Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 1 страница. Сервисная деятельность




Сервисная деятельность

Учебное пособие

 

Для студентов вузов, обучающихся специальности «Сервис»

 

 

Зав. редакцией И.Н. Журина

Редактор Е.В Макаренко

Технический редактор Т.В. Васильева

Художественный редактор Л.П. Токарева

 

 

ЛР №020524 от 02.06.97

Подписано в печать..07. Формат 60×841/16

Бумага типографская. Гарнитура Times.

Уч.-изд. л. … Тираж экз.

Заказ №

 

 

Оригинал-макет изготовлен в редакционно-издательском отделе

Кемеровского технологического института пищевой промышленности

650056, г. Кемерово, б-р Строителей, 47

 

ПЛД №44-09 от 10.10.99.

Отпечатано в лаборатории множительной техники

Кемеровского технологического института пищевой промышленности

650010, г. Кемерово, ул. Красноармейская, 52

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.

Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.

Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде қазақ тілі пәнінен оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.

Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.

Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.

Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.

Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.

Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады.

Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады.

Ежелгі дәуір философтары (Аристотель, Демокрит, Платон, Сократ, шығыстың көрнекті ойшылдары Әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн-Сина, Қ.А.Иассауи), жаңару кезеңінің ағартушылары (Я.А.Коменский, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег т.б.), орыс педагогтары (К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б.), қазақтың ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) еңбектерінде адамның дара мүмкіндіктерін ашу, ішкі рухани күштерін дамыту мәселелеріне ерекше мән берілгені анықталды. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» атты трактатында адамның бақытқа жетудегі бірден бір жолы – адамның ой белсенділігі, интеллектінің дамуы, логикалық жаттығулар мен сабақтар нәтижесіндегі шығармашылық ізденістері деген. Демек, шығармашылық – үздіксіз және адамзат баласын прогрессивті түрде ілгері қарай жетелейтін үрдіс.

Зерттеу барысында зерделенген маңызды мәселелер: Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, жаңа әдістердің тиімділігін анықтау және оны қолдану арқылы жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру мәселелері жөніндегі пікірлер, зерттеулер Ж.Қараев, С.Рахметова, Ф.Ш.Оразбаева, Н.Құрманова, Н.Оразахынова, К.Жақсылықова, Г.И.Уәйісова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Балтабаева, Ә.Е.Жұмабаева, Б.Қ.Игенбаева, Р.О.Ізғұттынова, Б.Т.Қабатай, Н.Ә.Тойбазарова т.б. ғалымдардың әдістемелік еңбектерінде қарастырылған. оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары (А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б.), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін жетілдірудің бағыттары (Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б.), зерттеулерінің маңыздылығы жоғары.

Зерттеудің нысаны – мектепте орта буында қазақ тілі сабағын дамыта оқыту.

Зерттеу пәні –оқушыларды қазақ тілінен дамыта оқыту

Зерттеудің мақсаты – білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында орта буын оқушыларына қазақ тілін дамыта оқыту арқылы шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу, сыни талдау.

Зерттеу міндеттері:

1) тақырып аясында кең көлемдегі ізденіс; қосымша деректерді жинақтау, шоғырландыру;

2) дамыта оқыту мәселесін арқау етіп жүрген ғалымдар мен зерттеушілер еңбектеріне назар аудару, яғни зерттеу бағытындағы жұмыстарды бір арнаға тоғыстыру;

3) дамыта оқытуда шығармашылықты дамыту жұмыстарын оқыту үрдісінде жүргізу арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын, жаңалыққа құштарлығын жетілдіре алатындығын, рухани-адамгершілік құндылықтарын жетілдіруге болатындығын айқындау;

4) дамыта оқытуда көрнекіліктердің лайықты орнын, мүмкіндіктерін қарастыру;

5) дамыта оқытуға қатысты тілден берілетін теориялық материалдарды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып берудің жолдарын нұсқау;

6) білім берудің қазіргі мақсатының – оқушының ақпаратты өзі іздеп табуы, талдауы, ұтымды пайдалануы екендігін дәлелдеу;

7) қазақ тілінендамыта оқыту процесінде өздігінен іздендіре оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, Қазақстан Республикасындағы елеулі жаңашылдық өзгерістерге байланысты жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру жеке тұлғаның сапалық қасиеті, құндылық бағдары ретінде мәні мен мазмұны ашылса және теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; оқушылардың субъект ретіндегі дербес шығармашылық мүмкіндіктері жүйелі түрде танымдық қызығушылығына сай ұйымдастырылса және дидактикалық тұғырлары анықталса; шығармашылық қызығушылық жеке тұлғаның субъектілік және қоғамдық мәнін арттыратын өзегі ретінде танылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып, білім беру саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып, инновациялық процесс қамтамасыз етіледі.

Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттармен жұмыс, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер, диссертанттың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу мәселесі – Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту Тұжырымдамасында былай делінген: «Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды мндеттері тұр. Білім берудің негізгі мақсаты блім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру мен жұмыс істеу болып табылады»делінген (ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы). Осыған сәйкес, біздің де зерттеу мәселеміз өте өзекті жайды арқау етеді, яғни оқушыларға сөйлемдерді оқыту мәселесі.

Мектепте сөздік қорды жетілдіруде, шығармашылық жұмыстарды түрлендіруде әлі де болса, қолға жүйелі алынбай отырған мәселелер реті баршылық,бұл сапалы білім беру менәлі де болса жете қолға алынбай отырған педагогикалық іскерлік арасындағықарама-қайшылық. Бұл қарама-қайшылық зерттеу тақырыбын «Мектепте қазақ тілі сабағында сөйлемдерді оқыту: сыни талдау» (қазақ тілі пәні үлгісінде) деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеу құрылымы. Зерттеу екі тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады.

 

 

І. МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ

 

 

1.1 Қазақ тілінен білім беру мәселесінің, әдістеменің зерттелу жағдайлары

 

ХХ ғасырдың басындағы оқу-ағарту, ғылым жолындағы өте биік тұлға – Ахмет Байтұрсынов. Ол көптеген мектеп оқулықтарының авторы, екіншіден, алдыңғы қатарлы әдістемені оқулық жазуда ғана қолданып қоймай, қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылыми еңбек жазған. А. Байтұрсыновқа дейін қазақ тілін оқыту әдістемесінен ғылыми еңбек жазған ғалым болмаған. Сондықтан А. Байтұрсынов әдістеменің заңдылықтарын оқулықтар жазуда іс жүзінде қолданған және әдістемені ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым. 1912 жылы А. Байтұрсыновтың «Оқу құралы», Қазақша «Әліпби-І» деген оқулығы шыққан. Ғалым балалар тілін дамыту жолында алдымен жеке сөздермен таныстыру принциптерін ұстаған. Балалар тілін дамытудың құралдары жаңылтпаш, мақал-мәтелдерге орын берген. 1928 жылы келесі оқулығы «Әліп-би» жарық көрді. А. Байтұрсынов әдістемесінде аз дыбыстан тұратын сөзден бастау, жаттығуды аз сөйлемнен, мәтінді өте шағын түрінен бастау, оларды біртіндеп қана кеңейту, күрделендіру тәсілі орын алған. Осының бәрі баланың тілін дамытады. Ғалымның бала тілін дамытуда қолданған өзіндік бір ерекшелігі – сөз ұқсастығын өте жиі пайдаланады. Мысалы, ол, олар, орлар, шаш, шаша, шашақ, керек, терек, тезек, елік, есік. Зор, Ораз, ора. Ора, зор, Ораз. Зор, Ораз, оз. Аз, зор, Ораз. Бастауыш мекеп мәселесіне арналған «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы?» еңбектерінде де шығармашылықты дамыту мәселесі сөз болады. 1929 жылы 5 мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген «Газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық еңбектерінің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған. Мұнда мынадай еңбектері көрсетілген: 1. «Тіл – құрал» (Фонетика), 2. «Тіл – құрал» (Морфология), 3. «Тіл – құрал» (Синтаксис), 4. «Әдебиет танытқыш», 5. «Баяншы» (методикалық жазбалар), 6. «Тіл – жұмсар» (1-бөлім. Практикалық грамматика), 7. «Тіл-жұмсар» (2-бөлім. Практикалық грамматика), 8. «Оқу құрал» (балалар әліппесі), 9.Әліппе, 10. Сауат ашқыш (ересектер әліппесі), 11. «Әліппе – астар» (әліппеге методикалық нұсқау), 12. «Қырық мысал» (Крылов мысалдары аудармасының жинағы), 14. «Оқу құрал» хрестоматия (нұсқалық) – Шоқановпен бірлесіп жазылған).

Өз қолымен жазған «Өмірбаянында» (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тіліг кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздеріне термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакцияланған «Қазақ» газеті арқылы іске асты» [2]. Міне, ақынның алдында қандай асқаралы міндеттер, толағай мақсаттар тұрғаны кім-кімді де таң қалдырары айқын.

Оқушылардың тілін байыту, олардың өз ойын дұрыс, жүйелі айта білу мен жазбаша сауатты және мәдениетті болуының маңыздылығы туралы тұңғыш пікір айтып, іске асыра бастаған - Ы. Алтынсарин. Оқушы тілін дамыту мәселесі қазақ халқының тарихында теориялық тұрғыда ғылыми зерттеуден емес, тәжірибеден басталды деуге болады. Қазақ халқының алғашқы педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қазақ балаларының білім алуына үлкен үлес болып қосылған еңбек болды. Алғашқы балалар әдебиетінің үлгісі деп бағалау орынды. Бұл қазіргі бастауыш мектепке арналған «Ана тілі» оқулығының атасы.

ХХ ғасырдың төртінші онжылдығының басынан бастап әдістеме бойынша ғылыми еңбектер, оқулықтар шыға бастады. Ондай ғылыми еңбектердің авторларынан Ш. Х. Сарыбаевты, Ғ. Бегалиевті, С. Жиенбаевты, А. Садуақасовты атауға болады. Ш. Х. Сарыбаев 1932 жылы «Жаздырып үйретудің әдістері» деген әдістемелік еңбегін баспадан шығарды. Бұл шағын көлемді әдістемелік еңбек - әдістеменің жеке мәселесіне арналған оқу құралы. Олар «ІІІ сыныпта қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқаулар», ІІІ сыныпта «Тіл» тақырыбын оқыту мәселесіне арнаған мақала, тіл дамытуға арналған мақала – «Бірінші нысанам – оқушының сөз қорын арттыру». Бұл еңбекте де бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтылған.

Синтаксисті оқыту мәселелері Ә.Хасенов, А.Әбілқаев, Ш.Әуелбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.

И.Ұйықбаев «грамматикалық ережелерді білмеу, сөйлемдегі мағыналық қарым-қатынастарды түсінбеу орфографиялық қателерге» соқтыратынын дәлелдеп, диктанттың түрлеріне, олардың атқаратын рөліне тоқталып, сызбалар мен үлестірме қағаздарды ұтымды қолданудың жолдарын ұсынады [3].

Қазақ тілі, әдістемесінен ғылыми еңбектер методикасының алғашқы оқулығын жазған ғалымдар Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев. Ғ. Бегалиев 1935 жылы мектепте қазақ тілін оқыту методикасы бойынша еңбек жариялады. Бұл мектепте қазақ тілін оқыуға арналған алғашқы оқулық еді. Оның редакциясын профессор Қ. Жұбанов басқарды. Осы оқулық толықтырылып, өңделіп, 1940 жылы «Мектептегі қазақ тілінің методикасы» деген атпен шықты. Сондықтан Ғ. Бегалиевті бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми негізін салған ғалым деуге толық негіз бар. Ғ. Бегалиев бастауыш сыныпта тіл дамыту мәселесін ғылыми тұрғыда алғаш көтерген ғалым. Оған Ғ. Бегалиевтің «3-4 сыныптардың тіл дамыту негіздері» деген еңбегі дәлел бола алады. Бұл еңбек тіл дамыту мәселесінің ғылымда өз алдына проблема ретінде қойылуының бастамасы болады. Сондықтан Ғ. Бегалиевті әдістеменің ірі, маңызды мәселенің зерттелуіне жол ашқан, оны ғылымда көтере білген, оның маңызын түсіне білген ірі методист ғалым тіл дамыту мәселесі күні бүгінге дейін өте маңызды ғылыми мәселе ретінде сақталып отыр.

