Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Композиция болмысы. 1 страница




Дебиеттер тізімі

1. Негізгі және қосымша әдебиеттер

 

Әдебиет атауы Кітап авторы Баспа, шығарылған жылы
       
Негізгі әдебиет
  Сәулеттік жобалауға кіріспе Кринский В.Ф. және т.б. М.: Құрылысбаспа 1974
  Сәулеттік жобалаудың негізгі ұғымдары Соколов А.М. Ленинград,1976
  Көлемдік-кеңістік композиция А.В. Степанов редакц. М.: Құрылысбаспа 1975
  Антиканың сәулет түрлері Михайловский И.Б. М.: СССР Сәулет Академиясы баспасы, 1949
  Сәулет композициясының негіздері Иконников А.В., Степанов Г.П. М.: Өнер,1971
  Көлемдік-кеңістік композиция А.В. Степанов редакц. М.: Құрылысбаспа 1993
  Сәулетшінің бейнелеу тілінің мәселелері Кудряшев К.В. Байзетцер Л. М.: Құрылысбаспа 1985
  Сәулет композициясы мен жобалау негіздері   Киев: Жоғары мектеп, 1987
Қосымша әдебиеттер
  Сәулеттік композиция Араухо И. М.: Жоғары мектеп, 1982
  Сәулеттегі функция, түр, образ Иконников А.В. М.: Құрылысбаспа 1986
  Қоғамдық ғимараттың интерьері Новиков Е.Б. М.: Құрылысбаспа 1991
  Пропорция принциптері Шевелев И.Ш. М.: Құрылысбаспа 1986
  80-жылдары Алматы сәулетіндегі көркемдік және функционалды бастаманың өзара байланысы Балықбаев Б.Т. М.: МАрхИ, 1993
           

 

Лекциялық сабақтардың конспектісі

Лекция тақырыбы № 1: Композиция туралы түсінік

  1. Өнердегі және сәулет өнеріндегі композиция

Сәулетшінің шығармашылық қызметі түрлі қоғамдық, яғни материалдық, сондай-ақ рухани қасиеттердің қажеттіліктерінен тұрады. Сәулетші көптеген айналасындағы мәселелердің ішінде көркем шығарма тудыратын мәнерлі композиция мәселесімен де кездеседі. Композициялық шығармашылық сәулетшінің қызметіне көркемдік ерекшелік береді. Композициялық шеберлік- суретшінің өнердің түрлі саласындағы шығармашылық кәсібінің негізі. Композиция- көркемдік мәнерліліктің негізгі факторы. Өнерде композиция –көркем шығарма құрылымы, белгілі жүйеде негізгі элементтер мен бөліктердің орналасуы, яғни, нақты композициялық мәселені шешу және оны өткізу. Өнер тарихы беретін мысалдар, көркем шығарманы ұйымдастыру тәсілі мен түрлі қабылдаулар адамның нақтыланған көпжылды көркем тәжірибесіне негізделген өмірдің сан түрлі заңдылықтарының көрінісі болып табылады.

Қазіргі кезде ғылымда көркем-композициялық шығармашылық кез-келген мақсатты адамдық әрекет сияқты шынайылылықты практикалық тұрғыда меңгеру мен тануға мүмкіндік береді. Және объективті заңдылықтарға бағынады.

Бірлік пен тұтастылық – композиция негізі. Композицияның тұтастылығы- оның негізгі белгісі. Композициялық қызмет бірлік пен тұтастыққа жетудің мақсаты мен бағытына негізделеді.

Кез-келген элемент негізгі мағанасында ғана берілмейді. Өзінің бүтін формасына да бағынады. Осыған байланысты форма үлкенді-кішілі бірлікке ие болады. Онда кездейсоқ элементтер және кездейсоқ байланыстар болмайды. Сондықтан бірлік пен тұтастылық композицияның негізгі заңы ретінде қарастырылады. Форманың құрылымдық бірлігінің бастамасы оның монолиттік, компоненттердің ішкі тепе-теңдігі болып табылады. Мысалы, қарапайым геометриялық формалар –шар, куб, конус, цилиндр, т.б. өздерінің бастапқы бірлігін сақтайды. Алайда көркемдік тәжірибе соның ішінде сәулет шығармашылығының аясы үшін сыртқы геометриялық форма мен физикалық қасиеті бойынша түрлі компоненттердің композициялық бірлігіне жету тән. Бұл жағдайда композициялық бірлік мәселесі негізгі және қосалқы бөліктер менэлементтердің арасындағы байланысты табу, бірлік пен тұтастықты сақтау,яғни контрастылық сапаның үйлесуі арқылы шешуге болады. Композицияда негізгі, қосалқы, бағыныңқы элементтерді құрайтын иерархия орнатылады.

Композицияның бірлігі мен тұтастығы заңында ағаш жапырағының формасы, оның діңгегі мен кронасы, жануарлардың дене бөліктерінің үйлесімі, табиғи ландшафтардың гармониясы, т.б. қоршаған әлем объектілерін ұйымдастырудың табиғи принциптерінің көрінісі орын алады.

Барлық бөліктер қатаң тәртіппен топтастырыла, біріктірілі берілген. Бұл композициялық бастама эстетикалық меңгеруге ие болады.Өнер тәжірибесінде бекітіледі.

Алайда, композициялық заңдылық маңызын ескере отырып, олардың қолданылу шекарасын білу қажет. Композиция заңы көркем туындыны жасаудың техникалық ережесін тоқтатуға абсолюттауға жол бермейді.

Көркем өнер творчествосының мақсаты жаңа қоғамдық қажеттілікке байланысты туатын өнімдерді үнемі жасап отыру болып табылады. Сол себепті композициялық принциптер көркем туындының нақты қасиетін көрсете алмайды, олар рецепт қызметіне жарамайды. Алайда көркем туындыны жасаудың концентрирлік тәжірибесі бола отырып, олар творчествоның ұйымдастырушы және бақылаушы құралы қызметін атқарады, көркем туындының жалпы мағынасын және жалпы мәдениет өнімі ретінде бағалылығын қамтамасыз етеді. Архитектуралық мамандылық, жалпы архитектураның тарихи тәжірибесі болып табылатын композициялық принциптер мен заңдылықтарына тереңнен қол жеткізу арқылы жүзеге асады.

 

Көлемді–кеңістікті композиция мазмұны. Сәулет композициясы – функционалды және конструктивті-техникалық талаптарға жауап беретін көркем жүйенің бүтін формасы.

Сәулет композициясының оқу пәні сәулет түрін құруға әсер ететін факторларды оқып үйрену болып табылады. Көлемді-кеңістікті композиция факторының негізгі назары адам баласы көруінің табиғаты және архитектура объектілерін психологияның қабылдауымен байланысында болады.

Көлемді–кеңістікті композиция курсы – шектеулі(тар) мамандануға бағытталған қолданбалы пән. Тәжірибе концентрациясы-барлық басқа саладағы тәрізді дерексіздікті және деректіге қарай жүруді талап етеді.

Бірақ,көркем образдарды тудыратын материалдары білмей тұрып, өнер туындысы туралы еш нәрсе айтуға болмайды. Ырғақ немесе тектоника жайлы талдай отырып, біз көлемді және кеңістікті қарым-қатынастарды, пластикалық мінездемелерді елестете аламыз. Сонымен бірге архитектуралық объектілердің формасын сақтай отырып, форма құрылысының жеке ерекшеліктерін, архитектураның типологиялық және функционалды тиістіліктеріне тәуелсіз көптеген объектілірін көре аламыз.

Аймақтық және географиялық орналасуды, тарихи жерді композициялық принцип мағынасындағы басты жерлерді бөліп көрсетуге болады.

Көлемді–кеңістікті композицияның оқыту тәсілдері. Көлемді–кеңістікті композиция ерекшеліктері туралы жалпы түсінік алғаннан кейін, оны игерудің мақсатты тәсілдері және практикалық жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру жайлы айтуға болады. Композиция – бұл шығармашылық, жасау. Композицияға тәжірибе болмаса, оны қолдануға болмайды. Оқушы форма құрудың негізгі принциптерін өздігінен жұмыс істеу арқылы сынау керек. Композицияға жеке шешім жасағанда жеткізу деңгейіндегі табиғи қасиеті бар эмоционалдық компонент қатысу керек. Композициялық этюдтарды жасау қызметінде эстетикалық сипаттама пайда болады. Композициялық практика мәселелері жалпы дерексіз сипатқа ие болады.

Көлемді–кеңістікті форманы қолдануда өзінің геометриялық мінездемесі сәулет өнерінде кеңінен тараған мәнге сәйкес болады, бірақ нақты функционалды толықтыруды көрсетпейді.

Көлемді–кеңістікті композиция принциптерін игеруде сәулет өнері орталығының геометриялық модель фрагменттері алынады. Мұндай тәсіл эстетикалық форма құру заңдылықтары және жалпы принциптерін оқытуды, жеке архитектуралық жабдықтардың нақты сипаттамасының дерексіздігін қабылдауға әсер етеді.

Принцип тізімдері:

а) жалпы композициялық заңдылықтарды талдау

б) оқшауланған формалды жабдық негізінде шығармашылық тапсырымының дерексіз сипатын құру

в) макет жасауды тапсырма орындауда форма түрінде қолдану – базалық қолдану болып табылады, соның негізінде көлемді–кеңістікті композиция әдістері құрылады.

2. Көлемді–кеңістікті форманың негізгі қасиеттері туралы түсінік

 

Көлемді–кеңістікті форма негізіне барлық сәулет өнері көлемі және архитектуралық композицияны қолдану қасиеттері жатады. Бұл қасиеттер объективті болып табылады.

Көлемді–кеңістікті форманың негізгі қасиеттері төмендегідей: геометриялық түр, кеңістікте орналасуы, көлемі, салмағы.

Қосымша қасиеттерге фактураны, свет және түрді жатқызуға болады.

Бұл қасиеттердің әрбіреуі белгілі бір шектеуде өзгеруі мүмкін және шексіз санға ие болады.

Әр түрлі жағдайдағы қасиеттерді салыстыру оның түрлілігіне әкеледі.

 

 

3. Көру түйсігінің заңдылығы

 

Көлемді–кеңістікті композиция – қабылдау бағдарламасы ретінде. Сәулет өнеріндегі композицияның структуралық заңдылығы қабылдаушы субъекттің қарым-қатынасына әкеледі. Композицияны қабылдау бағдарламасын құрады, көрерменнің мінез позициясын және оның қимылының бағытын көрсетеді деуге болады.

Композицияның үш негізгі түрін – фронталды, көлемді және терең-кеңістісті көрсетуге болады. Олар сәулет өнеріндегі тарихи мұраның табылуымен және қазіргі практикадағы үш түрлі сипат пен ерекше кеңістікті көзқарасымен байланысты:

1) көрерменнің статистикалық жағдайына;

2) түр айналасындағы қозғалысқа;

3) кеңістіктегі қозғалысқа есептеген.

Әр түрлі форманы қабылдау және оның бөлшектері. Психологтар бір-біріне жақын орналасу заңдылығы арқылы элементтер бүтінге айналатынын анықтаған. Бұл басқа байланысты – неғұрлым қарапайым түрі қабылдауға жеңіл болады. Бір мезілді адамның элементті қабылдау саны анықталған 7 + 2 (Мюллер ережесі бойынша).

Ең жақсы қабылдау түйсігі көлденеңінен 54 және тігінен 37 градуста жататыны белгілі (27-ден жоғары көру осі және 10-нан төмен).

 

1. Негізгі 6 [5-36] 2 Негізгі 5 [5-36] 3 Қосымша 9 [5-30]

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Композицияның негізгі принциптері қандай?

2. Өнердің пәнді кеңістікті түрінде композиция қандай формада көрінеді?

3. «Архитектуралық композиция» және «көлемді-кеңістікті композиция» арасындағы айырмашылық қандай?

4. Неге архитектуралық шығармашылықта композициялық заңдылық ерекше мәнге ие болады?

5. Көлемді-кеңістікті форманың негізгі қасиеттерін атаңыз.

6. Көрермен ұстанымен көлемді, фронталды, терең композия арасында қандай өзара байланыс бар?

7. Кеңістіктегі көлемді қабылдау оптималдылығы неге байланысты?

 

 

№2 Лекция тақырыбы: Архитектуралық композиция құралы тектоника көлемді-кеңістікті форма ретінде

 

«Архитектуралық тектоника» туралы түсінік. Архитектурада тектониканы конструкцияны және материалды көркем түрде жеткізуді айтады.

Архитектура мен құрылыс техникасы бөлінбейді. Алайды архитектуралық форма – тек конструктивтік шешім ғана емес, сонымен бірге көркем жеткізу модификациясы болып табылады. Архитектуралық форма структуралық ерекшеліктер негізінде көркем образды құратын және берілген конструкциядағы жұмыс материалына кіру арқылы бірыңғай жүйеге еніп, тектоникалыққа айналады. Ғимараттың конструктивті жүйесі көркем түрде болу керек.

 

 

Архитектуралық – тектоникалық жүйе түрлері

 

Тектоника құралы конструкциялдан және бөлінбейтін жұмыс материалынан туады. Сондықтан архитектуралық тектоникалық құралдарының нақты талдау мақсаты – констуркцияның негізгі түрлерімен байланыстыру болып табылады. Осыған байланысты тектоника талдауы – қабырға конструкция тектоникасы, сто-балдық және каркасты жүйеге бөлінеді.

 

Қабырға конструкция тектоникасы

 

Қабырға – шектеу және кеңістіктегі бөлу қызметін қабылдауды біріктіруші салмақты конструкция. Қабырға конструкциясы ең ежелгі конструктивті жүйенің бірі болып табылады. Қабырғаны тастан, ағаштан, оңтүстікті саздан, кірпіштен салып отырған.

Ордерлік жүйе тектоникасы. Ордер архитектурадағы конструктивті эстетикалық жүйе ретінде дамиды. Ол Ежелгі Грецияда әлемдік қөзқарас принципі ретінде пайда болған.

Ордер (латын сөзі «қатар, тәртіп») – архитектуралық композицияның бір түрі ретінде, тігінен бағана түрінде немесе көлденеңінен – архитрав, фриз, карниз түрінде болады. Негізгі ордерлер атауларын тайпалар мен облыстардан алған: дорикалыз, ионикалық және коринфикалық. Дорикалық ордердің түрлері тосқандық, коринфтік және ионикалық – композиттік (күрделі) болып табылады.

Готик кезеңінде түрдің айналуы жүзеге аса бастады. Каркастың әр түрлі формасы пайда болды.

Көптеген елдерде дәстүрлі түрде ағашты каркас жүйесінің белгілі түрлері құралды. Бағанды-балкалық конструкция тектоникалық архитектуралық форманың негізін құру қызметін атқарады. Бұған Оңтүстік-Шығыс Азия және Жапония елдері, Орта ғасырдағы Батыс Европа елдеріндегі фахверкілік құрылыстар жатады.

Металды каркастық қолданылуы және лифті ойлап табу XIX ғасырдың аяғында көп қабатты құрылысты құруға әкелді, ол өз кезегінде каркасты жүйенің дамуын тұрақтандырды.

Тоғыспалы конструкция тектоникасы бағанды-балкалық конструкция көп адам сыятын кең көлемдегі кеңістікті құруға мүмкіндік бермеді. Бұл мәселе клинчатты конструкцияны, тоғыспаны және куполды қолдану жолымен шешілді.

Тоғыспалы-аркалы конструкция материалды жаңадан қолдануға мүмкіндік берді. Егер балдық конструкцияда тас балкасы иілетін болса, аркада тас блоктар ең тиімді материал болып есептеледі, яғни тасты игеннен гөрі оны қарсылығына қарамай қысу.

Тас тоғыспа – бұл клинд тәрізді тастан туратын, өзінің формасы арқылы тең түрде салмағын білдіретін және пайдалы салмақ түсіретін нәрсе.

Жаңа материал және конструктивтік тәсіл. Оның тектоникалық жеткізілуі, мәнерлілігі.

Практикалық шектеусіз мүмкіндіктер технологиясы арқылы конструкция мәнерлілігін көптеген материалмен дайындау тектоника туралы ұғымды кеңейтті.

Эстетикалық қасиеттер және болаттар, монолит бетондарды және ағаштарды қазіргі архитекторлар кеңінен қолдануда. Біздің эстетикалық ұғымымызды, сонымен бірге тектоника жайлы түсінігімізді, көрермендер қиындау қабылдайды. Тектоника пневмотикалық құрылыс конструкциясына, әсіресе ауа тірегіне, конструкцияның негізін құрайтын принциптермен сыйыспайды.

 

1. Негізгі 6 [37-52] 2. Негізгі 5 [65-83] 3. Негізгі 10 [60-97]

Бақылау сұрақтары:

 

1. Архитектуралық тектоника деген не?

2. Тектоникалық мәнерлілік материал мен конструкцияға тәуелді не?

3. Жеткізу құралы ретіндегі ордер туралы не айта аласыз?

4. Тектоникалық мінездеме ғимараты және оның көркем образдылығы арасында тәуелділік бар ма?

5. Қазіргі қандай тектоникалық жүйелерді білесіз?

 

 

№ 3 Лекция тақырыбы: Ырғақ.

Ырғақ жайлы жалпы ұғым. Ырғақ табиғат пен өнерде.

 

Архитектуралық композицияда шешуші сөзді форма емес, ырғақ атқарады. Енді осыны талдайық.

Композицияда заңдылық арасында гармониялық бірліктің әр түрі формасы арқылы өтетін, ырғақ туралы ұғымды біріктіретін ерекше топ құралы бөлінеді. Ырғақ - өмірдің бір бөлшегі: дем алу, дене пластикасы, күн мен түннің, жыл мезілдерінің ауысуы– барлығы табиғатта ырғақты күйге енген. Олар материалды формада өз іздерін қалдырады.

Ырғақтылық, қимылды қайталау, адам еңбегінің өнімдері, сонымен бірге материалдық формада өз шығармашылығын бейнелейді.

Шындық өмірдің заңдылығын бейнелеу арқылы ырғақ өнердің барлық түріне енді, көркем форманы уйымдастырудың қажетті құралына айналды.

Музыка мен биде дыбыстың қайталану заңдылықтарының пайда болуы немесе уақытпен қимылдау, динамикалық формаға ие болу архитектурада, бейнелеу және қолданбалы өнердегі ырғақты сезіну кеңістіктегі бөлшектердің ауысып келуінен (кезектесуі) құралады. Бұл ырғақ статикалық, қайталану дұрыстығы қатарының формасы көпшіліктің ретсіздігімен салыстырғанда жеңіл қабылданады.

Ырғаққа тәртіп, байланыс, көркем туынды элементтерінің барлық қатары бағынады. Ол қозғалыс бейненің дем алуы мен қозғалуына әсер етеді. Ырғақ анық, динамикалық немесе ұстамды болуы мүмкін. Ырғақты даму композициясы көлденеңінен және тігінен, квадратты, дөңгелекше, сопақша болып жүруі мүмкін.

Радиус, спираль, сетка арқылы ырғақты қозғалу қызықты нәтиже береді. Мұның өзі көптеген мәселенің шешімі.

Архитектура үшін ырғақ – динамикадағы өзінің көмегімен құрылған процестерді жеткізу құралы және динамикалық заңдылықтардың құрылу формасының құралы болып табылады.

Салыстырмалы элементтер қатарында ырғақтың өзгеру қасиеті байқалады. Ежелгі Шығыстағы зиккураттардың сатылы пирамида композициясы тігінен көлемінің кешірею заңдылығын:

Мәскеу университетінің Ленин тауларындағы – башняның қайталану, биікті орталыққа қарай өсе отырып, ара қашықтықтың азаюын білдіреді.

Ырғақ заңдылығының қарапайымдылығы – форманың теңдігінде. Тең көлем негізінде қайталану тәртібі метр деп аталады. Метрді қолдану мысалдары ежелгі гректердің храм-періптері, қазіргі қала үйлері, ғимараттар, бір секция мен салынған қонақ үйлер, мектептер, әкімшілік ғимараттар болып табылады.

Метрлік тәртіпке кең көлемдегі қалалық кеңістік бағынады. Оның типтік мысалы – «қатарлық құрылыс» деп аталатын тең қашықтықтағы бірдей үйлердің қайталануы. Бірдей кварталдың қайталануы, эллинистикалық қалалардың тік бұрышты сетка тәрізді көшелерінің құрылуы немесе АҚШ-тың қазіргі қалалары.

Перспективалық қысқарудың көріну, метрлік қатар ырғақ тәрізді қабылданады.

Кеңістікті ұйымдастыратын ырғақ бірыңғай форма қасиеттерінің үздіксіз өзгеруімен берілуі мүмкін, мысалы кривизнаның жоғарғы қабатының өзгеруі, спиральдың және парабола, гипербола, эллипстің құралуы.

Архитектуралық композициядағы ырғақ түрінің көп қолданылатыны – элементтің, ырғақты қатардың кезектесіп келуі. Ол (үзіліс) белсенді элементтерден, аралық интервал немесе тікелей бір-біріне қиысып тұратын құру элементтерінен тұратын үзілісті болуы мүмкін.

Үздіксіз қатар тігінен ярусты құрал элементтерін құрайды (сатылы пирамида, Мәскеу Кремль балинясы). Колоннада Римдегі Петр алаңының құрылуы – кеңістіктегі үзілісті қатарды қолданудың мысалы. Форманың мүшеленуі бірінші кезекте элемент шектеулігін, екіншіден – ортасындағы ара қашықтықты анықтайды.

Ырғақты қатар ара қашықтығының кеңістікте толтырылмауы міндетті емес. Акцент мағынасы немесе ара қашықтық арқылы форма композициядағы өзінің роліне тәуелді қабылдайды.

Ритмикалық қатардың құрылу заңдылығы анық қабылданылуы тиіс – оған осындай негізгі талап қойылған. Бұл заңдылық ритмикалық ұйымдағы элементтердің тек көлемі мен оның ретіне ғана негізделмейді, оның түсі, фактурасы, иелімділігі сияқты қасиеттеріне де бағына негізделеді. Мұндай қатарлар анық көлемдік сипаттарды ең төменгі дәрежеде алуы мүмкін.

Ритм сол және сол сияқты форманың қайталануында қарапайым негіз болуы мүмкін, немесе көптеген готика, барокко стилін құруда форма топтарын қайталауда күрделі негіз болуы мүмкін. Күрделі қатарлар бірнеше қарапайым қатарлармен бірлесе құрылуы мүмкін. Ішкі ритмикалық жүйелерде мүмкін, мысалы, метрикалық қатарлар жасау; ритмикалық қатар әртүрлі сандағы элементтермен екі метрикалық салуда шығуы мүмкін. Ойдағы комбинациялардың саны шексіз.

Ритмді талдаудың тәсіліне оның жүйесімен ойланған «ритмикалық партитура» қызмет етуі мүмкін – жалпы габаритта белгіленген тек қана қатардың акценті кейтелік бейнелеу.

Мәнерлі ритмикалық жүйенің дамуының өзінің сандық мөлшері болады. Ритмикалық өзгерістің бірлік заңы минимум үш элементті тасымалдауда пайда болуы мүмкін. Егер олар үшеуден кем болмаса, бірдей формалар метрикалық қатарға жинақтала бастайды, - үш форма тек өздік бірліктер болып қабылданады. Қатар құрайтын элементтердің өзбеттілігін сезіну, олар 5№7 кем болмаған жағдайда, толығымен жеңіп алады, ол жоғарыда аталған Мюллердің ережесімен сәйкес келеді.

Қатарды ұзарту оның мәнділігін арттырады, ритм эмоцияға күштірек әсер етеді. Оның түйсегінің анықталған мүмкіндігімен қатар дамуының максималды шегі бар. Шексіз ұзындық оны зорықтырады. Егер ритмикалық тәртіп жайда, акценттер белсенді болса, бір қалыптылықты басу сезімі өсе түседі. Бұларды әсіресе қазіргі құрылыстардан көруге болады – ритмнің қарапайым түрлерінде жасалған композициялар, әкімшілік ғимараттар мен қабатты тұрғын үйлер.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 4334; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.063 сек.