Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 7 страница




Басты тақырып архитектура тәжірибесі көрсеткендей, маңызды бөліктердің өлшемдерінен байкалады. Біздің назарымызды бірден аударатын бөлік, образды жүзеге асыруды реттейтін және образды ассоциацияны қорытындылайтын камертон болып табылады.

Парфенонның өлшемді құрылымы фасаданың тік бұрышты үшбұрышын және колонна денесінің тік бұрышты үшбұрышын анықтайды және бейнелейді,. картинаның пропорционалды қатарын рама бейнелейді, бұл Рафаэльның (0,736) «Сикстиндік Мадонна» және Андрей Рублевтің (0,809) «Троицасында» көрінеді. Коломендегі Вознесения шіркеуіндегі бөлік-символ қызметін крест пен портал атқарады.

Ғимарат фасады төмендегі негізгі белгілермен сипатталады:

- терезені орналастыру тәртібі, оның көлемі мен формасы

- жалпы геометриялық форма, сонымен бірге тігінен және көлденеңінен бөлінуі нақтылығы

- фасадтың үстіңгі қабатындағы жазық және терең рельеф

- текстураның үстіңгі қабаты және декордың нақтылығы

- архитектура бөліктерінің сипаты

- түрлі-түсті шешім

Бұл факторлардың гармониялық үйлесімі саласында мың жылдық тәжірибе жинақталған. Архитектура теоретиктегі көп рет арифметикалық және геометриялық есеп негізіндегі сұлулықтың «мәңгілік» заңын енгізуге әрекет жасады.

Бір кездерде мұндай универсалды заң пропорцияның «тең қимасы» болып табылды, қайта құру дәуірінде адам денесіне пропорционалды қарым-қатынас сәйкестендірілді. «Тең қима» ежелгі құрылыс пропорциясында, мысалы Пергамский алтарып колоннасында тең қатынасы 1:1,618 болды.

Бұдан онжыл бұрын француз архитекторы Ле Корбюзье өзінің пропорция туралы оқуы негізінде «Модуларды» өңдеді. Басқа да архитекторлар мен ғалымдар бұл көркем сәулеттік әр түрлі ритмикалық қатары мен геометриялық тұрғызылуының кілтін табуға ұмтылды. Грек храмдарының зерттеулері негізгі модульдың колоннаның радиусы екенін анықтады.

Осы ауданда храмның барлық бөліктері мен бөліктерінің өлшемі базаланады. Готикалық собор композициясының негізіне тең бұрышты үшбұрыш, ал Римдегі қасиетті Петр соборының фасад қатарының композициясының пропорциональдық қатынасы 3:1 болады.

Қосымша математикалық тұрғызулар көмегімен мәңгілік гармонияға жетуге деген ұмтылыс сәтсіздікке ұшырады. Адам қоғамының дамуымен эстетикалық көзқарасы мен танымы өзгереді; әр ұрпақ архитекторларының өзіндік нақты тарихи сұлулық идеалдары болады. Сондықтан диалектикасың және абсурдтық болып эстетикалық канонның өзгеріссіз фиксациясы табылады.

Архитектордың шығармашылық қызметі барлық уақыт пен кезеңдерде гармония мәселелерімен байланысты болды. Бұл мәселенің біздің заманымыздағы өзектілігі демократиялық қоғамға жаңа адамды тәрбиелеу мәселелерімен байланысты – мұндай адамның жан-жақты және үйлесімді дамуы оның архитектуралық кеңістікті қоршаған ортасымен және қабілеттілігімен байланысты.

Адам үшін үйлесімді орта болуы, еңбек пен демалысқа қалайлы жағдай жасау – архитектураның кәсіби мәселелері. Қаланың немесе селоның, тұрғын үй кешені және қоғамның ғимараттардың, бақтар мен саябақтардың жобасын салғанда да ол барлық жерде үйлесім мәселелерін кездестіреді. Сондықтан, затты-кеңістікті ортаның үйлесімі – тек қана эстетикалық мәселе ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселеге де жатырды; Ол тек адам баласының қабилеті мен дарыны жан-жақты дамығанда ғана, адамға деген қамқорлығы бар қоғамда ғана жүзеге асады.

Затты-кеңістікті орта үйлесімі – архитектуранының көптеген аспектілерін қозғайтын үлкен тақырып.Үйлесім мен пропорционалдық қатынас тек бір құрылыс шегінде ғана емес, сонымен бірге үнемі даму, өзгеру және жаңаруда болатын бүтін бір қалалық ансамбльдің қалалық білімнің көлемінде үлкен және кіші звено қоршауында ерекше орынға ие болады.

 

 

1. Нег.6 [190-195] 2. Нег.5 [145-150] 3. Қос. 10 [211-241]

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Архитектура қандай мәліметтерді жинақтайды?

2. Архитектура шындықтың қандай аспектілерін бейнелейді?

3. Архитектура ескерткіштерінің монографиялық талдауының негізгі әдістерін атаңыз.

 

№ 15 Лекция тақырыбы: Қорытынды дәріс. Өтілген материалдарды қорыту.

«Архитектураны жоғары дәрежеде түсіну –

бұл безендірілетін ғимарат емес, безендіру»

Шарль Блан

Композиция бұл көркем ойлау туралы өнер және барлық өнер турлері тәрізді үнемі жұмыс жасауды, білімді толықтыруды және шеберлікті жетілдіруді талап етеді.

Композицияны продуктивті оқытудың жалпы методологиялық негізіне әлеуметтік-мәдени ұғым және көркем ағым қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық табиғаты және архитектураның даму бағытының базасын құрайтын жалпы дүние пәндері жатады.

Одан арғы білімді тереңдету мен архитектуралық композицияның дамуы оқу жоспарындағы архитектура тарихы және сурет, өнер, скульптура, сондай-ақ болашақ архитектордың білімі мен іскерлігін қалыптастыратын-архитектуралық жобалау пәндері арқылы қамтамасыз етіледі.

Оқытылатын курста композициялық принциптер мен заңдылықтардың жинақталған ұғымдар, ал жоғарыда аталған пәндерде олар нақты формада берілетін ескеру керек. Сурет пен өнерде композициялық заңдылықтар қағаз жүзінде бейнелеу сипатында, түсі мен көлеңкені орналастыруында, картинада суретті-түссіз және түсті орналастыруда байқалады. Архитектура тарихында әрбір ескерткіштің өзінің басқалардан ерекшелендіретін композициялық қатары бар екендігін көруге болады.

«Архитектуралық жобалау» пәнінің курстан курсқа көшкен сайын күрделенетін жобаның автор үшін негізгі мақсаты мен міндеті композициялық идеяны, жобаланған құрылысқа жеке көркем образ жасауға деген белсенді шығырмашалақ ізденіс болып табылады. Жалпы тұрғызу формасының заңдылығы мен кеңістікті қолдану нақты композициялық жұмысты жанды тәжірибемен байытады.

Жобаланған объектінің қалыптасу жүйесінің композициялық ерекшеліктері, теориялық ережесінің келісуі архитектуралық жобалаудағы өздік жұмыстардың композициялық тәжірибе жинақтаудағы қажетті шарты болып табылады.

Кездетін қателіктерден сақтау үшін бұл мәселелерді міндетті түрде айту керек. Біріншісі теорияны дұрыс сақтамағандықтан, жалпы теориялық ережелер мен шығармашылық қолдануды практикалық қызметке ауыстырудан және композициялық шешімді немесе жарияланған объектілерді қайталаудан болуы мүмкін.

Екінші қателік көпшілік күтпеген жағдайда, композиция теориясын, фактіні оқымай, архитектор қиындықпен жеткен жолды құрастыруға және көлемді-кеңістікті формада тұрғызу үрдісін белгілі ережелер жүйесінде қолдануға болатын кезеңде пайда болады.

Оқу құралдарында көлемді-кеңістікті формада тұрғызу заңдылықтарын қатаң жүйе ретінде қарастыруға болмайтыны көрсетіледі. Композицияның әрбір элементі түр өзгертуге еркіндігі бар (көлемі, пропорциясы, кеңістіктегі жағдайы т.б.).

Сондықтан табылған заңдылықтарға сүйене отырып, тек оймен қорытындылау арқылы архитектуралық композицияның арасында байланыс орнатуға болады деп ойлауға болмайды. Архитектуралық композицияның шарты – оның толыққанды-жеке эмоциональды трактовкасы және бұл эмоциональдылықты «математикалық қуаныштың суық регистрімен» шектеуге болмайды (белгілі совет архитекторы педагог Г.Я. Мовчанның сөзі)

Композиция «құрайтын» элементтерді таңдау мүмкіндігі және өзгертетін әрбір элементтің варианттылығы композициялық іздену диапазонының шексіздігін қамтамасыз етеді, бірақ сонымен бірге архитектураның сезімталдығы белгілі жағдайда архитектор қиялын бекітетін форма жасау, таным заңдылықтарын терең қолдану мүмкіндіктеріне тәуелді болады. Сол себепті болашақ архитектор өзінің ойы мен сезімін біріктіре білуге үйрену керек.

Форма жасау заңдылықтарын игеруде кәсіби мәселелерді сауатты шешу архитектуралық жоғарғы оқу орындарында оқытылатын басқа пәндердің білім деңгейін кеңінен белсенді түрде қолдануды талап етеді. Қорытындысында барлық оқытылатын пәндер кәсіби дайындық негізін құрайтын, архитекторға қала салу кешеніне, тұрғын үй, қоғамдық, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық ғимараттарын ландшафты архитектура объектілерін, интерьерлерін жобалауға қатысуға мүмкіндік беретін ккәсіби білімді құруға бағыттылады. Алайда архитектор жобалау-құрылыс мәселелері кешенін шешуде әрдайым архитектуралық композиция формасын ұсынады.

Композициялық заңдылықтарды аралас пәндердің факты мен мәліметтер қайта құрытылатын көтел деп атауға болады. Бұл заңдылықтар туралы білім оқыту барысында түскен барлық ақпараттарға кәсіби бағытты қамтамасыз етеді.

Тік бұрышты элемент жаттығуларындағы құралды шектеу формада мәнерлілікті іздеуге үйретеді. Мисс ван дер Роэ: «Егер адам күнде жаңадан бір нәрсені ойлап отырса, біз ешқайда кетпес едік. Қызықты формаларды ойлап табуға болады, бірақ оны өңдеу көп нәрсені талап етеді» - деп жазды.

Архитектуралық жобалау тасырмалары мамандықты игеру барысында курс жоғарылыған сайын қиындай түседі. Әрбір күрделі жобаның өзінен форма жасау заңдылықтарын біле отырып, болашақ жобаның композициялық шешімін құрудың белгілі логикасын табуға болады. Сол кезеңде, жобалаумен айналыса отырып, көлемді-кеңістікті композицияны ашып қараутағы да пайдаға асады.

Архитектор өзінің білімін бізді қоршаған ортада толықтырып отырады. Архитекторда неғұрлым эрудиция көп болған сайын, соғұрлым оның білімі кеңейеді, әртүрлі мамандықтармен оңай бірігеді. Онсыз бүгінгі архитектура өнер болып қалуы үшін шығармашылық ойды жүзеге асыруды ұйымдастыру мүмкін емес. Сөз конструктивті құрылым, кеңістікті ұйымдастыру және форма шығару-үштігінің арасындағы байланыс жайлы үштіктің негізінде авторлық ой қалыптасады және жүзеге асады.

Мұндай жағдай инженер-конструкторлардың архитектуралық шығармашылық мәселелеріне қызығушылыққа, жаңа есеп әдістерін ойлауды тереңдетеді. Сондықтан көптеген каркасты ғимараттар, әсіресе ашық бағанды конструкциялар өзінің жалаңаш мүсінімен және бір мезгілде форма құрудың жоғары логикасымен үлкен әсер қалдырады. Шығарманың бұл түрі, барлығы логикалық тең қалыпта және өзара байланысты пропорциональды келісілген және масштабты элементтерден тұратын бірыңғай кешенде болады.

П.Л. Нерви «архитектор ақырғы есеп конструкциясын маманға сеніп береді, бірақ онда бұған дейін бұл конструкцияларды ойлау және оның дұрыс пропорцияларын анықтау қабілеті болу керек. Осындай жолмен конструкция дұрыс өміршең және мүмкіндігінше әдемі болады,» - деген тоқтамға келеді.

Қазіргі архитектуралық композиция ертеде жасалған қағидаға сай өзгеріссіз қала алмайды. Архитектуралық мәдениетті шығармашылық игеру және нақты архитектуралық шығарма принциптерін құру жолы күрделі. Архитектуралық шығармашылық мәселе терең енуді және істелуге тиісті нәрсені түсінуді талап етеді. Сонымен бірге онда өнер шығармасын құруда ойлауға мүмкін емес нәрсе де болады. Біздің ата-бабамыздың мол тәжірибесі көптеген нәрсені ашады. Мүмкіндігінше, біз архитектор білуге және түсінуге керекті композициялық және көркем мәселелерді беруге тырыстық, лекция осы мәселелерге арналды.

Архитектуралық мамандық мәдениетіне деген терең құрмет архитектор дүниетанымын, архитектуралық ойлау саласындағы прогресін дамытатын ерекше рухани атмосфера туғызады. Егер осы дәрістер бір деңгейде осы мәселерге әсер етсе, онда автор өзінің жұмысы орындалды деп есептейді.

 

 

1. Нег.6[195-211] 2. Нег.5[145-150] 3. Қос. 10[211-241]

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Композициялық тәжірибе жинақтау жолындағы кездесетін қиындықтарды атаңыз.

2. Өз шығармашылығында архитектор логикаға әлде эмоцияға сүйене ме?

3. Архитектуралық композицияның дамуына қандай пәндер әсер етеді?

 

Композицияның практикалық сабақтарының

жоспары және оларға тапсырма

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 907; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.