Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

А н г л и й с к и й я з ы к 2 страница




3. Тұтынушылар. Олар қандай тауарлар мен қызметтер әрі қандай бағамен олар үшін ықыласты екендігін шеше отырып, ұйым әрекетінің нәтижесіне қатыстының барлығын анықтайды. Тұтынушыларды зерделеудің міндеті ең алдымен ұйым өткізетін өнімді

алатындардың бейнесін құру. Бұл ұйымға тұтынушылар қандай өнімді көбірек қабылдайтындығын, қандай сату көлемін күтуге болатынын, потенциалды сатып алушылар аясын қаншалықты кеңейтуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді.

4. Бәсекелестер. Көп жағдайда тұтынушылар емес, осы бәсекелестер қызмет нәтижесінің қандай түрін әрі қандай бағамен сатуға болатындығын анықтайды.


17. Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз

Менеджмент функциясын тиімді орындау үшін, тиімді жетекшілік қажет ал тиімді жетекшілік басшының лидерлік ықпалымен, бағыныстыларымен тиімді әсер етумен байланыстырылады. Лидердің тиімділігін Басқаларға қаншалықты әсер ете алуымен бағаланады. Басқарушы мен лидердің арасында айырмашылық бар.

Басқару – бұл басшының өз бағыныстыларына белгілі бір тапсырмаларды бере отырып, оның орындалуын жүзеге асыратын ақыл-ой еңбегі. Ал лидер – бір адамның топ мүшелеріне ықпал етуі. Басшы өкілеттіліктерді делигирлеу арқылы ұйымның басшылық қызметін атқартын болса, ал лидерлікке өкілеттілік керек емес.

Ұжым жетекшісі дегеніміз – бір уақытта әрі лидер әрі бағыныстыларын тиімді басаратын басшы. Оның мақсаты басқаларға ұйым жұмысын тиімді орындауына ықпал ете білу.

Ықпал ету – бір адамның екінші бір адамның мінез құлқына, қарым-қатынасына т.б. өзгеріс енгізуі. Ол өтініш арқылы, қорқыту т.б. жүзеге асырылады.

Билік дегеніміз – басқалардың міне-ұлқына ықпал ете білу мүмкіндігі. Басқаруда биліктің қажеттігі зор. Ресми өкілеттіліктерге қосымша билік қажет. Себебі, басшы қол астындағы бағыныстыларға, одан да тыс адамдарға байланысты болады. Билікпен ықпал ету лидерліктің құралдары болып табылады. Егер жетекшілер басқаларға әсер ету үшін қажетті билік болмаса, онда ол өзіне қажетті ресурстарды басқа адам арқылы ала алмайды, сөйтіп ұйым жұмысының тиімділігі нашарлаайды.

Хорезм – лидердің жеке қасиеттері мен қабілеттеріне байланысты құрылған билік. Хорезматикалық ықпал – орындаушының өз басшысына деген құрметіне, силастығына негіздеоген. Хорезматиканың белглері:

- сыртқы түрінің ықпалдылығы (сыртқы түрі тартымды болады)

- мінез құлқының тәуелсіздігі.

- Басқамен қарым-қатынас дұрыс орнатып, сөйлесе және тіл табыса алады.

- Кез-келген жаңдайда өзін жоғалтпайды, сенімді адам, ойы өте жинақы, ситуацияларды меңгере алады.

- Заңды билік- орындаушы ықпал етушінің билік беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің міндеті деп сенеді.

Бағынышты басшының бұйрығын ұйымның иерархиялық төменгі сатысында тұрғандардың орындауы қажет деп ойлайды.

Дәстүр- ұйым үшн де, асшы үшін де өте тартымды құрал. Ол адамға емес лауазымға ықпал етуге үйретеді. Бұл жағдайда тұрақтылық көтеріледі. Себебі ұйым бір адамның қабілетіне тәуелді емес. Дәстүрге бағынуға ұйымдар ықпалдың бірер тиімділігі жоғары болады.

 


18. Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз

Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді.

Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.

Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс.

Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау – бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады.

Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің төл істерінің бірі.

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні – белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз.

19. Ұйымдастырушылық құрылым түсінігінің мәнін ашып түрлерін анықтаңыз

Ұйымдастырушылық құрылымы (ағылшын ұйымдық құрылымы.) - Бизнес-бірліктердің схемалық құрылымы мен иерархиясын көрсететін құжат.

Ұйымдастырушылық құрылымы осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті міндеттер мен іс-шаралар негізінде, функцияларды орындайтын, ұйымның бизнес-процестерінен құралады.

Ұйымдастырушылық құрылымы екі түрге бөлінеді:Иерархиялық және органикалық.

Иерархиялық құрылым анықталған иерархияны, қызметкерлердің функцияларын қатаң бөлуді, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауды,басқарудың бірыңғай орталығын білдіреді.

Иерархиялық құрылымдар түрлері:

1. Сызықтық басқару құрылымы

Сызықтық құрылымы тұрақты ортада жұмыс істейтін шағын бизнес және ұйымдар үшін қолайлы.

2. Функционалдық басқару құрылымы

Функционалдық құрылымы көбінесе жұмыс үлкен көлемдегі мамандандырылған кәсіпорын үшін пайдаланылады.

3. Сызықтық-функционалдық құрылымы

Сызықтық-функционалдық құрылымы, орта және ірі компаниялар үшін қолайлы болып табылады. Бұл құрылым көлденең байланыс сапасын жақсартуға көмектеседі.

4. Әртараптандырылған басқару жүйесі

Әртараптандырылған өндіру немесе іс-әрекет әр түрлі курсын бар ұйымдар үшін учаскелік құрылымы.

Органикалық (бейімді) басқару құрылымы.

Оларды иерархиялардың болмағаны немесе көмескілігі, көлденең байланыстар, қызметкерлер арасындағы бейресми қарым-қатынастар, кадрлардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауы сипаттайды.

1. Бригадалық басқару құрылымы

Бригада құрылымы жобаларды басқару бірлесе отырып әрі жоғары білікті мамандары бар ұйымдарда тиімді болып табылады.

2. Жобаны басқару құрылымы

Мұндай құрылым нақты жобаны жүзеге асыру үшін құрылған, және уақытша болып табылады. Топта білікті мамандар тұрады және ұйымда жоба командасының таңдауда маңызды ерекшелігі функционалдық рөлі болып табылады.

3. Матрицалық басқару құрылымы

Матрицалық құрылымы тез өзгеретін сыртқы ортада тиімді болып табылады. Бұл құрылымдардың екі түрі бар: жеке жобалар немесе бизнес бірліктердің тік бақылау сызығы және функционалдық менеджерлер және көлденең басқару.

4. Бірнеше басқару құрылымы

Бірнеше құрылымы әр түрлі құрылымдардан тұрады. Мысалы, компанияда учаскелік құрылымын пайдаланылатын өнімнің белгілі бір түріне өндіру үшін, сондай-ақ басқа да ұйымдар шығаратын матрицалық жүйесін пайдаланады.

5. Еркін басқару құрылымы

20. Менеджер ұғымына анықтама беріп оған қойылатын талаптарды атаңыз

Менеджер деген кім?

Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшынның «to manage» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші, әкімшілік деген ұғымды білдіреді.

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зертттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер.

Менеджерлерге қойылатын талаптар:

Менеджердің бірінші міндетіне –қолда бар ресурстармен «нағыз тұтас» өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, ол оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, «менеджер -әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады».

«Өндірістік бірлікті» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің көз алдында әрдайым елестеуі, қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріліп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс-әрекетін қадағалай білуі тиіс.

Біріншіден,менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті –сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдіруі, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.


