КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Бет БИЛЕТ № 5 страница
Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады: • визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады; • аудиальды – дыбыс арқылы таратылады; • тактильді – сезім арқылы; • органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы; • машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады. Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады. • аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар.) • үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире). Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай: • оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы; • құрылымдылығы – түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік береді. • пайдалығы ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді. • құндылығы, ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен, пайдалылығымен анықталады.
2. Функция анықтамасы және оның сипатталуы. Функцияны баяндау сияқты оны анықтау кезінде де екі стильді қолдануға болады - классикалық және қазіргі. Функцияны анықтаудың классикалық форматы келесідей: Тип функция_аты (параметрлер аты) параметрлер анықтамасы;{ локалдық баяндау; операторлар; } Қазіргі стиль баяндалу форматы функция атынан кейін тұратын жақша ішіндегі функция параметрлерінің анықталуын қарастырады. Тип функция_аты(парамақпар, парам_ақпар,...); Бұндағы, параметр анықтамасы парам_ақпар - берілетін параметр (тип және идентификатор) туралы ақпаратты сақтайды. Функция ішінде (maіn() басты функциясынан басқа) тұрған баяндаулар тізбегі (константалар, мәліметтер типі, айнымалылар) тек осы функция ішінде анықталады. Сондықтан Си тілі ішкі циклдерді қамтымайды, яғни бір функция басқа функцияның ішінде баянала алмайды. Функциялар программа ішінде әр түрлі ретте тұра береді және программаның барлық жеріне глобальды деп есептеледі, сосын қолданылмай тұрып баяндалған енгізілген функцияларды қосқанда да. Функцияны шақыру функция аты және жақша ішінде аргументтері бойынша жүзеге асырылады. Функцияның орындалу нәтижесі return операторы көмегімен қайтарылады. Жалпы түрі: Return (өрнек); Оператор функция жұмысын аяқтайды және басқаруды шақырған программадағы келесі операторға береді. Бұл return операторы функция денесінің соңғы операторы болмаса да, орындалады. Return операторын мына түрде қолдануға болады: return; return 0; Функция анықталуы атымен, формалды параметрлерімен және функция денесімен ерекшеленеді. Ол тағы да қайтаратын мәнінің типі және функцияның жады класы бойынша ерекшеленеді. Функцияны анықтау синтаксисі келесідей: [<ЖК түрі>][<тип түрі>]<сипаттаушы>([<параметрлер тізбегі>])[<параметрлерді баяндау>]<функция денесі> Жады класының түрі <ЖК түрі> функцияның жады класын береді. <Тип түрі> сипаттаушымен бірге қайтаратын мәннің типін және функция атын анықтайды. <Параметрлер тізбегі> өз кезегінде функцияны шақыру кезінде мәні берілетін формалды параметрлер атынан тұратын тзбек (бос болуы мүмкін). <Параметрлерді баяндау> формалды параметрлердің типтерін және идентификаторларды береді. <Функция денесі> - жергілікті айнымалыларды баяндаудан және операторлардан тұратын құрамды оператор. Қазіргі құрылымы: [<ЖК түрі>][<тип түрі>]<сипаттаушы>([<параметрлерді баяндау тізімі>])<функция денесі>
3. ДББЖ-да деректердің абстрактылық деңгейде көріну бейнесі:сұлба, бағынышты сұлба, сұлба сақталуы. Жоқ
4. Есеп. X(5,5) матрицаның бас диагоналы бойындағы элементтердің көбейтіндісін және одан жоғары элементтердің 0-ден үлкендерінің қосындысын табыңдар. procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); const n=4; var x:array[0..n,0..n] of integer; a:array[0..n,0..n] of integer; i,j,s,k:integer; begin begin s:=1; k:=0; for i:=0 to 4 do for j:=0 to 4 do StringGrid1.Cells[0,0]:=inttostr(1); StringGrid1.Cells[0,1]:=inttostr(5); StringGrid1.Cells[0,2]:=inttostr(18); StringGrid1.Cells[0,3]:=inttostr(0); StringGrid1.Cells[0,4]:=inttostr(9); StringGrid1.Cells[1,0]:=inttostr(8); StringGrid1.Cells[1,1]:=inttostr(5); StringGrid1.Cells[1,2]:=inttostr(10); StringGrid1.Cells[1,3]:=inttostr(7); StringGrid1.Cells[1,4]:=inttostr(-1); StringGrid1.Cells[2,0]:=inttostr(8); StringGrid1.Cells[2,1]:=inttostr(6); StringGrid1.Cells[2,2]:=inttostr(0); StringGrid1.Cells[2,3]:=inttostr(7); StringGrid1.Cells[2,4]:=inttostr(-9); StringGrid1.Cells[3,0]:=inttostr(3); StringGrid1.Cells[3,1]:=inttostr(6); StringGrid1.Cells[3,2]:=inttostr(4); StringGrid1.Cells[3,3]:=inttostr(3); StringGrid1.Cells[3,4]:=inttostr(3); StringGrid1.Cells[4,0]:=inttostr(0); StringGrid1.Cells[4,1]:=inttostr(6); StringGrid1.Cells[4,2]:=inttostr(4); StringGrid1.Cells[4,3]:=inttostr(3); StringGrid1.Cells[4,4]:=inttostr(1);
end; for i:=0 to 4 do for j:=0 to 4 do x[i,j]:=strtoint(StringGrid1.Cells[i,j]); for i:=0 to 4 do for j:=0 to 4 do if (i=j)then s:=s*x[i,j]; for i:=0 to 4 do for j:=0 to 4 do if((i>j)and (x[i,j]>0)) then k:=k+x[i,j]; Memo1.lines.add(inttostr(s)); Memo1.lines.add(inttostr(k)); end; БИЛЕТ № 1. Сыртқы және ішкі ақпарат түрлері, қолдану сипатына қарай бөлінуі 2. Программаның графикалық сызбасы. 3. Қалыптастыру түсінігі. Реляциялық деректер базасындағы бірінші және екінші қалыпты пішін. 4. Есеп. А(3,4) бүтін сандардан тұратын матрицаның 3-ке тең элементтерінің санын анықтаңдар.
1. Сыртқы және ішкі ақпарат түрлері, қолдану сипатына қарай бөлінуі. «Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін іnformatio сөзінен шыққан. Ішкі ақпаратқа ұйымның жұмыс істеу процесінде жасалатын оның әр түрлі бөлімшелерінің мамандары қалыптастыратын (базалық қаржы ақпараты, өнімділік, ұйымның негізгі білімі, ресурстардың, яғни капиталдың, еңбектің бөлінуі) жөніндегі ақпарат жатады. Сыртқы ақпарат – мемлекеттік мекемелер жасайтын нормативтік-заңнамалық ақпарат, бәсекелестер, жеткізушілер, тұтынушылар нарықтың жағдаяты жөніндегі ақпарат. Қолдану сипатына байланысты ақпарат келесідей жіктеледі: Макроэкономикалық - Ел экономикасының жалпы жай-күйін сипаттайды және арнайы мемлекеттік немесе тәуелсіз институттар ұсынады. Қаржылық - Ұйымдардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық жай-күйін, капитал, инвестициялар, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б. нарықта қалыптасқан жағдаятты сипаттайды. Оны арнайы қаржы ақпараттары қызметтері, брокерлік компаниялар, банктер мен басқа да ұйымдар ұсынады Биржалық - Құнды қағаздар, валюта бағамдары, есептік және пайыздық ставкалар, қор индекстерінің бағалары жөніндегі ақпарат. Оны банктер, биржалар мен арнайы агенттіктер немесе қызметтер ұсынады. Коммерциялық - Аталмыш ақпаратқа кәсіпорындар (банктер, ұйымдар, корпорациялар), олардың өндірістік байланыстары, шығарылатын өнім, негізгі мәмілелер, технологиялар, басшылар мен акционерлер және т.б. жөніндегі ақпарат кіреді. Ол электрондық деректер қоры және кезең-кезеңмен жаңартылатын баспа өнімдері түрінде ұсынылады. Статистикалық - Экономикалық, қаржы, биржалық, әлеуметтік және тағы да басқа деректер динамикалық қатарлар мен болжанған бағалар түрінде ұсынылады. Іскерлік жаңалықтар- Ақпараттық агенттіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) ұсынатын әр түрлі бизнес саласының ағымдағы ақпараты
2. Программаның графикалық сызбасы. Блок-схема. Программаның блок- схемасы - енгізу-шығару және шешім қабылдау операциялары үщін стандартты графикалық кескіндер жинағын пайдаланатын программаны әзірлеу тәсілі. Блок-схема әрекеттердің жүзеге асырылу тізбегін көрсетеді. Блок- схема көбінесе басқа әдістер арқылы дайындалады. Жүйелі талдауда қандай да бір үлкен жобаны әзірлеудің алғашқы сатысында блок-схема пайдаланылады. Блок-схема программа жүзеге асыруға тиісті қадамдарды анықтау үшін қызмет етеді. Әдетте, блок-схема кіріс-шығыс сигналдарын, іске асыратын әрбір алуан түрлі кіріс мәліметтерінің әрекеттерін, программаны секцияға бөлуді және пернетақтадан берілетін команда бойынша программа үзілетін нүктелерді белгілеуден басталады.
3. Қалыптастыру түсінігі. Реляциялық деректер базасындағы бірінші және екінші қалыпты пішін. Реляциялық мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі. 1ҚП (Бірінші Қалыпты пішін) Бірінші қалыпты пішін (1ҚП) – бұл кәдімгі қатынас, яғни барлық өрістері тек қана бір мәннен тұратын кесте. Кез-келген қатынас автоматты түрде 1ҚП-да болады. Қысқаша қатынас қасиетін еске түсірейік (бұл 1ҚП қатынасы болып табылады): • Қатынаста бірдей кортеждер болмайды. • Кортеждер реттелмеген. • Атрибуттар реттелмеген және атауларымен айрықшаланады. • Атрибуттардың барлық мәндері атомды. 2ҚП (Екінші Қалыпты пішін) Анықтама 3. қатынасы екінші қалыпты пішінда (2ҚП) болады, егер қатынас 1ҚП болса және күрделі кілт бөлігіне тәуелді кілттік емес атрибуттар жоқ болса. 2ҚП - кестеде әрбір кілттік емес өрістер тұтастай алғашқы кілт арқылы анықталады және өзі алғашқы кілттің бөлігі де болмайды
4. Есеп. А(3,4) бүтін сандардан тұратын матрицаның 3-ке тең элементтерінің санын анықтаңдар. #include <stdio.h> #include <conio.h> #define n 3 #define m 4
void main(){ int A[n][m]; int i; int j; int k=0; clrscr(); printf("Input A[5][5]:\n"); for (i=0;i<n;i++) for (j=0;j<n;j++){ printf("A[%d%d]=",i, j); scanf("%d",&A[i][j]); } for (i=0;i<n;i++) for (j=0;j<n;j++){ if (A[i][j]==3){ k=k+1; } } printf("\nOndelgen massiv \n"); printf("\nUshke ten Elementer sani = %d\n",k); getch(); БИЛЕТ № 1. Ақпараттың сандық мөлшері; Хартли мөлшері; Шеннон мөлшері: ақпаратты өлшеу бірліктері. 2. Логикалық операциялар түрлері. 3. ДББЖ Access-те сұраныстарды ұйымдастыру. Сұраныстар түрі. 4. Есеп. Нөл және бірлерден ғана тұратын А(4,3) матрицасы берілген, онда нольдер мен бірлер санын табыңдар.
1. Ақпараттың сандық мөлшері; Хартли мөлшері; Шеннон мөлшері: ақпаратты өлшеу бірліктері. Бүгінгі таңда ақпаратты өлшеуге келесі тәсілдер қолданылады: 1. көлемдік, 2. энтропиялық (анықталмағандық), 3. алгоритмдік. 1 – тәсіл ақпаратты өлшеудің ең қарапайым және дөрекі тәсілі болып табылады. Сондықтан бұл тәсілдегі ақпараттың өлшем бағасын ақпарат көлемі деп айтуға болады. Хабардағы ақпарат көлемі – бұл хабардағы символдар саны. Қандайда бір санды әртүрлі тәсілмен жазып көрсетуге болатындықтан: «жиырма бір», 21, 11001, ХХI – бұл ақпаратты өлшеу тәсілі хабарды бейнелеу түріне сезімтал болып келеді. Есептеуіш техникада барлық сақталған және өңделген ақпарат өзінің табиғи түріне (сан, мәтін, бейне) қарамастан екілік пішінде (формада) көрсетіледі. Бұл жүйеде екі символдан (0 және 1) тұратын алфавит пайдаланылады. Осындай стандартау екі стандарттық өлшем бірлікті: бит және байтты қолдануға мүмкіндік берді. Байт – 8 биттен тұрады. Ақпаратты өлшеудің 2 – тәсілі ақпарат және ақпаратты кодтау теориясында қолданылады. Бұл жерде келесі модель іске асырылады. Ақпаратты қабылдаушы кейбір оқиғалар болуы мүмкін екенін біліп отырады. Көп жағдайда бұл оқиғалар жалған ақпарат әкелуі мүмкін, сондықтан қабылдаушы ақпаратты кейбір ықтималдылықпен қабылдайды. Жалпы анықталмағандық (энтропиялық) өлшемі осы ықтималдылықтар жиынының кейбір математикалық тәуелділігімен өлшенеді. Хабардағы ақпарат саны хабарды қабылдағаннан кейін осы өлшемнің қаншалықты төмендегенімен анықталады. Мысыл ретінде 32 картадан біреуін таңдау ықтималдылығы. Ақпарат теориясында ақпаратты өлшеуге келесі формула пайдаланылады: H = log2m, (1) Мұнда H – энтропия, m – бірдей ықтималдылықпен алынған таңдау саны (егер m=2, онда H = 1). К.Шенон ақпаратты өлшеуге басқа формуланы ұсынды:
Формула Хартли: I = log2N мұнда Pj – j символды таңдау ықтималдылығы. Ақпаратты өлшеудің 3 – тәсілі алгоритмдік теориясында пайдаланылады
2. Логикалық операциялар түрлері. Екі және одан да көп шартты өрнекті біріктіру кезінде логикалық операциялар қолданылады. Си тілінде үш логикалық операция бар: &&(және), ||(немесе),!(“жоқ” немесе “емес”). 1. f11&&f12 ақиқат, тек екі өрнектің де f11 және f12 мәндері ақиқат болса. 2. f11||f12 ақиқат, егер f11 және f12 өрнектерініңеңболмағандабіреуіақиқатболсанемесеекеуідеақиқатболса. 3.!f11 ақиқат, егер f11 өрнегі жалған болса және керісінше. Мысал: 15>12&&8>10 - жалған (текқанабір өрнекшемәніақиқат) 15>12||8>10 - ақиқат (әйтеуірбір өрнекшемәніақиқат). ! операциясыөтежоғары үстемдіккеие, текдомалақжақшалароданжоғары үстемдіккеие. &&операциясының үстемдігі || операциясының үстемдігіненжоғары, алайдабұлекіоперация үстемдігіменшіктеуоперациясының үстемдігінентөмен. &&және || операцияларын қолдану кезінде төмендегілерді білу қажет: Бұл операциялардың орындалуы нәтиже мәні ақиқат немесе жалған болған кезде тоқтайды. Мысалы, f11&&f12 өрнегіберілсін. Егер f11 жалғанболса, яғнибарлықөрнекжалған, сондықтан f12 есептелінбейді. Осығанұқсас, егербізге f11||f12 өрнегіберілдіделік. Онда f11-ақиқатболса, f12 есептелінбейді.
3. ДББЖ Access-те сұраныстарды ұйымдастыру. Сұраныстар түрі. MS Access-тегі деректер қоры өзіндегі кесте, есеп, сұраныс, форма т.б. құрамдарымен тұтас объект болады және оларды тұтас дискілік файлда.mdb кеңейтілуімен сақтауға мүмкіндік береді. Сұраныстар – бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылғы. Сұраныстардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүзгілеуге, өзгертуге, яғни өңдеуге болады. Сұраныстың негізгі қызметі –кестелерді байланыстыру және деректерді таңдап алу. Бұл жерде бірнеше кестедегі деректерді өзара байланыстыру мүмкіндігі туралы айтылады. Сонымен қатар деректерді таңдау барысында жаңадан қажетті мәліметтері бар уақытша кестелер құрылады. Бұл мақсат үшін MS Access-те сұраныстар қолданылады, ал уақытша қорытынды кестелерді Recordset объектісі деп атайды. Әдетте Recordset объектілерін виртуалды кестелер деп атайды, дегенмен олар сұраныстардың орындалу нәтижелерін деректер қорында емес, компьютердің жадында сақтайды. Дәлірек айтсақ, кестелер арасындағы байланыстар орнату мүмкіндігі реляциондық ДББЖ тізімдерді өңдеу үшін аранлаған тегіс файлдардың процессорлары деп аталатын қарапайым қосымшалардан өзгешелейді. Recordset объектісі – бұл бірнеше кестедегі деректерді тек біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар ондағы деректер іріктеудің нақты белгілеріне сәйкес келу керек. Сонымен бірге есептеу жолымен бір мәннен екінші мәнді алуға болады. Көптеген ДББЖ сұраныстырдың келесі түрлері қолданылады: таңдама бойынша сұраныс кестедегі деректерді өзеріссіз қалдырып, форма немесе кесте түрінде болады; өзгермелі сұраныс деректерді орналастыру немесе өзгерту (деректерді кірістіру, жою, жаңарту) үшін арналады; қиылысқан сұраныстар статистикалық есептердің нәтижелерін көрсету үшін арналған; параметрлері бар сұраныстар Қарапайым сұраныс құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз: • Ауысулар облысында, оның негізінде сұраныс құрылатын, кестені бөліп алыңыз. • Бұл кестеге, оның негізінде сұраныс құруға болатын, деректер енгізіңіз. • Құру қосымшасына өтіңіз, Басқалар тобын таңдап алыңыз, одан кейін • Сұраныстар шебері пиктограммасында шертіңіз. Жаңа сұраныс шеберінің терезесінде сұраныстың түрін таңдап алыңыз, мысалы Қарапайым сұраныс. Одан кейін ОК батырмасында тышқанды шертіңіз. 1-сурет. Бұл терезеде құрылатын сұраныстың түрін таңдап алыңыз. Келесі «Қарапайым сұраныстар құру» терезесінде оның негізінде сұраныс құруға болатын, кестені таңдап, одан кейін қажетті өрісті таңдаңыз. 2-сурет. Сұранысқа енетін кесте мен өрісті таңдап алыңыз. Келесі сұхбат терезесінде қарау режимін немесе оның макетін өзгерту режимін таңдаңыз және «Дайын» батырмасында тышқанды шертіңіз. 3-сурет. Қарапайым сұраныс құру іс жүзінде аяқталды. Сіздің құрған сұранысыңыз жұмыс экранның ортасында өзіне лайықты орынға ие болады
4. Есеп. Нөл және бірлерден ғана тұратын А(4,3) матрицасы берілген, онда нольдер мен бірлер санын табыңдар. #include <stdio.h> #include <conio.h> #define n 4 #define n 3 void main(){ int A[n][m]; int i; int j; int k=0; int l=0; clrscr(); printf("Input A[4][3]:\n"); for (i=0;i<n;i++) for (j=0;j<m;j++){ printf("A[%d%d]=",i, j); scanf("%d",&A[i][j]); } for (i=0;i<n;i++) for (j=0;j<m;j++){ if (A[i][j]==0){ k=k+1; } for (i=0;i<n;i++) for (j=0;j<m;j++) { if (A[i][j]==1){ l=l+1; } } printf("\nOndelgen massiv \n"); printf("\nNolge ten elementer sani = %d\n",k); printf("\nBirge ten elementer sani = %d\n",l); getch(); } БИЛЕТ № 1. Агрегаттың ақпараттық байланыстарының минималдық принциптері. 2. Объектілі-бағытталған орта компоненттерінің оқиғалары. 3. Деректер базасын жобалау. Жобалаудың ерекшеліктері. 4. Есеп. А(5,5) матрицасы берілген. Матрицаның жұп элементтерінің қосындысын анықтаңдар.
1. Агрегаттың ақпараттық байланыстарының минималдық принциптері. Агрегаттардың ақпараттық байланыстарының минималдылық принциптері Басқару жүйесі мен объект арасындағы өзара байланысты зерттеуде үлкен көлемдегі ақпарат массивтерінің болуы біршама қиыншылықтар тудырады. Осы жағдайда математикалық әдістер мен есептеу техникасын ұтымды пайдалану өзектілікке айналады. Үлгілеу нәтижесі үрдіс барысындағы заңдылықтарды ашуға, басқарушы ақпарат ағынын және негізделген түрдегі басқару алгоритмін анықтауға мүмкіндік береді. Күрделі жүйелердегі осындай шараларды жүзеге асыруда агрегат, агрегаттық схема ұғымдары қолданылып, олар күрделі жүйелерді жорамалдап сипаттау тіліне жатады. Әрбір агрегат ену мен шығудан және түрлендіру операторлары мен оларды жүзеге асыратын әдіс ережелерден, құрылғылардан тұрады. Бұлардан басқа, агрегаттар бақыланатын параметрлермен және кері байланыстармен сипатталады. Агрегат ұғымы И.П. Бусленко еңбектерінде алғаш рет берілгенмен, күрделі жүйені үлгілеуді зерттеушілердің тәжірибелері оны толықтыруға мүмкіндік береді. Айталық, Т – нақты сандар жиынының нақты белгіленген ішкі жиыны болсын. X, Y, Z, G – қандай да бір элементтерден құрылған жиындар болсын. Бұл жиындардың элементтері былай өрнектелсін: t T-уақыт мезеті, x X-ену сигналы, g G-басқарушы сигналы, y Y-шығу сигналы, z Z-күй (жағдай). Мұндағы сигналдар дегеніміз – қарастырылып отырған динамикалық жүйеге сыртқы ортаның немесе динамикалық жүйенің сыртқы ортаға әсер етуі. Бұл элементтердің барлығы уақыттан тәуелді векторлық функциялар: мұндағы р, n, m, r – шектеулі сандар. H, D - өту және шығу операторларыболсын. Олар z(t), y(t) функцияларын жүзеге асырсын. Агрегат деп Т, X, Y, Z, G жиындарымен және H, D операторларымен анықталатын объектіні айтамыз. H, D операторлары басқа схемалар арасынан агрегаттарды бөліп алады. В агрегаты параметрлерінің кеңістігін ендірейік. Бұл кеңістіктің элементі β болып, ол β = түрінде өрнектелсін. Нақты есеп көлемінде β мәні тіркелген, тұрақты болсын, сонда β – агрегаттың конструктивті параметрі деп аталады. Басқарушы сигналдың мәні g – басқару параметрі деп аталады. Агрегат ену векторын шығу векторына түрлендіреді. - агрегаттың і –ші ену мен шығу контактілеріндегі сигналдар, ал теңдіктеріндегі n, m агрегаттың ену және шығу контактілерінің саны. х(t), у(t) – үрдістері t уақыты бойынша дискретті және олар кездейсоқ сигналдар ағынын бейнелейді. Әрбір сигнал және түріндегі сандар жұбымен сипатталынады және мұндағы. А-жүйенің әрбір элементі жалпы жағдайда агрегат болғандықтан агрегат құрамының толық кешені болуы қажет емес; ол агрегаттың жеке жағдайын көрсететін қарапайым объект болуы да мүмкін. Сонымен қатар А-жүйелері арасында агрегат болып табылмайтын бірде-бір элемент болмауы мүмкін емес. А-жүйеде болатын барлық ақпарат сыртқы (берілген жүйенің элементтері болып табылмайтын объектілерден тыс түсетін) және жүйенің өзінің агрегатын өндіретән ішкі болып бөлінеді. А-жүйесі мен сыртқы ортамен ақпарат алмасу жүйенің полюсі деп аталатын агрегат арқылы жүреді. Сонымен, кіріс полюстері (х)-хабартар түрінде түсетін енгізу ақпаратты толықтай немесе жартылай сыртқы ақпарат болып табылады. Кіріс полюстерімен қатар басқарушы полюстер қарастырылады. А-жүйенің басқарушы полюстері деп ерекше енетін арналар бойынша түсетін (g)-хабартар үшін агрегаттар толықтай немесе жартылай сыртқы ақпаратты көрсететін агрегатты айтамыз. А-жүйенің шығыс полюстері деп (у)-хабартар түрінде түсетін шығатын ақпаратты толықтай немесе А-жүйенің жартылай шығатын ақпараты болатын агрегатты айтамыз. Полюстер болып табылмайтын агрегаттар А-жүйенің ішкі агрегаты деп аталады. А-жүйенің ішкі агрегатының кіріс және басқарушы ақпараты жүйенің ішінде өндіріледі және шығатын ақпараттан немесеА-жүйенің басқа агрегаттарының (у)-хабартарынан тұрады. Ішкі агрегаттардың шығатын ақпараты А-жүйенің басқа агрегаттарына кіріс және басқарушы ақпарат ретінде түседі.
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 595; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |