КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Логопедия
Олигофрено-педагогика Тифло-педагогика Сурдо-педагогика Дефектология ТЕМАТИЧЕСКИЙ ПЛАН ТЕМАТИЧЕСКИЙ ПЛАН ЛЕКЦИЙ НА КАФЕДРЕ ПЕДАГОГИКИ по дисциплине «Педагогика» для студентов 2 курса Лечебного факультета
1.Педагогика как наука. Основные категории современной педагогической науки. Система образования в РФ. Педагогическая деятельность в лечебном учреждении.2ч. 2. Методы педагогического исследования и обучения, формы обучения в деятельности врача.2 ч. 3. Воспитание в профессиональной деятельности врача. Методы, формы и направления воспитания базовой культуры личности.2 ч.
СЕМИНАРСКИХ ЗАНЯТИЙ НА КАФЕДРЕ ПЕДАГОГИКИ по дисциплине «Педагогика» для студентов 2 курса лечебного факультета
1Педагогика как наука Основные категории современной педагогической науки.
2.Педагогическая деятельность в лечебном учреждении. Медицинская педагогика.
3.Методы педагогического исследования в деятельности врача.
4.Обучение в профессиональной деятельности врача.
5.Методы и формы обучения в профессиональной деятельности врача
6.Воспитание в профессиональной деятельности врача
7.Методы и формы воспитания. Базовая культура личности и направления воспитания.
8.Воспитание здорового образа жизни
9.Половое воспитание
24. Адам жанын терең зерттей отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашу – бұл психология 25. Балалар ағзасындағы анатомиялық-физиологиялық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процестің практикалық және теориялық мәселелерінің дұрыс шешу жолдарын іздестіру - жас ерекшелік физиологиясы №2 лекция бойынша: 1. Білім беру тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы - әдіс 2. Әдістің атқаратын қызметтері - білім беру тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы 3. Ғылыми әдіснаманың негізін салған ғалым - Гегель 4. Гегель әдісінің мәні? мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсету 5. Педагогикалық зерттеу дегеніміз - оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұжымдық формалары мен әдістерін ашуға бағытталған қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру процесі және оның нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі болып табылады. 6. Белгілі бір мәселені ойлау, концептуалды-тұлғалық және практикалық процесс – Зерттеу 7. Ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар беру - Дескриптивтік әдіснама 8. Зерттеу іс-әрекеттерінің жобасын белгілеп көрсету - Прескриптивтік әдіснама 9. Әдіснамалық білімдер тобын Э.Г.Юдин бойынша жіктеу. 1. Философиялық деңгейі - танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді 2. Жалпы ғылымдық деңгейі - ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолдануы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. 3. Нақты ғылымдық - қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. 4. Технологиялық - зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. 10. Педагогикадағы философиялық бағыттар? экзистенциализм, неотизм, позитивизм, неопозитивизм. прагматизм, Экзистенциализм – адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дəріптеуші көрнекті өкілдер»: Н.А.Бердяев, Л.И.Шестов (Ресей), М.Хайдеттер, Г.Ясперс (Германия), Ж.Сатр, А.Камю (Франция), Э.Брейзах, П.Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мəні оның субъективті сипатта болуына тəуелді. Олар объективті білім мен объективті шындықты тікелей мойындамайды. Сырттай дүние əр адамның ішкі «Мен»-і тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс. Неотомизм – орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған əдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни догмаларды дəлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет болған. Позитивизм - табиғаттану пəндері мен оларда қолданылатын əдістерді əсіре дəріптеп, сандық зерттелген дəйектерді ғана дұрыс деп дəлелдейді және таниды. Таптық күрес, қоғам дамуы, əлеуметтік қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми деректеуге келмейді деп жариялады. Позитивистер үшін бірден бір мəнді ғылымдар – бұл математика мен табиғаттану. Неопозитивизм - білім беру жолында мазмұнға емес, əдістерге елеулі мəн беріп, оқу мен тəрбиеде негізгі нəрсе - «білім емес, ал оны ұғу мен игеру əдістері» деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің көрнекті өкілі - ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси қайраткері – Дж.Конант. («Бүгінгі Америка орта мектебі», «Американ мұғалімдерін дайындау» еңбектері). Прагматизм - болмысты танудың негізі - жеке тұлғаның іс-тəжірибесінде деп біледі де, объективті білімдерді мойындаудан бас тартады («прагма» - «тəжірибе», «іс» деген грек сөзі). Прагматизмнің аса көрнекті өкілі - американдық ғалым – Дж.Дьюи. Ол ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тəрбиеге орай аса маңызды болған бала белсенділігін дамыту, бала оқуының ықпалды мотиві – қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді. 11. Педагогикалық зерттеу әдістері тобы? теориялық, эмпирикалық, әдіснамалық 12. Педагогикалық консилиум қандай әдіске жатады? Бағалау әдістері 13. Белгілі бір əдістің тиімділігін тексеру үшін алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген арнайы ұйымдастырылған әдіс - Эксперимент 14. «Еmperia» деген не? «тәжірибе» деген грек сөзі. 15. Педагогикалық зерттеулердің түрлері? Іргелі немесе теориялық; Қолданбалы; Болжам-жобалау 16. Құндылық теориясы? Аксиология 17. Педагогикалық аксиология деген не? тәрбие, білім, оқу, педагогикалық қызметі адам өмірінің құндылықтары ретінде қарастырылатын педагогиканың саласы; педагогикалық қауымдастықтың жаңалықты, инновацияларды қабылдауы, бағалауы және игеруі жөніндегі ғылыми білім, яғни әлеуметтік-педагогикалық қауымдастықтың жаңаны қабылдау туралы ілімі. Педагогикалық аксиология - жеке тұлғаның дамуына, рухани қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиеге байланысты: оқушыны оқыту мен тәрбиелеудегі мақсат пен нәтиженің идеалы; білім, қабілет, дағды, оқу-тәрбие процесінде мақсатқа жетудің негізі; еңбектегі, адамгершіліктегі, саясаттағы тәрбиенің жеке басындағы қасиеті; дүниетаным мен сендіру жеке тұлғаның мінез-құлқы. 18. Педагогикада құндылықтардың түрлері? 1. Тұлғалық-педагогикалық Тұлғалық-педагогикалық құндылықтар - күрделі әлеуметтік-психологиялық білім беруді айқындайды, онда мұғалімнің құндылық бағдарының жүйесін құрайтын жеке дүниетанымдық ұстанымдары, идеалдары, мотивтері, мақсаты байқалады. Топтық Топтық құндылықтар - белгілі бір білім беретін қоғамдық ұйымдардың педагогикалық іс-әрекетін бағыттап, реттейтін идеялар, концепциялар мен нормалар жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік-педагогикалық Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар - әр түрлі әлеуметтік жүйелердегі құндылықтардың мазмұны мен сипатын көрсетеді. 19. Неология деген не? педагогикадағы жаңалық атауына баға беретін педагогикалық инноватиканың құрамды бөлігі, педагогикадағы инновациялық процестің мәнін ашып көрсетеді. 20. Праксиология деген не? адамның іс-әрекетінің тиімділігін зерттейтін ілім. Праксиологияның негізін қалаған поляк ғалымы Т.Котарбинский. Праксиология - адамның барлық іс-әрекетінің заңдылықтарын анықтап, соның негізінде адами іс-әрекеттердің жалпы ережелерін ашу, жаңаны практикаға ендіру мәселесі мен оның әртүрлілігіне жаңаша қарау болып табылады.
№3 лекция бойынша: 1. «Процесс» сөзінің мәні? («processus» - «ілгерілеу» латын сөзі) - күйдің реттілікпен ауысуы, қандай да бір нәрсенің даму жүрісі; қандай да бір нәтижеге жетудің реттелген әрекеттер жиынтығы. 2. «Педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет ендірген ғалым? 1904 жылы П.Ф.Каптерев ендірді. 3. Педагогикалық процесс деген не? білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс – бұл арнайы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
4. Педагогикалық процеске Н.Д.Хмельдің берген анықтамасы? «Тәрбие мен оқыту біртұтас процесс. Біртұтастық дегеніміз - оқу мен тәрбиенің, олардың мақсаты, міндеті, мазмұны, әдісі, құралы, түрі, мұғалім мен оқушы, оқушы пен оқушы, оқушы пен ата-ана, сынып жетекшісі мен сынып мұғалімдері қоршаған орта, білімнің, тәрбиенің мазмұны және т.б. біртұтастықта алынып, жеке-жеке қаралады» 5. Педагогикалық процесс - бала өмірін түрлендіретін мақсат, мазмұн, шарт, форма, әдіс, бағыттардың тұтас ұйымдасқан жиынтығы деген ғалым? Б.Т.Лихачев. 6. Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы деген анықтама берген ғалым? И.П.Подласый 7. «Педагогикалық процесс - оқушылардың бірлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекте және қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын» - делінген анықтама қай оқулықта берілген? Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің авторлар ұжымы. 8. Педагогикалық процестің субективтік құрамы? Оқушы Мұғалім 9. Педагогикалық процестің процессуалдық (іс-әрекеттік) құрамы? мақсаттылық, мазмұндық, іс-әрекеттік, эмоционалдық, мотивациялық, бақылаушылық, бағалаушылық, нәтижелік 10. Педагогикалық процестің компоненттері? Мұғалім – арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық процесті жүргізетін маман; Оқушы - тыңдаушы – объект және субъект ретінде қарастырады. Педагогикалық процестің мазмұны ол адамның әлеуметтік қатынасынан туындайды. Оның мазмұнына идеология, өндіріс, еңбек, ғылым, мәдениет т.б. жатады. Педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару комплексі. Оған педагогикалық процестің мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, әдісі, құралы жатады. Педагогикалық диагностика. Ұстаз бен шәкірттің тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білуі. Педагогикалық процестің нәтижесін бағалау. Оқушының іс-әрекетінің нәтижесінің қорытындысын, бағасын, сол баланы қоршаған орта, қауым береді. Педагогикалық процестің қоршаған ортамен байланысында 11. Біртұтас педагогикалық процестің атқаратын қызметтері? ақпараттық – тəрбиеленушіні сауаттандыру; тəрбиелік – тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі; дамытушылық – тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі; аксиологиялық – тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру; əлеуметтендіру – тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу. 12. Педагогикалық процестің заңдылықтары? оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады; педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы: қоғамның мақсатын айқындайды, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі; педагогикалық процесс – екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың, өзара тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет; оқушылардың шығармашылық белсенділігі - мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекеттің нәтижесі; педагогикалық процестің қызметі оның жасалуы мен ұйымдастырылуы оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты; педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы, маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар; педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімдік уақытқа бағытталған; педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара байланысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы, түпкі нәтиже қалыптасады. 13. Біртұтас педагогикалық процестің принциптері? педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық-нысаңдық бағыттылығы; іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы; педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру; педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру; оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты, психологиялық физиологиялық жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру; педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру; оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі; ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі; әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау. 14. Тұтас педагогикалық процесс қозғаушы күші не? Қарама-қайшылықтар 15. Қарама-қайшылықтардың көзі – не? Педагогикалық жағдаяттар 16. Н.Д.Хмель бойынша жағдаяттың ерекшелігі? уақыты, орны, себебі, түрткісі, пайда болу шарттары, қатысушылардың әлеуметтік жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекет мазмұны мен амалдары қарым-қатынас сипаты 17. Жағдаяттың философиялық мәні? Жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады 18. Жағдаяттардың түрлері? идеологиялық, әлеуметтік, мәдени. 19. Педагогикалық жағдаят деген не? адамның тұлға ретінде қалыптасуын сипаттайтын, тұлғаның даму тетігін үлгілеуде ұстанымдық рөл атқаратын, жат көзге, әлемге байқала бермейтін тұлғаның меншікті өзіндік ортасы, яғни тұлғаның даму тетігін айқындауға ықпал ететін құрал екендігін байқатады. 20. Қарама-қайшылықтың пайда болуы? көп жағдайда оқыту процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда мұғалімдер мен оқушылар арасында нақтылы бір жағдайларды ескермеу нәтижесінде пайда болады. №4 лекция бойынша: 1. Индивид деген кім? Жаңа туған нәресте 2. Тұлға деген кім? әлеуметтік индивид, яғни әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі. 3. Әлеуметтену деген не? мәдени элементтерді түсіндіру, мұраттар мен құндылықты игеру негізінде тұлға қасиеттерін, яғни «Мен»-дік көзқарасын қалыптастыру, әлеуметтік өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсу. 4. Жеке тұлға дамуына оған әсер ететін факторлардың ықпалына қарай қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі бағыттар? 1. Биологиялық (Платон, Аристотель). 2. Преформистік бағыт.
Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 1702; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |