Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 23




Орман шаруашылығының шығарған өнімі

Орман шаруашылығы келесі салалардан тұрады: орман ағаштарын өсіру, орман ағаштарын дайындау, аң аулау, терісі бағалы аңдарды барлау, орман шаруашьшығына қызмет көрсету (бақташылық).

Тауарлы өнімнің құны орман ағаштарының көшеттерін өсіру мен отырғызу жұмыстары, орманға жасалынатын күтім жұмыстары, келісім бойынша орындалған орманның табиғи жануарына әсер ететін жұмыстар, сондай-ақ, басқа жаққа сатылған тұқымдар, көшеттер және басқа өнімдер құнының мөлшері ретінде есептеледі. Орман шаруашылығының нарықтық шығарымы тауарлы өнімдердің құны мен аяқталмаған өндірістік қалдықтар өзгерісінің қосындысына тең.

Орман ағаштарын дайындаумен айналысатын мекемелердің шығарған өнімі, дайындалған ағаш өнімдері мен соған сәйкестендірілген өнімдердің құнын құрайды. Орман шаруашалығының нарықтық емес шығарымы = ағымдағы шығынмен анықталатын бюджеттік ұйымдардың жалпы шығарымы -нарықтық бағамен өткізілетін өнім құны. Орман өнімдерін дайындау мен халықтың аң аулауына үй шаруашылығының сату үшін және өздері тұтыну үшін дайындаған отынның, торфтың, жабайы өсімдіктің, саңырауқұлақтың, жеміс-жидектің, терісі бағалы аңдардың құны кіреді.

Аң аулау шаруашылығының шығарған өнімі аңшылық шаруашылыққа кеткен шығындар мен аңшылық іс-әрекеттен түскен табыстан тұрады.

Ә. Балық шаруашылығы саласының шығарымы.

Балық ишруашылығы саласына қызметтің қандай түрлері кіреді?

Ьалық шаруашылығы сала ретінде келесі салалардан тұрады: балық аулау, теңіз материалдарын жинау (табиғи меруерт және маржандар, балдырлар, т.б.), балық өсіру, балық аулау, балық шаруашылығына қызмет көрсету. Балық шаруашылығының кәсіпорындары (комсерв өндірісінсіз): балық аулаумен шұғылданатын ұжымдар, балық өсіру бөлімі, балық өндіру, халыққа сату үшін және өзінің жеке тұтынуы үшін балық дайындау ұйымдары.

Балық шаруашылығының шығарған өнімі нарықтық және нарықтық емес шығарылған өнім ретінде анықталады.

В. Құрылыс саласының шығарған өнімі.

Құрылыс өнімі - құрылыстық, монтаждау, жобалык-ізденіс ұйымдарының тікелей пайдалы, тек негізгі өндірістік іс- әрекетінің нәтижесі. Бұл ұйымдардың барлық өнімдері құрылыстікі болып есептеле ме? Жоқ, барлығы емес.

Құрылыс өнімі деп есептелмейтіндер:

- мекеме тұтынған, бірақ өндірісте пайдаланылмаған немесе бір жаққа сатылған материалдар;

- өндірістік емес бөлімшелердің іс-әрекетінің нәтижесі;

-тас өндіру, балшық дайындау, құрылыс конструкцияларын қосалқы шаруашылықта дайындау (көлік жұмыстары, ауылдық қосалқы шаруашылықтағы);

- қондырылған құрылғы құны;

- көп жылғы көшеттерді отырғызу және терең бұрғылау;

Құрылыс өнімідерін шығару - көмекші және шаруашылық тәсілдерімен орындалған үйлерді, ғимараттарды жөндеу, салу, реконструкциялау жұмыстарының құны, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының құны. Құрылыс өнімдерін шығару келесі құрамдас элементтердің сомасы ретінде анықталады:

1) құрылыс-монтаждық жұмыстар құны;

2) ресми емес экономикадағы есеп, жасырын өндіріс (жеке құрылыс жұмыстарынсыз);

3) құрылыс объектілерімен байланысты геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарының құны;

4) құрылыс объектілерімен байланысты жобалық-ізденіс жұмыстарының құны;

5) құрылыстың негізгі капиталын жоюдағы (жою) шығындар;

6) жердің сапасын жақсарту жұмыстары, ирригациялық және мелиорациялау жұмыстарының құны;

7) объектілерді консервілеуге және уақытша тоқтатылған құрылыстарға кеткен шығындар;

8) ғимараттар мен үйлерді күрделі жөндеу;

9) қосалқы тәсілмен орындалған ғимараттар мен үйлерді ағымдағы жөндеуден өткізу;

10) басқа да капиталды шығындар (бірақ мемлекеттік, бюджеттік емес);

11) жолдарды салу және күрделі жөндеуден өткізу;

12) қосалқы және шаруашылық тәсілмен орындалған, дербес тұрғын үйдің, саяжайдың құны.

Г. Көлік және байланыс салаларының шығарымы.

Көлікке кіретін салалар: теміржол көлігі (трамвай және метрополитен), тас жол көлігі (автокөлік және тас жол шаруашылығы, троллейбус көлігі), құбыр өткізу көлігі, су көлігі (теңіз, ішкі және орман су жолдары), авиация көлігі, басқадай көлік түрлері (көмекші және қосымша көліктік қызмет).

Көліктің шығарған өнімі (тас жол шаруашылығынан басқасы) жолаушылар мен жүкті тасымалдаудан, поштаны тасымалдаудан, жүкті тиеу және түсіру жұмыстарынан, қойма орындарын пайдалануға беруден алынған нақты табыстардың сомасы ретінде есептеледі.

Тас жол шаруашылығының шығарған өнімі автомобиль жолдарын (тазарту, көгалдаңдыру, түзету) ағымдағы жөңдеу мен ұстауға кеткен жұмыстар құнының мөлшері ретінде анықталады. Бұл жұмыстарды мемлекеттік мекемелер орыңдайды және олар нарықтық емес шығарылған өнім ретінде қарастырылады.

Байланыс саласының шығарымы.

Байланысқа кіретін салалар: пошта, шабарман, электронды-радио байланыс. Байланыс саласының шығарымы келесі қызмет түрлерінің сомасы ретінде анықталады:

- байланыс кәсіпорындарының поштаны жеткізуден, кезеңдік басылымдардан, пошта маркаларын сатудан, жіберуден және т.б. түсірген табысы;

- телефон және телеграф каналдарын пайдаланғаны үшін, телефон орнатып бергені үшін төленген төлем;

- радиодан және теледидардан түскен ақшалай түсімдер;

- жеке тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуден түскен табыс.

Ғ. Сауда саласының шығарымы.

Сауда салалары: ішкі, сыртқы сауда, кинофильмдерді жалға беру, мотоциклдерді, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызметтер сату.

Сауданың шығарған өнімін есептеу әдістері:

1. Өткізілген сауда салымы - сату және сатып алу бағаларында өткізілген тауарлардың қосымша құнға салынатын салықсыз және өнімге салынатын басқа да таза салықтарсыз құнының айырмасы.

2. Саудалық үстемеге баға беру - бұл саудаласушы ұйымдардың шығындарын жабу үшін және пайда табу мақсатында пайдаланатын жалпы табысы. Қоғамдық тамақтандыру шығарымының құрамындағы тауар айналымы = өткізілген саудалық салу + тамақ дайындау үшің қолданылған және өңдеусіз өткізілген азық-түлік құны — қосымша құндылығыазық-түлікке өзге де салықтар. Саудалық үстеме баға сауданың шығыны мен сауда пайдасының сомасына тең. Кино және видео - прокат өнімдері жалға төленген ақының мөлшерімен есептеледі.[73]

Тақырып 16. Тауарлы және ақшалай айналыс статистикасы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 863; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.