21. Биік мәртебелі басшыларының бірі -....

Менеджменттің аса маңызды міндеттерінің бірі-өзінің қарамағындағы адам ресурстарын тиімді пайдалану. «Біздің ең зор байлығымыз-адамдар» деген сөз тегін айтылмаған.

Басшы ойлаған мақсатына тиімді жету үшін, ол жұмысты дұрыс үйлестіріп адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы мотивацияның негізгі принциптерін қолданады.

Мотивацияны басқару міндеттеріне жататыны-амалдар мен құралдар жиынтығы. Басқарушы мұны негіздеген мақсатқа жету үшін ішкі қозғаушы күштерді (мотивтерді) пайдаланады.

Мотивация үшін таңдаулы бір ғана әдіс болмайды, адамдардың біреуіне мотивацияның бір түрі тиімді болғанмен,екіншісіне түкке жарамауы мүмкін. Сонымен қоса ұйымның өзі де бір ғана адамға бейімделген мотивация теориясы іс жүзіне асыруды күрделендіре түседі. Жұмыстың өзара тәуелділігі, жекелеген адамдарда жұмыс нәтижесі туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі, технологияның жетілдіруіне қызмет міндеттерінің жиі өзгеруі-осының барлығы мотивацияны күрделендіре түседі.

Мотивация проблемасы адамдардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін сыйлық беруімен тікелей байланысты. Сыйлық беру-бұл адамдардың өзін құнды деп санайтын нәрсесі. Әр адам құндылықты өзінше бағалайтындықтан, берілген сыйлықты бағалауы да, оның салыстырмалы құндылығы да түрліше келеді. Мәселен, жүз долларлық банкнот толтырыла салынған чемодан көпшілік өркениетті ұлт адамдары үшін өте құнды сыйлық болып саналады. Ал қарапайым мүшелері үшін ондағы ақшадан гөрі чемодан ерекше құнды зат болуы мүмкін.

Жоғарыда қарастырылған жағдай ынталандыруға жатпайды. Менеджерлер өзiмшiлдiгi, қызмет орнымен қиянат ету, менеджер iстерiнiң артық тәуекелi нәтижесінде басшы оларды сыйақыдан айырып отыр.Сыйақыдан айыру ынталандыруға кері әсерін тигізеді.


22. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға...

Билік көздері - билеуші топты құрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелкілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және үйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. Билік көздёрі өз қалауын орындатуы үшін қор- қытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. Билік көздёрі жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да БилӀк көздёрӀ болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, қүс қанатты қүбыжық Фива халқын жүмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жүмбақты шешкен адамға Фиваны билеу қүқын беруді үйғарады. Жүмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік қүрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бүл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе түлғаның әлеуметтік статусы БилӀк көздёрӀ аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік қүзыры да тыйылады. Қазіргі кезде үйымдастыру аса күшті БилӀк көздёрӀ болып табылады. ¥йымдастыру ежелден адамдарды жүмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Ӏс жүзінде лауазымды қызмет БилӀк көздёрӀ ретінде тек үйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар. Билікті шектен тыс қолддну - лауазымды адамның (соның ішінде, билік өкілінің) өзінің қүқылары мен қүзіретінің шегінен шығарып, қызмет бабын асыра пайдаланып, азаматтардың не үйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға өкеліп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасауы. Бүл мемлекеттің қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа жатады. Билікті шектен тыс қолдану әдетте, жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге идараның лауазымды өкілінің қүзыретіне кіретін, сондай-ақ қүқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеу (мысалы жағдайды ескермей қару қолдану немесе т.б) түрінде көрініс табады. Билікті шектен тыс қолдану адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру, мүлікті бүл- діру немесе жойып жіберу, т.б ауыр сал- дарға соқтырады.

23. Компанияның менеджерлер командасы...

Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін, стратегиясын айқындауы мүмкін. Ұйым алдында төрт негізгі стратегиялық балама тұрады: шекті өсу, өсу, қысқарту және ұштасу.

