Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Роль чтения в процессе обучения иностранному языку 15 страница




- жалпы адамзаттық қасиеттері;

- кәсіби-педагогикалық касиетгері;

- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.

Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.

51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі.

Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады.

 

3-ВОПРОС

Коммуникативный подход как направление в методике преподавания Английского Языка (далее АЯ) возник в результате научных исследований, которые начали проводиться в Европе, США и Канаде в начале 1980 годов.

 

Коммуникативный подход основан на утверждении о том, что для успешного овладения иностранным языком учащиеся должны знать не только языковые формы (то есть грамматику, лексику и произношение), но также иметь представление о том, как использовать их для целей реальной коммуникации. После появления новаторских работ в этой области, в том числе исследований Р. Уиддоусона и Д.Уилкинса, многие преподаватели стали использовать понятие “функции”.

 

Дело в том, что существуют различные коммуникативные функции, которые важны для изучающих ИЯ, такие, например, как представится, как обратится к собеседнику с вопросом, просьбой и.т.д. Были разработаны методика и учебные материалы, которые знакомили учащихся с функциональным аспектом изучаемого языка и соответствующую систему упражнений.

 

Продолжая эту традицию, современное коммуникативно-ориентированное обучение готовит учащихся к использованию языка в реальной жизни. И учитель планирует на уроке как можно больше ситуаций обучения и поощряет попытки учащихся принять в них участие.

 

Основные приемы коммуникативно-ориентированного подхода к обучению АЯ мы использовали при подготовке группы гидов-переводчиков - формальные аспекты языка: грамматика, лексика и фонетика представляются в коммуникативном контексте так, что учащимся сразу становится понятно их использование в речи. Кроме того, учащимся предлагаются приближенные к реальной жизни задания, в ходе выполнения которых, систематически развиваются иноязычные речевые умения (аудирование, говорение, чтение, письмо). (Методическая разработка открытого урока, проведенного в группе гидов-переводчиков прилагается). Такой подход предполагает создание на уроке атмосферы доверия и сотрудничества, когда учащиеся оказываются, вовлечены в процесс обучения и ощущают радость познания и творчества.

 

Кроме использования знаний на практике учащиеся иногда должны принимать самостоятельные решения, а не только усваивать готовые ответы, которые даются учителем, что было продемонстрировано на открытом уроке, где учащимся надо было сыграть роль «гида» и «переводчика», продемонстрировать не только знание предмета, но и культуру общения, умение тактично вступить в беседу. Когда учащиеся работают парами или в группах, учитель отчасти выступает наблюдателем, но он должен следить за тем, что происходит в классе. После того как учащиеся поняли, что от них требуется, они могут работать самостоятельно. Однако, осуществляя контроль за работой, учитель должен записывать серьезные ошибки и возвращается к ним после выполнения задания. Повторяю, на этом этапе учитель исполняет роль наблюдателя, хотя и может вмешиваться, если увидит, что без его помощи учащиеся не могут выполнить задание до конца, а также, если его об этом попросят ученики.

 

После того, как время выполнения задания истекло, учитель обращается ко всему классу и сообщает о том, что он увидел и услышал, то есть устанавливает обратную связь. В первую очередь важно похвалить учащихся, если они справились с заданием. Это даст им стимул в следующий раз выполнить задание еще лучше. Разбирая ошибки, учитель сначала дает возможность исправить их самостоятельно. Случается, что учащиеся допускают ошибки вследствие спешки или невнимательности. Если ученик не может самостоятельно исправить ошибку, учитель может попросить сделать это других учащихся. Этот прием позволяет удерживать внимание учащихся и способствует их мотивации.

 

Если остальные не могут дать правильный ответ, следует еще раз объяснить материал, вызвавший затруднение. Обратная связь полезна и для учащихся и для учителя. После того, как учитель ввел и закрепил правильную модель со всей группой, надо еще раз обратиться к ученику, который изначально допустил ошибку. Учитель должен убедиться в том, что теперь все учащиеся понимают, в чем заключалась ошибка.

 

Однако, очень важно при составление программы обучения помнить, что изучение ИЯ должно непременно включать в себя различные аспекты и коммуникативные умения. Я имею в виду так называемый комплексный подход (multi-syllabus). Исходя из этого, типовая комплексная программа должна состоять из следующих частей:

 

1) Изучение грамматики

 

2) Изучение функций языка

 

3) Изучение лексики

 

4) Работа над произношением

 

5) Развитие речевых умений

 

6) Межпредметные связи.

 

Именно такая форма работы видится нам наиболее эффективной при изучении ИЯ.

 

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жүмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

 

Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

 

1.

Іс-әрекетті тез өзгерту.

2.

Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

 

Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді.

 

Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы – көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.

 

Кез-келген адамның екі үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл - адам қабілетінің жалпы түрі, өмір суруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы тұрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

 

Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы ұстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл – адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ао екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.

 

Сонымен, қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көріністін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

 

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттіліктіайтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады.

 

Қорытындай келе, «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі қөрсеткішін (Б.М. Теплов) атайық:

 

1.

Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.

2.

Қабілет – барша түлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

3.

Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

 

Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудыруда. Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан, тарихы Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттердің биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін дәріптейтін қөзқарас. Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу қарқынын өзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болған, Гайдн – 4, Дина Нүрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және сәулет өнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэл – 8 жаста, Ван-Дейк – 10 жаста, Дюрер – 15 жаста өнермен айналыса бастаған.

 

Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра түсіндіреді. Белгілі болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. Ұлы тұлғалардың, мысалы, И.С. Тургеневтіңмиі – 2012 г., Д. Байрон – 1800 г., аталған көрсеткіштен біршама жоғары болған. Мұндай дәлелдер біршама баршылық. Бірақ қабілет пен ми байланысына орай басқаша, кері дәлелдері де келтіруге болады: Ю. Либихтің миі – 1362 г., А. Франстың – 1017 г. Ал ең ғажайыбы, өте ауыр ми 3000 г. артық ақыл-есі кем адамда байқалған. Солайда болса, кең қауым арасында «миы көп – ақылды» деген ұғым көбірек жайылған, осыдан маңдайы биік, жазық маңдай адамды сыртынан данаға баламалап, одан келелі ой-пікір күтеміз, ал екі елі, тар маңдайлы адамның қабілетін күнілгері жоққа шығарып, одан ешбір негізсіз үмітімізді үземіз.

 

Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдың «Френология» деп аталған психологиялық тағылымында дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқы формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мәні: бас миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған бірқанша орталықтардан құралады. Осыдан, мидың тиісті бөлігінің ауқым-көлемінен онда мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталатын көрінеді. Арнаулы зерттеулер негізінде әрқайсысы белгілі дара қабілетке сай келетін бас сүйегінің 27 учаскесі анықталып, қартаға тұсірілген. Осы картадан музыка, поэзия, сурет өнеріне сай «қабілет ісіктерін», менмендік, сараңдық, батырлық «қабілет дөңестерін» т.б. айыруға болады екен. Дегенмен, кейінгі дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл және адамгершілік қабілеттерін бас сүйегінің «дөңістігі» не «сайларымен» анықтау ғылым тұрғысынан ерсі әрі негізсіз.

 

Солай да болса Ф. Галль ұсынған мидың мекендік қызметі жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болды. Бұл идея кейін Фрич және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами түсті. Аталған бағытты зерттегендер арасында Ч.Ф. Дарвиннің эволюциялық теориясына негіздеп, қабілеттің тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған Ф. Гальтон есімі өз алдына. Әлемге әйгілі тұлғалар өмірнамаларын талдай отырып. Ф. Гальтон адам табиғатын жетілдіруде аса дарындылардың нәсілдік заңдылықтарын ашу және пайдалану қажет деген қорытындыға келді.

 

Тұқым қуалаушылық идеяларына тікелей қарсы шыққан ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын бірбеткей әсірелеумен болды. XVIII ғасырдың өзінде-ақ К.А. Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады. Бұл бағыт тарапындағылар дамуы өте кешеуілдеген тайпа балалары оқу, тәрбие нәтижесінде Европа зиялыларының деңгейіне көтерілгенін дәлелдейтін кейбір деректерді тілге тиек етіп, өз идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты. Сонымен, бірге бұл еңбектер әлеуметтік тәрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай болатынын бетке ұстады. Белгілі мәдениет аймағында ерекше арнайы қабілеттердің орнығатыны да осы зерттеулерге негіздеме ретінде келтірілді. (А.А. Леонтьев, О.Н. Овчинникова, Ю.Б. Гиппенрейтер). Мұндай тұжырымдардың ізімен әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөнінде қорытынды жасалды. Осы көзқарасты қолдаумен американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеп көрсетеді. Қазіргі күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз дарынды балаларын «өсіретін» арнайы орталықтар ұйымдастырып жатыр.

 

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

 

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышанның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы.

 

Нышан мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет.

 

Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тумаберілген нәзік есту қасиеті – музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу – болашақ суреткер болудың алғы шарты.

 

Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандайда адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса, онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.

 

Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар, бейімділік әрекеттің бір саласына әуестенушілікті көрсетеді.

 

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объекті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркем-өнер туындыларын тамашалауы ықтимал, біраұ ол осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

 

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністері болуы қажет: ең алдымен – еңбексүйгіштік, табаңдылық, батылдық.

 

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

 

Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.

 

Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.

 

Қабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыратылады. Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет – шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді.

 

Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, тұлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады.

 

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық құбылыс – талант. Талант арнайы қабілеттердің жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияқты талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.

 

Қабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шындалу деңгейі – данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады.

 

Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына рухи көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кездер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып – шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл тұлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық ептілігінен, жаңалық ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді.

 

2-ВОПРОС В ТЕТРАДИ

 

 

3-ВОПРОС:

Проблемалап оқыту әдісі

 

Педагогика ғылымының дамуында «проблемалап оқыту» әдісі кең таралған. Бұл әдісте оқыту және таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалап оқытудың логикалық негізі ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің ьбасты мақсаты – информатика ғылымының негіздерін меңгеріп қана қоймай, информатика сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

Проблемалап оқыту әдісі – оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.

Мұндағы басты міндет – оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы және игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажеттіі зейін – зердесін тәрбиелеу болып табылады.

Психологтар адамның ойлау операциясын екі түрге бөледі. Біріншісі - өмірдегі дайын өнімді игеру туралы ойлау операциясы. Мұны дайын өнімді көшірме меңгеру деп атайды. Жалпы алғанда, репродуктивті оқыту әдісі дегенімііз осы. Екіншісі – шығармашылық ойлау операциясы. Мұндай ойлау операциясы адам баласының өз еңбегі арқылы қажетті өнімді өзі жасау үшін қолданылады.

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.

2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.

3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.

4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

Проблемалық мәселелердің дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.

Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 765; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.