Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Роль чтения в процессе обучения иностранному языку 13 страница




 

балалар арасында жағымсыз іс-әрекеттерді болдырмауға, баланы бақылаусыз, қараусыз қалдырмау профилактикасы жүйесін өрістету;

 

балалар арасында экстремистік дінаралық профилактикалық жүйені өрістету;

 

тәрбиеге көнбейтін балалар мен оқушы жастарға психо-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

 

мүдделі ұйымдар мен мекемелердің іс-әрекетін қосымша білім беруге ие болуға қамтамасыз етуді үйлестіру;

 

қосымша беру мен оқу бағдарламаларының алуан түрлілігін дамыту арқылы дараланған тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету және жеке тұлғаға бағдарлы түрде қарым - қатынас жасауды іске асыру;

 

педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру, олардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын дамытуға жағдай жасау; білім беру мекемелерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие саласында бірізге түскен мамандарды дайындау жүйесін жасау;

 

Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысын ата-аналардың қатысу құқығына ие болуды жүзеге асыру арқылы олардың педагогтармен ынтымақтастығын дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

 

Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін олардың азаматтық және шығармашылық қызметтерінің түрлі формасын жасау арқылы балалар мен жасөспірімдердің бастамаларын жетілдіру және қолдау;

 

Балалардың арасында жағымсыз әрекетті болдырмау, балалар бақылаусыздығы мен қанғыбастыққа салынушылығының алдын алу жүйесін жетілдіру;

 

Тәрбиенің жаңашыл технологияларын қолдану негізінде балалар мен жастардың халықаралық ынтымақтастығын дамыту және нығайту;

 

Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесін ұдайы қаржыландыруды бюджетті және бюджеттен тыс барлық деңгейде қамтамасыз ету.

 

 

5. Бағдарламаны іске асырудың механизмі мен негізгі бағыттары

 

 

5.1. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жаңа моделін құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз ету

 

 

Нормативтік құқықытық актілерді жасау арқылы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің жаңа моделінің принциптерін реттеуді қамтамасыз ету:

 

Білім беру жүйесінде ұлтжандылықты насихаттаудың тұтас жүйесін жасау;

 

Балалар мен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу үшін Нормативтік құқықытық актілерді жасау арқылы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің жаңа моделінің принциптерін реттеуді қамтамасыз ету;

 

Балалар мен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу үшін төзімділік санаға баулитын бағдарламаларын жасау;

 

ҚР-ның қосымша білім беру жүйесінде оқушы жастар мен балаларды әлеуметтендіруді ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

 

Білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысының нәтижесі мен сапасын бағалаудың өлшемдерін жасау;

 

Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесінің жаңа моделін ендіруді қамтамасыз етудің аймақтық бағдарламасын жасау;

 

Жасөспірімдердің қоғамдық орындарда 22 00-ден кейін ата-анасыз немесе олардың орнындағы жандарсыз болуын шектеу, әрі олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР-ның құқықтық нормативтік актілеріне қосымшалар мен өзгерістер енгізу және оны дайындау;

 

Өз баласының тәрбиесіне деген ата-анасының немесе оның орнындағы жандардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қолданыстағы ҚР-ның нормативтік актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу және дайындау;

 

Өскелең ұрпақтың тәрбиесі жөніндегі нормативтік құқықытық актілер жинақтарын ұдайы шығару;

 

Балалар мен оқушы жастардың тәрбиесіне байланысты жаңа педагогикалық психологиялар мен әдістерді жасау және педагог-мамандардың біліктілігін арттыратын қолданыстағы бағдарламаларға сараптама жасау;

 

Балалар мен оқушы жастардың тәрбиесіне байланысты халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ата-аналар қауымдастығының білім беру ұйымдары мен мекемелері арасында қарым-қатынас жасаудың жаңа әдістері мен формаларын жасау.

 

 

5.2. Саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі

 

 

Саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі өз бойына саяси, рухани құндылықтардан жинақтаған оқу-тәрбие жұмысының кешенді бағыты;

 

Саяси және құқықтық мәдениетке тәрбиелеу демократиялық қоғамда адам құқығына құрметпен қарайды, төзімділікті, әлемдік мәдениетті қабылдауға қажетті икем машықтарын қалыптастыруға негізделген;

 

Саяси және мәдениетке тәрбие азаматтық - ұлтжандылық өз елінің дамуындағы жетістіктерге мақтаныш сезімінің де орыны ерекше: Қазақстанды әлемдік қауымдастық мойындауы республика экономикасының жақсаруы, халықтық өмір сүру деңгейінің көтерілуі, ғылымның, өндірістің, мәдениет пен спорттың дамуы, Қазақстанның жан-жақты жедел дамуы әрбір баланың Астананы, Алматыны және өзгеде калалардың мәнін, Қазақстандағы руханияттың, мәдениеттің, жаратылыстану ғылымдарының озық өндірістік техникалар мен технологиялардың іргелі орталығы ретінде сезіне білуінің манызы зор.

 

Осы мақсатқа жету үшін мыналар ұсынылады:

 

Балалар мен оқушы жастардың саяси және құқықтық мәдениетке қалыптасуының өлшемдерін жасау;

 

Білім беру ұйымдарындағы оқушылар үшін Қазақстандағы және әлемдегі демократиялық қайта құрулардың байланыстары жөніндегі анықтамалық материалдарды дайындау;

 

Адам құқығы негізін оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын енгізу;

 

Оқушылар арасында апталық ауызша саяси "Жеті күн" журналы, "Мезгіл және өзім" туралы диалогін, "Тарих иегінде" атты дөңгелек стол, "Сенің табысың Қазақстан" ақпарат орталықтарынан ұдайы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси мәдени халықаралық дамуындағы жеткіншектерінен ақпарат алуды өткізудің әдістемелік ұсыныстарын жасау;

 

Балалар мен оқушы жастар арасында адам құқығы аясындағы жағдяттарды түсіндіру мақсатында «Мектеп өмірімнің айнасы», «Құқықтық мәдениет әлемінде» тренингтері мен акпарат акцияларын өткізудің әдістемелік ұсыныстарын жасау;

 

Балалар мен жастардың көпшілік қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінде олардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;

 

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарын зерттеу – жеке тұлғаны әлеуметтендірудің демократиялық формаларының бірі;

 

Балаларды азаматтық-ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатындағы "Балалар бастамасы республикалық қоғамдық бірлестігін кұру арқылы оны балалардың қоғамдық ұйымдарымен үйлестіру;

 

Б¥¥-ның бала құқығы туралы Конвенциясына сәйкес балалардың шынайы түрде құқықтарын қамтамасыз ету үшін жэне еліміздегі балалар қауымын құқықтық сауаттындыру, балалар мен ересектердің салауатты өмір сүру туралы білімдерін көтеру, жасөспімдер мен балалар арасында алкогольді ішімдіктерді, есірткіні және темекіні пайдаланудың зияны туралы ескерту және алдын алу мақсатында балалардың республиканың қоғамдық қабылдау орталғын құру;

 

 

5.3.Ұлтжандылық тәрбиесі

 

 

Ұлтжандылық тәрбиесі әр баланың өз Отанына шынайы берілгендік сезімінің, Отан қорғау жолындағы азаматтық қорғау парызын және конституциялық міндеттерін орындауға дайындылық жүйелі әрі мақсаттандырылған қызметі;

 

Ұлтжандылық тәрбиесі – жеке тұлғаны ұлтжанды азамат қасиеттерімен қаруланған, Отан алдындағы азаматтық міндетін бейбіт және қиын кезеңде абыроймен орындауға бағыттайтын тәрбие.

 

Осы мақсатқа жету үшін мыналар ұсынылады:

 

Білім беру мекемелерінде ұлтжандылық тәрбиенің жетілдірілген жүйесіне кепілдемелер жасау;

 

Балалар мен оқушы жасындағы ұлтжандылық тәрбиенің әрекеттерін білім беру мекемелері мен ұйымдарының басқару және үйлестіруін қамтамасыз ететін механизмдерінің кепілдерін жасау;

 

ҚР-ң мемлекеттік рәміздерін қолдана отырып мемлекеттік мерекелерге, атаулы күндерге, оқу жылының басталуы мен аяқталуына және өзге де мектепішілік іс-шараларды өткізудің рәсімін жасау;

 

Мемлекеттік рәміздердің тарихын терең білу мақсатында «Жарлықтың, бейбітшіліктің және үміттің белгісі», «Еліміздің мемлекеттік рәміздерін безендірудің ең үздік бұрыштары мен қабырға жұмыстары», «ҚР-ның үздік орындалған Әнұраны» секілді байқаулары мен олимпиадаларын өткізу;

 

ҚР өмір сүріп жатқан халықтардың бай да терең тағылымды дәстүрлерімен ғұрыптарын үйреніп зерттеуді аймактық турист-өлкетану экспедицияларын өткізу;

 

Тәуелсіз Қазақстанның ортасы- Астана қаласына оқушыларды марапаттау сапарларын ұйымдастыру;

 

Білім беру ұйымдарының балалар мен оқушы жастарға беретін ұлтжандылық тәрбиесінен жинақталған іс-тәжірибесінен ақпараттық әдістемелік жинақ шығару;

 

Балалар мен оқушы жастарға ұлтжандылық тәрбие беру жөніндегі өзекті мәселелерді дамыту үшін интернет желісінде ақпараттық база құру;

 

Балалар мен ата-аналардың түрлі жас ерекшеліктерін ескере отырып көркем шығармалардағы жағымды қаһармандардың бейнелерін жинақтау үшін шығармашыл зиялылардың жасағын жию;

 

Қазақстан халықтарының тағдырына әсер еткен мемлекетіміздегі тарихи оқиғалардың айғақтық (фактографиялық) негізін мектеп мұражайларында пайдаланудың құралын жасау;

 

Республикамыздың білім мекемелеріндегі ұлтжандылық жұмыстарын үйлестіру үшін Кеңестері мен Штабтар құру;

 

Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің озық тәжірибелерін жинақтайтын республикалық банкісін құру;

 

Қосымша беру мекемелерінің аула клубтарының спорт алаңдары мен үйірмелерінің желісін кеңейту әрі олардың материалдық базасын нығайту;

 

 

5.4. Рухани - адамгершілік тәрбиесі

 

 

Рухани адамгершілік тәрбиесі балалар бойында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қабылдауды рухаии таным және физикалық күштердің үйлесуін дамытудан өзін-өзі танудан өзара түсінушілік пен өзара қарым-қатынаста және балалармен оқушы жастардың танымдық көзкарастарын, өзін-өзі таныту қасиеттерін жақсылықпен адамзатты сүю арқылы жүзеге асырылып қалыптасады.

 

Осы мақсатқа жету үшін мыналар ұсынылады:

 

Балалар мен оқушы жастарды рухани адамгершілік тәрбиесінің принциптері негізінде тәрбиелеудің үздіксіз әрі сабақтастық жүйесін құру;

 

Білім беру мекемелерінде «Өзіңді өзің таны» курсын енгізу;

 

Гуманитарлық білім мен табиғат жөніндегі білімді жаратылыстану-математика ғылымдарымен үйлестіре отыра "Өзіңді - өзің таны" курсын іске асыру;

 

Көп ұлтты Қазақстан жағдайында білім беру мекемелерінде этнопедагогика жүйесінің моделін жасау;

 

Балалар мен оқушы жастардың бойында ұлттық мақтаныш сезімі мен өз ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру;

 

Балалар мен оқушы жастарды бабалар мәдениеті мен ұлтаралық қатыныстар негізінде тәрбиелей отырып, халықтық педагогикалық замана сынынан өткен үрдістерін тарату;

 

"Қазақстан территориясындағы киелі жерлер мен ежелгі қалалардың қалыптасу тарихы" мәліметтерінен жинақ құрастыру;

 

Білім беру мекемелеріне көмек ретінде Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика журналын шығару;

 

Балалар мен оқушы жастардың рухани жан дүниесін дамыту үшін жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатыстыра отырып, «Қоғамға қызмет» атты республикалық бағдарлама жасау;

 

Балалар мен оқушы жастардың рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың негізгі өлшемін жасау;

 

Білім беру мекемелерінде балалар мен оқушы жастардың рухани өнегелілік тәрбиенің интерактивті әдістерін пайдалану ұсыныстарын жасау;

 

Мұғалімдер, балалар мен оқушы жастар үшін әлемде және діни экстремизм туралы лекциялар, әңгімелер циклін жасау;

 

Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері негізінде отбасы маңызы мен рөлін нығайту;

 

 

5.6. Есірткі және басқа да зиянды заттарды қолдануды болдырмау іс-шаралары

 

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайтудың басты бағыггырының бірі болып балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлық, ішкіліктік, темекі шегушілікпен күрес болып табылады.

 

Зиянды заттарды қолданудың алдын - алу балалар мен оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын, жаман әдеттермен қауіпті әрекеттерден бас тартуды қалыптастырады.

 

Осы мақсатта ұсынылады:

 

Балалар мен оқушы жастар арасында әлеуметтік нашақорлық иммунитетті қалыптастыру мақсатында наша мен зиянды заттарды қолдануды болдырмай алдын-алу жүйесін жетілдіру;

 

Балалар мен жас оқушылар арасында әлеуметтік нашақорлық пен басқа зиянды заттарды қолданудың алдын-алу мақсатында ақпараттық насихаттау кеңістік жұмыстарын жүргізу;

 

Оқушылар мен педагогтар үшін ВИЧ - инфекциялар нашақорлық, ішкшілікшілік, темекі шегушілік проблемалары жөнінен әдістемелік ұсыныстар, интеграрлық курсын құру;

 

Балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлық, ішкшілікке салынушылық және темекі шегуді алдын алу мақсатында ата-аналар үшін "Егер үйге бақытсыздық келсе не істеу керек?" атты құралын жасау;

 

Балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлықпен басқа да зиянды әдеттермен күрес жөнінде басқа ұйымдармен өзара байланыс моделін жасау;

 

Балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлық, СПИД, ішкіліктіліктің, темекі шегушілікті ескерту жөніндегі жасалған алдын-алу жүмыстарының мониторингін өткізу;

 

Зиянды әдеттерге тәуелділіктің алдын-алу үшін әлеуметтік психологиялық «Жоқ, рахмет» моделін жасау;

 

Зорлыққа қарсы және әдістерімен дағдыны меңгерту мақсатында "Мен өмірді таңдаймын" атты жасөспірімдер үшін оқыту психологиялық тренингін өткізу;

 

Өз құқығы мен жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім мекемелерінің оқушылары үшін оқыту бейнефильмдерін жасап көрсету;

 

"Тең-теңге принципі бойынша" интерактивті тренинг бағдарламасы арқылы балалаларды денсаулығын сақтау да өмірілік дағды мен жауапкершілік тәртібіне дағдыландыру;

 

Балалар мен ересектерге көмек көрсету үшін психологиялық қызмет "Сенім телефондарын, кеңестер, анонимдік кабинеттер желісін құру.

 

 

5.7. Білім мекемелерінің ата - аналарымен әлеуметтік серіктестігі

 

 

Ата-аналармен әлеуметтік серіктестік - бұл үштіктегі серіктестік қатынасты қалыптастыру. Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірілікті қамтамасыз ету. Осы максатта төмендегі' шаралар ұғарылды.

 

Отбасы мен мектеп өзара қатынасы моделін құру;

 

Педагогика мен психология мәселелерінен ата-аналардың хабардарлығын көтеру мақсатында конференциялар, дөңгелек стөлдер, лекциялар, жинақтар ата-аналар университетінің ағарту шараларын ұсыныстарын жасау;

 

Ата-аналардың мектептерге "Жүректен-жүрекке" позитивтік қатынасын қалыптастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау;

 

Отбасылық педагогтық "қонақ үй" атты ата-аналардың жас ерекшелігін ескере отырып отбасылық тәрбиені жандандыру жөнінде әлеуметтік педагогикалық, психологиялық тринингтер жасау;

 

Класс балалармен өз балаларын тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасымен танысу үшін психологтік педагогтық әдістерін жасау;

 

Сәтсіз отбасыларын анықтау және олармен жұмыс жөнінде балалардың кұқығын қорғау мақсатында әдістемелік нұсқаулықтар жасау;

 

Ата-аналардың бала тәрбиесінде құқықтық және психологиялық біліктілігін жетілдіру үшін лекциялар дайындау;

 

Ата-аналар ассоциясының, кеңестердің, комитеттердің, қорлардың жұмысын үйлестіру үшін ата-аналардың республикалык қоғамдық Кеңесін құру;

 

Балалар мен отбасыларына психологиялық құқықтық кемек беретін консультациялық кеңестік орталықтар қызметін жасау; 6. Кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау

 

 

Кадрлардың бі.іліктілігін көтеру және қайта даярлау кадр саясаты тәрбие жүйесінде кадрларды дайындау мен қайта дайындауда ерекше тәсілді талап етеді. Бүгінгі күннің негізгі талабы - педагогтық шығармашылығын дамытуға кәсіби біліктілік деңгейін көтеруге жағдай жасау.

 

Осы мақсатта:

 

Педагогикалық кадрлардың квалификациясын көтерудегі пайдаланып жүрген бағдарламаны жетілдіру үшін және балалармен мектеп оқушыларын тәрбиелеу жөніндегі жаңа педагогтық технологияларды жетілдіріп сараптап өткізу;

 

Білім беру мекемесінің ерекшелігін ескере отырып тәрбие саласының кадрларды даярлау және қайта даярлаудың бірегей жүйесін жасау;

 

Қалалық, облыстық, республикалық ББММКРИ жанында біліктілігін үнемі қосымша білім мекемелері мамандарының көтеру курстарын ұйымдастыру;

 

Тәрбие проблемаларымен айналысатын басқарушы және педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау деңгейін мониторингін өткізу ұсыныстарын жасау;

 

Әлеуметтік-мәдени ортада ашық педагогикалық өзара әрекеттестікті қалыптастыру;

 

Педагогтардың қоғамды дамытудағы прогрессивті жаңашыл жолдарын анықтап, тәжірибесін жинақтап тарату;

 

Білім мекемелеріндегі ең озат тәрбие жүйелерінің республикалық базасын жасау;

 

7. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

 

 

Бағдарламаны қаржыландыру қаржы жылына республикалық, жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс қаржы есебінен қаржыландырылатын болады.

 

 

8. Вағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

 

 

Балалар мен оқушы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруына Қазақстандық ұлтжандылық қалыптастыруына азаматтық сана сезімін, мәдениеттілігін, салауатты өмір салтын, кәсіби талғамдылыгын қамтамасыз ету мақсатында тиімді тәрбие жүйесін құру;

 

Балалар қоғамдық ұйымдарында балалардың азаматтық - ұлтжандыдық тәрбиесі үйлестіру жөнінде "Балалар бастамасы" атты республикалық қоғамдық Кеңес құру;

 

Оқыту тәрбие процесстерін үштік педагог, ата-ана, балаларды тарта отыра тәрбиеиің жаңа түрлерінің жүйесін дамыту;

 

Б¥Ұ-ның бала кұқығы туралы Конвенциясына сай еліміздің балалар бұқарасын құқықтық біліммен сауаттандыру ересектер мен балалардың салауатты өмір салты туралы білімін көтеру, алкоголді ішімдіктерді, темекімен есірткі заттарын жастар арасында жол бермеу және алдын алу мақсатында балалардың республикалық мекемесін құру;

 

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық көрсеткіштерін төмендету;

 

Зиянды заттар мен есірткі пайдаланатын жасөспірімдер арасындағы құқык бұзушылықтың көрсеткішін төмендету;

 

Отбасы мен балаларға әлеуметтік психологиялық-құқықтық көмек керсету қызметін (консультатциялық орталықтар) құру;

 

Білім мекемелерінде тәрбие жүйесінің (инновациялық) жаңашыл тәжірибелерді тарату;

 

Жоғарғы білікті маман кадрлармен қамтамасыз ету.

2-ВОПРОС В ТЕТРАДИ

 

3-ВОПРОС

Создание на уроке иностранного языка среды

взаимодействия - залог успешного развития ученика.

Крюкова Н.И., заместитель директора по УВР, руководитель кафедры иностранных языков.

 

Эффективность учебного процесса во многом определяется умением учителя организовать педагогическое общение с учеником. В наши дни процесс обучения иностранному языку понимается не как индивидуальная деятельность учащегося с учебным материалом, а как особым образом организованное общение или особая его разновидность.

 

Важной функцией такого общения на уроке является установление взаимодействия учеников и учителя друг с другом, в ходе которого реализуется задача присвоения школьниками речевого опыта на новом для них языке. Таким образом, процесс обучения иностранному языку предполагает взаимодействие (учитель – ученики и ученики друг с другом), под которым понимается, прежде всего, их совместная согласованная деятельность.

 

В условиях совместной творческой деятельности учителя и учеников, между ними должны складываться отношения партнерства, которые проявляются во взаимосвязи обучающего и обучаемых, в согласованности их речевых поступков. Именно такое сотрудничество имел в виду профессор психологии С.Л.Рубинштейн, когда писал: «… учение мыслится как совместное исследование…совместное прохождение того пути открытия и исследования, которое к нему приводит».




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 640; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.15 сек.