Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

АЛМАТЫ – 2012 1 страница




СӨЖ (СОӨЖ) бойынша әдістемелік нұсқаулар аға оқытушы Ж.С. Кирбетовамен 5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарынының технологиясы және конструкциялануы, 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы, 5В070100 - Биотехнология мамандықтарының жұмыс оқу жоспары, «Экономикалық теория негіздері» пәнінің типтік бағдарламасының және пәннің оқу - әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде құрылған.

 

Экономика және менеджмент кафедрасының отырысында талқыланды.

 

Хаттамасы № ___ «___» ____________ 2012 ж.

 

Экономика кафедрасының меңгерушісі Джолдасбаева Г.К.

 

 

Оқытушы туралы мағлұмат:

Аға оқытушы Кирбетова Ж.С. «Экономикалық теория», «Экономикалық теория негіздері, «Халықаралық экономика», «Институционалдық экономика», «Макроэкономика» пәндерінен дәрістер оқып, семинарлық сабақтар жүргізеді.

 

Кеңсе: экономика және менеджмент кафедрасы

Аудитория 210-3Б

 

Алматы қ. Фуркат көшесі, 52

Тел. 2926399

 

СӨЖ(СОӨЖ) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.

СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.

Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді СОӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан СОӨЖ –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.

СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.

«Экономикалық теория» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:

- оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;

- негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;

- нақты тақырып бойынша баяндама жасау;

- эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;

- есептер шығару;

- статистикалық мәліметтерді талдау;

- курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;

- топтық жобаларға қатысу;

- таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;

- тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.

Студентке СӨЖ (СОӨЖ) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:

Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:

- дәріс конспектісінің болуы;

- курс бағдарламасының болуы;

- ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).

Жұмыс әдістері:

- дәріс материалын жете түсіну;

- конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;

- әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;

- тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;

- түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.

Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:

- есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

- есеп шартын мұқият оқып шығу;

- шешу жоспарын ойластыру;

- есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;

- формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;

- алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;

- аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;

- шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.

Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

- студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;

- топ студенттерінің дайындығын анықтау;

- үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Студент бақылау жұмысына дайындалуда:

- бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

- берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;

- әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:

- белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;

- тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.

- қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;

- алынған шешімдерді талдау;

- тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.

- тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;

- тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.

Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.

 

«Экономикалық теория» курсы бойынша СОӨЖ өткізу формалары

Тақырып атаулары СОӨЖ өткізу формалары
1.Экономикалық теорияның пәні мен әдіс-тәсілдері Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі. Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*
2.Қоғамдық өндірістің негіздері. Қоғамдық өндірістің нышандары. Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*
3.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі. Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
4.Сұраныс пен ұсынысы теориясының негіздері. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *
5.Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Кәсіпорын (фирманың) шығындары мен табыстары Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *
6.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*
7.Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамуыдың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *
8. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде. Экономикалық саясаттың негіздері және экономикалық өсу Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*

* - СӨЖ (СОӨЖ) қосымша немесе баламалы формадағы тақырыптар бойынша тыңдаушылардың инициативалық ұсыныстарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған


ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІС-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
  2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
  3. Берілген тапсырмаларды орындау.
  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.
  5. Тақырып бойынша глоссарий құру.
  6. Экономикалық теорияның дамуында пайда болған ғылыми мектептер (меркантилизм, физиократ, марксизм, бейклассикалық теория, кейнсиандық, институционализм) бойынша академиялық эссе жазу.
  7. Семинар сабақтың сұрақтарын дәстүрлі жүйеде, сондай-ақ презентация ретінде талқылауға болады.

 

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар

1. Өз дамуында экономикалық теория қандай кезеңдерден өтті? Әр кезеңге сипаттама беріңіз.

2. Экономикалық теорияның пәні және атқаратын қызметтері.

3. Экономикалық заңдар мен категорияларға сипаттама беріңіз.

4. Экономикалық теорияда ғылыми танудың қандай әдістері қолданылады?

 

Тапсырмалар:

1. Көп нүктенің орнына анықтамасына сай сөзді тауып қойыңыз.

А. Экономикалық теория.

Ә. Экономика

Б. Саяси экономия.

 

1........... пайданы ұлғайту мақсатында фирмаларды басқару, шаруашылық өмірдің экономикалық заңдылықтарын зерттейді.

2............ материалдық игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.

3............ шектелген ресурстарды оптималды пайдалануда материалды және материалдық емес игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.

 

2. Көрсетілген категорияларды экономикалық теория құрылымы бойынша орналастырыңыз: сұраным, баға, ұсыным, бәсеке, экономикалық өсу, жұмыссыздық, жалақы, еңбектің халықаралық бөлінуі, бағаның жалпы деңгейі, жиынтық сұраным, жиынтық ұсыным, инфляция, протекционизм, либерализация, баға белгілеу.

 

Экономикалық теория құрылымы Категориялары
  Микроэкономика  
  Макроэкономика  
  Әлемдік экономика  

 

4. Позитивті және нормативті пайымдауларды анықтаңыз.

Пайымдаулар Сіздің таңдауыңыз: позитивті немес нормативті экономика
  Инфляция деңгейін төмендету және өндірістің құлдырауын бәсеңдету немесе тоқтату үшін шаралар кешенін ойластыру  
  Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының экономикасы өсу үстінде.  
  Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құру басқа мақсаттармен қатар, халықтың өмірін сапалы деңгейге көтеруге бағытталған  

 

4. Төменде экономикалық ғылым пәніне берілген анықтамалардың авторларын табыңыздар (А. Смит, Д. Рикардо, А.Маршалл).

Анықтамалар Авторы
«Экономикалық ғылым экономикалық таңдаудың заңдылықтары мен мәселелерін, шаруашылық салада адамның мінез-құлқының оятқыш мотивтерін зерттейді». Оның міндеті – практикалық өмірде адамның мінез – құлқын басқару. Оны «саяси экономиядан» кең мағыналы «экономикс» терминімен алмастырған дұрыс».  
«Саяси экономияның негізгі міндеті әр елдің байлығын көбейту». Сауданың түрлі болуы пайдалы ғана емес, сонымен бірге ол қажет.  
«Жерден алынатын өнім – бұл капитал, машина, еңбекті біріктіру жолымен алынатынның барлығы, - қоғамның үш табының арасында бөлінеді. Осы бөлуді басқаратын заңдылықтарды анықтау –саяси экономияның бірінші міндеті»  

 

Тестілік сұрақтар:

1. Қай экономикалық мектеп өз талдауының заты ретінде айналым саласын емес, өндіріс процесін қолданды?

а) меркантилизм;

ә) физиократтар;

б) классикалық саяси экономия;

в) маржинализм.

2. Қоғам мен табиғат заңдарының бірлігі неде?

а) объективті сипатта болуы;

ә) адам әрекеттеріне тәуелсіз;

б) адамның экономикалық қызметінде көрінуі;

в) тарихи өтпелі сипатта болуы;

г) мәңгілік болуы.

3. Жалпы экономикалық теорияның толық мәнін ашатын анықтаманы табыңыз:

а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің қозғалысы туралы ғылым;

ә) адамның мінез – құлқы мотивациясы туралы ғылым;

б) игіліктерді өндіру және бөлу туралы ғылым;

в) табиғи байлық туралы ғылым;

г) шектелген ресурстар кезінде адам қоғамының дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.

4. Позитивті экономика:

а) қолда бар ресурстарды анықтау;

ә) дағдарыстан шығу жолдарын табу;

б) ішінара және өзара бір- бірімен байланысты экономикалық процестердің және құбылыстардың мазмұнды жақтарын анықтау;

в) әлеуметтік- экономикалық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау.

5. Нормативті экономика:

а) мәнді анықтау мақсатында құбылыстарды, процестерді, фактілерді зерттеу;

ә) экономикалық процестер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты анықтау;

б) табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты анықтау;

в) нақты әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешуде экономикалық заңдар мен принциптерді қолдану.

6. Ресурстардың сирек болуы:

а) адамдардың қажеттіліктерінің шектеулі болуы;

ә) адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы;

б) жер ресурстарының қайта жаңарту мүмкіндігінің болмауы, адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы.

 

Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, әр экономикалық мектеп және бағыттарына көңіл қойып, экономикалық теорияның қызметтерін нақты анықтап алу қажет. Сосын қажеттілік, игілік, қызмет, экономикалық ресурстар сияқты экономикалық түсініктерді, экономикалық теорияда қолданылатын ғылыми танудың әдістерін меңгеру керек.

 

ТАҚЫРЫП 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЫШАНДАРЫ.

СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

5. Тақырып бойынша глоссарий құру

6. «Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдері», «Тауар және оның қасиеттері. Тауардық пайдалылығы мен құндылығы», «Қазіргі таңдағы ақша қызметтерінің ерекшеліктері», «Ақша жүйесін ұйымдастыру қағидалары» атты тақырыпқа реферат жазу

7. «21 ғасыр экономикасындағы адам, нарық және капитал», «Қазақстандағы өндіріс» атты тақырыптарға баяндама дайындау.

 

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Адамның «экономикалық іс-әрекеті» деген не?

2. Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдерін атаңдар

3. Еңбек құралдары және заттарының бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

4. Пайдалы қазбаларды алу өндіріс процесі деп атала ма?

5. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау өндіріс процесі деп атала ма?

6. Спекуляция (алыпсатарлық) өндіріс процесі бола ала ма?

7. Материалдық және материалдық емес өндіріс деген не?

8. Өндірістік фунция мен оның мәніне анықтама беріңдер

9. Қоғамдық өнімнің қозғалу кезеңдерін атаңдар.

10. Қазіргі заман талабына натуралды шаруашылық сай келе ме және оның келешегі қандай?

11. Шаруа бидайды өз шаруашылығында пайдаланса, тігіншінің өзіне арнайы тіккен көйлегі, яғни өзі тұтыну үшін өндірілген зат қалай аталады? Тауар немесе өнім?

12. Егер тауар сатылмаса, оның тұтыну құны өзгере ме?

 

 

Тапсырмалар:

1. Кестеде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты, қайсысы тауар шаруашылығына түсінік беретінін табыңыз.

 

Анықтамалар Ұйымдастыру формалары
  Тұйықталған экономикалық шеңберде дайын өнімді өндіру және тұтыну жүреді  
  Жеке сала щеңберінде шаруашылық байланыстармен дәстүрлік салтта еңбек процесі жүзеге асырылады.  
  Өндіріс меншіктің дара еңбегіне негізделе отырып, жалдамалы жұмыс күшін де қолданады.  
  Дайын өнім меншік иегерінің иелігінде болады және рынокта еркін сатуға белгіленген.  

 

1. Бос төртбұрыштарға сәйкес келетін анықтаманы қойыңыз.

 

 

Натуралды шаруашылық

3. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы –неоклассикалық теорияға дұрыс келеді?

 

Анықтама Теория
Тауар – сату-сатып алу жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі  
Тауар – төлемқабілетті сұранымға ие айырбасқа арналған шектелген экономикалық игіліктер.  

 

4. Келесі тезистер ақшаның қай теориясына сай келеді?

 

Тезистер Ақша теориясы
  Бұл теорияның өкілдері ақша табиғатының құнын теріске шығарып, ақша мәнін айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырады.  
  Бұл теорияға сай ақша құны номиналмен анықталады  

 

5. Кестені толтырыңыз.

 

Ақшаның мазмұнды қызметі Ақша қызметтерінің атауы
  Келешекте қоғамда тауарлар мен қызметтерді тұтынуды жақындастырудың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін қамтамасыз ету.  
  Тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеу қабілеті  
  Тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ салықтарды төлеу қабілеті  

 

6. Төмендегі ситуацияның қайсысы ақша қызметінің мәнін толық көрсетеді:

 

ситуациялар Ақша қызметтері
  Көлік сатып алу үшін сізге ақша керек, ол үшін қала шетіндегі үйіңізді сатпақ ойыңыз бар.  
  Сіз үнемделген ақшаны жинақ банкісінен шот ашып салып қойдыңыз.  
  Ақша жетпегендіктен, Сіз тоңазытқышты несиеге сатып алдыңыз.  

 

 

Тестілік сұрақтар:

1. Қоғамдық өндіріс құрымына не жатады:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1660; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.