Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Аллергология» бойынша 2 страница




* +Сальбутамол ингаляциясы

* Тиосульфат натрий к/т енгізуді бастау

* Эуфиллин к/т енгізуді бастау

* Преднизолон 30 мг к/т енгізу

* Дексаметозон 4 мг б/ет енгізу

 

! Қабылдау бөліміне 67 жастағы науқас айқын экспираторлы ентігумен жеткізілген. Ентігуден науқас сөйлей алмайды (қысқа сөздермен сөйлейді), цианоз, алшақтан естілетін құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ - 32 минутына, ЖЖЖ – 120 минутына. Осы жағдайының ауырлауы ЖРВИ кейін дамыған, бронхиальды демікпе 25 жыл бойы. Серетид және преднизолон таблеткада (20мг) қабылдайды. Қарқынды көмекті қай препараттан және қандай мөлшерде бастау дұрыс?

* Дипроспан 1 мл

* Преднизолон 60 мг

* +Метилпреднизолон 120 мг

* Эуфиллин 2,4% 10 мл в\в

* Сальметерол ингаляциясы

 

! Қарқынды терапия бөлімінде 56 жастағы демікпелік статус жағдайында түскен науқас жатыр. Қарқынды көмек көрсеткеннен кейін науқас жағдайы қалыпты: дем шығарудың шыңдық жылдамдығы - 57%, сатурация - 95%, ЖЖЖ – 80 минутына, ТАЖ – 24 минутына. Науқасты ары қарай жүргізудің қай тактикасы дұрыс болып табылады?

* Интенсивті терапия бөлімінде емді жалғастыру

* +Аллергология немесе терапия бөліміне ауытыру

* Амбулаторлы бақылаумен уйіне шығару

* Күндізгі стационарда емді ары қарай емдеу

* Емді үйінде ұйымдастыру – уйде стационар

 

! Демікпелік статус жағдайында түскен науқаста 6 сағат бойы ем нәтиже берді: ОФВ1 70-75%, сатурация – 99%. Науқас гормон тәуелді, ұстамаға дейін флюнисолид 400 мкг/сут қабылдаған. Қай емдеу тактикасы науқасқа жүргізуді тиімді болады?

* +Базисті терапияға преднизолон 40 мг/тәулігіне қосу, 5 күнге

* 3 күн бойына преднизолонды 30мг к/т енгізуді жалғастыру

* Флюнисолид мөлшерін жоғарылату және емге магний сульфат қосу

* Флюнисолид мөлшерін жоғарылату және емге натрий тиосульфат қосу

* 5 күн бойы эуфиллин к/т тамшылатып және сальметерол ингаляциясын қосу

 

! Науқас 27 жастағы әйел, ӨТС 87%, ОФВ1 44%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 50,6%, МВЛ 59%, МОД 230%, ТАЖ – 24 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

* Обструктивті 1 деңгей

* +Обструктивті 2 деңгей

* Обструктивті 3 деңгей

* Аралас 2 деңгей

* Аралас 3 деңгей

! 47 жастағы науқас, ӨТС 69%, ОФВ1 77%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 98%, МВЛ 68%, МОД 205%, ТАЖ – 20 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

* Обструктивті 1 деңгей

* Обструктивті 2 деңгей

* Обструктивті 3 деңгей

* +Аралас 1-2 деңгей

* Аралас 3 деңгей

! Науқас 47 жаста, ӨТС 61%, ОФВ1 45%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 85%, МВЛ 67%, МОД 182%, ТАЖ – 32 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

* Обструктивті 1 деңгей

* Обструктивті 2 деңгей

* +Обструктивті 3 деңгей

* Аралас 1-2 деңгей

* Аралас 3 деңгей

 

! Будесонид 200мкг/тәулік және теотард 200мг күніне 2 рет қабылдайтын науқасқа қандай ұсыныстар берук керек, соңғы апта көлемінде пикфлоуметрияның келесі көрсеткіштері тіркелген: 200-400-320-180-380-320 л/мин (ең жақсы көрсеткіш - 420 л/мин)?

* Теотард мөлшерін жоғарылату

* +Шұғыл госпитализация

* Емге сальметерол қосу

* Будесонид мөлшерін 2 есе жоғарылату

* Препараттармен көрсетілген мөлшерде емдеуді жалғастыру

 

! 29 жастағы ер адам, ортопноэ қалпы, қатты қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан естілетін ысқырықты сырылдар, қөп көлемді көпірікті ақ түсті қақырық бөлінетін жөтел, ТАЖ – 30 минутына, ЖЖЖ – 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 45%. Соңғы сағаттарда - сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Қозуды төмендету үшін дәрігер науқасқа седативі препарат енгізген. Дәрігер іс-әрекетінің дұрыстығын бағалаңыз.

* Дұрыс, тиімді қарқынды көмек көрсету үшін қозуды төмендету керек

* Дұрыс, мидың оттегіге қажеттілігін төмендету үшін қозуды төмендету керек

* Дұрыс, седативті заттар миды гипоксия салдарынан қорғауға көмектеседі

* Дұрыс емес, седативті заттар кортикостероид тиімділігін төмендетеді

* +Дұрыс емес, седация жүргізіліп жатқан терапияға жауапты дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді

 

! 45 жастағы науқас күніне 1-2 рет болатын тұншығу ұстамаларына, аптасына 2-3 рет таңертең тыныс алу қиындауынан және жөтелден ұйқыдан оянады, мұрын бітуіне, ринореяға шағымданады. Әсер көрсететін факторлар – шаң, мысықтармен контакт, физикалық күшетме. 600мкг/тәулік будесонид және сальметерол тағайындалды. Тиімділігін жоғарылату үшін емге қай препаратты қосқан дұрыс?

* Рибомунил курс

* Эуфиллин таблеткада

* Преднизолон 20 мг per os

* +Бетаметазон эндоназальды

* Ксиметозолин эндоназальды

 

! 55 жастағы науқас күніне 1-2 рет қайталанатын тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет қайталанатын таңертенгі уақытта тыныс алу қиындауынан және жөтелден ұйқыдан оянуға, мұрын бітелуіне шағымданады. ЛОР-қарауында полиптер анықталды. Әсер көрсететін факторлар – шаң, мысықтармен контакт, физикалық күшетме. Назначен будесонид в дозе 600 мкг/сут и сальметерол. 600мкг/тәулік будесонид және сальметерол тағайындалды. Тиімділігін жоғарылату үшін емге қай препаратты қосқан дұрыс?

* Рибомунил курсы

* Эуфиллин таблеткада

* Преднизолон 20 мг per os

* +Бетаметазон эндоназальды

* Ксиметозолин эндоназальды

 

! 38 жастағы әйел 20 жыл бойы бронхиальды демікпемен дәрігерде есепте тұрады, соңғы 6 айда демікпе жақсы реттеледі, нәтижесінде ингаляциялық препараттарды мөлшерін төмендетуге негіз болған: будесонид 200 мкг/тәулік, сальметерол – тәулігіне 1 мөлшерге дейн. Суықтап қалғаннан кейін ЖРВИ белгілері пайда болды – қызба, бас ауру, құрғақ жөтел. Алып жатқан кортикостероидқа қатысты қай тактика дұрыс болып табылады?

* Стероидтар иммунды жауапты төмендетеді – ЖРВИ жазылғанға дейін мөлшерін төмендету

* Стероидтар иммунды жауапты төмендетеді – ЖРВИ жазылғанға дейін қабылдауды тоқтату

* Демікпе жақсы реттеледі - мөлшерін өзгертудің қажеті жоқ

* +ЖРВИ жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін – мөлшерін жоғарылату керек

* ЖРВИ жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін – тек сальметерол мөлшерін жоғарылату керек

 

! Бронхиалды демікпе диагнозы алғаш қойылған науқаста: күндізгі ұстамалар күніне 2-3 рет, түнгі аптасына 1-2 рет, физикалық жүктемеге шыдамдығы төмендеген, тұншығу ұстамаларын тоқтату үшін соңғы ай көлемінде 2 рет жедел жәрдем шақырған. Дәрігер науқасқа сальметерол күніне 4 доза тағайындаған, ол науқас жағдауының жақсаруына алып келген: сальметеролға қажеттілік күніне 1 рет. Жүргізілген терапияның дұрыстығына баға беріңіз.

* Әсері ұзартылған теофиллинді тағайындау дұрыс еді

* Сальметерол дозасы демікпені реттеуге мүмкіндік береді

* +Дұрысы – ингаляциялық кортикостероид тағайындау

* Терапия басында бета-миметик тағайындау жетеді

* Бета-миметиктерді монотерапияда қолданбайды - кромогликат натрий қосу керек

 

! 49 жастағы ер адам ұзақ жылдар бойы таңертен болатын ұстама тәрізіді аз мөлшерде шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын тыныс алудың қиындау эпизодтарына, кейде түнде жөтелден және тұншығудан оянып кетуіне шағымданады. Көп жылдар бұрын осындай ұстамалар эуфиллинмен тоқтатылған, сондықтан науқас өз бетінше эуфиллин қолданады. Суықтаудан кейін ұстама жиіледі, сонғы тәулік ішінде ол эуфиллиннің 10 таблеткасын қабылдаған. Қарау кезінде науқаста тыныс алудың қиындауы, қатты жөтел, жүрек айну анықталады, 2 рет желінген тағаммен құсу болған, науқас өзін тағамнан уланған деп ойлайды. ЖЖЖ – 120 минутына, АҚ – 90/65 мм рт. ст. Ұзарған дем шығару фонында ортаңғы бөлімдерінде құрғақ сырыл естіледі. Асқазан ішек жолдарының зақымдану симптомдарының себебі не?

* Тағамдық токсикоинфекция

* Жедел ішек инфекциясы

* +Эуфиллинді артық мөлшерде қабылдау

* Қатты жөтел салдарынан құсу

* Беталепсия

 

! 59 жастағы әйел көп жылдар бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, кейде түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Көп жылдар бойы преднизолон, эуфиллинді ретсіз қабылдайды. Соңғы апта көлемінде жағдайы нашарлаған, сондықтан вентолин (сальбутамол) инголяторын күніне 10-15 рет қолданған. Қарау кезінде тыныс алудың қиындауы, қатты жөтел, жүрек айну, жүрек қағу, жүрек соғысының тоқтау сезімі байқалады. ЖЖЖ – 120 минутына, АҚ – 150/85 мм рт.ст. ұзарған дем шығару фонында ортаңғы бөлімдерінде құрғақ сырылдар естіледі, пульс ретсіз. ЭКГ: f толқындар. Жүрек-қан тамыр жағынан симптомдардың себебі не?

* Артериалды гипертензия

* Өкпелік жүрек

* +Бета-миметиктерді артық мөлшерлеу

* Жүректің ишемиялық ауруы

* Беталепсия

! 59 жастағы ер адам көп жылдар бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, кейде түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Анамнезінде артериалды гипертензия 2 ст. ҚФ 3. Көп жылдар бойы преднизолон, эуфиллинді ретсіз қабылдайды. Соңғы апта көлемінде – жағдайы нашарлаған, қатты шаршататын жөтел пайда болған. Қатты жөтел шыңында 2 рет есінен танған. Қарау кезінде: ентігу, құрғақ жөтел, жүрек айну, жүрек қағу, жүрек соғысының тоқтау сезімі байқалады. ТАЖ – 120 минутына, АҚ – 150/85 мм рт.ст. Выслушиваются сухие хрипы в средних отделах на фоне удлиненного выдоха. На ЭКГ: ритм синусты, сол қарынша гипертрофия белгілері. Естен тану эпизодтарының себебі не?

* +Беталепсия

* Өкпелік жүрек

* Артериалды гипертензия

* Бетамиметикті артық мөлшерлеу

* Жүректің ишемилық ауруы

! 25 жастағы әйел 2 жыл бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 1-2 рет эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, аптасына 1-2 рет түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Жүктілік 11-12 апта. Объективті: әлсіреген тыныс фонында дем шығару ұзарған, форсирленген тыныс кезінде құрғақ сырыл есітіледі. Спирография: ӨТШ 74%, ОФВ1 72%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 97%, МВЛ 68%, МОД 205%, ТАЖ – 20 минутына. Науқастың жүкті екендігін ескере отырып, қай дәрі базисті терапияның негізгі препараты болып табылады?

* Кромогликат динатрий

* Преднизолон per os

* Сальметерол

* +Флюнисолид

* Эуфиллин

! 27 жастағы әйел 5 жыл бойы ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 1-2 рет эпизод түрінде болатын тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады, сальбутамолмен күніне 6 рет қолданады. Жүктіліктің 18-20 аптасында. Жүктілік басынан бастап ұстамалар жиіледі. Науқас корикостероидтарды нәрестеге зиян әсер етеді деп қабылдаудан бас тартқан. Осы жағдайда жүктілерді жүргізуде төменде көрсетілгендердің ішінде қай емдеу тактикасы дұрыс?

* +Демікпені ингаляциялық кортикостероидтармен реттеу ғана дені сау баланы тууға мүмкіндік береді

* Демікпе ағымын кромон препараттарымен реттеу тиімді

* Демікпе ағымын әсері ұзартылған бета-миметиктермен реттеу тиімді

* Жүктілік кезінде жағдай жақсарады, сондықтан стероидтарды қолданбауға болады

* Жүктілік кезінде жағдай нашарлайды, преднизолонды жүйелі түрде қолдану керек

 

! 27 жастағы әйел бронхиальды демікпемен ауырады, серетид қабылдайды, жүктіліктің 15-16 аптасында. Науқасты қарайтын акушер-гинеколог гриппке қарсы егу салуға кеңес берген. Науқас сізге кеңес сұрап келіп отыр. Төменде көрсетілгендердің ішінде ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдайтын жүктілерге қатысты қай тұжырым дұрыс?

* +Егу көрсетілген – науқас жүкті және демікпемен ауыратын науқас ретінде қауіп тобына кіреді

* Егу көрсетілген, бірақ оның тиімділігі стериодтар әсерінен төмен болады

* Егу көрсетілмеген – ол демікпенің асқынуын шақыруы мүмкін

* Егу тиімділігінің төмен болуына байланысты көрсетілмеген

* Егу жүктілікке байланысты көрсетілмеген

 

! 59 жастағы әйел, бронхиалды демікпемен 20 жыл шамасында ауырады.Объективті: кеуде қуысы бөшке тәрізді, өкпенің төменгі доғасы қимылы шектелген, перкуторлы қораптық дыбыс, аускультативті әлсіреген тыныс. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 72%. ӨТС және ОФВ1 қай көрсеткіштері науқастың жағдайына көбірек сәйкес келеді?

* ӨТС 90%, ОФВ1 – 72%

* ӨТС 80%, ОФВ1 – 90%

* +ӨТС 62%, ОФВ1 – 65%

* ӨТС 50%, ОФВ1 – 72%

* ӨТС 42%, ОФВ1 – 86%

 

! 62 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Объективті: кеуде қуысы бөшке тәрізді, өкпенің төменгі доғасы қимылы шектелген, перкуторлы қораптық дыбыс, аускультативті әлсіреген тыныс. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 72%. Өкпе ретнген суреті науқастың жағдайына көбірек сәйкес келеді?

* Өкпе суретінің күшеюі

* Өкпе түбірінің кеңеюі және құрылымы өзгеруі

* +Өкпе тіні мөлдірлігінің жоғарылауы

* Өкпенің төменгі бөліктерінде көлеңкелену

* Бөлікаралық плевраның қалыңдауы

 

! 42 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 18 жыл бойы ауырады. Спирография ӨТС 64%, ОФВ1 46%, Тиффно индексі ОФВ1/ЖЕЛ 72%, МВЛ 89%, МОД 180%, ТАЖ – 19 минуты. Ешқашан ингаляциялық кортикостероид қабылдамаған, преднизолон және сальбутамол қабылдайды, жылына 2-3 рет – демікпелік статус дамуына байланысты госпитализацияланады, соңғы жылдары преднизолон мөлшерін жоғарылатқан, бірақ демікпе ағымын реттеуге қол жеткізілген жоқ. ИМТ – 42, аменорея. Науқаста стероидрезистенттіліктің даму себебі не?

* +Бронхтардың ремоделденуі

* Бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің дамуы

* Бета-адренорецепторлар сезімталдығының төмендеуі

* Дисгормонады бұзылыстар

* Семірудің дамуы

! 48 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 15 жыл бойы ауырады. Жүргізілген емге қарамастан сальбутамол қажеттілігі күніне 2-3 рет сақталуда. Соңғы жылдары таңертеңгі уақытта 30-40мл иісі жағымсыз сұр түсті шырыш-іріңді қақырық бөлінумен жөтел қосылған. Алдында жөтел тек ұстама кезінде ғана болатын, енді үнемі мазалайтын болған, тыныс алу қиындау ұстамалары жиілеген, физикалық жүктемеге толеранттылық төмендеген. Субфебрильды қызба эпизодтары және тершеңдік 10-12 күн жалғасады, осы кезде тағайындалатын антибиотиктердің әсері аз ғана. Кеуде қуысының Р-графия: созылмалы бронхит белгілері. ПФМ – 62%. Науқастың жағдайы нашарлауының себебін анықтау үшін кандай зерттеулерді жүргізу керек?

* Спирография

* Метахолинді тест

* Гистамин ингаляция тесті

* +Өкпенің компьютерлі томографиясы

* Өкпенің магнитті-резонансты томографиясы

 

! 50 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 17 жыл бойы ауырады. Жүргізілген емге қарамастан сальбутамол қажеттілігі күніне 2-3 рет сақталуда. Соңғы жылдары таңертеңгі уақытта 30-40мл иісі жағымсыз сұр түсті шырыш-іріңді қақырық бөлінумен жөтел қосылған. Алдында жөтел тек ұстама кезінде ғана болатын, енді үнемі мазалайтын болған, тыныс алу қиындау ұстамалары жиілеген, физикалық жүктемеге толеранттылық төмендеген. Субфебрильды қызба эпизодтары және тершеңдік 10-12 күн жалғасады, осы кезде тағайындалатын антибиотиктердің әсері аз ғана. Кеуде қуысының КТ: Кіші калибрлі бронхтардың кеңею аймақтары анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

* Бронхтардың ремоделденуі

* Созылмалы панбронхит

* +Бронхоэктаздар

* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

* Пневмосклероз

 

! Науқас 26 жаста, цефазолинді енгізген соң бірнеше минуттан соң әлсіздік, “көзінің қарауытуы”, кеудесіндегі ауыру сезімі мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, жіп тәрізді пульс. Цефазолин инъекциясын пневмонияны емдеу мақсатында қабылдағанына 5-ші күн. Осыған дейін жасалған инъекциялардың орнында қышу сезімі және қызару болған. Науқаста қандай патология бар деп ойлайсыз?

* Цефазолинге идиосинкразия

* Анафилактоидты реакция

* Вазовагалды естен тану

* +Анафилактикалық шок

* Кардиогенді естен тану

! Науқас 26 жаста, цефтриаксонды енгізген соң бірнеше минуттан соң әлсіздік, “көзінің қарауытуы”, кеудесіндегі ауыру сезімі мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, жіп тәрізді пульс. Цефтриаксон инъекциясын пневмонияны емдеу мақсатында қабылдағанына 5 күн. Осыған дейін жасалған инъекциялардың орнында қышу сезімі және қызару болған. Осы жағдайды болдырмау үшін қандай іс-әрекет жасау керек еді?

* Цефтриаксонды цефобидке ауыстыру

* Цефтриаксонды бұрын қабылдағандығы немесе қабылдамағандығы туралы сұрау

* Цефтриаксон инъекциясын супрастинмен бірге тағайындау

* Цефтриаксон инъекциясын преднизолонмен бірге тағайындау

* +Цефтриаксонмен емдеуді бірінші аллергиялық көріністер көрінген соң бірден тоқтату

! 40 жастағы ер кісі, стоматолог новокаинді енгізген соң, бірден бозарып, есін жоғалтты. Тері жамылғысы бозарған, пульс жіп тәрізді. Анафилактикалық шоктың қай формасы ТӘН?

* Кардиалды

* Церебралды

* +Өткінші (Молниеносная)

* Астматикалық

* Абдоминалды

! Әйел 40 жаста, цефазолинді енгізген соң күйдіру, жүрек айну және тыныс алуының қиындауы мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының гиперемиясы, кейіннен бозаруы, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі және әлсіз. Анафилактикалық шоктың қай формасы ТӘН?

