Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зат есімді тіркестер 1 страница




М

7—1—3

494. 342

СИНТАКСИС

II

Вопросы к экзамену

1. Синтаксис как раздел теоретической грамматики. Основные единицы

синтаксиса.

2. Традиционный и когнитивный подходы в теоретическом синтаксисе

3. Синтагматические и парадигматические отношения. Типы связей слов в

синтаксисе

4. Теория словосочетаний. Классификации словосочетаний в современном

английском языке.

5. Предложение как предикативная единица системы языка. Основные

характеристики предложения.

6. Структура простого предложения: методы анализа. Парадигматика

простого предложения.

7. Актуальное членение предложения.

8. Коммуникативные типы предложения.

9. Сложное предложение как полипредикативная единица. Типы отношений

между главным и придаточным в сложном предложении.

10. Сложноподчиненное предложение как полипредикативная единица.

11. Классификации сложноподчиненных предложений в современном

английском языке.

12. Сложносочиненное предложение как полипредикативная единица.

13. Структура и типология осложненных предложений.

14. Текст как объект лингвистического исследования. Лингвистика текста.

15. Типы связей предложений в тексте.

 

 

 

 

 

Қ а з а қ С С Р-н ы ң «ҒЫЛЫМ» б а с п а с ы

АЛМАТЫ — 1967

 

 

Қ 17

Еңбекте қазақ тілінің синтаксистік жүйесі сипаттама ретінде әңгіме болады. Бұл кітапта қазақ тілінің синтаксистік жүйесі сөз тіркесі, жай сөйлем және құрмалас сөйлем деп жалпы үш топқа ажыратылады да, әрқайсысы өз ара бірнеше тақырыптарға жіктеледі. Атап айтсақ, сөз тіркесінің синтаксисі сөздердің тіркесу қабілетін, байланысу тәсілдерін, сөз тіркестерінің түрлерін, жай сөйлем синтаксисі сөйлем мүшелерін, сөйлем типтерін қамтитын болса,құрмалас сөйлемсалалас және сабақтас түрлерін баяндауға арналған. Синтаксистік тақырыптарды баяндаудағы ғылми тұжырымдар мен кейбір топшылаулар қазіргі әдеби, тіліміздің фактілеріне негізделінген.

Кітап ғылми қызметкерлер мен жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған.

 

Редакторлар алқасы: М. БАЛАҚАЕВ, Т. ҚОРДАБАЕВ,

А. ХАСЕНОВА, А. ЫСҚАҚОВ.

Редколлегия: М. БАЛАКАЕВ, А. ИСКАКОВ,

Т. КОРДАБАЕВ, А. ХАСЕНОВА.

 

Жауапты шығарушы Н. ЫСҚАҚОВА.

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз

Синтаксис және оның зерттелу объектілері

I. Сөз тіркесі

Сөз тіркесінің сыпаттамасы

Сөз және сөз тіркесі

Сөз тіркесінің құрамы

Сөз тіркестерінің құрылысы

Сөздердің тіркесу қабілеттілігі

Сөздердің синтаксистік байланысы

Сөздердің байланысу тәсілдері

Аналитикалық байланыс

Сөздердің орын тәртібі

Сөз тіркестерінің түр-түрі

Сөз тіркестерін таптастыру принципі

Есімді сөз тіркестері

Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері

Зат есімді тіркестер

Сын есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері

Сан есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері

Есімше мен зат есімнен құралған сөз тіркесі

Есімдіктер мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері

Үстеулер мен есімдерден құралған сөз тіркестері

Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері

Матаса байланысқан сөз тіркесі туралы түсінік

Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары

Матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары

Матаса байланысқан сөз тіркесінің мағыналары

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

Етістікті тіркестер

Етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

Устеулі сөз тіркестері

Еліктеуіш сөзі бар тіркестер

Көсемшелі сөз тіркестері

Сын есімді сөз тіркестері

Сан есімді сөз тіркестері

Зат есімді сөз тіркесгері

Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері

Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі туралы түсінік

Табыс жалғаулы сөз тіркестері

Барыс жалғаулы сөз тіркестері

Шығыс жалғаулы сөз тіркестері

Жатыс жалғаулы сөз тіркестері

Көмектес жалғаулы сөз тіркестері

Шылау сөзді тіркестер

II. Сөйлем мүшелері, оның құрылысы мен түрлері

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Бастауыш

Зат есімнен болған бастауыштар

Есімдіктен болған бастауыштар

Сапалық есімдерден болған бастауыштар

Есімшелердің бастауыш болуы

Дара және күрделі бастауыштар

Баяндауыш

Дара және күрделі баяндауыштар

Тұрлаусыз мүшелер

Толықтауыш

Анықтауыш

Қабыса байланысқан анықтауыштар

Матаса байланысқан анықтауыштар

Айқындауыш мүше

Пысықтауыш

Мезгіл пысықтауыш

Мекен пысықтауыш

Амал пысықтауыш

Мақсат пысықтауыш

Мөлшер пысықтауыш

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздер

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Бірыңғай мүшелердің байланысу жолдары

Бірыңғай мүшелердің арасында келетін жалғаулықтар Баяндауыштың бірыңғай бастауышпен жақтасуы

Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер

Оқшау сөздер

Оқшау сөздер туралы жалпы түсінік

Қыстырма сөздер

Жалпы мәлімет

Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарына қарай топталуы

Қыстырма сөз тіркестерінің грамматикалық құрылысы

Қыстырма сөйлемдер

Ескертпе сөйлемдер

Одағай сөздер

Қаратпа сөздер.

Жалпы мәлімет

Қаратпа сөздің құрамы

Қаратпалардың сөйлемдегі орны

III.Сөйлемнің түрлері

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлемнің қызметі жағынан бөлінуі

Сұраулы сөйлемнің мағынасына қарай бөлінуі

Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем

Альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем Риторикалық сұрақты білдіретін сөйлем

Түрткі сұрақтарды білдіретін сөйлем

Бұйрықты сөйлем

Лепті сөйлем

Құрамы жағынан бейімделген лепті сөйлем

Баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан лепті сөйлем

Үстемелеу амалы арқылы жасалған лепті сөйлем

Реплика ретіндегі лепті сөйлем

Ренішті білдіретін реплика-сөйлем

Сес білдіретін реплика-сөйлем

Атаулы сөйлем

Атаулы сөйлемнің құрылымы

Атаулы сөйлемнің мағыналық түрлері.

Бір тұрлаулы мүшелі сөйлем туралы түсінік

Белгісіз жақты сөйлем

Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарының жасалуы Баяндауышы етістіктің жекеше 3-жағында тұратын белгісіз жақты сөйлем

Жақсыз сөйлем

Күрделі баяндауыш құрамына бол көмекші етістігінің қатысуы арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер

Күрделі баяндауышы –у тұлғалы тұйық етістік пен керек сөзінің тір-

кесінен жасалған жақсыз сөйлемдер

Күрделі баяндауышы барыс септіктегі тұйық етістікке тура келу тір-кесінің 3-жагы тіркесіп келу арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер Күрделі баяндауышы -қ ы//-ғ ы, -к і//-г і жұрнақты қалау рай арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер

Күрделі баяндауыштың грамматикалық орталығы н е есімдігі болып оның айналасына керек, қажет, пайда, бар, жоқ, қанша сияқты көмекші сөздер үйіріліп келуі арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер

Күрделі баяндауыштың құрамындағы бір сөздің тәуелденіп тұруы арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер

Күрделі баяндауышы идиомалык тіркестерден жасалган жақсыз сөйлемдер

IV. Құрмалас сөйлем

Жалпы мәлімет

Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Жай сөйлемдердің көсемше арқылы құрмаласуы

Жай сөйлемдердің есімше арқылы құрмаласуы

Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы

Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы

Жай сөйлемдерді құрмаластыруда интонацияның ролі

Құрмалас сөйлем комлоненттерінің орналасу тәртібі

Салалас құрмалас сөйлем

Жалпы мәлімет

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем

Мезгілдес салалас сөйлем

да жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем Ж әне жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем

Әрі жалғаулығы арқыльг жасалатын мезгілдес салалас сөйлем Себептес салалас сөйдем

Өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер

Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер

Қарсылықты салалас сөйлем

Талғаулы салалас сөйлем

Кезектес салалас сөйлем

Жалғаулықсыз салалас сөйлем

Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолдары

Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің мағыналық түрлері.

Мезгілдес салалас сөйлем

Себептес салалас сөйлем

Қарсылықты салалас сөйлем

Тусіндірмелі салалас сөйлем

Салыстырмалы салалас сөйлем

Шартты салалас сөйлем

Көп тармақты салалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Жалпы мәлімет

Бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілері

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Тусіндірмелі сабақтас сөйлем

Ыңгайлас сабақтае сөйлемдер

Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

V. Бөгде сөз және оның түрлері

Төл сөз

Төлеу сөз

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

Бұл кітап — Октябрь социалистік революциясының елу жылды-ғына арналған «Қазақ тілі грамматикасы» атты үлкен еңбектің екін-ші бөлімі.

Қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік құрылысын баяндайтын еңбектер монография түрінде де, жоғары оқу орындарына арналған оқулық түрінде де бұған дейін шығарылған. Қолыңыздағы кітап сол еңбектерде жақсы шешімін тапқан ғылми тұжырымдар негізінде жа-зылды және кейбір қолайсыздырына қарамастан синтаксистік категориялардың, элементтердің бұрыннан қолданылып келе жатқан атауларын, таптастыру жүйелерін өзгертпеу көзделді. Еңбекті жазу үстінде әр автор өз саласы жөнінде лингвистика әлемінде ғы-лымның қол жеткен ең соңғы табыстарын жете пайдалануға тырыс-ты. Бірақ кітаптың көлемі, және сипаты (характері) көтермейтін болғандықтан, басқа еңбектерден цитат келтірмеу жағы ескерілді. Әр автор өзіне міндеттелген бөлімді жазуда қазіргі әдеби тіліміздің әр түрлі жанрынан жиналған бай фактілерге сүйене отырып, синтаксистік категориялардың сырын барынша терең және жан-жақты ашуды мақсат етті.

Авторлар коллективін құруда және олардың міндеттерін белгілеу-

де 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбекке арналып

баспасөз беттерінде жарияланған сын пікірлер ескерілді. Әр бөлім,

мүмкіндігінше, сол саладан еңбектер жазып, маманданып жүрген ға-

лымдарға тапсырылды. Авторлар коллективінің өзгертіліп, молайты-

луы еңбекке жаңа түр, жаңа мазмұн қосты. Сонымен бірге, әр автор-

дың өзіндік сөз саптауы, өзіндік стиль ерекшелігі болатынын да ес-

кермеске болмайды, Ондай түрлілік, белгілі шамада, бұл еңбектен де

орын алды, бірақ редакциялық алқа еңбектің сипаты оны көтерер

деген сеніммен авторлар стиліне көп өзгеріс енгізбеуге тырысты. Дәл осындай сеніммен ақылға қонатын кейбір жаңаша атаулар мен бірді- екілі жаңаша жіктеулердің көпшілік көзіне түсуіне де мүмкіндік берілді.

Авторлардың бұл кітапқа қосқан үлесі біркелкі емес; бірақ соған қарамастан барлығы да автор ретінде көрсетілді. Олар төменде- гілер:

Балақаев М. — Синтаксис және оның зерттеу объектілері, Сөз тіркесі; Болатов Ж. — Сөйлем мүшелері, оның құрылысы мен түрлері. Сөйлемнің тұрлаулы мушелері, Айқындауыш мүше, Сөй-

 

лемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздер, Т о м а н о в М. — Тұрлаусыз мүшелер; С ы з д ы қ о в а Р. — Оқшау сөздер; Әміров Р. — Сөйлемнің түрлері: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем, лепті сөйлем; Әбілқаев А. — Атаулы сөйлем, Толымды, толымсыз сөйлемдер; Мадина Ғ. — Белгісіз жақты және жақсыз сөйлемдер; Қордабаев Т. — Құрмалас сөйлем, Жалпы түсінік, Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары, Салалас құрмалас сөйлем, Аралас құрмалас сөйлем, Бөгде сөз және оның түрлері; Есенов Қ. — Сабақтас құрмалас сөйлем. (Жалпы мәлімет). Бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері; Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

Бұл кітап Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Қазіргі қазақ тілінің теориясы» бөлімі бойынша шығарылды. Кітапты баспаға әзірлеу барысында оны оқып, ақыл-кеңес бергендері үшін редакциялық алқа Хасенов Ә., Әбілқаев А., Манасбаев Б. жолдастарға рахмет айтады.

СИНТАКСИС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ОБЪЕКТІЛЕРІ

 

Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда syntaxis — қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөз бен сөздің бірігу, қосақталуы деген үғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі тер-миндік ұғымға ие болып кетті: біріншісі — тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі — тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғ ы л ы м деген мағынада.

Синтаксисті ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, грамматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі.

Синтаксис ғылымының зерттейтін объектілері — тілдің синтак-систік құрылысы. Синтаксистік құрылыс сөздердің әр алуан тұлғаларда жұмсалуы арқылы өз ара тіркесіп барып сөйлем құрауының жүйелі ережелері мен заңдарының жиынтығы болып табылады.

Тілдің ең басты, бір тұтас үйысқан бөлшегі — сөйлем. Сөйлем — тілдің қоғамдық қызметі пікір алысудың ойды білдірудің негізгі тұлғасы. Ол қашаннан бері синтаксистік зерттеудің басты объектісі болып есептеледі. Сөйлем кісінің ойын айту мақсатына лайьқ құралатындықтан, сөз, сөз тіркестері ойдың бөлшекті элементтері есебінде сөйлем құрамына енеді. Олар сөйлем құраудың синтаксистік материалы болатындықтан, синтаксис зерттеудің де басты объектісінің бірі болып табылады.

Сөйтіп, синтаксис — сөз тіркесінің, жай және құрмалас сөйлем-дердің сыр-сыпатын, қалыптасқан ережелері мен жұмсалу заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Синтаксис сөз тіркестерін, сөйлемдерді, олардың бөлшектері мен әр алуан синтаксистік категорияларын кісінің ойын білдірудің грамматикалық амалдары ретінде, оларды өз ара және морфологиямен байланыста қарастырады.

Қорытып айтқанда, синтаксистің басты, арнаулы объектісі екеу: бірі — сөз тіркесі, екіншісі — сөйлем. Сөз тіркесі мен сөйлем екі бөлек синтаксистік единицалар: сөйлем қарым-қатынас жасауды, пікір алысуды қамтамасыз етудің, ал, сөз тіркесі сөйлем құраудың шоғырланған материалы болу. Сол үшін сөздер өз ара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп сөйлем құрамында жұмсалады. Олай болса, бұлар бірісіз бірі, әрқайсысы өз бетімен «өмір сүрмек» емес. Кейде, тіпті, сөйлем мен сөз тіркесінің тұрқы бірдей болып та шығады. Мысалы: Терезеге қарадым. Қараңғы түн. Аттан түс! деген үш сөйлем бір-бір сөз тіркесінен құралған. Ал,

 

Бәкен атының жалын оңдап, арқасын сипап, көзінің қиығымен Раушанға қарайды (Майлин) деген сөйлем бірнеше сөз тіркестерінен құралған: Бәкен қарайды, атының жалы, жалын оңдап, арқасын сипап, көзінің қиығы, қиығымен қарайды, Раушанға қарайды. Бұл сөз тіркестері іштей өз ара байланысқа еніп, біріне-бірі ұласып, бірнеше сөз бір сөзге ортақтасып бағынып, ақыр аяғында, жіптіктей, әрі тусінікті сөйлем құралған.

Тіл білімі жайындағы әдебиеттерде сөйлемді бір бөлек, сөз тірке-сін бір бөлек категориялар деп тану үшін олардың құрамы еш уақыт-та бірдей болмауға тиіс деген де пікір бар. Сондай көзқарасты қол-даушы тюркологтың бірі Н. А. Баскаков атқа мініп, атқа мінген дегендерді сөз тіркесі деп қарайды да, атқа мінді дегенді сөз тіркесі емес, сөйлем деп таниды. Мұндағы тұлғалық айырмашылық басыңқы сөздің (мін) тиянақты (мінді) не тиянақсыз (мініп, мінген) болуында. Егер ол критерияны негізгі шарт деп танысақ (ол тұлғалардың сөз тіркесін құрауға қатысы жоқ, сондықтан шарт емес) «атқа мін» дегенді не дейміз? Сөйлем бе, сөз тіркесі ме? Бұған жауапты мынадан іздейміз: егер тіркескен сөздер тобы байымдауды (суждение) білдірсе, — сөйлем, білдірмесе, — сөз тіркесі. Осы пікірді Н. К. Д м и т р и е в те қолдайды. [Ол туралы «Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков» (III, синтаксис) деген жинақтың 43, 5О-беттеріне қараңыз].

Біріншіден, байымдау (суждение) логикалық ұғым, оны сөйлемді танудың белгісі етуге болмайды; екіншіден, сөйлемнің құрамыңа еніп, оның бөлшегі болуға тиісті сөз тіркесінде сөйлем білдіретіндей ұғымның бар-жоқтығын меже етудің жөні жоқ.

Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесін мағынасына қарап айыру да мүмкін емес. Егер сөз тіркесі тиянақты ойды білдіретіндіктен сөз тіркесі болудан қалады десек, онда әрі сөз тіркесі, әрі сөйлемдік қасиеттері бар сөздер тобының кейбір синтаксистік заңдылықтарын ескермегендік болады. Желсіз түн. Кең жайлау. Таудан аққан үлкен өзен сияқтыларды біреулер сөйлем етіп жұмсаса, сөз тіркесі қасиетін жояды деу шындық болмайды. Сондықтан ондай сөздер тобын сөйлемдік қасиеттеріне қарай сөйлем деп танып, сөз тіркесілік белгілеріне қарай әрі сөз тіркесі деп тани беруге тиіспіз. Тілдің табиғаты солай етуді тілейді.

Тілде бірінен-бірі оқшау жұмсалатын ешбір категория, тілдік еди-ница жоқ. Мысалы, сөз — лексикалогияның да, семасиологияның да, морфологияның да, синтаксистің де, стилистиканың да зерттеу объектісі. Сонда, сөзді, мысалы тілек, бақыт, ұшу дегендерді түрлі-түрлі ғылми талдаудың орайлы бөлшектері болуына қарай, әр түрлі мақсатпен кейде «сөз» деп, кейде зат есім, етістік деп, кейде бастауыш не толықтауыш деп айта береміз. Осылайша сөзді грамматикалық мағынасына, қызметіне қарап зат есім, сын есім.., бастауыш, анықтауыш, толықтауыш... деп қарағаннан «сөз» болу қасиетін жоймайды. Сондай-ақ желсіз түн. Кең жайлау. Кітап алдым сияқтыларды сөз тіркесі деп танығаннан олар сөйлемдік сапасын жоймайды және керісінше.

Сөйлемнің басты сыпаттамалары мыналар: сөйлем біршама тия-нақты ойды, предикаттың қатынасты білдіреді, сөйлемнің айтылу интонациясы болады, сөйлем жеке сөзден, сөз тіркестерінен құралады.

Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден құралады, олар-дың бірі екіншісіне бағынып белгілі синтаксистік қатынаста сөйлем құрау үшін жұмсалады.

Оларды осындай белгілеріне қарап танимыз да, әрқайсысын өз ұясында, өздеріне тән синтаксистік сыр-сыпатын қоса қамтып, көп тармақты түр-тұрпаты бар, қомақты категория ретінде қарасты-рамыз.

 

I. СӨЗ ТІРКЕСІ

СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ СЫПАТТАМАСЫ

Сөз және сөз тіркесі

 

Жаратылыстағы, қоғамдағы әрбір құбылыстың өз сыры, өз заң-дылықтары болады. Қоғамдық құбылысқа жататын тілдің де терең сыры бар. Тілдің даму, өмір сүру заңдылықтарын айқындау үшін оның құрамына енетін басты-басты бөлшектерінің табиғатын түсіну керек.

Тіл — қарым-қатынас жасаудың мықты құралы. Сол қызметін атқаруда ол жеке формалардан құралған, жалпыға ортақ жеке сөз-дерге негізделген сөйлеу тәсілдерін керек етеді. Сондай ойды айтудың (сөйлеудің) ең басты тәсілі — сөйлем.

Кісі сөйлем арқылы біршама аяқталған ойын айтуға жеке сөздерді қатынастырады. Сөздер адамдардың айналасындағы объективті шындықты тануының сана-сезіміне түскен сәулесі ретінде сөйлем құраудың материалы, ойлау процесінің тірегі болып есептеледі. Сөздер сөйлем құрамында жұмсалу үшін өз ара әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады да, белгілі қарым-қатынасқа енеді.

Лексикалық мағыналары әр алуан негізгі сөздер ғана сөз тіркес-терін құрай алады да, көмекші сөздер тек негізгі сөздердің жетегінде айтылып сөз тіркесінің құрамына енеді. Сөздер, әдетте, дараланған үғымдарды, лексика-грамматикалық мағыналарды білдіреді. Олар сөйлем ішінде мағыналық үйлесімдіктеріне қарай, тілдің синтаксистік байланыс тәсілдері арқылы әр қилы синтаксистік топ құрап тұрады. Сөздер тіркеске енбесе, сөйлем құраудың материалы бола алмайды. Сондықтан сөз бен сөздің тіркеске енуі — олардың ең басты грамматикалық қасиеттерінің бірі болып есептеледі.

Өз ара тіркесетін сөздердің сапасы әр түрлі болатындықтан, олар-дан құралатын сөз топтарының да сапасы әр алуан болады: екі (кей-де одан да көп) сөз тіркесінен кейде лексикалық (боз торғай, темір жолшы, жер май), кейде синтаксистік тіркес жасалады. Синтаксистік тіркестің екі түрі бар: негізгі сөз бен көмекші сөздер тіркесіп, бірі бірінің грамматикалық мағынасын толықтырады (мыс.: үйге таман, есіктің алды, оқи бастады, оқып кетіп бара жатыр еді), ал толық мағыналы екі сөз тіркесіп, жаңа грамматикалық мағына пайда болады (мыс.: ашық аспан, кең жайлау, бригадирдің көмегі, жолдасына көмектесу).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 930; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.