Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 25




1. Баға туралы түсінік, оның түрлері

 

Баға дегеніміз - тауар құнының ақшалай көрінісі. Ал тариф - қызмет көрсету құнының ақшалай көрінісі. Бағаны қалыптастырудың негізін өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер, сондай-ақ экономикалық циклды іске асыруға арналған кәсіпорынның табысы мен пайдасы құрайды.

Баға статистикасының міндеттері қандай?

Тауар мен қызмет көрсету бағасын статистикалық зерттеудің міндеттері:

1. Тауар мен қызмет көрсету бағасына статистикалық бақылауды ұйымдастыру.

2. Тауар мен қызмет көрсету бағасын тіркеу. Баға туралы ақпарат жинау, оны республика аумағында жариялау.

3. Бағаның, инфляциялық процестердің құрамын, құрылымын және динамиқасын талдау.

4. Ішкі және ұлттық экономикада, тауар мен қызмет көрсетуді және экспорт пен импортты бағалауда бағаны пайдалану.

5. Аймақтық және республикалық деңгейдегі орташа бөлшек сауда бағасын және индексін есептеу.

6. Бөлшек сауда бағасының динамикасы мен деңгейіне әсер ететін факторларды статистикалық зерттеу.

7. Тұтынушының орташа бағасын және тұтынушы бағасының индексін өмір деңгейінің өлшемі ретінде есептеу.

8. Тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын бағаларды халықаралық, аймақтық деңгейде салылтыру.

Статистикалық органдардың экономикалық есептеулерінде және аналитикалық жұмыстарында барлық институционалды бірлік, экономика секторлары арасындағы операция рыногының келісім жасау сәтінде жүретін ағымдағы нарықтық бағалар қолданылады.

Ағымдағы нарықтық бағалардың мәні неде?

Ағымдағы нарықтық бағалардың көмегімен өңдірілген, пайдаланылған және өткізілген өнімнің жалпы мөлшері анықталады; экономиканың секторлары мен салалары шегіндегі оның құрылымы есептеледі. Ағымдағы нарықтық бағаларға жататындар:

1. факторлық құн;

2. негізгі баға;

3. өндірушінің бағасы;

4. сатып алушының бағасы;

5. "ФОБ" бағасы;

6. "СИФ" бағасы.

Әр ағымдағы нарықтық бағаның ұғымы неде және оның құрамы қандай?

Есеп берулер мен шоттардағы операцияларды тіркейтін бағалар:

Факторлық баға (ФБ) — тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы:

 

ФБ=АТ+НКТ+ЖП(ЖАТ)

 

Мұндағы: ЖП — экономиканың жалпы пайдасы; ЖАТ - жалпы аралас табыстар.

Негізгі баға (НБ) - өнімдерге төленетіп салықты қоспағанда (ҚҚС пен импорт салығынан басқасы), бірақ өнімдерге субсидия, жәрдем ақшаны қосқанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы

Өндірушінің бағасы (ӨБ) - ҚҚС және импорт салығынан бөлек өнімдерге төленетін салықтарды қосқанда және өнімдерге субсидияны қоспағанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы.

Негізгі баға мен өндірушінің бағасы арасындағы өзара байланыстар:

а) ӨБ = НБ + өнімдерге ТС (КДС және импорт салығынан бөлек) = НБ + өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) - өнімдерге субсидия;

б) НБ = ОБ + өнімдерге ТС (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) = ОБ - өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек) + өнімдерге субсидия,

Мұндағы: ТС - таза салықтар.

Тұтынушының нарықтық бағасы (ТІІБ) - өнімдерге және импортқа төленетін барлық таза салықтарды қосқанда сатып алушының тауар немесе қызмет үшін төлейтін бағасы.

ТНБ = ӨБ + СКҮБ,

Мұндағы: СКҮБ - сауда-көліктік үстеме баға.

Есептеулерде тауар мен қызмет шығарылымдары негізгі және өндірушінің бағасында бағаланады. Сондықтан да келесі түзетулер жасалады. Берілгендерді сәйкес (салыстырмалы) түрге келтіру үшін шығарылымды бір бағада қайта есептеуді іске асырады.

Шығарылған өнім негізгі бағада қалай бағаланады?

Егер есеп беруден алынған өнім туралы мәліметтер өндірушінің бағасымен белгіленбесе, онда келесі түзету жүргізіледі: негізгі бағадағы өнім шығару = өндіруші бағасында өнім шығару - экспортқа салынатын салық (ҚҚС-тан басқа) + өнімге қойылатын субсидиялар.

Шығарылған өнімнің, жалпы қосылған құнның бағалауына қарай тәжірибеде жалпы қосылған құнның және жалпы ішкі өнімнің келесі қатынастары болады:

а) нарықтық бағадағы ЖІӨ = негізгі бағадағы ЖҚҚ + өнімге салынатын таза салықтар (ТС, ҚҚС-тан басқа);

ә) нарықтық бағадағы ЖІӨ = өндіруші бағасының ЖҚҚ + ҚҚС + импортқа салынатын ТС.

Кедеңдік статистика тауарлар экспортын ФОБ бағасымен (экспорттаушы елдің порты), ал тауарлар импортын СИФ бағасымен (импорттаушы елдің порты) есептейді.

"ФОБ" ағылшынның "fob" сөзінен шығады, яғни "бортта боссың" дегенді білдіреді. "ФОБ" бағасына мына компоненттер кіреді:

- өндіруші бағасымен есептелген тауардың бір бірлігінің құны;

- экспортер елдің шекарасын кесіп өткен кезеңдегі тауарлармен байланысты барлық қызметтер құны, атап айтсақ: тауарды жеткізу, сақтандыру, сақтау, кейінгі тасымалдау үшін тауарды тиеу;

- төменгі экспорттық баж салығы мен алынған салықтық жеңілдіктер айырмасы.

"СИФ" те ағылшынның «сіf» сөзінен шығады, яғни бұл -«құн, сақтандыру», фрахт «тасымалдау» дегенді білдірсді. Сиф бағасы тауар бірлігінің құнын және жеткізілетін орынға дейінгі тауарды тасымалдау, сақтандырумен байланысты барлық қызметтер құнын қамтиды.

"Сиф" және "фоб" бағаларының айырмашылығы неде?

Демек, "сиф" бағасы мен "фоб" бағасының арасындағы айырмашылық тауарды экспорттаушы ел шекарасынан импорттаушы ел шекарасын кесіп өткенге дейінгі сақтандыру, тасымалдау және т.б. қызметтер құнының сомасын құрайды. Ақпарат көзі болып ел шекарасын кесіп өтетін тауарларды кедендік тіркеу кезінде декларант толтыратын кедендік жүк декларациясы табылады. Тауарлардың экспорты мен импортын есепке алу кедеңдік жүк декларациясына қойылған, тауарды шығаруға кедендік орган рұқсат берген күн бойынша жүргізіледі.[75]

2. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері

 

Тауар экспорты мен импортының бағалары туралы кедендік статистиканың ақпараттары макростатистикалық есеп беру үшін, мысалы, Қазақстан Республикасының төлем балансын және сыртқы экономикалық байланыстың ("қалған әлем") ұлттық шотын өңдеуге негіз болады. Мұндай статистикалық есеп берулер Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайын, әлемнің басқа елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың дамуын және күйін көрсетеді.

Экспорт және импорт операцияларына қандай бағамен және қалай қайта есептелу жургізіледі?

Төлем балансында және сыртқы экономикалық байланыс есебінде ҰШЖ-дың ұсынысы бойынша тауарларды бағалаудың әр түрлі әдістері есебінен макростатистикалық баланс динамикасын өзгеріссіз қалдыру үшін тауар экспорты мен импортының біркелкі бағалануына "ФОБ" бағасы қолданылады. Осы мақсатта, статистикалық органдар түзетулер мен қайта есептеу арқылы тауардың экспорты мен импортын бір "ФОБ" бағасымен көрсете отырып, келесі әдістерді ұсынады:

- сауда счет-фактураларының ішінара бақылау мәліметтерін "сиф" және "фоб" бағасының қатынасымен қолдану негізінде;

- "сиф" және "фоб" бағаларының қатынасына эксперттік бағалау қолдану негізінде.

Аралық тұтынудың қайта есептелуі қандай бағамен және қалай жүргізіледі?

Аралық тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді сатып алу бағасы тауарды алған кездегі емес, өндіріс процесінде оны тұтынған кездегі баға бойынша іске асады. Уақыт арасындағы айырмашылық, әсіресе, жоғары инфляция кезінде өте қатты байқалады және аралық тұтынудың айтарлықтай төмендеуінен және тауардың қорда жатқан уақытындағы бағасының өзгеруі нәтижесінде қордан аралық тұтынуға түскен тауар құнының өзгеру шамасы пайданың өсуіне әскеліп соғуы мүмкін. Ол үшін өндірістік қорды сақтау кезіндегі бағаның орташа өзгеруін ескере отырып, қайта бағалауға байланысты болатын, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша анықталған аралық тұтыну шамасын түзету қажет. Ол келесі формула бойынша анықталады:

 

АТ1 = АТ 0 * IP

 

 

Мұндағы: АТ1 - өндірістік қорды сақтау кезінде бағаның орташа өзгеруін ескере отырып түзетілген аралық тұтыну;

АТ0— кәсіпорынның есеп беру мәліметтері бойынша аралық тұтыну;

Ір- геометриялық орта бойынша есептелетін өндірістік қорды сақтау кезіндегі бағаның орташа индексі:

 

IP = √I1*I2*I3*…Im

Мұндағы: І1• І2 • І3 • -Іm - есептегі жылдағы аралық тұтынуға жүмсалған ресурстар бағасының айлық тізбекті индекстерінің көбейтіндісі;

m — бір жылдағы ендірістік қорлар айналымының саны:

 

АТ

m =_________________

ОК

ОК — өндірістік қорлардың орташа жылдық көлемі.

Өндірістік қорларды сақтау периоды (кезеңі) 360 күнді айналым санына бөлу арқылы анықталады:

t = ___________

m

 

Халыққа тегін берілетін немесе төмен бағамен берілетін өнім қандай бағамен бағаланады?

Үй шаруашылықтарына (мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім, қорғау) төмен бағамен немесе тегін берілетін өнімді өндіру олардың өндірісіне кеткен шығын бойынша бағаланады. Шығындар келесі компоненттердің қосындысы ретінде есептеледі: аралық тұтыну + жалдамалы жұмысшылардың жалақысы + негізгі капиталды тұтыну + өндіріс процесінде төленген таза салықтар + өз ғимаратын иеленгеннен түскен таза табыс.

Жеке тұтынуға, бартерге арналған өнім негізгі баға бойынша бағаланады.

Өнімнің жалпы құны мен құрылымын анықтауға, ағымдағы нарықтық бағаның маңыздылығына қарамастан, кемшілік тән. Ағымдағы нарықтық баға мен көрсеткіштер бағасы өндірістік және өткізілген тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемінің өзгерісін көрсетпейді. Өнімді өндіру және өткізудің физикалық көлемінің динамикасы елдің нақты экономикалық өсу қарқынын, халықтың материалдық жағдайын көрсетеді, өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері еңбек өнімділігін, капитал қайтарымдылығын, пайдалылықты есептеуге негіз болады. Осыған орай өнім көрсеткіштерінің физикалық көлемінің динамикасы, мысалы ЖІӨ тек тұрақты бағамен зерттелуі керек. Тұрақты баға ретінде салыстыру базасы болып алынған жылдың ағымдағы орташа бағалары алынады. ҰШЖ тұрақты бағаны әр бес жыл сайын өзгертіп отыруды ұсынады.

Ағымдағы бағадан тұрақты бағада өнімді қайта есептеу қандай әдістер арқылы анықталады?

Өнімді ағымдағы бағадан тұрақты бағаға ауыстырудың негізгі әдістері:

1) тікелей қайта бағалау әдістері;

2) дефляциялау әдісі.

Тікелей қайта бағалау әдісінің маңызы мынада: тұрақты бағадағы өнім көрсеткіштерін тұрақты бағаны есептеу кезеңіндегі өндірілген өнім санына көбейту арқылы есептейді.

Дефляциялау әдісі бойынша ағымдағы бағадағы өнім (ЖІӨ) көрсеткіштері индекс-дефлятор арқылы тұрақты бағада есептеледі. Дефлятор бағаның жиынтық деңгейін, яғни бір жылдағы экономикадағы бағаның орташа мәнінің шамасын сипаттайды.

Дефлятор дегеніміз - бұл агрегатталған баға индексі, себебі дефляторды құру негізін баға индексін есептеу құрайды:

 

p0 q 1 ∑ p 1 q 1

∑ p0 q 1 =______________ =∑ p 1 q 1 : __________________

i p ∑ p0 q 1

Мұндағы: ∑ p 1 q 1 — есептегі кезендегі тұтынудың ағымдағы баға бойынша жалпы құны немесе тауарлар мен қызметтердің номиналды құны;

∑ p 1 q 1 ∑ p0 q 1 Р- баға индексі;

 

∑ p0 q 1 - есептегі кезеңдегі тұтынудың тұрақты бағасы бойынша жалпы тұтыну құны немесе тауарлар мен қызметтердің нақты құны;

q 1 - есептегі кезеңдегі тауарлар мен қызметтер саны;

p0- есептегі кезеңдегі бағалар.

Нақты ЖІӨ құны туралы алынған мәліметтер негізінде ЖІӨ-нің физикалық көлемінің динамикасы сәйкес индекс І q арқылы есептеледі:

∑ p0 q 1

І q =___________________

∑ p0 q 0

 

Мұндағы: І q –ЖІӨ-нің физикалық көлемінің индексі, есептегі кезеңдегі ЖІӨ-нің нақты құнын (p0 q1) базистік кезендегі ЖІӨ (p0 q 0) құнымен салыстырады.[76]

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 781; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.