Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КПЖ – неге керек?




· Емнің нәтижесін жақсарту үшін

· Емдеу үшін жіберілетін қаражатты дұрыс қолдану үшін

· Емнің сапасын жақсарту үшін

· Емдеуге ғылыми тұрғыда қарау

· Ұйымдастыру жұмысын жетілдіру

· Білім деңгейін жақсарту

· Құқықты қорғау

· КПЖ – клиникалық шешімді қабылдау үшін қажет

· КПЖ-ні өзінің жұмысында дәрігерлер, менеджерлер, аурухананың, емхананың экономистері қолданады

· Егер КПЖ дұрыс құрастырылған болса, медициналық көмекті жақсартуға, бағасын арзандатуға көмектеседі.

КПЖ-ні құрастыру үшін қойылатын талап:

· Ең тиімді емдеу және қызмет көрсету жолын көрсету қажет

· Реабилитация, диагностика, профилактика және емдеуді үздіксіз жалғастыруды қамтамасыз ету жолын көрсету

· Пациенттің талабын қанағаттандыру

· Пациентке қызмет көрсету сапасын жақсарту

· Ресурстарды орынсыз қолдануды азайту

· Процестердің өзгеру себептерін түсіндіру

КПЖ-нің кемшіліктері:

· соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен байланыстың кейде болмауы

· қызығушылығы бар эксперттер пікірінің ғылыми фактілерге кері әсер тигізуі(күмәнді тәжірибенің жариялануы)

· құрастыру жолдары,спонсор және тәжірибеге енгізудің нәтижесі туралы ақпараттың болмауы

· ұсынылған іс-шараның пайдасы мен кеткен шығынның қатынасы туралы ақпараттың болмауы

· бір сұрақтың төңірегінде кейде қарама-қайшы ұсыныстардың болуы, дәрігерлерге көмектің орнына, тек академиялық пікірталас тудырады.

 

Дүние жүзінде КПЖ-нің әртүрлі типтері қолданылады

Алға қойған мақсатқа байланысты әр типтің өзінің жетістігі мен жетіспеушілігі бар.

Жаңазеландия тобы КПЖ-нің 5 негізгі түріне анықтама берді.

КПЖ-нің типтері:

1. Ең жақсы практикаға негізделген

2. Клиникалық протоколдар

3. Консенсусқа негізделген

4. Дәлелдерге негізделген

5. Дәлелдерге негізделген кеңейтілген нұсқау немесе жетекшілік

I тип – ең жақсы практиға негізделген КПЖ. Қолданылатын ем немесе зерттеу әдісі практикада анықталған, расталған туралы жүйелі түрде шығарылатын тұжырым дәрігерлерге емдеу жөнінде немесе белгілі бір оқиға жөнінде көмек береді немесе фундаменталді негізді перспективті жоспарлау үшін қажет.

II тип. Клиникалық протоколдар. Іс-әрекеттің нақты алгоритмі, сол бойынша жұмыс істеуді талап етеді. Одан ауытқу өте азғантай болуы керек. Мысалы: жүрек тоқтағандағы көрсетілетін шұғыл көмек, т.б.

III тип. Консенсусқа негізделген. Әртүрлі эксперттік топтардың келісіміне негізделген. Бір ем түрін ұсыну үшін немесе бір профилактиканы басқаның орнына ұсыну үшін дәлелдер жеткіліксіз болғанда қолданылады. Бірақ бұл ұсыныстан бас тартуға болады, егер клиникалық зерттеулердің нәтижесінде нақты дәлелденген мәліметтер алынса.

IV тип. Дәлелдерге негізделген:

· арнайы әдебиеттердегі ақпараттарды жүйелі бағалау және ізденіс нәтижелерін жете зерттеу, өңдеу жасауға негізделген

· берілген дәлелдердің маңыздылығын көрсетеді және пікірлерді дәлелдеуді анық бөліп қарауға тырысады

· қай ем жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, позитивті және кері әсерлерін ескере отырып, нәтижесінің абсолютті айырмашылығын есептеп шығарады.

V тип. Дәлелдерге негізделген кеңейтілген жетекшілік немесе нұсқау

Жоба бойынша дайындалады, айырмашылығы – медициналық практикаға, денсаулық сақтау жүйесіне өзгеріс әкелетін нәтижені көрсетеді, анықтайды (артықшылықтары, кері әсері, баға пайдалану)

СҰРАҚ:КПЖ-ні қолдану кезеңдері:

1. Аурудың маңызды сипаттамаларына негізделген жаңа КПЖ-ні дайындау үшін тақырыпты таңдау (аурушаңдақ, өлім-жітім, т.б.)

2. Медициналық әдебиетке жүйелі шолу жүргізу

3. Нұсқаудың жобасын дайындау

4. Дәрігерлердің, пациенттердің және басқа да қызығушылығы бар мекемелердің, топтардың пікірін жинау

5. КПЖ-ні бітіру және қызығушылығы бар негізгі топтардан мақұлдау, келісім алу

6. КПЖ-ні енгізу, қолдану(кейде бір таңдап алынған регионда)

7. Аудит жүргізу және КПЖ-ні қайтадан қарау

СҰРАҚ: КПЖ-ні дайындайтындарға арналған басқару принциптері қандай болуы керек? (медициналық зерттеулер жөніндегі кеңес, Австралия ғалымдарының ұсынысы)

1. КПЖ-ні дайындау және бағалау қолданушыларға маңызды көрсеткіштердің нәтижесін көрсетуді көздеу (мысалы:өмір сүру сапасы,аурудан жазылу т.б.))

2. КПЖ – бар дәлелдердің ең жақсысына негізделіп, дәлелділік деңгейін көрсету.

3. Дәлелдерді синтездеуге қолданылған әдіс обьективті болу.

4. КПЖ-ні дайындау процесі мультидисциплинарлы және қолданушыларды қатыстыру.

5. Жеке жағдайларды ескеру үшін КПЖ-нің икемді, бейімді болуы.

6. КПЖ-ні дайындау кезінде кейбір шектеулерді еске алу керек (мысалы: ресурстың мөлшері жаңа стратегияны енгізуге кедергі болады)

7. КПЖ-ні дайындауда тәжірибеге, жұмысқа енгізу және тарату, қолдану жоспары болуға тиісті.

8. Жаңа КПЖ-нің пайдасын дұрыс бағалау

9. КПЖ – жүйелі түрде үнемі қайтадан қаралып, толықтырылуға тиісті

 

СҰРАҚ: Клиникалық практикалық жетекшіліктің методологиялық сапасы қалай бағаланады?

КПЖ-ні бағалау әртүрлі әдістермен жүргізіледі

КПЖ-нң сапасын бағалау үшін халықаралық сұрақнама AGREE ұсынылды. Қазақстанда да AGREE (ЭГРИ) қолданылады.

Сұрақнама Ұлыбританияда дайындалды.

AGREE мақсаты:

1. Дүниежүзінде КПЖ жазу жөнінде бірыңғай көзқарас, тәсіл

2. КПЖ-нің сапасын бағалау, мониторлау үшін әдіс дайындау

3. КПЖ сапасының критерийлерін дайындау

4. КПЖ дайындағанда методологиясы қатаң сақталуы керек

5. КПЖ –ні тәжірибеге енгізуде денсаулық сақтау басшыларына көмек көрсету

AGREE құрылымы:

6 бөлімге топтастырылған 23 пункттен тұрады. Әрбір бөлімде нұсқаудың сипаттамасы бөлек беріледі.

Бөлімдері:

1. Қолдану орны және мақсаты(1-3пункт). Нұсқаудың соңғы мақсаты,нақты клиникалық сұрақтар, іріктелген пациенттердің тобы туралы.

2. Қызығушылық көрсеткендердің қатысуы(4-7 пункт).Нұсқауды өз жұмысында қолданатындардың көзқарасы,пікірі қаншалықты ескерілгені бағаланады.

3. Нұсқаудың мұқияттылығы, ұқыптылығы(8-14). Дәлелдерді таңдау, жинау, синтездеу және нұсқауды құрастыру мен жаңарту әдістері туралы.

4. Анық берілуі, ұсыну түрі(15-18) Ақпарат қай тілде, қандай форматта екендігі туралы

5. Практикаға енгізу мүмкіндігі(19-21) Клиникалық нұсқау қолданысқа өткеннен кейінгі мүмкін болатын ұйымдастыру,финанс жөніндегі нәтижелер туралы

6. Ұсыныстың тәуелсіздігі(22-23) Клиникалық нұсқаудың тәуелсіздігі және оларды құрастырушылардың мүмкін болатын келіспеушілігін мойындау, келісу туралы

Кемінде 2 сарапшы қажет, 4 сарапшы болса, тіпті жақсы. 4 баллдық жүйе бойынша бағаланады:

• толығымен келісемін

• аздап келісемін

• аздап келіспеймін

• толығымен келіспеймін

Студенттерге клиникалық нұсқауларды, ЭГРИ сұрақнамасы көмегімен бағалау мақсатында, таратамыз.Әдетте, сабақ уақытында біз студенттерді 2-3 кішігірім «эксперттер» топтарға бөліп, бірдей нұсқаулар таратамыз, сосын орташа баллды есептеу принципін түсіндірген соң, олардың тарауларын бағалауға уақыт береміз. Студенттер жай ғана баға қойып қоймай, өздерінің қарсылас-эксперттеріне қойған бағасын дәлелдеп береді, осылай бағалау нәтижелерін салыстыру КПЖ-нің сапасын дұрыс анықтауға көмектеседі.

ЭГРИ –ді есептеу мысалы:

 

Пункт1 Пункт2 Пункт3 Барлығы

 

Эксперт 1 2 3 3 8

Эксперт 2 3 3 4 10

Эксперт 3 2 4 3 9

Эксперт 4 2 3 4 9

 

Барлығы 9 13 14 36

Ең көп балл =4 (келісемін) х 3 (пункт саны) х 4 (эксперттің саны) = 48

Ең аз балл =1(келіспеймін) х 3 (пункт саны) х 4 (эксперттің саны) = 12

 

 

Шыққан балл 36 – ең аз балл 12

Ең көп балл 48 – ең аз балл12

 

(36 - 12) / (48 - 12) = 24/36=0.67 x 100 = 67%

 

СҰРАҚ: Клиникалық, медициналық аудит дегеніміз не?

Ол қалай жүргізіледі?

Клиникалық, медициналық аудит дегеніміз-

пациенттің өмір сүру сапасын, емдеу, зерттеу әдістерінің соңғы нәтижесін ескере отырып, медициналық көмектің сапасына, нәтижесіне жүйелі түрде сыни талдау жасау.Қолданылған іс -әрекетті белгілі стандартпен салыстыру.

Жақсы стандартқа жету үшін әртүрлі іс-шаралар және талдау жасау арқылы медициналық көмектің сапасын жақсарту қажет.Көрсетілген медициналық көмектің сапасын бағалау және алға қойылған мақсатқа жету үшін медициналық көмектің нәтижесін немесе белгілі бір іс-әрекет түрін зерттеп білу. Қазіргі кезде аудит- клиникалық зерттеулердің ажырамас бөлігі.

Аудиттің мақсаты- медициналық көмектің сапасын жақсарту.

Аудиттің түрлері. Осы аудитті жүргізушіге және оның инициаторына байланысты клиникалық зерттеулер аудиттерін бірнеше үлкен топтарға бөлуге болады. Егер аудит сол мекеменің қызметкерлерімен жүргізілсе, мұндай аудит «ішкі» деп аталады. Егер аудит, бұл мекеменің жұмысы мен ұйымдастырылуына қатысы жоқ, үшінші жақ сарапшылармен жүргізілсе, мұндай аудит «сыртқы» деп аталады.

Аудитті «жоспарлы» және «жоспарсыз» (белгілі бір себеппен) деп бөледі. Аудит кезінде жалған клиникалық зерттеулерді және зерттеу кезіндегі әртүрлі қателіктерді анықтауға болады.

Аудит – көмек көрсетудің нәтижесін немесе процесін тексереді және олардың арасындағы байланысты жақсы ажыратады.

Кездейсоқ аудиторлық тексеріс (наугад) мысалы: аудиттің бұл түрі аурулар туралы жазылғандарды тексеру арқылы бұрын қарастырылмаған стандарттарды бір жобаға келтіруге көмектеседі.

Жағдайды тексеру немесе эпизодты аудиторлық тексеру (болмауға тиісті жағдай, бірақ болды)мысалы: стационарлық емнің сәтсіз болуы, стационарда инфекциялық ауруларды жұқтыру, дәріден улану,кенеттен өлімнің болуы.

Аудиторлық тексерісті жүргізу үшін мынаны білу қажет:

· Сәйкес тақырыпты қалай таңдау керек

· Нәтижеге бағытталған мақсатты қалай құру керек

· Аудитті өткізудің әр кезеңінде қандай қолдаулар қажет

· Әдістемелік көмекті қалай құрастыру керек




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 4410; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.049 сек.