КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Роль чтения в процессе обучения иностранному языку 8 страница22-бап. Тіл – байланыс саласында Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге почта-телеграф жөнелтілімдері белгіленген халықаралық ережелерге сәйкес жүргізіледі. 5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау 23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды. 24-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 25-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 25-1-бап. Ономастикалық комиссияның құзыретi 1. Республикалық ономастикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Yкiметi: 25-2-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы: 25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы: 1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында тiлдердi қолдану және дамытудың өңiрлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; 26-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 6 тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану 27-бап. Тiл - халықаралық қызметте Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Н. Назарбаев 2-ВОПРОС В ТЕТРАДИ 3-ВОПРОС Ауызша сөйлеуге үйрету – шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып салалатындықтан, ең негізгі мақсат – естігенін түсіне білуге үйрету.
Түсінуге тексерудің ең басты бөліктерін – сурет арқылы, екіншіден – жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады.
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау – алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.
Шетел тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату. Оқытушы дұрыс,не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әртүрлі нұсқаулар түрінде де беруге болады.
Мысалы: “When Tom walks to the window, John will write Kate’s name on the blackboard“ Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, шетел тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі.
Фонетикалық және грамматикалық құрылымдарды тыңдау арқылы салыстыра және ажыраты білуге арналған тапсырмалардың мұндай түрлерін бірте-бірте күрделендіруге болады.
Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене білудің ең қажетт бөлігі болып табылады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалдар негізінде құрылады. Оның ішіне 3-4% таныс емес лексикалық материлдар қосуға болады. Алғашқы рет тыңдауға арналған мәтінге жіберілген уақыт 1-1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Төмендегі мәтінді мысал ретінде алуға болады:
My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen.
Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home.
When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Тыңдаған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу. Ауызша мәтінннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге видео-фильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады. Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлемнен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан – жақты жүргізген туста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз. Түсініп тыңдау деңгейде жан-жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екі – үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қол білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады.
Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.
Шетел тілінде тыңдағанын, естігенін түсіну біліктілігі басқа кісілермен сөйлесуге, тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырады. Шәкірттер тыңдап түсінуге арналған аутентті мәтіндермен түрлендіре жұмыс істеуге, сөйлеуге одан ары қарай жаттығады, баяндамалар жасайды.
Ағылшын тілінде мектеп бағдарламасы ауқымында шәкірттерді сөйлеуге үйрету, ауызекі тілде сойлету күні бүгін шетел тілін оқытудың ең басты міндеті болып отырғаны белгілі. Әр мұғалім өзі еңбек етіп жүрген мектебінің қарай оқыту тәсілдерін тиімді етіп, түрлендіре отырып жоспарлауы тиіс.
Мектеп жағдайында оқушыны ауызша сөйлеуге үйрету үшін жүргізілетін жұмысты дифференциялап жүргізуді екіге болуге болады: іштей және сырттай.
Іштей дифференциялау барысында оқушыларды қабілетіне қарай шағын топтарға бөліп, олармен тіл үйретуде ерекше әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет. Бұндай топтарды әрине оқушылардың деңгейлеріне және мүмкіндіктеріне қарай жұмыстар атқарылады.Әр мұғалім сынып оқушыларын әр түрлі бөлуі мұмкін, мысалы бір топта тілге қабілеті бар оқушылар, екінші топта тілді нашарлық білетін оқушылар, үшінші топта қабілеті, білімі жоғары да, нашарлау да оқушылар аралас болады.
Ал сырттай дифференциялау бойынша әрбір топ пен топтардағы оқушылардың коммуникативтік икемдігін, олардың шеьел тілін оқуға деген психологиялық жағынан дайындығын, елтануға байланысты материалдарды оқып және де оларды өз еліндегі және басқа елдердегі реалиялармен салыстыра отырып меңгеруге қабілеті, мүмкіндіг ескеріледі. Іштей дифференциялау сырттай дифференциялаумен өзара біріге келе оқушылардың тіл үйренуге деген мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Бұл орайда, әрине, оқушылардың жеке бас ерекшелігіне баса назар аудару керек. Сыныпта бала саны неғұрлым көп болса соғырлым мұғалім оқушының өзіне тән ерекшелігіне көңіл бөліп, дефференциялауға неғұрлым көп мүмкіндік жасауға тырысу қажет.
Сабақты өтудің әдіс – тәсілін түрліндіре, көрнекіліктермен әрлендіре отырып үнемі әрі жүйелі тұрде оқушылар жұмысын тексеріп кезде біз бұрынғы ескі тәсілмен оқушылар жұмысын тексеріп үнемі әрі жүйелі түрде оқушылар жұмысын тексеріп отырған дұрыс. Шәкірттердің білімін біркелкі бағалай салмауымыз керек, әр оқушының жауабының мазмұнын ескере отырып баға қоюымыз керек. Сонда, мазмұнды, жақс сөйлейтін оқушы одан нашарлау сөйлейтін оқушыға қарағанда өз білімнің жоғары екенін түйсінеді.
Оқушыны ауызша сөйлеуге жаттықтыруда тоғы бір ескеретін жағдай- жеке оқушыдан сабақ сурау кезеңі. Бір ғана оқушы жауап беріп тұрса, нашарлау (сөйлейтін) оқитын оқушылар оны тыңдамай отыруы әбден мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақ сұраудың әрбір кезеңінде барлық оқушыны қамтитындай тәсіл қолдануы тиіс.
Ауызша сөйлеуді дұрыс жолға қою үшін ең әуелі оқушылардың шетел тілінен сөз қорын дұрыс жинақтауына көңіл бөлу керек. Оқушылар әр сабақта өтілетін жаңа сөздерді жазып алып, жаттауы міндетті. Тіл үйренуші мектептегі сабақта тілді қалай үйренудің, қалай сөйлеудің жолдарын үйрене, үйде, сабақтан тыс кезде көп оқыса білімі сөйлеу дағдысы бай болары сөзсіз. Мектеп мұғалімі шәкірті жақсы сөйлесін десе оқушылардың екеуара сөйлесуіне көп көңіл бөлгені жөн. Пәнді жақсы меңгеріп келе жатқан оқушы мен үлгерімі төмендеу оқушыны нашар үлгерімді баланың айтқанын түзеп, көмектесіп отырады.
Ауызша сөйлеуге баланы дұрыс жаттықтырудың тағы бір түрі үйренген матрериалды жаңа материалға ауыстырғызып дағдыландыру. Өтімен материалды, сөздерді бала түрлі ситуацияға байланысты өзгерте отырып қолдануға дағдыланса сөйлеу қабілеті мығымдала түседі. Оқушылардың білімін бағалағанда мұғалім бірден «Сен төртке білесең», «Сен екіге білесің» деп бағаламауы тиіс, оқушылардың сөзінең қандай деңгейде болғанын сөзбен бағалап, содан кейін ғана баға қою керек. Тәжіребесі мол мұғалім сөйлеуге үйрету барысында сөйлеуге бейім тұратын және сөйлеуге аса ұмтылса қоймайтын міңезі ауыр балалар болатынын да ескертгені дұрыс болады.
Ауызша сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен жасауға болады:
А) «Көз алдыңа елестетіп көр» және «қиялдап кор» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру.
Ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамыта, күшейте түсетін суреттер тізімін қарап, соның көмегімен сөйлеу;
Б) Оқушыны қоршаған орта күнделікті өміріндегі болып жатқан жағдайына ұқсас, сәйкес келетін нәрселерді сипаттау. Ситуацияны бұлайша шектеу оны оқушыны ойландыратын тапсырмаларға айналдыруға мүмкіндік береді.
Ғалым И.В. Рахманов «заттық ситуация» мен «қарым – қатынасқа байланысты ситуация» бөліп қарау керек деген пікір айтты. Ол негізінде осында ситуациялардың тақырыптарымен бірге бағдарламаға енгізуге ұсынған болатын. Заттың ситуациялар оқушылар өз жанұясын, үй-емін т.б. өзіне жақын нәрсені суреттегенде пайда болса, қарым- қатынас ситуациялары шәкірт бір нәрсеге, біреуге өзінің жеке қозқарасын, қатысын білгенде жасалынады. Бұңдай ситуациялар бір нәрсе жайлы ойлап, өз ойын білдірісі келген жағдайда құралады. Сабақта әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді:
Іске асыруға мүмкіндік жасайды, ойткені олар белгілі бір проблеманы қозғап, соған арнайы құрылады. Сабақ үстінде ситуациялар құру, әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді іске асыруға мүмкіндік жасайды. Қарым – қатынас неғұрлым терең әрі жан – жақты болса, соғұрлым сөйлеуге дайындалу процесі жеделдетіп, оңайлана түседі, өйткені сөйлеу негізінде белгілі бір контекст тұрады. Ол контекст қарым – қатынас жасайтын адамдардың іс-әрекеті.
Сөйлеу үшін ең алдымен оқушыларды тіл арқылы қарым – қатынас жасауға ситуациялар арқылы үйрету керектігін негізге ала отырып Ресейлік ғалым Е. Пассов мынадай байлам жасайды: біріншіден, оқушылардың қара іс-әрекет жағдайын ескергенде ғана сөз әрекет іске аса алады; екіншіден, сипуацияларды үнемі өзгертіп жаңалап отырғанда ғана оқыту нәтижелі болады үшінші, ситуация оқушыны өз бетімен ізденуге мәжбүр етеді, себебі ол ес, ойлау сияқты жеке бас қабілетін сүйенеді.
Оқытудың ситуативтілігі оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана сабақ үстінде қатынас ситуациясы пайда болады. Е.Пассов өзінің ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде комуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуативтілікті» анықтап алу қажет екеніне көз жеткізген. «Ситуация-дегеніміз қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің санасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасының жүйесі, ал ситуативтілік дегеніміз-осы қарым-қатынастармен байланыс» деп қорытынды жасайды. Ол іс-әрекеттерде дара қарым-қатынастарда мынадай жетекші факторлар болады деп көрсетеді. Е.И.Пассов: а) статустық, ә)рольдік; б)іс-әрекеттік; в)ізгілік.
Шетел тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды әсіресе өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы ойын түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.
Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:
Әліпбиді дұрыс меңгерту; Орфографияны дұрыс оқыту; Оқу дағдысын қалыптасыру; Лексиканы меңгерту; Грамматикалық құрылымды меңгерту; 6. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына сай болу керек.Мұғалім кез- келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. 6-БИЛЕТ 1-ВОПРОС В ТЕТРАДИ
Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 628; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |