Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 2 страница. Архитектуралық туындының ішкі кеңістігін функционалды ұйымдастырудың негізгі принциптері мен әдістері тұра




Архитектуралық туындының ішкі кеңістігін функционалды ұйымдастырудың негізгі принциптері мен әдістері тұра және нақты көлемді-кеңістікті композицияны және кеңістікті графикті, оның функцияларын болжайды.

Архитектуралық туындының атқаратын қызметін және оның кеңістігін ұйымдастыру. Архитектурада кеңістікті ұйымдастыру өз туындыларының атқаратын қызметіне тұра байланысты. Қоғамдық өмірдің еңбек үрдістері, тұрмыстары үзілмейтін байланысқан циклдар жасайды, бірақ әр үрдіс кеңістікте өз орнын және белгілі физикалық жағдайда қажет етеді. Үрдістердің қақтығысы өзара кедергілер туғызады, бірақ олардың жекеленуі керекті өзара қатынастардың бұзылуына апармау керек.

Тек, үй шаруашылығы, жалпы бос уақыт, жалғыздық және демалыс жанұя өмірінің бір тұтас цикліне кіреді, бірақ, міндетті түрде бөлінуді талап етеді. Осыған орай пәтерлі үйлердің кеңістігі арнайы тағайындалған бөлмелерге бөлінеді (алдыңғы, жалпы бөлме, асхана, ұйықтайтын бөлме, киім ілетін шкаф, санитарлық байланыс), ал бөлмелердің топталуы орынды жүйелілікті қамтамасыз етеді. Көп пәтерлі үйдің структурасы жалпы былай анықталады: әр жанұяның тұрғын ұясы басқалардан қалай бөлінген және сонымен қатар жалпы коммуникациялармен қалай байланысқандығы (саты, коридорлар, галерейлер). Өмір үрдістерін ұйымдастыру мәселелері екі жүзділікпен өзгешеленеді. Олар тек бөлек ғимаратты ғана емес комплексті құрылыстарды және барлық қаланы қамтамасыз етеді.

Өмірлік (тіршілік) үрдістерін бөлу және олардың жүйесінде қажетті байланыстарды орнықтыру – архитектурада кеңістікті ұйымдастырудың бірінші жалпы принципі.

Кеңістікті цикл үрдісін ұйымдастырып, біз оның орындалуының барысын уақыт мөлшері бойынша ертерек анықтаймыз. Егер бір-бірімен байланысқан цикл бөлшектері артығырақ бөлінсе, олардың арасындағы ара-қашықтарды өту үшін арнайы уақыт пен күштер керек. Үндістің ішіндегі уақыттың жоғалуының себебі тым артық бытыраңқылаудан болған. Архитектуралық кеңістікті ұйымдастыру осы кеңістікті қолданушылардың уақыты мен күшін үнемдеуге мүмкіншілік туғызу керек. Үрдістердің жүйесінде өнімсіз босқа кешкен уақыттарды азайту – архитектуралық кеңістікті үйымдастырудың екінші принципы. Бұл принцип сол саналы экономияны ұтымды бөлшектенуін белгілейді. Осылай құрылыста еңбек және материал шығыны мақсатқа лайықты анықталады. Өнімсіз уақыттың шығынын қысқарту принципінің көрнекі білінуіне тұрмысты жабдықталған үйлерде үйымдастыру жатады. Өткен ғасырдың аяғында үй шаруасындағы еңбекті үнемдеу мүмкіншілігіне назар аударылған. Ол үшін ас үйді жақсылап жобалау, ас үймен асхананы дұрыс орнықтыру және ең негізгі үйдің бөлмелерінің көлемдерін азайту арқылы. Тұрмыстық үрдісті ұтымды ұйымдастырудағы едәуір қадамды 20-шы жылдары прогрессивті неміс сәулетшілері жасады. «Баухауз» училищесінің айналасына топталған. Олар мақсатқа лайықты пәтердің бөлмелерінің бір-бірімен байланысқан схемасын әзірледі және олардың тұрмысқа қажетті минималды көлемін анықтауға тырысты. Тұрмыс үрдістерін бөлу әдістері мен кеңістікті нақты беогілеуге «Баухаузда» сәулетшілері өңдірісті ғылыми ұйымдастыру әдістерінен алады. Олар бұны жалпы пәтерлерді ұйымдастыру үшін қолданса және құрамындағы бөлшектерді детальды әзірлеу үшін қолданады.

Мысалы, «Баухаузда» сәулетшілері бөлшекке бөлінген, арнайы белгіленген жұмыс зонасы бар ас үйдің үлгілерін ұсынады. Қимылды экономиялауды қамтамасыз ететін ас үй жабдықтарын, Г-образды форма жоспарын бір блокқа біріктірді. Қазіргі кезде осындай әдіс жабдықтың блокировкасымен бірге бір және екі сызық немесе П-образдың блок ретінде қолданылады.

Үй кеңістігін ұйымдастыруда жемісті жұмыс атқарған кеңес сәулетшілері. 20-шы жылдардың аяғында М. Гинсбург сәулетшінің басшылығымен қазіргі үйдің бөлек элементтері ойластырылып жасалынған, пайдалы әдістері белгіленген. Бұл зерттеулерде кеңістіктің сапалы экономиясы тұрмыстың бір құралы қызметін атқарды, үй тұрмысында артық еңбек шығынынан босатылды.

Әр түрлі көлемді және тағайындалған архитектуралық кеңістік тек физикалық мүмкіншілікті орнықтыруды қамтамасыз ету керек және адамдар мен заттардың алмасу қажеттілігін, адамға эмоционалдық әсерін, ол эстетикалық қасиеттерге, гармонияға, әдемілікке ие болу керек. Кеңістікті қабылдауда адамның бұл қасиеттерді бағалауы психологиялық заңдылықтарға байланысты. Форма жасауда бұл заңдылықтар объектівті жағдайдың негізгі бөлігі болып келеді. Кеңістік үшін олардың маңызы ерекше үлкен, белгілендігінде оларда идеологиялық функциялар артады.

Мысалы, діни құрылысты айтуға болады. Оларға символдық көркемді образ үй реншікті; образды айқындайтын форма, ол белгілі уақытта эстетикалық идеалдарға сәйкес жасалынған. Оған адамдардың ғимараттың ішінде орналасуы мен қозғалысын ұйымдастыруын бағындырған. Х\/І ғасырдағы орыс храмдарының жоғары шыңдалған кеңістік формасы осындай (Коломенск селоларында, Дьяковта, Мәскеу маңайындағы Островта және басқа).

Бұнда құрылыстарда функционалды үрдістер қарапайым және дамымаған, көркемді образдың мақсат әрқашан өзбетімен шешіледі. Бірақ әр архитектуралық туында эстетикалық қанағаттанарлықты қажет ету керек. Бұл оның негізгі бір қасиет болып есептеледі. Адамға арналған әр кеңістік эстетикалық қасиеттерге ие болу керек, егер көркемдік образ жасау өзбетімен мақсат етіп қойылмаса да. Жұмыс немесе қосымша бөлмелердің формаларының элементарлық формасы «артықшылық» емес, ол қабылдау гигиенасының талабы.

Архитектуралық кеңістікті ұйымдастырудың үшінші принципі әсемдік заңдылықтылар бойынша форма жасау. Бұл заңдардың объективтілігі (дұрыстылығы) кеңістікті форманы психологиялық қабылдау арқылы анықталады.

Архитеткуралық композицияны жасаудағы түпкі ойдың алдында талдау белгілеуі тұрады. Жобаланған ғимаратта (немесе олардың комплексінде) үрдістердің жүйесі орнығады, элементтері бөлшектенеді. Әр элементарлық функциясына қажетті геометриялық параметрлер белгіленеді. Өзара орнатылған реті және функциялар арасында байланыс орнатылады. Мақсатқа лайықты кеңістік уақытын ұйымдастыру варианттары схемаларда бекітіледі-функционалдық графиктерде. 20-шы жылдары кеңес және шетел сәулетшілері-конструктивистер мен функционалситер функционалдың графиктердің маңыздылығын ерекше бағалаған; Олардың кейбіреулері орынды әзірленген графикте композициялық шешімнің негізі бар екендігін біледі, ал конструктивтік схемамен біріктіргенде ғимараттардың бүкіл форма жасауы мен ансамблдерін белгілейді. Осындай көзқарастардың себептерінен көп композициялық шешімдердің толық құндылығы болмаған. Өз бетінше анализ белгілеуі, функциялар кеңістік формалардың қасиеті туралы, оның психологиялық заңдылықтарға сәйкестігі туралы талқылауға мүмкіндік бермейді. Ол форма жасауды белгілеуші объективтік факторлардың бір бөлігін ғана сипаттайды. Оның басқа бөлігі архитектуралық туындыға қажетті факторлар біріктіреді. Ол адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, көркемдік образ жасауға байланысты.

Функционалдық графиктің бір мағыналық шешімі сирек болады. Форманың нобайымен салыстырғанда ой оның көркемдік образдық мүмкіншіліктері туралы талқылауға мүмкіндік береді және кеңістікті-уақыттың ретін функционалдың процестерді ұйымдастыруда біржолата таңдап алуға қызмет етеді.

Архитектурадағы кеңістік формасын белгілеуші факторлардың алуан түрлі, күрделі болуы, келешектегі талқылауды жүйелі әдіспен түзетіп, жүргізуді мәжбүр етеді. Эскиздік варианттар функционалдық және эстетикалық мақсатқа лайықты көзқарас жасалып, салыстырылып және бағаланып жатыр. Олардың бағасы келесі эскиздердің негізіне кірігеді.

Ғимараттардағы әр түрлі бағыттағы үрдістерді ұйымдастыру, тәжірибесі жобалау нормаларымен жүйеленеді. Қажетті белгілі бір үрдістерді орындау үшін, аса үлкен тәжірибені талдап қорытудың негізінде, кеңістіктің габариттерін орналастырады, олардың өзара байланысты формаларын ұсынады. Тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар: мектеп, бала бақша, дүкендер, кинотеатрлар үшін нормалар көлемінің құрамын және барлық бөлмелердің биіктігін белгілейді, олардың орналасу мүмкіндік варианттарын детальді мөлшерлейді.

Өмірдің дамуы үздіксіз жаңа мақсаттар ұсынады және белгілі мақсаттардың қойылуына өзгерістер енгізеді. Архитектураның мәселелері шығармашылықпен шешілуі функционалдық мәселелердің өздік әзірленуін жиі талап етеді, әр түрлі үрдістердің жақсы жағдайда орындалуын іздестіреді.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қажетті кеңістік габариттерін анықтау үшін, шығу өлшемінің негізіне адамның тыныштық немесе қозғалыс қалып алынады. Осы жалпы өлшемнің сәйкестігі бойынша адамға қызмет ететін жабдықтардың өлшемдері белгіленеді.

Есепке әдетте жағдайға байланысты габариттер қабылданады – белгілі адамның бойы – 175 см (біздің мемлекетімізде ер адамдардың бойы – 168 см, әйелдердің – 156 см).

Адам денесінің қимылын, қимылының тұрақсыздылығын және кейбір қимылдың белгісіздігін минималды габариттер есепке алу керек,тек өтетін жолдың кішігірім ені 60 см етіп белгіленеді немесе келе жатқан адам қабырғаға немесе заттарға тиеді. Адам жұмыс істегенде шаршағандығын азайту үшін, өзінің денесінің орналасуын өзгертеді.

Соңында, үрдіс қозғалыс пен әр түрлі жұмыс позициялармен байланысты бола алады. Барлық сатыларда үрдістің орындалуын қажет етіп жалпы габарит кеңістіктерді қосады. Кеңістіктердің комбинациясының қосындысы, функционалдық үрдіспен басып алынуы әдетте геометриялық дұрыстықтан алыс күрделі формаға ие. Бірақ оның жеке мінездемесін ортаны ұйымдастыруына бекітуді мақсатқа сәйкестірілмейді. Функционалдық процестер ауыспалы және аз уақыттан кейін формалар қозғалыс ортаны өте тығыз қоршап алып, ыңғайсыз бола алады. Дұрыс емес конфигурациялардың бөліктерінің үйлесімі экономияны жоғарылатып, кеңістікті жоғалтумен байланысады және олардың қозғалыс ортаға сәйкес болып жеткенін білдіреді. Сол себептен элементарлық үрдістер геометриялық формаларға кірігеді, олардың үйлесуі кеңістік шығынымен байланыспайды. Даралық піштік болып өзгертіледі, құрылыстың белгілі универсалдық қолданылуын қамтамасыз етеді. Оларды психологиялық заңдылық арқылы қабылдануын сәйкестендіру оңай.

