КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 4 страница
Негізгі әдебиеттер: 4 [24-29], 5[ 25-29]; Қосымша әдебиет: 1 [ 29-30]. Бақылау сұрақтары: 1. Статистикада орташа шаманың мағынасы; 2. Орташа шамалардың түрлері. 3. Дискретті өзгерме қатары үшін моданың мәні; 4. Қатар үшін модалы интервал шамасы. 5. Медиананың қажеттілігі неде?
6.Дәріс тақырыбы. Өзгерменің көрсеткіштері және оларды есептеу тәсілдері. Шашырандының (дисперсияның) математикалық қасиеттері және олардың қолданылуы. Дәріс конспектілері: Қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу кезінде орташа шамалар қортынды көрсеткіш ретінде жалпы жиынтықты өзгермелі белгілері бойынша барлығына ортақ сандық шамамен сипаталады. Бірақ, осы белгілердің ішкі құрлымына, өзгерісіне әсер тигізетін түрлі себептерді ашық көрсете алмайды. Себебі жиынтықты жеке белгілеріне әр түрлі жағдайлар әсер еткен сайын олардың арасында өзгеріс туады, яғни үлкенді - кішілі ауытқулар болады. Екі таратпалы қатардың орташа шамалары бірдей болса, онда олардың әрқайсысының ішкі құрылымдағы белгілер арасында да түрлі өзгерістер мен аутқулар болады. Егер қатар белгілердің жеке мәндерінің бір - біріне аздаған ғана өзгерістері болатын болса, онда орташа шама сол жиынтықтар үшін дұрыс деп саналады. Статистикалық өзгерме деп жиынтық бірліктерінің белгілеріне түрлі себептердің әсер етуінен болған сандық өзгерісті атайды. Экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгермелі шамасы, ауытқу дәрежесі әр түрлі керсеткіштермен сипаталады және статистикалық тәжірибеде нақты немесе қатысты өлшем бірліктерімен көрсетіледі. Нақты жене қатысты шама ретінде сол зерттеліп отырған жиынтық бірліктерінің біртектілігін, тұрақтылығын саралайды, ішінара бақылау кезінде жіберілген қатенің шамасын көрсетеді, белгілердің бір - бірімен байланыстылығы мен тәуелділігін анықтайды. Статистикалық зерттеуде және күнделікті тәжірбиеде экономикалық белгілер көрсеткіштері - өндірілтен өнім құны, саны мен сапасы, еңбек өнімділігінің артуы немесе кемуі, жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы ешуақытта тұрақты болмайды, өзгеріп отырады. Сондықтан, бұл көрсеткіштер жүйесінің ауытқу шамасының қаншалықты екенін анықтау үшін өзгерменің негізгі көрсеткіштері есептеледі. Ал олар мыналар: өзгерменің өрісі, сызықтық орташа ауытқу, шашыранды (дисперсия), шаршылық (квадраттық) ауытқу, өзгерменің коэффициенті. Өзгерменің өрісі. Статистикада сандық қатардың негізгі көрсеткіштерінің ішіндегі ең жай түрі, яғни белгілердің бір - бірінен сандық шамамен қаншаға өзгергендігін көрсететін көрсеткіш өзгерменің өрісі болып саналады. Сонымен, өзгерменің өрісі R сандық қатар белгілерінің ең жоғары (хmax) және ең төменгі (хmin)мән шамаларының арасындағы айырмашылықты анықтайды: Өзгерменің өрісі белгінің ең шеткі екі сандық мәні бойынша есептелгенімен, оның ішкі құрылымдағы өзгерістер мен ауытқушылық көрсетілмей, жасырын қалып қояды. Мөлшерлі өзгермесі бар топтау белгісі өзгереді, яғни жиынтықтың әр элементінде (вариациасында) әртүрлі сандық мәнді қабылдайды. Белгі өзгермесі екіге бөлінеді: үзілісті (дискретті) — араларында аралықтылары болуы мүмкін емес тек анықталған мәндері болады. үзіліссіз — белгілі-бір дәлдік дәрежесімен кез-келген мәндері болады. Берілген жиынтық тербелістерін сол белгінің орташа шамасын көруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан сол тербеліс шамасын анықтау үшін статистикада вариация көрсеткіштері қолданылыды. Өзгерменің өрісі шамасы келесідей табылады: (7) мұнда — топтың (интервалдағы) белгі айнымаласына сәйкес максималды және минималды мәндері. Өзгерменің коэффиценті дегеніміз квадраттық орташа ауытқу көрсеткішін арифметикалық орташа шамаға бөлу арқылы есептеледі, яғни: V=() (8) Өзгерменің коэффиценті неғұрлым кіші болса, солғұрлым орташа шама бірыңғай жиынтықтың құбылысын нақтылы сипаттайды. Мысал-5 бойынша өзгерменің үзілісті өрісін топтау (интервал) қатарын жазамыз: банк; Топтау әдістерінде әр ретінде -ді, яғни топтың бірінші интервалдығы мәні 3,7 –алынады, ал соңғы интервалдығы мәні 8,1 тең болады. ретінде .(0 мен 5 ортасы 2,5 –ке тең) .(0 мен 5 ортасы 2,5 –ке тең) Әр интервалдағы сәйкес келетін сандармен салыстырғандағы ауытқуларды, нақты және қатынасты тығыздықтың үлестірілімімен есептеу керек. Нақты шама үшін: . . Барлық өсімнің қайталану шамасы: . . n=5 тең интервалдар саны, барлық интервалдар ұзындығы бірдей 2,5 –ке тең. Үлестірім қатарлары Белгі варианталарының жиіліктерімен сипатталуы ретінде берілетін, үлестірім қатарының көмегімен өзгермеге ұшырайтын белгі тербелістері сипатталады. Белгінің әртүрлі өзгермелеріне сәйкес дискретті және үзіліссіз, немесе интервалды өзгерме қатарлары ажыратылады. Дискретті үлестірім қатарының графикалық кескіні полигон 9- суретте (көпбұрыш) түрінде, ал үзіліссіз қатар – гистограмма түрінде болады. Тең емес интервалдарымен үзіліссіз үлестірім қатарын талдауда интервал енінің бірлігіне келетін жиынтық бірліктерінің санын – «үлестірім тығыздығы» көрсеткішін пайдаланады. Әртүрлі мақсаттар үшін графикалық түрде кумулятивті қисық болып берілетін, жинақталған жиіліктер қатарын табу қажеттілігі туып тұрады.Жинақталған жиіліктер қатарының негізінде шоғырлану қисығы құрылады. Сурет 9. Үзіліссіз үлестірім қатары – гистограмма түрінде Статистикалық жиынтықтарға өзгермелі, құбылмалы белгілеріне түрлі себептер әсер етеді, олар өздерінің тигізетін әсерлеріне қарай кездейсоқ және тұрақты болып екіге бөлінеді. Соған сәйкес өзгерме де кездейсоқ және тұрақты болуы мүмкін. Сызықтық орташа ауытқу. Оны ауытқудың нақты арифметикалық орташа шамасы деп те айтады. Сызықтық орташа ауытқу төмендегі жай және салмақталынған түрлері мына формулалармен табылады: - жай түрі ; - cалмақталынған түрі Орташа шамадан ауытқу қосындысы әрқашан нолге тең болғандықтан, әр қатардағы ауытқудың математикалық таңбаларына қарамай, олардың нақты шамасын қосу арқылы есептеу керек. 6.1. Шашырандының (дисперсияның) математикалық қасиеттері
Шашыранды σ2 (дисперсия) өзгерменің көбірек қолданаылатын көрсеткіші, ал сызықтық орташа ауытқудың алымындағы жақша ішіндегі көрсеткіштерді дәрежелеу, яғни төмендегі формуламен анықталады - жай түрі (9) -салмақталынған түрі. (10) Квадраттық (шаршылық) σ ауытқу деп - шашыранды көрсеткіштерін түрлеудіруді айтады және ол төмендегі формуламен есептелінеді (11) Шашыранды мен квадраттық орташа ауытқу өзгермелі қатар белгілерінде және арифметикалық орташа шамада берілген атаулы өлшем бірлігімен өлшенеді. Олардың өлшем бірліктері белгінің жеке мәндерімен бірдей (теңге, кг, тонна,т.б.) Статистикада сандық қатар белгілері мен жиілік мәндеріне байланысты шашыранды мен орташа шаршы ауытқуды есептеу кейбір жағдайда қиындау түседі. Сондықтан, жұмыс көлемімен есептеу тәсілін жеңілдету үшін төмендегі берілген математикалық қасиеттерге сүйенуге болады: 1. Тұрақты шаманың шашырандысы нөлге тең: ; 2. Тұрақты көбейткіш шашыранды белгісінің алдына квадратталып шығады: ; 3.Тәуелсіз екі кездейсоқ шамалардың қосындысының шашырандысы сол шамалардың шашырандыларының қосындысына тең: ; а). Тәуелсіз екі кездейсоқ шамалардың айырмасының шашырандысы да олардың шашырандыларының айырмасына тең: ; 4. Егер белгі мәндерінің барлық варианталарын есе кемітсе шашыранды есе азаяды. Статистикада біртектес өзгерме көрсеткіштерінің бір немесе бірнеше топтарға байланысты шашыранды да үш түрге болінеді: жалпы, топаралық және топтық немесе топішілік. Топаралық шашыранды - деп жеке топтық орта шаманың жалпы жиынтықтың орташа ауытқуын айтады және ол мына формула бойынша есептеледі: - жай түрі (12) - салмақталынған түрі (13) мұндағы – - әр топтың орта мәні; - орташа шама; - нұсқалардың салмақтары. Топаралық шашыранды өзгерме белгілеріне әсер ететін тұрақты себептерді көрсетеді. Топтық шашыранды немесе топтық орташа шашыранды () деп - әрбір топ бойынша кездейсоқ себептердің тізбегі әсерінен оның өзгергендігін және мәні мен маңызын анықтауды айтады. Ол мына формулалармен есептеледі: - жай түрі; -салмақталынған түрі. мұндағы - орташа топтың шамасы; ki - әр топтың жиілігі. Топтық орташа шашыранды () мына формула бойынша да анықталады: =∑ σ2ki / ki Математиқалық статистикада жалпы шашыранды арқашанда топаралық шашыранды мен орташа шашыранды шамаларының қосындысына тең деп делелденген, яғни. σ2= δ2+ Егер топтық шашырандыны жалпы шашырандыға бөлетін болсақ, онда одан шыққан көрсеткішті R детерминация коэффиценті деп айтады: R2 = δ2/ σ2 Ал корреляция қатынасы (r), топтық және жеке қорытындылаушы белгілердің арасындағы тығыз байланысты байқауға мүмкіндік береді: r = Баламалы (альтернативті) белгілерден шашырандыны мына формуламен есептелінеді: σ2 =pq мұндағы р және q - қарама-қарсы белгілердің үлес салмақтары (р =1) Мысалы -6, р - жұмыс істеу уақыты, сонда q- бос тұру уақыты. Өзгерменің коэффиценті неғұрлым кіші болса, солғұрлым орташа шама бірыңғай жиынтықтың құбылысын нақтылы сипаттайды. Өзгерме ауытқуы, орташа сызықтық және орташа шаршылық ауытқу атаулы шамалар болып келеді. Олардың өлшем бірліктері белгінің жеке мәндерімен бірдей (теңге, кг, тонна,т.б.) Шашыранды мен орташа шаршылық ауытқу — өзгерменің ең жиі қолданылатын көрсеткіштері. Оны бұл көрсеткіштердің математикалық статистиканың негізі болып келетін ықтималдықтар теориясының көп теоремаларына кіретінімен түсіндіруге болады. Одан басқа, шашырандының белгі өзгермесіне әсер ететін әртүрлі факторларды бағалауға мүмкіндік беретін элементтерге бөлінуі де бар. Келешекте шашыранды, талдаудағы таңдамалы бақылаулар нәтижелерін бағалауда, корреляциялық байланыс көрсеткіштерін құру үшін және т.