Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Г. Гайятт, Д. Ренни, 2003 2 страница




3)РКЗ нәтижесі нақты емес - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер шегінен шығады

4) Когорттық зерттеу

5)Жағдай - бақылау

6) Көлденең зерттеу

7)Бірнеше жағдайды сипаттау

8)Бір жағдайды сипаттау

 

Жүйелі шолу және мета-анализ

 

 

РКЗ белгілі нақты нәтижелерімен

 

РКЗ нәтижесі нақты емес

 

 

Когорттық

 

 

Жағдай - бақылау

 

Көлденең

 

Бірнеше жағдайды сипаттау

 

Бір жағдайды сипаттау

 

 

Иерархияның ең төменгі сатысы бір жағдайды сипаттау, бірнеше жағдайды сипаттау.дің ең ескі және жиі кездесетін түрі. Сапалық ге жатады, жаңа ауру немесе проблема, кездесетін клиникалық жағдай жөнінде мағлұмат береді. Бұл лер жоспарланбайды, керісінше,кездейсоқ пайда болады.(Эренштейн В. 2006ж)Клиникалық лердің бай қоры болып табылады және ауру ағымын анықтап, ағзаның функциональды жағдайы жөнінде мағлұмат береді.

Бір жағдайды сипаттау кездесетін жағдай.

 

 

Бірнеше жағдайды сипаттау- бұл зерттелген топтардың нәтижесіне статистиканы және белгілі бір заңдылықты қолдану мүмкін болатын.

Бұл лердің салыстыру тобы жоқ, сондықтан кездейсоқ және жүйелі қателер жиі кездесуі мүмкін. Бұл кезкелген уақытта және аурудың

әртүрлі сатысында жасалуы мүмкін.

 

 

           
   
+
 
   
 
 

 

 


                     
   
 
     
     
   
 
 
   
 
   
 
   
 
 

 


Журналдағы

мақала

 

Науқастар Ауру туралы мәлімет

 

 

Бір кезеңді немесе көлденең - әрбір зерттелушіні белгілі бір уақыт аралығында бір рет тексереді де, ауруына сипаттама беріледі, бірақ даму процесі зерттелмейді. дің мақсаты-симптоматикасын нақтылау, кейбір симптомдардың диагнозбен және ауырлық дәрежесімен байланысын анықтау. Аурудың таралу жиілігі,ағымы, диагностикасының нақтылығы анықталады. Бұл түрі қарапайымдылығымен және шығын аз жұмсалуымен ерекшеленеді. Ал кемшілігі- таңдаудың, іріктеудің қиындығы, өйткені ол ситуацияға сәйкес келуі керек.Сол сияқты болжам ретінде көмегі аз.

 

СҰРАҚ: Жағдай бақылау дегеніміз не?

Оның артықшылықтары,кемшіліктері

 

 

Жағдай бақылау-анализдік(сараптау) ретроспективті лерге жатады.Популяциядан зерттелетін ауруы бар және ауруы жоқ кісілер іріктеліп алынады.ге 2 топ алынады:

1)тәжірибе тобы зерттелетін ауруы бар

2) бақылау немесе салыстыру тобы зерттелетін ауруы жоқ

ге қатысатындарды архив материалдарынан алады немесе сұрастыру арқылы іріктейді, сосын болжанған фактордың әсерін, аурудың себебін ретроспективті зерттейді. Бұл аурудың этиологиясы туралы гипотезаны тексеруге көмектеседі.

w Алғашында аурудың жағдайын анықтайды (зерттеліп жатқан ауру анықталған науқастарды таңдау)

w Қауіп факторы жайында мүмкін болатын ретроспективті гипотеза анықталады

w Аталған ауруы жоқ, бірақ басқа белгілері бойынша ұқсас келетін бақылаудағы науқастар тобын анықтап алады

w Осы топтарда қауіптілік факторының бар немесе жоқтығын анықтайды

w кезінде барлық қорытынды белгілі

w Сирек жағдайларды ге,сонымен қатар зерттеу кезінде тез қорытынды алуға қолайлы

w Этиология жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы келеді

«Жағдай-бақылау» зерттеуінің артықшылықтары:

w Зерттеудің орындалуы жеңіл, арзан,жылдам.

w Ұзақ уақытты керек етпегендіктен тез таралатын (вспышка) ауруларды зерттеуде көмек береді.

 

     
 
 
 

 

 


«Жағдай-бақылау» зерттеуінің кемшіліктері:

w Зерттеуге қатысатындарды таңдауда жүйелі қате кетуі мүмкін

w Барлық талаптарға жауап беретін бақылауға қажетті жағдайдың санын табу қиын.

w Ретроспективті ерекше көріністер арасындағы уақытша байланысты нақты тіркеуге мүмкіндік бермейді

w Бағалаудағы мүмкін болатын қателіктер

w Салыстыру топтарын «жасанды» жинақтау

СҰРАҚ: Когорттық зерттеу дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

Когорттық зерттеу- анализдік(сараптау) проспективті зерттеулерге жатады. Себептің және қауіп факторының аурудың болжамымен байланысын зерттейді. Қауіп факторы- аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар.Мысалы: АГ ауруының қауіп факторлары-гиподинамия, гиперхолестеринемия, тұқымқуалаушылық, шылым шегу т.б.

2 топ алынады:

а) қауіп факторы әсер еткен топ

б)) қауіп факторы әсер етпеген топ

Осы 2 топ ұзақ уақыт бойы зерттеледі және алынған мәліметтер салыстырылады(зерттелетін нәтиже бойынша) Ол үшін қажетті ақпараттар күні бұрын анықталып, толық көлемде жиналады.Сосын зерттелетін қауіп факторының туындайтын нәтижемен(аурумен) қандай байланысы бар екені анықталады. Классикалық когорттық зерттеу үшін әр түрлі қауіп факторы әсер ететін 2 немесе одан да көп когорта іріктеліп алынады,бірнеше жыл бойы зерттеліп, жаңа клиникалық нәтижелер анықталады.

 
 

 
 


Артықшылығы:

 

w Когорта – қандай да бір жалпы белгілерімен біріктірілген топ. (мысалы сау немесе аурудың белгілі бір сатысындағы адамдар)

w Үздіксіз бақылау процесінің қай жартысында ауру дамығаны анықталады

w Зерттеудің басында қорытынды белгісіз болады

w Қауіп факторының әсеріне душар болғандардың ағымын проспективті зерттейді

w Қорытындыны бағалау үшін көптеген жылдар бойы бақылау қажет

w «Жағдай-бақылау» зерттеуімен салыстырғанда қымбатырақ

w Уақыт ағымы бойынша өзгерістерді бақылауға болады

w Бір фактордың әсеріне байланысты бірнеше қорытынды алуға болады

w Бір нәтижеге әсер ететін бірнеше факторларды анықтауға болады.

w Зерттеудің мақсатын анықтайтын сұрақ қарапайым.Мысалы:б елгілі бір фактордың әсеріне душар болғандар ауыруы мүмкін бе?

w Нәтижесі белгілі болғанда туындайтын жүйелі қатені болдыртпайды

 

Кемшіліктері:

w Көп уақытты қажет етеді

w Сирек кездесетін ауруларға арналмаған

w Когорттық зерттеудің негізгі кемшілігі – сирек қорытындыларды зерттеу үшін үлкен топтарды ұзақ уақыт бойы бақылау керек

w Қаражатты көп қажет етеді

w 100% бақылау мүмкін болмайды,өйткені уақыт өткен сайын зерттелетін фактордың әсері мен сипаты өзгеруі мүмкін.

 

 

СҰРАҚ: Жағдай бақылау мен когорттық зерттеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Когорттық зерттеу Жағдай бақылау
Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтаудан басталады. Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтау міндетті емес
Оқиға іріктелмейді, үздіксіз бақылаудың нәтижесінде анықталады. Оқиғаны пациенттердің арасынан зерттеуші өзі таңдап алады
Бақылау тобы іріктелмейді, табиғи жолмен құрастырылады Тәжірибе тобына ұқсас бақылау тобы іріктеліп алынады
Әсер ететін фактор ауру пайда болғанға дейін бағаланады. Әсер ететін фактор ауру пайда болғаннан кейін бағаланады. (өткенді еске түсіру)
Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланады   Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланбайды, оны тек қана мүмкіндікке (шанс) байланысты бағалауға болады.    
проспективті ретроспективті

СҰРАҚ: Бақылау тобы дегеніміз не? Оны құрастырғанда сақталатын ережелер.

Бақылау тобын құрастыруға жауапкершілікпен қарау керек,өйткені жоспарланған зерттеудің ең маңызды бөлігі болып есептеледі.

Бақылау тобын құрастырудың бірнеше ережесі бар:

- бақылау тобын оқиға кездесетін популяциядан іріктеп алады

- іріктеп алынған бақылау тобы мезгілі бойынша тәжірибе тобымен сәйкес келуі керек.

-бақылау тобы мен тәжірибе тобын іріктеу лері бірдей болуы керек.

Зерттеудің сапасын арттыру және нәтижесін бағалау үшін әртүрлі әдіспен іріктелген бірнеше бақылау тобын алуға болады. Бақылау ретінде емдеуге

дейінгі науқастың өзін алуға болады.

СҰРАҚ:: «Алтын стандарт» деп қандай зерттеу түрін айтады?

Қазіргі заманғы клиникалық зерттеулер- гипотеза, эксперимент және кісілерге істелетін зерттеулер. Соңғысына рандомизирленген клиникалық зерттеулер жатады (РКЗ, РКИ) және бұл зерттеудің түрі «Алтын стандарт» - деп те аталады. Бұл проспективті экспериментальды бақыланатын зерттеу профилактика, диагностика және емнің нәтижесін бағалау үшін істеледі.

Зерттеуге қатысатындарды іріктеу клиникалық зерттеудің хаттамасына сәйкес болуы керек.Рандомизация әдісімен негізгі топ немесе тәжірибе тобы және бақылау тобы(стандартты ем алатын топ) құрастырылады.

Рандомизация(rаndom)- ағылшын тілінен аударғанда кездейсоқ таңдау немесе кездейсоқ іріктеу. Ол жүйелі қатені азайтады.Бақылау тобындағылар «плацебо» ем алады.Плацебо- түрі, иісі, дәмі бойынша зерттелетін дәріден айырмашылығы жоқ және ағзаға ешқандай спецификалық әсері жоқ ем.

Қарама-қайшы(перекрестное) зерттеуде бақылау тобы мен тәжірибе тобы орын ауыстырады.(алатын дәрілері немесе зерттеу түрі) Бұл әдіс топтар арасындағы айырмашылықты азайтады, бірақ уақытқа байланысты патологиялық процестің өзгеруінен болатын қателердің саны артуы мүмкін.

СҰРАҚ:РКЗ (РКИ) қандай түрлері бар?Артықшылықтары мен кемшіліктері.

Рандомизирленген зерттеулер «ашық» және «жасырын» болып бөлінеді.

«Ашық» рандомизирленген зерттеулерде рандомизация жасалғаннан кейін

пациент пен дәрігер қандай емдеу әдісі қолданылатынын біледі. «Бір жақты жасырын»

рандомизирленген зерттеулерде науқас қолданылатын ем түрін білмейді, бұл жөнінде пациент зерттеуге келісімін бергенде айтылады.. «Екі жақты жасырын» зерттеуде пациент те, дәрігер де қандай емдеу әдісі қолданылатынын білмейді. «Үш жақты жасырын» зерттеуде пациент те, дәрігер де, зерттеудің нәтижесіне статистикалық өңдеу жасайтын зерттеуші де қандай емдеу әдісі қолданылатынын білмейді. Қазіргі кезде «Алтын стандарт»- деп «Екі және үш жақты жасырын»зерттеулерді айтады.Сол сияқты зерттеулер бір орталықта немесе бірнеше орталықта жүргізілуі мүмкін. Бірнеше орталықта жүргізілетін зерттеулер үшін аз уақыттың ішінде пациенттерді көп іріктеп алуға болады.

 

Рандомизирленген бақылаулы зерттеулердің артықшылықтары,кемшіліктері:

w рандомизирлеу – науқастарды сынақ және бақылау тобына кездейсоқ бөлуді қамтамасыз ететін процедура

w рандомизирлеу топтар арасында айырмашылықтың болмауын қамтамасыз етеді.

Артықшылықтары:

w зерттеудің нәтижесі зерттеушілердің пікіріне тәуелді емес, жүйелі қатенің әсері айтарлықтай емес, топтар арасында айырмашылық болмайды

w зерттеудің ең сенімді, нақты әдісі

w барлық белгілі және белгісіз факторларға бақылау жасайды

w мета-анализ жүргізу мүмкіндігі үлкен

Кемшіліктері:

w бағасы қымбат тұрады

w жүргізу методикасы қиын

w этикалық проблемалар болуы мүмкін

Бақылау түрлері:

w плацебо-сынау

w нәтижесіз емді сынау

w әртүрлі препараттарды қатар сынау

w әртүрлі дозадағы бір препаратты сынау

Рандомизирленбеген зерттеулер:

w науқастың анамнездік мәліметтерін зерттейді

w топтарды дәрігер құрады

w субъективтілік

w топтар толық құрылмаған

w топтар арасындағы салыстыру нақты емес

w шешімді дәрігер қабылдайды

 

СҰРАҚ: Екіншілікті зерттеулерге қандайлар жатады?

Жүйелі шолу не үшін жасалады?

• Иерархияның шыңында екіншілікті зерттеулер – жүйелі шолу және мета анализ тұрады. Жүйелі шолу дегеніміз - барлық біріншілік зерттеулерді қазіргі заманғы әдістердің көмегімен зерттейтін және емдеудің нәтижесін, олардың сапасын жинақтап бағалайтын зерттеу.

• Ол ерекше клиникалық зерттеулердің қорытындылары жинақталатын ғылыми зерттеу. Жүйелі шолу- зерттеулердің жаңа нәтижелерін алған сайын тұрақты түрде жаңартылып отырылады. Жүйелі шолу істелетін іс-шараның пайдасын немесе залалын және оны қолдануға болатынын немесе болмайтындығын анықтайтын мәліметтерді жинақтайды. Жүйелі шолудың нәтижесінде кері әсер анықталуына байланысты кейбір іс-шараларды қолдануға болмайды.

Артықшылықтары:

• нақты дәлелденген қорытындыкп алынады

• біріккен зерттеулердің статистикалық қуатын күшейту арқылы ғылыми дәлелдемелердің сенімділігін жоғарылатады

• әртүрлі нәтиже беретін біртекті зерттеуге қорытынды баға береді

• соңғы тұтынушы-дәрігерге арналған ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді

• ең жақсы жалпы баға алу үшін дәлелдерді топтастырады

Жүйелі шолулар не үшін керек?

• қазіргі кездегі бар мәліметті жинақтау

• гипотезаны жетілдіру

• зерттеуге қажетті тақырыптардың көлемін анықтау

• болашақ зерттеулердің жоспарын дайындау

Жүйелі шолудың кезеңдері:

• Шолу тақырыбы бойынша барлық мақалаларды іздеу

• Барлық мақалалардың ішінен ең сенімдісін анықтау

• Мақаланы енгізілген бойынша бағалау

• Зерттеу қорытындыларын біріктіру

- сапалық

- сандық - мета-анализ

• Қорытындыны бағалау

СҰРАҚ: Кокран Бірлестігі дегеніміз не?

 

Кокран Бірлестігі- бұл халықаралық коммерциялық емес ұжым.

Оның негізгі мақсаты - медициналық зерттеулердің соңғы нақты ақпараттарын жинақтау. Кокран Бірлестігі- емшаралы

Ағылшын эпидемиологі А. Кокранның ДМ-ге сіңірген еңбегін ескеріп, Бірлестік сол ғалымның атымен аталады. ДМ-нің қажеттілігі 150 жыл бұрын сезілсе де, бұл бағыт біздің заманымызда ғана дами бастады. Тек интернет арқылы дәрігерлер миллиондаған клиникалық зерттеулерді оқи алады. Бірлестікте 3000 астам кісі жұмыс істейді, әлемде 15 орталығы бар.Қазіргі кездің талабына сай бақыланатын рандомизирленген клиникалық зерттеулердің рефераттары сақталады.Бұл дәрігерлерге өте үлкен көмек болады.Мысалы:

- дәрігерлер мен медбикелердің жұмысының 30% ғана зерттеулермен негізделген

- белгілі бір әдісті қолданғанда зиянды әсері байқалса да, оны жалғастырып қолдана береді

-актовегин,ноотроптар, анаьгин осы уақытқа дейін қолданылады

-дәлелденген пайдалы әдістер(кейбір дәрілер тобы) аз қолданылады

Бірақ ДМ-нің дамуына байланысты медицинада көптеген пайдалы жаңа өзгерістер болуда.Кейбір аурулардың емдеуі мүлде өзгерді деуге болады.

Мысалы: асқазанның жара аурулары, АГауруы, ревматойдты артрит т.б.

Кокран Бірлестігі жүйелі шолуларға дайындық жұмысымен айналысады.

Кокран Бірлестігінің негізі- Кокран кітапханасы.Ол – сапалы зерттеулер нәтижесі туралы мәліметтердің электронды базасы, ем-шаралардың пайдасының ғылыми негізделуін анықтау үшін табылмайтын ақпарат көзі.

СҰРАҚ: Мета анализ дегеніміз не?

Мета-анализ -бірнеше клиникалық сынаманың біріктірілген қорытындыларының сандық анализі.

• Жеке сынамалардың статистикалық анализі

• Бірінші Мета – анализ- ХХ ғасырдың басы, Karl Pearson, ішек лихорадкасының алдын алудың нәтижелілігін зерттеген.

Мета-анализ бірнеше зерттеулердің нәтижесін жалпылау және зерттеу нәтижелерінің дәлелділігін жоғарылату үшін қолданылады.

Мета-анализ -бұл бір медициналық әрекетті бірнеше клиникалық зерттеулерден өткізіп, оның қорытындыларын біріктіріп, сандық талдау жүргізу.Талдаудың бұл түрі іріктеу көлемінің ұлғаюына байланысты әр жекеленген зерттеулерге қарағанда, статистикалық мүмкіндігі зор, сол сияқты емдеу,алдын-алу және диагностикалық шаралардың пайдалыларын таңдауда маңызды.

Мета-анализдің 3 негізгі этапы бар:

1) таңдалған тақырып бойынша ең сенімді мақалаларды жинау

2) мақалалардың бұрын бекітілген лерге сәйкестігін бағалау:зерттеу әдісі, мәліметтерді жинау әдісі, пациенттердің саны бойынша

3)көптеген зерттеулердің сандық нәтижесін біріктіру арқылы, жекелеген зерттеулерге қарағанда, статистикалық маңызы зор, бір үлкен зерттеу құрастырылады.Мета анализдің қорытындысы кесте(график) түрінде беріледі. Біздің кафедрада екіншілікті зерттеу түрлерін өткенде мета анализдер берілген бірнеше мақалалар талданады.(нормограмма түсіндірілгеннен кейін)Сондықтан мақала ағылшын тілінде болса да, зерттеудің нәтижесі кесте(график) түрінде берілгендіктен, студенттерге түсінікті.

