КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Реферативное сообщение. 2 страница
Электр энергиясын өндірудің шикізат көздері көп. Олар мыналар: СЭС-су ағынының энергиясын қолданады.ол қаншалықты биіктен қанша мөлшерде су ағуына байланысты.СЭС-тің энергия бөлуі ЖЭСтан арзан.,сарқылмайтын, қоршаған ортаны ластамайтын энергия көзі.СЭС бөгенді және жериуациялық деп бөледі, бөгендік СЭСта міндетті түрде бөген салынады суда қысым болуы үшін қалыпты арнасымен ағып жатқан өзендердің алдын тосып,бөген салғаннан кейін оның жеңгейі бөгенге дейінгі және кейінгі бөліктер арасында 25 м ден жоғары айырма жасайды. Осы жоғарғы және төменгі жеңгейдің арасындағы судың құлау күші электір энергиясын алу үшін негізгі энергия көзі болып саналады. Атом электр станциясы - Электр энергия жас әрі болашағы зор АЭС-ның маңызы зор. Атом энергиясын орасан күшті жарылыс жасау немесе оны біртіндеп атом реакторында бөлу арқылы алуға болады. Халық шаруашылық мақсатында есы екі тәсілі де пайдалануға болады.атом жарылысы арқылы,каналдар,таулы аудандарда жол салуды едәуір жеңілдетуге және пайдалы қазбазбаларды өндіруді оңайлатуға болады.бірақ атом энергиясын атом реакторында бөлудің ерекше маңызы бар. Атом реакторында отын ретінде уран және торий, плутоний қолданылады.табиғатта уран үш изотоппен қосынды ретінде кездеседі. Уран-238, уран-235.оның ішінде уран-238 маңызды. АЭС жылу электр станциядан өзгешелігі атмосфераны ластамайды, күл де, шлак та қалдырмайды. Жоғары калориялы,үнемді бірақ жалғыз хауыптілік жақтары бар.Ең алғаш АЭС-сы Калуга обылысындағы Обниск қаласында салынған.(1945ж.ТМД бойынша) ТМД –да 14 АЭС бар,Чернобыль,Ақтау т б қалаларда. Энергияның басқа түрлері Электр энергиясын алу үшін толқынның толысуы мен қайтуы,жел,күн жердің ішкі энергиясы да пайдаланылады. Судың толысуы мен қайтуынан энергия алу үшін электр станция қажет. Ол үшін алдымен бөген салынады.бөгенмен бөлінген су бөлігіндегі судың қайтуы мен толысу жеңгейібұрынғы қалпындағыданбиігірек болады.бөген орналасқан трубинамен генаратор судың толысуы мен қайтуы кезінде ерсілі-қарсылы айналып энергия тудырады. Жел энергиясы желдің үнемі және бірқалыпты соқпайтынына байланысты үзбей жұмыс істей алмайды. Жердің жылу энергиясын пайдалану үшін 200-500метірлік скважина қазылып одан шыққан бу пайдаланылады.әрбір сважиналардан шыққан бу 2 мың кв қуат беретін трубинаның жұмысын қамтамасыз ете алады.бұндай геотермалды станциялар кавказ,қиыр шығыс,батыс сібір,камчатка жерлерінде бар. Күн энергиясын өндіретін станциялар гелиоэлектір станциялар деп аталады.күн энергиясын алу үшін дөңес айналар күнге қаратылып қойылады да,сәулелі парогенератор қазанына түсіп тұрады.бұнда жиналған газ электро станцияның трубинасына жіберіледі де электроэнергия қалыптасады. Соңғы кезде дүнйе жүзінің жекелеген бөліктерінде күн энергиясына негізделген әр түрлі приборлар мен қондырғылар бар,субтропик және тропик белдеулерінде көптеген елдерде күн үйлері бар.АҚШ,Франция,Жапония украинада күн электір станциялары жұмыс істеуде. Теңіз суының толысу энергиясын толқын энергиясы мен температуралық градиентін пайдалану әзірше экспременттік сатыда тұр.толысу электір станциялары АҚШ пен Канадада Ресейде Қытайда ғана бар.