* Кардиалды

* Церебралды

* +Өткінші (Молниеносная)

* Астматикалық

* Абдоминалды

! 35 жастағы ер кісі, стоматолог новокаинді енгізген соң, бірден бозарып, есін жоғалтты. Тері жамылғысы бозарған, пульс жіп тәрізді. Осы жағдайдан шығару үшін қандай препаратты енгізу керек?

* Допамин

* +Адренилин

* Супрастин

* Преднизолон

* Тиосульфат натрия

! Әйел 47 жаста, цефазолинді енгізген соң күйдіру, жүрек айну және тыныс алуының қиындауы мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының гиперемиясы, кейіннен бозаруы, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульс жиі және әлсіз. Жедел жәрдем көрсету кезіндегі бірінші енгізілу керек препарат?

* Сальбутамол

* Преднизолон

* +Адреналин

* Супрастин

* Эуфиллин

! Әйел кісі 52 жаста рентгенконтрасты затты енгізген кезде күйдіру сезіміне, жүрек айнуға, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Күлдіреуік тәрізді бөртпе бүкіл денесінде, беттің гиперемиясы мен ісінуі, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі, әлсіз. Контрасты затты енгізуді бірден тоқтатып, адреналин инъекциясы жасалынды. Жедел көмек кезінде екінші орында қандай препаратты енгізу керек?

* Допамин

* Эуфиллин

* Супрастин

* Сальбутамол

* +Преднизолон

! Әйел адам 23 жаста, амоксициллинді қабылдаған соң бірнеше минут өткенде әлсіздік, жүрек айну, терінің қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасы мен қолында күлдіреуік, беттің ісінуі мен гиперемиясы байқалды. АД – 70/50 мм с.б. Науқаста қандай патология бар деп ойлайсыз?

* Жедел есекжем

* +Анафилактикалық шок

* Анафилактоидты реакция

* Аллергиялық дерматит

* Инфекционды-токсикалық шок

 

! Әйел адам 23 жаста, амоксициллинді қабылдаған соң бірнеше минут өткенде әлсіздік, жүрек айну, терінің қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасы мен қолында күлдіреуік, беттің ісінуі мен гиперемиясы байқалды. АД – 70/50 мм с.б.б. Жедел жәрдем бригадасы осы жағдайдан адреналин мен преднизолон енгізу арқылы шығарды. Келесі этапта қандай іс-әрекет жасау керек?

* Терапия бөлімшесіне госпитализациялау

* Аллергология бөлімшесіне госпитализациялау

* Дерматологиялық диспансерге госпитализациялау

* +Интенсивті терапия бөлімшесіне госпитализациялау

* Бөлімшелік дәрігерге “белгі” парағын қалдырып, науқасты үйде қалдыру

 

! Әйел кісі 55 жаста рентгенконтрастты затты енгізген кезде күйдіру сезіміне, жүрек айнуға, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Күлдіреуік тәрізді бөртпе бүкіл денесінде, беттің гиперемиясы мен ісінуі байқалды. Өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі, әлсіз. Контрастты затты енгізуді бірден тоқтатып, адреналин инъекциясы жасалынды. Науқас қанша уақыт бойы күндіз-түнгі бақылауда болуы керек?

* 24 сағат

* 36 сағат

* 48 сағат

* +72 сағат

* 5 тәулік

! Қыз бала 16 жаста, Қазақстанның тұрғыны, көзінің қызаруына, қышуына, жас ағуына, мұрыннан су тәрізді бөліндінің бөлінуі мен бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына шағымданады. Осы айтылған симптомдар науқаста мамыр айында, “терек ағашының үпелегі ұшқан кезде” пайда болады. Пациенттің айтуы бойынша, науқаста терекке аллергия. Науқаста біріншілік маңызды қандай аллергенге аллергиясы болуы мүмкін?

* +Дәнді дақылдар (злаки)

* Қайың

* Терек

* Жусан (полынь)

* Кендір (конопля)

! Ер кісі 36 жаста, шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Науқаста біріншілік маңызды аллерген қандай деп ойлайсыз?

* тал

* +жусан (полынь)

* саңырауқұлақ

* дәнді дақылдар




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1144; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.