Мета-анализдің кезеңдері:

• анализдің негізгі мақсатын анықтау

• нәтижелерін бағалау әдістерін таңдау

• ақпараттарды жүйелі түрде іздеу

• сандық ақпараттарды жалпылау

• оны статистикалық әдістердің көмегімен талдау

• нәтижелерді интерпретациялау

Ме т а-анализдің артықшылығы:

• бұл әдіс әртүрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды ғылыми негіздеп, ұдайы толықтыру жолдарымен жалпылап отырады

• зерттеулердің статистикалық шынайы емес мәліметтерін біріктіргенде, шынайы мәлімет алынуы мүмкін

• жекеленген топтағы науқастар терапиясының нәтижелерін болжауға және болашақтағы зерттеулердің гипотезасын тексеруге мүмкіндік береді.

• мүмкін болатын қателерді болдыртпайды

• нәтижені тура бағалайды

• ашық жасалады

Мета-анализдің кемшілігі:

• автор оң нәтижелерді баспаға жариялап, теріс нәтижелерді жасыруы-

мета –анализ нәтижелерінің бұрмалануына әкеледі

• ақпаратты іздеуді соңына дейін жүргізбеу және білім көздерін дұрыс таңдамау нәтижелердің бұрмалану себептері болады.

Мета-анализ жүргізу кезінде кездесетін қиындықтар:

• зерттеу түрлерін таңдау, табу

• ақпараттың біркелкі болмауы

• маңыздаы ақпараттың жоғалып қалуы

• салыстырылатын топтар дұрыс сәйкестікпен талданбайды

Кумулятивті мета-анализ жаңа мәліметтер пайда болған кезде жинақталған мәліметтердің кумулятивті қисығының пайда болуын қамтамасыз етеді.

Проспективті және ретроспективті мета-анализ жаңа нәтижелер мен ескі нәтижелерді біріктіреді.

Жекеленген мәліметтердің мета-анализ і - жекелеген науқастардың емдеу нәтижелерін зерттеуге негізделген талдау.

СҰРАҚ: ДМ-нің кезеңдері:

ДМ-нің бірінші кезеңі

Медик-студенттер,әсіресе, кіші курстарда шынайы медициналық мақалаларға өте аз мән береді.Мұның себебі көп, дегенмен, ең бастысы олар науқасты емдеу және олармен байланысты мәселелерді шешуге қатыспайды. Оқу бағдарламаларында белгілі бір тапсырмаларды шешу тапсырылған күннің өзінде студенттерді бірінші болып қызықтыратын нәрсе- қалыпты физиология және жеке бір аурулар мен жағдайлардың жалпы патофизиологиялық механизмі. Негізгі принциптермен танысқан соң диагностика әдістері мен емнің болжамын талқылауға кезек келеді. Студенттер белгілі бір науқас үшін маңызды мәселелерге тап келгенде ғана мынадай сұрақтарға қызығушылық танытады, мәселен: қант диабеті ағымының ерекшеліктері, науқастағы полиурияның себептері мен емдеу тактикасы сияқты. Ал күнделікті жауапкершілікті мойнына алып,клиникалық шешімдерді қабылдайтын тәжірибелі дәрігерлерде, керісінше, басқаша сұрақтар туындайды.Оларды ауруларды диагностикалау принципі емес, белгілі бір диагностикалық тесттің нәтижесін интерпретациялау көбірек қызықтырады, сол сияқты созылмалы аурудың жалпы болжамы, нақты бір науқастың келешегі, барлық емдеу әдістерінің түрлері емес, екі альтернативті варианттардың салыстырмалы артықшылықтары мен кемшіліктеріне көңіл бөледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 5464; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.