КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
КІРІСПЕ 1 страница. Диплoмдық жұмыс тaқырыбының өзектілігі.Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық
Диплoмдық жұмыс тaқырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық қатынас байланыстар аясында тиісті банктік заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, тиісті банктік шарттар негізінде жүргізілетін банктік операцияларға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар өзінің қажеттілігімен әрі экономикалық қаржылық сипатымен ерекшеленіп, түрлі банктік құқықтық қатынастар ретінде айрықша көрініс табуда. Демек, нарықтық қатынастардағы банктердің өзіндік және тартылған капиталдары көмегімен жүргізілетін есеп айырысу, кредиттеу, инвестициялау және валюталық операциялары егемен Қазақстан экономикасының ажырамас буыны әрі атрибуты болып табылады. Ал қаржыгерлердің Қазақстан Республикасының Конституциясын, банктік заңнаманы және банк жүйесіне қатысы бар өзге де заңнамалық актілерді тиісті көлемде зерделей отырып, олардың негізгі ережелері мен принциптерін жете игергені банктік қызметтің ашықтығын банктік қатынастардағы заңдықтың, сондай-ақ банктік құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге өзіндік үлесін қосады. Көне заманда банктер сақтау, айырбастау және қарыз беру қызметін атқарғанымен, кейіннен эмиссиялау, кредиттеу және есеп айырысу операцияларын жүзеге асыратын коммерциялық ұйымға айналды. Банктік заңнамалық актіге сәйкес құрылған әрі уәкілеттілік берілген Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінде негізінен алғанда коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі ауқымындағы ақшалай кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастарға тиісті лицензия рұқсат негізінде қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік-қаржылық институттар, таза нарықтық сипатты коммерциялық ұйымдар болып саналады. Зерттеyдің мaқсaты. Банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік- корпоративтік шаруашылық субьектілерінің кредиттік, ақшалай, инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық-жанама және әкімшілік тікелей мемлекеттік басқару ауқымында ұйымдастырушы нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құрылым болып табылады. Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы нысандарының жүйесін көрсетеді. Зерттеудің міндеті. Филиалдың негізгі мідетіболып, қаржылық ресурстарды қолдануға тиімділікті көтеру мақсатымен және банктік қызметтегі клиенттердің мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатымен қаржылық нарықтағы банк қызметін кеңейту болып табылады. Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік банктік-құқықтық актілер, халықаралық банктік құқық нормалары және халықаралық банктік келісімдер, Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері, қаулылары жатады. Банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше-корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады. Диплoмдық жұмыстың негізгі зерттелетін oбъектісі. Шымкент қаласындағы «Цеснабанк» АҚ филиалы. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған осы дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының банктік стандартының және халықаралық банктік стандарттар ережелеріне, сондай-ақ замана әрі практика талаптарын ескере отырып жаңа нормативтік құқықтық актілерге сай жазылған. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұратын мазмұнында Қазақстан Республикасының банктік құқығын зерделеудің және ғылыми танып білудің қазіргі заманғы жаңаша жолдары көрініс тапқан. Зерттеyдің әдістері. Диплoмдық жұмыстың жaзылyындa Қaзaқстaн Респyбликaсының стaтистикaлық мәліметтері және ғaлaмтoрдaн aлынғaн aқпaрaттaр жинaқтaлып және сaрaптaлып енгізілді, сoнымен қaтaр БAҚ-тaғы (Бұқaрaлық Aқпaрaттaр Құрaлы) мәліметтер де сaрaлaнып диплoм жұмысының жaзылyының бaсты әдістерінің бірі бoлып тaбылды. Жұмысты жaзy бaрысындa кәсіпoрынның 2013-2014 жылдaр aрaлығындaғы есептік көрсеткіштері қoлдaнылды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму кезеңдері, түрлері, экономикалық мәні, құқықтық негіздері Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік- экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім. Осы орайда банктік құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін «банк» сөзінің, банктік қызметтің мағынасын қысқаша анықтау әрі ашып көрсету жөн болар деп санаймыз. Банктердің алғашқы қалыптасып, даму кезеңдері, олардың банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде із қалдырғаны белгілі. Ең алғашқы банктер ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға қолайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген. Осындай операциялар біздің эрамызға дейінгі XXVIII-XXVII ғғ. Мысырда жүзеге асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген қыш тақтайшалар құжаттар храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырған, сондай-ақ ақша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көзденгенін дәлелдейді. Дегенмен аталған банктік операциялар толық мәнінде банктік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған. Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретінде айырбасшылар мен өсімқорлар ғана көрініс тапқан. «Банк» сөзі италян тілінде «вансо»- ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын деген мағынада түсіндірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр даму кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаи, аргентарий, менсарии, трансферит, кумулярии деп аталған. Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя қаласында 1407 жылы мамандандырылған кредиттік-есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын. Дүние жүзіндегі елдердің банктері кезінде Ганзейлік банктер, кенеппен сауда жасайтын Британ банкі, теңіз саудасына арналған Пруссия банкі, Париж есепке алу кассасы, Ломбардтар, жиробанктер, Ресей мәнет канцеляриясы деген және тағы басқа аттарымен белгілі болған. Бүгінде Ресей Федерациясының Орталық Банкі, Францияның мемлекеттік банкі, Австрияның Ұлттық Банкі, Бельгияның ұлттық банкі, Италияның ұлттық банкі, АҚШ орталық банкі- Федералдық резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және тағы басқа елдердің ұлттық немесе орталық банктері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта банктер меншік нысандарына қарай: мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; коперативтік банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк, клирингтік банк, коммерциялық банк, жер банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі, консорциалдық банк, даму банкі, әмбебап банк, трансұлттық банктер, тұтыну кредиті банкі, мемлекетаралық банк және тағы басқа банктер түрінде сипатталады. Банктер алғашқы кездерде негізінен ақшалай операцияларды, сондай- ақ сақтау, есепке алу, есеп айырысу және айырбас операцияларын жүзеге асырған. Кейіннен олар әрбір тарихи кезеңдерде заем операцияларын, салым операцияларын, ақшалай есеп айырысу және төлем операцияларын, ақша белгілерін эмиссиялауды жүргізген. Бүгінде банктер эмиссиялық, депозиттік, кредиттік, төлемдік, кассалық, лизингтік, трасталық, факторингтік, валюталық және тағы басқа операцияларды тиісті заңнамамен лицензиялар негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдар болып табылады. Банктер негізгі аспектілеріне орай ақша сақтайтын орын; кредиттік мекеме, ұйым; коммерциялық ұйым; экономикалық басқару органы; дилерлік делдалдық ұйым; биржалық агент; кредиттік кәсіпорын; заңды тұлға; тек банктік қызметті жүзеге асыратын кредиттік ұйым; мекеме деп және тағы басқа сипатта аталуы мүмкін. 1987-1988 жылдары реформалауға ұшыраған банктер егемен Қазақстанда 1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптасқан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, акционерлік-коммерциялық банк Тұран банкі, акционерлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкі, акционерлік-коммерциялық банк Әлем банк, акционерлік коммерциялық банк Жинақ банкі жұмыс істей бастады. 1993 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банкілер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қабылдауына сәйкес барлық акционерлік-коммерциялық банктер акционерлік банктер ретінде қайтадан құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы шілденің 16-сындағы және қыркүйектің 6-сындағы Жарлығына орай «Мемлекеттік экспорттық- импорттық банк», «Мемлекеттік Даму банкі», сондай-ақ 1996 жылғы наурыздың 29-ындағы Жарлығы бойынша «Мемлекеттік медетші банк» құрылды. Қазақстан Республикасында банк жүйесі экономикалық мәні, сипаты, құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиіс. Ұлттық банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді. Қазақстан республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің төменгі деңгейіне жатады. Екінші деңгейдегі банктердің түрлері, құқықтық мәртебесі, олардың құрудың, қызметінің және таратудың тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгіленеді. Шетелдер қатысушы банк акциялардың үштен бірінен астамы: а) Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің; б) акцияларының елу процентінен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы Резиденттерінің заңды тұлғаларының иелігінде, меншігінде немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің-заңды тұлғаларының; в) Қазақстан Республикасы резиденттері еместердің не Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 6-баптың (б)-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың құжаттарына билік етушілер болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігінде, меншігінде және басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк. Мемлекетаралық банк-халықаралық шарт негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен сол шартқа қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк. Сонымен, “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заңына сәйкес Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым - қатынастар, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарына өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі: · мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; · төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; · валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру; · қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттермен қатар ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты орталық банктің басты міндетімен қоса заңдылықпен бекітілген құзіреттер мен құқықтарды иеленіп отырып бірқатар қызметтер атқарады. Бұл қызметтер “ҚР Ұлттық Банкі туралы” Заңда атап көрсетілген. · Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының қызметін лицензиялайды, бақылау, қадағалау жасайды. · Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен ынтымақтастық жасайды және қадағалау қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттармен алмасуға құқылы. · Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы тағайындаған тәуелсіз аудиторлар тексеріп отырады. · Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің қаржылық негізін банктің жарғылық және резервтік капиталы мен оның таза кірісі құрайды. · Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі болады және өзі қалған таза кірістен аударымдар жасау жолымен, кемінде 20 миллиард Қазақстан теңгесі мөлшерінде қалыптастырылады. · Қазақстан Ұлттық Банкі өз балансындағы мүлікті иелену, пайдалану мен билік жүргізу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен дербес жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы оның жарғылық капиталы мөлшерінде құрылып, таза табысы есебінен толықтырылады әрі Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, тек жүргізілген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын – валюта активтерін қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негізгі қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын индекстеу нәтижелерін есепке алуға арналған. Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздары, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар, ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар құралады. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы ішіндегі таза кірісі осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтері бойынша құрылған жалпы провизияларының сомасына азайтылған таза кірісі қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгіленген мөлшерде жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыруға жұмсалады. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекіткеннен кейін, алынған таза кірістің қалған бөлігі келесі қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады. Алынған пайда жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, пайда болған айырма Қазақстан Ұлттық Банкінің келесі қаржы жылындағы таза кірісі есебінен өтіледі. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы Қазақстан Ұлттық Банкісінің ел Президентінің алдында толық есептілігін туғызды. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Қазақстан Республикасының Президентіне есептілік білдіреді: · Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Парламентінің келісімімен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы, оны қызметтен босатуы; · Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарларын қазметке тағайындауы және қызметтен босатуы; · Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекітуі; · Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі; · Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі; · Қазақстан Республикасының Президентінің ұлттық валюта Қазақстан теңгесі банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуі; · Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзіретіндегі мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті сұрау салған ақпаратты табыс етуі; · Қазақстан Ұлттық Банкі өз дербес балансы бар, өзінің филиалдары, өкілдіктерін және ұйымдарын құрайтын бірыңғай құрылымды құрайтын ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы тағайындаған тәуелсіз аудиторлармен тексеріледі. Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның бөлімшелерінің қызметін кез-келген мемлекеттік органдардың тексеруі тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырысы бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкіне бағыныстағы схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылым. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрамына департаменттерден тұратын орталық ақпарат пен басқа бөлімшелер, филиалдар, өкілеттер және ұйымдар кіреді. Азаматтық курсынан белгілі болғандай, филиал дегеніміз заңды тұлғаның орналасқан орнынан тыс жерде орналасқан және оның қызметін толығымен немесе ішінара орындайтын оқшау бөлімшені айтамыз. Банк “ҚР банктер және банк қызметі туралы” Заңына сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық мекеме болып табылатын заңды ұйым. Банктің ресми мәртебесі мемлекеттік заңды тіркеу ұйымымен банк ретінде әділет органдарында тіркелумен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясының болуымен анықталады. Бір де бір заңды тұлға банктің ресми мәртебесіне ие болмай тұрып, “банк” ретінде танылмайды немесе өзін банк қызметімен айналысатын ретінде сипаттай алмайды. Банктің мекен-жайы оның басқармасы орналасқан орын болып табылады. Банк операцияларының жекеленген түрін жүзеге асыратын банк болып саналмайтын заңды тұлғалар Ұлттық Банк лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы. Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы жоқ ешқандай тұлға банк операцияларын негізгі және қосымша қызмет ретінде банк операцияларын атқаруға, өз атауында, құжаттарына, жарнамаларына “банк” сөзін қолдануға құқығы жоқ. Осы тыйым салу Ұлттық Банкке, банктер филиалдары мен өкілдіктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысты емес. Ұлттық Банк лицензиясы және құзыретті органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып есептеледі.
Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 945; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |