Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Нефрология модулі 1 страница. «Нефрологиядағы визуалды диагностика» пәні бойынша 7 курс




«Нефрологиядағы визуалды диагностика» пәні бойынша 7 курс

интерн-педиатрларға арналған тесттік тапсырмалар

(2015-2016 о.ж.)

! Ультрадыбыс дегеніміз не?

* Биопотенциалдар

* Электромагниттік тербелістер

* Электромагниттік сәулелендіру

* Төмен жиіліктегі дыбыстық тербелістер

*+Жоғары жиіліктегі дыбыстық тербелістер

! Бүйректің УДЗ-н жүргізу нені бағалауға мүмкіндік береді?

*+Бүйректің өлшемін, пішінін, санын

* Нефронның өлшемін

* Подоциттердің аяқшаларын

* Базалды мембрананың қалыңдығын

* Фокалді-сегментарлы гломерулосклероздың бар-жоғын

! УДЗ-де несеп жүйесінің қандай туа біткен ақаулары оңай анықталады?

* Кеуекті бүйрек

* Бүйректің туа біткен дисплазиясы

* Қуық-несепағар рефлюксі

*+Бүйрек аплазиясы, гидронефроз, түзілістер

* Бүйрек тамырларының стенозы

! Бүйректің УДЗ-індегі жедел пиелонефриттің мейілінше шынайы белгілерін атаңыз:

*+Бүйрек өлшемінің бір жақты ұлғаюы, қозғалғыштығының шектелуі, жұмыр пішінді гипоэхогенді ошақтың болуы

* Бүйрек өлшемінің кішіреюі, паренхиманың эхогендігінің артуы

* Бүйрек өлшемінің кішіреюі, астауша мен тостағаншалардың айқын кеңеюі

* Астауша аймақтарында акустикалық көлеңкесі бар диаметрі 1 см болатын эхотығыз түзіндінің болуы

* Бүйрек өлшемінің ұлғаюы, паренхиманың жұқаруы

! Бүйректің УДЗ-індегі бір жақты нефросклероздың мейілінше шынайы белгілерін атаңыз:

* Бүйрек өлшемінің бір жақты ұлғаюы, қозғалғыштығының шектелуі, жұмыр пішінді гипоэхогенді ошақтың болуы

*+Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, паренхиманың эхогендігінің артуы

* Бір жағындағы астауша мен тостағаншалардың айқын кеңеюі

* Астауша аймақтарында акустикалық көлеңкесі бар диаметрі 1 см болатын эхотығыз түзіндінің болуы

* Бүйрек өлшемінің ұлғаюы, паренхиманың 0,5 см-ге дейін жұқаруы, екі бүйректе де өлшемдері 3,0х4,0 см болатын көптеген анэхогенді түзілістердің болуы

! Бүйректің УДЗ-індегі поликистоздық аурудың мейілінше шынайы белгілерін атаңыз:

* Бүйрек өлшемінің бір жақты ұлғаюы, қозғалғыштығының шектелуі, жұмыр пішінді гипоэхогенді ошақтың болуы

* Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, барлық паренхимасының эхогендігінің артуы

* Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, тостағаншаның 3 см-ден астам кеңеюі

* Астауша аймақтарында акустикалық көлеңкесі бар диаметрі 1 см болатын эхотығыз түзіндінің болуы

*+Бүйрек өлшемінің екі жақты ұлғаюы, екі бүйректе де өлшемдері 3,0х4,0 см болатын көптеген анэхогенді түзілістердің болуы

! Бүйректің УДЗ-індегі нефролитиаздың шүбәсіз диагностикалық белгілерін атаңыз:

* Бүйрек өлшемінің бір жақты ұлғаюы, қозғалғыштығының шектелуі, жұмыр пішінді гипоэхогенді ошақтың болуы

* Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, барлық паренхимасының эхогендігінің артуы

* Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, тостағаншаның 3 см-ден астам кеңеюі

*+Астауша аймақтарында акустикалық көлеңкесі бар диаметрі 1 см болатын эхотығыз түзіндінің болуы

* Бүйрек өлшемінің екі жақты ұлғаюы, екі бүйректе де өлшемдері 3,0х4,0 см болатын көптеген анэхогенді түзілістердің болуы

! Ұзаққа созылған артериалды гипертензиясы бар егде науқастағы бүйрек өлшемдерінің арасындағы (оң және сол бүйректің арасындағы) 2 см-ден асатын айырмашылық нені көрсетеді?

* Рефлюкс-нефропатияны

* Гипертониялық нефроангиосклерозды

* Бір бүйректің туа біткен гипоплазиясын

*+Бүйрек артерияларының атеросклеротикалық түйіндермен тарылуын

* Бүйрек өлшемінің кішірейген жағындағы зәр жолдарының обструкциясын

! 5 жасар баладағы бүйрек өлшемдерінің арасындағы (оң және сол бүйректің арасындағы) 2 см-ден асатын айырмашылық нені көрсетеді?

* Рефлюкс-нефропатияны

* Гипертониялық нефроангиосклерозды

*+Бір бүйректің туа біткен гипоплазиясын

* Бүйрек артерияларының атеросклеротикалық түйіндермен тарылуын

* Бүйрек өлшемінің кішірейген жағындағы зәр жолдарының обструкциясын

! Постреналды БЖЗ-ң диагностикалық критерийлерін атаңыз:

* Креатининнің жоғарылауы + АҚ күрт төмендеуі

* Креатининнің жоғарылауы + бүйрек өлшемдерінің 2 см-ден асатын айырмашылығы

*+Креатининнің жоғарылауы + тостағаншалардың кеңеюі (зәр іркілісі)

* Креатининнің жоғарылауы + екі бүйректің де өлшемдерінің кішіреюі

* Креатининнің қалыпты деңгейі + бүйректің бір полюсінде сұйықтық деңгейі бар жұмыр түзіндінің болуы

! Бүйректің УДЗ-інде тостағаншалардың, несепағардың кеңеюі нені көрсетеді?

* Бүйректің даму ақауын

* Бүйректің созылмалы ауруын

* Жедел бүйрек жетіспеушілігін

*+Зәр жолдарының обструкциясын

* Бүйрек тамырларының даму ақауын

! 10 жасар балада бүйрек тамырларының даму ақауы анықталды. Бүйрек артериясының стенозын анықтау үшін қандай диагностикалық әдіс қолданылады?

* Бүйректің УДЗ-і

* Бүйрек биопсиясы

* Бүйрек сцинтиграфиясы

*+Бүйрек тамырларының УДДГ

* Бүйректің компьютерлік томографиясы

! Бүйрек тамырларының УДДГ-нде бүйрек артериясының бір жақты стенозын тұжырымдайтын жанама белгі:

* Қан ағысының азаюы

* Қан ағысының болмауы

* Екі бүйректің де өлшемінің кішіреюі

* Тамырлардың бір жақты резистенттілік индексінің төмендеуі

*+Тамырлардың бір жақты резистенттілік индексінің жоғарылауы

! Нәрестенің бүйрегінің өлшемі неге байланысты?

* Тамақтану сипатына

* Бой ұзындығына

*+Дене салмағына

* Бой-салмақ көрсеткішіне

* Датчиктің позициясына

! Ересек дені сау баланың бүйрегінің өлшемі неге байланысты?

* Дене салмағына

*+Бой ұзындығына

* Датчиктің позициясына

* Дене бетінің аумағына

* Бой-салмақ көрсеткішіне

! Нефрология бөлімшесіне 6 жасар бала сол қабырға астының ауыруына, әлсіздікке, шаршағыштыққа, дене қызуының 390 дейін жоғарылауына шағымданып түсті. Суықтағаннан кейін жедел ауырған. Қанда: Нв 112 г/л, Эритроциттер 4,3х1012/л, ТК 0,9, Лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ. Несеп: менш.салм. 1010, лайлы, рН 6,0, Белок 0,066 г/л, Лейкоциттер өте көп мөлшерде, бактерия 4+. Б/х қан талдауы – ж. белок 73 г/л, креатинин 48 мкмоль/л, мочевина 3,6 ммоль/л, ШСЖ 125 мл/мин. Қандай визуализдеуші зерттеу әдісі мейілінше көрсетілген?

* Магнитті-резонансты томография

*+Бүйрек пен қуықтың УДЗ-і

* Экскреторлық урография

* Цистография

* Цистоскопия

! Нефрология бөлімшесіне 6 жасар бала сол қабырға астының ауыруына, әлсіздікке, шаршағыштыққа, дене қызуының 390 дейін жоғарылауына шағымданып түсті. Суықтағаннан кейін жедел ауырған. Қанда: Нв 112 г/л, Эритроциттер 4,3х1012/л, ТК 0,9, Лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ. Несеп: менш.салм. 1010, лайлы, рН 6,0, Белок 0,066 г/л, Лейкоциттер өте көп мөлшерде, бактерия 4+. Б/х қан талдауы – ж. белок 73 г/л, креатинин 48 мкмоль/л, мочевина 3,6 ммоль/л, ШСЖ 125 мл/мин. Бүйрек УДЗ-інде анықталды: Екі бүйрек те өздерінің сәйкес орындарында орналасқан, тыныстық қозғалғыштығы қалыпты шектерде, бүйректің контурлары тегіс. Паренхимасы ажыратылған. ОБ ұзындығы 80 мм, АТЖ 8 мм, кеңеймеген. СБ ұзындығы 98 мм, АТЖ толымсыз қосарланған. Тостағаншалар кеңейген. Паренхимада контурлары айқын жұмыр пішінді гипоэхогенді түзіліс анықталды. Сіздің мейілінше шынайы қорытындыңыз:

* Өзгерістер несеп жүйесінің анатомдық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес

* Екі бүйректің де өлшемдері ұлғайған, АТЖ кеңейген, паренхима ажыратылмаған, сол бүйректе жұмыр пішінді, контурлары айқын гипоэхогенді түзіліс анықталады

* Оң бүйректің өлшемінің кішіреюі, сол бүйректің паренхимасында контуры айқын, жұмыр пішінді гипоэхогенді түзіліс

*+Екі бүйректің өлшемдері баланың жасына сай, сол бүйректің толымсыз қосарлануы жоққа шығарылмайды. Контурлары айқын, жұмыр пішінді гипоэхогенді түзіліс жедел пиелонефриттің салдары болуы мүмкін

* Сол бүйректің өлшемі ұлғайған, АТЖ сол жақта деформацияға ұшыраған және кеңейген, созылмалы пиелонефриттің салдары болуы мүмкін

! Нефрология бөлімшесіне 4 жасар бала сол қабырға астының ауыруына, әлсіздікке, шаршағыштыққа, дене қызуының 390 дейін жоғарылауына шағымданып түсті. Суықтағаннан кейін жедел ауырған. Қанда: Нв 112 г/л, Эритроциттер 4,3х1012/л, ТК 0,9, Лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ. Несеп: менш.салм. 1010, лайлы, рН 6,0, Белок 0,066 г/л, Лейкоциттер өте көп мөлшерде, бактерия 4+. Б/х қан талдауы – ж. белок 73 г/л, креатинин 48 мкмоль/л, мочевина 3,6 ммоль/л, ШСЖ 125 мл/мин. Бүйрек УДЗ-інде анықталды: Екі бүйрек те өздерінің сәйкес орындарында орналасқан, тыныстық қозғалғыштығы қалыпты шектерде, бүйректің контурлары тегіс. Паренхимасы ажыратылған. ОБ ұзындығы 80 мм, АТЖ 8 мм, кеңеймеген. СБ ұзындығы 98 мм, АТЖ толымсыз қосарланған. Тостағаншалар кеңейген. Паренхимада контурлары айқын жұмыр пішінді гипоэхогенді түзіліс анықталды. Мейілінше ықтимал диагноз?

* Созылмалы пиелонефрит, асқынған ағымы

* Бүйректің туа біткен даму ақауы. Сол бүйректің қосарлануы

*+Жедел пиелонефрит, асқынған ағымы, сол бүйректің толымсыз қосарлануы

* Несеп жүйесінің инфекциясы. Бүйректің торсылдағы

* Несеп жүйесінің инфекциясы. Сол жақты ҚНР

! Нефрология бөлімшесіне 3 жасар қыз Жедел пиелонефрит, қайталануы диагнозымен түсті. Анамнезінде – бір жыл бұрын жедел пиелонефрит. УДЗ-де сол бүйректе АТЖ-ң толымсыз қосарлануы, тостағанша мен несепағардың дисталді бөлімі кеңейген. Емдеудің дұрыс тактикасын таңдау үшін бүйректегі қабыну белгілерін жойғаннан кейін қандай бұзылысты жоққа шығару қажет және қандай зерттеу бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?

* Бүйректің торсылдағы, компьютерлік томография

* Бүйрек ісігі, магнитті-резонансты томография

* 6 айдан кейін бүйректің УДЗ-ін қайталау

* ҚНР, цистография

*+Обструкция, экскреторлық урография

! 6 айлық бала аудандық аурухананың соматикалық бөлімшесіне дене қызуының 38,50 дейін жоғарылауына, енжарлыққа, тәбетінің төмендеуіне, үлкен дәретінің 6 ретке дейін жиілеуіне шағымданып түсті. Қарағанда улану симптомдары айқын, қызба, тахикардия 120/мин дейін. Өкпесінде пуэрилді тыныс, сырыл жоқ, жүрек үндері аздап кереңделген, ырғақты. Іші аздап кепкен, пальпацияда жұмсақ, екі бүйректің, несепағарлардың нүктесінің проекциясы тұсында терең пальпацияда ауырсынады. Ісіну, дизурия жоқ. Қан: Нв 110 г/л, Эритроцит 3,3х1012/л, ТК 0,8, Лейкоцит 28х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ. Несеп: менш.салм. 1010, лайлы, рН 6,0, Белок 0,066г/л, Лейкоциттер өте көп мөлшерде, бактерия 4+. Б/х қан талдауы – ж. белок 73 г/л, креатинин 48 мкмоль/л, мочевина 3,6 ммоль/л, ШСЖ 125 мл/мин. Калий 3,8 ммоль/л, натрий 131 ммоль/л, кальций 2,2 ммоль/л, СРБ 3+. Несеп шығару жолдарының жоғарғы бөлімдерінің жағдайын қандай зерттеу әдісі арқылы бағалауға болады?

* Компьютерлік томография

* Магнитті-резонансты томография

* Бүйрек тамырларының УДДГ

*+Бүйрек пен қуықтың УДЗ-і

* Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

! 6 айлық бала нефрология бөлімшесіне айқын улану симптомдарымен, жоғары температурамен түсті. Қарағанда: мүшелер мен жүйелер жағынан патология анықталған жоқ. Тексергенде: Нв 110 г/л, Эритроцит 3,3х1012/л, ТК 0,8, Лейкоцит 28х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ. Несеп: менш.салм. 1010, лайлы, рН 6,0, Белок 0,066г/л, Лейкоциттер өте көп мөлшерде, бактерия 4+. Б/х қан талдауы – ж. белок 73 г/л, креатинин 48 мкмоль/л, мочевина 3,6 ммоль/л, ШСЖ 125 мл/мин. Калий 3,8 ммоль/л, натрий 131 ммоль/л, кальций 2,2 ммоль/л, СРБ 3+. Бүйректің және қуықтың УДЗ-інде: сол жақта АТЖ кеңейген және деформацияға ұшыраған, сол жақ несепағардың төменгі бөлімінде оның саңылауы кеңейген. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?

* Жедел пиелонефрит, асқынбаған

* Төменгі несеп жолдарының жедел инфекциясы

* Жедел цистит, ҚНР жоққа шығарылмайды

* Рефлюкс-нефропатия, несеп жүйесінің инфекциясы

*+Жедел пиелонефрит, асқынған, ҚНР жоққа шығарылмайды

! 12 жасар бала соңғы 6 айда ЖРВИ-мен жиі ауыратындығына, шаршағыштыққа шағымданады. Бұған дейін еш жерде тексерілмеген, ата-анасы баланың бойы мен салмағы жағынан өз қатарластарымен салыстырғанда артта қалғандығына шағымданады. Ауруханада шыбық сүйектің сынуына байланысты ем алған, АҚ-ң 130/90 мм с.б. дейін жоғарылағандығы анықталды. Тексергенде қан талдауында Нв 80-90 г/л, Эритроциттер 2,8-3,6х1012/л, ТК 0,8, Лейкоциттер 8х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Несеп талдауы: менш.салм. 1010, лайлы, белок 0,066 г/л. Қанда ж.белок 68 г/л, креатинин 248 мкмоль/л, мочевина 13,6 ммоль/л, ШСЖ 38 мл/мин, Калий 5,4 ммоль/л, натрий 131 ммоль/л, кальций 2,2 ммоль/л. Бірінші кезекте сәулелі диагностиканың қандай әдісін қолданған жөн?

* Компьютерлік томография

* Магнитті-резонансты томография

* Бүйрек тамырларының УДДГ

*+Бүйректің және қуықтың УДЗ-і

* Экскреторлық урография

! 12 жасар бала соңғы 6 айда ЖРВИ-мен жиі ауыратындығына, шаршағыштыққа шағымданады. Бұған дейін еш жерде тексерілмеген, ата-анасы баланың бойы мен салмағы жағынан өз қатарластарымен салыстырғанда артта қалғандығына шағымданады. Ауруханада шыбық сүйектің сынуына байланысты ем алған, АҚ-ң 130/90 мм с.б. дейін жоғарылағандығы анықталды. Тексергенде қан талдауында Нв 80-90 г/л, Эритроциттер 2,8-3,6х1012/л, ТК 0,8, Лейкоциттер 8х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Несеп талдауы: менш.салм. 1010, лайлы, белок 0,066 г/л. Қанда ж.белок 68 г/л, креатинин 248 мкмоль/л, мочевина 13,6 ммоль/л, ШСЖ 38 мл/мин, Калий 5,4 ммоль/л, натрий 131 ммоль/л, кальций 2,2 ммоль/л.

УДЗ-де: Бүйректің өлшемдері: ОБ ұзындығы 65 мм, ені 34 мм, паренхиманың қалыңдығы 12 мм, СБ ұзындығы 68 мм, ені 36 мм, паренхиманың қалыңдығы 13 мм. Контурлары бұдыр, паренхиманың эхогендігі артқан, нашар ажыратылған. Клиникалық-зертханалық және УДЗ мәліметтерінің негізінде қандай диагноз мейілінше ықтимал?

* Бүйрек жарақатымен байланысты реналді БЖЗ

* Созылмалы пиелонефрит

*+Бүйректің туа біткен дисплазиясы, салдары БСА-ң 4 дәрежесі

* Рефлюкс-нефропатия

* Екі бүйректің мультикистоздық дисплазиясы

! Емханада 17 жасар жасөспірімде гиперкреатининемия, метаболиттік ацидоз, калий 5,0 ммоль/л анықталды, бұған дейін бір рет бүйрек ұстамасы болған, АҚ 165/100 мм с.б. Сіздің бірінші кезектегі тактикаңыз?

* Тағаммен калийді шектеу

*+Бүйрек УДЗ-і

* Экскреторлық урография

* Гемодиализ бөлімшесіне жатқызу

* Тез арада реанимация бөлімшесіне жатқызу

! 18 жасар бойжеткен белінің қатты ауыруына шағымданып келді. Жалпы несеп талдауында: белок жоқ, менш.салм. 1016, тұнбасында жалпақ эпителий 10-15 к/а, лейкоциттер бірен-саран, эритроциттер 0-1 к/а, ШСЖ 90 мл/мин, бүйрек УДЗ-і: Өлшемдері қалыпты. Патология анықталған жоқ. Сіздің болжам диагноз?

* Бүйректің жоғарғы қозғалғыштығы

* Бүйректің туа біткен ақауы

* Несеп-тас ауруы

* Қайталаушы пиелонефрит

*+Омыртқаның бел бөлімінің остеохондрозы

! 18 жасар бойжеткен белінің қатты ауыруына шағымданып келді. Жалпы несеп талдауында: белок жоқ, менш.салм. 1016, тұнбасында жалпақ эпителий 10-15 к/а, лейкоциттер бірен-саран, эритроциттер 0-1 к/а, ШСЖ 90 мл/мин, бүйрек УДЗ-і: Өлшемдері қалыпты, патологиялық ауытқушылық жоқ. Омыртқаның бел бөлімінің остеохондрозы болжам диагнозы қойылды. Бірінші кезекте сәулелі диагностиканың қандай әдісін қолданған жөн?

* Экскреторлық урография

* Компьютерлік томография

* Бүйректің УДЗ-і горизонталды және вертикалды қалыпта

* Құрсақ қуысының МРТ

*+Омыртқаның бел бөлімін рентген-зерттеу

! 15 жасар қыз БСА-ң 3 сатысы диагнозымен түсті, анамнезінде – қайталанып отыратын пиелонефрит. Несепте протеинурия 1,2 г/л дейін, несеп тұнбасы қалыпты. Қанда анемия 2-3 дәрежесі, нормохромды. Сондай-ақ гиперазотемия, гиперкреатиниемия, ШСЖ 45 мл/мин дейін төмендеген. Артериалды гипертензия 160/100 мм с.б. дейін. Бүйрек УДЗ – СБ-ң өлшемі кішірейген, контурлары бұдыр, несепағар кеңейген. Диагнозды нақтылау үшін сәулелі диагностиканың қандай әдісін қолданған жөн?

* Экскреторлық урография

*+Цистография

* КТ

* Статикалық сцинтиграфия (DMSA)

* МРТ

! Жедел гломерулонефрит кезінде жасауға болмайды:

* Бүйректің УДЗ-і

* Жалпы несеп талдауы

* Жалпы қан талдауы

* Қанның биохимиялық талдауы

*+Вена ішілік урография, цистография

! Жиі, ауыру сезімімен зәр бөлінгенде және макрогематурияда тексеруді мынадан бастайды:

* Цистоскопиядан

* Цистографиядан

* Вена ішілік урографиядан

*+Бүйректің УДЗ-і, несеп талдауынан

* Изотопты нефросцинтиграфиядан

! Ауруханаға 9 жастағы бала келіп түсті. 3 жасынан бастап 3 дәр. ҚНР-ға байланысты бақыланады, сол кезде жедел асқынған пиелонефриттен емделген, кейіннен тексерілмеген, бақыланбаған, ота жасалмаған. Түскенде: физикалық дамуы артта қалған, қанда креатинин деңгейі жоғарылаған, гиперкалиемия, анемия 2-3 дәрежелі, нормохромды. ШСЖ 35 мл\мин. Бүйректің УДЗ-індегі бір жақты нефросклероздың мейілінше шынайы белгілерін атаңыз:

* Бүйрек өлшемінің бір жақты ұлғаюы, қозғалғыштығының шектелуі

*+Бүйрек өлшемінің кішіреюі, паренхиманың эхогендігінің артуы

* Бір жақ бүйректің өлшемінің кішіреюі, астауша мен тостағаншалардың айқын кеңеюі

* Астауша аймақтарында акустикалық көлеңкесі бар диаметрі 1 см болатын эхотығыз түзіндінің болуы

* Екі бүйректің де өлшемдерінің ұлғаюы, екі бүйректе де өлшемдері 3,0х4,0 см болатын көптеген анэхогенді түзілістердің болуы

! 3 жасар ұл балада қайталаушы ЗШЖИ, 4 дәр. сол жақты ҚНР-ға байланысты ота жасалған. Бүйректің УДЗ-інде бүйрек тінінде склероз дамуының диагностикалық шынайы белгілері қандай?

* Бүйрек өлшемінің бір жақты ұлғаюы, қозғалғыштығының шектелуі

*+Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, паренхиманың эхогендігінің артуы

* Бүйрек өлшемінің кішіреюі, эхотығыз түзілістер

* Астауша аймақтарында акустикалық көлеңкесі бар диаметрі 1 см болатын эхотығыз түзіндінің болуы

* Екі бүйректің де өлшемдерінің ұлғаюы, екі бүйректе де өлшемдері 3,0х4,0 см болатын көптеген анэхогенді түзілістердің болуы

! 8 жасар қызға оң қабырға астының ауыруына байланысты бауырдың УДЗ-і жасалды, бірен-саран торсылдақ анықталды. Тексергенде несепте белок 0,066 г/л, эритроциттер өзгерген 2-3 к/а. Қандағы креатинин, мочевина, электролиттер деңгейі қалыпты. АҚ 90/50 мм с.б. Несеп жүйесінің ультрасонографиясы тағайындалды. Бүйректің УДЗ-індегі поликистоздық аурудың мейілінше шынайы белгілерін атаңыз:

* Бүйрек өлшемінің бір жақты ұлғаюы, қозғалғыштығының шектелуі

* Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, барлық паренхимасының эхогендігінің артуы

* Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, тостағаншаның 3 см-ден астам кеңеюі

* Астауша аймақтарында акустикалық көлеңкесі бар диаметрі 1 см болатын эхотығыз түзіндінің болуы

*+Бүйрек өлшемінің екі жақты ұлғаюы, екі бүйректе де өлшемдері 3,0х4,0 см болатын көптеген анэхогенді түзілістердің болуы

! Нефрология бөлімшесіне 5 жастағы бала бүйрек ұстамасымен түсті. Несепте – эритроциттер. Диспансерлік тексеру барысында несепте оксалаты 4+ табылған. Отбасында анасы жағынан несеп-тас ауруымен туыстары бар. Тексеру жоспарына бүйректің УДЗ-і тағайындалды. Бүйректің УДЗ-індегі нефролитиаздың диагностикалық белгілерін атаңыз:

* Бүйрек өлшемінің бір жақты ұлғаюы, жұмыр пішінді гипоэхогенді ошақтың болуы

* Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, барлық паренхимасының эхогендігінің артуы

* Бүйрек өлшемінің бір жақты кішіреюі, тостағаншаның 3 см-ден астам кеңеюі

*+Астауша аймақтарында акустикалық көлеңкесі бар диаметрі 1 см болатын эхотығыз түзіндінің болуы

* Екі бүйректе де өлшемдері 0,2х0,3 см болатын акустикалық көлеңкесіз микролиттер

! Бақыланбайтын артериалды гипертензиямен 14 жасар ұл бала нефрология бөлімшесіне түсті. Бүйрек артериясының стенозына күдік. Бүйрек артериясының стенозын анықтау үшін қандай диагностикалық әдіс қолданылады?

* Бүйректің УДЗ-і

* Бүйрек биопсиясы

* Бүйрек сцинтиграфиясы

*+Бүйрек тамырларының УДДГ

* Бүйректің КТ

! Бақыланбайтын артериалды гипертензиямен 14 жасар ұл бала нефрология бөлімшесіне түсті. Бүйрек артериясының стенозына күдік. Диагностикалық мақсатта бүйрек тамырларының УДДГ-ы тағайындалды. Бүйрек тамырларының УДДГ-нде бүйрек артериясының бір жақты стенозын тұжырымдайтын жанама белгі қандай?

* Қан ағысының азаюы

* Қан ағысының болмауы

* Бір бүйректің өлшемінің кішіреюі

* Тамырлардың бір жақты резистенттілік индексінің төмендеуі

*+Тамырлардың бір жақты резистенттілік индексінің жоғарылауы

! Қандай контрасттық заттардың улылығы аз?

* Ионды, төмен осмолярлы

* Ионды, жоғары осмолярлы

* Контрасттық заттар улы емес

*+Ионды емес, төмен осмолярлы

* Ионды емес, жоғары осмолярлы

! Контраст-индуцирленген нефропатияның көрінісі:

* Гематурия

* Протеинурия

* Токсикалық бүйрек

* Бүйректің жедел зақымдалуы (БЖЗ)

*+Болмашы протеинуриядан БЖЗ-ға дейін (ОПП)

! Контрастты заттар енгізу арқылы коронорография жасағанда қауіп тобындағы пациенттерде БЖЗ дамуының алдын алу үшін қандай шаралар жасау қажет?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 542; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.127 сек.