Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рылыс сызбалары. Оларды талдау




Құрылыстық сызба деп ғимараттардың, көмірлердің, тоннельдердің, жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың және т.б. құрылыс обьектілерінің жекелеген элементтерінің сызбасын айтады.

Құрылыстық сызбалар өзінің әр алуандығымен ерекшеленеді. Құрылыстық сызбалардың мазмұны, оолардың безендірілуі, қолданылатын масштабтар, шартты бейнелеулер мен белгілеулер сызбада көрсетілетін құрылыс объектілерінің түріне байланысты.

Құрылыстық сызбаларда бейнеленетін объектілерге байланысты былайша атауға болады:

Сәулет - құрылыс сызбалары деп тұрғын үйлердің, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың сызбаларын,

Инженерлік – құрылыс сызбалары деп түрлі инженерлік құрылыстардың (көпірлердің, темір жолдар мен тас жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың, тоннельдердің, су салқындатқыштардың, резервуарлардың және т.б.) және бетоннан, темірбетоннан, топырақтан, металдан, пластмассадан, ағаштан және басқа материалдардан жасалған құрылыс конструкцияларының сызбаларын;

Топографиялық сызбалар деп жердің бедерін, жердің бетін, ситуацияны (тоғандарды, көшеттерді, құрылыстарды, жолдарды және т.б.) бейнелейтін сызбаларды.

Сызбалардың мазмұны мен безендірілуі, сондай-ақ жобалаудың қай кезеңде екендігіне де байланысты.Жаңа технологиялық процестердің енгізілуі жаңа объектілердің құрылысына немесе істеп тұрған термиялық бөлімшелердің қайта конструкциялануына алып келуі мүмкін. Кейде бұл енгізу жекелеген жобалау жұмыстарының орындалуымен байланысты.

2. Цехтың жұмыс режимі.

Құю цехының жұмыс режимі

ҚР ЕК 84-бабына сәйкес, өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелерімен белгіленеді.Ауысымдық кестесі белгілі бір кезең ішінде (мысалы, кестелік ай) жұмыс ауысымдарының ауысып тұруы. Бұл жерде ауысымдық кестесі әр ауысым үшін жұйелі демалыстарды, сонымен қатар ауысым құрамын және бір аусымнан келесі ауысымға ауысу процессін қарастыратынын ескерген жөн. Осы жерде қалыпты жұмыс сағаты 40 сағаттан аспау қажет.ҚР ЕК 82-бабына сәйкес, бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс.Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртіптемесі ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді.Бұл жерде екі ауысымнан астам жұмысқа шығуға жол берілмейді.ҚР ЕК 86-бабына сәйкес, жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады.Яғни, ауысымды жұмыста жұмыс уақытының жиынтық есебі қолданылады.Жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жұмыстың аяқталуы мен келесі жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы қызметкердің демалыс ұзақтығының сақталуы міндетті болып табылады, және ҚР ЕК 95-бабына сәйкес, 12 сағаттан кем болмауы тиіс.ҚР ЕК 91-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндердегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есептеледі.Демек жұмыстың жиынтық есебі кезінде нақты істелінген жұмыс уақыты үшін төленеді.Жиынтық есебі кезінде есептік кезеңінің қорытындысынан кейін (ай, квартал, жыл) үстеме жұмыс уақыты есептеледі.Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.Бұл қызметкерлер үшін демалыс күндері ауысым арасындағы күндер болып табылатындығын ескеру қажет.

3. Жаппай өндіріс түрі

Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

· сол өнімді дайындайтын табиғи зат

· өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы

· адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі

· аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).

Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.

Өндірістік қуаттылық — уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.
Өндірістік процесс

Өндірістік процесс (іс- амал) — осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.
Өндіріс қорлары

Өндіріс қорлары — өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.
Өндірісті қайта құру

Өндірісті қайта құру — өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.

4. Жұмыс істейтін объектілердің қайта құрылуы.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның кеңеюі - бұл қосымша және жаңа өндірісті құру, жұмыс істеп тұрған цехтар мен негізгі объектілердің қосымша және жаңа өндіріс аудандарын құру үшін, сондай-ақ фирмалар мен өндірістерді құру үшін жүргізетін жұмыстар.

Егер жобалық қайта өңдеу процесінің қажеттілігі мен экономикалық мақсаттылығы бір уақытта кәсіпорынның кеңеюі мен жүзеге асатын жұмыс ітеп тұрған мағынадағы объектілердің қайта құрылатын жүретін болса, онда сәйкесінше жұмыспен шығындарды кәсіпорынды кеңейту жобасының құрылымына қосады. Алайда еркін есепте жеке бөлімдерінде қамтиды. Бұл жағдайда мұндай жобаны жоспарлы және есептік көрсеткіштерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның кеңеюіне қатыстырады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру - жұмыс істеп тұрған цехтар мен объектілерді негізгі, қызметтік және дәрежелік белгілеріне байланысты, сол ғимаратты еш кеңейтусіз, негізгі құрылысты сақтап қалып, оның техникалық экономикалық деңгейінің ғылыми-техникалық прогрестің дәрежесіне жету және өнімділік қуатын арттыру үшін кәсіпорынның кеменді жобасы бойынша қайта құрылып сипатталады. Сонымен қатар бұл жобада өнімнің сапалы арттыруы және ойлы номенклатурасының өзгеруін, негізінен жұмысшылардың санын арттырмай, бір уақытта олардың еңбек жағдайлары жақсарту қоршаған ортаны сақтауды қамтиды.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды техникалық қайта жабдықтау -жеке өндірістерді, цехтардың және алдыңғы қатарлы техниканы өндіру негізіндегі аймақтың, техниканың - экономикалық дәрежесін жоғарлату, технологияландыру, механикаландыру, және автоматтандыру, модернизациялау және ескі физикалық қажетті емес құралдарды жаңа аса өнімді және жұмыс көрсеткіші бойынша жалпы зауыттың шаруашылыққа тиімді және көмекші қызметтері бар технологияны өндіру іс-шаралары болып табылады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды техникалық қайта жабдықтаудың мақсаты өнім шығарудың барлық мүмкіндіктегі интенсификациясы, өнім шығарудың өндірістік қуатының артуы, өнім сапасының өндірістік еңбек арттырудың қамтамасыз ету бойынша жақсаруы және жұмыс орындарының қысқаруының алдын алу және өнімнің өзіндік құнын сақтау, материалды және отын- энергетикалық ресурстарды үнемдеу, содай-ақ өзгеде техникалық- экономикалық көрсеткіштерді жақсарту б.т. Өнеркәсіптегі құрылыстық- монтаждық жұмыстардың үлесі техникалық қайта жабдықтауға арналған капитал қорының 10% артпауы керек.

5. Технологияларды өңдеу.

Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым)[1] – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

Технология дайын тетік немесе бұйым жасау үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын материалдың, шикізаттыңнемесе жартылай өнімнің (әрбір операциялар аралығындағы дайындамалар) пішінін, өлшемін, қасиетін, күйін өзгерту амалдарынан тұрады.[2]

Жалпы өндірістік процестің бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т.б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде. Қазіргі кезде технология:

· алдыңғы қатардағы технология;

· қалдықсыз технология;

· өңдеу және қайта өңдеу технологиясы;

· халықаралық стандартқа сай технология болып ажыратылады.

Мұнай, газ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және т.б. технологиялар өндіріс талаптарына сай іске асырылуда.

Өндірісті толықтай қалдықсыз жасау қазірде мүмкін емес. Өндіріс процессінде пайда болған барлық шығарынды мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін азайту, уытты шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энегия мен шикізатты үнемді пайдалану ластануды болдырмайтын технология стратегиясы. Өндірісте қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес академик ғалымдары Н.Н. Семенов, Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров Соколовтар ұсынған болатын. Женевада болған жалпы Еуропалық кеңесте арнаулы декларация қабылданды. Онда аз қалдықты және қалдықсыз технолгиялар мен қалдықтарды пайдалану мақсаты қоршаған ортаны қорғау болғандығы, табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігі атап өтелген.

6. Жылулық энергия көздерін таңдау.

ЭНЕРГИЯ (грек. еnergeіa – әсер, әрекет) — материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. ХІХ ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айналатындығы анықталды; осы жағдайда "Энергия" ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік береді. "Энергия" ұғымы сақталу заңына бағынады.

Энергия туралы түсінік мәңгі двигатель жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы т.б.) нәтижесінде ғана орындалатыны анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталады. Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар (мысалы, механикалық энергия, химиялық энергия, электромагниттік энергия, гравитациялық энергия, ядролық энергия т.б.).

Энергия көздеріне мыналар жатады:

1) Күн сәулелену;

2) Күн, Ай және Жердің қозғалысы және тартылысы;

3) Жердің ядросының жылулық энергиясы, және химиялық реакциялардың және жердің түбіндегі радиоактивтік ыдырауы;

4) Ядролық реакциялар;

5) Әртүрлі заттардың химиялық реакциялар.

Энергия көздерін екі классқа бөлуге болады. Қалпына келетін энергия көздері — қоршаған ортада тұрақты пайда болатын немесе уақыт бойынша пайда болатын энергия ағындары. Қалпына келмейтін энергия көздері—заттардың және материалдардың табиғат қоры, оларды адам энергияны өндіру үшін қолдануы мүмкін.

 

7. Өндірістің сыныптық категориялары.

Өндірістің мынадай үш негізгі калссификациялық санаттары бар:. бұйым дайындауда қолданылатын әдісті сипаттайтын, мысалы, құю, пі сіру, жайманы штамптаушы, механизмдерді жинау ұсталық ж т.б 2)кендігі,номенклатурасы, жүйелігі, тұрақтылығы, бұйым шығару көлемінің белгілерімен анықталатын: жеке, сериялы не жаппай шығару.3)жұмыс орындары мен жабдықтардың орна ласу принципінің мамандандыру деңгейін сипаттайтын тасқынды не тасқынды емес. Өңделетін детальдардың өңдеу процесі кезінде операциядан операцияға олардың орындалу ретінің тәртібімен үздіксіз ауыстырылуы тасқындыөндірістің негізгі белгісі болып табылады. Жеке өндіріс - ол кен номенклатурасы детальна аз көлемде дайындалатын өндіріс. Жеке өндіріс аур машинада жасауда ірі және бірегей станок тар дайындау, стандартна сай емес жабдықтар арнаулы құралдар даярлау үшін іске қосылған. Жаппай өндіріс деп., ұзақ уақыт бойы тар номенклатураға бір бұйымды көп көлемде дайындауды үздіксіз жүзеге асыратын өндірісті айтады. Әрбір станокты пен жұмыс орнына бір қосылған. Термиялық цех тар мына белгілері бойынша бөлінеді:1)завод құрылымындағы орны бойынша;2)өңделетін деталь дар бойынша; 3) термиялық теңдеудің басым операциялары бойынша; 4)өндірістік белгілері бойынша

Өндіріс клемі завод құрылымына жекелеген термиялық цех,бөлімше неучасте түрінде орнын анықтайды. Термиялық өңдеудің басым операциялары бойынша классикация –көміртектендіру, цехы, шынықтыру цехы ж.тб. Соңғы белгісі бойынша классификация лау –барлық термиялық цехтардың бөлімшелерін негізгі және қосалқы деп бөлу. Негізгі термиялық цех тар былайша бөлінеді:

1)жартылай фабрикаттарды оларды механикалық өңдеуге дейінгі термиялық өңдеу цехтарына.2) механикалық өңдеуден кейінгі термиялық цехтарға, 3) дайындау және өңдеу операцияларын біріктіретін цех тар жатады.

8. Жаппай өндіріс түрі.

Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:

· сол өнімді дайындайтын табиғи зат

· өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы

· адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі

· аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).

Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.

Өндірістік қуаттылық — уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.
Өндірістік процесс

Өндірістік процесс (іс- амал) — осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.
Өндіріс қорлары

Өндіріс қорлары — өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.
Өндірісті қайта құру

Өндірісті қайта құру — өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.

9. Колонна аралықтары мен қадамдары.

Бір қабатты өндірістік үйлердің темірбетон бағандары (колонналары) консольмен және оларсыз бола береді. Жоспардағы орналасуы бойынша оларды ортаңғы және шеткі деп бөледі.

Көлденең қимасына байланысты бағандар тікбұрышты, таңбалы, пішінді және екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай бәрыңғайланған бағандар қимасының көлемдері қолданылады:

· Тікбұрыштылар үшін – 400х400, 400х600, 400х800, 500х500, 500х600, 500х800мм;

· Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм;

· Екібұтақтылар – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х1500, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм;

Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.

Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және астынан жүретін бұтақтар енгізіледі.

Бағандар ұзындығын цехтың биіктігі мен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты және қостаңбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм.

 

1 – сурет. Темірбетонды колоннаның сызбасы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 728; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.043 сек.