КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ресейлік контекстегі орыс философиясы 1 страница
Ресейде философиялық ой – пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшеліктері бар. Олар көбінесе, Ресейде ғасырлар бойы орын алған мәдени - әлеуметтік процестерге байланысты. Орыс философиясының қалыптасуының алғашқы кезеңі ‑ ХІ-ХVII ғасырлар, ол әлемдік философиямен байланысты, бірақ оның төлтумашылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Рустің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың қалыптасуына П.Я.Чаадаев (1794-1856жж.) үлкен рөль атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. Ол католистік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссияда» деп айтты. Бұл екі бағыт та орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама ‑ қайшы кейіпте түсіндіреді. Еуропалық үлгі бойынша, Ресейдің дамуын насихаттайтын бағыт‑бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері: А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Н.Г.Чернышевский, К.Д.Кавелин, Т.Н.Грановский т.б. Бұлар шіркеуді сынап, материализмге сүйенеді. Батысшылар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олар Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік бағыттың негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аскаков, Ю.С. Самариндер болды. Бұлар орыстың ерекше құтқарушылық идеясын негіздеді. Бұлар батысшылдарға қарсы шықты. Орыс философиясындағы материалистік ойлар Ломоносовтан басталады. М.В.Ломоносов 1711-1765жж. аралығында өмір сүрген. Аты әлемге әйгілі бірінші орыс ғалымы. Ол философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешті. Ломоносов: «Дүниені танып - білуге болады», – деді. Материя мен қозғалыс ажырамас бірлікте, материя үздіксіз қозғалыста болатынын айтты. Циолковский Константин Эдуардович 1857-1935жж. аралығында өмір сүрген. Орыс ғалымы және ойшылы, косманавтика негізін қалаушылардың бірі. Ол Жер төңірегі кеңістігін игеру және ғарышқа адамды қоныстандыру мүмкіндігі туралы идея айта отырып, оның өзінің, «ғарыш философиясында» дәлелдейді. Ол адам организмін қоса алғанда дүниенің сан алуандығы заттардың ерекше бөлшектері мен жойылмайтын «қарапайым рух» деп танылатын атомдар құрылымын құрайды деп санады. Әйтседе, адам олардың даму барысын бақылай алады және жаңа биологиялық тірі организм жасай алады, өзінің биохимиялық табиғатын да қайта құра алады. Циолковский көзқарасының құрамдас бөлігі «ғарыштық этика» оның натурфилософиясында негізделген барлық ақыл иелерінің «сыбайластығын» уағыздауды, басқа планетадағылармен этикалық байланыстың негіздерін жасауды, ғарышты өзгерту үшін бірлескен еңбектің қажеттігін мойындауды және т.б. қамтыған «ғарыш этикасы» болды. Көзқарасындағы жекелеген натуралистік және утопиялық элементтерге қарамастан ол адамның ғарыш кеңістігін игеру жөніндегі алғашқы теоретиктердің бірі болды. Циолковский ракеталарды ғарышқа шығарудың, ракеталардың қозғалыс (ракетодинамика) теориясының, көп сатылы ракеталар теориясының, жердің жасанды серігі, орбиталық станциялар, планетааралық байланыс теориясының және сол сияқты ракета құрылысы саласы бойынша өте құнды идеялар ұсынды. Негізгі шығармалары: «Жер және аспан жайындағы қиял» (1895ж.), «Адамзаттың қоғамдық ұйымы» (1928ж.), «Ғылыми этика» (1930ж.). Чадаев Петр Яковлевич 1794-1856жж. аралығында өмір сүрген. Орыс ойшылы және қоғамдық - саяси қайраткер. Оның философиясы табиғат пен қоғамда құдай заңының үстемдік рөлін негіздеді. Жалпы алғанда, ол объективті идеализмді ұстанып, өз көзқарастарының құрамына белгілі бір шамада жаратылыстану ғылымының идеяларын енгізді. Негізгі еңбектері: «Философиялық хаттар», «Жындының опологиясы» және т.б. шығармалары бар. Флоренский Павел Александрович 1882-1943жж. аралығында өмір сүрген. Орыстың діни ойшылы, ғалымы. Оның көзқарастары діни сенім мен ғылыми ақиқаттарды түйістіре зерттеу әрекетінің мүмкін еместігін көрсетеді. Ол мәдениетті діннен шығарып, ғылым мен философия мүмкіндіктері арқылы православиялық қағидалар жүйесін сақтауға тырысты. Негізгі шығармалары: «Сенім азығы және ақиқат тұжырымы», «Православиялық теодицияның тәжірибесі» деген еңбектері бар. Чернышевский Николай Гаврилович 1828-1889жж. аралығында өмір сүрген. Классикалық орыс философияның өкілі, сыншыл утопиялық социализмнің теоретигі. Оның еңбектері «Полог», «Не істеу керек?» және т.б. шығармалары бар. Оның философиясы монизм сипатында және дуализмге объективті идеалистік және субъективті идеалистік монизмге қарсы бағытталған. Ол адамның нақты уайым - қайғысын басшылыққа ала отырып, эстетикалық түсініктердің әлеуметтік мәдени негізділігі туралы идеясын ұсынды. Соловьев Владимир Сергеевич (1853-1900жж.) орыс философы және діни қайраткері.Оның шығармалары: «Керексіз бастамаларды сынау», «Құдай-адамзат туралы оқу», «Жақсылықты оқтау», «Үш сұхбат», т.б. еңбектері бар. Оның ілімі баршаның «біртұтастығы» идеясы болып табылады. Ол абсолюттік, құдіреттілік аясы ретінде, ал реалды дүние осы идеяның дербестелуі және жүзеге асуы ретінде қаралады. Соловьев теологияның, философияның және ғылымның бірлігі үшін күресті «азат философия» деп атады. Оның пікірінше, бірінші дін қызметшісі мен патшаның діни және адами бірлігінің билігі ретінде шіркеулік, монархиялық, мемлекеттік шеңберіне батыс (католиктік) және шығыс (православиялық) христиан шіркеуін біріктірудің нәтижесі болуы ықтимал; мұндай утопиялық жобада орыс мемлекетіне ерекше рөл жүктеледі. Оның көзқарасынша, философияның басты мақсаты әлеуметтік - діни мұратты ұтымды ақтау. Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның ХІХ ғасыры мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Оның негізін салушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс.
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ Қазақ философиясы мен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманынан басталады.V-VІ ғасырларда түріктердің әліппесі (алфавиті) мен жазуы болды. Соның негізінде түріктер жазба мәдениетін тудырды. Оны мәдениет тарихында «көне түркі жырлары» деп атайды. Ол мәдени мұралар Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылғандықтан «Орхон ‑ Енисей» руна жазулары деп аталады. Көптеген халықтар алфавитті өзге дамыған жұрттардан алған. Әрине, түркі алфавиті болған кезде тарихта қазақ этносы болмады. Бірақ, түркі жазуларымен жазылған шығармалармен таныссаңыз, сол замандағы түркілер мен қазіргі қазақ санасының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарасыз. Орта Азия мен Қазақстан жеріне ислам діні таралуына байланысты екі мәдениет, екі алфавит тайталасқа түсті. Бірі ‑ түркі мәдениеті, түркі алфавиті, екіншісі – араб ‑ парсы мәдениеті және араб алфавиті. Түркі алфавитін бірте ‑ бірте араб графикасы «жеңе» бастады. ІХ ғасырда өмір сүрген Әбу Насыр Мұхаммед Әл ‑ Фараби өз еңбектерін араб тілінде араб әрпімен жазды. Фараби түркі тілін білмеуі мүмкін емес, өйткені ол оның ана тілі, алайда сол заманда араб тілі ғылыми тілге айналғандықтан, туған жерден шет жүргендіктен, ол бірыңғай арабшаға ауысқан. Фарабиден екі ғасыр кейін өмір сүрген ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұн «Құтадғу білік» шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Жүсіп Баласағұнның бір жарым ғасыр кейін өмір сүрген аса көрнекті ойшыл Ахмед Яссауи өз шығармаларын түркі тілінде жазғанымен араб алфавитін қолданған. Халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның тұрмысынан аңғарылуы заңды дүние, сондықтан араб ‑ парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсіл, салтына, ерекшелігіне сай қабылдаған. Көшпелі қауымға негізінен мистика жат құбылыс, сондықтан араб мистицизмі қазақ халқының санасында оптимистік, өміршеңдік арнаға түсті. Мұның ең басты дәлелі халық әдебиетіндегі, махаббат тақырыбы. Махаббат деген адамның еркіндігінің көрінісі. Бұл мистика кереғар түсінік. Бірақ махаббат дастандарын діни қасиетті кітаптардан кем бағалаған жоқ. Философиялық әдебиетте махаббатты моральдық ‑ психологиялық категория есебінде қарастырады, ал қазақ халқының санасында ол танымдық, гнесеологиялық ұғым. Сондықтан қазақ әдебиетінде «махаббат тақырыбын» салиқалы философиялық тақырып деп атауға болады. Тарих атасы Герадот Анахарсисті қара теңіздің солтүстік жағалауындағы скиф тайпаларынан шыққан, жастайынан өнер білімге құмар, элладаның тілін үйреніп өскен, әскери өнерден де тағылым алған, скифтердің әдет - ғұрпын өте жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атақты адам деп жазды. Ол сондай-ақ Анахарсистің ата тегін, есімін, Грекияға қалай келгенін де айтып өтеді. Анахарсис б.з.д. VI ғ. өмір сүрген Анахарсистің әскери өнердің қыр-сырын жетік білгендігі жөнінде әйгілі философ Диогеннің: «скиф Анахарис Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадпурдың бауыры еді, оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла - тәсіл жөнінде сегіз жүз жол өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті. «Скифтік сөйлеу мәндері» деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан», - деп айтқан сөздері дәлел бола алады. Көптеген жазбаларда сақ - скиф философы Анахарис көне дүниенің «жеті ғұламасымен» байланысты сөз етеді. Сол авторлар жеті ғұламаға Фалес, Солон, Периандр, Клеобул, Хилон, Биант және Питтактиді жатқызады. Анахарсис туралы пікір айтқан философтар біршама, солардың арасында Секст Эмперик Анахарсисті «жеті ғұламаның бірі», - деп санайды. VIII ғ. Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Атаәрі кемеңгер ойшыл, әрі ақын, сазгер болып, тарихта үлкен рухани із қалдырған. Өзінің философиялық толғамдарында «өмір мен өлім» мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялмен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйеге мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ, қайда барса да алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. «Кімге қазып жатырсыңдар?»-деген сұрауына «Қорқыттың көрі» деген жауап алады. Содан, өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан жануарларда да, өсімдіктер де - бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт Ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызбен орындайтын болады. Сол себепті де «Қорқыт Ата» ХХ ғасырда дүниеге келген экзистенциализм философиясының орта ғасырлардағы бастауы деуге болады. Өйткені, ол өз шығармалары арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді. Қорқыт Ата шығармаларын «Қоқыт Ата кітабы» деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата дүние салғаннан кейін оның ұрпақтары Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атап шығарған көрінеді. Кітапта 12 тарау болып кірген батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. Шығармалардағы оқиғаларды баяндау желісі Ә.Фирдаусидің «Шахнамасына» үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол - түріктерге де, түрікмендерге де, әзербайжандықтарға да ортақ рухани Ата. «Қорқыт Ата кітабы» Ватикан мұражайында сақталған. Көшірмесін түріктер, одан біз қазақ тіліне, басқалар да өз тілдеріне аударған. Халықтың гносеология мен әлеуметтік философия мәселесіне келгенде қазақ қоғамдық санасындағы «Қорқыт философиясының» орны бөлек. Бұл философияның негізгі мәні мынада: «Сенің тағдырың ‑ өз атамекенін», қиыншылықтан қашып құтылу мүмкін емес. Сондықтан өмір сүру үшін күресуін керек. Бұл ‑ табиғат пен адам үйлесімділігінен туған ой. Асан Қайғы (XV ғ.) – қазақ даласынан шыққан философ, ел қамын ойлаған данышпан - ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, халыққа ыңғайлы, уайым - қайғысы жоқ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын «Жерұйықты» іздеп, желмаямен қазақ жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне тиісті бағасын береді. Бірақ «Жерұйықты» таба алмай, қайғырады. Содан ел оны «Асан Қайғы» деп атаған. Әрине, қазақ жерінде кең жазықты, көк майса шалғынды, орманды-таулы жерлер де, өзен-көлдер де бар, бірақ іздегені әлеуметтік теңдік пен рахат өмір болатын. Сондықтан оны қазақ жерінен шыққан алғашқы әлеуметтік утопист, - деп те атайды. Халықта даналығымен, әділдігімен көзге түскен көптеген билер, жыраулар ақындар болған. Халақ арасындағы тіпті, ел мен ел арасындағы дау- дамайды, ұрыс- жанжалдарды мейлінше бейбіт жолмен шеше білген от ауыз, орақ тілді шешен билеріміздің қазақ халқы үшін сіңірген еңбектері ерен. Мәселен, аты алашқа әйгілі болған: Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би. Билер көбінесе құбылысты астарлап ашып, тұспалдап сөйлейтін шеберлігін танытып отырған. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды тіршілікті өте жоғары бағалаған. Жырау ‑ әлі қоғамдық ғылымда тереңірек зерттелмеген, сыры толық ашылмаған, күрделі ұғым. Оған Бұқар жырау, Қобыланды жырау тағы басқа сияқты тұлғалар шығармашылығы кепіл. Жырау жеке басының ғана ар - намысын, ұятын ғана ойлап қоймаған, негізінен оның мұңы халық мұңы. Ол хан мен халықтың арасындағы тұлға. Қазақ ақын - жырауларының дүниетанымы, философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Шалкиіз жырау Тіленшіұлы 1465-1560 жж. аралығында өмір сүрген. Оның шығармашылығы, философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел ауызынан жазылып алынған тарихи әңгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс Қазақстанда, Ноғайұлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Әкесі Тіленші - қазақ арасындағы көп шонжардың бірі болса керек. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі - ондағы философиялық толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның ой - өрісімен бағаланбақ. Шалкиіздің философиялық ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. Осыдан келіп біздер Шалкиіз ойларының өміршеңдігін, төрт жарым ғасырдай өтсе де ұрпақ жадында ұмытылмай сақталуының сырын ұғамыз. Ақтамберді жырау Сарыұлы 1675-1768 жж. аралығында өмір сүрген. Халидидің айтуынша, Ақтамберді - ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген әруақты ерлердің бірі. Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ол бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, иісі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой арманы, мақсат мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. Бұған жыраудың «күлдір - күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады. Бұқар жырау Қалқаманұлы XVII-XVIII ғғ. шамамен 1668 жылдары дүниеге келген. Бұқар жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетеді. Мұндай өзгерістер тек тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта, табиғатта да жүріп жатады. Бұқар қарапайым тілмен емес, белгілі бір табиғат құбылысының нақты көрінісімен адам санасына объективтік шындық дүниені бейнелеп жеткізеді. Бейнелі тіл саналы ойдың жемісі, міне, осы тұрғыдан қарағанда да Бұқардың болмысы ойшыл философ, азамат ақын екендігіне көз жеткізеді. Бұқардың ақындық қуаты, азаматтығы, қазақ тарихындағы үлкен іс атқарған ірі тұлғалардың бірі екендігін көрсетеді. Қазақ хандығынан халықтың пессимизімді Шортанбай ақынның «Зар заман», «Бала зар» деген шығармаларынан байқаймыз. Шортанбайдың шығармаларындағы кейбір мәселелердің философиялық тұрғыдан көрініс берген. Зар заман ақындары – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай Қанайұлы 1818-1881жж., Дулат Бабатайұлы 1802-1874жж., Мұрат Мөңкеұлы 1843-1906жж. болды. Осынау бір ел басына күн туған қиын сәт кезеңде елдің, жердің қамын ойлап Дулат, Шортанбай, Мұрат ақындар азаттық пен еркіндікті аңсап, орыстандыру саясатына тікелей қарсы шығып, халқына отты жырларымен ұран тастады. Зар заман ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі Дулат Бабатайұлы. Ол өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етеді. Ол қазақ қоғамы үшін қатты қобалжып, халық өміріндегі болып жатқан өзгерістерге үлкен сезімталдықпен, өз көзқарасы тұрғысынан қарап, халқы үшін қабырғасы қайысып, өз заманының күйін толғайды. Дулат ақыннан кейінгі, онымен қатар өмір сүрген зар заман ақындарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі Шортанбай Қанайұлы болып табылады. Ақынның философиялық толғауларының бірі «Зар заман» деп аталады. Шортанбай ақын үлкен адамгершілік мәселесін де жоғары бағалап, оның осындай қиын жағдайларға түскеніне қорғаныстан өзіміздің тұрмыс салтымыздағы төл ерекшеліктерімізді сақтап қалуға, оны бұзбауға әрекет жасайды. Шортанбай ақын қоғамдық санада болып жатқан өзгерістерді, қазақ даласына енген жаңалықтарды қазақ қауымының жаңа тұрмыс - салтына ұмтылуын өз көзімен көрді, олардың куәсі болды. Ол өмірдің осы жағын жырлай отырып, қазақ халқының болашақ мақсат мүддесін қорғады. Зар заман ақындарының ең беделді өкілдерінің бірі Мұрат Мөңкеұлы болып табылады. «Қоныстың бәрін жоғалтқан ноғайлы, қазақ надан жұрт, бірлігінің келгісі», - деп ол тығырықтан шығар жолды білімнен іздейді. Мұрат өз заманын адамгершілік жағынан озған, отбасы қатынастарының бұзылған заманы дейді. Ол заманның бұзылуының, қайғы қасіреттің үйірілуінің себептерін іздеп, өз заманының күйіне пайымдаулар жасайды. Дегенмен, қазақ халқы Мұраттай біртуар азаматтарының арқасында осындай қиын жағдайға қарамастан өзінің рухани мәдениетін, оның төл ерекшеліктерін сақтап қала алады. Ата қоныс мекенін, жер, суын, тұтастығын аман сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыра білді. Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Уәлиханов (1835–1865жж.) демократтық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист - ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам кайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан - жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінін маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, НА.Добролюбовтың еңбектерін оқып - үйренді, олардың көзқарастарын қарады. Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және молдалары таратып жүрген діни қағидалардың халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары «ой мен сезімнің дамуын тежейтін әлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді», - деп көрсетеді. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог - жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин(1841–1889жж.). Ыбырай дүниетанымының қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары кұндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы, жаңағы «Жаз», «Өзен» өлеңдерінде табиғаттың сұлулығы, көгорай шалғынды көркі, күмістей сыңғырлаған суы, көк - жиектің мұнарланған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Бұл шығармалар жастарды сұлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге тәрбиелейді. Ағартушылық жөніндегі көптеген хаттары мен жазбаларында Ыбырай қазақ балаларына ән - күйден, суреттен сабақ беру керек екендігін мәселе етіп қояды. Бұдан жастарға эстетикалық тәрбие берудің маңызын жоғары бағалағандығын қөреміз. Этикалық тәрбие жөніндегі пікірлерін, ой - тұжырымдарын бағалы асыл мұра деуге болады. Ең алдымен, Ыбырайдың өз басы өте жоғары дәрежелі мәдениет иесі болғандығын айта кету керек. Оның достары мен жолдастарына жазған хаттарында кішіпейілділік пен ізгілік белгісі айқын көрінеді. Ұстазы болған Н.И.Ильминскийге жазған хаттарында үлкен құрмет пен ілтипат сезімдерін білдіріп, ал өзінің шәкірті есебінде болған А.А.Мозохинге жазған хаттарын ұдайы «сүйікті досым» деп бастайтын. Кейбіреулерге ағарту жұмысындағы кемшіліктері үшін қатты сөз айтып, реніш білдірсе, артынан артық кеткеніне кешірім сұраған көңілін білдіреді. Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл - демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845–1904жж.) болды. Оның шығармашылық мүрасы өлең, дастан, философиялык, проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылды билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дінбасылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм түрғысынан емес, Қазақстан ағартушы - демократтарының көбісінде кездесетіндей, «нағыз» дін немесе рационалдандырылған дін позициясын сынады. Дінбасылары насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақыл мен танымды қарсы қойды.
Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 958; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |