Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Роль чтения в процессе обучения иностранному языку 12 страница




 

Балалар арасындагы қаңғыбастық пен бақылаусыздық әрекеттерінің алдын алу жүйесін жетілдіру әрі оқушы жастар мен балалар бойындағы жағымсыз әрекеттерге қарсы тұру қабілеттерін арттыру.

 

Оқушы балалар мен жастарлың арасында діни экстремизмге шалдығудың алдын алу шараларының тұтас жүйесін жетілдіру.

 

Тәрбиесі өте қиын оқушы жастар мен балаларға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету.

 

Білім беру жүйесін қосымша біліммен қамтамасыз етуге мүдделі ұйымдармен мекемелердің әрекеттерін бір орталыкқа үйлестіру.

 

Қосымша білім беру мекемелерінің түрлерін дамыту және білім беру бағарламаларының көп түрлілігі арқылы оқыту мен тәрбиелеудің дараланған түрімен қамтамасыз ету.

 

Білім беру мекемелерінің және ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие саласындағы мамандарды дайындаудың бірыңғай жүйесін жасау, ол үшін педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру, кәсіби біліктілігі мен шығармашылығын жетілдіру үшін қолайлы жағдай жасау.

 

Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысына ата-аналардың қатысуына қолдау жасау мақсатында педагогикалық ынтымақтастықтың тиімді жүйесін дамытуды қалыптастыру.

 

Балалар мен жасөспірімдердің бастамаларын қолдаумен дамыту арқылы балалардың қоғамдық бірлестіктерінде олардың алуан түрлі азаматтық әрі шығармашылық әрекеттерін тиімді түрде жүзеге асыру.

 

Тәрбиенің технологияларын қолдану негізінде балалардың халықаралық ынтымақтастығын дамыту және нығайту.

 

Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі бюджетті және бюджеттен тыс қаржыларды үйлестіре білу.

 

 

Іске асыру механизмі:

 

Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесін жаңа модельдің принциптерін қамтылуын реттейтін нормативтік құқықтық актіні дайындау.

 

Білім беру мекемелеріндегі тәрбие қызметінің нәтижелілігі мен сапасын бағалау көрсеткішін дайындау.

 

Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің жаңа моделін ендіруді қамтамасыз ететін аймақтың бағдарламасын жасау.

 

 

Іске асыру мерзімі: 2006-2011 жылдар.

 

 

Қаржыландыру көздері:

 

Бағдарламаны қаржыландыру әр жылда қарастырылатын республикалық және жергілікті бюджеттердің бюджеттен тыс қаржы көздерімен қамтамасыз етеді.

 

 

Күтілетін нәтижелер:

 

Балалар мен оқушы жастардың бойында қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтық сана-сезімді, төзімділікті, мәдениеттілікті. салауатты өмір сүру салтын ұстануды, шығармашылық мүмкшдіктерін жүзеге асыруды, кәсіби талғампаздықты қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесін құру.

 

Балалар мең оқушы жастарды азаматтық ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін балалардың қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында республикалық "Балалар бастамасы" атты қоғамдық кеңес құру.

 

Білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда ата-аналардың,

педргогтардың үштік одағын (бала, ата-ана, мұғалім) қарастыратын тәрбие жүйесінің жаңа түрін дамыту.

 

Ата-аналар ассоцациаларының, кеңестерінің, комитеттерінің, қорларының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету үшін республикалық қоғамдық кеңесін құру.

 

БҰ¥-ның бала құқығы туралы Конвенциясына сай, еліміздің балалар бұқарасын құқықтық біліммен сауаттандыру, ересектер мен балалардың салауатты өмір салты туралы білімін көтеру, алкогольді ішімдіктерді, темекі мен есірткі заттарын жастар арасында пайдалануға жол бермеу және алдын алу мақсатында балалардың республикалық қоғамдық мекемесін құру.

 

Республикадағы білім мекемелерінде патриоттық жұмыстарды үйлестірудің штабтары мен кеңестерін құру.

 

Балалар мен отбасыларына әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсету мақсатында кеңес беру орталықтарын құру.

 

Оқушы жастар мен балалар арасындағы құқық бұзушылықтың көрсеткішін төмендету.

 

Зиянды заттар мен есірткі пайдаланатын балалар мен оқушы жастардың санын азайту.

 

Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірибелерін тарату.

 

Өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудің озық үлгідегі тәжірибелерін жинақтайтын республикалық банк құру.

 

 

2. Кіріспе

 

Елдегі қоғамдық – саяси өмірдің он жылында болып жатқан өзгерістер рухани-өнегелілік бағдарлауды, тұспалдауды мұрат етуде көптеген қоғамдық сананың барлық формасының мазмұнына өзгертулер енгізілді.

 

ҚР Білім жүйесінде тәрбиені өрістету мемлекеттік білім саясатының негізгі бір бағыты болып саналады.

 

Балаларды әлеуметтендіруді шешудің негізгі міндеті – қазіргі жағдайда бүкіл білім жүйесін жаңаша сапалы жағдайға өтуін қажет етеді.

 

Балалық шақ адам өміріндегі негізгі кезең екендігін мойындай отырып, балалар, оқушылар мен жастардың қоғамдағы өмірі толық қамтамасыз етілуі негізгі қағида болып саналады.

 

ҚР 1999 жылы баланың құқығы туралы БҰҰ Конвенциясына қол қойды. Осы Конвенцияны, ҚР Президентінің «Қазақстан 2030» халыққа үндеуі, «Білім туралы» Заңына сәйкес республика көлемінде заңдылықтардың базасын жетілдіру бойынша балалар мен оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жағдайлар жасауда көптеген жұмыстар жүргізілуде.

 

Мемлекетік рәміздерді өзгертуге, азаматтылыққа, төзімділікке, рухани-өнегелілікке, жеке тұлғаның қалыптасуына, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуын негіз ала отырып ҚР білім ордаларында 2006-2011 жылдарға арналған комплексті (кешенді) тәрбиелеу бағдарламасы жасалған.

 

Бұл бағдарлама өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, балалар мен оқушылар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда негізгі стратегиялық бағыт болып есептеледі.

 

 

3. Мәселелердің жағдайын талдау

 

 

ҚР-да туылған 18-жасқа дейінгі 5 миллионнан астам бала тұрады. Олардың ішінде 1,5 млн.нан астам балалар мектеп жасына дейінгілер, 3 млн. Жоғарысы – жалпыға бірдей мектептерде және кәсіби оқу орындарындаоқытылады.

 

ҚР-ның Конституциясына сәйкес барлық балалар мемлекеттің қамқорлығында.

 

Республикада балаларды тәрбиелеу және оқыту ҚР «Бала құқығы», «Білім Заңы», «Қазақстан Азаматтарының денсаулығын қорғау Заңдарымен» нормативтік құқықтық құжаттарда жүйелендіріледі

 

Мемлекет өміріндегі көптеген мәселелерді шешу балалар мен оқушы жастардың азаматтық позициясын қалыптастыруға өз халқының әдет ғұрыптарын қадірлеп қастерлеуге байланысты.

 

Осы мақсатта білім ордаларында тәрбиелеудің комплекстік (кешенді) бағдарламасы, өнегелілік жыныстық тәрбиелеу Концепциясы, ВИЧ-СПИД эпидемияларына қарсы күрес. Стратегиялық бағдарлама, мектептен тыс мекемелердегі жұмыстардың Типтік ережесі, мектеп жасындағы және жасөспірімдерді, әскерге шақырылатын жастарды сауықтыру және бейімдеу Бағдарламасы жасалған, бірнеше құқықтық құжаттар, нұсқаушы әдістемелік хаттар мен ұсыныстар шығарылған. Олар «Мемлекеттік білім мекемелерінде білім принциптерін орындау», «ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін білім ордасында насихаттау және қолдану»,"Ауылдарда мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру», «ҚР-ның Конституциясы күніне арналған іс-шаралар" т.б.

 

Білім ордаларындағы тәрбие жұмыстарында ең негізгі орынды ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін оқушылар арасында үйретіп, насихаттау. Мемелекттік саяси және өнегелілі маңызын ұғыну үшін окушылардың ой-өрістерін «Қазақстан тарихы", "Құқықтану" пәндері бойынша ұлттық және мемлекеттік мекемелерге байланысты сабақтан тыс іс-шаралар өткізу оң орнын тапқан болар еді.

 

Балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеуде патриоттық тәрбие балалар мен жастардың қоғамдық мекемелерін, қаламгерлік одақтарын құруда оң шешімін табады. Республика бойынша 200-ден астам балалар мен жастар ұйымдары ұйымдастырылған. Олар: «Болашақ», «Ұлан», «Айналайын» Қарағанды облысы, «Шұғыла» (Ақтөбе облысы), «Мұрагер» (Қостанай облысы), «Достар» (Жамбыл облысы), «Жайық жастары» (Батыс Қазақстан облысы), «Зеленая республика» (Оңтүстік Қазақстан облысы) т.б.

 

Соңғы жылдары жергілікті атқарушы мекемелер балалар мен жастарға арналған аула клубтарын ашуда көп жұмыстар атқаруда. Қазіргі уақытта оның саны 542-ге жетті. Мұндай клубтар балалар мен оқушы жастардың, әсіресе мінезінде ауытқуы бар жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыруда әлеуметтік-педагогикалық негіз болып табылады. Ескере кететін жайт, мұндай клубтардың өркендеуіне педагог-ардагерлер, ішкі істер органдары, ауған жауынгерлері мен интернационалистер маңызды ықпалын тигізеді.

 

Республика көлемінде әскери - патриоттық клубтардың слетін, «Ұлан», «Алау» топтарының әскери-спорт ойындарының, "Майские звезды" солдат ән-байқауын, "Батырлы" сабақтарын "Поиск" ("Ізденіс") әскери даңк операциясын, "Отанның лайықты баласы" тақырыбында кештерді, "Патриот", "Забота" республикалық әскери-патриоттық акцияларды, әскери бөлімдер мен жоғарғы әскери оқу оргаңдарына ашық есік күндерін өткізу дәстүрге айналуда.

 

Қазақстан жастарының патриоттық көз қарасын қалыптастыруда және еліміздің қарулы күштеріне офицерлік кадрларды дайындауды негізгі республикалық әскери-интернаттар атқаруда. Соңғы үш жылда әскери интернат түлектерінің 527-сі немесе 45% білімдерін түрлі әскери оқу орындарында жалғастыруда.

 

Жекелеген облыстардағы білім мекемелерінде алғашқы әскери дайындық пәні бойынша тереңдетіп оқыту кластары ашылған. Астана қаласында, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарында кадет кластары мен мектеп-интернаттары қызмет етуде.

 

Жеткіншектерді тәрбиелеуде білім мекемелері мен ұжымдардың ең озық тәжірибелері таратылды. Атап айтар болсақ: "Мектеп пен отбасы: өзара әрекет және оны шешу жолдары", "Наркоманияның алдын-алу өзекті іс". Оқушылар мен студенттер арасында наркотикке қарсы қозғалысын ұйымдастыру: Сонымен қатар республика көлемінде "ҚР-ның білім мекемелерінде әскери қызметтің мәселелері мен оны шешудің жолдары" тақырыбында семинар; "Жасөспірімнің ауытқу" проблемалар мен тәжірибелер. «Мінезінде ауытқуы балалардың білім алуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар-кеңес; "Қәзіргі замандағы класс жетекшінің баланы тәрбиелеу қызметі», «Баланы тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік оқу семинарлары өткізілді.

 

Бүгінгі күні күні республиканың білім беру мекемелерінде 5 мыңға жуық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 1,3 мыңнан астам аға тәлімгерлер, 284 мың класс жетекшілер мен 900 жоғарғы психологтар еңбек етеді.

 

Тәрбие жүйесінің міндеттерін жузеге асыру мақсатында білім мекемелерінде мектептен тыс қосымша білім алу тізбектерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Республика бойынша 627 мектептен тыс мекемелері бар. Оның 227 ауылдарда.

 

Мектептен тыс мекемелер санының бірқатар облыстарда өсуін атап айтуға болады: Шығыс Қазақстанда (3 бірлік), Жамбылда (2 бірлік), Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында (1 бірліктен).

 

Жазғы демалыс кезінде балалардың демалуы мен сауығуына республика бойынша 286 қаладан тыс демалыс лагерлері, 6 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерлер, 85 – санаториялық, 236 – шатырлы, 6 жыл бойлық, 874 – профильді, 108 - дебаттық және басқа да лагерлер балалардың 43,2% қамтиды.

 

Тәрбие кеңістігі жеке тұлғаның өсуі мен өзін-өзі көрсетуде ең маңызды шарт болып табылады.

 

Соңғы он жылда тек оқушылар және жастардың ғана келбеті (бейнесі) өзгеріп қойған жоқ, сонымен қатар ата - аналар мен ұстаздардың да бейнесінен өзгерістерді көруге болады.

 

Қазіргі кезде жасөспірім күнделікті әртүрлі проблемалармен бетпе - бет келетін социалдық кеңестер кеңейіп отыр. Балалар мен оқушы жастар арасында бірлестікке ұмтылу қарқыны олардың қоғамдығы рөлі, өзін-өзі көрсету, өз ойын айтудың түрлі формалары мен жолдарын таңдауларын байқауға болады. Басқа жағынан қарайтын болсақ, білім мекемелерінде жасөспірімнің өзін-өзі көрсетуге іс жүзінде жағдай жоқтығын да байқаймыз.

 

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясы жеке тұлғаның әлеуметтендіру институты өткізген социологиялық ізденіс балалар мен оқушы жастардың бос уақыттар ұйымдастыру саласында күрделі ағаттықтар бар екендігі анықталды.

 

Жоғарыдағы ізденістердің қорытындысы мынаны көрсетеді: балалар мен оқушы жастардың бос уақыттарының ұйымдастырылуы олардың қызығушылығына сәйкес емес. Тек оқушылардың 6 % қызығушылығына қарай үйірмелерге (клубтарға) қатысады, 15% - спортпен шұғылданады, тек оқушылардың 2 % ғана мектептің қоғамдық жұмысына араласады, 18 % -компьютерде ойнаса, 9 % - теледидар көреді, 69% - ойланған кез-келген іспен шұғылданады.

 

Балалар мен оқушы жастар арасында өзін-өзі басқаруды өркендету – жаңаша тәрбиелеудің аса бір технологиялық принципі болып табылады. Бірақ, сұраққа жауап берушілердің 59% өздерінің кластастарының қоғамдық селқостықтың өсуін атап өтсе, 54% - окушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы қызық еместігін, тек формальдық екендігін айтады.

 

Ұстаздар мен оқушы арасындағы қарым-қатынасындағы күрделі проблеманың бар екендігін окушылардың 7% атап айтса, өз қатарларымен нашар қарым-қатынас бар екендігін оқушылардың 12 % мәлімдейді.

 

Позитивті құндылықтардың жетіспейтіндігі айырықша білінуде. Мысалы, білімнің қажеттілігіне оқушының 12% баға беруде, мектепке тек достарымен кездесу үшін келетіндер 40% құрайды, 10% мектепті жақсы көреді, 12% оқу қызық екендігін айтады.

 

Өз қатарлары мен біршама үлкен балалардан, ұрылардан, күш көрсетушілерден, ұрып-соғушылардан жәбір көретін жасөспірімдер саны көбейіп келетіндігі анықталды. Жәбірленушілер 67% құрап отыр.

 

Зиянды әдет бар балалардың жастық цензі азаюда. Мысалы, оқушылардың 40% үнемі алкагольді пайдаланса, 26% - мектепте темекі шегуді бастайды, 15% - нашақорлық заттарды пайдаланады.

 

Балалар мен оқушы жастардың этикалық және рухани - өнегелілік дамуында қорқынышты ситуациялар анықталды.

 

Патриоттық сезімнің және құнды бағыттың қалыптаспағандығын мына жауаптардан көруге болады: елдің саясатымен оқушылардың 16% ғана қызығады, бұл тақырыпқа мүғалімдермен әңгімелесетін оқушылар 2% құраса, 30% өз отанында өмір сүргісі келеді, ал 47% - шет елде өмір сүргісі келетіндігін жасырмайды.

 

Мұндай жағдайдың бір себебі балалар мен оқушы жастардың тәрбиені бағаламауы десек те болады. Тәрбиенің өзі құндылық, өзара қатынас, тәртіп, мораль өнегелілік сияқты категориялармен анықталады.

 

Қазіргі кезде балалар мен оқушы жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде жұмыстарды өрістетуді қажет етеді. Жасөспірімдер ортасында патриоттық көңіл-күйдің төмендеуі орын алуда, тәуелсіз идеясының маңыздылығының деңгейі төмендеуде.

 

Балалар мен оқушы жастардың патриоттық тәрбиесі бүгінгі таңда Отан алдындағы борыш, адалдық, азаматтық борышты, конституциялық міндеттерді орындауға қажетті деңгейде қалыптастырылмағандығы белгілі.

 

Соңғы жылдары балалар мен оқушы жастар өзіміздің мәдениетімізді жоғалтып, шетел мәдениетіне еліктеуі қатты толғандырарлық жайт. Көптеген сексуалды тұрғыдағы теледидардан көрсетіліп жүрген шоу - программалар өсіп келе жатқан болашағымыздың түбіне балта шабуда.

 

Ал Германия Федеративтік Республикасының балалармен жұмысында басқа да жайттар айтылады. Онда арнайы заңдылықтарға сәйкес қатігездікке, қылмыскерлікке итеретін бейне таспаларды көрсетуге қатаң тыйым салынған.

 

Сонымен қатар, АҚШ-да, Германияда, Австрия мен Швеция елдерінің заңдылықтары 18 жасқа дейінгі жастардың кафе, ресторан, ойынханаларда болу уақытын шектеген.

 

Балалардың қоғамдық өмірге араласпауына мектептен тыс мекемелердің қысқартылуы үлкен себеп болып отыр. 1991 жылмен салыстырғанда олардың саны 1 мың бірліктен астамға қысқарып отыр, ондағы оқушылар контингенті -356,5 мыңға қысқаруда. Мектептен тыс мекемелермен оқушылардың тек 11% ғана қамтылған, ауылды жерлерде - 4,1 %.

 

Балалардың қосымша білім алуы да өз деңгейінде қаржыландырылмайды. Республика бойынша 2004 жылы мектептен тыс мекемелердегі қосымша білім алу орта есеппен 80% қамтамасыз етілді. Бұл балалардың өлкетану, техникалық шығармашылық жұмыстарында негативті әсерін тигізді. Республикада техникалық шығармашылық бойынша мектептен тыс мекемелер саны 14, жас туристер станциясы - 9.

 

Жабдықталған жайларда мектептен тыс мекемелердің 64% орналасқан, 31,4 % - күрделі жөндеуді қажет етеді, 5 мекеменің ғимараты апатты жағдайда.

 

Окушылардың қосымша білім берумен өте аз қамтылуы жасөспірімдер мен жастардың ортасында қылмыстың, нашақорлықтың, бақылаусыздықтың күрт өсуіне әкеліп отыр.

 

Жылдан - жылға қараусыз балалар саны өсуде. Кәмелетке толмаған баланы уақытша окшаулау, бейімдеу және ақтау орталығына жыл сайын 10 мыңға жуық осындай балалар әкелінеді.

 

2004 жылы бойынша ішкі істер органдарында заңға қайшы келетін іс-әрекеттерімен 23 мыңнан астам балалар әкелінген, оның ішіндегі 13,9 мыңға жуығы тұрмысы нашар отбасы балалары.

 

Ішкі істер органдар қызметкерлері 2004 жылы 6,5 мыңнан астам кәмелетке толмаған қылмыс жасаушыларды ұстауды, 1441 жасөспірімдер нашақорлықпен айналысуына байланысты есепке алынған. Соңғы 4 жылда жасөспірімдер арасындағы алкаголизмге шалдыққандар саны 2,5 есе өсті.

 

Соңғы 15 жылда дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемелерінің аймақтық бюросының мәліметі бойынша әлемде 14 жаспен 21 жас аралығында өзін-өзі

өлтірушілер саны 2 есеге көбейген. Бұл жағдай Қазақстандық жасөспірімдер арасында да кездеседі.

 

Мұның негізгі себебі үлкендер тарапынан түсініспеушілік пен қамқорсыздық, отбасындағы орайсыз атмосфера, жас баланың есеңгіреулікпен күресе алмайтындығы, өмір сүру қабілетінің жоқтығы немесе өз қатарларымен қарым-қатынас жасай алмайтын қабілетінің жоқтығы.

 

Дегенмен, барлық мұғалімдер мен тәрбиешілер қажетті деңгейде тәрбие процессіне көңіл бөлмейді, қажетті деңгейде отбасылармен қарым-қатынас жасамайды. Соның салдарынан отбасылардың білім ордаларынан, педагогтардың - отбасыдан, отбасы - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуынан алшақтап кетеді. Тәрбиелеудегі тағы да бір фактор - ол педагогтың балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мүмкіншіліктерін, жас ерекшеліктерін, педагогикалық жаңа технологиялар мен әдістемелерді білмеуі де себебін тигізеді.

 

Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде кездесетін біршама мәселелерді шешу үшін тәрбиелеудің принципиалды жаңа әдістемесі қажет.

 

Тәрбиенің моральді - этникалық даминантты жаңа моделі ретінде гуманистік идеялық қағида болуы тиісті, - ол ұлттық әдет-ғүрып, патриотизм, төзімділік, өз ісіне жеке жауапкершілік көзқарасы.

 

Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша ҚР-ның білім мекемелерінде 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие бойынша комплексті (кешенді) бағдарлама қабылдау қажет. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

 

 

Мақсаты:

 

Білім мекемелерінде тәрбие жүйесінің жаңа моделін жасау;

 

Патриотизм, азаматтық төзімділік, рухани-өнегелілік, шымыр да белсенді тұлғаны қалыптастыруға социалды-экономикалық, саяси-кұқықтық жағдайларды жасау және стратегиялық басымдылығын анықтау;

 

балалар мен оқушы жастардың шығармашылық және танымдылық істерге араласуға дайындығын, өзін-өзі көрсете білуі үшін білімділік пен социалды кеңістікпен камтамасыз ету;

 

 

Міндеттері:

 

білім мекемелерінде тәрбие жүйесінің нормативтік құқықтық базасын өрістету;

 

білім мекемелерінде жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беруде қажетті ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру - педагогикалық, хабарлауды қамтамасыз ету;

 

ҚР мемлекеттік рәміздерін оқушылар мен жастарды кадірлеуді қалыптастыру;

 

білім беру мекемелерінде қазіргі социомәдениеттік жағдайларын есепке ала отырып, тәрбиелеу мен оқытудың жаңа құндылықтары бар тәрбиелік мәнді үлгілерге зерттеме жасау;

 

балалар мен. оқушы жастардың ұлт аралық және этникалык қатынас мәдениеттілігін көтеру;

 

оқушы жастар арасында әлеуметтік нашақорлық иммунитетті қалыптастыру мақсатында нашақорлықпен, басқа да жаман әдеттерден сақтануда профилактикалық жүйені өрістету;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 636; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.