С. Жиенбаев ғылымда мектепте кітап оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым ретінде белгілі. С. Жиенбаев бастаған кітап оқыту әдістемесін кейінірек жалғастырған бірсыпыра ғалымдар бар, олар: Х. Арғынов, С. Рахметова, Қ. Бозжанова. Бұл ғалымдар С. Жиенбаевтың кітап оқыту әдістемесін негізге ала отырып, оны біраз дамытқан. С. Жиенбаев бұнымен бірге орта мектепте қазақ тілін, оқыту әдістемесінің де негізін салған. С. Жиенбаевтың осы мәселедегі жоғарғы оқу орнына арналған оқулығы ғалымдардың осы мәселені жалғастыруына негіз болды. С.Аманжолов «Жаңа мектеп» журналының бетінде «Мектепте ана тілін оқытудың мақсаты мен мәні», «Класта көркем және іс-қағаздарына байланысты мәтіндерді оқыту» сияқты мақалаларда оқушының тілін дамыту туралы бірсыпыра құнды пікірлер айтқан.

1940 жылдардан бастап әдістемеге ат салысқан бірсыпыра ғалымдар құнды пікірлер қосылды. Олардан А. Садуақасов, Ә. Сытдықов, Х. Жолаев, Ә. Ермековті атауға болады. А. Садуақасов еңбектерінің ішінде үш еңбегін ерекше атаған дұрыс. Ол – «Сауат ашу методикасы» және «Қазақ тілінен методикалық құрал», «Қазақ тілін оқыту тәжірибелері». Бұл еңбектерде ғалым жазуға үйрету мәселесіне, оқушының жазбаша тілін дамытуға мән берген. Жазуға үйрету мәселесінен алғаш еңбек жазған ғалым ретінде Х. Ш. Сарыбаевты атаймыз. Ол ІІ сыныпта мазмұндама жазу, үлгі бойынша шығарма жазу әдістемесін жазып, диктанттың түрлерін анықтаған[4].

С.Аманжолов «Жаңа мектеп» журналының бетінде «Мектепте ана тілін оқытудың мақсаты мен мәні», «Класта көркем және іс-қағаздарына байланысты мәтіндерді оқыту» сияқты мақалаларда оқушының тілін дамыту туралы бірсыпыра құнды пікірлер айтқан.

1940 жылдардан бастап әдістемеге ат салысқан бірсыпыра ғалымдар құнды пікірлер қосылды. Олардан А. Садуақасов, Ә. Сытдықов, Х. Жолаев, Ә. Ермековті атауға болады. А. Садуақасов еңбектерінің ішінде үш еңбегін ерекше атаған дұрыс. Ол – «Сауат ашу методикасы» және «Қазақ тілінен методикалық құрал», «Қазақ тілін оқыту тәжірибелері». Бұл еңбектерде ғалым жазуға үйрету мәселесіне, оқушының жазбаша тілін дамытуға мән берген. Жазуға үйрету мәселесінен алғаш еңбек жазған ғалым ретінде Х. Ш. Сарыбаевты атаймыз. Ол ІІ сыныпта мазмұндама жазу, үлгі бойынша шығарма жазу әдістемесін жазып, диктанттың түрлерін анықтаған. Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелрі» еңбегі 1956 жылы шығып, әдістемеге қосылған құнды еңбек болып саналды.

1960 жылдардан бастап әдістеме проблемасын ғылыми тұрғыда арнайы зерттей бастады. Осы жылдары қазақ тілін оқыту арқылы баланың тілін дамыту туралы еңбектер көріне бастады. Мәселен, Д. Әлімжанов, С. Маманов, Х. Арғынов, С. Рахметова, Қ. Шәукенов, Е. Құлмағамбетова, Е. Көшербаев, С. Қазыбеков және т.б. 1965 жылы Д.Әлімжанов пен Ы.Мамановтың авторлығымен «Қазақ тілін оқыту методикасы» еңбегі жарық көрді. 1969 жылы Х.Арғыновтың «Қазақ тілі синтаксисінің методикасының негіздері» еңбегі жарық көрді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1042; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.