Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зат есімді тіркестер 5 страница




 

Есімдіктер мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері

 

Есімдіктер — орынбасар сөздер. Олар көбінесе есімдердің орнына жұмсалатындықтан, олардың сөз тіркестерін құрауға қатысын да сол есімдердің орайына қарай болжауға болады. Негізінде зат есім, сын есім, сан есімдер қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болатынындай, солардың орнына жұмсалатын сұрау есімдіктері (қандай, қай, қанша, неше, нешінші), затты нұсқау үшін жұмсалатын сілтеу есімдіктері және заттың қосынды сапасын білдіретін жинақтау есімдіктері қабыса байланысқан анықтауыштық сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары болып жиі кездеседі.

Бұл құрамда ерекше көзге түсетін есімдіктер деп сілтеу есімдік-терін айтуға болады. Олар заттардың а л ы с-ж а қ ы н д ы қ, дәлдік қасиетін білдіру үшін кез келген зат есіммен тіркесе береді, мыс.: мына ат, ана тау, ол бала, сонау дала; осы пікір, бүл сөз.

Осы, бұл, ана(у), сонау есімдіктері уақыт мөлшерін білдіретін зат есімдермен тіркесіп мезгілдік қатынастағы сөз тіркестерінің де құра-мында айтылады, мыс.: осы күндері, бұл күні, ана жылдары, сонау күндерде.

С ұ р а у есімдіктері зат есімдермен қабыса байланысып, сөз тіркестерінің анықтауыштық сыңарлары болғанда, зат есімдердің сындық, сандық сапаларын айқындауды тілейді, мыс.: қ андай кісі?, қай қала?, қанша саулық?, неше үй?, нешінші бригада?

Жинақтау есімдіктері зат есімдермен қабыса байланысып, есімді сөз тіркесінің құрамына енгенде, зат есімдердің жинақталған жалпылама мөлшерін білдіреді, мыс.: бүкіл дүние, барлық жұрт, күллі халық, бүтін әлемге.

Ө з д і к есімдік те зат есімдермен қабыса байланысып, сөз тір-кестерінің бағыныңқы сыңарлары бола алады. Ондай есімді сөз тір-кесінің басыңқы сыңарлары тәуелдік жалғаулардың бірінде өздік есімдік жалғаусыз ілік септігінде айтылады, мыс.: өз үйім, өз шешең, өз баласы, өз сөзі.

 

Үстеулер мен есімдерден құралған сөз тіркестері

 

Үстеулер — өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимыл процесін айқындайтын сөздер. Солай болғандықтан олар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қолданылады. Сонымен қатар олар есімді сөз тіркестерінің де құрамына еніп, олардың бағыныңқы бөлшегі қызметінде жұмсалады. Үстеулердің есім сөздермен тіркесуі кездейсоқ құбылыс емес, әдеби тілде әлсін-әлсін кездесіп отыратын елеулі құбылыс. Бірақ үстеулердің бәрі емес, тек мезгіл үстеулері есімді сөз тіркестерінің құрамына ене алады. Олар сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан есім және бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырайды, мыс.: бүгін жайлауда, енді көңілді, қазір жас, биыл жетіде, бүгін бар, ертең жоқ.

Бұл мысалдардағы сөз тіркестері мағыналық байланысы берік сөздердің үйлесуі негізінде жасалмаған, олар бүгін келді, енді айта-ды, қазір барамын сияқты тіркестер емес, мағыналық байланыс ар-қауы бос тіркестер. Олай дейтін себебіміз — мезгіл үстеулері есімдермен тіркескенде, олардың тіркесу қабілеті айқын болғандықтан және мағыналық байланысы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі:

Қасен қ а з і р колхозшы (Көбеев). Біз де бүгін в а х т а д а м ы з (Ерғалиев). ¥лпа б и ы л ж е т і д е (Майлин). Б о з б а л а м ы н мен де е н д і (Жамбыл). Елсіздегі қарақшылар түнде б е й қ а м, күндіз с а қ (Мұстафин). Осы Шыңғыстың осы қара желі өзге уақыттың бәрінде жацсы болғанмен, дәл к ү з д і г ү н і ж а й - с ы з-а қ (Әуезов). Қ аз і р жалғызбын ғ о й, көріп отырсыз (Мұстафин). Айранбайдың жасы қазір 40-т а (Майлин).

Мезгіл үстеулер сөйлемде баяндауыш болған есімдерге ғана қа-тысты болатындықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен жанаса байланысуы да мүмкін:

Қ а з і р олм а л б р и г а д и р і (Мұстафин). Сәрсеннің қ а з і р екі немересі б а р (Көбеев). Б ү г і н онда бір түрлі сергектік, сезімділік б а р (Әуезов). Жомартта ә л і үн ж о қ (Мұстафин).

 

МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Матаса байланысқан сөз тіркесі туралы түсінік

 

Түсінікті мысалдан бастайық: «Жаздың көркі енеді жыл құсы-мен» (Абай). Осы жолдың ұйытқы бөлшегі — жаздың көркі. Бұл екі зат есімнің бір синтаксистік топ құрауы поэтикалық талғам тұрғысынан өте үйлесімді болғанмен, сөздердің әдеттегі, қарапайым тобы басқаша болуға тиіс: жаздың күні, жаздың ыстыгы, жаздың аяғы; қыздың көркі, әйелдің көркі, адамның көркі. Адамға тән «көркі» сөзінің жаз мезгіліне телінуі сол сөздердің мағыналық үйлесімін орайластырудан ғана емес, тілдің белгілі синтаксистік байланыс формасына келтіріп ұштасқан, жіптіктей топ құраудан да. Сол топ-тың алдыңғы сөзі ілік жалғауда да, соңғы сөзі тәуелдіктің 3-жағында. Сөздердің осындай жалғауларда тұрып құндақталған бір сөз тіркесінің құрамына енуі — олардың тілдік дәстүрге бағынғандағысы.

Кемелбайдың қайысты неге бермегенін, қатынының не айтқанын Айранбай Раушаннан сұрамады (Майлин), Бұл мысалдағы ілік, тәуелдік жалғаулары арқылы жымдаса байланысқан сөздер тіркестері — Кемелбайдың бермегені, қатынының айтқаны. Бұлар да тегі басқа екі түрлі жалғаулар арқылы біріне бірі көгендеулі сөздер тобы. Әр топтың құрамына енген екі сөздің алдыңғылары — зат есімдер де, соңғылары — сол заттардың іс-әрекетін білдіретін есімшелер. Бұл сөз тіркестерінің мағыналық діңгегі, ұйытқы бөлшегі

 

- ілік жалғауындағы зат есімдер де, тәуелдеулі есімдер әр уақытта соларға тән болады. Сондықтан да мұндай тіркестердің екінші сыңарлары тиісті тәуелдік жалғауларды бірінші сыңардың грамматикалық мағыналарына үйлесімді түрде қабылдайды, мыс.: менің жолдасым, сенің жолдасың, оның жолдасы.

Жаздың көркі, Кемелбайдың бермегені, елімнің байлығы... де-гендердің құрамындағы әр сыңардың екі түрлі қасиеті бар: бірінші-ден, ілік жалғаулы сыңарлар сөз тіркестерінің мағыналық үйытқысы болса, екіншіден олар— синтаксистік қызметі жағынан сөз тіркесте-рінің бағыныңқы сыңары да, тәуелдеулі сөздер оларды өздеріне ба-ғындырып тұратын сыңары. Синтаксисте олардың осы жағы негізгі қасиеті деп есептелуге тиіс. Сондықтан ілік жалғаудағы сөз тәуелдік жалғаудағы сөзді керек етсе, керісінше, тәуелдеулі сөз ілік жалғаулы сөзді керек етіп, олар өз ара м а т а с а байланысады.

Матаса байланысатын сөз тіркестерінің құрамы септелетін, тәуел-денетін сөздер болуға тиіс. Ондай сөздердің жұмсалу аясы кең — есімдер деп аталғанмен, бүл жағынан бәрінен де оқшау қаралуға тиіс сөздер — зат есімдер. Септік, тәуелдік жалғаулар сол зат есімдердің және олардың орнын басатын есімдіктердің жалғаулары. Сон-дықтан зат есімдер мен есімдіктер матаса байланысқан сөз тіркесте-рін құрастырудың негізі болады, ал басқа есімдер ондай сөз тіркестерінің құрамына ену үшін зат есімңің қызметіне ортақтасу ке-рек. Бір сөздің қызметін екінші сөздің атқаруы — оның қосымша қызметке уақытша ие болғандағысы. Бұлай болудың дәрежесі барлық есімдер үшін бірдей емес. Мысалы, заттың әр түрлі сапасын білдіретін есімдердің ішінде сын есім ілік жалғауда жұмсалып сөз тіркесінің бірінші сыңары ретінде, есімшелерге тәуелдік жалғаулары жалғанып оның екінші сыңары қызметінде жиі кездеседі. Оларға қарағанда, сан есім, үстеулер матаса байланысқан сөз тіркестерінің құрамында аз кездеседі.

Ж ы л ы менен с у ы қ т ы ң бәрін көріп,

Қайран көңіл қайыспай қайрат етті (Абай).

 

Осындағы жылы, суық деген сын есімдер ортасында «менен»-жалғаулығы тұрғандықтан, екеуі бір ілік жалғауына ортақтасып, олар бәрі есімдігімен тіркескен. Осы өлең жолында ілік септеуіндегі сын есімдерді (жылы, суық) жақсылық пен жамандық, рақат пен азап сөздерінің келтірінді синонимі етіп, зат есімдердің орнына жұмсалған. Сол арқылы бейнелі, көркем, эмоциялы ой өрнегі жасалған. Әдебиетте, әсіресе, мақал-мәтелдер синтаксисінде жиі ұшырайтын «Жақсының шарапаты, жаманның кесепаты», ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» тәрізді тіркестерде ілік жалғаулы сын есімдер де зат есімдердің орнына жұмсалады. Олардың ойды тұжырымды етіп айтуға лайықталған стильдік қызметі бар.

Осылар тәрізді, заттың әр түрлі сапасын білдіретін есімдердің септік жалғауларында, бұл арада ілік жалғауда, жұмсалып сөз тір-кестерінің құрамына енуі кездейсоқ құбылыс емес, — айтылатын ойға көркемдік, ерекше стильдік қосымша мағына енгізудің тәсілі.

Осылардың бәрі әр түрлі сөздердің белгілі синтаксистік байланыс-тағы тобынан таралып жатыр. Сондай кең алқапты, мол сөз тіркесте-рінің басын құрайтын ілік пен тәуелдік жалғауларының қазақ тілін-де (сонымен қатар барлық түркі тілдерде) синтаксистік байланыс формасының ерекше бір түрін құрастыратынын көреміз. Оның қазақша аты — м а т а с у. Бұл да — қиысу, меңгеру, қабысулар қатарында аталуға тиіс.

Сөйлемдегі сөздердің матаса байланысуы — түркі тілдерінің грамматикалық құрылысындағы елеулі ерекшеліктің бірі. Ондай байланысты, басқа тілдерде бар дәстүрлі байланыс формаларының біріне жатқызу үшін, бірқатар авторлар қиысу (согласование) деп, енді біреулері меңгеру (управление) ден түсіндіреді. Матасу мен қиысудың кейбір сыртқы ұқсастығы бары рас. Бірақ екеуі бір емес: екеуінің сөздерді байланыстыру тәсілі де, сөз тіркестерін құрастырудағы қызметі де екі басқа. Матасуда тіркескен сөздердің бағыныңқылары басыңқыларына қарай және керісінше екі түрлі тұлғада жұмсалу арқылы байланысса, қиысуда тек бағыныңқы сөз басыңқының грамматикалық мағынасымен және грамматикалық тұлғасымен үйлесіп бір жақты тұлғаланады.

Матаса байланысуды қиысудан бөліп қарау керектігі қазақ тілінің, сонымен қатар басқа түркі тілдерінің де, сөйлем құрылысында бар синтаксистік ерекшелікті дұрыс көрсетуден шығады. Олай етпей, ағаштың жапырағы, менің жолдасым дегендерді тек жақтық, сандық қиыеу тұрғысынан қарағанда, оларды өз тіркесі аясында тексермей, бір сөздің тұлғалық көрінісін басқа сөзбен ұштастыра салудағы мағыналық қатынасына ғана қарау болады да, ол топтағы бірінші сөздердің (ілік септікті сөздің) екінші сөзге (тәуелдеулі сөзге) бағыныңқылық ыңғайда жұмсалатыны ескерілмеген болады. Біздіңше, олардын екі жағын бірдей ескеру керек.

Матасу деген терминді қолдануда изафеттік құрылыстағы (Те-мірбектің інісі тәрізді) тіркестің, сол сияқты басқа сөз тіркестерімен де тізбектеліп, шиыршықтана беретінін ескеру қажет. Мысалы: Те-мірбектің інісінңц палътосы; Темірбектің інісінің пальтосының түймесінің бауы); Сенің жолдасыңның сөзі; Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысы-ның жалғасы).

Сөздер осылайша шумақталып, бірнешеуі өз ара ұласып айтылуға тиісті болғанда, екі сөзден құралған тіркестерді де қысқартып, ықшамдап жұмсауға болады (мыс.: інім, інімнің палътосы, жолда-сың, жолдасыңның сөзі). Қалайда бір сөйлемде ілік жалғауда жұм-салған сөз болса, сол сөйлемде онымен байланысқан тәуелдеу жал-гауда тұрған сөз болуы шарт: Тек, біз, сіз деген екі сөз ілікте ай-тылса, олармен байланысатын сөздер тәуелдікте тұрмаса да болады.

Сонымен қатар матаса байланысқан сөз тіркестерінің араларына басқа сөздер енгенде, олардың бұрынғы байланысы ыдырап ілік жалғаулы сөз мағыналық та, грамматикалық та бастауыш болып кететін кездері болады (мыс.: м е н (менің) онымен жөнді амандасқаным жоқ. 0 л (оның) радиоға құлағын төсеп отырғаны). Бүл ертедегі пассив құрылыстың бұл күнде жаңа ұғымға ие болып өзгеріске ұшырауы деп қаралуға тиіс.

Матасқан сөздер тобының екі сыңары да сөйлем құрамында елеу-лі қызмет атқарады. Ондай сөз тіркестерінің табиғатын толық түсіну үшін олардың әр сыңарын бөлек те, артынан сөз тіркестерінің мағы-наларын ашу үшін, біріктіріп те қараймыз.

Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары

 

Мұндай тіркестің бірінші сыңары әдетте, жекеше, көпше, тәуелдік тұлғалы зат есімдер болады. Олар сол құрамда затты меншіктеу, өздеріне тәуелді ету мағынада жұмсалатындықтан, кез келген зат есімді жекеше, көпше тұлғада матаса байланысқан сөз тіркесінің бі-рінші сыңары етіп жұмсай беруге болмайды. Мысалы, адам, аспан, жер, су, тау, қой, кітап тәрізді конкретті заттар тәуелдеулі көптеген заттарды керек етсе, қылық, мінез, ұят, ар, намыс, күман, қайғы тә-

 

різді абстракты заттар осындай түбір тұлғада аздаған, бірен-саран, тәуелдеулі заттармен тіркесе алады. Соңғыларды басқа заттардың

қасиеті етіп, — тәуелдеп барып ілік жалғауында айту арқылы матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамында жұмсай беруге болады:

Аршалының бойында Әлімбайдың қыстауы. А у ы л д ы ң қотанындағы дөңеске ұзыншалау салынған молақ ағаш үй бірден көзге түседі. М е к т е п т і ң ашылғанын біз бір-ақ білдік (Майлин). Мінгені биік қара шұбар ат... Жылқының көріктісі екен (Мұстафин). Ол сондықтан әкесінің, бабасының қой жайғандағы өлеңін айтқан жоң (Ерубаев). Таңсық тұқымының тілегін үстем қылуға тырысатын болды. Совет тұтатқан жаңа ө м і р д і ң ұшқынын сөндіре ала ма олар? (Мұқанов). С ұ л у л ы қ т ы ң көрмесі, қуаныштың жәрменкесі ашылды («Қаз. әдебиеті»).

Абстракты заттар ілік жалғауында осы мысалдардағыдай, көбі-несе, келтірінді мағынадағы зат есімдермен тіркесіп, көркем әдебиетте жұмсалады. Ондай тіркестердің құрамы үйреншікті сөздер тобы болмай, көркемдік үшін ұштасқан әр түрлі тропалық мазмұндағы сөздер болады, мыс.: Мен жүрегімнің отын да, өмірімнің, м а з м ұ н ы н да содан кейін жасадым. Осы ізденушіліктің ө з і, жер астындағы күштердің т о л қ у ы, қозғалуы еді (Ерубаев).

Зат есімдер сияқты ілік жалғауында көп жұмсалатын сөздер — есімдіктер.

Мынаум е н і ң пәтерім. Б і з д і ң «анау» да барамын деп еді... Түнеугіні б і з д і ң ауылдағы қисық аяқ Биағалардың қызы ұзатылды. Мариям бұлардың асты-үстіне түсумен болды (Майлин). Ол ө з і н і ң қамын жейтін адамдар тапты.

Сын, сан есімдер мен есімшелер өз мағыналарының үстіне заттық мағына үстеп, зат есім қызметінде матаса байланысқан сөз тір-кестерінің бірінші сыңары болуы мүмкін, мыс.: үлкеннің сөзі, көптің бірі, қызылдың қызылы, онның бірі, түсінгеннің ісі, білгеннің сөзі.

 

Матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары

 

Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, не басқа затқа меншіктеп айтқысы келгенде, меншіктелетін сөзге -н і к і, -д і к і, -т і к і жұр-нағын жалғап, Мына ат менікі, Мына сағат сенікі, Мына жер колхз-дікі деген сияқты сөйлемдер құрайды. Сонда жоғарғы жұрнақтар жалғанған сөздерге одан бұрын айтылған заттар меншіктеліп тұрады да, ол екеуінің арасынан меншіктілік қатынас туады.

Сондай-ақ, зат пен заттың меншіктілік я басқа табиғи қатынасын білдіру үшін, меншіктеуші сөздерге ілік, меншіктелуші сөздерге тәу-елдік жалғаулары жалғанып та айтылады: менің атым, сенің атың, оның аты. Әрине, бұл екі тіркестің меншіктілік мағынасы біріне-бірі жақын болғанмен, грамматикалық қызметі бір емес: ат колхоздікі — предикаттың меншік те, колхоздың аты — атрибуттық меншік. Оның үстіне ілік, тәуелдік жалғаулары арқылы айтылатын меншіктілік қатынас тәуелдеулі бір сөзбен де айтылады: атым, атың, аты, көйлегім, көйлегің, көйлегі.

Матаса байланысатын изафеттік тіркестің екінші сыңары зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер болады: теңіздің толқыны, аттың жүйрігі, оқушылардың бесеуі, менің айтқаным, сенің өзің.

Бұлар — анықтауыштық қатынастағы есімдер тобы. Жалпы ал-ғанда, есім сөздердің бәрі де мұндай тіркестің екінші сыңары бола береді. Тіпті грамматикалық тұлғада «өзгерілмейтін» сөздер деп

 

аталатын үстеу, одағайлар да белгілі жағдайда матасқан сөз тіркесінің екінші сыңары бола береді: Еріншектің ертеңі таусылмас, аллаңнан ойбайым тыныш.

Грамматикаларда жіктеу есімдіктері мұндай тіркестің екінші сыңары болмайды деген ереже айтылады. Негізінде ол дұрыс болға-нымен, олардың да кейде тәуелденіп айтылуын кездестіреміз: үйде отырған біреу сырттағы тықырды есітіп:

Бұл кім? — дегенде, оған:

Мен, — деген жауап болғанда, үйдегі кісі:

Менің кім? — деп сұрауы мүмкін. Осындайда мен, сен, біз, сіз деген жіктеу есімдіктері тәуелденіп айтылғаны болмаса, басқа жағдайда изафеттік тіркестің екінші сыңары ретінде жұмсалмайды. Оның себебі — 1,2 жақтық жіктеу есімдіктері өздік, сілтеу, сұрау есімдіктеріндей, зат есім, сын есім, сан есім, есімшелердей, басқа есімдермен меншіктілік қатынаста жұмсалмайды. Олардан басқа есімдердің де меншіктілік қатынаста жұмсалу дәрежесі бірдей емес. Мысалы: зат есім ол қатынаста өте жиі айтылатын сөз болса, сын есім, сан есімдер оған қарағанда өте сирек қолданылады, есімшелер (онда да, көбінесе, өткен шақтық есімшелер) соңғылардан гөрі сөз тіркесінің тәуелдеулі сыңары болып көбірек кездеседі. Соның өзінде олардың анықтайтын сөздерімен мағыналық қатынасы әр түрлі болады:

3 а т е с і м тәуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен матаса байланыс-қанда, ол меншіктілік (тәндік) және табиғи қатынасты білдіреді: ме-нің жолдасым, үйдің есігі, қазанның қақпағы, ағаштың жапырағы.

С ы н е с і м изафеттік тіркестің екінші сыңары болғанда, мы-надай мағынада айтылады:

а) субстантивтенген зат есім орнында тәндік мағынада: менің тентегім (менің балам д. м.), колхоздың шұбары (колхоздың шұбар аты д. м.);

ә) сын есімнің таңдаулы шырай мағынасында: Бұлтаудың биігі, Ақмоншақаттың жүйрігі.

С а н е с і м изафеттік тіркестің екінші сыңары болып ілік жал-ғаулы зат есіммен, сан есіммен матаса байланысқанда, бүтіннің бөл-шегі ретінде жұмсалады: балалардың бесеуі, оқушылардың екеуі, майдың он бесі, төрттің бірі, онның жартысы 3.

Есімшелер жоғарғыдай тіркесте тәндік қатынаста, әрі заттық, әрі қимылдық сапа мағынасында жұмсалады: менің айтқаным, сенің жазғаның, оның көрген-білгені, сенің айтарың, оның айтар-айтпасы.

Меншіктілік, тәндік ұғымның мендік, сендік не бөгделік болуына сәйкестеніп, тәуелдік жалғаулы сөздер үш жақта жұмсалады:

1-ж а қ (менің) сағатым, (біздің) сағатымыз.

2-ж а қ (сенің) сағатың, (сіздің) сағатыңыз,

3-ж а қ (оның) сағаты.

 

Матаса байланысқан сөз тіркесінің мағыналары

 

Мұндай сөз тіркестері анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Анықтауыштық қатынастағы ілік жалғаулы сөздердің әр түрлі құ-рамда айтылуына қарай матаса байланысқан сөз тіркестерінің мағы-налары әр түрлі болады. Олардың негізгі мағыналары мыналар:

3 Сан есімнен құралган изафеттік тіркес кісінің жас мөлшерін білдіруде бір санды бір санға үстемелеу мағынасында жұмсалады: Раушан отыздың бесіне келді. Ол биыл жетпістің үшіне шықты.

 

1. Ілік жалғау меншік иесі бола алатын сөзге жалғанып, меншік-тілік қатынасты білдіреді. Ол дара және қоғамдық меншіктілік бо-луы мүмкін.

Менің киімім. Оқушының кітабы.

Колхоздың жері. Мемлекеттің мүлкі.

 

2. Ілік жалғаулы сөздер туған-туысқандық, дос-жарлық ұ ғымда-ғы сөздермен тіркесіп, семьялық, туысқандық, т. с. сияқты қатынас-ты білдіреді.

Менің қарындасым. Ажардың апасы.

Асқардың баласы. Төлеудің қызы.

 

3. Ілік жалғаулы зат есімдер сол заттарға қатысы бар басқа зат есімдермен тіркесіп, зат пен заттың табиғи байланысын білдіреді.

Ағаштың бұтағы. Қойдың жүні.

Ешкінің сүті. Түйенің терісі.

 

4. Ілік жалғаулы сөз тәуелдеулі сан есім, есептік ұғымы бар зат есім және сын есімдермен тіркесіп, бөлшектеу, талғау мағыналарын-да да жұмсалады:

а) бөлшектеу: оқушылардың бірі, егіздің сыңары, жиылыс-тағылардың көпшілігі;

ә) т а ң д а у: адамның ақылдысы, агаштың қаттысы, қызылдың қызылы.

Изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің бірінші компоненті жал-ғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өз ара әрі қабыса, әрі тәуелдене байланысады. Ондайда ілік септеуі зат пен заттың жоғар-ғыдай меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, тек зат-тың заттық сапасы ретінде, тәуелдік қатынаста жұмсалады: колхоз-дың малы, колхоз малы сияқты екі түрлі формада айтылатын анықтауыштардың мағынасы бірдей емес, сондықтан мал шаруашы-лығы, колхоз аулы (колхоз аулының бейнесі) сияқты жалғаусыз ай-тылған бірқатар анықтауыштарды малдың шаруашылыгы, колхоз-дың аулы деп жалғаулы етіп айтуға болмайды. Болмайтын себебі — ілік септікті сөз жалғаулы болса, меншіктік қатынасты білдіреді, жалғаусыз болса, заттық сапа ретінде жұмсалады. Оны мына мысал-дан да анық байқауға болады: Лениннің кітапханасы (Лениннің өзі-нің кітапханасы), Ленин кітапханасы (Ленин атындағы кітапхана).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1303; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.