КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Этиологиясы. · Билиарлық гипертензия –бауырдан төмен билиарлық түтіктерде қысымның биіктеуі
· Ішкілікке салыну 90% · Билиарлық гипертензия –бауырдан төмен билиарлық түтіктерде қысымның биіктеуі · Өт тас ауруы · Алиментарлық фактор- майлы, қуырылған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің тапшылығы · Вирустық инфекция · Дәрілердің әсері (цитостатиктер, СЕҚҚП, нитрофурандар) · Гиперлипидемия (ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы), метаболикалық бұзылыстар (алмасулық жəне гормоналдық бұзылыстар) · Жедел панкреатит созылмалыға ауысуы, ұйқы безіндегі қанайналымның жіті бұзылыстары · Гиперпаратиреоз - қандағы кальцидің артуы · Тұқымқуалаушылық созылмалы панкреатит Патогенезі. Алкоголь ұйқыбездің секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың мөлшерін арттырады. Бөлінетін сөл белокка аса қаныққан ерітінді болғандықтан, құрамындағы белок ұсақ түтіктерде уыз тәрізді ұйып түтіктердің өтімсіздігіне әкеледі. Қысымның биіктеуінен, түтікшелері жарылып бездің паренхимасына өткен ферменттер оны бейтараптайды. Сонымен қатар, қанға тасып түскен ферменттердің әсерінен басқа ағзаларда зақымданады. Бездің өз өзін бейтараптауынан химиялық некроз дамиды. Бездің секрециясы неғұрлым күшті болса, деструкцияның көлемі де үлкен. Некроз ошағында май мен май қышқылдарының кальций тұздарын жинап алу қасиеті жүре бара ұйқыбездің кальцинозына әкеледі. Біз басталған процесс әрі қарай өз бетінше өрістейді. Дуоденобиллиарлық рефлюксте ұлтабардың сөлі ұйқыбездердің түтіктеріне өтеді. Ұйқыбездің ферменттері паренхима және түтіктерді зақымдайды. Жүре бара түтіктердің деформациясымен стенозы дамиды, Фатер емізікшесі қабынады, тарылады. Сонымен, алкоголь бездің кальцинозына, ал билиарлық гипертензия және дуоденобилиарлық рефлюкс обструкциялық панкреатитке әкеледі. Кейбір дәрмектер (нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрілер) ұйқыбезді алкоголь тірңздң зақымдайды. Клиникалық белгілері. Негізгі синдромдар: Ø қабыну – деструкциялық Ø диспепсиялық Ø бездің экзокриндің және эндокриндік функцияларының шамасыздығы Ø Қабыну деструкциялық синдром бездің химиялық некрозынан, ісінуінен, қабынуынан дамиды: іштің ауруы-құйрығы зақымданса ауырсыну сол қабырға астында, денесі зақымданса эпигастрий сол аймағында, басы зақымданса ауырсыну кіндіктің оң жағында. Ұйқыбезі тұтас зақымданса эпигастрий тқтас ауырсынады және белбеу тәріздес, кейде тек арқа ғана ауырады. Ауырсыну майлы, қуырылған тағамдардан кейін 40-60 минуттан соң күшееді. Тамақ ішпесе ауырсыну басылады. Егер аурудың себебі түтікшілік қысымның жоғарлауынан болса, ол ұстамалы болады және спазмолитиктерден басылады. Капсуланың керілуінен болатың ауырсыну үнемі мазалайды, дененің сәл сілкінісінен күшееді. Науқастар шалқасынан жата алмайды, аяғын ішіне тартып жатады, спазмолитиктер көмектеспейді, тек наркотиктар әсер етеді. гиперферментемия, интоксикация белгілері (қызудың көтерілуі, әлсіздік, артралгия, тәбеттің нашарлауы), холедохтың ісінген бездің басымен қысылуынан болатын өтпелі механикалық сарғаюы. Диспепсиялық синдром: гиперсаливация, кекіру, тәбеттің төмеңдеуі, майлы тағамнан жиіркену, іштің кебуі. Себебі: ұйқыбездің ісінген басы онекіелі ішекке батып қуысын тарылтады, сондықтан онекіелі ішектің өтімділігі нашарлап, дуоденалдық гипертензия дамиды. Осылай дамыған онекіелі ішектің дискинезиясы мен дуоденостаз дуоденогастральдік және гастоэзофагальдік рефлюкстерге әкеледі.Сондықтан кекіру, қыжылдау, жүрек айну, құсу және эпигастрий аймағының жайылма ауырсынуы пайда болады. Ұйқыбездің экзокриндік функциясының шамасыздығы: диарея,шірік иісті майлы нәжіс, тәбет жоғары, бірақ арықтау болады, мальдигистия, мальабсорбция. Себептері: o түтіктердің обтурациясы және ұйқыбез сөлінің онекіелі ішекке түсу жолында бөгеттің болуы o ішек моторикасының бұзылысынан ферменттердің химуспен дұрыс араласпауы o жіңішке ішектің қуысында көбейген микробтардың әсерәнен ферменттердің ыдырауы Ішкі секреторлық функцияның жеткіліксіздігі: глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қантты диабет.
1. Зəр, қан амилазасы 2. Қанның жалпы анализі 3.ҚБА: С-рективті ақуыз, АЛТ мен АСТ, жалпы билирубин мен фракциялары,сілтілік фосфатаза, қан липазасы, глюкозасы 10. Копрограмма 11. Ұйқы безі, өт қабын УДЗ. Емі: 14 күн. Диета №5. Ферменттердің панкреаттық секрециясын басу Ауыру синдромын басу – анальгетиктер мен спазмолитиктер Инфекциялық асқынулармен күресу. антибиотиктер Орын алмасулық (панкреатин 50 000-150 000 Б) терапия. Антисекреторлық (Ранитидин Немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу ішке) немесе протондық помпа ингибиторлары Қантты диабетті емдеу Алдын алуы:
Диспансерлеу принциптері: Науқастар жылына екі рет диспансерлік бақылауға жатады (қайта қарау жəне тексеру амбулаторлық-емханалық жағдайда). Энтерит- ішектің қабынуы, жіті жəне созылмалы болып екіге бөлінеді. Іштің шұрылдауымен жəне кейде алыстан естілетін «құйылуымен», іштің барлық аумағының немесе тек кіндік айналасының ауыруымен, дəретке барғысы келумен, көлемді сұйық дәретпен қатар жүреді. Қауіп қатер факторлар: Клиникалық белгілері: жиі сұйық дəрет, дəрет көлемі 200 мл көп, əлсіздік, шаршау, эпигастридегі ауырсыну, жүрек айну, құсу. Емі:Регидратациялық терапия: Жеңіл дəрежедегі сусыздану (5% аз) біріншілік деңгейде емделеді. Оралды регидратациялық терапия барлық жағдайда қолданылады. Лимонад, кола сияқты тəтті сусындарды ішуге болмайды, олар осмотикалық диареяға алып келеді. Антибиотиктер ауыр симптомдар кезінде тағайындалады: ауыр бұзылыстардың даму қауіпінде; созылмалы қосарланған аурулары бар науқастарға (диабет жəне басқа), олар үшін инфекциялық диарея қауіпті болуы мүмкін. Таңдау препараты - ципрофлоксацин 500 мг 3 күн бойы тəулігіне 2 рет. Созылмалы жарасыз колит-тоғышектің қабығының қабыну – дистрофиялық өзгерістермен және функциялық бұзылыстармен сипатталатын полиэтиологиялық ауру. Этиологиясы:ішектік инфекция, паразиттер, дисбактериоз, тамақтану кемістіктері, ұзақ қолданған дәрілер, радиация, аллергия Патогенезі:Этиологиялық факторлардан тоқ ішектің кілегейі зақымданып, дисбактериоз, жергілікті иммундық бұзылыстар дамиды, нәтижесінде ішектің моторикалық, секрециялық, инкрециялық қызметі бұзылады. Клиникалық белгілері: · іштің ауруы · дәреттің бұзылуы (іш өту немесе іш қату) · метеоризм · тенезм Диагностикасы: Зертханалық тексерулер: ҚЖА, ҚБА, копрологиялық тексерулер (эритроциттер, лейкоциттер саны және кілегей болады) Аспаптық тексерулер: ирригоскопия, ректороманоскопия Емі: Диетотерапия №4 Ішектің флорасын қалпына келтіру: антибиотиктер, кейің пробиотиктер Қалыпты ішек флорасын реимплантациясы (колибактерин, лактобактерин, бифидум) Адсорбенттер (висмут, кальций карбонаты) Ішектік диспепсияны жою (ферменттер) Метеоризмді басу (карболен, цеолат) Ішектің моторикасын жөндеу (спазмолитиктер)
Әдебиет: «Ішкі аурулар» Б.С. Калимурзина «Ішкі аурулар» В.И. Маколкин
Дәріс 7. Тақырып: Созылмалы холецистит. Өт шығару жолдарының дискинезиясы. Дәріс жоспары: 1. Созылмалы холецистит,анықтамасы, этиологиясы, патогенезі 2. Созылмалы холецистит, жіктемесі, клиникалық белгілері 3. Созылмалы холецистит, диагностикасы, емі 4. Өт шығару жолдарының дискинезиясы, анықтамасы, түрлері, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі 5. Өт тас ауруы, клиникалық белгілері, диагностикасы,емі
Созылмалы холецистит- өтқабы қабырғасының зақымдануына, моторикасының бұзылысына әкелетін және өт тастарының түзілуіне септігін тигізетін өтқабының бейспецификалық қабыну ауруы. Қабынбалық процесс таспен, қап аномалиясының дамуымен, соңғысының дискинезиясымен жүреді. Холангиттің дамуымен жəне холангиогепатиттің дамуымен бауырдың өзі зақымдалуымен, өт жолдары бойынша инфекция кіруі мүмкін. Этиологиясы: · инфекция (бактериялар, вирустар) · өттің іркілісі (себептері: уақытпен тамақтанбау, гиподинамия, клетчатканың тапшылығы,психоэмоционалдық стресстер:өт жолдарының дискинезиясын туғызатың, өттің ағып шығуына кедергілер: іштің қатуы,Одди, Люткенс сфинктерлерінің гипертонусы, тірелген тас) · өтқабы қабырғасының тітіркенуі немесе жарақаттануы Патогенезі: Инфекция өт жолдарынаүшжолмен түсуі мүмкін: Ø Ішектен өрлеп түсуі. Бұған әкелетін дисбактериоз, дуодено-биллиарлық рефлюкс, гипо-, ахлоргидрия, ұйқыбездің экскрециялық функциясының жетіспеушілігі. Ø Гематогендік жолмен инфекция артериялық немесе веналық қанмен түседі. Холециститтің дамуында қақпа венасымен түсетін инфекциясының ролі маңызды болуы мүмкін. Егер микробтар ішек қабырғасынан өте алса, олар қақпа венасымен бауырға барып өтпен бірге өтқабына түсіп қабыну процесін қоздырады. Бұл жағдай ішек патологиясында, ішек дисбактериозында болуы мүмкін. Ø Лимфогенді жолмен инфекция аппендицитте, аднекситте, өкпенің ауруларында түсуі мүмкін. Өтқабындағы өттің іркілісі түскен қоздырғыштардың мекендеп көбеюіне жол ашады. Аталған факторлардан өтқабы созылмалы қабынады. Бұған иммундық жүйенің кейбір кемістіктері де өз үлесін қосады. Созылмалы холецистит жіктемесі (С. Циммерман, 1992): I. Этиология жəне патогенез бойынша: III. Дискинезия типі бойынша: - өт қабының гиперкинезі - өт қабының гиперкинезі (нормотониямен, гипотониямен) - одди сфинктерінің гипертонусы - люткенс сфинктерінің гипертонусы - екі сфинктердің де гипертонусы - рецидивтік - тұрақты ағымды (монотондық) - жасырын (атиптік ағым) - ауру сезімдік - диспепсиялық - вегетативтік дистония - оң жақтық реактивті (ирритативті) - етеккір алдындағы ширығу - солярлық - кардиалогиялық (холецистті-кардиалдық) - невротикалық-неврозтəрізді VII. Ауырлық дəрежесі: VIII. Асқынулар: - реактивті панкреатит - спецификалық емес реактивті гепатит - перихолецистит - созылмалы дуоденит и перидуоденит - дуоденалды стаз Клиникалық белгілері. Басты белгі: оң қабырға астынын, кейде эпигастрийдің мезгіл-мезгіл немесе үнемі сыздап ауырсынуы. Майлы, өткір тағамдар, психоэмоциялық күйзелістер, ауыр дене қызметі, менструацияның келер уақыты аурудың күшеюіне немесе дамуына түрткі болады. Ауырсыну кеуденің оң жартысына, оң жауырынға, оң бұғанаға, белдің оң жағына таралады. Оң қабырғаастының ауырсынуымен қатар көршілес мүшелердің дисфункциясынан (дуоденогастральдық, гастроэзофагальдық) диспепсиялық бұзылыстар болады: ауамен кекіру, ащы дәм сезіну, жүрек айну, тәбеттің төмеңдеуі. Мұндай науқастарда эпигастрий аймағының үнемі ауруы –гастриттің, кіндік маңының немесе іштің төменгі аймағының түйіліп ауруы және іштің қатуы немесе өтуі – созылмалы колиттің, сол қабырға астының немесе іштің белді айналдырып ауруы –панкреатиттің болуын көрсетеді. Кейде дене температурасы көтеріледі. Кейбір науқастарда нұрлы қабат жəне терінің сарғаюы байқалады. Науқастардың басым көпшілігінде артық дене салмағы анықталады. Диагностикасы үшін ең маңызды өтқабы проекциясында ауырсынуды табу. Пальпация кезінде өт қабының орналасу айналасында ауырсыну байқалады – іштің оң түзу бұлшықетінің сыртқы шеті оң қабырғалық доғамен қиылысады (Кер симптомы), терең тыныс алу жəне құрсақтың ішке тартылуында өт қабының зонасында ауырсынулар (Мерфи симптомы). Зертханалық тексеру: ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды ҚБА: сиал қышқылдары жоғары, С реактивті белок, АЛТ, АСТ, холестеринді, жалпы ақуызды, глюкозаны Механикалық сарғаю болса: қанда холестаздың көрсеткіштері жоғарлайды: билирубин, холестерин, сілтілі фосфатаза жоғарлайды. Дуоденалдық зерттеу: В порцияда лейкоциттер, өт түтікшелері мен өт қабының эпителийлік жасушалары, холестерин, құм көбееді. Өттің себіндісінде ішек таяқшасы мен протей ең жиі табылады. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ
Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1585; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |