Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зат есімді тіркестер 2 страница




Осындай, екі сөзді тіркестіріп жаңа сөз жасау үшін емес және де бір сөздің грамматикалық мағынасын дәлдеу, толықтыру үшін емес, косымша, ж а ң а грамматикалық мағына тудыру үшін тіркескен

сөздер тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі де, басқалары «түйдекті тіркес» деген топқа енеді. Сөз тіркесінің құрамындағы екі сөздің екеуінің де дербес лексика-грамматикалық мағыналары болады.

Бір сөз басқа сөзбен қарым-қатынасқа енбей жеке тұрған қал-пында сөйлем мушесі болмайды; тіркескен сөздердің қосымша мағыналары олардың құрамының лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді.

Сөз тіркесінің бір белгісі — жаңа грамматикалық мағына туды-ратын сөздер тобы болатындығы. Екінші белгісі — кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, оның бірі бағыныңқы, екіншісі басыңқы болады да, әр уақытта сабақтаса байланысады. Осыларды ескеріп сөз тіркесіне мынадай анықтама беруге болады:

Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі д е й м і з.

Сөздер өз ара тіркесу арқылы сөйлем құрамына енеді. Сондықтан

сөз тіркестері — сөйлем құраудың шоғырланған материалдары. Соны ескертіп, оларды сөйлемнен тыс тұрған қалпында да, сөйлем құрамында да қарастыруға болады. Сөйлем ішінде бір сөз тіркесінің бір сыңары (кейде екеуі де) екінші сөз тіркесінің бір сыңарымен синтаксистік қатынасқа еніп, олар өз ара ұласып, ұштасып жатады. Мысалы: бұл өзеннің маңы өмірі малдан арылған емес деген сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар. 1. Бұл өзен; 2. Өзеннің маңы арылған емес; 3. Өмірі арылған емес; 4. Малдан арылған емес, Сөз тіркестерін осылай сөйлемнен бөліп алып, оқшау тұрған қалпында қарастырсақ, жалаң сөздердің жайылмаға айналуы тәрізді де, сөйлем ішінде — ұласқан ойды білдіретін сөздер тізбегінің бір бунағы тәрізді. Екеуінің жігі екі түрлі болып та кетеді, мыс.:

 

ж а й ы л м а б у н а қ

бұл өзен бұл өзеннің маңы

өмірі арылған емес омірі малдан арылған емес.

малдан арылған емес

 

Сөйлемдегі сөздер бунақ құрамында жайылмаға айналған сөздер тобы болып ұғынылмай, сөз тіркесінің қосақтаулы жігі білінбей, өз ара ұласып, ұштасып кетеді. Бұдан сөз тіркестерін сөйлем ішінен бөлшектеп шығарудың қиындығын аңғаруға болады. Сонда да сөз тіркестерін өздерінің өмір сүру орталығы — сөйлем құрамында және сөйлемнен бөліп алып та қарастырамыз. Мұның ғылми тірегі мынада:

Сөз тіркестерінің ішкі және сыртқы байланысы болады;

біріншіге сөздердің дараланған тіркес аясында ғана байланысы жатады, екіншіге сол тіркес құрамындағы сөздер басқа сөздермен байланысып, ол бір сөз тіркесінің құрамында басыңқы болса, сол сөз екінші сөзбен байланысып оның бағыныңқысы болуы мүмкін. Мысалы, жұмыстың қызығына берілді дегенде, жұмыстың қызығы, қызығына берілді деген екі сөз тіркесі бар. Мұнда қ ызығына сөзі алдыңғыда басыңқы да, соңғысының құрамында бағыныңқы. Мұндайды сөз тіркестерінің грамматикалық ішкі және сыртқы байланысы дейміз.

Сөйлемдегі бірқатар сөздер өз ара тек мағыналық байланыста жұмсалады да, грамматикалық байланыста тұрмайды. Мысалы, Ай-

1 Мұндай бастауыш-баяндауыштық қатынастағы сөздер тобының сөйлемдік қасиеті айқын болғандықтан және қайталақтау болмау үшін бұдан былайғы талдауымызда оларды жай сөйлем синтаксисінде қарастырамыз.