Көп фирмалар іс әрекеттің негізгі мақсаты ретінде өсу мақсатын алға қояды (табыстың өсуі, нарық меншігінің өсуі, сатылым көлемінің өсуі) Өсу мақсатының іске асуы – екі стратегиялық айнымалылардың - нарық және тауар дың арақатынасына байланысты болып табылады. Өнім – нарық атты матрица алғашқы рет американдық ғалым Игорь Ансоффпен ұсынылған болатын. Осы матрица аумағында стратегияның 4 түрі анықталды. Ансоффтың матрицасы екі осьтен туратын квадрат болып келеді:

  Бар өнім Жаңа өнім
Қазіргі бар нарық Нарыққа кіру стратегиясы Өнімді дамыту стратегиясы
Жаңа нарық Нарықты кеңейту стратегиясы Диверсификация стратегиясы

 

Матрицаның горизонтальды осі – компания өнімі, қазіргі кезде бар өнім және жаңа өнім деп бөлінеді.

Матрицаның вертикалды осі – компания нарығы, қазіргі бар нарық, жаңа нарық болып бөлінеді.

1) Ену стратегиясы – интенсивті өсу стратегиясы - Бар тауарлар мен нарық арқасында жүзеге асады, нарық даму үстінде бірақ әлі аяғына дейн дами қоймағанда қолданылады. Фирма маркетингтік шаралар (жарнамалар қарқынының дамуы, жеке сауданың әр алуан түрін қолдану) арқасында сату көлемін үлкейтуді көздейді. Жаңа сатып алушылардың пайда болуы немесе тауарды жиі сатып алынуы осындай интенсивті стратегияның нәтижесі болуы мүмкін. Бұл стратегияның мақсаты - бірыңғай өткізу нарығын құруға мұмкіндік беретін бағаны орнату болып табылады. Өндіріс құны мен өндіріс көлемінің арасында кері байланыс болған жағдайда ғана бұл стратегия жүзеге аса алады.

Бұл ендіру стратегиясы өнімнің нарықта ұзақ уақыт сақталуына тікелей әсер етеді және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Шетелдік мамандардың зертеуі бойынша кәсіпорындардың осы стратегияны дайындауға аса мән бермегені үшін 80% жағдайда нарықта тауар жеңіліс табады (нарықтан тауар жойылады).

2) Нарықты дамыту стратегиясы немесе интеграциялық өсу стратегиясы – бұл стратегияда фирманы ұлғайту кеңейту үшін оған жаңа құрылымдар қосады. Екі негізгі түрі бар:

· Регрессивті стратегия интеграциясы – жеткізушілерге деген бақылауды қолдану мен күшейту арқасында фирманы улкейтуге бағытталған стратегия.

· Прогрессивті интеграция стратегиясы – тарату жүйесіне деген бақылауды енггізу мен күшейту арқылы өсуді қалыптастыру

 


24. Қазіргі ұйымдардағы жоспарлауды және...

Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады: Жалпы мақсатты ойластыру; Белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;

Оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;

Жоспарлы көрcеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.

Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы. Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.

Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықта да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді. Мұндай сеімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі айқын.

Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.

Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым оңайырақ болады. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.


25. Сіздің университетіңіз басқа жоғарғы...

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2015-2020 жылдарға арналған стратегиялық жобасында 6 стратегиялық бағыт анықталды:

1-стратегиялық бағыт: Білім беру қызметі сапасын арттыру.

2-стратегиялық бағыт: Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет сапасын арттыру және дамыту.

3-стратегиялық бағыт: Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

4-стратегиялық бағыт: Тәрбие және әлеуметтік жұмысты жақсарту, жастарды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатыстыру.

5-стратегиялық бағыт: Инфрақұрылымды дамыту және жаңа информациялық технологияларды енгізу.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 83; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.061 сек.