Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 5 страница. · тиісті заңнамалық актілерді немесе шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің банктік шотынан өздеріне тиесілі ақша




· тиісті заңнамалық актілерді немесе шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің банктік шотынан өздеріне тиесілі ақша сомасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындайды;

· клиентке шартта, тиісті заңнамалық актілерде көзделген және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналымы дағдыларына орай өзге де банктік қызметтер көрсетеді.

Банктік депозит (салым)шартының негізінде банк:

1) клиенттің жинақ шотындағы оған тиесілі ақшаның (депозитің/ салымның) болуын қамтамасыз етеді;

2) клиенттің аталған банктік шотындағы ақша қаражатын пайдаланады;

3) клиенттен немесе үшінші тұлғадан клиенттің жинақ шотына қолма– қол және қолма- қол емес тәсілмен ақша қабылдайды;

4) клиенттің ақша қаражатын өз мүддесіне орай пайдаланғаны үшін оған осы шартта көзделген тәртіппен және айқындалған мөлшерде сыйақы төлейді;

5) клиенттің үшінші тұлғаның пайдасына депозит енгізу жөніндегі өкімін орындайды.

Банктік карт- шот шарты негізінде банк:

1) клиенттің шоттағы ақшасының ұдайы болуын қамтамасыз етеді;

2) клиеттің атына (пайдасына) түсетін ақшаны осы шотқа есептейді;

3) шартта көзделген тәртіппен клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізеді;

4) заңнамалық актілерде немесе аталған шартта көзделген негіздерге орай шоттағы клиент ақшасының өздеріне тиеселі сомасын алып қою жөніндегі үшінші тұлғалардың өкімін орындайды;

5) заңнамалық актілерде немесе шартта айқындалған тәртіппен клиенттің қолма– қол ақшасын қабылдайды;

6) клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып оған қолма– қол ақша береді.

Коммерциялық банкті алғашқы рет құру және оның жарғылық қорын қалыптастыру барысында Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот, сондай– ақ басқа коммерциялық банкпен (банктермен) өзара жасалған корреспонденттік шот шарты негізінде көбінесе есеп айырысу, банк жүйесінің резервтік қорын қалыптастыруға қатысу, ақша аудару, ақша қаражатын корреспонденттік шотқа есептеу, корреспондентік шотты кредиттеу сияқты және т.б. осы корреспонденттік шот арқылы жүргізілуге тиіс банктік операцияларды жүзеге асыру жөніндегі корреспонденттік банк пен респондент банктің (керісінше респондент банк пен корреспондент банктің) банктік операциялық қызметі болып табылады.

Корреспондент банктің респондент банкке ашатын корреспонденттік шоты «ЛОРО», ал респондент банкте «НОСТРО» деп аталады.

Банк клиенттері заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің корреспонденттік шоттарын есепке алмағанда басқа банктік шоттары бойынша тиісті операцияларды тоқтата тұру:

Банк клиенті салық төлеушінің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол (өкім) банкке табыс етілген күннен бастап күшіне енеді.

Осы өкім банктер тұрғысынан сөзсіз орындалуға тиіс.

Осындай өкімді шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның (өкімнің) күшін жояды.

Клиентің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тек салық берешегін өтеу жөніндегі операцияларға ғана емес сонымен бірге оның барлық шығыс операцияларына да қолданылады.

Тиісті заңнамаларда немесе банктік шартта нақтылы мән- жайлар көзделмеген болса, клиенттің өтініші бойынша банктік шот шарты кез келген уақытта бұзылады.

Банктік шот шартын тоқтату негіздері ретінде:

1) банктік шот шартын бұзу және шотты жабу туралы клиенттің жазбаша өтініші;

2) банк клиенті заңды тұлғаны құрған органның шешімі;

3) банктік шот шартының бір тарапы болып табылатын заңды тұлғаның таратылуы;

4) банктік қызмет сипатының өзгеруіне орай шарт бойынша шотқа қатысты нақты бір белгінің жойылуы көрініс табады.

Заңды тұлғаның клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты немесе заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам, ал жеке тұлғаның шотында үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы шотқа қойылған талаптардың орындалмауы орын алған кезде банктік шотты жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық- инфоттық келісім-шарттар бойынша клиентте орындалмаған (клиент орындамаған не орындай алмаған) талаптар болған кезде ағымдағы банктік шотты жабуға тыйым салынады.

Заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысқан жеке тұлғаның банктік шоты жабылғаннан кейін банк он күндік мерзімде осындай мән- жай туралы тиісті салық қызметі органдарына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекеменің банктік шотын банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы мемлекеттік мекеменің банктік шотын ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады.

 

3.2 Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастары

Қазақстанда төлем және ақша аудару көбінесе банк арқылы жүзеге асады және банк заң шығаруымен реттеледі. Ұлттық Банк басқарады және төлем жүйесінің қызметін реттейді, ереже орнатады және төлем қолдану және ақша аудару әдістемесін жүзеге асырады. ҚР 1998 жылдың 29 маусымындағы “Төлемдер және ақша аударуы” Заңында ҚР төлем және ақша аудару негізінде туындаған қатынастарды реттейді, сонымен қатар басқа ұйымдарға пошта байланыстар арқылы ақша аударады.

Банктердің есеп айырысу операциялары, әдетте, банк клиенттің немесе оның контрагентінің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын шоттан шығарып түрлі мақсаттарға орай (алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін) осы соманы басқа банктік шотқа есептеу жөніндегі тиісті заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп негізінде банк іске асыратын делдалдық функция ретінде көрініс табады.

Банктердің есеп айырысу операциялары көбінесе қолма қол ақшасыз жүзеге асырылатын ақшалай төлемдерге қатысты тек банк арқылы жүргізілетін операцияларды білдіреді.

Банктік есеп айырысу операциялары клиенттердің ақша қаражатарының банкке жұмылдыруға септігін тигізетін пайдалы базалық қызмет көрсету түріне жатады. Банктердің есеп айырысу жөнінде қызметтері жеткізушілермен, мердігерлермен, республикалық және жергілікті органдармен, бюджеттен тыс қорлармен, құрылтайшылармен, еншілес қоғамдармен, өзге де дебиторлармен және кредиторлармен жүзеге асырылады.

Банктік есеп айырысуға байланысты туындайтын қатынастар «Қазақстан Республикалық Ұлттық Банкі туралы» ҚР заңымен (оның 7– бабының 2)- тармақшасымен; 8- бабының д- 1)- тармақшасымен «жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмаларына орай олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру», з)-тармақшасымен, у- 5) тармақшасымен; 48-бабымен; 50-бабымен); «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңымен (оның 30-бабының д)- тармақшасымен, 38- бабымен); «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы заңымен (оның 7- бабымен; 8-14- баптарымен; 23- бабымен, 29-бабымен); Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 749- бабының 1- тармағымен, 750- бабының 1- тармағының 2),3) және 4)- тармақшаларымен, 754- бабының 1-тармағымен; басқада заңнамалық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі.

Банктік есеп айырысу процесінде қалыптасатын ақшалай айналым көбінесе қолма-қол емес ақшаның төлемдік құрал ретіндегі функциясының іске асырылуы кезінде көрініс табады. Қолма-қол ақшасыз төлемдік айналым банктік шот бойынша қолма-қол ақшасыз аударым жасау жолымен жүргізіледі.

Банктер арқылы қолма– қол ақшасыз есеп айырысу қолма-қол ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді, қолма-қол ақша айналысына байланысты шығындарды қысқартады, банк клиенті заңды тұлғаның банктік операцияларына, сондай-ақ оның есеп айырысуға орай, төлемдік және салықтық тәртіпті сақтауына бақылау жасауға септігін тигізеді.

Банктік есеп айырысу қатынастары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің банктер тарапынан орындалуы міндетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен, салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындатуға байланысты Қазақстан Республикасы Салық Кодекісінің тиісті баптарымен де реттеледі.

Есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер:

1) клиенттің атына түсіп жатқан ақша қаражаттарын оның банктік шотына есептейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді;

2) клиенттің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын осы шоттан шығарып клиент көрсеткен кредитордың немесе басқа тұлғалардың банктік шотына есептейді;

3) жүргізіліп жарқан есеп айырысу операцияларының заңға сәйкестігін бақылайды;

4) клиенттің банктік шотында сақталып жатқан ақша қаражатына банктік шартта белгіленген мөлшерде процент төлейді;

5) есеп айырысу операциясының барлық қатысушыларын олардың арасында жүргізілген есеп айырысулардың мән-жайлары мен нәтижелері, клиентердің банктік шоттарында қалған қаражат сомасы жөнінде хабардар етеді.

Есеп айырысу операцияларын құқықтық қамтамасыз ету уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген есеп айырысу ережелерін, мерзімдерін және стандарттарын сақтауға негізделеді.

Қандай болмасын банктің есеп айырысу-кассалық бөлімі уәкілетті органның келісімі негізінде құрылған, филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банктік операциялардың жекеленген түрлерін орындайтын, заңды тұлға болып табылмайтын, банктің аумақтық оқшауланған бөлімшесі ретінде көрініс табады.

Банк басшылығы өзі ашатын есеп айырысу- кассалық бөлімнің қызметі үшін толық жауап береді. Банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдері оларға берілген сенімхат шегінде банктік операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

· жеке тұлғалардың, дербес әрі шағын кәсіпкерлік және микробизнес субъектілерінің депозиттерін қабылдайды, банктік шоттарын ашады және жүргізеді;

· ақы төлеу, мерзімділік және қайтарымдылық шарттылығымен жеке тұлғаларға және дербес әрі шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілеріне ақшалай кредиттер береді;

· жеке тұлғаларға, дербес әрі шағын кәсіпкерлік және микробизнес субъектілеріне ақшалай орындауды көздейтін банктік кепілдіктер береді;

· банкноттар мен монеталарды қабылдайды, береді, қайта санайды, ұсақтайды, айырбастайды, сұрыптайды, буады және сақтайды;

· клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтайды, оған қоса сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен бөлмелерді жалға беру жөнінде қызмет көрсетеді;

· заңды және жеке тұлғалардың ақша аударымы бойынша тапсырмаларын орындайды;

· шетелдік валютамен жүргізілетін айырбастау операцияларын ұйымдастырады.

Есеп айырысу- кассалық бөлімдері шетелдік валютамен айырбастау операцияларын Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.

Есеп айырысу-кассалық бөлімдері Қазақстан Республикасының банктерге және банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызметтік үй- жайларда орналасуға тиіс.

Нақтылы банктің есеп айырысу- кассалық бөлімдері басқа банктерде және банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда банктік шоттарын аша алмайды, дербес және шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдамайды, банктік шоттарын ашпайды және жүргізбейді, сондай- ақ заңды тұлғалардың экспорттық- импорттық операциялары бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмайды.

Банктік есеп айырысудың (оның ішінде тек қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың) қазіргі заманғы нормативтік құқықтық базасының негізінде нарықтық экономикаға тән есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері қалыптастырылды.

Банктік есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері мынадай көрініс табады:

1) банк клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының тиісті сомасын тек клиенттің өкімі негізінде шығырады;

2) банк клиенттері мен олардың контрагенттері қолма- қол ақшасыз есеп айырысу нысандарын өз еріктерімен таңдай алады;

3) банктік есеп айырысу-төлем жасау мерзімі тиісті шарттар мен ресми құжаттарда нақтылы белгіленеді;

4) банктік есеп айырысу-төлемдік операциялары тиісінше көлемді клиентертердің банктік шотына түсіп отыратын немесе түскен ақша қаражаттарымен қамтамасыз етіледі;

5) барлық заңды тұлғалар-ұйымдар мен кәсіпорындар өз ақша қаражаттарын өздерінің ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан қалған банктегі тиісті банктік шотарда сақтауға міндетті;

6) банктің есеп айырысу операциялары тек банк клиенті кәсіпорыннан алынған ақшалай есеп айырысу құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;

7) шаруашылық және өзге де экономикалық байланыстары бар кәсіпорындар арасындағы ақшалай есеп айырысулар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен тек банктер арқылы жүргізіледі.

Ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру барысында банктер мен олардың клиентері өзара банктік шартқа сәйкес өздеріне қатаң сипаттағы белгілі бір міндеттемелер жүктейді.

Банктер арасындағы, сондай- ақ банктер мен олардың клиенттері арасындағы банктік қатынастар оның ішінде есеп айырысу қатынастары, егер тиісті заңнамада өзгеше көзделмесе, тек банктік шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Банктік есеп айырысу қатынастарын реттеу кезінде шарт бойынша банктік есеп айырысуды уақытылы орындауға, есеп айырысу құжаттарының сақтанымдылығын қамтамасыз етуге, банктің өз клиентінен алған ақпарат құпиясын сақтауына, есеп айырысуға орай клиентіне сапасыз қызмет көрсеткен банктің жауапкершілігіне қатысты құқықтық нормалар пайдаланылады.

Қолма-қол ақшасыз банктік есеп айырысу нарықтық қатынастар аясының барлық субъектілері арасындағы есеп айырысуларды қамтиды.

Қолма-қол ақшасыз банктің есеп айырысу барысында туындайтын банкаралық есеп айырысулар әрбір банктің балансында ашылатын корреспонденттік шот арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы банктік есеп айырысулар кезінде төлемдік тапсырманы табыс ету, чектер беру, төлемдік талап- тапсырманы табыс ету, инкассалық өкімді табыс ету, вексель беру тәсілдері қолданылады.

Есеп айырысу құжаттарында мынадай реквизиттер: есеп айырысу құжатының атауы; есеп айырысу құжатының нөмері; төлемнің түрі; банк клиенті төлеушінің атауы, оның банктік шотының нөмері, салық төлеуші ретінде тіркеу нөмері; банк клиенті төлеушінің банкінің атауы және орналасқан жері, оның банктік безендендіру коды (ББК- БИК), корреспондендттік шоттың немесе субшоттың нөмері; төлеуші аударған қаражатты алушының банкі орналасқан жер және банктік атауы, алушының ББК-ы, корреспонденттік шоттың (субшоттың) нөмері; төлемнің бағдары-бағыты; төлемнің сомасы және кезектілігі; операциялардың түрі, уәкілетті тұлғалар қойған қолтаңбалар және мөрдің таңбасы болуға тиіс.

Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастарының құрылымы субъектілері, объектісі және мәні сияқты үш негізгі элементтен тұрады.

Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастарының субъектілеріне қаражаттарды аударушы және өнімін өткізген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен немесе өзге де іс- әрекетерді жүзеге асырған алушы; төлеушіге және алушыға қызмет көрсеткен банк; Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп айырысу желісі; басқа коммерциялық банктер, клиринг жүргізу орталықтары жатады.

Аталмыш құқықтық қатынастардың объектісі банк клиенттің есеп айырысуға қатысты ақша қаражаттары болып табылады.

Банктік есеп айырысу байланысындағы банк клиенті- төлеуші мен оның контрагенті қаражаттары алушы:

· есеп айырысу нысанын еркін таңдауға;

· банкпен жасасылатын шартта есеп айырысу нысанын нақтылы бекітуге;

· банк арқылы өзара талаптарын есепке жатқызуға;

· банктерге тиісті көлемдегі ақша қаражаттарын аудару жөнінде орындалуы міндетті өкім етуге;

· банктің есеп айырысуға байланысты заңнамада немесе шартта көзделген тәртіпті бұзғаны үшін оған талап қоюға не болмаса сотқа жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар банктік есеп айырысу кезінде банк:

· клиентерінің банктік шоттарын жүргізуге;

· есеп айырысу қатынастарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауға;

· шаруашылық байланысындағы клиенттерінің шарттық сипаттағы қатынастарына араласпауға;

· есеп айырысуға байланысты банктік операцияларды тек клиенттің өкімі негізінде орындауға;

· клиенттің ақша қаражатын оның банктік шотында сақтауға;

· тиісті есеп айырысу операцияларын уақытылы және дұрыс жүргізуге;

· есеп айырысу құжаттарын заңнамада белгіленген талаптарға сай дұрыс рәсімдеуге;

· өз клиентіне ашылған банктік шотқа келіп түсіп жатқан ақша қаражаттарын уақытылы және дұрыс есептеуге міндетті.

3.3 Несиелік құқықтық қатынастар

Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық қатынас-байланыстар аясында тиісті банктік заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілері, кредиттік шарттар негізінде банктік кредиттеуге байланысты туындайтын қатынастар өзіндік қажеттілігімен әрі экономикалық- қаржылық сипатымен ерекшеленіп, банктік кредиттік құқықтық қатынастар ретінде айрықша көрініс табуда.

Қандай болмасын банктің негізгі классикалық операциялық қызметінің түріне банктік кредиттеу жатады. Банктік кредиттеу банктер тарапынан жатпай-тұрмай әрі асқан белсенділік танытып іске асырылатын активті банктік операция болып табылады.

Банктік кредиттеу мынадай белгілермен ерекшеленеді:

1) ол банктің кредиттік ұйым екенін дәлелдейтін банктік операцияның негізгі классикалық түрі болып саналады;

2) банктік кредиттеу барынша мол пайда табу мақсатында, жүйелі түрде үнемі жүзеге асырылатын банктік операция болып табылады;

3) банктік кредиттеу тек банктер ғана жүзеге асыратын операциялық қызмет түріне жатады;

4) банктік кредиттеу нақтылы мерзім ішінде уақытша пайдаланатын қарыздың (қаражаттың) қайтарымдылығына негізделеді;

5) банктік кредит тек ақшалай нысанда беріледі;

6) банктік кредиттеу тек клиенттерден немесе қаржылық ұйымдардан тартылған ақша қаражаттары есебінен жүзеге асырылады;

7) банктік кредиттеу банктік, қаржылық, азаматтық және әкімшілік заңнамалық актілермен, кредиттік шартпен регламенттеледі;

8) банктік кредиттеудің құқықтық нысаны кредиттік шарт болып табылады;

9) банктік кредиттеуге байланысты туындайтын қсғамдық қатынастар шарттық үлгідегі қаржылық құқықтық қатынастар немесе таза азаматтық құқықтық қатынастар, содай- ақ түпкілікті алғанда банкттік кредиттік құқықтық қатынастар сипатында көрініс табады;

10) банктік кредиттеу банктік тәжірибеде дағдылы қалыптасып, заңнамалық актімен бекітілген банктік кредиттеу принциптерін міндетті түрде басшылыққа алған кезде ғана тиімді жүзеге асырылады.

Банктік кредиттеу банк пен оның клиенті- несие алушының арасында жасасылған кредиттік шартқа сай, банк клиенттеріне, отандық немесе халықаралық қаржылық ұйымдардан тартылған ақша қаражаттарын қайтарымдылық, ақылылық және мерзімділік шарттылықтары негізінде, осындай қаражаттарды өз атынан және өз есебінен несие (қарыз) алушыға уақытша пайдалануға беру жолымен орналастыру арқылы коммерциялық немесе мемлекеттік банктің тарапынан жүзеге асырылады.

Банктік кредиттеу қандай болмасын банктің кәсіби кәсіпкерлік қызметінің бір түрі әрі өз пайдасын қалыптастырудың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Банктік кредиттеу аясының субъектілері банк және қарыз алушы өздерінің экономикалық мүдделерін көздейді.

Банктің экономикалық мүддесі-мүмкіндігінше қысқа мерзімге әрі қымбат банктік кредит беру арқылы барынша мол табыс табу, ал қарыз алушының экономикалық мүддесі-арзан әрі ұзақ мерзімді банктік кредит алу арқылы қаржылық, өндірістік және өзге де мұқтаждықтарына байланысты ақшалай тауқыметтерді шешу болып саналады.

Банктік кредиттеу аясындағы банк пен несие алушыдан басқа субъектілерге:

1) банктен қарыз алушыға қатысты кредиттік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін және соған мүдделі қатысушы (кепілдендіруші, кепіл беруші, сақтандырушы);

2) уақытша бос ақша капиталы тартылған банк клиенті (банк кредиттік ресурс ретінде пайдаланатын ақша қаражатының жеке меншік немесе корпоративтік меншік иесі) меншік құқығының иесі жатады.

Банктердің банктік кредиттеу жөніндегі операциялық қызметі тек пайда табуды мақсаттайтын кәсіби кәсіпкерлік (жоғары тәуекелді банктік операция) қызмет түрі болғандықтан ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі тарапынан лицензиялануға тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1439; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.