КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жобалау сатылары, оларды талдау
Билет Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау үш кезеңде жүргізілуі мүмкін: 1) Мақсатты цех құрылысының техникалық мүмкіндігі мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін орнықтыру, қажетті алаңның, жұмыс күші мен энергетиканың болжамды есебін жүргізу болып табылатын жобалықтапсырма. Бұл тапсырма цех құрылысына кететін шығынға, жабдықтар алуға және жабдықтауға және техникалық-экономикалық көрсеткіштер құруға смета жасаумен аяқталады. 2) Техникалық жоба құрылыс бөлімінің және әсіресе технологиялық бөлімнің, яғни технологиялық процестің неғұрлым толық сипаттамасын жасаудан тұрады. Детальдарды термиялық өңдеудің технологиялық ведомстары мен схемалары жасалады. Экономикалық бөлімінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы жасалады және техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі. 3) Жұмыс сызбалары бекітілген жобалық тапсыманың негізінде жасалады. Жұмыс құжаттамасының құрамына маршруттық, операциялық карталар және термиялық өңдеуге ведомстар, жабдықтарды дәл орнату орны көрсетілген цехты жоспарлаудың сызбасы, жүк тасқынының бағыты және т.б. кіреді 4.2.Қатаң тiрегіш қабырғалар және олардың атқаратын міндеттері. Цехтағы қабырғалар мынадай келесі талаптарға сай болуы керек «адамдардың еңбегіне қолайлы және технологиялық процестерге қажет температуралық ылғалды режим. «динамикалық және статикалық жүктемелер кезіндегі тұрақтылық пен беріктілік отқа төзімділік және ұзақ мерзімділік. «индустриялдық «эстетикалық «үнемділік Қабырғалардың материалын таңдау цехтың ылғалдылығына және климаттық шарттарына сәйкес.Цехтың сыртқы қабырғалыры жарылғыш толқыны әсерінен жеңіл тасталынатын болуы ккрек. Өндірістің статикалық жұмысына байлнысты қабырғаларының түрлері «тіреуіш «өзін өзі тіреуіш «бекітілген «материалы мен бекіту технологиясына байланысты:тастық,бетондық,каркастық,бетонды емес материалдардан және де конструкциялық шешімі бойынша бірқабатты және көп қабатты болып бөлінеді. Тіреуіш қабырғалар қорғаныс функциясын атқарады,және өзінің салмағын каркасының бағаналарына береді. Тіреуіш қабырғалардың күші майда өлшемді бұйымдардан қабырғаға балкалар арқылы беріледі,ал панельді қабырғаларды тіреуіш болаттық бағаналар арқылы.Тіреуіш қабырғалар болаттық фахверка және толтырудан тұрады. 4.3.Бірлік өндіріс түрі. Бірлік өндіріс – түрлі өнімдердіңбір немесе бірнеше экземплярлы түрде дайындалатын өндірістің ұйымдастыру формасы.Бірлік өндірістің негізгі ерекшеліктері болып түрлі нұсқаудағы бұйымның үлкен номенклатурасы шектелген мөлшерде ғана шығарылатындығының жоспарлануында. Зауыттың бұл бағдарламасында өнім номенклатурасы тұрақты емес. Номенклатураның тұрақсыздығы, оның әртиптілігі, шығарылым шектеулігі стандартталған конструктивті-технологиялық шешімдерді пайдалану мүмкіндігін шектеуге алып келеді. Бұл жағдайда түпнұсқаның меншікті салмағы көп болып, ал унифицирленген бұйымдардың меншікті салмағы аз болады. Әрбір соңғы бірлік өнімнің конструкциясы бойынша орындалатын тапсырмалар мен маңызды сипаттамалары мінсіз болады. Өнімнің жасалынудағы өндіріс процесі үздікті яғни уақытша тоқтайтын сипаттамаға ие. Әр бірлік өнімнің шығарылымы айтарлықтай ұзақ уақытты алады. Кәсіпорындарда әмбебап қондырғы қолданылады, қолмен құрастыру жұмысы негізгі болып табылады. Ауырмашина жасау (энергетика мен қара металлургия үшін ірі машиналар өндірісі) және қызмет көрсету саласындағы химиялық өнеркәсіпте кең тараған. Бірлік өндіріс зауыттары әдетте технологиялық принципі бойынша ұйымдастырылған участкілерден тұрады.
Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1107; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |