Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зат есімді тіркестер 6 страница




Изафеттік темір пеш, ағаш күрек тәрізді құрылыста және кен байлығы, мал шаруашылығы, радио хабары сияқты құрылыста келе-тін түрлері де — синтаксистік байланыстағы сөз тіркестері. Екеуі де қабыса байланысқан. Жалғаусыз қабыса байланысқан зат есімдер то-бын (қыл арқан, ағаш үй) жалғаулы есімдер тобымен (партия оқуы, совет өкіметі, кен байлығы) салыстырғанда, алдыңғыдан соңғы топтағы сөз тіркестерінің синтаксистік байланысының берік, бір тұтас екенін көреміз. Оның себебі — тіркескен сөздердің соңғысы алдыңғысына тәуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. Солай болғандықтан Темір пештің оты лаулап жана бастады деген сөйлемдегі темір сөзін тастап айтуға болады, ал Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады, Коммунист партиясы халқымызды бақытты тұрмысқа жеткізді деген сөйлемдердегі кен байлығы, Коммунист партиясы деген сөз тіркестерін олай ыдыратып, екі сыңарының бірін түсіріп айтуға болмайды.

Изафеттік құрылыстың ілік жалғаулы (Қазақстанның байлығы), ілік. жалғаусыз (кен байлығы) болып келетін екі түрінің айырмашы-

 

лығы да жоғарғыдай. Ол айырмашылықты байқау үшін жоғарғы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып сөйлем құрайық: Қа-зақстанның кен байлығы мол, Мұнда кен дегеннің тіркесті компоненті — байлығы, Қазақстанның деген сөздің тіркесті компоненті тек байлығы емес, кен байлығы. Сол сияқты, колхоздың мал шаруашылыгы, колхоздың ауыл шаруашылығы дегенде де ілік жалғаулы сөздің (колхоздың) тіркесті тобына енетін сөздер тек шаруашылығы емес — мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы. Бұлай болу себебі соңғы сөздердің мағыналық және синтаксистік берік байланыста екендігінде. Бұларды Кавказдың биік таулары деген тәрізді сөздер тобымен бір деп қарауға болмайды: алдыңғылар бір-бір күрделі сөз тіркесі де, соңғы тәрізділерде екі сөз тіркесі бар: Кавказдың таулары, биік таулары.

Тюркологтардың көбі жоғарғыдай сөздер тобының бірінші сыңа-ры белғілі болса, жалғаулы болады, белгісіз зат болса, жалғаусыз бо-лады деп түсіндіреді, Дұрысында ілік септіктің жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуының белгілі, белгісіздікке қатысы жоқ. Олай болу меншік-тілік (принадлежность) ұғымды ерекше білдірмеумен байланысты: егер тәуелдеулі зат ілік септеуіндегі затқа меншіктеулі болса, соңғы жалғаулы болады, олай болмай, екі заттың бірі екіншісіне заттың сапа ретінде ғана жұмсалса, ол жалғаусыз болады, мыс.: мемлекет-тің мүлкімемлекет мүлкі, Абайдың аулыАбай аулы, Лениннің библиотекасыЛенин библиотекасы.

Меншіктілік ұғымы айқын сөз тіркестері бар сөйлемдер: Абай ең әуелі... К ү ң к е н і ң уйіне кірді. Оның тамаша к ү л к і с і сыңғырлап шығып… жұрттың бәрін еліктіріп отыр (Әуезов). Сағындықтың қорылы, машиналардың гүрілі, ас ү й д е г і л е р д і ң аяқ т ы қ ы ры солғын есітіліп тұр (Мұстафин).

Меншіктілік ұғымы солғын, тек зат пен заттың тәуелділік ыңғай-

да анықтауыштық қатынасын білдіретін сөз тіркестері бар сөйлем-

дер: Қызыл отау көшін қ а з а қ қызы бастап келеді (Мұстафин).

Байжанның баласы Апақ с у ы р інінен шыққан жылтыр тас

көмірге кездесті (Мүсірепов). Мартен цехында инженер Са-

гатовақұрышты ОТКа-ға тапсырайын деп жатыр екен. Әне біржерде жатқан белбеуөзенН ұ р а ө з е н і емес пе? (Шашкин).

Әдетте ілік және тәуелдік жалғаулы сөздер тобы екеу-екеуден

қосақтала матасса, кейде ілік жалғаулы бірнеше есімге қатысты тәу-

елдеулі бір-ақ есім және керісінше ілік жалғаулы бір есімнің бірнеше тәуелдеулі заты болуы мүмкін: Сөйтіп ол ащы, көңілсіз

к ү н д е р д ің, ж ы л д а р д ы ң, ғасырлардың д ә у і р і н бұзды, (Ерубаев). Раушанның қызыл шырайлы ж ү з і, күлімсіреген к ө-

з і, баптап сөйлеген с ө з і Бекенді сиқырлаған сияқты болды

{Майлин).

 

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

 

Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан білеміз: бағыныңқы сөз барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңге-ріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне еруші сөз болады. Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз бет алысты, бағытты, мақсатты, мезгілді т. б. білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің әр түрлі болуынан ғана

 

тумайды, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда аталған септік жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін құрайтын сөздер, негізінен, етістіктер болады. Солай болатындықтан меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері кең түрде жұмсалып, түрлі құрамды болып келеді. Оған қарағанда меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады. Соңғы тіркестердің бағыныңқы сыңарлары барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде жұмсалады да, басыңқылары көбінше баяндауыш қызметіндегі есімдер болады, мыс.: [Жерім] малға бай, [Ол] сөзге шорқақ, [Досан] комиссияға мүше, [Мен] саған кіммін? [Оның сөзі] маған түсініксіз, [Бұл ат] мінуге жақсы, [Бұл қылығың] өзіңе жаман.

Бұл тіркестердің байланысу формасы — меңгеру. Есімдердің; есімдерді меңгеруі, етістікті тіркестердегідей, әрі мағыналық, әрі синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес, әлсіз байланыс ыңғайында пайда болады. Оны түсіну үшін бір-екі мысал алайық: кетті, келді сияқты етістіктерді бөлек алғанда, олардың лексикалық мағыналары қаншалықты түсінікті болғанмен, мүшелік мазмұнында бір күңгірттік бар сияқты болады да тұрады. Ол күңгірттікті жойып, мүшелік мазмұнын толық ашу үшін кетті, келді етістіктерінің алдына кім кеткенін, кім келгенін, оның қайда кеткенін, қайдан келгенін көрсету керек, мыс.: Асқар қалаға кетті, Темір қаладан келді. Осындағы сөздер бірін-бірі керек етіп, өз ара жымдаса, байланысқан. Соның негізінде қалаға кетті, қаладан келді деген меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері жасалған. Ал кіммін, түсініксіз деген есімдерді баяндауыш қызметінде бөлек алғанда, олармен байланыса айтылатын бастауыштың орны жоқталады, ал барыс жалғауындағы толықтауыштың орны жоқталмайды. Өйткені кіммін, түсініксіз сөздерінің мазмұны саған сияқты сөздердің тіркесуін тікелей керек етпейді. Сонда да [Мен] саған кіммін? [Айтқаның] маған түсініксіз сияқты меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін құрауға болады. Есімдердің бұлай тіркесуі жеке сөздің тікелей лексикалық мағынасынан тумайды, жалпы сөйлемнің мазмұнынан, айтайын деген ойға, баяндауышқа жалғаулы есімдердің керек болуынан туады.

Сондықтан меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі жұмсалады. Олар мынандай есімдер.

1. Сын есімдер. Негізінде сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болатын сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып та айтылады. Біраң олардың бәрі бірдей сөз тіркесін құрай алмайды: мысалы, заттың түсін білді-ретін сын есімдер тек қ ардан ақ, қаннан қызыл, күйеден қара сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі-сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда әлдеқайда көп кездеседі, мыс.: өзіңе жақсы, маған түсінікті, тазалыққа жаман, сөзге сараң, жусаннан биік.

Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктеріндегі есімдер сын есімдермен тіркесіп толықтауыштық және пысықтауыштық қа-тынастарда жұмсалады: Жуас түйе жүндеуге ж а қ с ы (мақал). Қаршыға, бүркіт тазалыққа ү й і р, қарақұс, күшеген өлексеге ү й і р (Мұстафин). Өнімсіз іс к е ш е п-ш е б е р (Абай). Көңілсіз құлақ

о й ғ а о л а қ (Абай). Істегенің е л ің е ж а қ с ы, үйренгенің өзі- ң е ж а қ с ы: Жақсыі с і м е н ж а қ-с ы. Е л у ж ы л д а ел ж а ң а (мақал).

 

2. Зат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көмір сияқты атаулардан гөрі күш, бай, мейрам, сын сияқты абстракті зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады: Елім менің ж е р г е б а й, Айдынды шалқар к ө л г е б а й (Жамбыл). Қашпақ, қумақе р -г е сын, көшпек, қонбақж е р г е с ы н (мақал). Сендер б і р - біріңе қонақсыңдар (Мұстафин). Білгенге м а р ж а н, б і л м е с-к е а р з ан, надандар баһра ала алмас (Абай). Мен 1943 ж ы л~ д а н комсомолмын. Партияға 19 4 9 жы лдың ж а з ы н ан м ү ш е м і н.

Атаулы сөйлемдерде жатыс жалғаулы есім мен нақтылы заттар-дың меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрауы дағдыға айналған құбылыс десе де болады, Мұндайда көркем әдебиетте табиғатты, айналаны суреттеу орайында мекен пысықтауыштық қатынаста жұмсалады, мыс.: аспанда ақша бұлт. Төрде төсек-орын. Арбада Жағыпар. Аяғында былғары етік.

3. Заттың күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, аз, көп, мәлім, бәрібір, мүмкін тәрізді заттың әр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айтылады: Астында семіз сары, жорға аты бар (Әуезов). Аспанда алақандай бұлт жоқ (Мұқанов). Сақтықт а қорлық жоқ. Аққа қара жоқ, қара- ғ а шара жоқ (мақал). Әуелден сұлу жайы бізге мәлім (Абай). Әйелдердің сайлауға да, сайлануға да правосы. еркектермен бірдей (Конституциядан). Біткен і с к е сыншы көп (мақал).

Күйді білдіретін есімдердің ішінде мәлім, аян, мәз, артық, кем, аз, көп, белгілі, түсінікті сөздері шығыс, барыс жалғаулы азын-аулақ есімдерді өздеріне бағындыра алады, мыс.: жұртқа мәлім, маған мәлім, ертеден мәлім, ел-жұртца аян, бәрімізге аян, саған аян, ішкен-жегеніне мәз, алғанына мәз, біреуден артық, біреуден кем.

Сан есімдер мен есімдіктер жоғарғыдай есімді сөз тіркесінін мең-герушісі болып өте аз кездеседі: Басқада құлақ екеу болса, секретарьда төртеу. Есжан, ол жақта... егіске дайындық қалай? (Мұстафин). Заводтың бәрінде солай (Мүсірепов).

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1466; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.