Архитектуралық кеңістікті орнату элементінің ең қолайлы қолданылатын формасы – параллелепипед. Тік бұрышты элементтер тұтас топтарға ыңғайлы байланысады, олар бар конструкциялардың жүйелерімен жеңіл үйлеседі. Адам оларды өзінің сәулетшілік ең ерте даму кезеңінде үй салудың негізгі ретінде таңдап алды. Қала салу құрылысы ұыймдастырылғанда тік бұрышты форма қажетті болды.

Цилиндр көлденең жазықтықта басқа цилиндрлермен кеңістікті жоғалтпай үйлесе алмайды; композицияның үш өлшемі бойынша – биіктікке дамуында да орта қайталана алмайды. Қисық сызықты беттерімен шек қойылған кеңістік формалары қайталанып ұялардан жасалатын құрылымдарда қолданылмайды. Олардың қолданылуы ерекше жағдайларда ғана пішімді, жеке ірі кеңістік жасау үшін. Ғимараттың немесе ғимараттар топтарының белгілеуін зерттеу, архитектуралық кеңістікті орнату элементтерінің негізгі параметрлерін анықтау және олардың үйлесімдерінің мүмкінді әдістері көлемді-кеңістікті композициясының қажетті алғашқы жұмыс сатылары. Олар органикалық бірлігі бар элементтер жүйелерін дайындауға қызмет етеді.

 

1. Нег.6[52-72] 2. Нег.5[52-58] 3. Қос.10[60-97]

 

Бақылау сұрақтары:

1. Cәулет құрылысының негізгі қызметтерін атаңыз

2. Функционализмнің негізгі ұстанымдары.

3. Функционалдық аймақтандырудың ұстанымдарын атаңыз.

 

 

№ 4 Лекция тақырыбы: Сәулеттік қалып құрудың құрылымдық-техникалық жайлары. Құрылыстың жүйелі құрылымы.

1. Құрылымдық жүйе ұғымы. Сәулеттік қалып құруды зерттеуге кіріспес бұрын болашақ сәулетшілер мынаны ескеруі керек, олардың шығармашылық ниеттері, ойлары тек материалдық түрде, яғни, нақты құрылыс материалдарынан орындалған бұйымдар мен құрылымдар (ғимарат бөліктерінде) түрінде ғана іске асады. Сәулеттік кескін, құрылымдық шешімдер, құны да, шарттары да, ғимаратты пайдалану мерзімі де ғимараттың қандай материалдан – ағаштан немесе тастан, металдан немесе темірбетоннан жасалғандығына байланысты. Бұлардың бәрі өзара байланысты.

«Сәулет өнері, - сәулетші А.Буровтың сөзі бойынша, – Бейнелеу өнері емес, құрушы өнер». Құру әрқашан да білімге байланысты, сонымен бірге, сәулетші кәсібінің айнымас бөлігі, құрылыс өнерінің негіздерін білуге де байланысты. Ол жобалау үрдісінде ең қиын шығармашылық мәселелерді шешуге көмектесіп қана қоймайды, өз жобасын затта толық іске асыруға дейін жеткізеді.

Ғимараттың құрылымдық шешімі, көлемді-жоспардағыдай функционалдық және техникалық мақсатқа сай, құрылыста және пайдалануда тиімді болуы керек. Мұнан басқа, құрылымдық шешім беріктік, орнықтылық, ұзақ уақыттық, өрт қауіпсіздігі және көрнейтудың талып жатқан талаптарына сай болуы керек. Құрылымдық шешім ғимараттың сыртқы келбетіне, оның интерьеріне қатты әсер етеді, сондықтан ғимараттың сәулеттік мәнерлілігін айқындайтын маңызды фактор болып табылады.

Ғимараттың қаңқасын құрайтын бөлшектер (негізгі көтергіш құрылымдар: іргетастар, қабырғалар, бағандар, аражабындар және жабындар) белгілі бір тәртіппен орналасады және өзара тығыз байланысты бүтін – бүкіл сыртқы күштіңәсерін қабылдауға және оны ғимарат негізіне жеткізуге қабылетті құрылымдық жүйе құрайды.

Құрылымдық жүйені әр түрлі бірнеше құрылымдық жүйе қосылған тұтас ғимараттың құрылымдық сұлбасымен араластырмау керек. Құрылымдық жүйелер қалпына, құрылғысына және жұмыс сұлбасына т.б. үлестіру тәсілі бойынша және сыртқы әсерден пайда болған күшті беру тәсілі бойынша ажыратылады.

Пайдалану жоспарындағы сәулет өнерінің міндетті кейбір материалдық қабықтардың көмегімен кеңістіктің белгілі бір бөлігінің жасайды бөлінуі болып табылады. Міндет тұжырымының өзі сәулеттік – жоспарлық және құрылымдық ниеттердің бірігуін, қосылуын қажет етеді және сәулеттік ғимарттарды құруда техника құрал ретінде қолданылатынын көрсетеді. Техника ғимарттың ойы мен мәні ашуға көмектеседі, сондай-ақ, «техника – біздің көркем ойларымыздың көрінісі ғана емес, сонымен қатар біздің түр туралы түсініктеріміздің жаңаруының және шабытымыздың қайнар көзі».

Қазіргі кезде Витрувийдің үштағаны «беріктік пен үнемділік, функционалдық мақсатқа сәйкестік және көркем мәнер» жаңа мәнге ие болып отыр. Құрылымдық жүйе бөлігі материалдықтехникалық құрандар арқылы іске асады және беріктікті, орнықтылықты, ұзақ уақыттықты, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кешенді жобалау әдісінің маңызды міндетті құрылымдық шешімді жүйені құрылымдық жүйен, сәулеттік-пластикалық түрге өзгертетін жаңа құрылымдарды қолдануды шығармашылық үрдіске айналдыру. Кешенді әдіс көлемді-кңістікті және жоба үлгісінің құрылымдық жүйе бөлігін бір мезгілде істеуді ұйғарады. Кез келген құрылымдық және техникалық шешімді жетілдіру сәулеттік шешімді жетілдіру болып табылады. Кез келген кеңістікті ұйғымдастыру техникамен жұмыс болып есептеледі, ал кез келген техникалық мәселемен жұмыс кеңістікті шешумен жұмыс болып есептеледі.

Феликс Кандела мынадай ой айтты, сәулет өнерін «ішінен» қабылданатын мүсін өнері тәрізді құруға болады, ал осындай «мүсіндерді» жасайтын құрал-сайман ретінде сәулетші қолдана білетін құрылымдарды алуға болады. Оның ойынша, сәулет мектептерінде оқыту барысында студенттердің құрылымдық елестетуін дамыту керек.

Көлемді жобалаудың міндеті көлемді-кеңістікті және құрылымдық жүйе бөлігінің, қалып пен құрылым байланысының тұтастығына жету. Техника мен көркем шығармашылықтың бір-біріне әсер етуі, сәулеттік шығарма құрылымында өз бірлігін тапқан күрделі қарама-қайтылықты үрдіс.

Бір жағынан, ғимараттың құрылымды сұлбасы функционалдық және көлемді-кеңістікті жүйе бөлігі қоршаған ортадағы мысан жағдайы, ғимараттың түрі, технологияның талаптар, құрылыстың өркендеуі және экономикасы арқылы анықталады. Екінші жағынан, тиімді құрылымдық сұлбаны таңдап алу, мысанның көлемді-кеңістікті құрылымына, құрылым дамуының жүйені құрылымдық қисынына, техникалық – экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді.

Құрылыс техникасы, қолданылатын материалдар, ғимаратты көтеру технологиясы және экономикалық мақсатқа сәйкестік сәулет өнерінің дамуының әділетті алғы шарты болып табылады. Студент ортаны ұйымдастыруда қолайлы физикалық параметрге және модульдік үйлесімділік негізінде нысанның құрылымдық мәнерлілігіне, дайындауды шешілдіретін стандарттық және құрылымдық бөлшектерге, еңбек пен материалдардың барынша аз жұмсалуын қажет ететін жинақтауға қол жеткізеді. Кешенді жобалау үрдісінде бірыңғайлау, біртұтас модульдік жүйе негізіндегі құрылымдық бөлшектер мен көлемді-жоспарлық мөлшерді өзара байланыстыру іске асады. Модульдік үйлестік- салудың құрылымдық негізгі ретінде жобалау үрдісіне кіреді.

Құрылымдық құрылымдардың бірлігі жобалық үлгіге ішкі байланыс береді және көркем мәнерлігіне әсер етеді. Оқу жобалауларында қазіргі құрудық маңызды мәселелерін өңдеу орын алған: көтергіш және қоршағыш құрылымдардың өзара байланысы, салмақты барынша жеңілдететін құрылыс материалдары мен көлік құралдарына шығынды барынша азайтатын беріктік пен оқшаулау талаптарына жауан беретін кешенді құрылымдар мен материалдар іздеу.

Қоғамдық үлкенаралық ғимараттардың жобасында – концерттік үлкенаралық ғимараттар – концерт залдары, спорттық жабық кешендер, автовокзалдар – салынған құрылыстық сонылығы, технологиялығы және жаңашыл құрылымдық ойы бағаланады.

Инженерлік интуиция мен елестетуді дамыту мақсатында жоғарғы курстарда инженерлік клаузурлер жаңа құрылымдық салаларда қолдануға кіргізілді.

Қазіргі құрылымдар, материалдар және өркендетімен құрылыс технологиясы сәулет шығармашылығының жаңа мүмкіндіктерін ашты. «Техника өздігінен алғанда мәні жоқ құрылымдық және функционалдық шексіз статикалық мүмкіндіктердің қайнар көзін ашады, - деп жазды Нерви, - бірақ құрылым, үйлесім және пропорция, сондай-ақ, бөлшектерге қамқорлық жасау кезінде жанданатын сәулет үйеқұрылымының барлық жағдайында жарқын құрал-саймандарға айналады».

Оқу жоспарында студент өркендетілген құрылыс өндірісінің жағдайында сәулетшінің шағармашылық қызметін үлгілейді, сонымен бірге, зауыттық бұйымның қалпын, материалын, фактурасын болжайды.

2. Жүйелі құрылым – көлемді-кеңістікті түрдің құрылымдарының көрінісі. Сәулеттік құрылымның маңызды бөлшегі жүйелі құрылым болып табылады, ол – көркемдік мақсатына қолданылған және анықтадған сәулет имаратының құрылымдық салынуы. Жүйені құрылымды білу, әсіресе, ғимараттық құрылысын жасайтын инженер-құрылысшылар үшін керек.

Ғимарат құрылымдары оның белгілеуіне, ауа-райының жағдайларына, құрылыс орнына, ғимаратты қоршаған ортаға, материалға байланысты, сондай-ақ, үйлесімді ойға байланысты белгілі көркемдік мінездеме алады немесе құрылымдық қасиеттерін ғимараттық сәулеттік қалпында сезінуге мүмкіндік беретін жүйелі құрылымның мінезін алады.

Ғимарат немесе имарат жүйені құрылымның әр түрлі мінезіне байланысты адамда ауырлықты сезіну, ғимараттық, массивтілігін немесе керісінше, жеңілдікті, салмақсыздық сезінуді оятуы мүмкін. Мысалы, Кализейдің тас массиві ерекше қатал және ауыр салмақты болып көрінуі мүмкін еді, егер оның көркемдік сипаты үшін қойылған тіреуіш-бағандық жүйе болмаса, ол таза декаративтік үшін қойылған болатын. Нәтижесінде үлкен көтергіш қабырға көзге қаққа тәрізді көрінеді, мұнда көтергіштік қызметті ордерлік тіреуіш-бағандық жүйе атқарын тұр да, ал аркалық ойықтары бар қабырға қаққанық толтыру қызметін атқарады.

Қазіргі стадиондарда темірбетонды құрылым шынында да жүкті көтеріп тұрады және де имараттық көркемдік сипатын анықтайтын бірден-бір бөлшек болып табылады.

Имарат бастапқы неитіне байланысты статикалық салмақты немесе, керісінше, динамикалық ұмтылысты тудыруы мүмкін. Ғимараттың жүйелі құрылымына қарай үйлесімде оның кейбір бөлшектерінің жүйелі құрылымы маңызды роль атқарады. Мысалы, құрылыстың жетілген әдістеріне лайық қазіргі қабырғалар жаңа жүйелі құрылымдық қатар түзеді, қабырға жұмысының характері мен міндетін шынайы анықтайды. Олардың жүйелі құрылым сипатының диапазонының кеңдігін байқау үшін Медичи-Риккарди (Х\/ ғ.) палаццо қабырғасы, Псковтегі Поганкин палатасы (Х\/ІІ ғ.), іріблокті және іріпанельді, үйлердің істелуін өзара салыстыру жеткілікті. Металдан және темірбетоннан жасалған қаңқалы құрылымдардың қолданылуы қабырғаның өзгеше жүйелі құрылымдық құрылымын алуға мүмкіндік береді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 1192; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.