесінен қорғалуы тиіс. Каучук резина өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. Шығу тегіне қарай каучук табиғи және жасанды болып бөлінеді. Таза каучук сары не күрең сары түсті болады. Оның көлемдік салмағы 0,92-0,96т/м3 құрайды. Каучук оңай жанғыш жүктер санатына жатады, ол қатты түтіндеп жанады, сондықтан тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап етеді. 0-ден +30°С-қа дейінгі температурада каучук созылымды болады, +30°С-тан жоғары температурада жабысқақ болады, ал температура +120°С дейін және одан жоғары көтерілген жағдайда балқып кетеді. 0°С температурасында және одан төмен температурада каучук қатты және тіпті сынғыш болады. Каучук су өткізбейді. Ішіне ылғал түскен жағдайда каучукта өңездену және шіру процестері басталады, ол кезде жылу мен ылғал қарқынды түрде шығады. Шіру мен өздігімен жылу жылдам таралып, бүкіл каучук партиясын бүлдіреді. Каучуктың жылу және элеткр өткізгіштігі нашар және де ол газ өткізбейді деуге болады. Тікелей күн сәулесі әсерінен каучук қышқылданып, жабысқақ бола бастайды және созылымдығы жойылады. Майлар, керосин және басқа да мұнай өнімдері, қышқылдар тиген кезде каучук ісініп, жабысқақтық пайда болып, созылымдығы жойылады. Құммен, песком, цементпен, жоңқамен, топырақпен т.б. ластануы каучуктың тауарлық қасиеттерінің жойылуына және оны арналымы бойынша пайдалану мүмкіндігінің жойылуына апарып соғады. Каучук тасымалдауға мына күйінде қабылданады: – орамдалмаған, бумаларға жиналып, тальк себілген, салмағы 100-115кг; – нитролак сіңірілген, салмағы 100кг-дық мата қаптарға салынып оралған күйінде; – сыйымдылығы 20 л құрайтын ақ қаңылтыр барабандарға салынған күйінде; – қақпағы тығыз жабылатын металл ыдысқа салынған полиэтилен қаптарға салынған күйінде. Барабандарға салған кезде олардың ішкі бетіне сабын эмульсиясының қорғағыш қабатын жағып, содан соң барабандарды ағаш жәшіктере немесе торға салады. Хранят каучукты құрғақ қоймаларда +25°С-тан жоғары болмайтын температурада және тікелей күн сәулесінен, ылғал мен ластанудан қорғап сақтайды. Каучукты күкіртке қосып, 120-150°С температурасына дейін ысытқан кезде вулканизациялық каучук деп аталатын жабысқақ, созылымды зат пайда болады. Примесь к каучукқа әртүрлі мөлшерде күкірт, гипс, сары топырақ, бор және тағы басқа қоспалар қосу арқылы резинаның әртүрлі сұрыптарын және эбонит жасап шығаруға болады.
Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 1180; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |