Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 3 страница




33) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізаттарды, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа лас заттармен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;

34) санитариялық жарамсыздық – технологиялық операциялар, тасымалдау және жинау барысында бұзылу салдарынан туындаған, тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкелген өнімнің органолептикалық және тұтынушылық қасиеттері өзгеруі;

35) санитариялық күн – үй-жайларды күрделі жинауға, жабдықтар мен мүкәммалды жууға, қажет болған жағдайда, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналып бөлінген уақыт (айына кемінде бір рет);

36) тағамдық қоспалар – тамақ өнімдеріне оларды дайындау және өндіру үдерісінде олардың бойында белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру және/немесе олардың сапасын сақтап қалу мақсатында арнайы енгізілетін табиғи және жасанды заттар мен олардың қосылыстары;

37) тағамдық ингредиент – тамақ өнімдерін өндіруде қолданылатын және дайын өнімде бастапқы немесе өзгертілген күйде болатын, рецептіге сәйкес тамақ өнімдерінің құрамдас бөлігі болып табылатын табиғаттан немесе жасанды жолмен алынған химиялық зат немесе жануар немесе өсімдік немесе микроб немесе минерал текті өнім, оның ішінде тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер;

38) тағамдық құндылық – құрамымен және дәмінің артықшылығымен анықталатын, организмді нәрлі заттармен қанағаттандыру дәрежесі;

39) тамақ өнімдері – адам тұтынатын шикізат, тамақ өнімдері, арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері, ауыз су, тағамдық қоспалар және тағамға биологиялық белсенді қоспалар, адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарлар жейтін жемшөп пен жемдік қоспалар;

40) тағамдық өнімдер – бұл адамның тағамға тұтынуына (оның ішінде балалар тамағына, диеталық емдік тамақтануға, диеталық профилактикалық тамақтануға, спортшылардың тамақтануына арналған мамандандырылған өнімдер, сергітетін сусындар, өсімдік, жануар және микробты текті гендік-инженерлік-түрлендірілген (трансгенді) организмдерден алынған шикізаттардан өндірілетін тамақ өнімдері, органикалық өнімдер) арналған табиғи, өңделген немесе қайта өңделген түрдегі жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық немесе биотехнологиялық жолдармен алынған өнімдер, ыдыстарға құйылған ауыз суы және минералды ауыз суы, алкогольді (оның ішінде сыра) және алкогольсіз сусындар, тағамға биологиялық белсенді қоспалар, сағыздар, ұйытқылар мен микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері, ашытқылар, тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштер, сондай-ақ азық-түлік (тамақ) шикізаттары мен тамақ ингредиенттері;

41) тамақ өнімдерінің партиясы – қауіпсіздігін куәландыратын бір ілеспе құжаты бар, ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және/немесе қаптамаланған біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;

42) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) – технологиялық үдерістің өзін және онымен байланысты тамақ өнімдерін өлшеп-орау, қаптамалау, таңбалау, сондай-ақ өндірісішілік сақтау және тасымалдау үдерістерін қамтитын тамақ өнімдерін дайындау процестері (сатылары);

43) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – адамның өмірі мен денсаулығына зиян тигізумен және қауіпті фактордың іске асырылу ықтималдығы мен оның салдарының ауырлық дәрежесінің үйлесімін ескерумен тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық үдерістерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;

44) тамақ өнімдерінің қадағалануы – тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерін қадағалау (шығуын, бағытын және жеткізілген орнын);

45) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші — адам денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін химиялық, радиобелсенді, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;

46) таңбалау – тұтынушыға ақпарат беретін және тамақ өнімдеріне, тұтыну ыдысына (қаптамасына) түсірілген мәтін, тауар белгілері, шартты белгі мен суреттер, құжаттар, жаднамалар (қосымша бет), затбелгілер, контрзатбелгілер, кольереткалар, жазба белгілер, жапсырмалар (стикерлер);

47) тауар көршілестігі – шикі және дайын өнімдерді бірге сақтауды және өткізуді болдырмайтын, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететін бөтен иістің енуін болдырмайтын жағдайлар;

48) тез бұзылатын тамақ өнімдері – қатаң регламенттелген мерзімде тасымалдаудың, сақтаудың және өткізудің арнайы жағдайларын талап ететін тамақ өнімдері;

49) технологиялық жабдық – өндірістің жұмыс істеуіне қажетті механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптардың жиынтығы;

50) тиеу орны – азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін қабылдайтын орын;

51) толық дайындау орны – үй-жай, онда жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімдерін дайындауды жүзеге асырылады;

52) ұйымдасқан ұжымдар – тәулік бойы немесе күндіз 4 сағат және одан артық уақыт болатын, тұрмыс, тамақтану, оқу, тәрбие, медициналық қызмет көрсету, еңбек етудің бірдей жағдайларымен біріктірілген олардың ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан ұйымдардың контингенті (денсаулық сақтау объектілері, әлеуметтік қызмет көрсету объектілері: үй-интернаттар, оңалту орталықтары, мүгедек балаларға арналған оқу орындары, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік бейімдеу орталықтары, өнеркәсіп, құрылыс объектілерінің тамақтану объектілері);

53) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету саласындағы заңнама – санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды, оның ішінде адамдардың мекен ету ортасы факторларының, өнімнің (тауардың), жұмыстың және көрсетілетін қызметтің адам үшін қауіпсіздігі және/немесе зиянсыздығы критерийлерін белгілейтін және азаматтардың денсаулығын сақтау және қолайлы қоршаған ортаға деген құқықтарын іске асырудың негізгі шарттарының бірі ретінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдар мен оларға сәйкес қабылданатын өзге нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер.

4. Осы Санитариялық қағидаларда осы бөлімде арнайы анықтама берілмеген терминдер Кеден одағының, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамасында белгіленген мәндерінде қолданылады.

 

 

2. Тамақтану объектілерін салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, қайта жаңартуға және қайта жабдықтауға қойылатын талаптар

5. Тамақтану объектiлерiн салуға жер учаскесiн таңдау, жобалау реконструкциялау және қайта жабдықтау санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жол беріледі.

6. Мына жағдайларда жер учаскелерінде тамақтану объектілерінің құрылысын жобалауға жол берілмейді:

1) бұрын олар мал қорымдары, уытты қалдықтарды көму орындары ретінде пайдаланылған, органикалық және химиялық қалдықтармен ластанған жағдайда;

2) радиациялық қауіпсіздік нормативтері жоғары болған жағдайда;

3) жер учаскесінде күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттердің топырақтық ошақтары орналастырылған жағдайда;

4) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден санитариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда және су басуы ықтимал аймақтарда;

5) сумен жабдықтау көздері бірінші санитариялық қорғау аймағында орналасқан жағдайда;

6) қауіпті аймақтарда көмір және басқа шахталардың жыныстарының үйінділері болғанда.

7. Тамақтану объектісін орналастыру кезінде халықтың санитариялық-гигиеналық өмір сүру жағдайларының нашарлауына жол берілмейді.

8. Тамақтану объектілерін жеке тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішіне салынған үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттардың бірінші, жертөле және цокольдық қабаттарында орналастыруға жол беріледі.

9. Жалпыға бірдей қолжетімді тамақтану объектілерін тұрғын үй, қоғамдық немесе өндірістік ғимараттардың ішіне салуға немесе жапсарлас салуға тамақтану объектісінің және ол ішіне салынып жатқан ғимараттың барлық функционалдық сипаттамаларын сақтау арқылы қажетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған жағдайда жол беріледі.

Тамақтану объектілерін:

1) тұрғын үйлерде – ішіне салынған немесе ішінен-жапсарлай салынған үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттардың нақты түрлеріне (құрылыстар) нормативтік талаптарды ескере отырып, ғимараттар бойынша жобалауға;

 

2) жер асты өтпе жолдарында, сондай-ақ, коммуникацияның инженерлік жүйелеріне қосылған жағдайда.

10. Аспаздық өнімдерді сатуға арналған үй-жайларды (аспаздық дүкендері) мейрамханалар мен асханалар құрамында да, өзге мақсаттағы ғимараттар құрамында да көздеуге жол беріледі.

11. Тамақтану объектілерінде тәулігіне кемінде 300 килограмм (бұдан әрі – кг) кремді кондитерлік өнімдерді өндіретін, кемінде 500 кг ұннан жасалған кремсіз кондитерлік өнімдерді өндіретін өнімділігі шағын кондитерлік цехтарды орналастыруға жол беріледі.

12. Тұрғын ғимараттарда орналасқан тамақтану объектілерінде шикізат пен тауарларды тиеу терезелері жоқ тұрғын ғимараттың бүйір жағынан және/немесе жер асты туннелдерінен және/немесе магистральдар жағынан арнайы жүк тиеу үй-жайлары болған жағдайда орындалады.

13. Тұрғын үй ауласынан шикізат пен тауарларды тиеуге жол берілмейді. Өнімділігі шағын объектілерге жұмысы басталғанға дейін көше беттегі кіре берістен тиеуге жол беріледі.

14. Жер асты қазба жұмыстарында жұмыс істейтіндердің тамақтануын ұйымдастыруға арналған жер асты тамақтану объектілері ауасы аз шаңданатын, таза ауа келіп тұратын жерде орналастырылады.

15. Құрылыс алаңдарында, маусымдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдарға арналған тамақтану объектілері дайындау кәсіпорындарынан немесе асханалардан жартылай фабрикаттарды алу қарастырылған толық дайындау орны ретінде жабдықталады. Жартылай фабрикаттарды жеткізетін кәсіпорындар болмаған жағдайда, шикізатты пайдалануға жол беріледі.

16. Құрылыс объектілерінде, маусымдық жұмыс объектілерінде дайын тамақты тарату пунктін ұйымдастыруға жол беріледі, оның тамақтанатын залының жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету негізінде жүргізіледі.

17. Құрылыс алаңдарында және маусымдық жұмыста жұмыс істейтіндерге арналған тамақтану объектілері, жұмыс ерекшелігіне байланысты, стационарлық және жылжымалы етіп ұйымдастырылады. Стационарлық тамақтану объектілері ғимараттарда немесе уақытша салынған үй-жайда (жиналмалы типтегі үйлер, жеңіл ағаш үйлер, ал жазғы уақытта қалқа, тент астында) орналастырылады. Стационарлық уақытша тамақтану объектілері тек қана қызмет көрсетілетін объектінің құрылысы, маусымдық жұмыс аяқталғанға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.

 

18. Жылжымалы тамақтану объектілері арнайы жабдықталған вагон-асханаларда ұйымдастырылады. Жылжымалы тамақтану объектілерінің бірнеше құрылыс жұмысшыларына ағымдық кесте бойынша қызмет көрсетуіне жол беріледі.

19. Тамақтану объектілерінің ғимараттарында тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ қызметі қоғамдық тамақтанумен байланысты емес үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді.

20. Тамақтану объектілерінің аумағы абаттандырылады, таза ұсталады. Аумақта арнайы бөлінген жерде, үш жағынан да тұтас қабырғамен қоршалған, су өткізбейтін жабыны бар, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған қақпағы бар бөлек контейнерлерді орнатуға арналған алаң қарастырылады. Қоқыстар мен тамақ қалдықтары контейнерлердің толу шамасына қарай шығарылады, соңынан контейнерлер өңделеді және дезинфекцияланады. Кіретін жолдар мен жаяу жүргінші жолдары атмосфералық жауын-шашын сулары суағарларға ағатындай етіп қатты жабыннан жасалады.

21. Тамақтану объектісінің аумағын жинау күнделікті жүргізіледі, жылы кезде су себіледі, ал қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады.

 

3. Сумен жабдықтауға, су бұруға, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын талаптар

22. Тамақтану объектiсінің ғимараты орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерімен және су бұрумен жабдықталады.

23. Елдi мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, ішкі су құбыры және су бұру құрылғысымен жергілікті су көзінен алынатын суды пайдалануға жол беріледі.

24. Су құбыры жоқ елдi мекендердегi тамақтану объектiлерiн сумен қамтамасыз ету үшiн сумен жабдықтау көзi санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде таңдап алынады. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін әкелінетін суды пайдалануға жол беріледі, ол таңбаланған арнайы сыйымдылықтарда, арнайы автокөлікпен жеткізіледі.

25. Ауылдық және ішінара кәрізделген жерлерде сарқынды суды жинау үшін су өтпейтін қазылған шұңқырлар жабдықталады, олар оның үштен екі көлемі толуына қарай тазартылады.

26. Ауыз суды тасымалдауға және сақтауға арналған сыйымдылықтар тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.

27. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады.

28. Ыстық және суық су барлық жуу ванналарына және раковиналарға, сондай-ақ қажеттi технологиялық жабдыққа араластырғышты орнату арқылы жүргiзiледi.

29. Су жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдалануға жол берiлмейдi.

30. Тамақтану объектiлерi өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды су үшін алаң ішіндегі кәрiз желісіне өз бетінше ағатын су бұрудың бөлек жүйелерімен жабдықталады.

31. Өндірістік ағынды ағызу деңгейі шаруашылық–фекальды ағындарды шығару деңгейінен жоғары етіп жабдықталады.

32. Төгу траптары, жуу ванналары, раковиналары, санитариялық аспаптары бар үй-жайлар тамақтану объектісіне жалғасатын алаң ішіндегі кәріз деңгейінен төмен орнатылмайды.

33. Кәріз желілерінің бітеліп қалуының алдын алу мақсатында ғимарат сыртында, сыртқы кәріздік желіге түскенге дейін өндірістік ағындар шығатын жолдарда:

1) залының сыйымдылығы 500 және одан көп орыннан тұратын жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін;

2) залының сыйымдылығы 200 және одан көп орыннан тұратын шикізатпен жұмыс істейтін тамақтану объектілері үшін май және езінді ұстағыштар орнатылады.

Тамақтану объектілерінің бір ауысымда 2 тоннаға дейін өнім өндіретін көкөніс цехтары үшін құм ұстағыштар орнатылады.

34. Тамақтану объектілері кәрiзделмеген елдi мекендерде орналастырған жағдайда өндiрiстiк және тұрмыстық сарқынды суға арналған жергiлiктi бөлек кәрiз құрылғысы көзделедi. Сарқынды су жер астындағы су өтпейтін, қақпақпен жабдықталған сыйымдылыққа (шұңқырға) ағызылады.

35. Ауладағы дәретхана мен су өтпейтін сыйымдылықты объектінің шаруашылық аймағына орналастырады.

36. Өндiрiстiк жабдық және жуу ванналары кәрiз желiсiне қабылдаушы ойыңқы бетінен кемiнде 20 миллиметр (бұдан әрi – мм) ауалық ажыраумен қосылады. Iшкi кәрiздiң су ағынын жинайтын барлық қабылдағыштардың гидравликалық қақпақпен (сифондармен) жабдықталады. Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi.

37. Санитариялық тораптарды, душ бөлмелерін және ылғалды үдерістер жүргізілетін үй-жайларды тамақтану объектілерінің қойма, технологиялық үй-жайларының және салқындату камераларының үстіне орналастыруға жол берілмейді.

38. Су құбыры мен су бұруды тоңазыту камераларының қоршау конструкцияларына, сондай-ақ осындай камералар мен тамбурлар арқылы салуға жол берілмейді.

39. Ішкі кәріз желілерін төбе астынан, қабырғаларда, сондай-ақ су жүргізетін транзиттік магистралдарды тамақтанатын залдарда, өндірістік үй-жайларда және тамақ өнімдерінің қойма үй-жайларында орнатуға жол берілмейді. Өндірістік және қойма үй-жайларында кәріздің тік құбыры тамақтану объектілерінің тек тұрмыстық үй-жайлары арқылы ғана қайта ашылмайтындай етіп сыланған қораптардың ішімен жүргізіледі.

40. Қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайларының аражабынан өтетін санитариялық тораптардың және душ бөлмелерінің едендері, су бұру мен су құбырының тік құбырды салу орындары су өткізбейтін материалдардан жасалады.

41. Өндірістік цехтар, жуу бөлмелері, дефростерлер, тамақ қалдықтарын сақтау камералары траптармен жабдықталады: 100 м2 алаңға бір трап (бірақ үй-жайға кемінде біреу).

42. Тамақтану объектілері араластырғыштармен, қол жууға арналған құралдармен, бір рет қолданылатын сүлгілермен және (немесе) электр-сүлгілермен жарақталған, ыстық және суық су жүргізілген раковиналармен жабдықталады: персонал үшін - өндірістік үй-жайларда, келушілердің қолын жуу үшін – санитариялық тораптарда.

Отырғызатын 20-дан асатын орын саны бар объектілерде персонал мен келушілерге арналған дәретханаларды біріктіруге жол берілмейді.

43. Жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектілерін (жазғы алаңдар, кәуәпханалар, самса, пирожный сату орындары, сауда шатырлары, сауда автоматтары, жазғы уақытта демалыс аймақтарында жәрмеңкелер мен мереке күндері жаппай демалу уақытында жылжымалы сауда үстелдері) қоғамдық дәретханалармен немесе биодәретханалармен жабдықталған орындарға орналастырады.

44. Маусымдық тамақтану объектілерінде уақытша су құбыры мен су бұру өткізіледі.

45. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды сору-шығару желдеткішімен жабдықтайды.

46. Тамақтану объектілерінің сору-шығару желдеткішін тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттың желдету жүйесімен біріктіруге жол берілмейді.

Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың ішіне салынған тамақтану объектілерінің сору-шығару желдеткішін жабдықтау кезінде шуылды төмендету бойынша іс-шаралар көзделеді.

47. Отырғызатын орын саны 50 және оданда аз тамақтану объектісінде ішке соруды ұйымдастырмай-ақ шығару желдеткішінің құрылғысына жол беріледі.

48. Сору желдеткішінің жүйесі үй-жайлардың мына тобы үшін бөлек орнатылады:

1) келушілерге арналған;

2) өндірістік;

3) тамақ қалдықтарының камералары;

4) ыдыс жуатын машиналардан жергілікті сору жүйелері;

5) дәретханалар мен киім ауыстыру орны бар душ бөлмелері.

Ыстық цехтардың және жалпы алмасу желдеткішінің, ыстық, салқын тамақ, толық дайындау цехтарының, жуу және басқа да өндірістік үй-жайлардың жергілікті шығару жүйелерін, сондай-ақ санитариялық тораптардың, темекі шегетін және душ бөлмелерінің шығару желдеткішінің жүйесін бір шығару жүйесіне біріктіруге жол беріледі.

49. Тамақтану объектілерінің тамақтанатын залдарында және өндірістік үй-жайларында айтарлықтай жылу бөлінген жағдайда ауа баптау жүйелерін орнатады. Қалған қызметтік үй-жайларды сору-шығару желдеткішінің жүйесімен жарақтандырады.

50. Желдету және ауа баптау жүйелерінің өндірісін осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауа алмасудың санитариялық нормаларын ескере отырып белгілейді.

51. Желдету және ауа баптау жүйелерін орнату кезінде ластанған аймақ ауасының таза аймаққа түсуіне жол берілмейді, сүзгіштерге және тазалауды немесе ауыстыруды талап ететін басқа да бөліктерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Механикалық сору желдеткіші жүйелерінде сырттан берілетін ауаны тазалау және оны қысқы уақытта жылыту көзделеді. Сору желдеткішіне арналған ауаны алу, ауасы ең аз ластанған аймақта, жерден кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі.

52. Жеке үй-жайларда жазғы кезеңде механикалық желдеткіш ретінде жергілікті сору қондырғылары және/немесе ауа баптағыштар қолданылады.

53. Технологиялық жабдықтардың желдету каналдары, ауа өткізгіштер шаңнан, ыстан уақтылы тазартылып отырады.

54. Салқын тағамдарды, жеңіл тамақтар дайындайтын үй-жайларда желдетудің сору жүйесін шаңға қарсы және бактерицидті сүзгішпен жабдықтайды. Желдету жүйелерінің саңылаулары ұяшықтары ұсақ тормен жабылады. Осы үй-жайларда инсоляциядан қорғайтын ауа баптағыштар мен құрылғылар орнатылады. Үй-жайлардағы рұқсат етілетін температура +18°С аспауы керек.

55. Тұрмыстық үй-жайларда көбінесе табиғи іске қосылатын шығару желдеткішінің автономды жүйелері орнатылады.

56. Ылғал, жылу және газ бөлу көздері болып табылатын жабдықтар мен жуу ванналарын шығару шатырлары бар, оқшауланған шығару жүйелерімен жабдықталады, олардың қабылдау тесіктерінің көлемі зиянды заттар көздерінің көлемінен үлкен болуы тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 714; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.