Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Аллергология» бойынша 5 страница




* Еркектерде жыныс гормондарының тұрақты деңгейі

* +Эстрогендердің иммунологиялық толеранттылыққа әсер ету мүмкіндігі

* Анасы жағынан тұқымқуалаушылыққа бейімділік

 

! 42 жасар науқас 15 жылдай арнайы емес жаралы колиттің ауыр ағымымен ауырады, қазіргі уақытта сульфосалазин 2 г/тәу қабылдайды. Соңғы 6 ай ішінде 2 рет созылмалы гайморит, ол өз кезегінде ұзақ уақытты антибиотикотерпияны қажет еткен, сонымен бірге 3 рет фурункулдар болған. Тері жабындыларының құрғақтығы, ангулярлы стоматит, аменорея анықталады. Иммунологтың ұсынуымен антибиотик қолдану фонында ИЛ-2-мен жергілікті (гаймор қуыстарына құю) иммунокоррегирлеуші ем ұсынылды. Төменде аталған препараттардың қайсысын емге қосу тиімдірек?

* рибомунил

* полиоксидоний

* антистафилококкты бактериофаг

* +А, Е, Д, В 1, В 6, В 12 дәрумендері

* дюфастон

 

 

БЕЗОПАСНОСТЬ ПАЦИЕНТА

 

! Дәрігер Б. ауыл аймағына достарымен балық аулауға келді. Сол жерде дәрігер Б. көп мөлшерде алкоголь қабылдап, өзін басқара алмайтын жағдайға жетті. Осы кезде медициналық жұмыскері жоқ жақын ауылдың тұрғынында жәндік шағу нәтижесінде квинке ісігі дамыды. Көршілері дәрігер бар екенін есіне түсіріп, оған машинамен балық аулайтын жерге келді, бірақ дәрігер жағдайына байланысты науқасты тексере және көмек көрсете алмады. Науқас асфексиядан өле жаздады, бірақ тірі қалды. Кейінірек науқас прокурордан Б. дәрігердің жәрдем көрсетпегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Дәрігер көмек көрсетпегені үшін жауапқа тартылады ма?

* Жоқ, өйткені оның іс әрекеттері науқас үшін қауіпті болар еді

* Иә, өйткені дәрігер демалыс кезінде одан көмек сұрамауы үшін әдейі мас болды

* Иә, дәрігер демалыс кезде де ішуге құқысы жоқ

*+ Жоқ, өйткені ол көмек көрсететін жағдайда болған жоқ

* Иә, дәрігер кез-келген жағдайда көмек көрсетуі қажет.

 

! Кіші ауылда 19 жасар қыз зорланды. Жәбірленуші жыныстық зорлау жайлы ата-анасы мен дәрігерден басқа ешкімге хабарлаған жоқ. Дәрігерге ол алты апталық жүктілік кезінде уй жағдайында құпия түрде түсік жасауын сұрап келді. Дәрігер түсікті аурухана жағдайында жасау керектігін айтып бас тартты. Жәбірленуші депрессияға түсіп, асылып қайтыс болды. Ата-анасы дәрігерді қызын осы жағдайға жеткізгені үшін және сұрастыру барысында құқық қорғау органдарына барлық жайды айтқаны үщін айыптады.. Дәрігер қыздың өз-өзіне қол жұмсауына кінәлі ма?

*+ Жоқ, өйткені оның әрекеттерінде қылмыстық құрамы болған жоқ

* Иә, себебі дәрігер қыздың бұндай әрекетке баратынын білу керек еді

* Иә, өйткені дәрігер түсік жасаудан бас тартты

* Иә, дәрігер түсікті үйде жасау керек еді

* Иә, дәрігер қызды суицидтен ұстап қалу керек еді

 

!.Кіші ауылда 19 жасар қыз зорланды. Жәбірленуші жыныстық зорлау жайлы ата-анасымен дәрігерден басқа ешкімге хабарлаған жоқ. Дәрігерге ол алты апталық жүктілік кезінде уй жағдайында құпия түрде түсік жасауын сұрап келді. Дәрігер түсікті аурухана жағдайында жасау керектігін айтып бас тартты. Жәбірленуші депрессияға түсіп, асылып қайтыс болды. Ата-анасы дәрігерді қызын осы жағдайға жеткізгені үшін және сұрастыру барысында құқық қорғау органдарына барлық жайды айтқаны үщін айыптады.. Дәрігер дәрігерлік құпияны ашқаны үшін кінәлі ма?

*+ Жоқ, қыздың өлімінен кейін дәрігер құпияны сақтаудан босатылады

* Жоқ, себебі дәрігер істің жайын тергеу барысында айтты

* Иә, дәрігер құпияны сақтау керек

* Иә, мәселе құпиялықты қажет етеді

* Иә, өйткені суицидтің себебі информацияның ашылуының мүмкіндігі еді

 

! Науқасқа өзінің профессионалды міндеттеріне байланысты емес зиян келтіргені үшін медициналық қызметкер қандай жауапкершілікке тартылады?

* Жауапкершіліктен босатылады

* Қылмыстық жауапкершілік

*+Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

* Моральды

* Материалды

 

! Қандай дәрігерлік қателік кезінде, дәрігер өзін сақтандыруға құқылы?

* Дәрігердің профессионалды міндеттерін дұрыс орындамау нәтижесінде азаматтың денсаулығына зиян келсе

* Дәрігер профессиналды міндеттерін немқұрайлы қараған нәтижесіде азамматың денсаулығына зиян келсе

* Дәрігер біле тура дер кезінде көмек көрсетпеген жағдайда

*+ Дәрігердің қасақана емес қателігі

* Препараттың дозасы, енгізу жолы дұрыс емес болса

 

! Медициналық көмек көрсету кезінде денсаулыққа зиян келген жағдайда кім жауапты болады?

*Медициналық қызметкер

*+Медициналық мекеме

* Денсаулық сақтау органдары

* Науқастың өзі немесе оның туыстары

* Денсаулық сақтау министрлігі

 

! Адам денсаулығына зиян келтірілген жағдайда компенсацияны талап етуге не негіз болады?

*+ Денсаулыққа зиян әкелген әрекет және әрекетсіздік

*Науқас пен оның туыстарының дәрігерді айыптауды қалауы

* Медқызметкерлердің пациентке сыйластық қатынастың болмауы

* Медқызметкерлердің профессионалды емес әрекеті

* Медқызметкерлердің профессионалды емес қатынасы

 

! Науқастың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін дәрігердің қандай әрекеті немесе әрекетсіздігі қылмыстық жауапкершілікке тартылуға негіз болады?

*Байқаусызда денсаулыққа жеңіл зиян келтірсе

* Дәрігердің науқастың жағдайы туралы байқамай қателесуі

*+ Немқұрайлық нәтижесінде науқасқа ауыр зиян келтіру

* Қажетті дәрілік заттардың болмауынан денсаулыққа ауыр зиян келтіру

* Қажетті жабдықтың болмауынан денсаулыққа зиян келтіру

 

! Медициналық мекемеден еңбек міндеттерін бір рет дөрекі бұзғаны үшін жұмыстан қуылады?

* Бас дәрігер

* Бас дәрігердің орынбасары

* Құрылымдық бөлімнің меңгерушісі

*+Кез-келген дәрігер

* Дәрігер-интерн

 

! Азамат И. Көрші тұратын окулист дәрігерге өзінің тұншығып жатқан баласына көмек көрсетуін сұрады. Дәрігер жедел жәрдем шақыру керектігін, өзінің педиатр еместігін, өзіне міндетті алуға құқылы еместігін айтты. Әйел телефонын тауып, жедел жәрдем келгенше бала көмейге түскен кедр жаңғағынан болған асфексиядан қайтыс болды. Дәрігер окулист қылмыстық жауапкершілікке тартылады ма?

*+ Иә, ол баланы қарап бірінші медициналық көмек көрсету керек еді

*Жоқ, өйткені ол педиатр емес

* Жоқ, бірінші жедел жәрдем шақыру керек еді

* Жоқ, окулисттерді біріншілік көмек көрсетуді үйретпейді

* Жоқ, бірақ дәрігер баланы қарау керек еді

 

! Орталық Аудандық Аурухананың хирургиялық бөлімінің аға мейірбекесі дәріхананың меңгерушісімен бірлесіп бөлімнен сегіз пачка фенамин мен 20 ампула морфинді науқас көршілеріне біріншілік көмек көрсету үшін үйіне алып кетті. Бұл қылмыстық жауапкершілікке жатады ма?

* Иә, бұл дәрілер дәрігердің рецепті бойынша алынады

* Жоқ, себебі науқас көршілеріне көмектесу мақсатында алды

* Жоқ, рецепт бойынша бұл дәрілерді алу қиын сондықтан қол астында болғаны дұрыс

*+ Иә, олар А тобының препараттары және наркотиктер болып табылады, мейірбике оларды сату мақсатында алуы мүмкін

* Иә, емдік мекемеден ұрлық болып есептеледі

 

! Науқас В.әйелімен төбелес кезінде алынған енетін пышақ жарақатымен стационарға түсті. Науқас болған жайтты құқық қорғау органдарына айтпауын сұрады, бірақ дәрігер өз еркімен жарақат пен оның мән жайы туралы полицияға хабарлады. Дәрігер заңды бұзды ма?

* Жоқ

*+Дәрігер қылмысты жасырмады, бірақ дәрігерлік құпияны ашты

* Дәрігер профиссионалды құпияны ашты, бірақ заңды бұзған жоқ

* Дәрігер профессионалды құпияны және заңды бұзды

* Дәрігер бір жағынан дәрігерлік құпияны сақтау керек, ал екінші жағынан қылмысты жасыру қылмыстық жауапкершілікке жүктейді

 

* АИВ инфицирленген науқас оның ауруы туралы дәрігер конфеденциальділікті ұстамайтынын білді. Бұл жағдайда науқастың қандай құқығы бар?

* Науқаста ешқандай құқық жоқ

*+ Ар намысын қорғау мақсатымен сотқа арыздану

* Емдеуші дәрігерге қанағатсыздығын айту

* Дәрігерге ұрыс сөз айтуға құқысы бар

* Д есептен шығуға құқысы бар

 

! 15 жастағы ер бала мөлшерден артық қолданумен наркология бөліміне түсті, детоксикациялық терапиядан кейін жағдайы жақсарған соң дәрігерлерден әке-шешесіне мәлімет бермеуді сұрайды. Дәрігерлер не істеуі қажет?

* Науқаспен келісуі керек

*+ Әке-шешесіне дер кезде хабарлау және емді жалғастыру

* Әке-шешесіне хабарламай емді жалғастыру

* Ауруханадан шығар алдында әке-шешесіне хабарлау

* Мектепке хабарлау

 

 

! Неврологиялық бөлімінің мейірбикесі ауруханадан тыс, дәрігерлердің атынан өз таныстары мен көршілеріне рецепттер таратқан. Бұл іс-әрекет қылмыс болып санала ма?

*+ Ия, себебі мейірбике барлық ережелерді бұзды

* Жоқ, себебі бұл көршілеріне жасаған көмектің бір түрі

* Жоқ, әкімшілік штраф тағайындауға болады

* Жоқ, мүмкін ол дәрігерлердің қолдауымен жасалынған шығар

* Жоқ, себебі ол іс-әрекеттерін ауруханадан тыс жасаған

 

 

! Бұл анықтауға дұрыс жауап беріңіз: денсаулықсақтаудағы қызметтердің әр түрлі салаларының деңгейі, сапасы, дәрежесін қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық, аналитикалық және тәжірибелік шаралардың жиынтығы

* Медициналық қызмет (деятельность)

*Медициналық көмек

* Медициналық қызмет көрсету (услуги)

*+ Медициналық экспертиза

*Бақылаушы инстанция

 

 

! Дәрігер-хирург алты жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс болмағандықтан, медицинамен байланысты емес бизнеспен айналысады. Ал вакансия пайда болғанда оған жұмыс берілмеді. Жұмыс бермеуі негізделген бе және қандай аргументтерге сүйенген?

* Негізделмеген, оны жұмысқа қабылдау керек еді

*+ Ия, негізделген, жұмыс өтілінде үш жыл демалыс болды, ол оқу курсынан өтіп, сертификат алу керек еді

* Жоқ, негізделмеген, ол жұмысқа қабылдануы керек, себебі жұмыс өтіліндегі демалысы жеті жылдан аз

* Ия, негізделген ол ешқашан хирургия мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды

* Ия, негізделген ол ешқашан дәрігер болып жұмыс істей алмайды

 

! Аталық безінің қатерлі ісігімен ұзақ уақыт ауратын 56 жастағы ер адам ауруы және болжамы туралы түсіндіруді сұрады. Консилиум емнің әсерінің болмайтынын, өмір сүруіне аз уақыт қалғанын шешті, бірақ жағдайы туралы науқасқа айтпады да жағдайының жеңілдеуі болатынын уәде берді. Науқасқа шындықты айтпай дәрігерлер дұрыс жасады ма?

* Ия, дәрігерлер науқастың жағдайы үшін солай істеген

*+ Жоқ, себебі науқастың өз диагнозы туралы білуге құқығы бар

* Бұл ҚР заңында қарастырылмайды

* Бұл таласуды керек ететін сұрақ

* Дәрігерлер науқасқа емес, оның туыстарына мәлімет беру керек

 

! Венгрияда университеттің медициналық факультетін бітірген, специализациядан өткен (сертификаты бар), күйеуімен бірге сол жерде тұрған Н азаматшасы ҚР-на келген. Бірақ Қазақстанда оны жұмысқа алмай, аттестациядан өтіп, дәрігерлік қызмет атқаруға сертификат алуға ұсынды. Бұл оның құқығының бұзылысы болып табыла ма?

* Жоқ, бұл заңды түрде, себебі екі елдің білімберуінде айырмашылық бар

* Н азаматша Қазақстанда жұмыс істей алмайды

*+ Жоқ, әр елде дәрігер болып жұмыс жасау үшін өз компетенттілігін растау және аттестациядан өту керек

* Венгриядағы медициналық білімберу Қазақстандағыдан жақсы, сондықтан сертификат алмай жұмыс жасауға болады

* Аттестациядан өтпей, тек диплом көрсеткен жеткілікті

 

! Қалалық ауруханада науқас қайтыс болды (диагнозы: өкпе артериясының тромбоэмболиясы). Туыстары паталогоанатомиялық зерттеуінсіз қайтыс болғанның денесін сұраулары бойынша алып кетті. Кейін оларда емдеудің дұрыстығы жайында күдік туды. Туыстарында емдеудің дұрыстығы және олардың пікірі бойынша аурухананың қызметкерлерімен келтірген зиянды қайтаруы туралы мәлімет алуға заңды мүмкіндігі бар ма?

* Ия, олар сырқатнамамен таныса алады

* Жоқ, паталогоанатомиялық зерттеуінсіз құқықтары жоқ

* Жоқ, олар өздері зерттеуден бас тартты, ал енді ақшаны талап етеді

*Ия, олар қалалық денсаулықсақтауға шағым беруі қажет

*+ Ия, олар прокуратураға арыздануы керек, себебі анықтау туралы шешімді тек тергеу органдары қабылдайды

 

! Соңғы жылдары Қазақстанда нашар денсаулығына байланысты тұрақты мекен жайы жоқ адамдардың өлімі жоғарлады. Әлеуметтік қызметкерлер бұл адамдарға медициналық көмек көрсетілінбейтіндікпен байланыстырады. Ал медиктердің айтуы бойынша бұл адамдарға құжаттары және тұрақты мекен жайы жоқ болғандықтан медициналық көмекті дер кезде көрсете алмайды. Дәрігерлердің іс-әрекеттерінде құқықтың бұзылысы бар ма?

* Жоқ, дәрігерлер ешқандай құқық бұзбаған

*+ Ия, дәрігерлер барлық қажет ететін адамдарға көмек көрсетуі қажет

* Бұл таласуды керек ететін сұрақ

* Бұл жағдайда ешкім кінәлі емес

* Жоқ, кінә әлеуметтік қорғау қызметінде

 

! Жалпы тәжірибе дәрігерінің міндеттемелеріне жатады:

* Мамандандырылған көмек көрсету

*+ Амбулаторлы біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету

*Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету

* Тек жедел медициналық көмек көрсету

*Тек дәрігер алды медициналық көмек көрсету

 

! Ауруханаға түнде жеткізілген, жол-транспорттық апаттың салдарынан болған массивті түрде жатырдан қан кетумен 26 апталық жүктілігі бар әйелге оның рұқсатынсыз дәрігер терапевт жүктілікті үзу операциясын (аборт) жасады. Дәрігердің іс-әрекеті қалай квалификацияланады?

*Науқастың рұқсатынсыз жасалған заңсыз аборт

* Қызметтік мүмкіндіктерден шамадан тыс шығуы

*Дисциплинарлы теріс әрекеті

*+ Дәрігердің іс-әрекетінде қылмыстық белгілері жоқ

*Үлкен мерзімдегі аборт жасалуы

 

! Жедел жәрдеммен сағат 23.00-де травматологиялық бөлімшеге “Бас миының шайқалуы” диагнозымен науқас жеткізілді. Госпитализация кезінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, сұрақтарға дұрыс жауап береді, шағымдары тек бас ауруына. Кезекші дәрігер зерттеуді тәңертеңгі уақытқа дейін қалдырды, ал науқас бақылауынсыз болды. Бас ауруының күшеюіне байланысты кезекші мейірбике (бөлімшеде он жыл өтілі бар) науқасқа димедрол таблеткасын берді. Тәңертең науқас палатада өлі табылды. Өлім үлкен шүйде тесігіне мишықтың енуі болған ми ісінуі нәтижесінде болды. Дәрігер мен мейірбикенің іс-әрекеті қалай квалификацияланады?

* Дұрыс және толық медициналық көмек көрсетілді

*+ Медициналық қызмет көрсеткендегі қылмыстық немқұрайлық

* Науқасқа көмек көрсетпелуі

* Дәрігердің іс-әрекетінде бұзылыс жоқ, ал мейірбикенікінде – бар, ол кезекші дәрігерді шақыру керек еді

*Мейірбикенің іс-әрекетінде бұзылыс жоқ – дәрігермен оған керекті нұсқаулар берілмеді

 

! Қандай жағдайда науқастың немесе оның заңды өкілінің келісуінсіз дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді беруге болады?

* 16 жасқа дейін және кейін кәмілетке толмағандарға көмек көрсеткенде олардың әке-шешесіне немесе опекундарына ақпарат берген кезде

* Психикалық ауруларда

*+ Анықтау және тергеу органдары, прокурор мен соттың сұрауы бойынша зерттеу немесе соттық талқылау жүргізуімен байланысты

* Наркологиялық ауруларында

* 65 жастағыларға көмек көрсеткенде туыстарына ақпарат берген кезде

 

! Өмірін құтқару үшін керекті медициналық емнен өз қалауы бойынша науқастың бас тартқан жағдайында дәрігердің іс-әрекеті қандай болу керек?

*Науқасты еріксіз түрде госпитализациялау үшін милицияны шақырту

* Сәйкес шешімді қабылдау үшін сотқа арыздану

* Медициналық емге туыстарынан рұқсат алу

* Өз күшпен еріксіз госпитализациялау

*+ Науқастың бас тартуын қағаз жүзінде тіркеп, оған өз өмірінің жағдайын өз қалауы бойынша шешуге жол беру

 

! Жедел жәрдем фельдшері «ЖИА. Тұрақсыз стенокардия» диагнозы қойылған 50 жастағы О.науқасқа носилкімен траспорттауын ұсынды, бірақ одан науқас бас тартты. Фельдшер бұл бас тартуын және қол қоюын қағаз жүзінде шақыру картасында және бағыттаушы парағында тіркеген жоқ. Ауруханаға келген соң оны жайау қабылдау бөліміне дейін жүргізді, сол уақытта науқас кенеттен құлап миокард инфарктісінен қайтыс болады. Науқастың туыстары фельдшерді оның өліміне себепкер болды деп кінәлап, прокуратураға шағымданды. Фельдшердің іс-әрекеттері қалай квалификациялану керек?

* Науқасқа жедел көмекті дұрыс жасамауы

*+ Өзін қорғау мақсатында фельдшер бас тартуды қағаз жүзінде тіркеу керек еді

*Фельдшердің іс-әрекеттерінің дұрыс болуы

* Қызметтік мүмкіндіктерден шамадан тыс шығуы

* Медициналық көмек көрсетудегі немқұрайлығы

 

! Дәрілік терапияның қателігінің ең нақты анықтауына қайсысы жатады?

*+ Дәрілік препаратты тағайындау, дайындау, енгізу процессіндегі кез келген қателік

* Потенциальді өлім нәтижесі болатын дәрілік препараттарды қабылдаудағы қателік

* Дәрілік затты қабылдағанда қолдану инструкциясын орындамау

* Қолайсыз нәтижеге алып келген қателік

* Науқастың дәрілік препаратты қабылдау тәртібін сақтамауы

 

! Пациенттің қауіпсіздігінің негізгі құрам бөліктерінің біреуіне не жатады?

*Дәрігерлердің қауіпсіздігі

* Мейірбикелердің қауіпсіздігі

* Фармацевттердің қауіпсіздігі

*+ Дәрілердің қауіпсіздігі

* Денсаулықсақтау ұйымдарының қауіпсіздігі

 

! Операцияға дайындықтың тәртібін дұрыс анықтамауы, оның жүргізу уақытын, көлемін қате таңдауы дәрігерлік қателіктің қандай түріне жатады?

* Диагностикалық

*+Тактикалық

* Техникалық

* Коммуникацияның қателігі

* Емдік

 

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 677; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.142 сек.