Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жазалау




Орта

Леуметтік (Джон Локк).

Прагматистік (Джон Дьюи).

5. Психикалық (С.Л.Рубинштейн).

5. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар?

Тәрбие

Тұқым қуалаушылық

6. Тәрбие деген не? тұлға қалыптастырудың негізгі күші.

7. Тәрбиенің негізгі мақсаты не? қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы

8. Тұлға дамуында маңызды орын алатын іс-әрекет түрлері? Ойын. Оқу, еңбек.

9. Қарама-қайшылықтар деген не? Тұлға дамуының қозғаушы күші

10. Жеке ерекшелік деген не? әрбір баланың даму кезеңінде байқалатын психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері (дарындылық, қабілеттілік, темперамент, т.б.), қасиеттерінің өзгешеліктері, яғни адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі.

11. Жас ерекшеліктер деген не? белгілі бір бала дамуының кезеңдеріне тән анатомиялық-физиологиялық (дене күш-қуаттарындағы) және психологиялық (сана-сезіміндегі) ерекшеліктер

12. «Акселерация» қандай құбылыс? («акелероцио» - «жеделдету, тез қарқынмен даму» деген латын сөзі) - балалық және жеткіншек жастағылардың дене және психикалық даму жағынан тез қарқынмен, жеделдеп дамуы.

13. Мектепке дейінгі балалық шақтың ерекшеліктері? Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды, күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады, сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді.

14. Бастауыш мектеп жасындағы балалық шақтың ерекшеліктері? Бастауыш мектеп жасындағы балалық шақта балалардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйектері қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жартышарының функциялары дамиды. Бұл жастағы балалар үй шаруасына қатысу, сынып бөлмесін жинау, саябақта бақша өсіру, үй жанындағы бау-бақша үлескесінде, мектеп тәжірибе үлескесінде, спорт алаңында жұмыс істеу және т.б. жүзеге асыра алады.

15. Жеткіншек шақтың ерекшелігі? Жеткіншектік шақта балалардың денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп, қаңқасы мен ішкі ағзалары тегіс дамиды. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атайды.

Жеткіншек шақ – ең қиын, ең тынышсыз, ұшқалақ шақ, балалардың қоғамдық белсенділігі дамиды, саяси ой-өрісі кеңиді, өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, терең білім алуға талаптанады, үлкендермен қарым-қатынас, мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау орын алып жатады.

16. Жасөспірімдік шақтың ерекшелігі? Жасөспірімдік шақта балалар болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.

Жасөспірімдік шақта бала өзін қоршаған ортаны - обьектіні танушы, білуші, екіншіден, өзінің белсенді іс- әрекеті арқылы сол өзі танып, ортаға өз тарапынан ықпал жасаушы болып табылады. Мақсатты, саналы, белсенді іс-әрекет баланың өзін-өзі тәрбиелеумен байланысты.

17. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру, өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі.

18. Өзін-өзі бақылау адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі, айнасындағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді.

19. Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгерту, өзіне сын тұрғысынан қарауы.

20. Өзіндік рефлексия өзіндік талдау, адамды сыни ойлауға бағыттайтын талдаудың өзіндік таным іс-әрекеті, адамның рухани әлемінің ішкі құрылымын ашып көрсету.

 

№5 лекция бойынша:

1. Білім беру жүйесі деген не? сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

2. Қазіргі білім беру жүйесінің құрылымы?

Докторантура

Магистратура

 

Университет

Академия

Институт

 

Колледж

Лицей

Гимназия

 
 


Жалпы орта мектеп

 
 

 


Балабақша

 

3. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты? бәсекеге қабілетті маман дайындау. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық технологияларды меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға.

4. Қазіргі білім беру жүйесінің міндеттері? ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту;

ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту;

кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

5. ҚР «Білім туралы» Заңының қай бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары көрсетілген? 3 бап

6. Оқытудың 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты? жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.

7. 12 жылдық мектепте тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру әлемнің неше мелекетінде жүзеге асуда? 15

8. Бағалау критерийлері деген не? дағдыны дамыту үшін жоспарланған нәтижеге жетудің сипаттамасы.

9. Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшілігі? шағын жинақты мектептердің (ШЖМ) болуы.

10. Шағын жинақталған мектептердің басты мәселесі қандай? қосалқы сыныптарда оқу өткізудің қолайсыздығы, арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің болмауы, кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндіктің жоқтығы.

11. Базасында жақын маңдағы ШЖМ-дің білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымын не дейді? Ресурстық орталық

12. ҚР Білім беру мазмұнын белгілейтін құжаттар?

ҚР «Білім туралы» Заңы

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, тұжырымдамалары

Оқу бағдарламалары

Оқу жоспарлары

13. Білім беру мазмұнын белгілейтін халықаралық құжаттар?

1.Жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы;

2. Балалар құқығы туралы Конвенция;

3. Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы;

4. Болон және Лиссабон Конвенциялары

14. ҚР «Білім туралы» Заңы қашан қабылданды?

Алғаш рет 1999 жылы 7-маусымда қабылданды.

ҚР «Білім туралы» Заңы 2007 жылы 27 шілдеде қайта қабылданды.

2011 жылы 24 қазанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

15. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қашан қабылданды? 7.12.2010 ж.

16. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты? экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру

17. Инклюзивті білім беру деген не? баланың мүмкіншілігінің шектеулі болғанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім беретін мектептерде толықтай білім алуын қамтамасыз ету. Инклюзивті білім беру қоғамның барлық істерінде баланың теңдігін ынталандыруға бағытталады.

18. Инклюзивті білім беру мен оқыту дамыған мемлекет? Италия мемлекеті

19. Үздіксіз білім беру деген не? ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады.

20. Қосымша білім беру деген не? білім алушылар үшін беделге ие болады және тұлғаның кәсіби тұрғыдан қалыптасуына ықпал етеді.

 

№6 лекция бойынша:

Тәрбие деген не?

Мәдени құбылыс және күрделі әрі ұзақ процесс

Әрбір қоғамдық-тарихи кезеңдерге сәйкес дамып, өзгеріп отыратын процесс

Қоғамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа беру қажеттігінен пайда болған

Тұлғаға ықпал ететін іс-әрекеттер жүйесі және педагогикалық ықпал ету құралы

2. Тәрбиенің мақсаты не? қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру.

 

3. Тәрбиенің міндеттері?

- Еліміздің рәмізін сыйлау, өзінің Отан, жанұя, қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;

- Рухани байыту принциптерін негізге ала отырып,салауатты өмір салтына баулу;

- Адам құқықтарын сақтау, өз құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілетін, іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.

4. Тәрбиенің атқаратын қызметтері? Аналитикалық, диагностикалық, болжамдау (прогностикалық), жобалаушылық, ұйымдастырушылық, бақылау-бағалаушылық.

5. Тәрбие процесін ұйымдастырудағы талаптар?

Тәрбиені табиғатпен үйлестіру;

Тәрбиені ізгілікті әрекетпен үйлестіру;

Тәрбиені мәдениетпен үйлестіру,

Тәрбиені кәсіптік мақсаттылықпен жүзеге асыру;

Демократиялық негізде ұйымдастыру.

6. Тәрбиенің ерекшеліктері неде?

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі);

- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);

- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);

- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді.

- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).

- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);

- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);

- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы – оқушы);

- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;

-тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт – бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);

- қарама – қайшылықты болуы (қарама – қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).

7. Тәрбие әлеуметтік мағынада мәні: бұл аға буынның жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне беруі. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.

8. Тәрбиенің педагогикалық мағынада мәні? бағытталған мақсатты процесс. бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға

9. Е.В.Бондаревская бойынша тұлғаға бағдарланған тәрбие? тұлғаға бағдарланған тәрбие – баланың денсаулығын нығайту процесі, оның табиғи қабілеттерін (ақылын, құлықтық және эстетикалық сезімдерін, қажеттіліктерін, адамдармен, табиғатпен, өнермен қарым-қатынасын жасауда алғашқы тәжірибесін жинақтауын) дамыту процесі.

10. И.С.Якиманская бойынша тұлғаға бағдарланған тәрбие? тұлғаға бағдарланған тәрбие - баланың субъектілік тәжірибесіне сүйену. Субъектілік тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс-әрекеттің негізі болып табылады

11. Тәрбие беру стильдерін көрсетіңіз?

Ұжымшылдық стиль

Демократиялық стильде

Либералдық стиль

Еркін прагматикалық стилде

Авторитарлық стиль

12. Тәрбие әдістері деген не? тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады және тәрбиешінің тәрбиеленушілердің бойында қоғамдық көзқарасты және мінез -құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.

 

13. В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің тәрбие әдістеріне анықтамасы? мектептегі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдары

14. Әдістерді жіктеу деген не? арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе.

15. Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина, Ю.К.Бабанский, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников әдістерді қанша топқа бөледі?

1. Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері;

2. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;

3. Мадақтау және жазалау әдістері

16. В.А.Сластенин, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев әдістерді қанша топқа бөледі?

Сендіру;

Жаттығу;

Мадақтау;

17. Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері? сендіру, пікірталас, түсіндіру, этикалық әңгімелер

18. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлықты қалыптастыру әдістері? педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, тәрбиелеушілік ситуацияларды туғызу және қоғамдық пікір

19. Ынталандыру әдістері? оқушылардың қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады

20.Сендіру әдісі қандай әдіс? оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсер ету.

21. Мадақтау әдісі қандай әдіс? оқушылардың тәртібін, міне-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлығының қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез-құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Мадақтаудың түрлері: мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру.

22. Оқушының өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары, адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары деген не? Көзқарастар

23. Қоғамдық сана мен тұлға санасының ең жоғарғы деңгейі? Дүниеге көзқарас

24. Дүниеге көзқарастың мәні? табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, қоғамдық саяси қатынастарды, ғылыми сенімдерді, ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану, баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасын қалыптастыру, бағыт-бағдарын айқындау.

25. Ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат - мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары деген не? Дүниетаным

№7 лекция бойынша:

1. Зандылық деген не? тәрбие процесіндегі тұрақты құбылыс, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді.

2. Тәрбиенің заңдылықтарын көрсетіңіз?

Тәрбиенің заңдылықтары:

1. Тәрбиенің әлеуметтік жүйемен байланыстылық, яғни қоғам мұқтаждығына, жағдайы, талабына сай заңдылығы

2. Тәрбие мен тұлға белсенділігінің байланыстылық, яғни өзін-өзі тәрбиелеумен бірлігі заңдылығы.

3. Тәрбие мен қарым-қатынастың байланыстылық заңдылығы.

4. Тәрбиенің оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерімен байланыстылық заңдылығы.

5. Тәрбие мен іс-әрекеттің байланыстылық заңдылығы.

6. Тәрбиенің ұжым мен жеке тұлға арасындағы өзара байланысқа тәуелділік заңдылығы.

3. Принцип деген не? адамның нақты іс -әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді.

 

4. Тәрбиенің принциптері деген не? педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы,негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.

5. Тәрбиенің принциптерін атаңыз?

1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі.

2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, практикамен байланыстылық принципі.

3. Тәрбиенің мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптарға тәуелділік принципі.

4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі.

5. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі.

6. Форма деген не? бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.

7. Тәрбие формасы деген не? тәрбие процесінің сырттай көрінісі; тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; тәрбиеленушілердің ұжымдық және жеке, дара іс-әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі.

8. Тәрбие формаларының ерекшеліктері?

- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);

- тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;

- педагогтың ықпал жасау тәсілі: тікелей, жанама;

- жалпы тұжырым жасау тәсілі: тікелей, жанама;

- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәнді өнім;

- қатысушылар саны: жеке-дара (тәрбиеші-тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші-оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші-бірнеше топ) формалары.

9. Жеке-даралықты тәрбие формаларын көрсетіңіз? әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру.

10. Топтық тәрбие формаларын көрсетіңіз? іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер.

11. Тәрбиешінің міндеттері қандай? әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.

12. Ұжымдық тәрбие формаларын көрсетіңіз? байқаулар, сахналық қойылымдар, ән-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары

13. Ұжымдық шығармашыл жұмыстардың формаларын атаңыз? дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып беру, сюжетті рөлдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.

14. «Сократтық сұхбат» тәрбие формасының сипаттамасы? кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.

15. «Аукцион» тәрбие формасының сипаттамасы? ұсынылған «тауарды» - кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы және т.б.«сатып алу» үшін қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.

16. «Көпшілік тыңдарман тәрбиеленушілерге арналған дәрісбаяндар» тәрбие формасының сипаттамасы? 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тәрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.

17. «Интеллектуалдар сайысы» тәрбие формасының сипаттамасы? ақыл-ес әрекеттерін, білімдерін жарыстырудың ойын формасы.

18. Тәрбиелік жұмыстардың атқаратын қызметтері?

реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;

ұ йымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді.

ақпараттық: тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймай, олардың өзіндік тәжірибелері мен бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.

19. Тәрбие құралдары деген не? бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері, ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б.

20. Тәрбие процесінің негізгі құралдары? Сөз Іс-әрекеттер Бейне, зат




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 1587; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.101 сек.