Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 2 страница




Егер тіркеушілер сұралушының сөзінен сұрау бланкін өздері толтырса – экспедициялық сұрау деп аталады, ал корреспонденттік сұрау барысында сұралушының өзі сұрау қағазын толтырып, оны өз еркімен өткізеді.

Егер сұрау қағазын сұралушының өзі толтырып, ал тіркеуші тек нұсқаулар жасап, бланктердің дұрыс толтырылуын қабылдау барысында бақылап қана отырса, онда ол – өзін–өзі тіркеу болып келеді.

Тілшілік тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынған адамдардың мекен–жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауда байланыс бөлімшелері арқылы жібереді.

Сауал–сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұраклушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады.

Статистикалық бақылаудың қойылуы келесіні алдын-ала анықтауды қажет етеді:

* мақсаттарды, неге жету үшін статистикалық бақылау жүргізіледі;

* бақылау объектісі, ол зерттеуге жататын әлеуметтік-экономикалық үрдістердің жиынтығын білдіреді (мысалға, өнеркәсіпке статистикалық зерттеу жүргізуде кәсіпорын бақылау объектісі болып келеді);

* бақылау бірліктері, бұл жерде бастауыш ұйым түсініледі – қажетті статистикалық мәліметтердің қайнары (мысалға, кәсіпорын);

* жиынтық бірліктері, мұнда есеп негізі болып келетін статистикалық бақылау объектісінің элементі түсініледі (мысалға, өнеркәсіп жабдықтарының санағында бөлек білдек).

Содан кейін жауаптарын алу қажетті болып келетін сұрақтар тізімінен құралатын, статистикалық зерттеудің бағдарламасы және сол сұрақтардың жауаптары жазылатын статистикалық бланкіні толтыру үшін нұсқау әзірленеді. Жиналатын мәліметтердің салыстырылуын және дәлдігін қамтамасыз ету үшін, оларды бір уақыт мезетіне келтіру керек, күдікті мезет деп аталады. Статистикалық мәліметтерді жинау барысында статистикалық бланкілерді және әртүрлі есептерді толтыруда қателер жіберілуі мүмкін, олар кездейсоқ және жүйелік деп бөлінеді. Жүйелік қателердің беталысты сипаты болады және олар әдейі ойланған және әдейі ойланбаған деп бөлінеді.

Таңдамалы бақылау – жаппай емес бақылаудың ең жетілдірілген түрі, мұнда жалпы бас жиынтықтан таңдамалы жиынтық деп аталатын қандай-да бір бөлік зерттелуге ұшырайды. Бұл зерттелген бөлікті сипаттайтын жалпылауыш көрсеткіштер жалпы жиынтыққа қатысты болып келеді. Таңдамалы әдіс жаппай емес бақылаудың басқа түрлерінен келесімен ерекшеленеді:

біріншіден, ол алдын-ала бас жиынтықтың қай бөлігі және қанша бірлігі зерттелетінін бекітеді.

екіншіден, таңдамалы жиынтық жеткілікті мөлшерде бас жиынтықты көрсететін (репрезентациялайтын) іріктеу түрін алдын-ала анықтайды.

Таңдамалы әдісті қолдану оған тән, бас және таңдамалы жалпылауыш көрсеткіштердің айырмасы ретінде болатын, репрезентативті қателерінің пайда болуымен байланысты.

Таңдамалыны қалыптастыру мақсатымен зерттелетін бас жиынтықтан бірліктерді іріктеудің әртүрлі тәсілдері бар.

Бақылауға іріктеліп алынған жиынтық бірліктерінің зерттеуге екінші рет қатысатындығы немесе қатыспайтындығына байланысты қайта іріктеу және қайталанбайтын іріктеу әдістері болып екіге бөлінеді:

- егер бас жиынтықтан іріктеліп алынған бірліктер тексеріліп, зерттеуден өткеннен кейін қайтадан жалпы жиынтыққа қосылып, келесі бақылау кезінде екінші рет тексеруге қатысатын болса, онда оны қ айта іріктеу деп атайды;

- егер бас жиынтықтан бір рет іріктеліп алынған бірліктер тексеріліп, зерттеуден өткеннен кейін қайтадан бас жиынтыққа қосылмайтын болса оны қайталанбайтын іріктеу деп атайды.

Жиынтық бірліктерінен іріктеп алу түрлі жағдайларға байланысты жекелеген, топталған және құрастырылған болып бөлінеді.

- жекелеген іріктеуде әрбір бірлік бірінен соң бірі жеке іріктеліп алынады;

- топталған іріктеуде зерттеуге алынған топтың барлық бірліктері толығымен тексеріледі.

- құрастырылған іріктеуде жекелеген және топтама әдістердің құрамы бірге алынады.

Статистикада бас жиынтықтан таңдамалы бақылау бірліктерін іріктеп алу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі. Соның ішінде ең жиі қолданылатын түрлеріне жататындары – кездейсоқ, механикалық, типтік және сериялы іріктеу.

- кездейсоқ іріктеу тәсілі деп бас жиынтықтың арасынан таңдамалы бақылауға алынатын бірліктерді кездейсоқ іріктеп алуды айтады;

- ал егер іріктеу бірдей интервал сайын механикалық түрде жасалса – механикалық деп атайды.

- таңдамалы бақылаудың типтік іріктеу тәсілінде бас жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді, содан кейін пропорциялық үлесі арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық тәсілмен зерттелуге жататын бірліктер тағы іріктеліп алынады.

-сериялы іріктеуде бас жиынтық бірліктерінен іріктеп алу кездейсоқ жеке-дара жүргізілмей, сериялармен, топтармен алынып, әр серияның, топтың бірліктері жаппай бақылауға толығымен алынады, ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштер бас жиынтыққа таратылады.

Мезетті-таңдамалы бақылау - таңдамалы бақылаудың ерекше түрі болып келеді. Оның мағынасы берілген элемент ұзақтығын ескермей, зерделеу үрдісінің бөлек элементтерінің белгілі уақыт мезетіне бар болуын бекітуде жатыр.

Таңдамалы жалпылауыш көрсеткіштердің репрезентативтігін бағалау көзқарасымен үлкен және кіші таңдамаларды ажыратады. Егер бірліктер саны 100-ден асса таңдаманы үлкен деп, ал 20-дан аз болса кіші деп санайды.

Негізгі әдебиеттер: 3 [24-36], 6 [10-15].

Қосымша әдебиет: 1 [ 15-16].

Бақылау сұрақтары:

1. Статистикалық бақылау түсінігі;

2. Статистикалық бақылау жіктемесі;

3. Статистикалық бақылау есебінің қойылуы.

4. Таңдамалы бақылаулар түрлері;

5. Таңдамалы бақылаудың сұлбасы

3.Дәріс тақырыбы. Статистикалық топтау және кестелер.

Дәріс конспектілері: Статистикалық топтау барлық бастапқы статистикалық материалды қолдану негізінде жатады. Статистикадатоптау әдісі деп қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады.

Топтау түрлері. Топтаудың үш түрі ажыратылады:

1)үлгілі (құбылыстардың әлеуметтік-экономикалық тұрпаттарын белгілеу);

2) құрылымдық (біртекті жиынтықтардың құрылымын анықтау);

3)талдаулық (қоғамдық құбылыстардың бөлек белгілерінің арасындағы тәуелділіктер мен байланыстарды табу).

Үлгілі топтау деп статистикалық бақылау арқылы жиналған әртүрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуді және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады. Үлгілі топтауға мысал ретінде тұрғындарды әлеуметтік құрамы бойынша топтау келеді. Құрылымдық топтауда біртектес, біртипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөледі. Оны қолдана отырып халықтың жас мөлшерін және жыныстық құрамын, білімін, ұлтын немесе жұмысшылардың мамандық дәрежесін және т.б. көрсеткіштерін анықтауға болады. Талдаулық топтаудың бір-біріне әсерін тигізетін себептік белгілері қоғамдық құбылыстардың өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесін жоғарылату себептік белгіге, ал осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады. Бір үлгідегі топтауға мысал ретінде 1. кестеде келтірілген.

Қазақстан халқының қоғамдық топқа бөлінуі, % есебімен:

1 кесте

           
Барлық халық          
оның ішінде
қызметкерлер 19.7 23.5 25.2 27.9 28.1
жұмысшылар 59.6 68.3 69.1 68.3 68.5
шаруалар 20.7 8.2 5.7 3.8 3.4

Төменде құрылымдақ топтауға мысал ретінде 2. кестедегі республика

халқының қалалық және ауылдық топқа бөлінуі көрсетілген.

2 кесте

          01.01.2002
Барлық халық, мың адам 9294.7 13008.7 14684.6 16536.6 16542.5
оның ішінде, % есебімен
қалада 43.8 50.3 53.9 57.2 56.2
ауылда 56.2 49.7 46.1 42.8 43.8

Таңдаулық топтауға мысал 3, 4 кестелерде келтірілген.

Кеме құрушы кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы бойынша теміркескіш білдектерінің құрамы.

3 кесте

Жұмыс мерзімдері бойынша білдектер топтары, жылдар Нәтижелі мөлшерлері, %
10-ға дейін 38,2
10-20 25,3
20 және одан жоғары 36,5
Барлығы 100,0

Теміркескіш білдектерінің жұмыс істеу мерзімдері және оларды күрделі жөндеу жұмыстарына кететін шығындар.

4 кесте

Жұмыс мерзімдері бойынша білдектер топтары, жылдар Топтағы білдектер саны Берілген топтағы білдектерді жөндеуге кететін орташа жылдық шығындар, мың теңге/бірл.жөнд. Берілген топтағы бір білдекті жөндеуге кететін орташа жылдық шығындар, мың теңге/бірл.жөнд
0-5   224,0 8,60
5-10   214,0 8,90
10-15   190,0 9,50
15-20   138,0 9,85
20-25   176,0 11,00

Жай және комбинациялық топтаулар

Бір белгіге қарай топталған топтар – жай, ал екі немесе одан көп белгілер бойынша бір–бірімен сәйкес топтарға бөлінсе комбинациялық деп аталады.

Топтау белгілерінің түрлері. Топтау атрибутті (олар құбылыстың сапасын сипаттайды және мөлшердік сипаты болмайды) және мөлшердік (бұл құбылыс өзгермесі санмен беріледі) маңызды белгілер негізінде жүргізіледі. Бірінші жағдайда топтар санын белгі сипаты анықтайды, ал екіншісінде – қандайда бір зерттеудің нақты міндеттері.

Таксономия. Статистикалық бақылау нәтижелерін топтау айтылғанмен қатар бейнелерді тану теориясының көмегімен жүргізіледі. Бұл жағдайда топтар (таксондар) арнайы әзірленген алгоритмдер негізінде құрылады. Бұл әдіс көп өлшемді объектілерді жіктеу үшін ең ыңғайлы болып келеді.

Қайта (кейінгі) топтау. Егер бастапқы статистикалық материалдарды топтау топтар саны жағынан немесе мәліметтерді салыстыру жағынан зерттеу мақсаттарын қанағаттандырмаса, онда қайта (кейінгі)топтауды жасайды. Жаңа топтар құрылуының екі тәсілі ажыратылады:

1) бастапқы топтау интервалдарын өзгерту;

2) жиынтықтағы бірліктердің анық үлесін белгілеу.

Бастапқы статистикалық материалды бақылау. Жиналған бастапқы статистикалық материал логикалық және арифметикалық бақылауға ұшырайды. Біріншісі бақылау алғашқы құжаттаманың мағыналық келістілігіне, ал екіншісі – есептік келістілігіне тексеру болып келеді. Одан кейін статистикалық жинақтауға кіріседі.

Статистикалық жинақтау. Статистикалық жинақтау деп бастапқы материалдарды, белгілі бір жүйе бойынша орындалатын нәтижелік есептер көмегімен, ғылыми түрдегі жалпылау аталады. Жинақтау қолдан немесе машинамен жасалуы мүмкін.

Күрделі жинақтау деп алдын–ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз. Статистикалық жинақтау нәтижелері әдетте статистикалық кестелер түрінде беріледі.

Статистикалық кесте – ол зерттелетін қоғамдық құбылыстардың цифлі сипаттамаларының талдауы мен мазмұндамасының рационалды түрі. Статистикалық кестеде бастауыш (зерттеу объектісі) және баяндауыш (зерттеу объектісін сипаттайтын сандық көрсеткіштер) ажыратылады.

Бастауыш сипаты бойынша статистикалық кестелер келесілерге бөлінеді:

- жай (оларға тек объектілер тізімі кіреді);

- топтық (оларға қандайда бір белгісі бойынша құрылған топтар кіреді);

- күрделі немесе комбинациялық(оларға қандайда екі немесе одан көп белгілері бойынша құрылған топтар кіреді).

Комбинациялық кестелерде мәліметтер жиынтығы бір емес бірнеше белгілер бойынша бөлінеді. Кесте тұрпатын таңдау оның құрастыру мақсатына байланысты. Егер кестелер жоспарлау және басқару үшін қолданылатын болса, олардың құрамында жоспарлау мен басқару жүргізілетін бөліктер бойынша мәліметтер болуы керек. Мұндай мақсаттарға көбінесе топтастырылған жай кестелерде қолданылады. Егер зерттелінетін объектіні тереңірек зерттеу керек болса, онда топтастырылған және комбинациялық кестелер қолданылады.

Жай кестелерде әдетте әртүрлі ұйымдар бойынша танымдық мәні бар деректер орналасады: кәсіпорындар, құрылыстар, мекемелер, министрліктер және т.б.

Жай кестеге мысал-1, 5 кесте келтірілген, мұнда Алматы қаласының түрлі аудандарындағы муниципальді пәтерлердің 2005 жылдың 5 ай ішіндегі бағаларының өсуі келтірілген.

2005ж Алматы қаласындағы муниципальді пәтерлердің 1кв.м бағасының өсуі (мың тг).

5 кесте

Пәтердің орналасқан жері (аудан) Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр
Алмалы          
Медеу          
Бостандық          
Әуезов          
Түркісіб          
Жетісу          

Бірнеше ай ішіндегі деректер мен аймақтық топтастырулар үйлесімі барынша пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік береді. 2.1 кестедегі деректерді зерделеу барысында Алматы қаласының аудандары бойынша муниципальді пәтерлердің 1 кв.м-рі бойынша бағалардың әр түрлі варианттарын көруге болады, мысалға, егер қаңтар айында баға 50000 (Жетісу, Түркісіб аудандары) мен 85000-ның (Бостандық Медеу ауданы) аралығында өзгеріп отырса, мамыр айында баға 65000-нан (Жетісу, Түркісіб аудандары) 100000-ға басқа ауданға қарай айтарлықтай өзгеріп отыр. Сонымен қатар, кестеден Алматының барлық аудандары бойынша пәтер бағасының тоқтамай өсу көрінісін байқауға болады. Мұндай кестелердегі деректерді жедел шешімдер қабылдауда қолдануға болады, мысалы, пәтер сатып алу мерзімін ең болмаса бір айға кешіктіргендегі, пәтер сатып алуға кететін шығынды бағалау үшін.

Қарапайым кестелерге қарағанда топтық және комбинациялық кестелер маңызды аналитикалық қасиеттерге ие: олар көрнекті салыстыруларды жүргізуге, ерекше байланыстарды және құбылыстардың пайда болу айырмашылықтарын ашып қарастыруға мүмкіндік береді. Комбинациялық кестенің мәні келесіде жатыр: топтық кестелердегі әрбір топтарды белгілі бір белгілер бойынша ішкі топтарға бөлінеді, бөлінген ішкі топтар одан ары қарай тағы бір басқа белгілер бойынша жіктелінуі мүмкін және т.с.с.

Көптеген белгілер бойынша комбинациялық түрде топтастырылған кестелер нәтижесі, топтастыру интервал саны аз болғанына қарамастан көрнектілігі болмаса - маңызды артықшылығынан айырылады, яғни кестені түсіну қиын болады. Сондықтан комбинациялық кестелерді құрастырғанда, олардағы төрттен артық интервалда белгілер саны үштен артық болмауы керек. Комбинациялық типті кестелерді және өзара байланысты топтастық жүйелерді қолдану күрделі қоғамдық құбылыстарды тереңдете және жан-жақты анализ жүргізуге мүмкіндік береді.

Комбинациялық топтастырудағыдай жеке белгілер бойынша ретсіз түрде емес, белгілер кешені бойынша бір уақытта топтастыру көп өлшемді деп аталады. Зерттелінетін құбылыстың бір ғана сапасының сипаттамасын бірнеше белгілер жинағымен беруге болады. Мысалы, кәсіпорынның техникалық даму деңгейін сипаттау үшін келесі көрсеткіштер қолданылуы мүмкін: өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қордың белсенді бөлігінің меншікті салмағы; автоматтық машиналардың және жұмыс машиналарының құрамындағы жабдықтардың және жабдықтардың меншікті салмағы; еңбектің электрмен жабдықтануы; жұмысшылардың машиналармен жабдықтануы; механикаландырылған еңбек ауқымының деңгейі; машиналарды және жабдықтарды жаңаландыру коэффициенті және т.б.

Жиынтықтың әрбір бірлігін белгілер жиынымен сипаттай отыра, бұл бірлікті -өлшемді кеңістіктегі нүкте ретінде қарастыруға болады, ал көп өлшемді топтастырудың мәні – біртектес бірліктер тобын құрайтын нүктелерді белгілеу болып табылады. Бірліктер арасындағы жақындық (ұқсастық) өлшемі ретінде түрлі критерийлер алынуы мүмкін.

Сулет 2. Алматы қаласындағы муниципальді пәтерлердің 1кв.м бағасының өсу динамикасы (мың. тг.) 2005ж.

Таңдалған критерийге байланысты көп өлшемді топтастырудың түрлі әдістері болады. Көп өлшемді топтастыру әдістерін қолдану үлкен көлемді есептеу жұмыстарымен байланысты және электронды есептеу техникасын қолдануды талап етеді.

Сурет 3. Алматы қаласындағы аудандарда муниципальді пәтерлердің 1кв.м бағасының өсу динамикасы (мың.тг.) 2005ж

Негізгі әдебиеттер: 1 [16-17],6[20-27];

Қосымша әдебиет: 1 [ 18-30].

Бақылау сұрақтары:

1. Статистикалық топтау және оның түрлері;

2. Статистикалық бақылауды топтау;

3. Бақылау интервалдарын топтау.

4.Статистикалық кесте түрлері қандай?

5. Көп өлшемді топтаулар мен статистикалық кестелер.

4.Дәріс тақырыбы. Нақты (абсолютті) және қатысты (относительные) шамалар.

Дәріс конспектілері: Нақты және қатысты статистикалық шамалардеп нақты қоғамдық құбылыстардың сандық белгілерінің өлшемдерін көрсететін көрсеткіштерді атайды. Бұл атаулы сандар. Өлшем бірліктері: натуралды, құнды және еңбектік болады. Натуралды – метр, тоннада, сағатта, киловатта. Құндылары ақшалай түрде. Еңбектік - өнім шығарылымының бірлігіне еңбек шығындары, яғни адам-сағат, адам-күндер.

Олар кәсіпорындардың, фирмалардың, концерндердің, салалардың және жалпы экономикада жоспарлау және анализ жұмыстарында кеңінен қолданылады. Зертелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстың барлық жағының көптүрлі сипаттамасын жалпыланған көрсеткіштердің барлық түрлерінің көмегімен ғана алуға болады. Онымен қатар, көрсеткіштердің әрбір түрі нақты мәнге ие және нақты шындықты білу процесінде алатын орны зор. Бастапқы мәліметтерді тікелей түрде қоса отырып, нақты уақытта және белгілі бір жерде орын алған зерттелетін құбылыстың жиынтық санын және көлемін сипаттайтын жалпыланған абсолютті көрсеткіштер алынады. Мысалы, 1999 жылдың 12 қаңтарына Қазақстанда санау жүргізу барысында тұрғындар саны 13.8 млн. адам екенін, ал жалпы ішкі өнім 2004 жылы 150 трлн. теңге құрағанын білдік. Келтірілген көрсеткіштердің біріншісі нақты уақыттағы тұрғындар санын сипаттайды және барлық уақытта бақыланған ақпараттар нәтижесі бойынша абсолютті шамалар алынады. Келтірілген көрсеткіштердің екіншісі құбылыстың нақты бір кезең ішіндегі көлемін сипаттайды да, ағымды бақылау деректерінің нәтижесі ретінде беріледі.

Нақты көрсеткіштер әрдайым атаулы сандар болып табылады, яғни қандай да бір өлшем бірлігіне ие. Натуралды өлшем бірліктері өнімнің тұтынушылық қасиетіне өлшем бірлігі сәйкес келгенде қолданылады. Мысалы, цемент өндірісі - тоннамен, маталар – метрмен, автомобилдер – данамен және т.б. Натуралды бірліктер құрамдас (күрделі) болуы да мүмкін. Мысалы атқарылған жұмыс уақыты адам-күнмен және адам-сағат, автомобильдік және теміржол транспортының жүк айналымы - тонна-километрмен және т.с.с. Құрамдас бірліктер құбылыстың екі түрлі жағының үйлесімділігін бейнелейді. Жұмыс уақытының шығынын есептеу кезінде - жұмысшылар саны мен олардың жұмыс уақытының ортақ өлшемі ескеріледі, транспорт жұмысының көлемін есептегенде - жүк көлемі мен тасымалдау ара қашықтығы ескеріледі. Кейбір жағдайларда бір өнім түрлі өлшем бірліктерімен өлшеніп есептеледі. Егер қандайда-бір өнім түрлері ортақ тұтыну қасиетіне ие болса, мұндай өнімдердің шығарылуы туралы жалпы қорытынды нәтижені шартты-натуралды бірліктердің көмегімен алуға болады. Мұндай жағдайда әртүрлі өнімдердің бір түрі ортақ өлшем ретінде алынып, ал қалғандары осы өлшемге қайта есептеудің сәйкес коэффициенттерімен келтіріледі. Мысалы, жанармайдың тонна көрсеткіштері кәсіпорын тұтынатын жанармайдың жалпы көлемін анықтайды, минералды тыңайтқыштарды өндіру көлемін анықтау кезінде қайта есептеу құнарлы заттардың және т.б. стандартқа немесе 100%-дың құрамына негізделіп жүргізіледі. Есептеу мәліметтерін кәсіпорын деңгейінде, сондай-ақ, салалық және халық шаруашылық деңгейінде ортақтандыру кезінде құндылық (ақшалай) өлшем бірліктері кеңінен қолданылады. Өнімнің ортақ көлемін ақшалай түрде алу үшін әр өнім түрінің бірліктер саны тура мағынада сәйкес түрдің бағасына көбейтіледі, содан соң алынған көбейтіндісі барлық түрлеріне қосылады. Өнім көлемінің құндық көрсеткіштерін анықтау кезінде абсолютті шама есептік жолмен алынады. Мұндай әдістер өндірістің таза өнімін, пайданы, ұлттық өнімнің жалпы көлемін және т.б. сияқты жалпыланған көрсеткіштерді анықтау кезінде қолданылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 836; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.