шаның сымбатты бойы, жүйріктен жүйрік шықса... дегенде, Айшаның бойы әрі грамматикалық, әрі мағыналық ішкі байланыстағы сөз тіркесі. Айшаның деген сымбатты сөзімен де байланысты. Бірақ ол байланыс — тек мағыналық байланыс. Жүйріктен шықса — мағыналық та, грамматикалық та байланыстағы (ішкі) сөз тіркесі. Ал, жүйріктен жүйрік те өз ара мағыналық байланыста, бірақ грамматикалық байланысы жоқ сөздер тобы.

Сөйлемдегі бірқатар сөздер басқа сездермен тек сыртқы байла-ныста болады да, олармен сөз тіркесін құрай алмайды. Олар — сөй-лемдегі қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Сөйлемдегі ондай оқшау сөздер сөз тіркестерінен құралуы мүмкін, бірақ олар сыртқы байла-ныс негізінде басқа сөз тіркесінің құрамына ене алмайды. Мысалы, менің қуанышым, қайдасың? дегенде, «менің қуанышым» — сөз тіркесі, әрі қаратпа. Сол тұрысында ол қ айдасың? сөзіне қатысты болғанмен, онымен тіркеспейді. Оның орнына «менің қуанышым-ның шегі жоқ» десек, онда мынадай сөз тіркестері бар дейміз: менің қуанышым, қуанышымның шегі, шегі жоқ.

 

Сөз тіркесінің құрамы

 

Сөз тіркесінің құрамында екі компонент болады: бірі — басыңқы бөлегі — сөз тіркесін құраудың бас арқауы, екіншісі — бағыныңқы бөлегі — сөз тіркесінің желісі, оның басыңқымен сабақтасқан бөлегі.

Сөз тіркесіне берген анықтамамызда оның кемінде толық мағы-налы екі сөзден құралатыны айтылды.

Сөздер сөз тіркесінің құрамына енгенде, жаңа лексикалық мағына тумайды, қосымша грамматикалық мағына пайда болады. Сондай қатынас — қосымша грамматикалық мағына, толық мағыналы сөз-дердің ғана тіркесінде пайда болуы мүмкін. Сондықтан сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы сөздер болуын — сөз тіркестерін құраудың басты шарты деп қараймыз.

Анықтамадағы «кемінде...» деген сөзден сөз тіркесінің құрамы екіден артық та болатыны аңғарылады. Рас, оның құрамында бірне-ше сөз болуы ықтимал. Ондай көп құрамды сөз тіркесін к ү р д е л і сөз тіркесі дейміз.

Күрделі сөз тіркесінің құрамында, әдетте, түйдекті тіркес болады. Түйдекті тіркестер былай бөлінеді.

1. Л е к с и к а л ы қ. Екі, одан да көп сөз тіркесі бір заттың не оның сапасының атауы болса, оны лексикалық тіркес дейміз. Мыса-лы: мысық құйрық (шөп), қ ара көк (сын); Арал тңізі; Оқу министр-лігі. Зар илеу, үрейі ұшу, дедек қағу, қырғи қабқц болу (тұрақты тір-кестер). Бұлар — сөздердің тіркескен топтары, бірақ сөз тіркестері емес, лексикалық түйдекті тіркестер. Олар сол түйдегімен сөз тіркесінің бір сыңары болады.

2. Грамматикалық. Екі не одан да көп сөздер тіркесу арқылы сөздердің бұрынғы грамматикалық мағыналары түрленуі мүмкін, Ол үшін толық мағыналы сөздердің шылауында көмекші сөздер айтылады, мыс.: жаза бастады, оқып кетіп бара жатыр еді, шапқан сайын,қцалаға дейін, сен үшін. Бұлар да — сөздердің тіркескен топтары, бірақ сөз тіркестері емес, — түйдекті тіркестер.

Түйдекті тіркестер синтаксистік қарым-қатынасты білдіре алмай-тындықтан, сол тіркескен тобымен сөз тіркесінің бір сыңары (кейде екі сыңарының да) қызметінде айтылады, мыс.: кітап оқып кетіп бара жатыр еді. Мұның бәрі — бір сөз тіркесі: бағыныңқысы — кі-тап, басыңқы сыңары — оқып кетіп бара жатыр еді — түйдекті тіркесі. Торы ат шапқан сайын үдей түседі.

9

Мұнда екі сөз тіркесі бар: 1) торы ат; 2) шапқан сайын үдей түседі. Соңғы сөз тіркесінің құрамында екі түйдекті тіркес бар: шапқан сайын — сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, үдей түседі — сөз тіркесінің басыңқы сыңары. Қант қызылшасының шығымы... да — бір сөз тіркесі. Оның бағыныңқы сыңары қ ант қызылшасының — түйдекті тіркес, басыңқы сыңары — шығымы.

Осылардай, сөз тіркесінің құрамында түйдекті тіркестер болғанда ғана, олардың құрамындағы сөздердің саны екеуден артық болады да, сөз тіркесі күрделі деп есептеледі.

Бірқатар лексикалық тіркестер құрамы еркін болмай, тиянақты, берік болады, мыс.: жүрегі шайылу, қаһарын төгу, көз қырын салу, қабырғасымен кеңесу, жар құлағы жастыққа тимеу.

 

Сөз тіркестерінің құрылысы

 

Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін сөздер синтаксистік топ болып ұйысу арқылы сөйлем құрамына енетін болады. Синтаксистік топтар сөздердің тіркесу қабілеттілігіне негізделіп жасалады. Ал, сөздердің тіркесу қабілеттілігі — сөз таптарының мағыналық және синтаксистік байланыстарына, олардың грамматикалық ерекшеліктеріне негізделетін құбылыс. Сөздердің бір-бірімен тіркесуінен құрылымы және сапасы жағынан әр текті синтаксистік топтар жасалады.

Сөз тіркесінің «құрамы» деген мен «құрылысы» дегеннің мәні бір емес: «құрамы» дегенді айтқанда, олардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларының қандай-қандай сөз таптарынан жасалғанын ескереміз; «құрылысы» дегенде, олардың орын тәртібі, сыртқы тұлғалық ерекшеліктерін ескереміз.

Сөз тіркесінің қазіргі жүйесі — тілдің ғасырлар бойы дамып же-тілуінің жемісі. Ол тіліміздің даму барысында сөз қолданыс тарихы-мен байланысты қалыптасқан, Лексикалық құрам байып, синтаксис-тік құрылыс жетілген сайын сөздердің тіркесу қабілеті де арта түседі. Тіркес құрауға сөз неғүрлым көп қатынасса, оның әлеуметтік мәні де солғұрлым арта түседі.

Сөз тіркесі құрылымының негізгі ерекшелігі мынада: сөз тіркесі-нің қаңқасы — сөз. Сөздер тіркесінің құрамына енгенде, олар оның не бағыныңқы, не басыңқы сыңары қызметіңде жұмсалады. Бұлар-дың ара-қатынасы әр түрлі. Ол белгілі ұғымды білдіретін сол тіркес-тегі сөздердің мағыналық ерекшеліктерінен келіп шығады.

Сөз тіркестерінің құрылымдық типологиясын жасауда зат есім мен етістіктің алатын орны ерекше. Өйткені сөз тіркестерінің құры-лымдық ерекшеліктері осы өзекті екі сөз табына негізделеді. Ал зат пен қимылдың түрлі сапа, қасиет, белгілерін білдіретін сөздер, негізінен, зат есім мен етістікке тән болатындықтан, олар сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары қызметінде жұмсалады.

Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары әр түрлі тұлғада айтылады. Бірақ оның грамматикалық тұлғасы үнемі басты құры-лымдық элемент бола бермейді. Бұл заңды да, өйткені бір сөйлем ішінде бір сөз қатарынан бірнеше сөз тіркесінің құрамына еніп, олардың бірінде басыңқы, екіншісінде бағыныңқы сыңар қызметін атқаруы ықтимал.

Сөз тіркесінің үйытқы бөлегі — оның басыңқы сыңары. Алайда басыңқы мүшенің грамматикалық тұлғасының сөз тіркесін жасауға тигізетін әсері орыс тіліндегідей емес: орыс тілінде есімді сөз тіркес-терінің құрамындағы бағыныңқылар басыңқының тұлғасымен үйле-

 

сіп тұлғаланса, қазақ тілінде ол жоқ. Бұл — сөз тіркесінің көптеген түрлерінің байланысу тәсілдерінен байқалатын құбылыс. Мысалы, есімді сөз тіркестері (матаса байланысқандарынан басқалары) қабысу және меңгеру арқылы байланысады. Меңгеріле байланысқан есім тіркестердің құрамындағы екі сөздің бағыныңқысы басыңқысымен мағыналык, байланысына қарап тұлғаланады.

Етістікті сөз тіркесіндегі басыңқы сыңардың грамматикалық тұлғалары сөз тіркесі құрылымынан тыс жатады. Мысалы, үйіне кел-ді, бақыт құсын ұстадым, ақырын аяңдап деген сөз тіркестеріндегі жіктік және көсемше формалардың сол сөз тіркестерін жасауға еш-каидай қатынасы жоқ. Бұлардың атқаратын қызметі басқа. Атап айтқанда: жіктік жалғау сөйлем құрау үшін, баяндауышты бастауышпен киыстыру үшін жұмсалады да, етістіктің көсемше тұлғасы жалғанған сөзін басқа бір сөзге тән ету үшін қолданылады. Бірінші, екінші мысалдардағы сөз тіркестерінің құрылысы жеке сөйлем құрылымымен бірдей сияқты. Сырт қарағанда, бұлардың (үйіне келді. Бақыт кұсын ұстадым) солай көрінетіні де рас. Сондықтан бірқатар авторлар сөйлемді сөз тіркесінен, сөз тіркесін сөйлемнен айырамын деп баяндауыш қызметіндегі етістіктердің тұлғаларына қарайды.

Белгілі сөздер тобын сөз тіркесі қатарынан шығарып тастауға болмайды. Рас, хат жаздым, кітап оқыдық, су ішті сияқтылар — сөйлем, әрі сөз тіркестері.

Сөз тіркесі құрамына енетін есім басыңқы мүшемен қиысу ар-қылы емес, қабысу, меңгеру және матасу арқылы байланысады. Ба-сыңқы сөздің жіктелуі, септелуі бағыныңқы сөзге әсер етпейді. Олар белгілі сөз тіркестерінің сыртқы байланысына қатысты болады.

Сөз тіркестерінің сөйлемдегі құрылысы былай болады:

1. С а т ы л ы. Сөз тіркестерінің бір сыңары екінші сөз тіркесі-нің құрамына еніп шиыршықтана береді. Мысалы: үйдің терезесін ашып қарадым да тұрдым дегенде, сөз тіркестері былай құрылған: үйдің терезесі, терезесін ашып қарадым да тұрдым. Мұнда бір сөз тіркесінің басыңқысы, екінші сөз тіркесінің құрамына еніп, оның бағыныңқысы болған.

2. О р т а қ. Кейде бір сөйлемде бірнеше сөз тіркесі болса, солар-дың бағыныңқылары бір басыңқыға немесе, керісінше, бірнеше ба-сыңқы бір бағыныңқыға ортақтасып айтылады, мыс.: Сізді сырты-ңыздан бұрын да білуші едім. Бұл сөйлемде ортақтасқан 3 сөз тіркес-тері бар:

 

Сізді ----І

сыртыңыздан ----І білуші едім

бұрын да ----І

Қашқынның ер-тоқымы,қамшысы, шапаны жатқан жерінде қа-лып қойыпты. Мұнда бір бағыныңқыға ортақтасқан мынандай сөзтіркестері бар:

/ —ер тоқымы

Қашқынның —/ ----қамшысы

/ ----шапаны

 

Сөздердің тіркесу қабілеттілігі

 

Сөз тіркестерін құрастыру — сөздердің «теңін» тауып қиюласты-ру деген сөз. Өз ара қиюласа алатын сөздер ғана сөз тіркестерін қү-рай алады. Олар — мағыналық үйлесімі бар сөздер. Мағыналық үйлесімі жоқ сөздер сөз тіркесін құрай алмайды, мысалы, көрік сөзімен қыз, әйел, келіншек, адам сөздері тіркеседі: қыздың көркі, әйелдің көркі, келіншектің көркі, адам көркі. Ол сөз ауыспалы мағынада

ағаш, жаз сөздерімен де тіркеседі: ағаш көркі (жапырақ...), жаздың көркі («Жаздың көркі енеді жыл құсымен, жайраңдасып жас күлер құрбысымен») (Абай). Соңғылар анау айтқан табиғи байланыстағы сөздер емес, поэтикалық талғам негізінде «қолдан» үйлестірілген сөздер тобы.

Сөздердің өз ара тіркесу қабілеті бар-жоқтығы, осылай, логика-лық талғамға, сөздердің тілде жұмсалу дәстүріне негізделеді.

Мағыналық байланысы айқын сөз тіркестерін бұзып, басқаша айтудағы қателер өз ара тіркесу қабілеті жоқ сөздерді зорлап тіркес-тіруден болады. Бақшада өсетін овощтарды бақта өседі деп айту қан-дай қате болса (өсуі де мүмкін ғой), тау толқыны, бұтақтың ағашы деп айту сондай қате: теңіз толқыны, радио толқыны деуге болады, ал тау толқыны — үйлесімі жоқ сөздер; ағаштың бұтағы, жеңінің астары — дұрыс құралған тіркес те, бұтақтың ағашы, астарының жеңі — шәлкес құралған тіркестер. Кейде сөздердің өз ара мағыналық байланысы болғанмен, солай тіркестірудің онша керегі болмауы мүмкін. Мысалы, ағашты тоғай, тасты тау, сулы теңіз дегендер синтаксистік және мағыналық байланысы бар сөздер, бірақ тоғай ағашсыз, тау тассыз, теңіз сусыз болмайды ғой, сондықтан ағашты, тасты, сулы сөздерін, тек солардың молдығын баса көрсетуде болмаса, тоғай, тау, теңіз сөздерімен тіркестіру де стильдік қате деп есептеледі.

Көркем әдебиетте әшейінде өз ара тіркесу қабілеті жоқ сөздер тіркесіп бірі-біріне «көлеңкесін» түсіріп тұра береді. Мысалы: бұйра толқын, тулаған толқын, асау Терек, асау жүрек, Оянған өлке„ Мөлдір махаббат. Бұлар — морфологиялық тіркестер — ақын-жазу-шылардың шеберлік толғамынан туатын ерекше қызметі бар сөз.

Сөйтіп, сөздің де өмірі өскелең, тұйықталған, құбылмалы болады. Осыған орай олардың еркін тіркес құрамында жұмсалуы да бір қалыпты болмай, өзгеріске ұшырап, сөз бен сөздің тіркесу аясы та-рылып не кеңейіп отырады. Мысалы, ертеде байдың тоқалы, бидің билігі,қойшының жұмыры дегендерді сөйлеу тілінде екінің бірі айтатын болса, қазір ондай сөз тіркестерін тарихты меңзейтін әдебиеттен әрең табамыз. Екінші жағынан, социалистік жарыс, ха-лық шаруашылығы, өндіріс орындары, радио толқыны, тың игеру, тыңайтқыштарды пайдалану, ет өндіру, жұмыртқа өндіру — жаңа тіркестер.. Мұндайлар көп-ақ.

Бір сөз табына енетін лексикалық единицалардың басқа сөздермен синтаксистік топ құрау мүмкіншілігі бірдей емес. Әдетте, үстеулер мен көсемшелер етістіктермен тіркеседі. Көсемшенің есімдермен тіркесуі мүмкін емес. Ал, үстеулердің ішінде тек мезгіл үстеулерінің біразы (бүгін, енді, биыл. бір күн т. б.) баяндауыш қызметіндегі есімдердің жетегінде айтылуы мүмкін, мыс.: бүгін (ай), жарық, е н- д і түсінікті, б и ы л (оның жасы) отызда, (ол) б і р к ү н ауру, бір күн сау.

Сын есім, сан есімдер, әдетте, зат есімдерге қатысты болатындық-тан, оларға морфологияда берілген анықтамада «заттың сынын, са-пасын, санын білдіретін сөздер» дегенді айтады. Осыдан ол есімдер тек затқа қатысты, зат есімдермен ғана тіркеседі деген ұғым туады. Негізінде солай. Сонымен қатар сын, сан есімдер қимыл процесінің сапалық, есептік амалын білдіру үшін етістікті сөз тіркестерінің де бағыныңқы сыңары бола алады, мыс.: жақсы сөйледі, түсінікті сөй-леді; екі айтты, қырық құүбылды, екі шұқып, бір қарайды.

Сөйтіп, көсемше мен үстеулердің етістіктермен тіркесуі, сын, сан есімдердің зат есімдермен тіркесуі — олардың сөздермен табиғи байланысы, негізінде, тілдегі өз қызметтерін атқарғандағысы, тіркесу қабілеті күшті болғандағысы

Үстеулердің кейде есімдерде, сын, сан есімдердің оқта-текте етістіктермен тіркесуі — олардың қосымша қызмет атқарғандағысы және тіркесу қабілетінің онша болмағандағысы.

 

Сөздердің синтаксистік байланысы

 

Сөздер өз ара тіркесіп синтаксистік топ құрау үшін синтаксистік байланыста айтылуы шарт. Ол байланысқа негіз болатын сөздердің мағыналық байланысы. Мысалы, институтты бітірді, концертке қатынасты дегендер мағыналық байланыста солай айтылып әбден қалыптасқан сөз тіркестері. Оларды институтты. тауысты, концертке қосылды деуге болмайды. Оның себебі синтаксистік байланысының дұрыстығында емес, сөздердің мағыналық байланысының жоқтығында.

Сөйтіп, сөз тіркесіндегі сөздердің байланысы әрі мағыналық, әрі синтаксистік бірлікте болуға тиіс.

Синтаксистік байланысты екі түрлі мақсатпен қарастырамыз: біріншіден, сөздерді өз ара байланыстыруға дәнекер болатын-дардың нелер екендігін айқындау. Екіншіден, солар негізінде жинақталған байланысу түрлерінің қандай екенін айқындау. Біріншіні сөздердің байланысу тәсілі деп, екіншіні сөздердің б а й-ланысу формасы деп танимыз.

 

Сөздердің байланысу тәсілдері

 

Қазақ тілінде сөз бен сөзді байлаиыстырудың бірнеше тәсілдері бар: кейде сөздер жалғаулар арқылы байланысса, кейде жалғаусыз да байланысады. Қазақ тілінде бұлардың дәрежесі біріне-бірі тепе-тең сияқты.

Сөйлемдегі сөздердің өз ара синтаксистік байланысқа енуінің екі түрлі тәсілі бар: 1. А н а л и т и к а л ы қ тәсіл; 2. С и н т е т и к а - л ы қ тәсіл. Жалпы алғанда, салаластық байланыстағы сөздер ана-литикалық тәсілдермен, сабақтастың қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық та, синтетикалық та тәсілдерімен байланысады.

Сөйлемдеріндегі сөздер, сөз тіркестері өз ара байланысты болып тұрғанда, ол сөздерге кейде қосымшалар жалғанады, кейде ешқан-дай қосымша жалғанбай-ақ олар негізгі, туынды түбір күйінде тұра-ды: «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақалда үш сөз тіркесі бар: ердің аты, атын шығарады, еңбек шығарады. Бұлардың құрамын-дағы сөздері өз ара жалғаулар арқылы байланысқан, биік тау, темір күрек, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы байланысқан. Бұлкітап, Жақыпбригадир — интонация арқылы байланысқан, Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан.

Сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын --синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын — аналитикалық байланыс дейміз.

 

Аналитикалық байланыс

 

Аналитикалық байланыстың қазақ тілінде пайдаланылмайтын жері кемде-кем. Оны сөз тобы тарауынан да, синтаксистен де кездес-тіреміз. Синтаксистегі оның көрінісі — интонация, сөздердің орын т ә р т і б і және сөздердің ш ы л а у арқылы б а й л а н ы с ы.

Интонация. Тілдік материал негізінде айтылатын ойымыз түсінікті болу үшін әр сөйлемді, сөйлемдегі жеке сөздерді, сөз тіркестерін тиісті әуенмен, ырғақты үнімен, мәнерлеп айтып, сазына келтіріп сөйлейміз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1185; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.