Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 5 страница




Екі түстің сәйкестігіне шеңбердің диаметральді қараша қарсы жақтарында орналасқан түстер қатысады. Бұл түстер белгілі бір комплементарлық қатынаста өзара бір-бірін толықтырады.

Үш түстің сәйкестігіне түстер шеңберінде сызылған тең қабырғалы үшбұрыштың төбелерінде орналасқан түстер қатысады. Мысалы, бұл негізгі түстер деп аталатын сары – қызыл – көк түстер болуы мүмкін. Осыған ұқсас сәйкестік қызғылт сары, күлгін және жасыл түстер секілді оларға қосымша түстер де болуы мүмкін.

Үш түстің сәйкестілігі үйлесімді деп есептелінеді. Яғни диаметральді қарма қарсы түстердің бірі екі көрші қарама қарсы түспен тіркеседі. Мысалы, 12 түстен тұратын шеңбердегі сары екі көрші күлгін – көкшіл – күлгін және қызғылт – күлгін түспен тіркеседі.

Төрт түстен тұратын сәйкестік құру үшін де 12 түстен тұратын шеңберді пайдаланамыз. Содан соң, бір-бірімен перпендикуляр түзудің бойымен төрт бұрыш құрай жалғасатын, комплекстарлық қатынаста бір-бірін өзара толықтыратын екі жұп түсті аламыз.

Осылай әрекет ете отырып, мынадай түстер сәйкестігін жасаймыз:

- сары, қызыл-қызғылт сары, күлгін, көк-жасыл;

- сарғыш-қызғылт сары, қызыл, көкша-күлгін, жасыл;

- қызғылт сары, қызғылт-күлгін, көк, сарғыш-жасыл.

Алты түстен тұратын сәйкестікті түстер шеңберінде бір-біріне сай келетін түзу алты бұрыш сызу арқылы шығарамыз. Бұл жағдайда үйлесімділікті комплементарлық байланыста бір-бірін өзара толықтыратын үш жұп түс құрайды:

- сарғыш-қызғылт сары, қызғылт-қызғылт сары, қызғылт күлгін;

- көкшіл-күлгін, көкшіл-жасыл, сарғыш-жасыл;

желтый (осн.)

 

 
 


желто-зеленый желто-оранжевый

 

зеленыйоранжевый

(доп.) (доп.)

 

сине-зеленый красно-оранжевый

 

 

синий (осн.) фиолетовый (доп.) красный (осн.)

 

сине-фиолетовый красно-фиолетовый

 

Түстер сәйкестігінің үйлесімділігі

 

Осылайша біз түстер бір-бірімен өзара тәуелдік жағдайда болатын анықтадық. Әрине, түстердің үйлесімділігі ішкі құрылымның үйлесімділігін бүтіндей қамтамасыз ететін факторлардың бірі ғана. Түстердің ең қолайлы деген шешімінің өзі ішкі құрылымның-кеңістігі, үлгісі, материалы, тепе-теңдігі, көлемділігі секілді басқа да элементтері мен сәйкес шешім табуы тиіс.

4. Түстердің кеңістікті қабылдауға әсері. Бір үйдің көлемі бірдей екі бөлмесінің қабырғалары әртүрлі түске боялғанын көзге елестетіп көрейікші. Бір бөлме – ашық-сары, ал басқасы – қара көк. Біз бірден ашық түске боялған бөлменің кеңірек әрі жайлырақ екенін сезінеміз. Яғни сары түс бөлмені жағымды энергияға толтырып, кеңірек етіп көрсетеді.

Әрбір түс өзін қоршаған басқа түстермен байланыса отырып, өзінің сипатын молырақ аша түседі. Мұның жылы түске де, салқын түске де әсері бірдей. Салқын түстер күңгірт түстен гөрі ақ түстің фонында ашығырақ көрінеді, ал күңгірт түстер де ашық түстің фонында аша түседі.

Түстердің қарама қарсылық құбылысы да бөлменің тереңдігін қабылдауға әсер етеді. Сапалы қарама-қарсылық жағдайында – қанық және бозғылт түстердің қарама қарсылығында жарық бірдей түскен кезде қанық түс алға шығады. Сандық қарама- қарсылық жағдайында кері әсер пайда болуы мүмкін. Көлемді қызыл фонға кішкене сары дақты қойып, сары түстің ашығырақ көріну әсеріне жетеміз. Берілген мысалдарды құрылыстң ішкі жағына әртүрлі түстерді орналастырғанда ескеру керек.

Түстің кеңістікті қабылдауға әсер ету мүмкіндігі оны үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетеді. Түс сондай-ақ белгілі бір психологиялық сезіну әсерін туғызуы мүмкін. Мысалы, жылуды немесе суықты сезіну. Көк, жасыл және күлгін түстер суықтық әсерін береді, ал қызыл, қызғылт сары және сары – жылылықты сезіндіреді.

Түс ғимаратың ішіне әсер етеді, түсті көру арқылы әртүрлі сезімге бөлінуге болады. Көк, жасыл, күлгін түстер суықты, ол қызыл, сары, ашық сары түстерден жылылықты сезінуге болады. Түс арқылы заттың өлшемін өзгертуге болады. Мысалы, бір өлшемді кубті әртүрлі түске боясақ, өте қызық болады. Ең үлкен куб бізге сары түсті кейін ақ, қызыл, жасыл, көк, қара болып бара-бара кенірейді.

Түс арқылы заттың салмағын өзгертуге болады, яғни түс затқа әсер етеді. Зат егер қара түсті болса, өте салмақты көрінеді, қоңыр түсте солай. Ал өте ашық түстілердің салмағы төмен болып көрінеді. Түс арқылы адамдарды өзіне қаратуға болады. Яғни, сары, қарамен сызылған түстер, бұларға аздық трубаларын жатқызуға болады. Архитектура түс композицияның тақырыбына байланысты болады.

4. Түс ғимараттың ішін жарық және қараңғы түрге де өзгерте алады. Ол бұрыннан бері солай. Мысалы суық жерлерде түсті ашығырақ алады, себебі күннің түсуін жоғарылту үшін, ол жылы жерлерде керісінше.

Міне, осылардың бәрін қалай салуын, қалай дұрыс жасалуын – архитектуралық негізгі жұмысы болып табылады.

 

1. Нег.6 [115-123] 2. Нег.5 [10-30] 3. Қос. 10 [142-192]

 

Бақылау жұмысы:

1. Түстің символын қалай түсінесіздер?

2. Түстің көлемінің мінездемесін қалай анықтайсыздар?

3. Түс гармониясы қалай түсінесіз және ол қалай дамиды?

4. «Жарық сәулетті» деген не?

 

 

№ 9 Лекция тақырыбы: Архитектура саласындағы композиция.

Ғимараттың ең маңызды бөлігі – ол ішкі құрылысы. Ғимараттың ішін жалпы былай бөлуге болады.

1. Жалпы қоршаулар – қабырға, там бұрыш осылардың барлығы ғимараттық негізгі бөлігіке жатады.

2. Бетоннан, металдан, ағаштан жасалған төрсындар, панельдер.

3. Қабырға, там, бұрыш – осылардың бәрі коридорға кедергі болмауы керек.

4. Полдық горизонталдық бөлінуі әртүрлі дәрежеде орналасуы керек.

5, 7. Қабырғаның ұзындықтық ара-қатынасының өлшеуі. Жарықтық толық түсіне олар дұрыс орналасуы керек.

Жарықтық дұрыс түсуіне қамтамасыз ету керек. Дұрыс түсуін жақа техника арқылы жүзеге асыруға болады. Бұрын болмаған техника, қазіргі заманда пайда болып, барлық іс-әрекеттерде осы техника жүзеге асырылады. Ғимараттың ішін 5 түрге бөлуге болады. Ячейкалық, коридорлық, байланыс коридорсыз, анфиладтық және залдық жүйе. Бұлар бірден бастап 5-не дейін өседі. Әрбірі бір-бірін толықтырып тұрады.

Ячейкалық жүйе – тәуелді емес, ол ішкі функциядан тұрады. Бұл көп бөлмелі үйлерде болады. Бұл Англия және Скандинавия мекемелерінен көруге болады. Көшеден үйге кіретін есігі болады. Осындай жүйе 1 этаждың үйлерде және жаздық қонақ үйлерде болады. Орыстардың бұрынғы қалаларында осы жүйе көп қолданылады.

Өздігіен жұмыс істейтін шағын орындардың сыртқы ортамен байланыстыратын жалпы ортақ коммуникациясы болуы мүмкін, - мұндай жүйе көп қабатты тұрғын үйлерге тән. Олардың пәтерлері бөлек, бірінің біріне қатысы жоқ, бірақ жалпы баспалдақ (секция үйлер) немесе баспалдақ және галереясымен (галереялық үйлер) көшеге байланысты.

Процестердің тұтас циклі бөліктерін сыйғызатын ауызғы бөлмелер жүйесі шағын орындардан құралады. Мұндай ячейкалар кәдуілгі, ішкі күрделі құрылымдары жоқ, оларды жалпы желілік коммуникация – кіре беріс бөлмесі байланыстырады.

Кіре беріс бөлмелер жүйесі қоғамдық үйлердің көптеген түрлерінде (оқу және әкімшілік ғимараттары, ауруханалар, санаторийлер және т.б.), сондай-ақ тұрғындық құрылыс орындарында пайдаланылады, олардың тұрмыстық процестері қоғамдық қызмет көрсету орындарына (жатақхана, шағын отбасыларға арналған үйлер, қонақ үйлер) ауыстырылған.

Байланысқан ауызғы бөлме жүйесі ячейкаларды, сондай-ақ цикл бөліктерін сыйдыратын процестерді біріктіреді, бірақ олардың арасындағы байланыс желілік коммуникация емес, ұзындығына және еніне қарай дамыған бөлмелер болып табылады. Әдетте мұндай бөлмелердің өздерінің пайдаланылу мақсаты бар.

Мұндай мысалдар жүйесіне мектептерді жатқызуға болады, онда сыныптар кең рекреакциялармен немесе акт залымен байланыстырылады, жатақханалар бөлмелері жалпы қонақ бөлмесіне төңірегіне орналасқан; кабинет топтары үлкен жұмыс бөлмелерінің жан-жағына немесе лифт жүйесін қосатын (биік кеңсе ғимараттары) орталық холлдары бар әкімшілік ғимараттары мысал бола алады.

Анфилад жүйесі – үзіліссіз өтетін бөлме біріктірген бөлмелері қатары – біріктірілген функционалдық процестер кезінде пайдаланылады, олардың бөліктері азғантай дәрежеде бөлімшелерді талап етеді. Мұндай жүйе бөлгілі бір реттілікті ұсынады. Бұрын анфиладаға сарайлар мен жеке үйлердің алдыңғы бөлмелері топтастырылатын. Мұндай жүйесінің оң тиімді мысалы бұрынғы Патша ауылындағы, осы күнгі Пушкин қаласындағы (1752-1757, сәулетші В.Растрелли). Үлкен сарай залдарының аса кең анфилада болып табылады. Анфилад жүйесі көрмелер мен мұражайлар-үйлеріне арналып жиі қолданылады.

Негізгі біртүтас кеңістік, алынатын зал жүйесі үлкен бөліктерге бөлінбеген алаңқайларды қажет ететін бірыңғай процестерде қолданылады. Мұндай жүйе мәдени және спорт ғимараттарына, көрме павильондарына, жабық базарларға тән. Зал кеңістігі әдетте ауызғы бөлме анфилад жүйесі бар қосалқы орындар, топтармен толықтырылады, ол өте сирек жағдайда ғана дара тұра алады.

Түрлілердің бірге қолданылуы ғимаратпен байланысты процестердің жүйелерінің күрделілігінен туындайды. Үлкен құрылыс орындарында олар сирек емес, кәдуілгі ереже болып табылады.

 

1. Нег.6 [124-133] 2. Нег.5 [30-52] 3. Қос. 10 [142-192]

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі кеңістіктің бөліну түрлерін атаңыз.

2. Әртүрлі деңгейде орналасқан еден жазықтығының көлбеу бөліктерге бөлінуіне мысалдар келтіріңдер.

3. Ішкі кеңістікте табиғи жарықтың бөлінуіне мысал келтіріңдер.

4. Функционалдық процестерге байланысты ғимараттардағы кеңістіктерді топтастыру жүйесін атаңыздар.

 

№10 Лекция тақырыбы: Сәулет және айшықты өнердің бірлігі.

Сәулет және айшықты өнер органикалық тұтастықта көріне отырып, белсенді түрде адам өмірі мен қызметінің кеңістігі ортасын қалыптастыруға қатысады, құрылыс нысандарының ашық мәнді келбетін жасауға жағдай тудырады.

Өнердегі айшықтылық мәні – маңызы бар, дәуірдің эстетикалық мұраттарына сәйкес келетін қоғамдық идеялардың көркемдік көрінісі. Айшықтылық ұғымы (немесе айшықтылық) келбетті, көрнекті деген ұғымдармен туыстас, ол түрлі өнер түрлеріне сипаттама беру үшін пайдаланылуы мүмкін. Осымен бірге «айшықтылық өнері» қолданбалы өнердің кеңістікті қалыптастыруға қатысуын білдіреді. Нысанның оқшаулығына айшықты өнердің уақыттың әсеріне берілмейтін материалдары-мозайка, тас, металы сәйкес келуі тиіс.

Өнердің бірігуі сәулеттің, көркемсуреттің, бейнелеу- өнердің мұраттық-көркемдік шешімінің тұтастығын талап етеді және асардың бейнелі, пластикалық тілі болуына өз талаптарын ұсынады. Өнердің бірлігі өнердің әртүрлерінің өзара әрекеттесуін қажет етеді, осы кезде әрбір құрамдас бөліктері өзіндік ерекшеліктерімен көрініс тауып, оның формасы мен мазмұнына қатысы бар жаңа мәнге ие болады және біртұтастылығымен жасалған шығарма-сапалық тұрғыдан жаңа құбылыс, ол күрделі көпжақты, өнердің жеке түрлері бара алмайтын құрылымғы иеленеді.

Өнердің әр түрлі өзінің тәндік көркемдік жағдайларын иеленеді. Мысалы, көркемсурет тік жазықтықта кәдуілгі әлемді тудыра алады, ол жалған кеңістікті де жасай алады. Оның арнайы құралдары – колорит, сызықтардың арақатынасы және желісі әрі бояу дақтары, осылардың көмегімен жазықтық жасалды. Бейнелеу өнері сол мақсатқа – шындықты көркем бейнелерде түзуге қызмет етеді, бірақ оның бейнелік құралдары көркемсуретке қарағанда басқаша; онда аудандардың, массасының арақатынасы мен желісі, формасы мен материалының пластикалық айшықтылығы, беткі жағының – тастың, металдың, ағаштың және т.б. түрлі фактурасы бар. Зейнелеу өнерінде көркем формаларды жасау қағидалары көп жағдайда сәулет формаларын құру заңдылықтарымен жақындасады. Екі жағдайда да композиция өзін уақытқы созылған арқалы көзқарастар нүктесінен қарауды ұсынады. Скульптураны сипаттайтын пластикалық сәулет құрылысына да тән.

Сәулеттің өзіне тән құралдары көркем айшықтылық кеңістік ортасын қалыптастыратын объективті факторлармен байланысты жалпы ұғымдарды сіңіреді. Сәулеттің көркем құралдарының эстетикалық ықпалы өте күшті болуы мүмкін, бірақ олар нағыз жалпы мұраттарды білдіреді, сәулет шығармаларының қоғамдық пайдаланылуының барынша ашылуына жағдай тудырады. Өз кезегінде көркемсурет, архитектуралық композицияға енгізілген скульптура ансамблді қалыптастыратын негізді айғақтайтын архитектураның күшті «үнімен» қолдау тауып отырады.

Сәулеттің құралдарымен кеңістік ортасы түрлі өнер түрлерінің туындыларын физикалық біріктіреді. Сондықтан сәулетті өнер тұтастығының материалдың негізгі, айқын базасы деуге болады. Жалпы композициялың орналасуы, жарық сипаты, көрерменнен қашықтығы, қабылдануының ұзақтығы – аталған сәулетпен айқындалатын өзіне тән шарттары айбынды өнер шығармаларының тілдік формасына әсер етеді. Өнердің тұтастығы жөнінде сөз болған кезде айбындылық категориясы тұтастай алғанда ансамбльге тән. Сонымен бірге көркемсурет пен пластика, сәулет пен тұтастық құра отырып, безендірушілік те болуы мүмкін, бұл жәйт егер сәулет мазмұны ең алдымен бояуы айшықтығымен, формасының пластикасымен, өрнектерімен ерекшеленіп тұрса солай болуы ықтимал.

Өрнекшілік қыры өнердің халықтық бастаулармен тығыз байланысты. Әр халықтың өз өрнегі мен бояуы, өзіне тән бедерлік ерекшелігі бар. Олар ғасырлар бойы қалыптасуы негізінде сәулетшілер мен суретшілерге шығармашылығы үшін мол кеңістік беріп келеді. Сәулет пен айбынды-безендіру өнерінің тұтастығын тудыру үшін шығармашылық бірлігі, жалпы эстетикалық мұраттардың, жалпы кеңістік пен архитектоникалық тұжырымдардың іштей үйлесімі қажет.

 

1. Нег.6[133-142] 2. Нег.5[40-55] 3. Қос. 10[142-192]

 

Бақылау сұрақтары:

1. Өнер мен сәулеттің тұтастық мақсаты не?

2. Айбындылық-безендірудің әртүрлі көріністері бар сәулет туындысын атаңыз.

3. Ренессанс дәуірінде қандай өнер түрі- өнер мен сәулеттің жетекші түрі болды?

 

№11 Лекция тақырыбы: Сәулеттік композиция және сәулет шығармашылығының тәжрибесі.

Сәулет нысандарын жобалау, сәулетшіден тек ірге кеңістігін нысанның функционалды қызметіне сәйкес келтіруді талап етіп қоймайды, сонымен бірге жеке кеңістікпен бірге барлық кеңістіктерді үйлестіруді де қажет етеді.

1. Сәулеттік-жобалау қызметінің мақсаты мен міндеттері. Оқыту- сәулет жобалауы тәжрибелік сәулет жобалауымен жалпы үйлесімділікте болады, бірақ оқу процесіндежобалау әдістерінің өзіндік қырлары бар. Оқу кезінде жоба мен жобалау қызметінің арақатынасы практикаға қарағанда басқа: іс жүзінде жобалауда «процесс өнім ішінде солғын тартады», ал жоғары сәулет мектебінде өнім басымдылық мәнге ие болмайды, оның қызмет процесі өте қажет.

Сәулеттік-жобалау қызметінің мақсаты- студенттің сәулетші кәсібін меңгеруі және оны жеке тұлға түрінде тәрбиелеуі болып табылады. Сәулеттік-жобалау құралдары саласында ғылыми және тектоникалық білім және оқу барысында игерінетін кәсібі және шығармашылық біліктілік, әдістер мен жобалаудың жасалым техникасы алға шығады. Қызметтің негізгі мәнді мақсаты – кәсіби сәулетшіні әзірлеу. Қызмет өнімі – жобалар сериясы – студент санасын қалыптастыруға, шығармашылық дүниеге көзқарасты қалыптастыруға, композициялық мүмкіндіктерді дамытуға, оны тұлға ретінде жетілдіруге бағытталған. Оқудың барлық жылдарында қызмет процесі жеке өзінің төл өнімі – жоба ықпалымен жетілдіріледі. Сәулет-жобаның қызмет әдістілігі жобалаудың диалектикалық сипатын, жобалаудың оқу пәні маңызын, педагог пен студенттің қарым-қатынасын және оқушының жантану қызметі ерекшеліктерін ашады.

Оқу-жобалау аясына төрт фаза кіреді: біріншісі – шығармашылық процесс, осы кезеңде студент оқытушының қадағалауымен жоба жасайды, функциясы орнықты, композициясы тұтас шығарма тудыруға тырысады; екіншісі – студеттің сыншыл көзқараспен өз жобасын бағалауы, оған сырттан қарауы; үшіншісі – жобаны кафедра ұжымының қарауы, жобаларды дұрыс бағалауы және студент үлгерімін есепке алуы; төртіншісі – жобаларды топтық және курстық талқылау және әлеуметтік-мәдени шарт ретінде көрме ұйымдастыру.

2. Сәулет жобаларын элементтерінің композициялық реттілігі. Сәулет композициясы көптеген элементтерді бір жүйеге реттеп, оларды бір тектес, көп тектес жүйе бойынша жинастырады. Элементтер нүктелік (мысалы, терезе), желілік (карниздер мен колонналар), тегіс (кіреберіс беткі жақ және шатырлар) немесе скульптуралық-кеңістікті (эркелер мен құрылыс көлемдері) болуы мүмкін. Біркелкі элементтердің композициялық реттілігі, мысалы, бет терезелері немесе кенттердегі біркелкі үйлер қарапайым жолмен қатарларды немесе топтарды орналастыру жолымен қол жеткізіледі. Барынша таралған сәулеттік және қала құрылысы композициялар түрлі сипаттағы элементтерді пайдаланумен, оның ішінде барынша қатал желілі элементтерді реттеу арқылы ретсіз нүктелік элементтердің орналасуын азайтады.

Көркем композицияның өзіндік тәсілі бедерлерді яғни жекелеген элементтер мен топтарды оқшаулау болып табылады. Сәулетте оқшаулықтар ғимарат бөліктері мен деталдары, мысалы, қарсы беті, эркерлері, мұнадар; қала құрылысында қоғамдық үйлер болуы мүмкін мен формасымен, жүйесімен басымырақ болады. Гримм қаласының базар алаңындағы ратуша бұл ғимаратқа қала тұрғындары Х\/-ғасырда ерекше мән берген. Ғимараттың шағын ауданы орташа мұнарамен көркейтілген. Штральзунд қаласындағы Ратуша жанындағы құрылыс маңында орналасқанына қарамастан ғимараттың беткі жақ биіктігі оның басқа тұсынан жоғарырақ болуына орай үлкен мән беріп түр.

Штральзунд және Вернигерод қалаларында ратуштың фасадтары қоршаған тұрғын құрылыстық архитектураның бірегейлігінен ерекшеленеді. Порталды екі жағынан қоршап тұрған екі тік мұнара, Вернигород қаласындағы ратуша қайталанбас айқындылық беріп тұр. Қала жүйесіндегі кеңдік акцент көшелер мен алаңдар болуы мүмкін. Ортағасырдағы кең нарықтық алаңдармен салыстырсақ, тар көшелерге қатысты қарама-қарсылықтар пайда болады. Осы себептерге байланысты ортағасырдағы қалаларда қоғамдық ғимараттар алаңдарға салынған.

 

1. Нег.6 [142-180] 2. Нег 5 [7-36] 3. Қос. 10 [142-192]

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Архитектуралық-жобалау қызметінің мақсатымен міндеттері қандай?

2. Архитектуралық композицияларды жүйеге салудың тәсілдерін атаңыз.

3. Метроритмикалық қатарлардың мәнділігін күшейту тәсілдерін атаңыз.

4. Оқуды жобалаудың фазасын атаңыз.

 

 

№ 12 Лекция тақырыбы: Көркемдік қабылдау-көркемдік коммуникацияның аяқталған звеносы.

1. «Архитектураның шығармасы қалай қабылданады. Кез-келген қабылдау бар, сондай-ақ ойлау бар, кез-келген талқылау бар, сондай-ақ сезу бар, кез-келген бақылау - шығармашылық» (Р. Арнхейм)

«Бірақта, өнердің барлық классикалық шығармалары алғашқы көзқарастан түсінік табады деп дәлелденбеген: өнердің кез-келген шығармасы өзіне кім сезіммен көңіл бөлсе, соған ғана «дыбыс береді»(Рон Жавье Лоренса)

Кейде біз архитектуралық образдың сұлулығы мен ашықтығын толық бағалай білмейміз, тек «үлгілілер аз кездесетіндіктен емес», мәндік мүмкіндігі ескермей оның түбірінде шарттылық заңдылығы, әлемді метафорикалық көру заңдылығы жатқаны ұмытып, архитектуралық объектіні тура қабылдаймыз. Архитеткураны қабылдаудың сипаттамасын кесте түрінде үш нүсқамен ұсынуға болады:

1 – өнер шығармалары, тарих ескерткіштері сияқты, архитектуралық құрылыстармен толық бағытта танысу.

2 – архитектуралық шығармалар орта мен қиын жүйесінің компонентіне кірген кезде, өмірлік процесстің жүйесіне архитектураны қабылдау.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 1145; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.