Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Еріген газ режимінде кенорынды игеру




Қысым қанығу қысымынан төмендеген кезде игеріліп жатқан қабатта еріген газ режимі қалыптасады, яғни кеуекті кеңістіктің мұнайдан бөлінген еркін газбен қанығуы әлі аз кезінде және мұнайда газ көпіршіктер түрінде болған жағдайда. Қабат қысымының төмендеуі нәтижесінде гравитациялық күштер әсерінен газ көпіршіктер түрінде қалқып шығып, қабаттың жоғарғы бөлігінде қабатшалық пен әртектілік кедергі жасамаса газ бүркемесін құрып газбен қанығу жоғарылайды.

Мұнайгаз кенорнының бастапқы кезеңінде қалыптасқан газ бүркемесінен басқа, игеру процессінде қалыптасқан газ бүркемесі екінші реттік газ бүркемесі деп аталады.

Мұнайдан бөлінген газ кеңейіп, қысымның төмендеуі арқылы қабаттан мұнайды ығыстырады. Мұнайды қабаттан осылай ығыстыру режимін еріген газ режимі деп атаймыз. Егер қабатта газ мұнайдан бөлініп шықса, және газ бүркемесін құрса, онда еріген газ режимі газарынды режимге өзгереді.

Мұнай кенорындарын игеру тәжірибесі және гравитациялық күшті ескере отырып газмұнай қоспасының фильтрациясы еріген газ режимі тез газарынды режимге өзгеретінін көрсетеді. Көбінесе, еріген газ режимі мұнайлы қабаттың сыртқы облысында серпімді режиммен, ал қабат қысымы қанығу қысымына жақын болса суарынды режиммен қоса жүруі мүмкін. Олай болса, өндіру ұңғылары маңында еріген газ режимі, ал айдау ұңғылары маңында суарынды режим қалыптасады. Қабаттың мұндай режимдерін аралас режимдер деп атайды.

Газдалған мұнайдың кеуекті ортада ағысына, онда газдың еруі әсер етеді. Газдың мұнайда еруін сандық анықтау үшін, мұнай кенорнын игеру теориясында Генри заңын қолданады. Бірақ, мұнай мен газдың өзіндік қасиеттеріне байланысты бұл заңды әртүрлі сипаттайды. Генри заңының формуласын еріген газ режимінде қабатты игеруді есептеу үшін келесі түрде қарастырады:

 

, (21)

мұндағы — газдың, стандарттық жағдайға келтірілген (атмосфералық), мұнайдағы көлемі; — ерігіштік коэффициенті; — қабат жағдайындағы өзінде еріген газбен қоса мұнай көлемі; р — абсолюттік қысым.

Ұңғы дебитін анықтау формуласы:

(22)

-Христианович функциясының өзгерісі

Еріген газ режимінде мұнай кенорнын игеруде қабат қысымы Pпл тез түседі. Ұңғы дебиті де тез түседі. Бастапқыда газдық фактор максимумды көрсетіп жедел өседі, сосын қабаттың толық истощенясіне дейін тез түседі. Бүкіл пайдалану кезеңінде мұнайлылық контуры өзгермейді.

Еріген газ режимінде мұнайбергіштік коэффициенті 0,15 – 0,3-ке тең (15–30%).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1150; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.