Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 27




1. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері

Қазақстан экономикасының жағдайы белгілі уақыт кезеңінде "Ұлттық Шоттар" деп аталатын баланстық кестелерде сандық түрде бейнеленеді. Макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесін жақсы меңгеру үшін осы оқу құралының 8-бөліміндегі Ұлттық шоттардың схемаларын пайдалану ұсынылады.

Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі нарықтық экономиканы тиімді реттеу үшін қажет. Ұлттық шотты қалыптастыру көздеріне келесілер жатады: өндіріс, бюджет, әлеуметтік қамту, еңбек, ішкі және сыртқы сауда, күрделі құрылыс, салық және кеден статистикасының берілгендері.

Шығару (Ш) — бұл есептегі кезеңде экономикалық бірлік резиденттерінің өндірістік қызметтерінің нәтижесінде пайда болған тауар мен қызметтің жалпы құны. Шығару "өндіріс" шотында және "тауар мен қызмет" шотында жазылады.

Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) жалпы шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. "Жалпы" деген термин көрсеткіш құрамында негізгі капиталды тұтыну (НКТ) бар екенін көрсетеді.

 

ЖҚКэкономика секторларысекторлары- АТсекторлары

ЖҚКэкономика секторларысалалар- АТсекторлары

Мұндағы АТ – аралық тұтыну

 

АТтұтынушының = ΣАТэкономиканың + ҚДҚ = ΣАТэкономиканың барлық

нарықтық бағасындағы барлық салалары секторлары

экономика

 

Мұндағы: КДҚ - банктардың қаржылай делдалдығының жанама өлшенетін қызметі, экономика секторында, салаларындаесептелген салаларда қайта есептеуден құтылу үшін олар шегеріледі.

Жүргізілетін әдістеме бойынша ҚДҚ үйлесімді бірліктердіаралық тұтынуда бөлінбейді және көрсетілмейді, экономиканың шығарымы нөлге тең, шартты бірліктерін аралық тұтыну шығындарына жатқызылады. Сондықтан да экономикалық ЖҚҚ есептеу кезінде ҚДҚ-ны табу үшін ЖҚҚ-ның жалпы сомасын есептейді.

ЖҚКнегізгі бағадағы экономика =ΣШ негізгі бағадағы экономика-ΣАТ-ҚДК=ΣШэкономика салары

секторлары

-ΣАТ-ҚДК

 

ЖҚКтұтынушылардың =ЖҚКнегізгі бағадағы + ТСөнімдерге ҚҚС-тан =

нарықтық бағасындағы экономика ж\е импортқа төленетін

экономика салықтардан бөлек

= ЖҚКнегізгі бағадағы экономика + Салық өнімдерге ҚҚС – тан - Субсидияларөнімдерге = ЖІӨ

импортқа төленетін импортқа

салықтардан бөлек жасалатын

субс.бөлек

Мұндағы ТС - таза салықтар

Таза қосылған құн (ТҚҚ) терминіндегі "таза" сөзі көрсеткіштің негізгі капиталды тұтынуды өзіне қоспайтынын корсетеді, яғни ТҚҚ = ЖҚҚ - НКТ. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - берілген мемлекеттің экономикалық территориясындағыесептегі кезендегі нарықтық баға бойынша резиденттік бірліктер қызметінің түпкілікті нәтижесін анықтайды. Жалпы ішкі өнім өзара байланысты экономикалық циклдерді: тауар және қызметтер өндірісін, табыстарды бөлуді, оларды пайдалануды сан жағынан сипаттайды.

Жалпы ішкі өнімді есептеу әдістері қандай?

Экономикалық циклдер теориясы бойынша жалпы ішкі өнім үш әдіспен есептеледі: өндірістік, табыстарды қалыптастыру (табыстарды бөлу) әдісі, түпкілікті пайдалану әдісі.

ЖІӨ-ні есептеу әдістері:

А. Өндірістік әдіс ("өндіріс" шоттан)

ЖІӨ экономиканың барлық секторы мен салаларының ЖҚҚ-ның нарықтық бағадағы сомасы ретінде есептеледі. Шығарылым мен ЖҚҚ-ның бағаларына байланысты практикада ЖІӨ мен ЖҚҚ арасында келесі байланыс болады:

 

ЖІӨтұтынушылардың =ЖҚҚнегізгі бағадағы +ТСөнімдерге ҚҚС-тан немесе

нарықтық бағасында экономика және импортқа төленетін

салықтардан бөлек

 

ЖІӨ тұтынушылардың =ЖҚҚнегізгі бағадағы +ЖҚҚқызмет көрсететін + ТСөнімдерге ҚҚС-тан

нарықтық бағасында экономика салалар және импортқа төленетін

салықтардан бөлек

 

Экономикалық аймақтың (облыстың, ауданның, қаланың) қызметін бейнелеу үшін негізгі бағамен ҚР-дың негізгі аймақтарындағы ЖҚҚ сомасы ретіңде жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) анықталады.

Ә. Табыс көздері әдісі резиденттердің бастапқы табысының көзі бойынша ("табысты құру" шоттан) ЖІӨ-нің қалыптасуын сипаттайды.

 

ЖІӨ= ΣБТэкономика салалары= ЕА+ТСазық-түлікке + ТБСөндіріске +ЖП+ЖАТ

және импортқа

 

Мұндағы: ΣБТ-өндіруші резиденттердің бастапқы табыстарының сомасы;

ЕА - ішкі экономика секторының және қалған әлемнің жалдамалы жұмысшыларының еңбек ақысы; яғни, ЖҚҚ-ны құруға қатысатын резидент және резидент еместерге барлық төлемдерді қамтиды.

ТБС - өндіріске салынатын басқа таза салықтар;

ЖП - жалпы пайда;

ЖАТ- жалпы аралас табыстар.

Қосылған құн қандай бастапқы табыстардың түрлеріненқұралады?

Бұлар — еңбекақы, пайда, аралас табыс, импорт және өндіріске салынатын салықтар.

Жалпы пайда (ЖП) немесе жалпы аралас табыстар (ЖАТ) -екі альтернативті көрсеткіштер (табыстардың пайда болу шотынан) сальдо тәсілімен айырма ретінде есептеледі:

ЖПэкономика = ЖҚҚсектор немесе саласы – ЕА – ТБСөндіріске

 

ЖП (ЖАТ)экономиеаның = ЖІӨ - ΣЕА – ТСөнімдерге – ТС өндіріске

 

Экономиканың жалпы пайдасы немесе жалпы аралас табысы табыстың қалыптасу шотының бір баланстық статьясының екі альтернативті көрсеткіші болып табылады. Пайда және оған теңестірілген табыс (аралас табыс) арасындағы айырмашылық келесіде. Пайда еңбек ақыны кәсіпорынның қосымша құнынан алатын жалдамалы жұмысшылары бар кәсіпорындар бойынша анықталады. Ал аралас табыс жалақы немесе қызметтік үстемақы түрінде сыйақы алмай, жеке немесе басқалармен серіктесіп жұмыс істейтін корпоративті емес кәсіпорын, үй шаруашылығы бойынша анықталады. Үйге жұмыс алып істеушілердің көбі өндірістік шығындарды өздері төлейді (ғимарат, жылу, жарық, сақтау, көлікке жалгерлік төлем). Одан басқа үй шаруашылығында істелген жұмыс сағаттары туралы ақпарат болмайды. Осындай кәсіпорындарда үй-жай, көліктік құралдар өндірістік және жеке мақсаттарда қолданылады. Сондықтан үй шаруашылығының иелері немесе мүшелері жалақы емес, жалпы аралас табысты алады.

Пайда "қаржылық", "қаржылық емес" корпорациялардың және барлық экономика секторларының қаржылық экономикалық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Аралас табыс, табысты еңбекақы немесе пайда ретінде бейнелеу күрделі немесе мүмкін емес болған жағдайда, корпоративтік емес кәсіпорындарда қолданылады. Экономиканың таза пайдасы (ТП) немесе аралас табыстар (ТАТ, табыстың пайда болу шотынан): ТП (ТАТ) = ЖП(ЖАТ)-НКТ.

Б. Түпкілікті тұтынуды пайдалану әдісі түпкілікті (соңғы) тұтынудағы ЖІӨ-нің шығындарын, жалпы капиталдың қорлануын және таза экспортты (бастапқы табысты бөлу шотынан) көрсетеді.

ЖІӨ = ТТШ + КЖҚ + Э + СА,

Мұндағы: ТТШ - тауарлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудағы шығыстар сомасы;

КЖҚ - капиталдың жалпы қорлануы;

Э = Э — И - тауарлар мен қызметтердің таза экспорты;

СА — ЖІӨ-ні есептеудегі өндірістік және түпкілікті пайдалану әдісі арасындағы статистикалық алшақтық.

Шығындар - тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардың сатушыларға төлейтін сомалары.

ЖІӨ-ге, түпкілікті пайдалану әдісімен есептегенде, шығындардың қандай түрлері кіреді?

Түпкілікті тұтынудағы шығындар экономиканың үш секторында тұтыну тауарлары мен қызметтерінің шығындарынан қалыптасады: "үй шаруашылығы", "мемлекеттік басқару органдары", "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар".

"Үй шаруашылығы" секторындағы түпкілікті тұтынудағы шығындар Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар шетелдегі экономикалық аймақтардағы үй шаруашылығы резиденттерінің шығындарын бейнелейді. Оларға келесі шығындар кіреді:

-сауда, рынок, жеке тұлғалар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданатын жаңа тауарларды сатып алу;

-нарықтық тұтыну қызметтеріне төлем; пәтер төлемі; коммуналдық төлемдер: қонақ үй төлемдері; тұрмыстық қызмет төлемдері; шаштараз, монша, дәрігерлік мекеме, кино, театр, музей, қаржы және заң мекемелеріне төлемдер; үйді, машинаны, көлік құралдарын жалға берудегі қызмет төлемдері; үй қызметшісін жалдағандағы төлем;

- үй шаруашылығының өзіндік тұтнуға өндірілген тауарының құны;

-еңбекақы түрінде натуралды қалыпта келетін түскен тауарлар мен қызметтердің құны;

-аурухана, клубтар, демалыс үйлерінің жұмыскерлергеұсынылатын әлеуметтік-мәдени сипаттағы тегін (немесе төменбағадағы) қызметтері;

- коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер натуралды формада берген әлеуметтік жәрдемақылар;

-өз үйінде тұрудың шартымен есептелген қызметтердің құны;

-үй шаруашылығының шетелден алынған және шетелге жіберілген сыйлықтарының айырмасы;

- үй шаруашылығы сатып алған антикварлық бұйымдардың қалдығы және ұзақ мерзімді пайдаланудағы тұтынушылардың ұсталған тауарлары.

Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуының құрамына кірмейтіндер:

-құндылық, үй, пәтерлерді (негізгі капиталдың жалпы қорлануын құрайды) сатып алу;

-өндірістік мақсаттағы тауарларды сатып алу (аралық тұтыну қолданысына кіретіндер: құрылыс материалдары, тұқым, жем, құрал-саймандар, бұйымдар, арнайы киімдер және т.б.);

-үйлер мен пәтерлер иелерінің ағымдағы жөндеуге арналған шығындары;

-шаруашылық жай, машина, құрал-жабдық, бұйымдарға жалгерлік төлем;

-үй шаруашылығы мүшелерінің ас дайындауына, үй жинастыруына арналған қызметтер.

Әр сектордағы түпкілікті тұтынудың құрамы қандай?

"Мемлекеттік басқару органдары" секторының түпкілікті тұтыну шығындары тегін қызметтер құнын қамтиды, осы мекемелер жеке тұлғаларға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, өнер және қоғамның т.б. салаларын қамтып, қызмет көрсетеді. Осы шығындарға мыналар кіреді:

- тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (капитал сипатындағы шығындардан басқа);

- жұмысшылардың еңбегіне төленетін шығындар;

-салықтарды төлеу;

- негізгі капиталды тұтыну.

"Мемлекеттік басқару органдары " секторына шығындардың қандай түрлері кірмейді?

Бұл сектордың түпкілікті тұтыну шығындарына кірмейтін түрлері:

-тауарлар мен қызметтерді сату (үй шаруашылықтарының аралық тұтынуына немесе түпкілікті тұтынуына жатады, мысалы, шаруашылық есептесу ұйымдары көрсететін ақылы қызметтердің құны; мемлекеттік бюджет ұйымдары көрсететін жекеше ақылы қызметгер; музейлердің суреттерді, сувенирлерді сатудан түскен ақша);

-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар халыққа өңдеусіз, қайтарымсыз сатып алу үшін сатып алатын және қызмет көрсету процестерімен технологиялық байланысы жоқ өнімдердің құны қамсыздандыру ұйымдарының азық-түлік және киімдерді беруі натуралды қалыптағы әлеуметтік жәрдемақы түрінде үй шаруашылығының түпкілікті тұтынуына жатқызылады);

- кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелеріне ұсынылған әлеуметтік-мәдени қызметтердің құны (үй шаруашылықтарының аралық тұтынуына жатады).

"Мемлекеттік басқару органдары" секторының түпкілікті тұтыну шығындарының сомасы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ағымдық шығындарынан, осы ұйымдардағы негізгі капиталдың тозуынан, әскери техниканы сатып алу шығындарынан, әскери қызметкерлерді киіндіру мен тамақтандырудан тұрады.

"Үй шаруашылыцтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар" секторына түпкілікті тұтыну шығыдарының қандай түрлері кіреді?

Осы сектордағы түпкілікті тұтыну шығындары құрамына енетіндер:

-үй шаруашылықтарына қызмет ететін қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шығындары (қүрделі қаржы жұмсалымынсыз күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар мен бұйымдарды сатып алу, ақшалай және натуралды түрдегі әлеуметтік жәрдемақы); -үй шаруашылығымың жеке және топтық қажеттіліктерінқызмет ететін қоғамдық ұйымдардың негізгі капиталының тозуы.

Түпкілікті тұтыну шығындарымен қоса, статистика, іс жүзіндегі тұтынуды анықтайды.

Нақты түпкілікті пайдалану екі сектордан: "үй шаруашылықтарынан" және "мемлекеттік басқару органдарынан тұрады.

Жалпы қоғамға "мемлекеттік басқару органдары" ұсынатын ұжымдық қызметтердің құны мен қаржыландыру көзіне байланыссыз үй шаруашылығының — резиденттердің жеке пайдалануы үшін сатып алынған тауарлар мен қызметгердің сомасы.

"Үй шаруашылығының" нақты түпкілікті тұтынуын (НТТ) ақысыз қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік басқару органдары (натуралды формадағы әлеуметтік трансферттер) өзіндік ағымдағы табыстар арқылы табылған тұтыну тауарлары мен қызметтерін көрсетеді. Мемлекеттік басқару органдарының нақты тұтынуы халыққа көрсетілген коллективтік қызметтердің құнына тең.

"Үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық ұйымдар" үшін НТТ болмайды, себебі олардың беретін тауарлары мен көрсететін қызметтері шартты түрде болып дербес қарастырылады және натуралды формадағы әлеуметтік трансферттерге жатқызылады.

Түпкілікті және нақты тұтынуға жұмсалған шығыстар сияқты көрсеткіштер жалпы экономика үшін тең болуы керек.

Қазақстан Республикасының капитал құрылымы немесе жалпы капиталдың қорлануы төмендегілердің сомасы ретінде қалыптасады:

а) негізгі капиталдың жалпы қорлануы;

ә) материалдардың айналым құралдары қорының өзгерісі;

б) құндылықтарды таза алу.

Негізгі капиталдың жалпы қорлануы - резидент бірліктердің өндірісте қолдану арқылы ұзақ мерзімді инвестициялық объектілерге, жаңа табыс әкелу үшін келешекке салынған қаражаттары.

Негізгі капиталдың жалпы қорлануының құрамы қандай?

' Негізгі капиталдың жалпы қорлануы келесі элементтерден тұрады:

- негізгі капиталдың бар және жаңа түсксн түрлерінің істен шыққанын шегеру арқылы алу;

- өндірілмеген материалды активтерді жақсартуға арналған шығындар;

- өндірілмеген активтердің жеке меншікке тапсыруына байланысты шығындар.

Материалды айналым құралдарының қорының өзгерісі өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің және кезең соңындағы тауарларды қайта сатудың және кезең басындағы сәйкес көрсеткіштердің құнының айырмашылығы ретінде есептеледі.

Құндылықтарды иемдену сатып алынған және тұтыныстан шыққан құндылықтар арасындағы айырмаға тең (зергерлік бұйымдар, асыл тас, металл, антиквариат және т.б.).

Түпкілікті тұтынуды пайдаланудың жалпы ішкі өнім құрамына, сонымен қатар тауарлар мен қызметтер арасындағы экспорт пен импорттың әртүрлілігіне байланысты тауарлар экспорты мен сыртқы сауда қызметінің сальдосы кіреді.

Сонымен жалпы ішкі өнім әр түрлі құрылымдар негізінде үш әдіс бойынша есептеледі, осыдан ол статистикалық алшақтыққа, сандық айырмашылықтарға алып келеді. Егер ЖІӨ-нің түпкілікті пайдалану әдісі бойынша есеп айырысудың ауытқуы, ЖІӨ-нің табыс көздері әдісі және ЖІӨ-нің өндірістік әдісімен салыстырғанда, 1-2 %-дан аспаса, бұл статистикалық қызметі дамыған елдерде біршама қалыпты болып саналады.

Статистикалық алшақтықтардың пайда болу себептері:

- кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарының табыстарын жасырудан туындайтын мәліметтер базасының дәл еместігі;

- бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сай келмеуі;

- тауар және қызмет өндірісінің микроэкономикалық көрсеткіштер элементінің құрамын дұрыс анықтайтын пайда, салық туралы мәліметтерді қате беруі;

- қаржылық есеп берушіліктің салық, пайда туралы мәліметтерді көрсетуі. Осыдан статистиканың ең басты міндеті - бухгалтерлікжәне статистикалық есеп берушілікті кәсіпорын деңгейінде жетілдіру, содан ол тауарлар мен қызметтер өндірісініңмакро-экономикалық элементтерінен құрастырылған көрсеткіштер түрінде дәл бейнелейді.

Таза ішкі өнім ТІӨ = ЖІӨ - НКТ.

Ұлттық табыс есептегі кезеңде ҚР резиденперінің жасаған барлық тауары мен қызметтерінің нарықтық құнын көрсетсді.

Қазақстан Республикасының резиденттері есептегі кезеңде нарықтық бағамен қандай табыстарды алады?

Қазақстан Республикасының резиденттеріне түсетін табыстар жұмыскерлердің еңбекақысы және меншіктен түсетін табыстар болып табылады. Меншіктен түскен табыстар (МТТ) - тікелей шетел инвестицияларынан алынатын инвестициялық табыс, рента, дивидент, пайыз түріндегі экономиканың барлық секторы алатын бастапқы табыстар.

Жалпы Ұлттық табыс (ЖҰТ) пен жалпы ішкі өнімнің сандық жағынан айырмашылығы мынада: жалпы ішкі өнімге енбек, капитал, жерге түсетін таза факторлық табыстар (ТФТ, табыстардың бастапқы бөлу шотынан) да қосылады, демек:

ЖҰТ=ΣБТІшкі экономика + БТқалған әлем= ΣБТІшкі экономика +ТФТ

секторларының секторларының

 

Мұндағы: БТ немесе ТФТ - Қазақстан Республикасының "қалған әлем" секторынан (резидент еместерден) алынған табыстар мен Қазақстан Республикасының "қалған әлем" секторына төленген табыстар сомасының айырмасы ретінде анықталатын бастапқы табыстардың сальдосы немесе таза факторлық табыстар. Мысалы, Қазақстан Республикасының резидентгері резидент еместерден алған жерге жалгерлік төлем сомасы мен Қазақстан Республикасының резиденттері резидент еместерге берген жерге жалгерлік төлем сомасы арасындағы айырма жердің таза факторлық табыстарына тең болады. Капитал үшін таза факторлық табыстар Қазақстан Республикасының резиденттеріне резидент еместердің салған инвестициясынан түскен дивиденттер сомасы мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің резидент еместерге төлеген дивиденттердің сомасының айырмасы ретінде анықталады. Енбек үшін таза факторлық табыстар Қазақстан Республикасы резиденттерінің резидент еместерден алған табыстарының сомасы мен Қазақстан Республикасы резидентгерінің басқа елдердегі резидент еместерге төлеген табыстар сомасының айырмасы ретінде есептеледі.

Жеке меншіктен алынған табыстарды қаржылық актив, жер және басқа да материалдық емес қаржылық емес активтерді иеленушілер шаруашылық бірліктерге қолдану құқығын бергені үшін алады. Жеке меншіктен алынған табыстар пайыз, дивидент, рента түрінде болады. Оларды барлық секторлар алады және төлейді:

БТсектордың=ЖП+ БТменшіктен

Мұндағы: БТ меншікте,,— "қалған әлем" секторынан алынған және "қалған әлемге" берілген бастапқы табыс сальдосы.

Осы әдіс бойынша қаржылық және қаржылық емес секторлардың бастапқы табыстары есептеледі.

БТ"қаржылық емес" және "каржылық корпорациялар" сскторларының =ЖП+ БТменшіктен

БТ "мемлекеттік баскару органдары секторының ЖП+ БТменшіктен+ТС өндіріске және имлортқа

 

БТ "үй шаруашылықтарының"секторының =ЖП+ЖАТ+ БТ меншіктен+ ЕАішкі экономика

секторларының

жалдамалы

жұмыскерлерінің

БТ "үй шаруашылыктарына қызмет көрсететін = ЖПберілген сектордың

сектордың коммерциялық емес ұйымдардың" секторын

 

Ішкі экономика секторларымен есептегендегі меншіктен түскен табыстарға экономиканың бір секторынан басқа секторына түскен табыстар кіреді. Олар:

- банктарға халық салымдары бойынша үй шаруашылықтарының пайыз сомасы;

- банктарға несие ұсынғандары үшін берілетін сыйақы сомасы;

- акционерлік капиталға қатысудан түсетін дивидент және басқа да табыстар сомасы;

-жерді қолданудан түсетін таза рента сомасы; - пайдалы қазбалар, орман және балық аулауға арналған жерлердің қорларын әзірлеуге арналған төлемдер;

- авторлық құқық, патенттср, сауда белгілерін және басқа да материалдық емес активтерді қолдануға арналған төлемдер.

Меншіктен түсетін табыстарға табыстың қандай түрлері кірмейді?

Меншіктен түсетін табыстарға кірмейтіндер:

- жерді толық беру, алу-сату және материалдық емес, қаржылық емес активтер;

- салымдар және несиелер сомасы;

- ғимарат, көлік және жабдық үшін жалгерлік төлемдср (аралық қолданысты құрайды);

- жер салығы (егер өңдірістік қызметпен байланысты алынса, өндіріске салынатын салық ретінде ескеріледі немесе егер табыс салығының формасы болып келсе, ағымдағы трансферттер ретінде ескеріледі).

Экономикалық деңгейде толығымен есептегенде, меншіктен түсетін табыстар "қалған әлемнен" алынатын меншік табысымен толықтырылады, яғни:

- Қазақстан Республикасының үкіметінен басқа мемлекеттердің үкіметтеріне ұсынылатын несиелер бойынша түсетін пайыз, сонымен қатар сыртқы экономикалық ұйымдардың шетел фирмаларына ұсынатын коммерциялық несиелері бойынша түсетін проценттердің түсімі;

- өзге резидент-мемлекеттердің акционерлік капиталға қатысу үшін Қазақстаң Республикасына төлейтін дивиденттер және басқа да табыстар;

- Қазақстан Республикасында жерді қолдануға арналған таза рента (мысалы, шетел елшілігі жалдаған);

- Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар, орман және балық аулаға арналған жерлерді әзірлеуге төлемдер;

Қазақстан Республикасына тиісті авторлық құқық, патент, сауда белгілері бойынша өзге материалдық емес активтерді қолдану төлемдері.

- негізгі кәсіпорын-резидентке оның жеке резидент емес бөлімдерінен түсетін пайда сомасына тең шетел компанияларының инвестициялық табысы. Мысалы, негізгі кәсіпорын-резидент Қазақстан Республикасының экономикалық территориясында қызмет етеді, ал оның бөлімдері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызмет етеді және олар резидент емес болып табылады. Бұл жағдайда басқа мемлекеттегі резидент-бөлімнен түсетін және сол жерде белгілі бір жұмысқа жұмсалатын пайда басқа мемлекеттердің жинағына түседі. Негізгі кәсіпорын-резидентке берілген пайда шетел компанияларының инвестицияларынның табысы ретінде қарастырылады.

Таза ұлттық табыс жалпы ұлттық табыстан негізгі капиталды тұтынуды алғанға тең: ТҰТ= ЖҰТ- НКТ.

Қолда бар ұлттық табыс (ҚБҰТ) ағымдагы трансферттердің мөлшерінде ұлттық табыстан ерекшеленеді.

Қолда бар жалпы ұлттық табыс (ҚБЖҰТ, табыстарды қайта бөлу шоттынан).

ҚБЖҰТ = ЖҰТ + Ағымдағы трансф. = Σ ҚБҰБэкономикалық сектор

Мұндағы: Ағымдағы трансф. - ағымдағы трансферттер сальдосы (шетелден алынған және шетелге берілген ағымдағы қайта бөлу төлемдері). Ағымдағы трансферттерге жататындар: сыйлықтар, меншікке және табысқа төленетін ағымдағы салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік төлемдер, сақтандыру сыйақылары мен өтемдері, басқа да қайта бөлу төлемдері (айыптар, зейнетақылар, қамқорлық төлемдер, гуманитарлық көмектер және т.б.). Ағымдағы төленген және алынған трансферттердің ағымдағы сальдосының мәні — "үй шаруашылық" секторында оң, "қаржылық емес корпорациялар" және "қаржылық корпорациялар" секторларында теріс; "мемлекеттік басқару органдары" секторында 0-ге жуық болады, себебі берілген секторға түскен трансферттер оларды басқа секторларға беруге арналған.

ҚБҰТ зконномика секторының =БТсектордың + Ағымдағы трансф

Қолда бар таза ұлттық табыс (табыстарды қайтара бөлу шотынан): ТҚБҰТ= ҚБЖҰТ-НКТ.

ҚБҰТ Ұлттық түпкілікті тұтыну жәнс Ұлттық жинаққа бөлінеді. Ұлттық түпкілікті тұтыну 3 сектордың түпкілікті тұтыну шығындарын қосады ( олардың құралы жөніндегі түпкілікті пайдалану әдісінде қарастырылған).

Ұлттық жинақ - түпкілікті тұтыну шығындарынанқалған және қаржылық қамтуға бағытталған қолда бар табыстыңбір бөлігі (табыстарды пайдалану шотында) ҰШЖ бойынша жинақ ақшаның және банк депозиттерінің өсімін ғана қоспайды, сондай-ақ өзге қаржылық актив өсімін де қосады және материалдық активтердің өсіміне бағытталуы мүмкін.

ҚБТЖТ үй шаруашылығы секторы алған натуралды түрдегі әлеуметтік трансферттер мен ҚБЖҰТ қосындысына тең. Әлеуметтік трансферттер — алған натуралды түрдегі дәрі-дәрмектер, мүгедектер арбасы және т.б. Трансферттер тек ақшалай формада емес, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени сипаттағы ақысыз қызметер түрінде берген натуралды формада үлестіріледі. Натуралды формадағы әлеуметтік трансферттерді қабылдаушы бір ғана сектор - "үй шаруашылықтары", ал төлеушілер - екі сектор: "мемлекеттік басқару органдары" мен "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар". Қалған екі сектор - "Қаржылық корпорациялар" және "Қаржылық емес корпорациялар" натуралды формадағы әлеуметтік трансферттердің төлеушілері де, алушылары да болып табылмайды. Жалпы экономика үшін үй шаруашылығы алған натуралды формадағы әлеуметтік трансферттер мемлекеттік басқару органдары мен үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың төлеген натуралды формадағы әлеуметтік трансферттеріне тең. Мемлекеттік басқару органы және үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар екі сектордың ТҚБТ мен берілген натуралды формадағы әлеуметтік трансферттердің айырмашылығына тең. Үй шаруашылықтарының түзетілген және қолда бар табысы олардың барлық түсімдерін қамтиды және үй шаруашылықтарының тұтынуға және сақтау деген мүмкіншіліктерін сипаттайды. Сондықтан түзетілгенқолда бар табыс көрсеткішінің мәні халықтың, әсіресе әлеуметгік-мәдени қызметтердің үлесі жоғарылаған жағдайда өмір сүру деңгейіндегі өзгерістерді талдау үшін маңызы зор.

Экономика бойынша қолда бар түзетілген табыстыңсомасы қолда бар Ұлттық жалпы табыс сомасына тең

ҚТЖҰТэкрңомикалық КЖҰҚэкономикалық" =ΣҚТЖҰТ+ҚТЖҰТ мемлекеттік

басқару органдары, коммерциялық емес

ұйымдар және үй шаруашылықтары секторларынң

 

+ ҚҰТ каржылық емес = ҚЖТ берілген сектордың - ӘТ натуралды формада

және каржылық үй шаруашылыктары

корпорациялар секторына берілген

секторынын

Мұндағы: ҚТЖҰТ — экономика секторының түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табысы; ӘТ - әлеуметтік трансферттер.

Сонымен қатар "үй шаруашылықтарына" қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторының ҚЖҰТ-ы былай есептеледі:

ҚЖҰТ үй шаруашылыктары = ҚЖТ үй шаруашылыктары -ӘТ натуралды формада

үй шаруашылықтары секгорынан

секгорының секгорының алынған

 

 

Ұлттьқ жинақ - бұл тартымы бар табыстың түпкілікті (соңғы) тұтынуға жұмсалған шығынынан кейін қалған және қорды қаржыландыруға бағытталған бөлігі (табысты қолдану шотынан). Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі анықтамада жинақ тек ақшаның бар болуы мен банк депозиттерінің өсімін ғана емес, сонымен қатар басқа да қаржылық активтердің өсімін қамтиды және материалдық активтердің өсіміне бағыттала алады.

 

 

ЖҰЖ экономикалық = ҚЖҰТ - НТТ – ΣЖЖ экономика секторының

 

Мұндағы: ЖҰЖ - жалпы Ұлттық жинақ; ЖЖ — экономика секторының жалпы жинағы; НТТ - нақты түпкілікгі тұтыну.

ЖЖ каржылық емес =ҚЖТ "қаржылық емес корпорациялар" секторынын

 

ЖЖқаржылық корпарация секторының =ЖҰТ қаржылық корпарация секторының+Зейнетақы қорындағы

үй шаруашылықтары

құралдарының таза

құнының өзгеруіне

түзетулер

 

ЖЖМемлекеттік басқару =ҚТЖҰТберілген сектордың – НТТберілген сектордың

органдары секторы

 

ЖЖМемлекеттік басқару =ҚТЖҰТберілген сектордың – НТТберілген сектордың +зейнетақы қор\ғы

органдары секторы үй шаруа\ры құрал\ң

құнының өзгеруіне

түзетулер

Таза ұлттық жинақ (ТҰЖ)= ЖҰЖ - НКТ.

Таза несие беру (+), таза қарыға алу (-). Таза несие беру экономика үшін қаржылық міндеттер сомасынан берілген мемлекет резиденттерінің резидент еместерге берген қаржылық активтерінің жоғарылауын көрсетеді. Ал таза қарызға алу (-) берілген қаржылық активтерден берілген мемлекет резидент-терінің қайтаруына тиесілі қаржылық міндеттердің өсу мөлшерін көрсетеді.

Таза несие беру (+), таза қарызға алу (-) секторлар бойынша капитал шығындарын қаржыландыру үшін қайтарымды және қайтарымсыз формадағы секторлардың арасында берілетін қаржылық ресурстардың көлемін көрсетеді. Таза иесие беру (таза қарызға алу) — бұл капитал мен операциялар шотыныңбаланстық бабы. Ол есептік жолмен анықталады:

ТН (ТҚА) = ЖҰЖ + КТ - КЖҚ - СА

Капиталды трансферттер — мемлекеттік бюджеттен алынған кәсіпкерлікке капитал салымдарын ақысыз қаржылаидыру;приватизация процесінде капиталды беру, өткенжылдардағы қарызды кешіру және т.б.

КЖҚ - капиталдың жалпы қорлануы: негізгі капиталдың материалдық айналым қорларының, таза табылған құндылықтардың өндірілген қаржылық емес активтердің қорлануы

СА - статистикалық алшақтық.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерін мына көрсеткіш сипатайды: инвестиция өсімін қаржыландыру =ЖҰЖ+ КТ.[78]

Тақырып 19. Ұлттық есеп жүйесі және баланастық құрылымдар




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 714; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.