КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ресейлік контекстегі орыс философиясы 3 страница
Неопозитивизм. Негізі позитивизм — «дұрыс пікір»деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты - ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым — өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айтқанда, әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Мақсат, - дейді позитивистер, — солардың тек дұрысын, пайдалысын ғана қабылдап, керексізінен, тыс ойлардан арылу. Ондағы мақсаты — француз революциясының теориялық негізі болған XVIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту. Олай болса, позитивизм — идеалистік философия. Оның ішінде субъективтік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды. Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі - позитивизм, екінші кезеңі - эмпириокритицизм, үшінші кезеңі - неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері: алдымен позитивизмнің пайда болуына кері әсер еткен - Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идеологтары содан қауіптенді. Диалектикалық метафизиканы механикалық материализм деп, кемшіліктерін айқын көрсетті. Одан соң, сол кезге дейін философия ғылымдардың ғылымы, атасы деп келген болатын. Бірақ, нақты ғылымдардың тез қаулап дамуы философияның енді ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді. Осы себепті арнаулы философиядан бас тартып, жаңа жол іздестіріле бастады. XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды. Ол кезеңде оны эмпириокрицитизм деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эпмириокритицизм біздің сезімізден тыс еш нәрсе жоқ, барлық дүние біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды. Позитивизмнің үшінші түрі — неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол XX ғасырдың 20-жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Карнап, Отто Нейрат, Филип Франк және т.б. Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды. Осыдан келіп математикалық логика дүниеге келді. Сондай-ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу (Б. Рассел) мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б. категориялар проблемасы туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі — эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар деді. Мәселен, «менде төрт қалам бар» делік немесе «мына жылқы ауру не сау», оны қалай білеміз? Тек тікелей қарап, көзбен көру қажет. Бұл әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Өмірде бұл әдіс кең қолданылады. Ал егер көзбен көруге болмаса, онда логикалық-математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Ол үшін, айтылған пікірді анықтап білгіңіз келсе, ол ұғымды қалыптасқан ой қисынына (логикаға) жүгіндіру керек. Біріншісі, сезім арқылы тексеріліп анықтауға жатады. Оны верификация деп атайды. Екіншісі бекерге шығару арқылы дәлелденеді. Оны фальсификация деп атайды. Ол ойдың қисынды, не қисынсыздығын байқау арқылы шешіледі. Мәселен, «қар ақ, егер де ол ақ болса» деген сияқты. Егер қар күйе аралас жатса, оны ақ деп айтсақ, қисынға келмейді. Міне, фальсификация әдісі осылайша қисынсыз ұғымдардың тұрлаусыздығын айқындайды дейді неопозитивизм өкілдері. Ал, қалған көзбен көрмейтін, ой қисынына салынбайтын ұғымдардың бәрі метафизикалық деп танылып, олардың философиядан аласталынуын ұсынады. Айталық, дүниенің негізі «су» деген Фалес пікірі не «от» деген Гераклит пікірі, немесе дүние материядан тұрады деген материалист - философтар пікірі, т.б. жаңағы екі әдіспен тексеруге келмейді, олай болса, олардың бәрі - метафизикалық ойлар, олардан арылу қажет. Неопозитивтер ғылымдардың объективті зандылықтары болатынын мойындамайды. Ғылым заңдары абсолют емес дейді олар. «Ғылым заңдары, -Белфаст университетінің профессоры Дэвид Гуничтің пікірінше, - дүниенің тіршілігі туралы оқымыстылардың пайымдауы немесе, дәлірек айтсақ, дүниенің олар үйреніп және түсіне білген кішкентай ғана бөлшегі». Сөйтіп, неопозитивистер ғылымдарды ғалымдардың субъективті топшылауы деп тұжырымдады. Неопозитивизмнің түрі көп: семантика, прагматизм, инструментализм, т.б. Семантика философиясы бойынша, тіл өмірден гөрі жұтаңдау, өмір одан бай. Мәселен, Наполеон кім? Ол Иенада жеңіске жеткен Наполеон ба, жоқ, әлде Ватерлеода жеңілген Наполеон ба? Міне, осындайға жауап қалай қайтарылуы керек. Ол үшін, әрине, мәселені талдап, анығына жету керек. Ал неопозитивистердін пікірінше, объективтік жағдай жан-жақты талдау арқылы емес, тек тілді дамыту арқылы ғана көрінеді. Бірақ, біздің тіліміз кедей, сондықтан түсінбеушілік, қарсыласу пайда болады. Олай болса неопозитивист - семантиктер әлеуметтік қайшылықтар тіл жұпынылығынан деп, мәселенің бетін аударатын көрінеді. Л. Витгенштейннің «Менің тілімнің шегі - менің дүниені түсіну шегім» дегені - осының дәлелі. Джеймс Вильям прагматизмнің негізін салып, Джон Дьюи оны ілгер дамытты. Бұл философия бойынша шындықты дәлелдемесі оның пайдалылығында, қандай пікір, ой болса да, егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса – жалған. Бұдан прагматизмнің қандай философия екенін түсіну қиын емес. Дегенмен, неопозитивизмнің ғылыми жетістіктеріне сай бейімделген пікірлері де бар. Мәселен, неопозитивистер екі ғылыми әдісті қолдануды ұсынады. Бірі - германевтика. Мәнісі - ғылымда қолданылып жүрген көптеген терминдердің мағынасын түсіндіріп анықтау. Ол - белгілі ойды түсіндіру теориясы не сәулет арқылы ойды жеткізе білу әдісі. Екіншісі – структурализм. Қазіргі ғылымдарда нақты фактілар көбейген сайын оларды реттеп, жүйелендіру үшін қолданылатын теориялық әдіс. Неотомизм - католик шіркеуінің діни философиясы. Негізін салғандар: XIII ғасырда өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері: Жан Маритен, Э. Жильсон, Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский, т.б. Бұл діни философияның мақсаты — адамдар жүрегіне жол салу. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды, бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек, ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. «Өйткені, адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу - Құдай, адам, адамгершілік. Жаратушы жайындағы проблемаға келсек, ол былай дейді: а) қозғалысты алсақ, алғашқы күш, бірінші болып қозғалыс берген күш ойға келеді; б) қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін Құдай; в) барлық салдардың да, сәйкестіктің де себебі - Құдай; г) дүниеде бәрі де жарасымды жаралған, оның да себебі - Құдай, ал жамандық пен жақсылықты жасайтын - адамдар. Бірақ, Құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай-ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімсіздікті, ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені, ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер. Экзистенциализм. Философияда құдайшылдықты, жалпы тағдырды жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Неотомизм де сол бағытқа жатады. Ол ағым теодиция деп аталады. Бірақ адамды мадақтауға — антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан адам туралы айту тасада, қалтарыста калып келді. Енді адамды арнайы зерттейтін кез туды. Адамға, оны зерттеуге бетбұрыс жасалды. Философияда ол ағым экзистенциализм деп аталады. Бірақ бұл да субъективті идеализмге жатады. Н. Бердяев айтқандай, «бәлкім антоподиция теодицияға баратын бірден-бір жол, бірден-бір өшпеген және шексіз, бітпес жол шығар». XIX ғасырда пайда болған антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы — құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсаты классиктік мән (essentia) философиясын адамның өмір сүру (ехіstепtіа) философиясымен алмастыру болды. Өкілдері: Н. Бердяев, Л. И. Шестов, К. Ясперс, М. Хайдаггер, Ж. П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель. Экзистенциализмнің басты категориялары — жалғыздық, жатсынушылық, үрей, жауапкершілік, ажал, т.б.; мақсаты — адамның «мәндік» сипатын, оның қайғылы, дәрменсіз жағдайын ескере отырып, оған рақымшылық, кешірім жасау. Адамда өмір сүру оның мәнінен бұрын, ал заттарда бұған керісінше болады дейді ол философия өкілдері. Сартр былай дейді: «Ұста пышақ жасайды, бірақ оның мәні (қандай пышақ жасау) пышақтан бұрын пайда болады». Адам туғаннан кейін адамдық мәнге ие болғанша, ең алдымен, оның өмір сүруі қажет. Адам зорлық, зомбылыққа бас иіп көне ме, жоқ, оған қарсыласа ма, шамасы келе ме әлде жоқ па? Оны алдымен ойлап, шешеді. Феноменологтың, экзистенциалистің, персоналистің пікірінше, "sеіп", болмыс, яғни жалпы болмыстан жеке адам болмысына бет бұру, қарау (классикалық неміс философиясына), жүгіну емес, керісінше, жеке адамнан, оның нақты болмысынан жалпы болмысқа көшу. Өйткені, К. Ясперстің пікірінше, өлім, қиналу, үрей, айыптылық, уайым, күрес, діни экстаз, рухани ауру адамның өмір мен өлім аралығындағы шекараға жатады. Тек осы минуттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүру мәнін (өзінің табиғатын) ұғынады. Экзистенциализм философиясының өмірге келу мәнісі де осында. Ал кәдімгі уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті, тікелей болуы арқылы жасырынып жатады делінген. Экзистенциализмді дүниеге келтірген де осы қауіп - қатерлі жағдайлар. Бұл философияның XX ғасырдың 20-жылдарында дүниеге келуі кездейсоқ емес. Ол дүниежүзілік бірінші империалистік соғыстың зардабын шеккен мүгедек, жетім - жесірлердің уайым, кайғысынан туындаған. 1978 жылы Хиросима университетінде болғанымызда, онда да осы философия пән ретінде оқытылатынын білдік екен. Ол да түсінікті. Өйткені, 1945 жылдың 6 және 9-тамызында Хиросима менНагасаки қалалары жойқын атом бомбасының зардабын тартты, жүз мыңдаған адамдар бірден опат болды, каншамасы жазылмайтын ауруға душар болып, қиналып олді. Осы қасіретті қайғы мен уайым экзистенциализмнен жұбаныш тапты. Сөйтіп, қазіргі Батыстық философия –идеалистік философия болып табылады. Бірақ қатып қалған қағидаларға негізделген философия емес, ғылым табыстарына, өмірге бейімделген философия. Сондықтан оған да сыңаржақ қарамай, диалектикалық тұрғыдан түсінген жөн. Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмның американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс, У.Джейм, Дж.Дьюи т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс - әрекеті үшін пайдасыз, өйткені «болмыс», «сана», «материя», «идея» деген сияқты дерексіз ұғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат – мүдделеріне қызмет етпейді, сондықтан ондай дерексіз жалпы проблемаларды, мәселен, объективтік шындықтың мәні, философияның негізгі мәселесі жайындағы мәселелерді тағы басқаларды лақтырып тастап, тікелей практикалық істермен айналысса ғана олар дағдарыстан шыға алады деп дәлелдеуге тырысады. Демек, философияның міндеті, дейді олар, дерексіз бос сөзбен айналыспай, адамдардың бақытты тұрмысқа жетуіне көмектесуде. Прагматизмнің негізін қалаушылар біз бүкіл ескі философиядан үзілді – кесілді бас тартып, жаңа философия жасадық деді кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы негізгі ретінде олар адамды, адамның практикалық іс - әрекетін ұсынды, бірақ олар «практика» ұғымының мәнін мүлдем басқаша түсінді – прагматизм практикада деп жеке адамдардың қара басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа жетуді түсінді. Мартин Хайдеггер (1889-1976жж.) – неміс философы, Гуссерльдің шәкірті. 1914ж. «Психологизмдегі пікір туралы ілім» деген диссертациясын жарыққа шығарды. Бұл шығарманың өте ықпалды болуының себебі, (мысалы, Сартр бұдан «Болмыс пен ештеңенін» бүкіл талдау тәсілін алса, Камью «абсурд» ұғымын алған) мұнда адамның белгілі жағдайда түсуі терең экзистенциалдық талдаудан өтеді. Бірақ сәл кейінірек философ «Болмыс пен уақытқа» кіріспе жазып, ең басты назарды адамға емес, болмысқа аударды. Хайдеггерше, болмысты ұмыту батыс философиясының тағдырына айналған, оны осы ұмытшағынан құтқару керек. Осы кезден бастап болмыс туралы ілім қалыптастыру Хайдеггердің өмірлік мақсатына айналды. Хайдеггер осы болмыс ақиқатының жалғыз жаршысы ретіндегі ақындық тілді талдауға жақын. Қатаң ойдан гөрі шабытты ойға берілгіш, тәжірибеден тыс таза мағынасы зерделенеді. Бұл тәсіл қиялдың еркін нұсқалары деп аталады. Трансценденталды редукцияда субъекті мен объекті бір - біріне байланысты, жаңа мағына жасайды. К.