Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 7 страница. Коммерциялық банк банктік кредиттің құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі ретінде




Коммерциялық банк банктік кредиттің құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі берген лицензия негізінде ақылылық, мерзімділік және қайтарылымдылық талаптарына сәйкес, заемдық (кредиттік деген дұрыс болар еді) операцияларды, яғни қолма– қол және қолма– қол емес нысанда, шетел валютасымен де кредиттік шартта белгіленген мөлшерді ақша қаражаттарын несиеге беру операцияларын жүзеге асырады.

Коммерциялық банк жүзеге асыратын кредиттік операцияларға қатысты жалпы мән–жайлар туралы ережелерді банктік Директорлар кеңесі бекітеді және осы жалпы жай– жағдайлар:

1) берілетін несиелердің шеткі сомасы мен мерзімі;

2) несиелер бойынша сыйақы ставкасының шекті мөлшері;

3) банктік несиелер бойынша сыйақы төлеу жәйттері; қабылдайтын,

банктік несиені қамтамассыз етуге қойылытын талаптар;

4) банк қабылдайтын, банктік несиені қамтамассыз етуге қойылытын

талаптар;

5) кредитор банк пен оның клиентінің құқықтары, міндеттері және

жауапкершілігі;.

6) банктік кредиттік оперциялырды жүргізу ставкалары сияқты және тағы

басқа мәліметтер мен рәсімдерден тұрады.

Коммерциялық банктік атынан және оның есебінен кредиттік мәміле жасау барысында банктік кредиттік комитетінің қызметі ерекше жолға қойылуға тиіс.

Кредитор банк пен оның несие алушы клиенті арасындағы банктік кредиттік қатынастар тиісті заңнама және кредиттік шарттар негізінде жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (34– бабының 1– тармағында) «заемдық (кредиттік деген жөн болар еді) операция банктің (несие берушінің) басқа тұлғаға (несие алушыға) клиентке қайтарымдылық, ақылылық және мерзімдік шарттылығымен ақша беруі болып табылады» деген ұғым айқындалған.

Коммерциялық банктің кредиттік операциясы осы банктің Директорлары кеңесі бекітетін Ішкі кредиттік саясат туралы ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Кредитор банктің Кредиттік комитеті Ішкі кредиттік саясатты іске асырушы орган болып табылады.

Ішкі кредиттік саясат туралы ережелер кредиттік тәуекелді бәсеңдетуді көздей отырып банктен заңды және тұлғалерға несие беру жөніндегі кредиттік шарттары; лауазымды адамдарға және банк қызметкерлеріне заем беру шарттарын; кредиттік комитеттің ұйымдық құрлымын, қызметін және өкілеттігін; кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігін; банктік кредит берудің шекті өлшемін; кредиттік шарттарды бекіту рәсімін белгілейді.

Банктік несиелердің қайтарылымдылығы кепіл, кепілдік, кепілдеме және сақтандыру арқылы, сондай– ақ заңнамада немесе кредиттік шартта көзделген басқа да әдістермен қамтамасыз етіледі.

Кредитор банк кредиттік шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған клиенті қарыз алушыға жаңадан банктік кредит бермеуге, кредиттік берешекті клиентінің кез келген банктік шотындағы ақшасынан оның келісімінсіз өндіріп алуға, сондай– ақ төлеуге қабілетсіз қарыз алушыны Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес банкрот деп тану жөнінде сотқа талап арыз беруге құқылы.

Кредитор банк әр заемшы бойынша кредиттік досьеге мынадай құжаттарды:

1) банкпен қарыз алушының арасында жазысқан хаттарын;

2) қарыз алушының қолы қойылған жарты жылдықтың қаржылық

есептілігін;

3) банк алдындағы берешігінің жалпы сомасы елу миллион теңгеден

асатын қарыз алушының қолы қойылған тоқсандағы (тоқсандардағы) қаржылық есептілігін;

4) қарыз алушының салық декларациясының көшірмесі қоса берілген

соңғы аяқталған жылдағы қаржылық есептілігін;

5) кредитті кепілмен қамтамассыз ету үшін берілген мүлікті инвентарлау

актісін;

6) гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісінің қаржылық

жағдайына баға берілген банктің қортындысын;

7) гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісі қол қойған

жарты жылдықтың қаржылық есептілігін;

8) гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісінің салық

декларациясының көшірмесі қоса берілген соңғы есепті жылдағы сомасы жүз миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша қаржылық есептілігін;

9) кредитті қайтаруға байланысты төлемдердің үздіксіздігін және

толықтығын білдіретін құжаттарды;

10) қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше

орындамаған жағдайда банк қолданған шараларды куәландыратын құжаттарды;

11) кредит бойынша берешектің толық немесе ішінара өтелуін растайтын

және кредитті өтеу көзін көрсететін құжаттарды;

12) қарыз алушының қаржылық жағдайына берілген баға мен кредиттің

мақсатқа сай пайдалануын тексеру нәтежелері көрсетілген банктің қортындысын;

13) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін

мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2103 болып тіркелген Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 қарашадағы

№465 қаулысымен бекітілген олардың күмәнді және үмітсіз санатқа

қойылған активтерді, шарттылы міндеттемелерді және оларға қарсы

провизияларды құру ережесінің 2 және/немесе 3 қосымшасының №1

кестесіне сәйкес кредит берілген айдан кейінгі әрбір есепті айдың 1– і

күніне берілген кредиттің топтастырылу санаты туралы мәліметтерді қоса

беруге міндетті.

Кредитор банкпен арадағы кредиттік шарт міндеттемесін орындамағаны үшін клиентке (несие алушыға) осы банктің қойған талаптарына заңнамада көзделген талап қоюдың және қуынудың ескіру мерзімі қолданылмай




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 574; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.