б. қолданылады. 6.2.Шашырандының (дисперсияның) қолданылуы Егер статистикалық жиынтық қандай-да белгі бойынша топтарға бөлінген болса, онда белгінің жеке мәндерінің тербелісін анықтайтын әртүрлі факторлардың әсерін бағалау үшін шашырандының топтаралық және топтық шашырандыларға жіктелуін пайдалануға болады. Егер жалпы зертелетін жиынтық бойынша белгі шашырандысын, яғни жалпы шашырандыны есептесек, онда алынған көрсеткіш жиынтық бірліктерінің жеке ерекшеліктерін анықтайтын барлық факторлардың әсерінің нәтижесі ретінде белгі өзгермесін сипаттайды. Мысал- 4 бойынша өзгерменің үзілісті өрісін 20 коммерциялық банктің бір жылдағы ақша түсімінің орташа мәндерін, шашырандысын, ауытқуын есептеу керек болсын ол үшін 9 кестедегідей түрде жазамыз. 9- кесте
Сурет 10.Қосымша ақша түсімінің қалыпты таратылуы Коммерциялық банкке ақша түсім таратылуы 9-кесте бойынша сызықтық ортаның ауытқуы 0,882 млрд тг. болса квадраттық орташа ауытқуы - 1,075 болғанда квадраттық орташа ауытқу-сызықтық орташа ауытқудан әрқашан көп болады. Егерде қалыпты (келтірілген) үлестіру формуласы қолданылса, онда мен арасында байланыс болады, өйткені ал болды. Негізгі әдебиеттер: 4[26-28], 5 [55-59]; Қосымша әдебиет: 1[ 42-53]. Бақылау сұрақтары: 1. Өзгерменің түрлері және ауытқуы; 2. Орташа шаршылық ауытқу және шашыранды; 3. Үлестірім қатарлары. 4. Шашырандыны есептеу формуласы; 5. Орташа шаршылық ауытқудың формуласы. 7. Дәріс тақырыбы. Іріктеу түрлері Дәріс конспектілері: Қоғамымыздағы болып жатқан құбылыстар мен процестерді, әдістерді статистикалық зерттеуде, тексерілуге алынатын жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне қарай, жаппай және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді. Соның ішінде ішінара бақылау әдісі соңғы жылдары жиі қолданылады. Жартылай, жаппай тағы да жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқтыларға бөлінеді. Ішінара бақылау әдісі статистикалық тәжірибеде ең көп таралған, жетілдірілген түрі болып саналады, халық шаруашылығы салаларының барлығында кеңінен қолданылады. Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды немесе өндірілгсн өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылады. Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын - ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштеріне толығымен таратуға, қолдануға болады. Егер бақылау қорытындысы барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, онда ол ішінара бақылау тәсіліне жатқызылмайды және оны жай зерттеу деп атайды
Сурет 11. Бас жиынтықтан бірлікті іріктеу түрлері. Ішінара бақылаудың жалпы түсінігі және оның түрлері Қоғамымыздағы болып жатқан құбылыстар мен процестерді, әдістерді статистикалық зерттеуде, тексерілуге алынатын жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне қарай, жаппай және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді. Ішінара бақылау әдісі статистикалық тәжірибеде ең көп таралған, жетілдірілген түрі болып саналады, халық шаруашылығы салаларының барлығында кеңінен қолданылады. Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды немесе өндірілгсн өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылады. Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын - ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштеріне толығымен таратуға, қолдануға болады. Егер бақылау қорытындысы барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, онда ол ішінара бақылау тәсіліне жатқызылмайды және оны жай зерттеу деп атайды Ішінара бақылаудың басқа зерттеулермен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері бар және оған мыналар жатады: а) ішінара бақылауды жүргізу кезінде жалпы жиынтықтың барлық бірліктері үшін іріктеуге алыну мүмкіншіліктері ортақ және олардың кез-келген жеке бөліктері кездейсоқ зерттеуге алынады; ә) ішінара бақылауды жүргізер алдындағы негізгі бір мәселе, оның көлемінің жалпы жиынтық бірліктеріндегі үлес мөлшерін анықтау болып табылады. Ішінара бақылауды дұрыс ұйымдастыру үшін және алға қойылған міндеттерді толығымен орындау үшін мына прициптер мен сатылық жұмыстарға аса көңіл бөлінуі тиіс: 1) бақылаудың не үшін жүргізілетіні туралы, оның маңызы мен мақсатын анықтау; 2) бақылаудың бағдарламасын жасау және жиналған мәліметтерді өңдеу; 3) бақылауды жүргізердегі ұйымдастыру мәселелерін шешу; 4) іріктеуге алынатын бірліктердің үлесі мен тәсілін анықтау; 5) жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге іріктеп алу; 6) бақылау көрсеткіштерін есептеу және мәліметтерге қорытынды жасау; 6) іріктеуде жіберілетін қатені есептеу; 7)бақылаудан кейін қорытынды жасау. Ішінара бақылаудың ерекшеліктері мынада: - ішінара бақылау жалпы бақылауға қарағанда тезірек, жылдам және арзанға жүргізіледі; - бақылау қысқа мерзім ішінде кең көлемінде жүргізілсе, қорытынды көрсеткіштер жедел алынады; - ішінара бақылау кезінде қате барынша аз кетеді және есептелген қорытынды көрсеткіштер дәлме - дәл болып келеді; - ішінара бақылау әсіресе жалпы бақылау қолдану мүмкін емес жағдайда пайдаланылады. Мысалы, жаңа ашылған мұнай қорының сапасын тексеру үшін барлық мұнайды зерттеу мүмкін емес. Сондықтан оның аз ғана бір бөлігін тексеріп, одан алынған нәтижеге қарап-ақ мұнайдың өзге бөлігінің сапасы қандай екенін білуге болады. Негізгі (жалпы) жиынтықтың қасиеттері туралы қорытынды жасау үшін ішінара бақылау іріктемесі (таңдамасы) репрезентативті болуы қажет, яғни негізгі жиынтықтың касиеттерін барынша толық көрсету керек. Таңдаманың репрезентативтігі тек қана алынатын мәліметтерді іріктеудің объектілігін қамтамасыз етуде ғана мүмкін болады. Іріктеменің үлгі жолы болуы мүмкін: кездейсоқ таңдама, белгіленген тәртіп бойынша бірліктерді іріктеу, осы екі тәсілдерді біріктірумен. Математикалық статистикада қайта және қайталанбайтын іріктеу әдістері пайдаланылады. Қайталанбайтын іріктеу әдісінде жаңа бірліктер біртіндеп жиынға қосылып отырады, ал қайта іріктеуде сол алынған бірліктер зерттеудің аяғына дейін өзгермейді. Бірінші әдіс жиі қолданылады және одан алынған қорытынды көрсеткіштер дәлдікті көрсетеді. Жиынтық бірліктерінен іріктеп алу түрлі жағдайларға байланысты жекеленген, топталған және құрастырылған болып бөлінеді.
Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 1158; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |