Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 1 страница




«Жануарлар биотехнологиясының методологиясы» пәнінің мақсаты – студенттерде жануарлардың гендік және жасұшалы инженериясының мүмкіншіліктері тұралы, биотехнологияда жануарлардың жасұшаларын қолдану жолдары және әдістері тұралы білім дамыту. Осы курстың тапсырмасы – болашақ мамандарға жануарлар биотехнологиясы саласында сапалы және терең білім беру. Курсты оқып бітірген студенттер міндетті түрде:

Білу керек: жануарлардың биотехнологиясының жалпыбиологиялық негіздерін, жасұшалы және ұрық инженерияда өткізілетін эксперименттер тұралы, жануарлардың сома және жыныс жасұшаларының клондау және генетикалық ауысу ұстанымдарын. Студенттер медицинада және малшаруашылықта ғылыми және тәжірибе салаларында биотехнология әдістерінің қолдануы тұралы білу керек.

Қолдарынан келу керек: теориялық білімді ғылыми және тәжірибе жұмыстарына қолдану, жануарлар биотехнологиясының эксперименттерін білімді жоспарлау.

Ие болу керек: негізгі жануарлы объектілермен – тышқан, үй қоян, қой – тәжірибеде жұмыс істеу әдістеріне; микроскоп құралдарына (құрамы әр түрлі микроскоптар, микроманипуляторлар, микроинъекторлар); зертханалық құрал жабдықтарына (термостаттар, центрифугалар, анализаторлар және арнаулы құралдар), және тағында хирургиялық құралдарға.

Оқу үдірісінде кесте материалдары, плакаттар және өткізілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін материалдар қолданылады.

«Жануарлар биотехнологиясының методологиясы» пәнімен танысқанда негізінде келесі жалпы білім беру пәндерден түсініктеме болу керек: биохимия, жалпы және молекулярлы генетика, адам және жануарлар физиологиясы, жасұшалы биотехнология.

 

№1 Дәріс

 

Жануарлар биотехнологиясының заманауи әдістері және даму перспективалары

Мазмұн: Биотехнология: жаңа туу және даму. Малшаруашылықта биотехнологияның мақсаттары, объекттері. Биотехнологияның басқа ғылымдармен байланысы. Жануарлардың биотехнологиялық қоры. Жануарлар биотехнологиясы Қазақстанда. Биотехнология түрлері. Жануарлар биотехнологиясының бағыттары. Жануарлар биотехнологиясының әдістері.

 

Биотехнология: жаңа туу және даму

«Биотехнология» деген түсініктеме бірінші рет 1917 жылы шошқа етін өндеу үдіріске толық мінездеме берген Венгрия инженері Карл Эрекимен қолданылған. К.Эреки сөзі бойынша: «Биотехнология – ол тірі жандардың көмегімен өткізілетін жұмыстар.»

Биотехнология дамуын қарастырғанда келесі заңдылықты байқап өтуге болады: ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарына дейін көбінесе көбею саласында зерттеулер өткізілген(жасанды ұрықтандыру, суперовуляция, ұрықтарды қайта отырту). 60-шы жылдардың соңында және 70-ші жылдардың басында биотехнология өз зерттеулерін жасұшалардың технологияларының саласында қадағалап өткізеді. Олар келесі зерттеулер: экстракорпоралдық ұрықтандыру, өсіру, гаметалармен жасұшаларды төмен температураларда ұзақ уақыт сақтау. Ал 1973 жылдан бастап биотехнология молекулярлық зерттемелерге қатысады.

Биотехнология саласының мақсаты – коммерциялық өнімді дамыту. Сондықтан биотехнологияның негізінде экономика жатыр. Экономика жағдайлары жоғары мемлекеттерде биотехнология дамуыда өте жақсы деңгейде. Олар келесі мемлекеттер: Америка Құрамы Штаттар, Ұлы Британия, Германия, Франция, Нидерланды, Жапония. Жалпы биотехнологиялық өнімдердің 50 пайызы Америкалық Құрамы Штаттарына, 20 пайызы Европаға, 11 пайызы Жапонияға, 9 пайызы қалған мемлекеттерге келеді. Биотехнология адамзатқа келесі пайдалы жағдайларды тұдырады:

- инфекциялық, нәсілдік ауруларды анықтап, емдеп, келешекте болдырмау;

- антибиотиктерді, полимерлерді, аминқышқылдарды, ферменттерді және басқа тағамдық қоспаларды өңдейтін микроағзаларды дамыту;

- паразиттік, вирустік ауруларға төзімді өсімдіктердің түрлерін шығару;

- тез өсіп жететін, ауруларға қарсы тұра алатын мүмкіншіліктері жоғары жануарлардың көмегімен асыл тұқымдық малшаруашылықты дамыту;

- қоршаған ортаны кірлететін себептерден босату.

Биотехнология: тарихи мәлімет

Мезгіл Оқиға
  Волтер Хип бірінші рет қоянның ұрығын донордан реципиентке транспланттайды
  Карл Эреки «биотехнология» түсініктемесін кіргізеді
  «Биотехнология және биоинженерия» журналының шығуы
  Н.Бауэр және С.Кохан рекомбинанттық ДНҚ биотехнологиясын тұдырады
  Кохлер және Милстейн моноклоналды антиденелерді алу жолымен таныстырады
  «Genentech» компаниясы адам инсулинін іш таяқшаның көмегімен алады
  Американдық Жоғары сот «Diamond*Chakrabarty» компаниясының микроағзалармен генетикалық жұмыстарды өткізу құқығының патентін ашады
  Бірінші коммерциялық ДНҚ-синтезаторлар ашылған
  Рекомбинанттық ДНҚ көмегімен алынған жануарларға арналған вакцина Европада пайдалана басталды
  Полимеразды-шынжырлы реакциямен қолданып зерттеулер өткізіле басталды
  Адамның сома жасұшаларына арналған генетика терапиясының әдістері Америка құрама штаттарында жұмыс істей бастады
  «Адам геномының» жобасы жұмыс бастады
1997 осы күнге дейін Сүтпен қоректенетіндердің ядроларын клондау

 

 

Малшаруашылықтағы биотехнологияның мақсаттары, объекттері. Биотехнологияның басқа ғылымдармен байланысы

Биотехнология ағзаның биохимиялық, физиологиялық, қайта орнына келу мүмкіншіліктерін зерттеп, оның нәсілдік қорларымен қолданып, барлық биологиялық бағдарламаларды түзетуге мүмкіндік болатын жолдарды табуға жағдайлар тұдырады.

Биотехнологиялық зерттеулердің объекттері – тірі ағзалардың негізгі топтарының өкілдері. Олар вирустер, бактериялар, өсімдіктер және жануарлар, олардан бөлек жүрген молекулалар, жасұшалар және жасұшалардың құрамдарындағы заттар. Зерттеген уақытта тірі жүйелердің мүмкіншіліктерін, олардың қорларын қарастырады. Жануарлардың биотехнологиялық қорлары келесі:

- молекулярлық (геннің құрамы және қасиеттері);

- физиологиялық (гаметалар банкі, тотипотенттік);

- селекциялық (тұқым жақсарту, жаңа тұқым алу).

Сондықтан биотехнология осы тірі жүйелерде өтетін физико-химиялық, биохимиялық және физиологиялық үдірістерге, сол кезде шығатын қуатқа, өнімдердің жаратылуына және дағдарлануына, ұйымдастырылған құрылымдардың қалыптасуына сүйенеді.

Биотехнология ғылым болып өзіне келесі ғылыми пәндерді кіргізеді:

а) молекулярлы биология микробиологиямен бірігіп микроағзалардың биотехнологиясын құрады;

б) молекулярлы биология, микробиология және химиялық инженерия бірігіп молекулярлы биотехнология құрады;

в) жасұшалы биология молекулярлы биологиямен және микробиологиямен бірігіп жасұшалы биотехнология жаратады;

г) жасұшалы биотехнология, жануарлардың көбею биологиясы, акушерство және хирургия – осы ғылымдар жануарлардың көбею биотехнологиясын тұдырып отыр;

д) жануарлардың даму биологиясы, жануарлардың тұқымдарын жақсарту, малдәрігерлік және жоғары айтылған ғылымдардың бәрі жануарлардың биотехнологиясын тұдырады;

е) молекулярлы және жасұшалы биотехнология көбею биотехнологиясымен бірігіп ұрық инженерия ғылымында жаңа ағым тұдырады.

Ал биотехнологияның ғылым болып тұғаны – ол молекулярлы, жасұшалы биологияның көмегімен болған.

 

 

Биотехнологияның басқа ғылымдармен байланысы

Б И О Т Е Х Н О Л О Г И Я
Молекулярлы биология Микробиология Генетика Жасұшалы Биотехноло гия

Жануарлар биотехнологиясының пайдалану салалары:

1. Мал шаруашылық.

2. Мал дәрігерлік.

3. Азық өнімдеу.

4. Селекциялық орта.

5. Диагностика. Дәрілер, вакциналар.

6. Азықтар және азық қоспалары.

 

Жануарлардың биотехнологиялық қоры

Мал шаруашылықта биотехнология әдістерін еңгізуге жануарлардың келесі биологиялық ерекшеліктері жағдай береді:

1. Жануарлардың жыныс жасұшаларының (гаметаларының) биологиялық банкі. Жануарлардың гаметаларының биологиялық банкі ұрғашылардың жыныс жасұшаларында (гонадаларда) орналасқан. Гаметалардың морфогенетикалық мүмкіншіліктері өте жоғары. Мысалы, тұған кезде ұрғашы қойлардың жыныс жасұшаларында 700 мың фолликулалар (гонаданың жасұшалары) болады; жыныс жасына келгенде 12000-86000 ұсақ фолликулалар және 100-400 үлкен фолликулалар болады. Еркек жануарлардың жұмыртқаларында сперматазоидтердің саны одан да көп (280-450 триллион). Осындай қордан табиғи жынысу жағдайда көбеюге қатысатын гаметалардың (жұмытқа жасұшалары және сперматазоидтер) саны бірден туатындарға 5-10, көптен туатындарға 40-80 паралар.

2. Жануарлардың ұрықтарының имплантацияға (қайта отырту) дейін дамуы. Ұрықтандырылғаннан кейін ұрық ұрғашы малдың жыныс мүшелерінде бос жағдайда болады. Ұрықтандырылған жерден еңгізілетін жерге дейін ұрық бір неше күн жүреді: шошқаларда 2-3, қойларда 4-5, қояндарда 5-7, сиырларда 7-8 күн. Осы жағдаймен қолданып жануарлардың ұрықтарымен әр түрлі жұмыстар өткізеді.

3. Бірден туатын жануарларда бір жұмыртқалы егіздер туу. Бір жұмыртқалы егіздер келесі жағдайда туады: имплантация алдындағы кезеңде ұрықтың қабыршығына бір зақым келіп ұрық бөлініп кетіп, екі немесе бір неше ұрықтар жаратылады. Осындай егіздердің нәсілдік, биохимиялық көрсеткіштері бірдей, неге десек олар бір ұрықтандырылған жұмыртқалы жасұшадан шығады (тотипттенттік жағдай). Осындай көріністің көмегімен көп жасұшалы ағзалардан биологиялық ұқсас ағзаларды алуға болатын болды. Осы жағдай тұқым мал шаруашылығына өте маңызды.

4. Малшаруашылықта тұқым дәнін тұдырып жетілдіру. Ауылшаруашылық жануарларды ұстап көбейткенде тұқым дәнін және пайдаланатын үйірді айырады. Тұқым дәніне жататын малда келесі көрсеткіштер болу керек: физиологиялық саулық, көбеюге жарамдық жоғары қасиеті, жоғары бағалы нәсілдік қасиеттері және сапалы ұрпақ. Биотехнологиялық зерттеуде осы жануарлар тобына жататындар берушілер (донорлар) және жасаушылар (ұрықтандырушылар). Беруші – ол нәсілдік бағалы ұрықтарды беретін ұрғашы; жасаушы – ол еркек мал. Сондықтан, жануарлардың осы дәрежесі үйірдің көбейту жұмысына өте маңызды.

Пайдаланатын жануарлардың үйірі – ол жануарлар, генотиптері аса маңызды емес, бірақ міндетті түрде физиологиялық сау, көбеюге жарамды жақсы қасиеттері бар. Осы дәрежеге реципиенттерді жатқызады. Реципиент – бөтен ұрықты алып жүретін ұрғашы. Пайдаланатын жануарларға күйлеген ұрғашы малдарды табатын еркек малдардыда жатқызады.

Жалпы, ауылшаруашылық жануарлардың биотехнологиялық мүмкіншіліктері жануарлардың биологиялық ерекшеліктерімен белгіленеді. Биологиялық қасиеттер тектілік қорлармен реттеледі.

Сонымен, жануарлардың биотехнологиялық қорын үш топқа бөлуге болады:

а) молекулярлық қор – ген қасиеттерімен және құрамымен белгіленеді;

б) физиологиялық қор – гамета банкі арқылы ашылады, ұрықтың еңгізуліден бұрын дамуы (тотипотенттік);

в) селекциялық қор – тұқым малшаруашылығымен байланысты, ұрықты жақсартып жаңа тұқым жасаумен байланысты

Жануарлардың биотехнологиялық қоры

1. Биотехнологиялық қор

МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ 1. Нуклеин қышқылы 2. Репликаттау,транскриптеу,трансляттау
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ 1. Көбею(репродуктивті) аппараты 2. Гонаданың гормондары 3. Эмбрионалдық даму 4. Имплантациядан бұрын даму. Тотипотенттік
СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ 1. Ұрық малшаруашылығы 2. Резистенттік, өнімділік, қайта өндіріс  

2. Биотехнологиялық өнім

Рибосомалдық ДНҚ Рибосомалдық ақуыз Трансгендік жануарлар Ұрықтар банкі Клондалған жануарлар Резістенттігі және өнімділігі жоғары жануарлар Бақталасқа Жарамды Малшаруашық өнімі

 

Жануарлар биотехнологиясы Қазақстанда

Қазақстанда жануарлар биотехнологиясының дамуына Мухамедгалиев Ф.М., Жанабеков К.Ж., Абильдинов Р.Б. үлес қосқан. Олар ұрықтармен жұмыс істегенде бірінші рет суперовуляция және трансплантация әдістерімен қолданып осының арқасында Қазақстанда жануарлар биотехнологиясы даму жолына тұрды.

Кәзіргі уақытта Қазақстанда бір топ мамандар жануарлар биотехнологиясынан жұмыстар өткізе алады. Олар Қасымов К.Т., Тойшибеков М.М., Садыкулов Т.С., Аузбаев С.А., Малмаков Н.И., Салықбаев Т.Н., Джамалова Г.А. және т.б. Осы ғалымдар ғылыми жұмыстарын тек қана зертханада өткізбей тәжірибеде қолдану сұрақтарын қарастырады. Мысалы, 1997 жылдан бастап Алматы облысы «Мади» тұқым шаруашылығында дегресс қойларын көбейту ғылыми зерттеулері өткізіліп жатыр.

 

Биотехнология түрлері

Адамның биологиялық жүйеге әсер етуіне байланысты биотехнологияны келесі түрлерге бөледі:

1. Молекулярлы – негізіндерекомбинанттық ДНҚ технологиясы және микроағзалар технологиясы.

2. Жасұшалы – негізінде ядро және жасұшаның деңгейіндегі жұмыстар.

 

Осы әдістердің пайдалану саласына байланысты биотехнология келесі түрлерге бөлінеді:

1. Ғарыштық.

2. Экологиялық.

3. Медициналық.

4. Ауылшаруашылық.

5. Өнеркәсіптік.

Ауылшаруашылық биотехнологиясы өз алдына өсімдіктер биотехнологиясына және жануарлар биотехнологиясына бөледі.

Жануарлар биотехнологиясы – молекулярлы және жасұшалы биотехнология әдістерінің көмегімен генотипті реттейтін, резистенттігі жоғары және жоғарыөнімді жануарларды алу әдістерді зерттейтін ғылым

 

Жануарлар биотехнологиясының бағыттары.

Малшаруашылықта биотехнологиялық қорлар ашу үшін молекулярлы, жасұшалы, көбейту биотехнологияларымен қолданады.

Жануарларды көбейту биотехнологиясы – жануарлардың репродуктивтік қорларының генетикалық мүмкіншіліктерін жақсарту мақсатымен қолданылатын әдіс. Көбейту биотехнологиясында зерттеу пәні – жануарлардың репродуктивтік қасиеті ал зерттеу объекті – олар:

1) жануарлардың ағзаларының гормондары – гипоталамус, гипофиз, гонадалар арқылы зерттелетін;

2) көбею мүшелерінің құрамы және физиологиясы.

Көбейту биотехнологиясында келесі әдістерді айырады:

1. Суперовуляция – фолликулдарға өсуге және дамуға мүмкіншілік беретін, гормондардың көмегімен ұрғашы-донорларға әсер ететін әдіс.

2. Жасанды ұрықтандыру – жануарлардың генотиптерін жақсарту үшін асылтұқымды еркек малдардың ұрықтарымен қолданып ұрғашыларға ұрық себу жұмыстары.

Генетиканың және жасанды ұрықтандыру технологиясының жетістіктерінің көмегімен малшылар жануарларды жетілдіру үшін қолайлы әдістер тапты, жоғары мүмкіншіліктері бар еркек жануарларды іріктеп алу жағдайлары туды, бүкіл популяциялардың генетикалық жақсарту екпіндері тездетілді.

3. Ұрықтарды транспланттау – ұрғашы-донордан ұрғашы-реципиентке ұрық тасу әдісі. Малшаруашылықта транспланттау мақсаты – асылтұқымды ұрғашы жануарлардың генетикалық қорларымен қолдану.

Ұрықтарды транспланттау әдістің көмегімен ұрғашылардың көбею мүмкіншіліктері кеңейді, неге десек, олардың ана бездерінде аналық жыныс жасұшаларының қоры мол болады. Осы генетикалық қорды толығынан қолдану үшін келесі зерттеулер өткізілген: асылтұқымды аналардың ұрықтарын алып төмен генетикалық бағалы, көбею үдірісіне жарамды аналардың жатырларына транспланттау.

Осы технология жұмыс істегенде:

а) бір асылтұқымды анадан алынған ұрпақтардың саны көбейеді;

б) ағзаларды гамета және ұрықтар түрінде апарып жеткізуге және көп уақыт сақтауға болады;

в) гаметаларды және ұрықтарды іріктеп алып керек жынысты және керек физиологиялық-биохимиялық қасиеттері бар ұрпақтарды алады.

Осы айтылған технологияларды еңгізу үшін, ақырғы мақсаты ұрықтарды транспланттау болатын жұмыстардың кешенімен қолдану керек.

Көбейту технологиясы келесі кезеңдерден тұрады: донорларды, жасаушыларды, реципиенттерді іріктеп алу, донорларға суперовуляция өткізу, донорларды ұрықтандыру, ұрықтарды шығарып алу, алып шығарған ұрықтардың қасиеттерін бағалау, ұрықтарды реципиенттердің мүшелеріне еңгізу.

Кәзіргі уақытта көбейту биотехнологиясы молекулярлы және жасұшалы биотехнологиялардың әдістерімен тығыз байланысады.

Жасұшалы биотехнология – түрлі жасұшалы жұмыстар өткізу арқылы бағалы биологиялық қасиеттері бар ағзаларды алуды зерттейтін пән. Малшаруашылықта зерттеу объекті – жануарлардың репродуктивтік жасұшалары. Малшаруашылықта жасұшалы биотехнология өзіне бір бірін толықтыратын екі ғылыми бағыт кіргізеді:

1.Ұрық өсіру зерттеулер (ұрық дақылы) – гаметалармен ұрықтарға өмір сүруге және дамуға жағдай тұдыратын.

Ұрық өсіру зерттеулердің негізгі тапсырмалары:

а) гаметалардың және ұрықтардың селекциясы;

б) гаметаларды және ұрықтарды өсіру;

в) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру;

г) гаметалардың және ұрықтардың банкін ашу;

д) қоректік орталарды жасап қасиеттерін жақсарту.

2. Жасұшалы технологиялар – жануарлардың генотиптерін жақсарту үшін жасұшалардың және ядролардың деңгейінде жүргізетін жұмыстар.

Малшаруашылықта жасұшалы технологиялардың жұмыстары келесі:

а) соматикалық гибридизация;

б) клондау;

в) химералық жануарларды алу.

Молекулярлы биотехнология – жануардың ағзасында молекулярлы деңгейде жаңа генетикалық бағдарламаны алу мақсатын зерттейтін ғылым. Зерттеу объекті нуклеин қышқылы болады (ДНҚ және РНҚ молекулалары). Молекулярлы биотехнология келесі екі бөлімдерден тұрады:

1. Генетикалық инженерия – тек қана гендерді зерттейді. Генетикалық инженерияның тапсырмалары:

а) гендерді синтездеу және оларды жаңарту;

б) рекомбинанттық молекулаларды құрастыру және клондау;

в) гендердің банкін жасау.

 

2. Генетикалық өзгеру – гендерді тасу үдірісі. Негізгі тапсырмалар:

а) генді реципиентке кіргізу;

б) өзгерген гендерді іріктеп синтездеу;

в) гендерді еңгізу;

г) трансгендік жануарларды және жоғарыбағалы заттарды алу.

 

Жануарлар биотехнологиясының әдістері

Ғалымдар биотехнология әдістерінің көмегімен малшаруашылықта жануарлармен әр түрлі эксперименттерді өткізеді. Осындай жұмыстың мақсаты – жануарлардың биологиялық бағдарламасын өзгерту. Осы жұмыс ұрық даму орнына тіркелмей тұрғанда өткізіледі. Ұрықты алып, «биотүзету» өткізіп, соны дамыту үшін физиологиялық ананың репродукция мүшелеріне еңгізеді.

Осындай жағдайда молекулярлы биотехнология, жасұша биотехнологиясы және көбейту биотехнологиясы малшаруашылықта жаңа ғылыми әдістерді жаратып отыр – ұрық инженерия, ұрық дақылы, ұрық трансплантациясы.

Ұрық инженерия – жануарлардың ағзаларынан генетикалық қорын тауып, алып, мүмкіншіліктерімен қолдану әдіс.

Ұрық дақылы – жануарлардың гаметаларының және ұрықтарының физиологиялық қорларының мүмкіншіліктерін іздеп табатын, олардың өмір сүру үдірістерін ағзаның ішінде және ағзадан бөлек сақтайтын малшаруашылықтағы биотехнологиялық әдіс.

Ұрық транспланттау – жануарлардың репродуктивтік жүйесінің физиологиялық қорын іздеп, оның мүмкіншіліктерін анықтап, бағалы генотиптерді тездетіп көбейту үшін ұрықтарды транспланттау әдісімен қолданатын малшаруашылықтағы биотехнология әдісі.

Малшаруашылықта ұрық инженериясы, ұрық дақылы, ұрық транспланттау кешен жаратып, жануарлардың селекциялық, немесе, генетикалық қорларын ашады.

 

 

№2 Дәріс

Жануарлар биотехнологиясының жалпы биологиялық негіздері..

Мазмұн: Жасұша – тірі ағзаның негізі. Жануарлардың сома жасұшаларының биологиялық мәні. Жануарлардың ұрғашыларының репродукциялық жүйесі.Ұрғашылардың жыныс жүйесінің физиологиясы. Фолликулогенез жән овуляция.

 

Жасұша – тірі ағзаның негізі. Жануарлардың сома жасұшаларының биологиялық мәні

Малшаруашылықта ұрық дақылдардың зерттеулерінің негізінде жасұшалы теория жатыр. Оның негізгі жағдайлары:

а) жасұша – тірі материяның негізі;

б) әр түрлі ұлпалардың, ағзалардың жасұшаларының құрамы ұқсас;

в) жасұшалардың көбеюі алғашқы жасұшаның бөлінуінен басталады;

г) жасұша – жалпы ағзаның бір бөлегі. Оның бір белгілі құрамы және атқаратын жұмысы болады;

д) бір ағзаның жасұшалары ұлпалардың, мүшелердің жүйелеріне кіріп бір бірімен тығыз байланысады.

Органикалық әлемде өмір ұйымдасудың екі түрі болады: жасұшадан бұрын (вирустер) және жасұшалы (прокариоттар, эукариоттар).

Эукариоттардың прокариоттардан айырмашылығы – эукариоттардың жасұшаларында ядро бар, прокариоттарда жоқ. Эукариоттардың цитоплазмаларында әдейленген, бір белгіленген жұмыстарды атқаратын органеллалар бар. Эукариоттық жасұшалар прокариоттық жасұшалардан үлкен.

Морфологиялық айырмашылықтан басқа прокариоттарда және эукариоттарда ұқсас қасиеттер бар: жасұшаның сыртына және ішіне заттарды жеткізетін плазма болу; ақуыздың синтезі рибосомада өтеді; РНҚ синтезі және ДНҚ репликациясы; биоэнергетикалық үдірістер. Сонымен: жасұша – қабыршықпен қоршалған, реттелген, биополимерлердің (ақуыздар, нуклеинқышқылдар, липидтер, көмірсулар және т.б.) жүйелері, зат алмасу, энергетикалық үдірістерге қатысатын, жалпы барлық жүйелердің жұмыстарына көмектесетін.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 5975; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.