Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Аллергология» бойынша 3 страница




* жөке (липа)

 

! Қыз бала 19 жаста, Қазақстанның тұрғыны, көзінің қызаруына, қышуына, жас ағуына, мұрыннан су тәрізді бөліндінің бөлінуі мен бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына шағымданады. Осы айтылған симптомдар науқаста мамыр айында, «терек ағашының үпелегі ұшқан» кезде пайда болады. Пациенттің айттуы бойынша, науқаста терекке аллергия. Диагноздың дұрыс қойылғанын таңдаңыз?

* Аллергиялық ринит

* Аденовирусты инфекция

* Шаң- тозаңға аллергия

* Вазомоторлы ринит

* +Поллиноз, риноконъюнктивит

! Ер кісі 36 жаста, Қазақстанның тұрғыны. Шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және кейде болатын мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Диагноздың дұрыс қойылғанын таңдаңыз?

* Шаң – тозаңға аллергия

* Маусымдық(сенная) демікпе және риноконъюнктивит

* Аллергиялық ринит және конъюнктивит

* +Поллиноз: риноконъюнктивит, бронхиалды астма

* Вазомоторлы ринит және интермиттирлеуші астма

! Әйел кісі, 26 жаста, қатты бас ауруына, (басының бір жақ жартысы сақина (мигрень) тәрізді ауырады) температурасы 37,8 дейін жоғрылауы, әлсіздік, түшкіру, ринорея, мұрын бітуі, көзінің қызаруы мен қышуына шағымданады. Осы симптомдар шілде айының ортасында басталып, тамыз айында күшейеді де, қыркүйек айының аяғына қарай кетеді. Диагноздың дұрыс қойылуын көрсетіңіз?

* Мигрень және риноконъюнктивит

* Шаң-тозаңға риноконъюнктивит

* Инфекционды-аллергиялық ринит және конъюнктивит

* +Поллиноз: риноконъюнктивит, шаң-тозаңға интоксикация

* Вазомоторлы ринит және дисциркуляторлы энцефалопатия

 

! 29 жастағы әйел кісі, көздің қызаруы мен қышуына, көзден жас ағуға, ринорея, мұрынның бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Осы симптомдар мамыр –маусым айларында пайда болады. Өршу кезінде қолданылатын базисті терапияның препаратын тағайындаңыз?

* Ксиметазолин

* +Лоратадин

* Димедрол

* Псевдоэфедрин

* Преднизолон

! Ер кісі 38 жаста, шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және кейде болатын мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Өршу кезінде қолданылатын базисті терапияның препаратын тағайындаңыз?

* Ксиметазолин

* +Беклометазон дипропионаты

* Димедрол

* Тавегил

* Преднизолон

 

! 26 жастағы әйел шағымдары: шаршағыштық, әлсіздік, түшкіру, мұрын бітуі, көздің қызаруы мен қышуы. Осы симптомдар шілде айының ортасында басталып, тамыз айында күшейеді, қыркүйек айының аяғында жоғалады. Осы симптомдардың алдын алу үшін қолданылатын препарат?

* Ксиметазолин

* Димедрол

* Тавегил

* +Натрий кромоглигаты

* Преднизолон

 

! Ер кісі 30 жаста, түшкіруге, мұрыннан сулы бөліндінің бөлінуіне, кей кездерде болатын мұрын бітелуіне, құрғақ жөтелге, көздің қызаруы мен қышуына, тыныс алудың қиындауы мен құрғақ ысқырық тәрізді сырылдарға шағымданады. Осы симптомдар маусым мен қыркүйек айларының арасында болады. Цитиризин және интал препараттарын қабылдаған, бірақ тыныс алудың қиындауы толық кеткен жоқ. Қандай емдеу әдісі көрсеткіш деп ойлайсыз?

* емге беклометазон дипропионат препаратын қосу

* +инталды беклометазон дипропионатпен алмастыру

* цитиризинді лоратадинмен алмастыру

* инталдың дозасын ұлғайту

* инталды тайледпен алмастыру

 

! Әйел кісі 43 жаста, түшкіруге, суық тию, кей кездерде болатын мұрын бітелуіне, құрғақ жөтелге, көздің қызаруы мен қышуына шағымданады. Осы симптомдар әсіресе жазда өршиді, әсіресе қала сыртына шыққан кезде. Цитиризин және интал препаратын қабылдаған, бірақ тыныс алудың қиындауы толық кеткен жоқ. Диагноздың дұрыс қойылуын көрсетіңіз?

* +Жыл бойғы болатын аллергиялық риноконъюнктивит

* Созылмалы аллергиялық ринит

* Шаң- тозаңға риноконъюнктивит

* Поллиноз: риноконънктивит

* Вазомоторлы ринит

! Ер адам 23 жаста, ЖРВИ-мен ауырған, содан кейін «Терафлю» және бисептол препараттарын қабылдайды. Препаратты қабылдаған соң бірнеше күн бойы температура, әлсіздік, жөтел сақталған, ол симптомдар ЖРВИ-дың симптомдары ретінде бағаланған. 5-ші тәулікте қышитын, бір-бірімен қосылмаған қошқыл- қызыл түсті бөртпелер кеудеге, арқаға таралады. Еріннің қызыл ернеуінде везикулалар пайда болып, қөздің қызаруы мен жарықтан қорқу қосылды. Температура – 37,8°С. Дұрыс қойылған диагнозды таңдаңыз.

* Уртикарлы васкулит

* Аллергиялық дерматит

* Дәрілік аллергия, дерматит

* +Мультиформды экссудативті эритема

* Жедел есекжем, емдік аллергия

! Ер кісі 27 жаста, салқын тиюден соң, тамағындағы ауру сезімі мен температура мазалайды. Соған байланысты «Стопгриппан» және биопарокс препараттарын қабылдайды. Қабылданған препараттардың әсерінен алғашқы 3 күнде қызба төмендеді, кейінен қайта жоғарылады (до 38,5°), сонымен бірге әлсіздік, кейіннен қышитын, бір- бірімен қосылмаған қошқыл- қызыл түсті бөртпелер кеуде мен арқаға таралып, бір күн ішінде бүкіл денеге таралады, еріннің қызыл ернеуінде күлдіреуіктер пайда болып, көздің қызаруы мен жарықтан қорқу қосылды. Температура – 38,4°С. ЖҚА: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 27 мм/сағ. Емдеу тактикасы қандай?

* Амбулаторлы емдеу

* Терапия бөлімшесіне госпитализациялау

* Аллергология бөлімшесіне госпитализациялау

* Дерматологиялық диспансерге госпитализациялау

* +Интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау

! Ер кісі 27 жаста, салқын тиюден соң, тамағындағы ауру сезімі мен температура мазалайды. Соған байланысты «Стопгриппан» және биопарокс препараттарын қабылдайды. Қабылданған препараттардың әсерінен алғашқы 3 күнде қызба төмендеді, кейінен қайта жоғарылады (38,5 дейін), сонымен бірге әлсіздік, кейіннен қышитын, бір- бірімен қосылмаған қошқыл- қызыл түсті бөртпелер кеуде мен арқаға таралып, бір күн ішінде бүкіл денеге таралады, еріннің қызыл ернеуінде күлдіреуіктер пайда болып, көздің қызаруы мен жарықтан қорқу қосылды. Температура – 38,4 С. ЖҚА: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 27 мм/сағ. Науқас интенсивті терапия бөлімшесіне госпитализацияланды. Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау керек?

* ацикловир

* преднизолон per os

* бетаметазон мазь түрінде

* +преднизолон парентералды түрде

* кең спектрлі антибиотик

! 39 жастағы әйел, буындарындағы ауру сезіміне байланысты диклофенак натрий инъекциясын қолданды. Емдеу курсынан 2 апта өткен соң, қышу мен эритематозды бөртпе пайда болады. Соған қарамастан СЕҚҚ (НПВС) пайдалануды әрі қарай жалғастырды. Әлсіздік, температураның жоғарылауы, келесі күні кеудедегі және арқадағы теріден аспайтын қышитын, бір-бірімен бірікпеген қошқыл-қызыл түсті бөртпелер пайда болды, бір күн ішінде бөртпе дененің 20% аумағын қамтып, еріннің қызыл ернеуінде ауыратын күлдіреуіктер пайда болды, жарықтан қорқу, жұтынған кездегі тамағындағы ауру сезімі, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі және диарея қосылды. Температура – 38,6°С. ЖҚА: Эр-2,6х1012/л, Гем – 96 г/л, Л- 2,2х109/л, нейтрофилы – 45%, СОЭ – 37 мм/сағ. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?

* Жүйелі васкулит

* Аллергиялық дерматит

* Жүйелі қызыл жегі

* +Стивенс-Джонсон синдромы

* Мультиформды экссудативті эритема

! 42 жастағы әйел, буындарындағы ауру сезіміне байланысты диклофенак натрий инъекциясын қолданды. Емдеу курсынан 2 апта өткен соң, қышу мен эритематозды бөртпе пайда болды. Соған қарамастан СЕҚҚ (НПВС) пайдалануды әрі қарай жалғастырды. Әлсіздік, температураның жоғарылауы, келесі күні кеудедегі және арқадағы теріден аспайтын қышитын, бір-бірімен бірікпеген қошқыл- қызыл түсті бөртпе пайда болды, бір күн ішінде бөртпе дененің 20% аумағын қамтып, еріннің қызыл ернеуінде ауыратын күлдіреуіктер пайда болды, жарықтан қорқу, жұтынған кездегі тамағындағы ауру сезімі, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі және диарея қосылды. Температура – 38,6 С. ЖҚА: Эр-2,6х1012/л, Гем – 96 г/л, Л- 2,2х109/л, нейтрофил – 45%, СОЭ – 37 мм/сағ. Науқаста 5%- 70% дейінгі леталдылық көрсеткішті қандай асқыну шақыруы мүмкін?

* +Агранулоцитоз- сепсистің дамуы қаупі

* Жедел бауыр жетіспеушілігі

* Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

* Пневмония

* Миокардит

 

!Науқас 70 жаста, подаграға байланысты аллопуринол тағайындалды. Препаратты қабылдаудың 2-3 тәулігінде тері қышуы мен диарея пайда болды. 3- ші тәулікте арқасында эритематозды-папулезді бөртпелер пайда болды. 5- ші тәулікте бөртпелер кеудеге, эпигастрий аймағына және аяқ-қолға жайылған. Жұтынған кездегі, кеудедегі, эпигастридегі, кіндіктің айналасында ауру сезімі болып, іші өте бастады, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі. Температурасы – 38,6°С. ЖҚА: Эр-2,7х1012/л, Гем – 106 г/л, Л- 2,8х109/л, нейтрофил – 55%, СОЭ – 41 мм/сағ. Науқаста қандай патология дамыды деп ойлайсыз?

* Псориаз

* Жүйелі васкулит

* Жүйелі қызыл жегі

* +Стивенс-Джонсон синдромы

* Мультиформды экссудативті эритема

! Науқас 70 жаста, подаграға байланысты аллопуринол тағайындалды. Препаратты қабылдаудың 2-3 тәулігінде тері қышуы мен диарея пайда болды. 3-тәулікте арқасында эритематозды-папулезді бөртпелер пайда болды. Науқас дәрігерге қаралып, гастроэнтерология бөлімшесіне госпитализацияланды, 60мг преднизолон б/е тағайындалды. 5-тәулікте (стационарда) бөртпелер кеудеге, эпигастрий аймағына және аяқ-қолға жайылған. Жұтынған кездегі, кеудедегі, эпигастридегі, кіндіктің айналасында ауру сезімі болып, іші өте бастады, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі. Температурасы – 38,6 С. ЖҚА: Эр-2,7х1012/л, Гем – 106 г/л, Л- 2,8х109/л, нейтрофил – 55%, СОЭ – 41 мм/сағ. Емдеу тактикасының дұрыс нұсқасын көрсетіңіз?

* Госпитализация дұрыс, емдеуге плазмаферезді қосу керек

* +Госпитализация ОИТ, күйікпен жатқан науқас тәрізді емдеу

* Госпитализация дұрыс, преднизолон дозасы жеткіліксіз

* Госпитализация аллергология бөлімшесіне, преднизолон дозасы адекватты

* Госпитализация аллергология бөлімшесіне, емге антибиотиктерді қосу керек

! 35 жастағы ер адам, салқындаудан кейін ЖРВИ ауырды, осыдан кейін өздігінен амоксициллин қабылдады. Препаратты қабылдаған соң, алғашқы 3 күнде қызба қайтты, кейіннен қайта жоғарылады (38,5° дейін), сонымен қатар әлсіздік, кейіннен кеудедегі және арқадағы теріден аспайтын қышитын, бір-бірімен бірікпеген қошқыл- қызыл түсті бөртпелер пайда болды, бір күн ішінде бүкіл денеге таралды, еріннің қызыл ернеуінде ауыратын күлдіреуіктер пайда болды, жарықтан қорқу қосылды. Инфекциялық ауруханаға госпитализацияланды, онда преднизолон б/е 60 мг/тәу, кристаллдар 4 л/тәу тағайындалды. 3 күн ішінде бөртпелер дене аумағының 30% таралып, кеудедегі және эпигастрийдегі ауру сезімі қосылды. Кейін преднизолонның дозасын 120 мг/тәу жоғарылатты, ОИТ ауыстырылды. Науқастың жағдайының қиындауын немен байланыстырасыз?

* Плазмаферез жүргізу керек еді

* инфузионды терапияның жеткіліксіздігі

* +преднизолонның бастапқы дозасының төмен болуы

* антигистаминды препараттарды қосу керек еді

* кең спектрлі антибиотиктерді қосу керек

! Әйел 48 жаста, созылмалы пиелонефриттің өршуі фонында нитроксолин тағайындалады. Емдік курстың 2-ші аптасында науқаста қызба, шаршағыштық, әлсіздік, алғашқыда эритематозды бөртпелер, кейіннен арқада, кеудеде, санда және қолда буллалар пайда болды. Конъюнктивит, стоматит, хейлит, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі мен жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөлінуі қосылды. Науқаста қандай патология дамыды?

* +Лайелл синдромы

* Буллезды пемфигоид

* Стивенс-Джонсон синдромы

* Дюрингтің герпетиформды дерматиті

* Мультиформды экссудативті эритема

 

! Интенсивті терапия бөлімшесіне Лайелл синдромымен госпитализацияланған науқаста төмендегідей динамика байқалды: шеткері қандағы лейкоцит: таңертеңгң сағат 8-де – 4,5х109/л, 10-да – 3,4х109/л, 12-де – 2,1х109/л. Қауіпті асқынудың алдын алу үшін қандай шара қолдану керек?

* плазмаферез

* лейкомасса құю керек

* +массивті инфузионды терапияны бастау керек

* метилпреднизолонның пульс- терапиясын тағайындау керек

* қанның тамыр

! 42 жастағы әйелді терісінің қышуы, бөртпелер (сурет), 3 жасынан терісінің құрғауы мазалайды. Өршуі күзгі-қысқы уақытта. Көп жылдан бері – созылмалы гастрит, өт шығару жолдарының дискинезиясы, ішектік дисбактериоз. Қандай диагноз барынша тән?

* Псориаз

* Себореялық дерматит

* +Атопиялық дерматит

* Аллергиялық дерматит

* Жильбердің алқызыл теміреткісі(лишай)

 

! 22 жастағы ер кісіні терісінің қышуы, бөртпелер, 2 жасынан бастап терісінің құрғауы мазалайды. Аурудың өршуі жыл бойына тән сипат алады, қыста нашар өтеді. Сонымен қатар маусымдық ринит пен тұншығу ұстамаларынан (шаңға) зардап шегеді. Егер терінің зақымдануы (сурет) 50%дан көп тері беткейін алып жатса, қандай диагноз барынша тән?

* Эритродермия

* Микробты экзема

* Аллергиялық дерматит

* +Атопиялық таралған дерматит

* Атопиялық шектелген дерматит

 

! Атопиялық дерматиттің дамуы қай жас аралығына көбінесе тән?

* +5 жасқа дейін

* 5-10 жас

* 11-15 жас

* 18-25 жас

* 30 жастан жоғары

 

! 22 жастағы науқаста 3 жасынан бастап терісінің қышуы, эритематозды және папулезді бөртпелер, аяқтары мен қолдарының жазатын беткейінде, мойынында, құлағының артында тері құрғақтығы мен сулануы, жиі тері инфекциялары. Анамнезінде – аллергиялық ринит, орташа ауыр ағымдағы бронх демікпесі. Тері қабынуын бақылау үшін науқасқа қандай препаратты тағайындаған барынша тиімді?

* +Бетаметазон валерат жақпа май ретінде

* Кең спектрлі антибиотиктер

* Преднизолон ауыз арқылы

* Дипроспан б\е

* Тербинафин

 

! Атопиялық және аллергиялық дерматитті емдеуде төменде аталған препараттардың қайсысы жоғары емдік нәтиже көрсете отырып, қауіпсіздіктің ең жоғарғы профилі бола алады?

* Будесонид

* +Мометазон фуроат

* Флуметазон пивалат

* Фторцинолон ацетонид

* Бетаметазон дипропионат

 

! Атопиялық дерматиті бар 26 жасар әйел осы аурудың жаңа туылған баласында даму мүмкіндігін ойлап алаңдайды. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес төмендегі аталғандардың қайсысы атопиялық (аллергиялық) аурудың даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді?

* Итошағанмен (череда) күнделікті шомылдыру

* Үстеме тамақты ерте енгізу(2 айынан бастап)

* Профилактикалық екпелерден бас тарту

* +Анасы мен баласының пробиотиктер қабылдауы

* Антигистаминді препараттарды профилактикалық мақсатта қабылдау

 

! Қышитын эритема-папулезді бөртпелерден, тері құрғауынан, лихенификациялардан, 20 жыл бойы гиперпигментациядан зардап шегетін 25 жасар ер адам триамценалонды жақпа май түрінде қолдану арқылы тиімді ем қабылдауда. Науқаста тері атрофиясы, безеу мен стриялар саны көбеюі байқалады. Науқасты ары қарай жүргізу үшін қандай емдік тактика барынша тиімді?

* Препаратты ауыстырмай, дезлоратадин қосу

* Препаратты ауыстырмай, жұмсартқыш лосьон қосу

* Тиамценолонды фторциналон ацетонидіне ауыстыру

* +Тиамценолонды метилпреднизолон ацепонатына ауыстыру

* Тиамценолонды бетаметазон дипропионатына ауыстыру

 

! 33 жастағы әйел қышитын эритематозды бөртпелерден, терінің тығыздалуы мен құрғауынан, тері қатпарларының түлеуі мен сулануынан зардап шегеді. Ұзақ уақыт аралығында науқаста жыл бойына тән сипат алатын аллергиялық ринит (үй шаңы кенесіне, тозаңға) байқалады. Науқастың ауруының кешенді еміне төмендегі аталған препараттардың қайсысын қосқан барынша тиімді?

* +Лоратадин

* Клемастин

* Димедрол

* Супрастин

* Перитол

 

! Экзематизациямен атопиялық дерматиті бар науқаста ұсақ пустулезді элементтер пайда болды. Осындай жағдайда жергілікті қолдану мақсатында препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

* Микозолон (мазипредон және миконазол)

* Дипросалик (бетаметазон және салицил қышқылы)

* Тридерм (бетаметазон, гарамацин, клотримазол)

* +Целестодерм В (бетамезон гарамицинмен)

* Пимафукорт (гидрокортизон, неомицин, натамицин)

 

! Атопиялық дерматиті бар науқаста шектелген аймақтарында (шат қатпарларында) ұсақ жарма (отрубевидный) тәрізді қышитын, түлеген аймақтар анықталды. Осындай жағдайда жергілікті қолдану мақсатында препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

* Микозолон (мазипредон және миконазол)

* Дипросалик (бетаметазон және салицил қышқылы)

* +Тридерм (бетаметазон, гарамацин, клотримазол)

* Целестодерм В (бетамезон гарамицинмен)

* Пимафукорт (гидрокортизон, неомицин, натамицин)

 

 

! 42 жастағы әйелді терісінің қышуы, бөртпелер (фото), 3 жасынан терісінің құрғауы мазалайды. Өршуі күзгі-қысқы уақытта. Көп жылдан бері – созылмалы гастрит, өт шығару жолдарының дискинезиясы, ішектік дисбактериоз. Терілік көріністерінің ауырлық дәрежесі мен зақымдалудың таралуын ескере отырып, базисті ем ретінде мометазон фуроатқа (Элоком) қандай препаратты қосымша тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* Цинк пиритионат

* Метилпреднизолон ацепонат (Адвантан)

* Преднизолон ауыз арқылы

* Такролимус ауыз арқылы

* +Такролимус жергілікті

 

! 21 жасар ер адам 2 жасынан бастап терісінің қышуына, құрғауына, бөртпелер шығуына шағымданады. Ауру жыл бойына дамиды, асқынуы қысқы кезеңде. Анамнезінде – маусымдық ринит және тұншығу ұстамалары (шаңға). Бөртпелер (сурет) дене беткейінің 20-30% алады. Антигистаминді препараттар және адвантан қабылдайды. Емнің тиімділігін арттыру үшін науқасқа төмендегі аталғандардың қайсысын тағайындауға болады?

* Эбастин

* Цинк пиритионат

* Преднизолон

* +Такролимус

* Тербинафин

 

! Егер атопиялық дерматиті бар науқаста десквамация және суланулар байқалса жергілікті кортикостероидтың қандай дәрілік түрін тағайындаған барынша тиімді?

* Жақпа май (мазь)

* Майлы жақпа май(жирная мазь)

* Присыпка

* +Крем

* Лосьон

 

! Егер атопиялық дерматиті бар науқаста лихенификациялар, тері құрғауы байқалса, топикалық кортикостероидтың қандай дәрілік түрін тағайындаған барынша тиімді?

* +Жақпа май (мазь)

* Майлы жақпа май (жирная мазь)

* Присыпка

* Крем

* Лосьон

 

! Төмендегі клиникалық көріністерімен (сурет) атопиялық дерматиті бар науқасқа жергілікті кортикостероидтың қандай дәрілік түрін тағайындаған барынша тиімді?

* Жақпа май (мазь)

* +Майлы жақпа май (жирная мазь)

* Присыпка

* Крем

* Лосьон

 

! 16 жасар қыз гиперемияға, қышынуға, білегіндегі күйдіру сезіміне шағымданады (сурет). Қандай диагноз барынша тән?

* +Жанаспалы (контактный) аллергиялық дерматит

* Атопиялық дерматит

* Аллергиялық дерматит

* Жанаспалы (контактный) дерматит

* Жедел есекжем

 

! 56 жастағы әйел сол жақ шынтақ ойысында қышыну, қызару және күйдіру сезіміне шағымданады (сурет). Науқасқа 2 күн бұрын актовегинді көктамырға тамшылатып енгізген, енгізілген орынға тампон қойып, лейкопластырьмен бекіткен. Байқалған тері реакциясының ең мүмкін болған себебі қандай?

* Актовегинге баяу типті жоғары сезімталдық

* +Лейкопластырьге баяу типті жоғары сезімталдық

* Актовегинге жедел типтегі жоғары сезімталдық

* Лейкопластырьге жедел типтегі жоғары сезімталдық

* Лейкопластырьге Артюс феномені түріндегі реакция

 

! 29 жасар ер адам қол басының қызаруына, қышуына, күйдіру сезіміне (сурет) шағымданады. Хирург болып істейді, осы көріністер 1 жыл бұрын пайда болды. Соңғы кездері қолдарының жағдайы нашарлай бастады, көріністер әр кезекшіліктен соң күшейеді (бір түнде 2-3 операция). Төмендегі аталғандардың қайсысы осы жағдайдың ЕҢ МҮМКІН себебі болып табылады?

* Хлоргексидин ерітіндісі

* +Хирургиялық қолғап латексі

* Қол жууға арналған сұйық сабын

* Қолды өңдеуге арналған спирт

* Фурациллин ерітіндісі

 

! 37 жасар әйел күн астында ұзақ уақыт болғаннан кейін денесінің ашық аймақтарында (беті, мойыны, кеуде аймағы, қолдары) қышыну, күйдіру сезімі және қызаруға шағымданады. Зәр шығару жолдарының инфекциясына байланысты 2 апта норфлоксацин қабылдаған. Қандай диагноз барынша тән?

* +Фотодерматоз фторхинолондардың жанама әсері ретінде

* Жеделдеу терілік қызыл жегі

* Созылмалы есекжем

* Жедел есекжем

* Аллергиялық дерматит

 

! Безеу бөртпелерінен зардап шегетін 19 жасар ер адам 1 апта ішінде жуынуға арналған безеуге қарсы жаңа көбік пайдаланған. 7-күні таңертең күйдіру сезімі мен бөртпелермен оянды (сурет). Қандай диагноз барынша тән?

* Атопиялық дерматит

* Квинке ісінуі

* Созылмалы есекжем




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 2788; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.166 сек.