Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Эталон жауаптары




Критерии оценки шагов
1. Шағымдарын жинау Шағымдарын анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Ретті және жүйелі түрде жүргізілжі. Негізгі және қосымша сұрақтар қою арқылы барлық шағымдары сұралынды
2. Анамнез жинау Анамнезін анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Анамнезін жинау үшін барлық сұрақтар қойылды, оған қоса диф диагностиқа мақсатында тұқым қуалаушылық пен эпид анамнез
3. Физикалық қарау Зерттеу дұрыс әрі ретті жасалды, шеткі лимфатүйіндері пальпацияланды, псориазды анықтау мақсатында тері жамылғылары бөртпеге тексерілді (шаш өсу аймағы) Жүректің тыңдау нүктелері ретті түрде тыңдалып жүрек аускультациясы жүргізілді.
4. Тірек-қимыл жүйені зерттеу Дұрыс қарап тексерді, қолбасының сырт жағымен локальды температура анықталды. Пассивті және активті қимыл көлемін анықтады Кеуде қуысының экскурсиясын анықтады
5. Сакроилеит пен омыртқа қимылын анықтауға барлық тест жаласды ма? Кушилевский тесті (кедесі бір методикамен) 1) науқас арқасында жатқанда алдыңғы мықын кылқанына басу; 2) науқас бүйірімен жатқанда мықын сүйегінің қырқасына басу; 3) науқас арқасында жатқанда тізесі 90° иіліп сыртқа қарай әкетілген күйінде қарама-қарсы мықын сүйегінің алдыңғы қылтасына басу
  Сакроилеит пен омыртқа қимылын анықтауға барлық тест жаласды ма? Томайер тесті: науқас алға қарай иіліп созылған қолымен саусақтарын жерге тигізуге тырысады, ол кезде тізесі бірге, бүгілмейді (норма – 0-10 см) Шобер тесті: науқас алға иілген кезде алдын-ала белгіленген екі нүкте арақашықтығы тексеріледі (біріншісі- Михаэлис ромбысының бұрытарының арасындағы сызығының омыртқада қосылған жері, екіншісі – бірінші нүктеден 10 см жоғары орналасады) (Норма - 4-5 см кем емес) Форестье тесті (Forestier) – науқас қабырғаға арқасымен тұрады, табаны мен сегізкөзі қабырғаға тию қажет. Нормада науқас шүйдесі қабырғаға тию қажет.
7. Диф.диагностиканы жүргізу үшін негізгі синдромды анықтау және диф. диагностика жоспары Негізгі синдром – омыртқа зақымдалуы Диф диагноз келесі аурулармен: серонегативті спондилоартриттермен (анкилозирлеуші, реактивті, псориаздық), бруцеллезбен, туберкулезбен және остеохондрозомбен
8. Алдын ала диангнозды негіздеу мен алдан ала диагноз қою Жылға созылған, тыныштықта басылмайтын бел аймағындағы ауру сезімі, қимыл-қозғалыста азаятын ауру негізінде; фронтальды және сагиттальды жазықтықта омыртқаның иәлуінің нашарлауы (Томайер мен Шобер тесттері); кеуденің тыныс экскурсиясының шектелуі, сакроилеитке күмән тудыратын Кушилевский тесті оң, анамнезінде - мүмкін иридоциклит, келесі диагноз болуы мүмкін: Анкилозирлеуші спондилоартрит.
9. Бехтерев ауруын негіздеу үшін зерттеу жоспары қажет: Жалпы клиникалық 1. Қанның клиникалық анализі 2. Қанның биохимиялық анализі (жалпы белок, АЛТ, АСТ, билирубин, мочевина, креатинин, холестерин, глюкоза) 3. Жалпы зәр анализі
10. Бруцеллездің бар-жоғын анықтау үшін 623 бұйрығына сай науқасқа келесі анализдерді жасау қажет: Райт, Хаддлсон реакциялары РА мен РХ теріс болған жағдайда: РПГА, РСК, бруцеллезге ИФА.
11. Туберкулездің бар-жоғын анықтау үшін Кеуде қуысы Р-сы Омыртқа Р-сы ЭКГ
12. Реактивті артриттің бар-жоғын ЖЖБА ИФА және мазок
13. Бехтерев аруын дәлелдеу РА Сакроилеальды аймақ Р-граммасы Омыртқаның 2-ты проекциясында рентгенограмма Окулист консультациясы – көз түбін қарау ЭХОКГ
14. Зертханалық зерттеулер интерпретациясы Орташа лейкоцитоз, таяқшаядеролы ығысу, ЭТЖ жылдамдауы ЭЗА – патологиясыз Б/х – патологиясыз
15. Иммунологических зерттеулер интерпретациясы ЖЖБА, ВГ және бруцеллез жоққа шығарылды РА – теріс Қабыну белгілері – СРБ және фибриноген жоғарылаған
16. ЭКГ Синусты ырғақ, Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы
17. Кеуде Р-граммасы   Жамбас сүйектері рентгенограммасы екіжақты сакроилеит белгісінің болуы   Омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінің 2-жақты проекциясындағы рентгенограммасы Айқын емес пневмосклероз белгілері Екіжақты сакроилеит белгілері – сегізкөз-мықын буындарының тарылуы жіне ондағы бірнеше эрозиялар - II стадия Омыртқалардың “квадратизациясы” симптомы, омыртқалардың алдыңғы беті бойынша синдесмофитоз, алдыңғы-бүйір байламдардың оссификациясы, омыртқааралық буындарының айқын тарылуы.
18. Қорытынды диагнозды негіздеу мен құру Омырқаның фронтальды және сагитальды жазықтықтарда қимылының шектелуі, 4-5 жыл бойы бел-сегізкөз бөлігінде ауру сезімі, тыныс алу экскурсиясының азаюы – 3 критерия. Екіжақты сакроилеит II стадиядағы, омыртқадағы тән өзгерістердің болуы («омыртқа квадратизациясы», «бамбук таяғы» типті омыртқа), омыртқа рентген көрінісі АСА тән, Жеделфазалы өзгерістердің болуы; басқа этиологиялы спондилоартриттерді жоққа шығару, HLA-B27 (+) келесі диагноз қойылады: Анкилозирлеуші спондилоартрит. (6 курс студентін бағалауға бұл жеткілікті, АС диагнозын толық атағанда баллы қосу, центральді форма, орташа дәрежеде зақымдалу стадиясы, 2 белсенділік дәрежесі, БФЖ 2 дәр.)
19. Әрі қарай амбулаторлы бақылау жоспарын тағайындау Динамикада: ЖҚА, СРБ, фибриноген – 1 рет айына, Жамбас пен омыртқа рентгенограммасы, кеуде қуысының – 1 рет жылына Вирусты гепатит маркерлері – жыл сайын Грипптен вакцинация, пневмококка, гепатит В, ВПЧ
20. Пациентті қарағандағы мінез-құлқы және коммуникацияның тиімділігі Коммуникация эффективті. Науқас сеніммен қарады. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды

 

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты диагностикалау және жүргізу тәсілі».

 

Жағдайлық есеп: Сіз – кезекші дәрігер. Бөлімшеге 44 жастағы ер адам келіп түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз

 

Соңғы қорытынды (outcomes):

6. Сұрастыруды жүргізу (шағымдардың, ауру және өмір анамнезінің толықтылығы, нақтылығы)

7. Науқасты қарап тексеру

8. Диагностика (клиникалық мәліметтер)

9. Жалпы қан, биохимиялық қан анализдеріне, сүйек-буын жүйесінің патологиясы кезінде рентген суреттеріне интерпретация жасау.

10. Остеохондрозы бар науқасты жүргізу тәсілі

«Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты жүргізу тәсілі»

 

клиникалық жағдай бойынша бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Ұпайлық бағасы
Дұрыс орындад Ескертулер болды Орындамады
  Шағымдарды жинау 1,0 0,5  
  Анамнез жинау 1,0 0,5  
  Физикалық қарау 1,0 0,5  
  Тірек-қимыл жүйесін зерттеу 1,0 0,5  
  Сакроилеитті анықтауға арналған тесттерді жүргізу 1,0 0,5  
  Омыртқа қозғалысын анықтауға арналған тесттерді жүргізу 1,0 0,5  
  Алдын ала диагнозды негіздеу және құру 1,0 0,5  
  Салытырмалы диагноз жоспары 1,0 0,5  
  Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
  Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
  Лабораторлы зерттеу мәліметтерін интерпретациялау 1,0 0,5  
  Кеуде ағзаларының Р-граммасын интерпретациялау 1,0 0,5  
  Омыртқаның кеуде-бел бөлігінің 2 проекциядағы рентгенограммасын интерпретациялау 2,0 1,0  
  Қорытынды диагнозды негіздеу және тұжырымдау 2,0 1,0  
  Емдеу қағидаларын анықтау 2,0 1,0  
  Келешекте жүргізу тәсілі 1,0 0,5  
  Науқаспен коммуникацияның нәтижелігі 1,0 0,5  
баллдардың ҚОРЫТЫНДЫСЫ  

 

Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Науқас ер кісі 44 жаста, 4 жылдай жүк тасымалдаушы болып жұмыс жасайды.