Ясперс (1883–1969жж.) неміс ойшылы және психиатры, экзистенциализм ілімінің беделді өкілдері. Оның «Тіршілік ету философиясы» деген еңбегі бар. Оның түсінігінше, экзистенциализм біздің нақты болмысымыз және трансцедентті ұмтылыстарымыз арасындағы ғылым мен дін арасындағы айырмашылық.Ол жеке адамның құлдырау бейнесін емес, қайта адамның өз даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға батарлық ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйтқысы деп санаған. Ясперстің ойынша, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауру, өлім, кешірілмес күнә және т.б.) кезеңінде ашылады. Нақ осы сәттерде адам өзінің күнделікті қам – қарекетінен (дүниедегі нақты болмысынан) және өзінің идеалдық мүдделері мен өмір шындығы туралы ғылыми түсініктерінен (трансцендентальдық өзіндік болмысынан) арылады. Оның алдынан өзінің оңаша тіршілігінің (экзистенцияның нұрлануы) және оның құдайды (трансценденттік) танып білу кезеңінің есігі ашылады, - деген. Э.Гуссерель (1859-1938жж.) феноменологияның негізін салушы. Оның ойы бойынша, әлем дегеніміз әлемнің санада құбылуы. Зерттеушінің назары әлемге емес, әлемдегі заттарға емес, соларды ұғынудағы сананың әрекетіне аударылуға тиіс. Әлемнің санада құбылуы феномен деп аталады. Болмыс оның санадағы құбылуы ретінде алынғанда ғана біз нағыз танымға, таза ақиқатқа жете аламыз. Сананың басты сипаты ретінде феноменология интенция саналады. Интенция дегеніміз–сананың затқа бағытталуы. Гуссерель енді өзі психологизм деп атаған бұрынғы көзқарасын сынайды. Логика мен математиканың негіздерін эмпирикалық ғылым - психологиядан іздеу керек емес,-дейді. Тек априорлы ғылым ретінде философия ғана рационалды ұғымдарды негіздей алады. Бірақ философия дескриптивтік феноменологиямен толықтырылуы қажет. Дүние қалай болса, оны сол күйінде алу керек, «заттардың өзіне қайтуы қажет» дейді. Гуссерль феноменологиясы заттар мәнділігін таным актілерінен табылады. «Логикалық зерттеулердің» екінші томында жан-жақты қарастырады. Гуссерль барлық діндік құбылыстарда интенционалдық бар дейді. Ол философияның өзі натурализм мен тарихшылдық деп атаған ағымдарды сынға алады. Философия рефлексиялық ілімге айналу керек. Бұл жағдайда таза сана немесе трансценденталдық Эго деп дараланып, ол үшін барлығы объектілерге айналады. Сана объектілері таза мәндер немесе эйдостар болып көрінеді. Және феноменологияның міндетіне оларды суреттеп беру жатады. Герменевтика – тексттердің мәнін талдау мен дәріс оқу әдісі, философиядағы ағым. Герменевтика тексттердің методикалық тексерілген талдауы мен теориялық негіздеуі ретінде өңделген. Герменевтика негізгі талдаудың жалпы теориясы ретінде Ф.Шлеермахермен енгізілген. Дильтей герменевтиканы гуманитарлы білімнің әдістемелік негізінде дамытты. Тексттің мазмұнын әлеуметтік - экономикалық «себептермен» немесе мәдени - тарихи феноменологияға реттеу мүмкіндігі феноменологияға жатқызылған герменевтика адамдық болмыстың феноменологиясы, ал адам болмысының онтологиялық құралдарын оған сай адамзат тіршілігі болуы мүмкін шарттар көрсетеді. Иррационализм табиғатты логикалық байланыстырады жоққа шығарады, қоршаған әлемді жалпы және заңға сыйымды жүйе ретінде даму идеясын сынады. Иррационализмнің көрнекті өкілі А.Шопенгауер болды. Ол Гегель тарихы мен диалектикасына қарсы шықты, өз философиясының әмбебапты принципі ретінде волюнтаризмді жариялады, оған сәйкес қоршаған ортадағының барлығын анықтайтын басты қозғалатын күш болып бостандық табылады. «Әлем бостандық пен көрсетілім ретінде» (1819-1844жж.) кітабында жеткілікті негіздің логикалық заңын көрсетті. Бұл заңға сәйкес, шынайы философия объектіден де емес, субъектіден де емес, сана дәлелі болып табылатын ұсынымнан шығады. Ұсыным субъекті мен объектіге бөлінеді. Ұсыным объектісінің негізінде жеткілікті негіздеулі жатыр, ол төрт дербес заңға ажыратылады: 1) болмыс заңы – кеңістік; 2) себеп заңы – материалды дүние үшін; 3) логикалық негіздеу заңы – таным үшін; 4) дәлел заңы - адам әрекеті үшін. Ал С.Кьеркегор (1813-1855жж.) философия адам мәселелерін оқуы керек деп есептеді. Негізгі еңбегі «Немесе - немесе», - деп аталады. Ол келесі түсініктерді көрсетті: тіршілік – адамның қоғамға толық бағынышы, «барлығындағыдай өмір», «ағынмен жүзу», өз «менін», шындық атауға табусыз; нағыз тіршілік – қоғаммен басылатын күйден шығу, есті таңдау, өзін - өзі табу, өз тағдырының басшысы болуға айналу; нағыз тіршілік экзистенция болып табылатын адам оның үш кезеңінен өтеді: эстетикалық – адам өмірі сыртқы дүниемен анықталады; этикалық – адам есті таңдау жасайды; діни – адам өз бейімділігін терең түсінеді; Сциентизм барлық әлеуметтік мәселелерді шешуге деген қабілеттілік негізімен байланысты, философия – дүниетанымдық бағыт. Антисциентизм. Оларға талдау ғылымның келеңсіз бұзылуы ретінде ғылымның әсері талданды. ХХ ғасыр философиясының тақырыбы Батыс Еуропалық мәдениеттің құлдырау анализі болды. Шопенгауэр Артур (1788-1860жж.) неміс - идеалист философы. Негізгі еңбегі «Еріктілік және түсінік іспетті әлем» болып табылады. Ол дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуге метафизикалық идеализмді қарама – қарсы қойды. Канттан санаға байланысты түсініктер ретіндегі құбылыстар идеясын алған Шопенгауэр «өзіндік заттың» танылмайтындығын жоққа шығарып, дүниенің мәні парасатсыз дүлей ерік болып табылады деп пайымдады. Оның волюнтаристік идеализмі, (Волюнтаризм – иррационализмнің формасы) дүниеге үстемдік етіп отырған ерік табиғат пен қоғамның заңдылығын және сол арқылы ғылыми танымның мүмкіндігін жояды. Ол озық реалистік өнерге қарсы күресе отырып, өмір шындығын текке шығаратын және адамдардың өмірлік мүдделеріне жат әсемдікті уағыздады. Шопенгауэр идеялық көркем шығармашылыққа көркемдік түйсіктің мақсатсыздығын, енжар пайымдауын қарсы қойды. Оның философиялық жүйесі буддизмнен алынған «нирвандардың - өмірге деген ынтаны» жоятын мүлдем енжарлықтың мистикалық мұратымен аяқталады. Шпенглер Освальд (1880-1936жж.) неміс – идеалист философы. Негізгі еңбегі «Еуропаның құлдырауы» болып табылады. Ол тарихи прогресс ұғымын теріске шығарып, тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге фатализмді қарама – қарсы қояды. Шпенглер тарихи релятивизмнің жақтаушысы. Ол бүкіл дүниежүзілік тарихи дамудың заңды бірлігін жоққа шығарады. Онда тарих бірқатар тәуелсіз, жеке тағдыры бар және күйреу кезеңдерін бастан кешіретін ерекше организмдерге бөлінеді. Тарих философиясының міндетін Шпенглер «мәдениеттің жаны» негізіне алады. Шпенглерге сәйкес, Батыс мәдениеті құлдырау сатысына аяқ басты. Семиотика ХХ ғасырда дүниеге келген кибернетика, құрылымдық поэтика, мәдениеттану, вертуалистика сынды пән аралық күрделі ғылымдарға жатады. Семиотиканың діңгегін белгілі ұғым құрайды. Белгілі деп белгілер жүйесінің немесе белгілі бір ақпараттар тасушы тілдің өлшемдік бірлігін айтады. Семиотика термині алғаш рет Дж.Локктың «Адам – ақыл парасаты жайында» атты еңбегінде белгілер туралы жалпы ғылым мағынасында пайдаланған. Семиотиканның принциптерін алғашқылардың бірі болып американ логигі Ч.С.Пирс қалыптастырды. Персонализм философиясының ғылымға жат екені, оның үстем таптардың мүддесін қорғайтыны айдан анық. Бұл философия еңбекші халықтың санасын дінмен уландырып, қанау мен қайғы – қасіреттің шын себептерін бүркемелеп қоюға тырысады. Бұл бағыттар қазіргі жаратылыстану және басқа да ғылымдарға біраз әсерін тигізді.
ФИЛОСОФИЯДАҒЫ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ
1. Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос – ілім, яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар - бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол - болу. Болмыстың негізгі түрлері: 1. Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2. Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3. Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4. Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.
Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 801; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |