Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке тапсырмалар. 1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтап алуға арналған тест сұрақтарын құрыңыз




Жеке тапсырмалар.

Тапсырмалар

1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтап алуға арналған тест сұрақтарын құрыңыз. Ол сұрақтар оқушының білімін және логикалық ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік беретін болсын.

2. Тестте 30 сұрақ және әр сұрақта 5 жауап нұсқасымен құрыңыз.

3. Құрылған тест сұрақтарын бағалау шартын көрсетіңіз.

4. Осы тест сұрақтарын тесттік программаға енгізіңіз. Программа ретінде Тақырып 5 көрсетілген мысалды алуға, толықтыруға немесе өзіңізге басқа программалау тілінде құруыңызға болады. Сұрақтарға байланысты сызбалар немесе суреттер бар болса, оны міндетті түрде тест программасына қосыңыз.

5. Тест сұрақтарына оқушы жауап бергенде оның информатика сабағына бейімділік мөлшері бағалансын.

 

Бақылау сұрақтары

1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтауда қандай талаптарға сүйенесіз?

2. Тесттің нәтижесін бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?

3. Тестті білімді бағалауға қолданған дұрыс деп есептейсіз бе?

 

8 - зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бағдарламалар, жоспарлар, оқулықтар, оқу құралдары

олардың құрылымдары және мазмұны.

1-тапсырма. 7 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

2-тапсырма. 8 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

3-тапсырма. 9 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

4-тапсырма. 10 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

5-тапсырма. 11 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

 

9-зертханалық жұмыс.

Тақырып: Информатика сабағында көрнекті құралдарды (электрондық

оқулық және гипертақырыптар, мультимедиа) қолдану.

Жеке тапсырмалар әдебиеттерді таныстыру және тапсырмаларға қысқаша баяндама жасайды.

1-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Плакаттардың ерекшеліктері. Информатика сабағында плакатты қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

2-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Транспаранттардың ерекшеліктері. Информатика сабағында транспарантты қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

3-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Инструкция және оның түрлері. Информатика сабағында инструцияны қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

4-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Компьютер экранындағы тақырып арқылы сабақтың фрагментін өңдеу.

5-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Гипертақырыптар. Гитертақырып арқылы мысалдың жұмысын демонстрациялап өту (10-11 сыныптар үшін).

6-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Мультмедиа. 10-11 сынып оқушыларына информатика сабағына дайындау.

10-зертханалық жұмыстар

Төмендегі тақырыптарға ауызша жауап дайында:

  1. ЭВМ құрылғыларымен жабдықталған кабинетте оқытылатын информатика сабағына қойылатын талаптар.
  2. Информатика кабинетінің негізгі тағайындалуы.
  3. Информатика кабинетінің құрал-жабдықтары.
  4. ЭЕМ кабинеттеріндегі жұмысты ұйымдастыру.
  5. Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі гигиеналық талаптар
  6. ЭВМ құрылғыларына қойылатын гигиеналық талаптар
  7. Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар
  8. Оқушылардың ЭЕМ сабағы кезінде гигиеналық тұрғыдан дұрыс орналасулары.

 

11-зертханалық жұмыстар

Тақырыбы: Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер

жұмысындағы ақпараттық өзара әсерлесу

Мақсаты: HTML тілінде электрондық оқулық құрып үйрену.

Тапсырмалар:

1. Тақырып 5теориялық материалдарын оқып танысыңыз.

2. Осы теориялық материалдардағы мысалдарды орындап, нәтижесін мұғалімге көрсетіңіз.

3. Қосымша 2 тақырыптарды қараңыз. Осы өзіңіздің нұсқаңызда қандай тақырып тұр, сол тақырыпты толықтырып электронды оқулық құрыңыз.

4. Электронды оқулық 15 беттен тұрсын.

5. Оқулықты құру барысында HTML тілінің барлық теориялық материалдағы көрсетілген мүмкіндіктерін қолданыңыз.

6. Сурет қою, сырғымалы жол, фреймдарға бөлу, кесте құру тегтарын қолданыңыз.

7. Электронды оқулықты құрған студент жайлы ақпарат жеке бір бетте кесте түрінде берілсін.

Бақылау сұрақтары

1. HTML құжаты дегеніміз не?

2. HTML құжаты жазылатын негізгі тегтарды атаңыз.

3. Құжатты Веб-бет түрінде ашу үшін қандай форматта сақтау керек?

12-зертханалық жұмыстар

Тапсырма. Төмендегі тақырыптар бойынша сабақ жоспарын және Power Point

программасының көмегімен презентация құрыңдар:

1. Әлемнің информациялық көрінісі

2. Компьютердің арифметикалық негіздері

3. ДК құрылымы және жұмыс істеу принципі

4. Компьютерлік информацияны қорғау

5. Microsoft Word-та графикалық сурет кірістіру

6. Графикалық редакторда сурет фрагменттерін жылжыту және көшіру

7. Microsoft Excel-де диаграммамен жұмыс

8. Microsoft Word-та фигуралық мәтін кірістіру

9. Windows ОЖ. Калькулятор.

10. Windows ОЖ. Paint -графиктік редакторы

 

13-зертханалық жұмыс

Тақырып: Информатика пәнінен оқу жылының 3-ші тоқсанға арналған оқу-

тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспарын кесте бойынша құру:

Сабақ тақырыбы Сағат саны Қайталауға арналған материал Көрнекі оқу құралдары Үй тапсырмасы Сабақта бақылау түрі Сыныптан тыс жұмыс

1. Тақырыпты меңгертудегі сабақтың ролі.

Сабақты жобалауда тақырыпты меңгертуде қандай роль алатынын алдын ала анықтау керек. Бұл сабақтың басты дидактикалық қойылымы болып табылады. Келесі қойылымдарды анықтайық:

· Оқушыларды курстың, тарауды немесе бөлімнің проблемасымен таныстыру; проблеманың маңыздылығын түсіндіру.

· Жаңа тақырыпты үйреншікті қабылдауын қамтамасыз ету.

· Алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге үйрету.

· Тақырыптағы негізгіні қайталау.

· Оқушылардың білімін бақылау.

Қойылымдарға байланысты келесі сабақ түрлері туады:

· Кіріспе сабақ

· Жаңа материалды меңгеру және оқу сабағы

· Білімді қолдану сабағы

· Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы

· Білімді тексеру және қайталау сабағы

Осы кезеңнің нәтижесі сабақ типін анықтау болып табылады.

2. Мақсатты анықтау.

Мақсат – тосатын нәтиженің бейнесі (образ) және бұл мақсатқа қол жетілген. Сабақ мақсаты екі түрлі түрде қалыптасады: пән көлемінде (оқыту мақсаттары) және пәнге қатыссыз деңгейде (педагогикалық мақсаттар). Мақсат құрғанда келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

· Мақсат анық болуы керек

· Мақсат қандай да бір әрекеттер тізбегі ретінде берілуі мүмкін

· Мақсатты анықтайтын қандай да бір критерилер болуы керек. Яғни, сабақ соңында мақсатқа жеткен жетпегендікті анықтау үшін керек.

· Оқытушы мақсат – ой қалыптастыру, көрсету, ашу.

· Дамытушылық – біліктілікті дамыту

· Тәрбиелік – тәрбиелеу; ой тудыру т.б.

3. Оқыту нәтижесін жоспарлау.

Оқыту нәтижесіне қойылатын талаптар тұлғалық- әрекет түрінде болуы керек:

1. Сабақ тақырыбын оқыған соң оқушылар нені білуі керек?

· Түсінік;

· Кейіпкерлер;

· Фактілер;

· Құбылыстар;

· Үрдістер;

· Даталар

2. Нені үйренуі керек:

· Атау;

· Түсіндіру;

· Анықтау;

· Құру;

· Өткізу;

· Ережелерді қадағалау;

· Картадан көрсету

4. Оқыту әдісін таңдау.

Оқу әдістерінің типологиясы:

· Түсініктемелі, иллюстрациялы

· Эвристикалық

· Проблемалық әдіс

· Зерттеушілік, модельдік

· Бағдарланған

5. Сабақтың қолайлы ұйымдастырылған формасын таңдау.

Сабақ формасын таңдау сабақ материалдарына, тақырыптағы сабақтың роліне, басқа пәндермен, сабақтармен байланыстылығына байланысты. Сабақ формасы анықталады:

· Дәстүрлі- элементтері: дискуссиялар, зертханалық жұмыстар; пробле-малық есептерді шешу.

· Дәріс тақырыптың негізгісін тереңірек ашып береді.

· Зертханалық сабақ – баспа құралдарымен (оқулық, құжат) өз бетімен жұмыс жасау.

· Практикалық сабақ - әлеуметтік тәжірибеде кездесетін проблемаларды дәрістен алған білімге сүйене отырып шешу, талдау.

· Қорытынды сөйлесу – оқушылар сұрақтарға жауап береді

· Сабақ – диспут – маңызды тақырып бойынша пікірталас.

6. Танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы

Танымдық әрекеттің келесі түрлері бар:

· Фронтальді

· Топтық

· Жеке

· Жұппен

7. Оқыту құралдарын таңдау

Бұл дегеніміз тақырыпты меңгеру үшін керек сабақтың техникалық жабдықталуы

8. Сабақ құрылымын құру

Жаңа тақырыпты меңгерту жаспары жасалады. Сабақтың әр кезеңінің уақыты есептелінеді. Оқушылар әрекеті:

· Әңгімеге араласу

· Жоспар және кестелер құру

· Оқулық мәтінін оқу

· Проблемаларды шешу

· Картамен жұмыс

· Құрылымды-логикалық схема құру

· Тезис және конспекті құру.

· Талдау және жалпылау

· 2 түрлі ақпарататр қатынасы

· Оқиғалар тізбегін орнату

· Жалпылаушы мінездеме

· Белгілері бойынша фактілерді топтау

· Белгілерін анықтау

· Фактілер мен құбылыстардың қатынасы

· Терминдер мен анықтамалардың қатынасы

9. Сабақты мазмұнды толтыру.

Жаңа тақырыпты берудің бірнеше тәсілдері бар:

· Таныстыру (әңгіме, хабарлама) – 6 сыныпқа дейін

· Сипаттау (мінездеме, суретпен беру, аналитикалық сипаттау)

· Түсіндіру

· Әңгімелесу (аналитикалық, эвристикалық)

10. Өлшемдерді құру

Бұл жұмыстың ең қиын, көп жағдайда қол жеткізе алмай қалатын бөлімі. Бұл талаптың өзі бірінші қойылған талаптан анықтылықты талап етеді. Егер абстрактілі мақсат қойылса, онда өлшеу мүмкін емес.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 2077; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.