Шағымы: физикалық белсенділіктен кейін пайда болатын, демалыстан кейін басылатын арқасындағы ауыру сезіміне, бел аймағындағы және самның алдыңғы беткейіне берілетін қарқынды емес ауыру сезіміне, ұюып қалу сезіміне шағымданады. Арқасындағы ауыру сезімі физикалық күштемеден кейін (жүктерді көтергенде) күшее түседі. Соңғы айда жиі әр түрлі майларды (диклофенак, долобене) қолданады, бірақ нәтижесіз.

Анамнезінде: өзін шамамен 5 жылдай аурумын деп санайды, соңғы жылы ауыру сезімі күшее

бастады. 16 жастан бастап шылым шегеді, ішімдікті сирек қолданады.

Объективті: жалпы жағдай қанағаттанарлық. Дене бітімі қалыпты. Өкпесінде – везикулярлы

тыныс, сырылдары жоқ. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 75 рет/мин. АҚҚ 115/75 мм сб.б Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз.

Сүйек-буындық жүйесі омыртқаныңкеуделік және бел-сегіз көз бөлігін пальпациялағанда ауыру сезімді. Бел аймағында «көсем (вожжей)» симптомы анықталады және пальпация кезінде паравертебральді нүктелерде ауыру сезімі анықталды. Жүргенде, сондай-ақ алдыға қарай еңкейгенде науқас шектелмеген.

Кушилевский тесті – теріс

Томайера тесті – теріс

Шобера тесті – теріс

Форестье тесті – теріс

 

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құру Жауабы
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Шамамен 5 жыл бұрын, бірітіндеп өрши бастады
Жалпы көрінісі Басқа не мазалайды (әлсіздік, қызба, тершеңдік, қалтырау бар ма– дірілдейсіз бе)? жоқ
Арқасында және беліндегі ауырсыну Арқада және белде ауыру сезімі қашан мазалайды? Физикалық белсенділіктен кейін пайда болады, демалыстан кейін басылады, бел аймағындағы ауыру сезімі самның алдыңғы беткейіне беріледі
Таңертеңгілік құрысу Таңертеңгілік құрысу бар ма? жоқ
Түнгі ауырсыну Түнде қалай ұйықтайсыз? Ауру сезімі түнде мазаламайды, жақсы ұйықтаймын
Жаттығу көмектесе ме? Жаттығудан соң жеңілдік бола ма? жоқ
Қандай дәрілік заттарды қабылдайсыз? Соңғы уақытта қандай дәрі қолдандыңыз, үнемі қолданасыз ба? Иә әр түрлі жақпалар қолдандым, Фастум гель, долобене – айтарлықтай көмектеспеді
Омыртқадағы қозғалыс Еңкею қиын ба, немесе ұзақ отыру қалыпы қиын ба сізге? Иә, еңкею тым қиындау, әсіресе аяқ киімімді кигенде, ұзақ отыра алмаймын.
Жүрек-қан тамыр жүйесі Жүрек жағынан шағымдарыңыз болды ма? Жоқ, ешқашан
Көру мүшесі Көзіңізбен көру жағынан шағымдарыңыз бар ма? Жоқ
Энтезит Табаныңыз ауырмай ма? жоқ

 

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 136 г/л Эритроциттер -4,34 х 1012 /л Түсті көрсеткіш- 1,0 Тромбоциттер – 280х109/л Лейкоциттер – 9,0 х 109/л Таяқша ядролы нейтрофилдер – 5,6% Сегмент ядерные нейтрофилдер – 66,4% Эозинофилдер – 4% Лимфоциттер – 25% ЭТЖ – 12 мм/сағ Жалпы зәр анализі Көлемі– 50 мл түсі – сары мөлдірлігі – мөлдір салыстырмалы тығыздығы – 1020 Реакция – қышқыл Белок – теріс қант - теріс жалпақ эпителий – 0 – 1 к/а Лейкоциттер - 0 –1 к/а
Қанның биохимиялық анализі жалпы белок – 67,6 г/л Билирубин 18,2 мкмоль/л АЛТ – 0,42 ммоль/л АСТ – 0,38 ммоль/л Мочевина 5,5 ммоль/л Креатинин – 64 мкмоль/л холестерин - 4,5 ммоль/л Глюкоза – 4,8 ммоль/л СРБ - теріс фибриноген 4 г/л Ревматоидты фактортеріс АСЛ-О – 50 ед ANA –теріс

Кеуде және бел аймағының рентген-суреттерінде тура және бүйір проекцияларында: омыртқаларының барлық тұйықтаушы пластиналарының қалыңдауы және тегіс емес шеттері анықталады. ТX-XII деңгейде омыртқа аралық дисктердің биіктігі төмендеген (сызықтар) және олар жайпақталған, көптеген остеофиттер (қалың сызық), омыртқалар бұрышының өткірленуі.

«Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты жүргізу тәсілі»

клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерилері
1. Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Кезеңді және жүйелі түрде жүргізілді Барлық шағымдар негізгі және қосымша сұрақтармен нақтыланды
2. Анамнезін жинау Анамнезді анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Анамнезді жинап және нақтылау үшін, барлық сұрақтар, соның ішінде тұқым қуалаушылық, эпид.анамнез туралы сұрақтар қойылды
3. Физикалық тексеру Тексеру дұрыс, ретімен жасалды, перифериялық лимфа түйіндері пальпация жасалды, шырышты қабаты бөртпелердің бар жоғына қаралды. Тыңдау нүктелерін сақтап жүрек аускультациясы жасалды.
4. Тірек –қимыл жүйесін зерттеу. Алақанның теріс бетімен локальді температура тексерілді, тексеру дұрыс жасалынды. Пассивті және активті қимылдар көлемін анықтады. Кеуде қуысы экскурсиясы тексерілді.
5. Сакроилеитті анықтау тесттерін жүргізу Кушилевский тестісі (әдістердің бірі бойынша) 1) Науқасты бүйіріне жатқызып мықын сүйектерінің жоғарғы алдыңғы өсіндісін басып тексерді. 2) мықын сүйегінің қырын басып тексеру,бүйір жағынан; 3) Науқас арқасына жатып, бір мезгілде 90° бүгілген және сыртқа әкетілген тізе буынының ішкі бетіне және қарама-қарсы мықын сүйегінің жоғарғы алдыңғы өсіндінің қанатына басу.
6. Омыртқа қозғалғыштығы анықтау тесттерін жүргізу Томайер тестісі: науқас алға еңкейіп қолдың саусақтарын созу арқылы еденге тигізуге тырысады, екі аяқты бірге қосып, тізелерін бүгпейді (қалыптыда– 0-10 см)
Шобер тестісі: науқасты алдыға еңкейтіп алдын ала белгіленген екі нүкте арасының ұлғаюын өлшейді. (1ші нүкте омыртқа сызығының Михаэлис ромбысының бұрышымен қиылсқан жері, 2-ші нүкте 1-ші нүктеден 10 см жоғары орналасқан) (қалыптыда 4-5 см кем емес)
Форестье (Forestier) тестісі – науқас қабырғаға, арқасымен өкшесін, сегізкөзін тигізіп тұрады. Қалыптыда науқас шүйдесін қабырғаға тигізе алады.
7. Алдын-ала диагозды негіздеу және қою. Тыныштық жағдайда басылатын, физикалық белсенділікте күшеетін, арқасындағы ауыру сезімі және аздаған бел аймағындағы ауыру сезімі, Томайер және Шобер тесттері теріс; Кушилевский тесті теріс, рентгенде омыртқалар дискісінің дистрофиялық өзгерістеріне сүйене: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы» диагнозы қойылады.
8. Салыстырмалы диагноз жоспары Форестье ауруымен, псориаздық артропатиямен, туберкулезбен, бруцеллезбен, Бехтерев ауруымен
9. Лабораторлы зерттеу жсопарын тағайындау   4. Клиникалық қан анализі 5. Биохимиялық қан анализі (жалпы белок, АЛТ, АСТ, билирубин, мочевина, креатинин, холестерин, глюкоза) 6. Жалпы зәр анализі 7. Қанды иммунологиялық тексеру ревматоидты фактор IgM, СРБ, фибриноген 8. Райта - Хаддлсон реакциясы
10. Аспаптық зерттеу жсопарын тағайындау Куде ағзаларының - Р-граммасы Омыртқаның 2-кі проекциядағы рентгенограммасы
  11.   Лабораторлы зерттеу мәліметтеріне интерпретация   Жалпы: ЖҚА, ЖЗА, Б/х - өзгеріссіз
Иммунологиялық зерттеулер: ЗППП, бруцеллез жоққа шығарылған; РА – теріс Қабыну белгілері – СРБ және фибриноген теріс
12. Кеуде ағзаларының Р-граммасы Өзгеріссіз
13. Кеуде және бел аймағының 2-х проекциялы рентген-суреттерінде Омыртқааралық дисктерде дистрофиялық өзгерістер анықталады. Омыртқалардың “квадратизация” симптомының, омыртқалардың алдыңғы беткейінің синдесмофитозының жоқтығы АС диагнозын жоққа шығарады.
14. Қорытынды диагнозды құрастыру және дәлелдеу Серонегативті спондилоартриттер және инфекциялық спондилездің жоқтығы, нейро - бұлшықеттік синдромының болуы және рентгенограммада омыртқалардың атипиялық өзгерістерінің негізінде: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдром» клиникалық диагноз қойылады.
15. Емдеу тәсілін анықтау · Невролог кеңесі · Ауыру сезімі басылғаннан кейін емдік жаттығулар · Ауыр физикалық күштемені шектеу · Темекі шегуден бас тарту Емі: 1. Физиотерапия 2. Емдік шынықтыру 3. Массаж 4. Медикаментозды терапия. 5. Рефлексотерапия 6. Омыртқаны ажырату (тракция) 7. Мануальді терапия
16. Келешекте жүргізу 8. Динамикада:омыртқалар Рграфиясын 1-жылдан кейін Емдік шынықтыру ауыру сезімі болмаған жағдайда тұрақты түрде. Массаж 2-3 рет жылына
17. Науқаспен оптимальді қатынас орнату және қобалжуды басу Коммуникация нәтижелі. Науқас сеніммен дәрігерге қарайды. Дәрігердің барлық сұрағына жауап алынды.

Медициналық симуляцияның сценарийі

Клиникалық жағдай: «Жедел пиелонефриттің диагностикасы»

 

Ситуациялық есеп: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшеге 20 жастағы С науқас түсті.

Ø Анамнез жинап науқасты қарауды жүргізіңіз

Ø Лабораторлық, аспапты зерттеу әдістерінің нәтижесін талдаңыз

Ø Диагнозды құрастырыңыз

Ø Науқастың жүргізу тактикасын анықтаңыз

 

Қорытынды нәтиже (outcomes):

Ø Бүйрек патологиясы бар науқасты сұрау мен физикалық тексеруді жүргізу

Ø Жедел пиелонефрит пен оның асқынуларының клиникалық диагностикасы

Ø Жалпы қан, зәр анализдерінің, Нечипоренко сынамасының, биохимикалық қан анализы (жалпы белок; креатинин; мочевина; калий) бүйрек УДЗ-ң интерпретациясы

Ø Жедел пиелонефриті бар науқасты жүргізу тактикасы, функциональды жағдайының мониторингісі

 

Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы:

Шағымы: сол жақ бел аймағындағы ауру сезіміне, 39,0°С дейін дене температурасының жоғарлауына, қалтырауға, жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына

Сұрақтың мәні Әртіске арналған сұрақтың формулировкасы Жауабы
Ауру сезімінің локализациясы мен сипатын анықтау Науқастың қай жерінде ауру сезімі бар және ауру сезімі қандай? Ауру сезімі сол бел аймағында, сыздайтын сипатта, тұрақты
Ауру сезімінің иррадиациясы Ауру сезімі шап аймағына, аяққа беріле ме? Жоқ. Ешқайда берілмейді
Ауру сезімінің дене қозғалысы мен орналасуына байланыстылығы Қозғалыс кезінде немесе орын ауыстырғанда ауру сезімі күшейе ме? Ауру сезімі қозғалыс пен орын ауыстырумен байланысты емес
Дене қызуының жоғарлау ұзақтығы Дене қызуының ұзақтығы және нешеге дейін көтерілген? Температура 3-ші күн мазалайды, 39,0°С дейін. Дене қызуының болуын бел аймағындағы ауру сезімінің пайда болуымен байланыстырады

Анамнезінде: 3 күн бұрын жедел ауырған, қатты тоңғаннан кейін алғашқыда жиі ауру сезімді зәр шығуы пайда болды, сосын бел аймағындағы ауру сезімі, дене температурасының жоғарлауы байқалынды. Температура 38-39 градусқа дейін, қалтыраумен, тершеңдікпен бірге өтеді.

Қарап тексергенде: бойы 165 см, салмағы 52 кг. Бетінің гиперемиясы, дене температурасы 39 градус. ТАЖ 20 рет минутына, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 110 рет минутына, АҚ 120/90 мм с.б. Бүйректерді пальпациялағанда сол жағында ауру сезімі бар. Бүйрек аймағында «ұрғылау» симптомы сол жағында оң.

 

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 120 г/л Эритроциттер - 4,2 х 1012 /л Түсті көрсеткіш 0,9 Тромбоциттер - 2709/л Лейкоциттер – 18,0 х 109/л Таяқшаядролы нейтрофилдер – 10% Сегментядролы нейтрофилдер – 80% Эозинофилдер – 0 Базофилдер - 0 Моноциттер – 2 Лимфоциттер – 8% Нейтрофильдердің ұлағыш түйіршілігі+ ЭТЖ – 42 мм/сағ Жалпы зәр анализі Көлемі – 70 мл Түсі – сары Мөлдірлігі – тұнық Салыстырмалы тығыздығы – 1020 Реакция – қышқыл Белок – 0,099 г/л Жалпақты эпителий – 0 – 2 к/а Лейкоциттер – 30-40 к/а, кейбір жерде толық (сплошь) Кілегей +++ Тұздар оксалаттар + Бактериялар +++
Нечипоренко сынамасы: Лейкоциттер – 25000 Эритроциттер – 1000 Цилиндрлер – 100 Қанның биохимиялық анализі Мочевина – 4,9 ммоль/л Креатинин – 53 мкмоль/л Белок – 70 г/л Альбуминдер 42,3% Глобулиндер 57,7% a1 – 1,4% a2 – 10,6% b – 15,9% g –29,8 % Глюкоза – 3,9 ммоль/л СРБ - ++

ШФЖ: Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеу.

 

ШФЖ= , коэффициент ер адам үшін =1,

әйел адам үшін =0,85.

УДЗ – бүйректерінің орналасуы қалыпты. Оң бүйрек 11,4 х 6,3 см, паренхима қалыңдығы 1,4см, ЧЛС 2,8 см, деформацияланбаған. Сол бүйрек 12,5 х 6,2 см, паренхима қалыңдығы 1,4 см, ЧЛС 2,3 см. Сол бүйректің паренхимасының ошақты қалыңдауы, өлшемінің ұлғаюы, қозғалғыштығының төмендеуі байқалынады.

Бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллмен бағалау
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындай алмады
         
  Шағымдар мен анамнез жинау 1,0 0,5  
  Аурудың симптомдарын қосымша сұрақ қою арқылы детализациялау 1,0 0,5  
  Физикалық тексеру 1,0 0,5  
  Зәр шығару жүйесін зерттеп қарау 1,0 0,5  
  «Ауру синдромының» салыстырмалы диагностикасын жүргізу 1,0 0,5  
  Алдын ала қойылатын диагнозды негіздеп тұжырымдау 1,0 0,5  
  Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
  Аспапты зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
  Жалпы қан мен зәр анализдерін интерпретациялау 1,0 0,5  
  Биохимиялық анализдерді интерпретациялау 1,0 0,5  
  Нечипоренко сынамасын интерпретациялау 1,0 0,5  
  Кокрофт-Голт формуласы бойынша ШФЖ есептеу 1,0 0,5  
  Бүйректің УДЗ-н интерпретациялау 1,0 0,5  
  Қорытынды диагнозды негіздеу және тұжырымдау 2,0 1,0  
  Емнің коррекциясы үшін зерттеуді тағайындау 1,0 0,5  
  Емдеу тактикасын анықтау 2,0 1,0  
  Емнің эффективтілігінің критерийлерін атау 1,0 0,5  
  Науқаспен оптимальді қарым-қатынас құру және үрей –қорқу сезімін басу 1,0 0,5  
БАРЛЫҒЫ      
           

 

«Жедел пиелонефриттің диагностикасы» клиникалық жағдайы бойынша




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 1250; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.052 сек.