КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
КІРІСПЕ 2 страница. Банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде өз еншілес банктерін
Банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде өз еншілес банктерін, филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы. Қазақстан Республикасында шет елдік банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынған. Шет елдің қатысуымен құрылатын банктердің филиалдарын ашудың тәртібі уәкілетті органдармен бекітіледі. Еншілес банк жарғылық капиталының елу пайызынан астамы енші беруші банкіге тиесілі екінші деңгейдегі банк. Еншілес банкілер дербес заңды тұлғалар болып табылады. Еншілес банктер өзге еншілес банктер құруға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы резидент еместер – банктер өкілдіктері уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында құрылады. Банктердің еншілес банктерін ашуға рұқсат беру мен бас тарту банк заңдылығымен реттеледі. Банктер ашуға рұқсат беру банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органның шешім қабылдағанына дейін заңды күшке ие болады. Банктер акционерлік қоғамдар түрінде құрылады. Банктер Қазақстан Республикасы азаматтық заңдылығымен анықталған заңды тұлғаларды құрудың тәртібімен қоса банк заңдылығымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып құрылады. Банктер құру туралы құрылтай шарты заңдылықта қарастырылған мәліметтерден басқа да міндетті түрде мына ақпараттардан тұруы керек: · құрылтайшылар туралы мәліметтер, олардың толық атауы мен орналасқан орны, оларды мемлекеттік тіркеу туралы (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлға үшін олардың аты, азаматтығы, тұрғылықты орны, жеке басын куәләндыратын құжаты; · акциялардың саны, санаты мен номинальды құны туралы мәліметтер; Банктердің Жарғысы қолданыстағы заңдылықпен қарастырылған мәліметтерден басқа да міндетті түрде мына мәліметтерден тұру керек: банктердің толық және қысқартылған атауы; банктердің қорларының түрлері мен оларды пайдаланудың тәртібі туралы мәліметтер. Банктердің жарғылық капиталы акцияларды сатудан түскен ұлттық валютадан немесе құрылтайшылардың жарнасынан құралады. Банк құрылтайшылары мен акционерлері иеленген акцияларын тек қана ақшалай нысанда төлейді. Құрылтайшылар мен банк қатысушылары – жарғылық капиталға ақшалар енгізуге, банк акцияларын салық заңына сәйкес бекітілген талаптарға сай төлеуге құқылы. Банктердің құрылтайшылары мен қатысушылары Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке және заңды тұлғалары саналады. Мемлекет банктің құрылтайшысы және акционері болып Үкімет негізінде танылады, ал Қазақстанның Даму Банкісінің акционерлері облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары танылады. Жарғылық капиталының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен банктердің құрылтайшылары мен акционерлері бола алмайды. Жеке және заңды тұлғалар банктерді ашу туралы өтінішімен уәкілетті органдарға жүгінуге құқылы. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде құрастырылады және өтініш берушінің мекен-жайы көрсетіледі. Банк ашу туралы өтінішке қосы мына құжаттар ұсынылады: · қайта құрылатын банктің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, банк органдарын тағайындау мен жарғысын қабылдау хаттамасы; · құрылтайшылар туралы мәліметтер (уәкілетті орган), құрылтайшысы заңды тұлға болса, оның соңғы екі датадағы қаржылық есебі. Аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі; · банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты, жарғы, соңғы есептік датаға қаржылық есебі; аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі; · талаптарға сай банктің басқарушы қызметкерлерін қызметке тағайындау үшін ұсынылған тұлғалар туралы мәліметтер; · қайта құрылатын банктің толық ұйымдық құрылымы; · қайта құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі; · қайта құрылатын банктің несие комитеті туралы ережесі; · банкті қайта құрудағы бизнес жоспары, стратегияны ашатын іс-әрекет, бағыттарының масштабы мен бағыттары, қаржылық жетістіктер бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кіріс пен шығыстың есебі, маркетинг жоспары, (банк тұтынушысын қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспары; · ұсынылған бизнес жоспарына сәйкес қабылданған дайындық шаралары туралы есеп. “ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы” заңға сәйкес, банк: а) уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда (ерікті тарату), оның акционерлерінің шешімі бойынша; б) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген реттерде (еріксіз тарату) соттың шешімі бойынша таратылуы мүмкін. Банктердің қызметін тоқтату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тоқтату және осы Заңның талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Банктерді еріксіз таратуды сот: а) банк банкроттығына; б) банк заңдарына көзделген негіздер бойынша банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларды қайтарып алуға; в) банк заңдарында көздеген басқа негіздер бойынша банк қызметін тоқтату туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтінішіне (қуынымына) байланысты жүргізеді. Банктерді еріксіз тарату уәкілдік берілген мемлекеттік органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтініші бойынша (банк операцияларын жүргізуге берілген банк лицензияларын қайтарып алу туралы шешімі жоқ болған жағдайда) сот іс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан экономикасының дамуындағы басты рольін әлемнің қаржы секторы атқарады. Соңғы он жылда инфрақұрылымға айтарлықтай сапалық өзгерістер пайда болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк, 34 сақтандыру ұйымы, 52 ломбард, 29 несиелік серіктестігі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 36 ұйым, 16 жинақтаушы қорлар, зейнетақы активтерін басқару бойынша 7 компания қызмет атқарады 1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық негіздері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы мемлекеттік монетарлық билігін және мемлекеттік банктік менеджментті Қазақстан Республикасының қаржы, ақша - кредит, сыртқы экономикалық қызмет саясатына сай жүргізуге мүмкіндік беретін қуатты құрал болып табылады. Қазақстан Республикасының аталмыш заңы әр алуан банктік қатынастарға қатысатын қоғам мен мемлекеттің, корпоративтік және жеке меншік субьектілерінің экономикалық қаржылық мүдделерінің мүмкіндігінше теңестірілімді болуын қамтамасыз етуге ат салысады. Сонымен қатар осы заң нарықтық қатынастар аясындағы барлық банктердің қызметтерін халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай ұйымдастырудың және тиісті реттеу-қадағалаудың, ел экономикасының банктік секторын басқарудың мемлекет құзырындағы нақтылы тетігі ретінде маңызды көрініс табады, сондай-ақ баға тұрақтылығын, валюталық жүйе мен қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ақша-кредит саясатын тиісінше іске асыруға айтарлықтай зор ықпалын тигізеді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (1995 жылы 30 наурыздағы) Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2005 жылы шілденің 8-індегі Қазақстан Республикасы заңына сәйкес енгізілген) 13 тараудан және 74 баптан тұрады. 1 тарау - Жалпы ережелер (1-6-баптар); 2 тарау - Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері, функциялары және өкілеттіктері (7-8-баптар); 3 тарау -Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері (9-11-баптар); 4 тарау - Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі мен құзіреті. (12-20-баптар); 5 тарау-Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылы. (21-28-баптар); 6 тарау - Ақша кредит саясаты. (29-37-баптар); 7 тарау - Ақша айналысы және ақша бірлігі (38-47-баптар); 8 тарау - Ақша төлемдері мен аударымын ұйымдастыру (48-51-баптар); 9 тарау - Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары (52-54-баптар); 10 тарау- Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметі. Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар (55-60-баптар); 11 тарау -Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары (61-64-баптар); 12 тарау - Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруі (65-68-баптар); 13 тарау - Қорытынды ережелер (69-74-баптар) құраған. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының елеулі әрі маңызды нормалары ретінде тиісті тараулардың мынадай баптарын атап көрсетуге болады: 1-бап Қазақстан Республикасының банк жүйесі, 4-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, 7-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты мен міндеттері, 8-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің функциясы, өкілеттігі және құқықтары, 9-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы, 10-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары, арнайы провизиялары (резервтері), 12-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары, 15-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің басқармасы және оның өкілеттігі, 22-бап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкі, 29-бап Ақша кредит саясатын әзірлеу және жүргізу, 30-бап Ақша кредит саясаты операцияларының түрлері, 48-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыруға өкілеттігі, 52-1-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен жасалатын операциялары және мәмілелері, 54-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер, 56-бап Валюталық реттеу және валюталық бақылау, 57-бап Валюталық құндылықтармен және бағалы металдардан жасалатын операциялар, 58- бап Алтын - валюта активтері, 62-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі негізгі өкілеттіктері. Аталған баптардың ережелері мен принциптеріне шолу талдау жасау арқылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңының реттеуші, ұйымдастырушы, қадағалаушы құзірет белгілеуші, міндет (міндеттеме) жүктеуші сипатын мәнін, сондай-ақ айрықша қаржылық, кредиттік және валюталық бағытын айқындауға болады. 1.3 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің құқықтық негіздері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес енгізілді) елдегі резидент және резидент емес коммерциялық банктердің, мемлекеттік банктердің, сондай-ақ мемлекет аралық банктердің банк және лицензиялау рұқсат беру жүйесіндегі ұйымдастырылуы, құрылуы, банктік қызметке ықпал ету шараларын, банктік қызметті инспекциялау тәртібін, банктерге қолданылатын санкцияларды, банктік құпияны, банктік есепке алу және есептілік мән-жайларын және тағы басқасын регламенттейді. Осы заңнамалық актіге сәйкес құрылған әрі уәкілеттілік берілген Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінде негізінен алғанда коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі аумағындағы ақшалай- кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастарға тиісті лицензия рұқсат негізінде қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік-қаржылық институттар, таза нарықтық сипатты коммерциялық ұйымдар болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының құрылымы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 78 баптан тұрады. «Банктерді құрудың және олардың қызметінің негіздемелері мен шарттары» деп аталатын 1- бөлім мынадай тараулар мен баптардан құралған: 1 тарау - Жалпы ережелер (1-11-баптар), 2 тарау - Банктерді құру және оның жарғылық капиталына қатысу (12-29-баптар), 3 тарау - Банктік қызметті жүзеге асыру (30-40-баптар), 4 тарау - Банктердің қызметін реттеу және депозиторлардың мүддесін қорғау (41-52-баптар), 4 тарау - Есеп және есеп беру (53-56-баптар), 5 тарау- Банктерге және аффилирлендірілген тұлғаларына аудит (57-59-баптар). 2-бөлім «Банктердің құқықтық мәртебесін өзгерту және қызметін тоқтату ерекшеліктерінің шарттылықтары» деп аталады және оның құрылымында мынадай тараулар мен баптар орын алған: 7 тарау - Банктерді ерікті түрде қайта тіркеу (60-61-баптар), 8 тарау - Банкті консервациялау (62-67-баптар), 9 тарау - Банктерді тарату және еріксіз қайта құру (68-74-баптар). 3 бөлімі «Қорытынды ережелер» мынадай тараулар мен баптардан тұрады: 9-1-тарау - Банктік қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілік (74-5-74-9-баптары. Осы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңының аса маңызды баптарына мыналарды жатқызуға болады: 1-бап Банк, оның мәртебесі және тұрған жері, 3-бап Қазақстан Республикасының банк жүйесі, 5-бап Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, 7-бап Банктердің және мемлекеттің жауапкершілігін шектеу. Банктердің тәуелсіздігі, 8-бап Банктер үшін тыйым салынған және шектелген қызмет, 11-бап Банктердің еншілес банктері, филиалдары, өкілдіктері және есеп айырысу- кассалық бөлімдері, 13-бап Уәкілетті органның банкті ашуға рұқсат беруі, 14-бап Банктің құрылтай құжаттары, 15-бап Банктің ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы, 16-бап Банктің жарғылық және меншікті капиталы, 17-1-бап Банктердің аффилирлендірілген тұлғалары, 19-бап Банкті ашуға рұқсат беру жөніндегі өтініш, 21-бап Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен банк құруға және оның қызметіне қойылатын қосымша талаптар, 22-бап Шет елдердің қатысуымен банктер құруға және олардың қызметіне қойылатын қосымша талаптар, 25-бап Банкті мемлекеттік тіркеу, 26-бап Банктік операцияларды лицензиялау, 30-бап Банктік қызмет, 31-бап Банктер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар, 33-бап Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты, 34-бап. Заем операциясы, 35-бап Несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету, 38-бап Төлемдерді және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру, 41-бап Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктік реттеу мәселелері, 42-бап Пруденциялдық қалыптар және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, 44-бап Банктердің қызметін инспекциялау, 46-бап ықпал етудің шектеулі шаралары, 47-бап Санкциялар, 48-бап Барлық немесе жекелеген банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияны тоқтата тұру не оны қайтарып алу үшін негіздер, 50-бап Банктік құпия, 51-бап Банкте жатқан ақша мен мүлікке арест салу және өндіріп алу, 52-бап Депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беру жүйесі, 54-бап Банктердегі есеп және есеп беру. Сонымен Қазақстан Республикасының аталмыш заңы банк жүйесіндегі және халықаралық экономикалық байланыстардағы тиімді әрі өркениетті нарықтық қатынастарға қол жеткізу мақсатында белгілі бір тарихи даму кезеңінде банктерді және олардың қызметін (банктік операциялары мен мәмілелерін) тікелей ұйымдастыруға-әкімшілік ықпал етуге, сондай-ақ жанама экономикалық және корпоративтік басқаруға мүмкіндік береді. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы және Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ лицензиялау негізінде жұмыс істейтін, акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық банктер банктік операциялардың барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті мемлекеттің кредиттік-қаржылық агенті ретінде әрі өз мүддесін көздей отырып жүзеге асырады. 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 2.1 ШФ «Цесна банк» АҚ-ның жалпы сипаттамасы "Цесна банк" АҚ филиалыныңжарғылық қаржысы 49 249 000 мың теңгеге тең келеді. Қазіргі уақытта басқармада 531 акционер: жеке тұлғалар - 406, заңды тұлғалар – 125 құрайды. Жарғылық қорының құралымы тек ақшалай жүзеге асырылады. Шымкент қаласындағы «Цесна банк» АҚ филиалы, юристік тұлға болып саналмайды. Банктік операцияларды банк артынан жүзеге асырады және банк көрсеткен жұмыстарды ғана құқылы әрекет ете алады. ШФ АҚ "Цесна банк" төменде көрсетілген банктік қызметтерді атқару бойынша лицензиясы бар. · Вексельдермен операциялар; көрсетілген қызметтер бойынша төлемақыны вексельмен жүзеге асыру, сонымен қатар басқада вексельмен жүзеге асыралатын операциялар. · Лизингпен жүзеге асырылатын қызметтер · Бағалы қағаздармен операциялар · Факторинктік операциялар; көрсетілген қызметтер бойынша төлемшіден төлемақыны құқықтық тәртіппен талап ету. · Сейфтік операциялар; құнды қағаздары сақтау бойынша қызметтер, сонымен қатар құжаттар мен клиенттердің құндылықтарын бағалау. ШФ АҚ «Цесна банк» 2005 жылдың наурыз айының 12-де тіркелген болатын. Филиал өзінің күнділікті қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құқылы актілерімен, банк жарғыларымен, банк шешімдерімен, банк басқармасы төрағасы бұйрықтарымен және нақты ережелермен басқарады. Филиалдың негізгі мәселесі болып, қаржылық ресурстарды қолдануға тиімділікті көтеру мақсатымен және банктік қызметтегі клиенттердің мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатымен қаржылық нарықтағы банк қызметін кеңейту болып табылады. Басқарманың ұйымдық құрылымы төмендегілер болып табылады: · Филиалды басқару (атқарушы директор, коммерциялық директор) · Қызметті жоспарлау, болжау және анализдеу бөлімі; · Экономикалық бөлім (бухгалтерия) · Әкімшілік бөлім (кадр бөлімі) · Несие беру бөлімі · Депозиттік бөлім · Несиемен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі · Операциялық бөлім · Қауіпсіздік бөлімі · Техникалық бөлім Кесте – 1 ШФ АҚ «Цесна банк» филиалының трансформациялық арақатынасы.
Талданып отырған 1 кестеде көріп отырғандай ШФ АҚ «Цесна банк» тың көп бөлігі транформациялық қауіптің бар екендігі. Барлық активтер мерзімімен 14 күннен қысқа мерзімді пассивтермен қаржыландырылады. Сол себепті трансформациялық қауіпін төмендету үшін ең алдымен, активтермен пассивтердің үйлесімділік құрылымын қолдау арқылы ұзақмерзімді активтер мен қысқа мерзімді пассивтерді транформациялық қауіпке жол бермеу. Сонымен қатар ликвидациялық активтер қорының болуы қажет. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және тағы басқа қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады. Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өзге де қаржылық инструменттер жатады. Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға- банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субьектісі болып табылады. Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні конституциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік-рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады. Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржы рыногымен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.
Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1040; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |