КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жалпы ережелер 6 страница
186. Тамақты өткен күннен қалған қалдықтармен және сол күннің ертерек мерзімінде дайындалған тамақпен араластыруға жол берілмейді. 187. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтану объектілерінде екі аптаға арналған перспективті маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірі жасалады. Перспективті ас мәзірін объектінің түрін, үй-жайлар жиынтығын және тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуын, ұйымдасқан ұжымдарда болу ұзақтығын, әр түрлі санаттарға арналған тамақтану ерекшеліктерін, жас мөлшерін, орындалатын жұмыстардың ауырлығын ескере отырып әзірленеді. 188. Ұйымдасқан ұжымдардағы перспективті ас мәзірі мен шығарылатын өнімдердің ассортименті мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісіледі, сондай-ақ реконструкция жүргізгеннен кейін, тамақтану объектісінің бейіні немесе өндірістік үдеріс өзгерген жағдайда, бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда келісіледі. Перспективті ас мәзірінде тағамдардың немесе аспаздық өнімдердің бір күн ішінде және кейінгі 2-3 күн бойы бірнеше рет қайталануына жол берілмейді. Нақты тамақтану рационын бекітілген перспективті ас мәзіріне сәйкес қамтамасыз етеді. Ерекше жағдайларда бір өнімдерді, тағамдарды және аспаздық өнімдерді олардың тағамдық құндылығын ескере отырып, басқаларына ауыстыруға жол беріледі. 189. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтану объектілерінде тамақ түрлері жіктеп бөлінген ас мәзірін күнделікті жасайды, онда тамақтанатын адамдар санын, тағамның шығымын, сондай-ақ әр тағам бойынша жекелеген өнімдердің шығымын көрсету арқылы әр тамақтануға арналған тағамдар тізбесі көрсетіледі. 190. Тамақ түрлері жіктеп бөлінген ас мәзірін жасауда белгіленген тәртіппен бекітілген тамақтану нормалары, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өнімдер жиынтығы, тамақтану режімі, тағамдар проциясының салмағы сақталады. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын түрлендіріп, тағамдық құндылығы бойынша үйлесімді етіп ұйымдастырады. Ас мәзірін дайындауда, сондай-ақ өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндері кемінде 10 күнде бір рет тамақтану рационының тағамдық құныдылығын (химиялық құрамы мен құнарлылығы) есептейді. 191. Тамақты дайындалатын тағам ассортиментін ескере отырып, жасалаған технологиялық карта негізінде дайындайды. 192. Дайын өнімдерді тасымалдау кезінде арнайы термостарды, қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарды пайдаланады. Тағамдарды және ыстық сусындарды термостарға толтыру мына температураларда жүзеге асырылады: бірінші және жартылай сұйық тағамдар – +90оС, екінші тағамдар – +70 – +75оС, ыстық сусындар – +90оС, салқын сусындар – +7 – +14оС. Термостардағы дайын тамақты тамақтану пункттеріне құйылғаннан кейін кемінде бір сағат ішінде жеткізеді. Ыстық бірінші және екінші тағамдарды термостарда 2 сағаттан артық (оларды тасымалдау уақытын қоса алғанда) сақтауға жол берілмейді. 193. Ыстық көкөніс тағамдарын сақтау мерзімі +75оС төмен емес температурада 1 сағаттан аспауы тиіс. 194. Құрылыс алаңдарында, маусымдық жұмыстарда жұмыс істейтіндерге арналған тамақтану пункттерінде өткізу амалсыздан бөгелген жағдайда (2 сағаттан артық) тамақ екінші қайтара жылумен өңделеді, сұйық тағамдар мен тұздықтар қайнағанша, екінші тағамдар жақсы ысытылады. 195. Барлық тамақ тамақтанудың үлестіру пункттеріне жақсылап жуылған, қайнаған сумен жидітілген, қақпағы тығыз жабылатын термостар мен ыдыста жеткізіледі. 196. Тамақты үлестіру міндетті түрде тіреуге орнатылған термостардан жүргізіледі. Тамақты үлестіру кезінде термостарды жерге қоюға жол берілмейді. 197. Толық дайындау объектілеріне немесе аспаздық дүкендеріне жартылай фабрикаттарды және дайын аспаздық өнімдерді жеткізу үшін таза, таңбаланған айналым ыдысты (қақпағы тығыз жабылатын), сондай-ақ тамақ өнімдерімен жанасу үшін қолдануға рұқсат етілген қаптамалау материалдарын пайдаланады. 198. Сатып алушыларға еденге түскен немесе өзге де жолдармен ластанған тамақ өнімдерін, сондай-ақ басқа да себептер бойынша санитариялық жарамсыз өнімге жатқызылған өнімдерді сатуға жол берілмейді. Бұл өнімдерді соңынан жою үшін таңбаланған арнайы ыдысқа жинайды. 199. Дайын өнімдерді сату кезінде өндірілген уақытын және күнін, соңғы жарамдылық мерзімін көрсете отырып, ілеспе құжаттар ресімделеді. Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін өнім өткізуден алып тасталынады. 200. Өнімдерді өткізу кезінде жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің бөлек сақталуы мен сатылуына жағдай жасалады. 201. Тамақ қалдықтарын қақпағы бар таңбаланған, арнайы ыдысқа жинайды және салқындатылатын жеке камераға немесе үй-жайға орналастырады. Тамақ қалдықтарын салқындату камерасын тамбур арқылы сыртқа тікелей шығатын ғимараттың бірінші қабатына және үй-жайға немесе дәлізге орналастырады. Бөшкелер мен шелектер қалдықтардан босатылғаннан кейін жуу және дезинфекциялау құралдарымен жуылып, ыстық сумен шайылады және кептіріледі. 202. Қауіпті тамақ өнімдерін кәдеге жаратуды және жоюды тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіппен өндіруші жүзеге асырады.
6. Жұмсақ балмұздақты, оттегі коктейлін өндіруге
Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 686; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |