КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
КІРІСПЕ 4 страница
Оккамның айтуынша Құдайдың бар екендігі т.б. діни ұғымдар парасат арқылы дәлелденбейді, олар тек қана нанымға негізделген, ал философия теологиядан азат толуы тиіс (екіұдай ақиқат). Араб-мұсылман философиясы. Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль - Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді. Аль - Кинди (800 - 870 жж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль - Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль - Киндиге күпірлікпен қарады. Аль - Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған. Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль - Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль - Киндиге қарама - қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар. Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж. Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым - энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік - эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл - Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн - Рушдке, сондай - ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті. Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980–1037жж.) ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т.б. еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм жағына шығады. Аристотельдің логикасын, физикасын және метафизикасын жетілдірді. Ол материяның мәңгілігін мойындады, оған бір тектес заттардың әрқилы себептері деп қарады және астрологиямен басқа да сәуегейліктерге қарсы шықты. Әл-Фараби мен Ибн Синаның перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі де көрініс тапты. Суфизм – (араб. суф-жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда 8 - 9 ғғ. пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі Суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттар мен құбылыстар оның эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігу», Суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін - өзі ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде ғана іске асады. Суфизмнің көрнекті өкілдері Әл - Ғазали, Суфи Алаяр (1720 жылдарда өмір сүрді), Ахмет Яссауи. Әл - Ғазали Ибн Мухаммед (1059 – 1111жж.) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл - парасаты жететін объектілер де («тамаша мінез», «тамаша ғұмыр») асқақтай алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл - Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран - Құдай жаратқан ғажап еңбек. Ибн Рушд Мухаммед (1126 - 1198 жж.) - Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні - философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты - философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-Рушд ақыл - парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн - Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. Ахмед Яссауи (шамамен 1093 – 1166 - 67 жж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркістан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның есімі Түркістанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады. Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды. Ортағасырлардағы мұсылмандардың философиялық және эстетикалық идеялары еуропалық ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасына елеулі ықпал етті.
РЕНЕССАНСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАМАН ФИЛОСОФИЯСЫ
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) 16 - 17ғғ. Италияда пайда болып, кейін Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты. Ренессанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымының ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмнің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам –Құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік - табиғатты, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Соған орай Қайта өрлеу дәуірі қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.
Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм. Пантеизм (гр. Pan - бәрі және tcheos - құдай) - құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді алғаш рет Толанд енгізген. Пантеистік көзқарас Н.Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі. Натурфилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған ілім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырылады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацельс), Бернардино Телезио жатады. Парацельс Филипп Ауреол Теофраст фон Гогенгейм (1493 - 1551 жж.)-қайта өрлеу дәуірінің дәрігері және табиғат зерттеушісі, шыққан жері швейцария. Парацельстің пайындауынша, құдай жаратқан алғашқы материяға негізделген дүние өзін - өзі дамытатын тұтастық болып табылады. Гуманизм (лат. Humanus - иманды) - адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде гуманизм тиянақты идеялық көзқарас ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо да Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтень және т.б.- зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қайта өрлеу дәуірі - философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда - саттықтың дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарылауы, ғылыми - техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды. Қайта өрлеу дәуірі философиясының негізгі ерекшеліктері: - антропоцентризм және гуманизм - адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою; - шіркеу идеологиясына қарсы пікірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арсындағы байланыс ретінде санаған шіркеу қызметкерлеріне қарсы шығу). - кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар аудару; - әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес екендігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жаңалықтар) түсіну; - тұлғаның алғашқы қатарға қойылуы; - әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы. Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған – неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты – Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, Платон ілімдерін бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып, Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н.Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола. Николай Кузанский (1401-1464жж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасап шығарды. Құдайдың қарама - қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, адамның ой-санасы тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігін уағыздады. Шектілік пен шексіздік, ергежейлілік пен алып, жалпы мен жеке және тағы басқа қарама - қарсы құбылыстар Құдайға келіп тіреледі. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеліп тірейтіндігі туралы мистикалық-идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді. Әлем-сезімтал абсолютті аяқтаушы, өзгермелі Құдай. Әлем - құдаймен аяқталады дей отырып, Н.Кузанский астрономиялық зеттеулер жүргізе келе күн-орталық (гелиоцентрлік бейне), космостағы болып жатқан үрдістердің бәрі-діни ұғымнан бөлек табиғат тұрғысында ғана түсіндірілетін мәселе деп тұжырымдады. Н.Кузанскийдің пайымдауынша әлем ғаламдардан (галактикалардан) құралған, барлық аспан денелері - қозғалыс күшіне ие. Н.Кузанскийдің бұл тұжырымдары гелиоцентрлік жүйенің дамуына айтарлықтай ықпал еткендігіне күмән жоқ. Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos» – жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птоломей тұжырымдаған. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйкес өз кіндігі жүйесімен айналатын жер - күн төңірегіндегі планеталардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кейіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер, Ньютон аса үлкен роль атқарды. Галилео Галлилей (1564 – 1642жж). Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелерінің траектория бойынша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планателардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі – Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632ж). Оның тұжырымы бойынша, әлем – шексіз, материя – мәңгі, табиғат – бірегей. Табиғат бастамасы ретінде механикалық заңдылықтарға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі – бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқы себеп екендігін мойындайды. Қайта өрлеу дәуіріндегі өзекті мәселелердің бірі жаңа қоғам құру мәселесі ағылшын гуманисті Т.Мор мен итальяндық монах Кампанелланың шығармаларында айқын байқалады. Т.Мор (1478–1535жж.) - утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист – рационалисті. Басты шығармасы – «Утопия» (1516ж.). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оны еңбекті ұйымдастырудың коммунистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан – жақты дамуына, теориялық оқуды еңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды. Т.Кампанелла (1568–1639жж.).Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ. Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейінгі заман философиясына айтарлықтай әсер етті. Жаңа дәуір философиясы. Негізгі ерекшеліктері: - ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі; - білімнің қарқынды дамуы; - ғылымдардың пайда болуы; - діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы. Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт қалыптасады. Эмпиризм - танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт, негізін салушы Ф. Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи. Рационализм (лат. зерде) - танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц. Ф.Бэкон (1561-1626жж.) - Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон». Ф.Бэкон эксперименттік ғылымның негізін салушы. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды). Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф.Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін. Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл - ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл - ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды. Ф.Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек: 1. Адам табиғатына тән «тектік» елесінен. 2. Әркімнің жеке басына тән «үңгір» елесінен. 3. «Нарық» (базар) елесінен. 4. «Театр» елесінен. «Білім - күш» қағидасын берік ұстанған. «Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте, энергия - материяның ішкі қасиеті» - дейді. Философ жаңа философиялық методологиясының мынадай қағидаларын ұсынады: 1. Табиғатты зерттеудегі объективтілік. 2. Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы. 3. Табиғаттан көрі технологиялық дәреженің үстемділігі. 4. Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті (жекеден жалпыға өту) әдісі. Р.Декарт (1596 - 1650жж.) - француз философы, дворяндар отбасында өмірге келген. Ол Ла - Флеш коллегиясында физика, арифметика, математика, музыканы тереңдетіп оқиды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған Декарт алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысады. Жарықтың сыну заңын ашады, қанның айналуын зерттеп, психология мен космогония және философияға талдаулар жасайды. Еңбектері: «Әдіс туралы ой - толғау» және «Философияның алғашқы бастаулары». Космология, космогония, физика мен физиологияда – материалист, психология, таным теориясында - идеалист, соған орай Декарт дуализм бағытының өкілі ретінде саналады. Декарттың рационализмінің негізі - күмән. Күманданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, соған байланысты оның өмірі айқындала түспек. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүргендігім» дейді. Біз анық қабылдайтын нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз, зердеміз арқылы ғана қабылданбақ. Т.Гоббс (1588-1679жж.) - Оксфорд университетін тәмамдап, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф.Бэконға хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640ж.), «Азамат туралы» (1642ж.), «Левиафан» (1651ж.). Номиналист, механикалық материалистік бағытты ұстанады. Адам мен жануарлар күрделі машина, материя - мәңгі, алғашқы, ал ой - материяның туындысы деген көзқарасты жақтайды.
Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 1463; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |