Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гаметаларды in vivо культивирлеу 2 страница




Эндогенді себепкер шарттар:

1) жануарлардың түрі;

2) жануарлардың тұқымы;

3) жануарлардың жасы (шошқаларға 2-3, қойларға 2,5-3,5, сиырларға 3-6 жас);

4) ұрғашы-донорлардың қолдану мерзімі (ана бездердің реакциясы гонадотропиндермен бір неше рет қолданғанда төмендейді);

5) жеке қасиеттер (жалпы физиологиялық жағдай, зат алмасу және ағзаның гормондарының жағдайы);

6) жыныс циклының кезеңі (суперовуляцияны жыныс циклдың лютеалдық фазасында қоздырады).

Экзогенді себепкер шарттар:

1) азық беру және ұстау жағдайлары;

2) көбеюге жарамды жыл мезгілі;

3) гормон препараттарының сапасы, кестелері және әсер беру мөлшерлері:

- мөлшер аз болса, суперовуляция қоздырылмайды, неге десек сары дене дайын болмайды;

- мөлшер жоғары болса,ооциттердің дамуы өзгереді немесе патологиялық өзгерістер жаратылады.

Малшаруашылықта көбею биотехнологияның көрсеткіштері келесі - суперовуляцияның деңгейі, ұрықтардың жақсы жуылып шығуы, жуылып шыққан толық биологиялық ұрықтардың саны, ұрықтардың тіркелүі және туған транспланттардың саны. Көбею биотехнологияның жұмыстарымен алынған биоматериалды келесі кезеңдерге бөледі:

1 - экзгормоналдық әсермен алынған суперовуляциялық ооциттер.

2 - ұрықтандырылған және ұрықтандырылмаған ооциттер.

3 - биологиялық толық және толық емес ұрықтар.

4 - тіркетіліп дамып жатқан ұрықтар.

5 - реципиенттерден алынған трансплантаттар.

Биотехнологиялық эксперимент дүріс өткізілгенде донорда овуляцияның саны бірден туатындарда 6-12, көптен туатындарда 15-30 болу керек.

 

Жануарлардың түрлеріне байланысты суперовуляция қоздыру әдістері

Ақырғы жылдарда суперовуляцияны қоздырғанда гонадотропиндерді жатырдың ішіне инъекция әдісімен салады. Осы әдістің жетістіктері: бірінші, салынатын препараттың мөлшері 20 – 30 пайызға азаяды, екінші, шыққан ооциттердің саны көбейеді.

Сиырларда фолликулярлық өсүдің үш кезеңі бар: эстралдық циклдың басында, ортасында, аяғында. Әр бір циклдың басында сиырлардың ана бездерінде оптималдық өлшемі бар фолликулалардың саны жеткілікті. Осы фолликулалар ФСГ (фолликулаларды қоздыратын) гормондарға жауап береді. ФСГ гормондарын лютеалдық фазада (жыныс циклдың 8-12 күндері) еңгізеді.

Сиыр-донорларға ГСЖК гормонды қоздырылу үдірістеріне 4-5 күн қалғанда және төлдегеннен кейін 60 күн өтіп болғанда салады.

Шыққан ұрықтардың саны көп болу үшін сиыр-донорларға қоздырылу алдында былшық еттеріне 120-150 мың МЕ витамин А және 80-100 мг витамин Е салады. 18-20 күн тәүлігіне бір рет бір басқа 100-200 мг йодттық калийді береді.

Ана шошқаларға ГСЖК 750-1500 МЕ жыныс циклының 15-16 күндерінде салынады.

Қойларда физиологиялық процесстерге байланысты көбейту биотехнология жұмыстары күз уақытында өткізіледі. ГСЖК 500-1300 МЕ жыныс циклдің 12-13 күнінде салынады. Бөлініп шыққан жұмыртқа жасұшалары 30 дейін барады.Овуляцияның саны бір донорға 5 – 10.

 

Көбею үдірістерінің биотехнологиялық көрсеткіштері.

Ұргашы-донорлардан алған биоматериалды келесі кезеңдерге бөледі:

1 – суперовуляциядан өткен ооциттер (эксгормоналдық әсерде.

2 – ұрықтандырылған және ұрықтандырылмаған ооциттер (ұрықтандырғанда, жуып алып бағалағанда)

3 – биологиялық толық және толық емес ұрықтар (морфологиялық бағалауда).

4 – тіркетіліп дамып жатқан ұрықтар.

5 – реципиенттерден алынған трансплантаттар.

 

 

Күйіт синхронизациясы

Күйіт синхронизациясы – бір топ ұрғашыларға бір уақытта күйіт тұдыру үшін гормондармен әсер ету. Донорлардың және реципиенттердің арасында жыныс циклдарының синхронизациясын жасанды және табиғи жолдарымен қозыруға болады.

Табиғи синхронизацияда донордың және реципиенттердің жыныс циклдары табиғи сәйкес келеді. Осы жағдайда күйітшілермен қолданады. Олар күйтте болған донорларды және реципиенттерді табады.

Жасанды синхронизацияда жыныс циклының синхронизациясында реципиенттерге гормондармен әсер етеді. Әр бір донорға 3–5(7) реципиеттерді дайындайды.

Синхронизацияны екі әдіспен өткізүге болады:

1) сары денені алып тастау;

2) сары дененің фазасын ұзарту.

Синхронизацияны қоздыру үшін прогестерон салып сары дененің фазасын ұзартады немесе простагландиндерді (энзапрост, лютализ, прозельвин және т.б.) салып сары денені өлтіреді.

Простагландинді булшық етке 5 гр уколмен салғанда сиырлардың қанындағы прогестеронның концентрациясы 12 сағатта төмендейді, 72 сағаттан кейін күйіт басталады, 95 сағатта овуляция басталады. Гормонның ерекшелігі – биологиялық әсері сары дененің активтық фазасында (сиырларда жыныс циклының 8-13 күнінде, шошқаларда – 11-12 күнінде) жұмыс істейді. Препаратты екі рет салады. Күн аралығы сиырларда 10-12 күн. Екінші инъекция жасалып 48-96 сағат өткеннен кейін күйіт укол салынған 60-95 пайыз жануарларда басталады, жасанды күйіт басталып 24 сағаттан сон овуляция басталады. Қойларда препарат салу аралығы 8-9 күн. Лютеолиз тез өтіп күйіт жануарларда 72 сағат өткеннен кейін басталады.

Донор және реципиент арасындағы синхронизация прогестаген көмегімен бір неше әдістермен өткізіледі. Әдістердің бірі – сарпайлық пессарийлермен қолдану. Прогестегендерді губкалардың көмегімен сарпайдың ішіне кіргізеді. Осы губкаларды прогестагены бар маймен сіңдіреді (кронолон 30-45 мг қойларға, 50-70 – сиырларға), сарпайға терең кіргізіп, сонда сиырларда 18-20 күнге, қойларда 10-16 күнге қалдырады. Губканы алғаннан кейін ГСЖК инъекциясын жасайды: сиырларға - 750-1500МГ; қойларға – 350-700МГ. Күйіт белгілері сиырлармен қойларда 24-72 сағатта басталады.

 

Ұрғашы-донорларды ұрықтандыру

Донорларды ұрықтандыру екі әдісі бар: табиғи және жасанды.

Табиғи ұрықтандыруда зерттеүші ата-ана параларын іріктеп, таңдап коитусқа (жыныс актіне) дайындайды.

Жасанды ұрықтандыруда сперманы донордың жыныс жолдарына әдейленген құралдармен кіргізеді.

Тәжірибеде ұрықтарды транспланттағанда ұсақ зертханалық және ауылшаруашылық жануарларға табиғи ұрықтандыруды, ірі жануарларға – жасанды ұрықтандыруды қолданады.

Жасанды ұрықтандыруда қолданылатын эякулятта сперматазоидтердің саны көп болады. Жасанды ұрықтандыру әдісінде келесі технологиялар болады:сперманы алу, бағалау, көлемін көбейтіп сақтау және ұрықтандыру.

Жасаушылардан ұрықты жасанды сарпайдың көмегімен алады. Алынған эякулятты зерттейді. Жасаушылардан алынған эякуляттың көлемі 4-8 мл болады. Ұрықтандыруға 0,25-1,0 мл жеткілікті, сондықтан алынған ұрықтың көлемін көбейтіп суықтықта ұрықтардың санын азайту керек. Осы операцияға глюкоза-цитрат-жұмыртқаның сарысы бар (ГЦЖ) немесе сүт-жұмыртқаның сарысы бар (МЖ) қоректік орталармен қолданады. Жұмыстарды 2-5 градуста өткізеді. Кейіннен 30-35 градус температурада мензуркада ұрықтың көлемін 10-20-50 рет және одан да көп көбейтеді. Көбейтіп ұрықты 5 градуска дейін суытады (ұрықтардың қозғалыстарын азайту үшін). Суытылған ұрық 3 күн қолдануға келеді.

Суперовуляциядан өткен ұрғашы- донорларды ұрықтандырғанда олардың ағзаларында өтетін физиологиялық өзгерістерді есепке алуға керек:

1) ана бездің фолликулаларының даму және өсу сандары өте көп;

2) фолликулалардың және ооциттердің өсу және даму темптері тездетіледі;

3) жыныс уақыты узарады.

Сондықтан осы донорларды ұрықтандырғанда керек:

бірінші, ұрықтандыруды 2-3 рет 10-12 сағат аралықпен өткізеді,

екінші, жасанды ұрықтандырумен қолданғанда, ұрықтардың мөлшердерін екіге көбейту керек.

 

 

№ 5 Дәріс

Жануарлардың ұрықтарын транспланттау

Мазмұн: Транспланттау биотехнологиясының жұмыстары. Ұрықтарды жуып алу. Суперовуляциядан өткен донорлардан ұрықтарды алу.Ұрықтарды қайта отырту. Донордың, ұрықтың, реципиенттің, трансплантаттың қарым-қатнасуы.

 

 

Транспланттау биотехнологиясының жұмыстары

Ұрықтарды транспланттау биотехнологиясында келесі жұмыстарды өткізеді:

І. Донорларды, жасаушыларды, реципиенттерді іріктеу. Жануарларды іріктегенде олардың жасын, физиологиялық жағдайын, өнімділігін есепке алады.

ІІ. Аналарды таңдау: ана-донор және ана-реципиент. Олардың күйіттері синхронды болу керек. Донорлардан суперовуляциялық фолликулогенез, реципиенттерден – донорлармен синхрондалған күйіт алады.

Жұмыстың осы кезеңінде ұрғашыларға гормондармен әсер ету керек: донорлардан суперовуляциялы фолликулогенез, реципиенттерден донормен тепе тенделген күйіт алу үшін.

ІІІ. Донорларды ұрықтандыру. Суперовуляциядан өткен ұрғашы донорларды ұрықтандырғанда олардың ағзаларында гормоналдық препараттардың мөлшерін есепке алу керек. Гормондардың көптігі физиологиялық өзгерістер тұдырады:

а) күйіт уақыты узарады;

б) овуляциядан өткен фолликулалардың саны көбейеді;

в) фолликулалар тез піседі.

Сондықтан суперовуляциялық ұрғашы-донорларды ұрықтандырғанда келесі талаптарды орындайды:

1. Ұрықтандыруды бірден екі-үш ретке дейін көбейтеді.

2. Ұрықтандыру аралығы 10-12 сағат болу керек.

3. Жасанды ұрықтандыруда ұрықтың мөлшері екі есе болу керек.

І\/. Ұрықтарды транспланттау – келесі жұмыстардан тұратын әдіс:

1) Донорлардың мүшелерінен ұрықтарды жуып алу.

2) In vitro жағдайында ұрықтарды бағалап селекциялау.

3) Реципиенттердің репродуктивтық мүшелеріне биологиялық толық ұрықтарды отырғызу.

\/. Жынысқа байланысты трансплантаттардың өсүін және дамуын зерттеу. Трансплантаттардың дамуын бақылау топтағы жануарлармен салыстырады.

Сонымен, ұрықтарды транспланттау – көбейту биотехнологиялық әдісі – ұрғашы-донорлардан суперовуляция арқылы биологиялық толық ұрықтарды алып оларды ұрғашы-реципиенттердің репродуктивты мүшелеріне қайта отыртуға мүмкіншілік беретін.

Ұрықтарды транспланттау әдісіне жануарлардың ұрғашыларының ағзаларының келесі биологиялық ерекшеліктері себепкер болды:

1. Ұрғашылардың жұмыртқа жасұшаларында ооциттердің саны көп болу.

2. Ұрықтың ұрықтандырылған жерден тіркелу жеріне дейін дамып бару.

3. Ұрықтарды жуып алуға мүмкіншілік беретін репродукция мүшелерінің морфологиялық құрамы.

Ұрықтарды жуып алу

Ұрықтарды жуып алу – ұрықтарды репродукция мүшелерінен (фаллопий түтіктері, жатыр) алуға көмектесетін әдіс. Әдісте қоректік орталармен қолданады. Ұрықтарды алу үшін қоректік ортаны фаллопий түтікшесінен өткізеді немесе жатырдан өткізеді.

Малшаруашылықта ұрықтарды жуу үш әдіс бар:

1) Ұрғашы-донорларды өлтіру (зертханалық жануарлар және етке баратын ірі қара малдар);

2) Хирургиялық (орташа малдарда);

3) Хирургиялық емес (ірі малдарда).

Ұрықтарды жұғанда үш кезең айырады: дайындау, жуу кезең, жуып шығарып алған кезең.

Ұрықтарды жуып алу әдістерді қысқаша қарастыруға болады. Бірінші - өлтіру әдіспен ұрықтарды зертханалық тышқандардан жуып алады. Ол тышқандардың кішкентай болғанымен байланысты.

Осы жұмысты өткізу үшін тышқандарды өлтіреді, жыныс мүшелерін босатып шығарып алып, Петри табақшаларына салады. Ұрықтарды жұмыртқа түтіктерінен немесе жатырдың мүйізшелерінен жуып алады.

Бірінші әдісте ұрықтарды зигота және бөліну кезеңде жуады, екінші әдісте – морула және бластоциста кезеңдерде.

Механикалық әдістермен ұлпалардың бүтіндігін бұзып жануарлардың ұрғашыларының жыныс мүшелеріне жетіп ұрықтарды транспланттау әдісі хирургиялық деп аталады. Қойларда, ешкілерде, шошқаларда репродуктивті жолға трансплантация кезінде келесі жолмен жетеді:

1) қарынның ақ сызығымен наркоздың көмегімен лапаротомия (вентралды лапаротомия) әдісімен кесіп жануарды арқасына жатқызып жатырдың мүйізшелерін жуу;

2) әдейленген құрал (эффеминатор) көмегімен жануардың тұрған күйінде ұрықтарды жуып алу;

3) лапароскопия – лапароскопиялық троакардың көмегімен өткізілетін әдіс.

Хирургиялық әдістен кейін жұмыртқа жасұшалардың сары денелерінің санымен овуляциялардың санын анықтайды. Осыдан кейін жуу үдірісін бастайды.

Ұрықтарды алу үшін жыныс мүшелерін екі әдіспен жуады:

1) Жатырлы – инені жатырдың мүйізіне салып жуатын суйықтықты жібереді.

2) Жатырлы-түтікті – екі нұсқаға бөлінеді:

а) ұрықтарды жатырдың мүйізінен алу – жуатын суйықтықты жатырдың мүйізшесіне жібереді;

б) жуатын суйықтықты жатырдың мүйізінен ампулаға қарай жібереді.

Жуатын суйықтықтың мөлшері 15-20 мл. Ұрықтары бар орта 30 мл көлемде сынауыққа немесе Петри табақшасына алынады.

Ұрықтарды хирургиялық жолмен алу жұмысты овуляциядан кейін өткізеді (күйіттің екінші күнінде). Осы уақытта ұрықтар жатырдың мүйізшесінің негізіне жетіп зигота және морула кезеңдерінде болады. Қойларда ұрықтар дамудың осы кезеңдерінде күйіттен кейін 1-5 күндерде болады.

Хирургиялық емес әдіс- ұрғашы жануарлардың жыныс мүшелеріне механикалық әсердің көмегімен ұлпалардың бүтіндігін бұзбай ұрықтарды жуып алу әдіс. Ірі жануарлардың (сиырлардың) ұрықтарын катетерлердің көмегімен сарпай жақтан жатырдың ішіне кіріп жуып алып шығарады.

Ұрықтарды жатырдың мүйізшесіне кіріп жатырға тіркелмеген аралықта жуып алуға керек.

Жуып алу әдісті таңдау келесі себепкер шарттармен белгіленеді:

1) жануардың түрі;

2) жануардың денесінің үлкендігі;

3) тіркеуге мүмкіншілік беретін ұрықтың даму кезеңі.

 

Суперовуляциядан өткен донорлардан ұрықтарды алу

Донорлардың репродукция мүшелерінен жуылып алынған ұрықтарды биотехнологиялық материал (биоматериал) деп атайды. Биоматериалда келесі ерекшеліктер бар:

1. Биоматериалдың суйық негізі – қоректік орта.

2. Қасиеттеріне байланысты биоматериал әр-түрлі болады.

3. Биоматериалдың құрамы ұрықтарды жуып алу уақытына байланысты:

Хирургиялық әдісте ұрықтар донорлардың ұрықтануынан бір-екі күн өткеннен кейін жуылып алынады. Сол кезде биоматериалдың құрамында болады:1) биологиялық толық ұрықтар; 2) биологиялық толық емес ұрықтар; 3) ұрықтандырылмаған ооциттер; 4) сперматазоидтер.

Хирургиялық емес әдісте ұрықтарды донорлардың ұрықтануынан 5-7 күн өткеннен кейін жуып алады. Биоматериал құрамында болады: 1) биологиялық толық ұрықтар; 2) биологиялық толық емес ұрықтар.

Жуылып алынған биоматериал зерттеліп сараптаудан өтеді. Биоматериалды зерттегенде үрықтарды және ооциттерді қарастырады. Биоматериал зерттеу кезектері келесі:

1) алынған ұрықтардың және ұрықтандырылмаған ооциттердің жалпы санын анықтайды, пайызды сәйкестігін есептейді;

2) ұрықтардың жалпы санынан (100 пайыз) биологиялық толық (пайыз) және биологиялық толық емес (пайыз) ұрықтарды санайды;

3) толық және толық емес ұрықтардың даму кезеңін анықтайды;

4) алынған мәліметтерді санды биология әдістерімен сараптайды;

5) биологиялық толық емес ұрықтар алыну факторларын анықтайды;

6) суперовуляциялық ооциттердің, алынған биоматериалдың, алынған биологиялық толық ұрықтардың қарым қатынасуын зерттеу.

Биоматериалдың зерттеүіне қойылған талаптар:

1. Жуылып алынғаннан кейін биоматериал 15-20 минутта зерттелу керек. Зерттеүді кешіктірүге болмайды.

2. Оң және соң жұмыртқа түтіктерінің биоматериалы бөлек зерттеледі

 

Ұрықтарды қайта отырту

Ұрықтарды қайта отыртқанда ана-реципиенттың репродукция мүшелеріне еңгізеді. Ұрықтарды еңгізүді екі әдіспен өткізеді: хирургиялық (зертханалық жануарлар, қойлар, шошқалар) және хирургиялық емес (сиырлар). Жұмыстардың кезеңі ұрықтардың жуып алу жұмыстарына сәйкес келеді. Тек қана ұрықтарды жуып алу орнына ұрықтарды еңгізеді.

Қайта отыртуда ұрықтарды ана бездің ипсилатералдық жағына еңгізеді. Овуляция өткен ана бездің жағын ипсилатералдық жағы деп атайды.

Хирургиялық әдісте ұрықтардың даму кезенімен байланысты оларды жұмыртқа жасұшасын жүргізетін түтікке, жатырдың мүйізшесіне немесе денесіне, ал хирургиялық емес әдісте - жатырдың мүйізшесіне немесе денесіне еңгізеді. Ана-реципиенттерге ұрықтардың еңгізүін келесі кезекпен өткізеді: жұмыртқа жасұшасында сары дененің болуының көмегімен фаллопий түтіктерінде немесе жатырдың мүйізшелерінде ипсилатералдық жағын анықтайды, осыдан кейін ұрықтарды отырғызады. Хирургиялық әдісте ұрықтарды жұмыртқа жасұшаларын өткізетін түтіктерге воронкадан немесе жатырдың мүйізшесінен уколмен кіргізеді. Әдейленген инелермен қолданады.

Хирургиялық емес әдісте жұмыстардың кезегі келесі: алдымен реципиенттің жатырына көмірқышқыл газды кіргізеді, кейіннен Кассу катетерінің көмегімен жатырдың мүйізшесіне жатырдың денесінен 5-7 см жерде ұрықтарды еңгізеді. Осы жұмыстарды овуляция басталып 4-5 күн өткеннен кейін өткізеді: прогестеронның көбеюі жатырдың былшық еттерінің бос болуына әсер етеді, трансплантталған ұрықтар жақсы тіркеледі. Жұмыстар инструкция бойынша өткізіледі.

 

 

Ұрықтардың имплантациясы жақсы өту үшін келесі себепкер шарттарды есепке алады:

1. Ұрықтардың хромосомалық өзгерістері. Өзгерістер болмас үшін донорларды дүріс іріктеп алу керек және ұрықтармен in vitro жағдайында керекті жұмыстарды дүріс өткізу керек.

2. Имплантация кезінде ұрықтың трофобластының белгі беру күшінің аз болуы. Өмір сүретін ұрықтар реципиенттің жатырына жыныс циклда сары дененің даму фазасын ұзарту керектігіне белгі береді.

3. Ананың канының сарысуында ұрық және плацента жүктілікпен байланысты ақұыздар шығара бастайды.

4. Реципиенттің ағзасында иммунологиялық өзгерістер болады.

5. Эндокриндық себепкер шарттар. Жүктілікте гормондық өзгерістер болады, жатырдың кілегейлі қабыршығының шығаратын секреттерінің құрамы өзгереді (прогестерондар, эстрогендер).

6. Ұрықтар тіркелген жерде жатырдың тамырларының реакциясы болады. Осы кезеңде жатырда және ана бездерде қан алмасу деңгейі көтеріледі.

Ұрықтарды реципиенттердің жыныс жолдарына отыртқанда келесі ережелерді сақтайды:

1. Ұрғашы-реципиенттердің және ұрғашы-донорлардың жыныс белгілері синхронды болу керек.

2. Қайта отырғызуға тек қана биологиялы толық ұрықтармен қолданады.

3. Ұрықтарды жұмыртқа жасұшасы жүретін түтіктің және жатырдың мүйізшесінің ипсилатералдық жағына отырғызады.

4. Отырғызатын ұрықтардың саны жануарлардың түрлеріне байланысты (көп туатындар немесе бірден туатындар).

 

Донордың, ұрықтың, реципиенттің, трансплантаттың қарым-қатнасуы

Биотехнология жұмыстарының жетістіктері реципиенттердің жатырларында ұрықтардың имплантациясымен және транспланттардың туумен байланысты.

Реципиенттерге ұрықтарды қайта отырғызғанда келесі жұмыстарды міндетті түрде өткізу керек:

1. Операция күнінде тіркеу журналға келесі мәліметтер жазу керек: операция күні, жеке номер, биологиялық ананың жасы және тұқымы, отыртатын ұрықтардың кезеңі және саны, отыртатын жері (ипсилатералдық жақ және биогеографиялық орналасу).

2. 2-3 күн реципиенттер бөлек бөлмеде тұрады.

3. Жүктілікті анықтау үшін реципиенттердің артынан 1-2 жыныс цикл уақытта бақылау жүргізеді. Осы кезде ұрғашы-реципиентте жыныс белгілері болмаса, ол жүкті деп есептеледі. Ұрғашы-реципиенттердің қандарында жүктілік гормондарын биохимиялық сараптау әдістерімен табуға болады.

Осы жұмыстар донорлардың, ұрықтардың, реципиенттердің және трансплантаттардың арасында физиологиялық қарым-қатнасуды зерттеүге талаптайды:

І. Жұктіліктің пайызын анықтау байланысты:

1) қайта отыртуға қолданылған реципиенттердің санынан;

2) ұрғашы-донорлардың және ұрғашы-реципиенттердің жаратылған тұқымдарынан;

3) ұрғашы-донорлардың және ұрғашы-реципиенттердің физиологиялық қарым-қатнасуынан (синхрондық).

ІІ. Тіркетілген ұрықтардың өмір сүрүге жарамдық пайызын анықтау байланысты:

1) трансплантацияға қолданған ұрықтардың санынан;

2) ұрықтардың даму кезеңінен;

3) ұрғашы-донорлардың және ұрғашы-реципиенттердің пайдалану мерзімінен;

4) ұрықтардың және реципиенттің жатырының даму кезеңдерінің арасында физиологиялық қарым-қатнасуынан.

ІІІ. Тіркетіліп трансплантталған ұрықтардың өмір сүрүге жарамдығына әсер беретін факторларды тауып анықтау байланысты:

1) ұрғашы-донордың және ұрғашы-реципиенттің тұқымымен;

2) ұрғашы-донордың және ұрғашы-реципиенттің жасымен;

3) көбею процесстері өтетін жыл мерзімдерімен;

4) қайта отырғызылған ұрықтардың даму кезеңдерімен;

5) донорлардың және реципиенттердің арасындағы физиологиялық қарым-қатнасумен.

І\/. Ана ағзасының алынған трансплантаттардың дамуына және өсүіне әсер беретінін зерттеу. Ол үшін керек:

біріншіден, төл алған кезде қортындыларды байластыру керек:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 2606; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.