11. Атом энергетикасы, даму мәселелері. Дүниежүзі электр энергетикасының географиясы. Дүниежүзілік энергия жүйелерін көрсетіңіз.
Атом энергетикасы дүниежүзілік энергетика салаларының өте маңызды бөлігі деп саналады. 20-шы ғасырдың екінші жартысында электроэнергиясының дамуында өз үлесін қоса бастады. Әсіресе бұл электрэнергия шикізаты жоқ не өте аз елдерге тиістіболып келеді. АЭСтер өзінің бағасымен қазіргі замандағы өндірілетін электрэнергия өнімдерімен бәсекелесе алады. Олардың негізгі ерекшелігі органикалық материалдардың негізінде өндіріліп, атмосфераға парниктік газдар мен аэрозольдерді лақтыратын ЖЭСтер сияқты ауаны ластамайды. Соңғы он жылдықта бұл сала дүниежүзілік шаруашылықтың ірі саласына айналды және дж шаруашылықта үлкен роль атқарады. 1970-ші жылдардың өзінде д.ж. атом электр станциялары 85 млрд кВт/сағэлектрэнергиясын өндірді, бірақ 1980-ші жылы оның көлемі - 700 млрд, ал 1990-шы жылы 1800 млрд, 2002-ші жылы 2700 млрд кВт/сағ өсті. Сонымен қатар дүниежүзілік АЭСтердің сандық құаты өсті. 1970-ші жылдардың аяғында көптеген батыс эксперттердің ойынша 21-ші ғасырдың басында АЭСтің қуаты 1300-1600 млрд кВт, немесе барлық электросианциялардың сандық қуатының жартысына тең болады, ал АЭСтер Д.ж. 50 мемлекетінде пайда болады деген үмітте. 1980-ші жылдардың ортасында АЭСтың өсу темпі біршама баяулады, себебі Чернобль апаты және көп елдерде құрылыстардың жоспары өзгертіле бастады. Әлемдік атом энергетикасынның географиясы негізінен мына үш үлкен киттеге тиесілі, олар – Еуропа (ТМД қосқанда), Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұзиттвқ аймақ жатады. Әлемдік атом электрэнергетикасын өндіреу мөлшерінің 2/3 бөлігі ірі бес мемлетке тиесілі (АҚШ, Франйия, Жапония, Германия, Ресей). Д.ж. атом электрэнергетика картасын қарайтын болсақ АЭСтердің таралуын сол үш ірі аймақтарда –еуропалық, Солтүстік Америкалық және шығыс Азиялық көреміз. Әлемдік АЭСтердің картасында біз сонымен қатар ең іріғ ұуаты 4 млн кВт ж/е одан асатын АЭСтерді байқаймыз. Олар небары 12 ақ екен (Канадада, Францияғ Жапония, Ресей мен Украинада). Ең ірі АЭС Жапониядағы «Касивадзаки», қуаты 8,2 млн кВТ құрайды. Атом электр энергетикасы (АЭС) – ол дүниежүзілік электр энергиясын өндірудің 17% қамтамасыз етеді. Олар қазір дүние жүзінің 32 елінде жұмыс істеуде. АЭС-те электр энергиясын ең көп АҚШ, Франция, Жапония, ГФР, Ресей,Канада өндіреді, ал жлпы өндірудегі АЭС-дің үлесінен Литва, Франция, Бельгия алда тұр. Атом энергетикасы қажетті шикізатпен толық қамтамасыз етілген. Уран концентратын басты өндірушілерге Канада, Австралия, Намибия, АҚШ, Ресей жатады.
12. Дүниежүзі мемлекеттерінің әкімшілік-аумақтық және саяси басқару тұрғысынан құрылымына шолу жасаңыз. Әкімшілік-Аумақтық Құрылым — мемлекеттің аумақтық ұйымдастыру жүйесі. Соның негізінде мемлекеттік билік пен басқару органдары құрылып, қызмет атқарады. ҚР-ның Әкімшілік-Аумақтық Құрылым мынадай бөліктерге бөлінеді: · астана · облыс · аудан · республикалық маңызы бар қала · қаладағы аудан · ауылдық округ · ауыл АҚШ Әкімшілік жағынан 50 штаттан (бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттары) және Колумбия федерациялық аймағынан тұрады. Штаттар 3133 аймаққа (немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге) бөлінеді. Италия Конституциясына сай, 1947 жылдың 11 желтоқсанынан Италия мемлекеті 20 облысқа (аумақ) бөлінеді. Оның ішіндегі 5 облысы өзінің ерекше автономды статусына ие, сонымен қатар, италиян тілінен бөлек, басқада ресми тілдер бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. Мемлекет басқаруы бойынша · Монархия (гр. Μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады. · Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады. · Диктатура (лат. Dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.
13)Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы,құрылымы мен жаңа өзгерістеріне тоқталыңыз. Дүние жүзінің саяси картасы – ЖЕР шарының мемлекет шекаралары, астаналары, ірі қалалары мен жол қатынастары көрсетілген географиялық картасы. Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVII ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады. Еуропалық отарлау кезеңі Жаңа Дүние мен Ескі Дүниенің көптеген аумақтарын қамтыды. Еупадағы жетекші мемлекеттердің жаңа жерлерді бөлісуі және ықпал ету аумақтарын экономикалық, саяси жағынан басқару сипаты дүние жүзінің саяси картасының едәуір өзгеріске түсінуі алып келді. Осы өзгерістерге сәйкес, мемлекет құрылымы мен оны басқарудың жаңа формалары пайда болды. Біраз уақыт аса ірі отар иеленуші мемлекетттер - метрополиялар (грекше metropolis – қала) болып есептеліп келген Испания мен Португалияның қатарына кейіннен Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Германия келіп қосылды. Осылайша Америкада, Африка мен Азияда отарлық аумақтар пайда болды. Мысалы, XX ғасырдың басына қарай отарлық иеліктер Африка жерінің 90% - ын, Азия аумағының 56% - ынан астамын, Америка жерінің 27% - ын алып жатты. XIX ғасырдың басында Латын Америкасында бсталған ұлт – азаттық қозғалыс нәтижесінде Эквадор (1809 ж.), Колумбия (1810 ж.), Венесуэла, Парагвай (1811 ж.), Аргентина (1816 ж.), және т.б. жаңа тәуелсіз мемлекеттер қалыптасты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дүние жүзіндегі жетекші метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшін күрес шиеленісе түсті. Соның салдарынан әлемді Бірінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпыды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң болған ірі оқиғалар қатарына 1917 жылғы Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесінің түбегейлі өзгеруі, Аустрия – Венгрия монархиясы мен Осман империясының ыдырауы, Германияда монархияның құлатылуы және үкімет басына фашистердің келуі, Еуропада мемлекеттік шекаралардың өзгеруі жатады. Дүние жүзінің саяси картасында КСРО, Чехословакия, Ирландия, Исландия, Ватикан сияқты жаңа мемлекеттер пайда болып, Финляндия, Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезеңде Африкада тәуелсіз мемлекттер қатары (Египет, Эфиопия, Либерия, ОАР) санаулы ғана болды. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуында Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды. 1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай – ақ Италияның, Югослаияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын табуда. Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа: 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды. 14. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы ролі. Түсті металлургия ауыр өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі. Ол түсті металдарды өндіру, байыту, металдың құймалары мен қоспаларын және қалдықтарын өңдеумен, олардан әр түрлі бұйымдар жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін өнеркәсіп саласы. Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми - техникалық революцияның нәтижесінде кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдар қажет. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар. Түсті металдарды ортақ қасиеттеріне және пайдалануына қарайбасты 5 топқа бөледі: Ауыр түсті металдар – Cu, Ni, Zn, Pb, Sn, Hg, V, As,Cd т.б. Жеңіл металдар – Al, Mg, Ti Сирек кездесетін металдар – Sr, Ga, Ge, B, In т.б. Қара металлургияда қолданылатын металдар – W, Va, Mo, Cr Бағалы металдар – Au, Pt, Ag, Os т.б. Түсті Металлургия Өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен. Азияның, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде түсті металлургияның отарлау кезеңінде-ақ пайда болған. Африкада отарлау саясаты жүргізілу кезінде онда дүние жүзіндегі аса ірі мыс кенінің бірі қалыптасты. Бұл Заир мен Замбияның аумағындағы ежелгі теңіздің жағалау сызығын бойлай 500 шақырымға созылып жатқан Мыс белдеуі. Мұндағы мыс кен орны бұдан 600 млн. жыл бұрын п.б. бұл белдеуде мыс өндіріліп, қара ж/е тазаланған мыс дайындалады. Д.ж. бокситті өндіретін аса ірі аудан Солтүстік Австралиядағы Йорк түбегінде орналасқан. Мұнда арзан ашық әдіспен өндірілетін боксит глиноземге айналдырылып, өңделеді де басқа елдерге шығарылады. Соңғы 20-30 жылда АҚШ-та, Батыс Еуропа, Жапонияда қара металлургия сияқты, түсті металлургияның дамуы да күрт баяулайды. Дамушы елдерде бұл сала, керісінше, айтарлықтай тез өсе бастады. Бұл жаңадан игерілген бірқатар аудандардың пайда болуына байланысты. Бұл – осы елдерді индустрияландыру белгілерінің бірі. Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмастың ірі кен орындары бар. Австралияда Тусті Металлургия Өнеркәсібі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңт. Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде орналасқан. Америка құрлығында түсті металдардың бай қоры түсті металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Мұнда Чили мыс белдеуі (Анд мыс белдеуі) Чили, Перу, Мексика аумағынан өтіп, Солт. Америка кордильерасымен жалғасып жатыр, осыған орай ірі монополистік компаниялар (Анаконда, Кеннеконт, Коппер, Нью Верде) жұмыс істейді. Еуропа құрлығында түсті және сирек металдардың бай қоры Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлерінде Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің дамуына жол ашты. Алюминий алу үшін паидаланылатын негізгі шикізат- боксит. Дүние жүзіндегі боксит өндіретін аса ірі аудан Солтүстік Австралиядағы Йорк түбегіпде орналасқан. Мұндағы арзан ашық әдіспен глинозимге айналдырылып, өңделеді де басқа елге шығарылады. Боксит өндіретін негізгі елдер- Австралия, Гвинея, Ямаика, Ресей, Бразилия, ал глинозем өндіру жөнінен- Австралия, Ресей, АҚШ, Ямайка. Вольфрамның қоры жөнінен алдыңғы қатардағы елдер- Канада, Оңтүстік Карея, АҚШ. Запастағы қоры жөнініен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарда.
15. Дүниежүзілік химия өнеркәсібінің географиясы, оның негізгі салалары, дамуы және орналасу ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. Химия өнеркәсібіне жататын салалар: · кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.) · негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі) · жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру) · химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика Химия өнерәісібі өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске жедел еенгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: · 1)алуан түрлі, құрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдалануы; · 2)құрылымы жағынан өте күрделі болуы; · 3)энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуц; · 4)кейбір салларының суды көп мөлшерде пайдалануы; · 5)ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы; · 6)қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы; · 7)шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді. Химия өнеркәсібінің орналасуы дүние жүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи,экономикалық,тарихи және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте оның қандай өнім шығаратындығымен тығыз байланысты. Соныдқатн оның құрылымына тоқталайық. Мұндағы салаларды шартты түрде 3 топқа біріктіруге болады: негізгі өндіріс (полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару); өңдеуші өндіріс (бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке-техникалық бұымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздармен қышқылдар, сілтілер) өндірісі. Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтың басқа салаларының дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуды. Шикізат ретінде мұнай химиясының жартылай дайын өнімдері пайдалынады.Ғылымды көп қажет ететін бұл өндіріс жоғары дамыған елдерде және Азияның жаңа индустриялық елдерінде шоғырланған. Дүние жүзі бойынша өндірілетін пластмассаның 75%-ын бар болғаны он ел, ал жартысынан астамын 3 жетекші ел (АҚШ,Жапония,ГФР) береді. Негізгі химия шығаратын полимер арасында жасанды каучук бар. Қазіргі кезде ҒТР жетістіктерін кеңінен пайдалану нәтижесінде жасанды каучук өзінің сапасы (температураның ауытқулары мен отқа төзімділігі) жөнінен табиғи түрінен асып түседі. Жасанды каучук өндірісі автомобиль жасайтын жетекші елдерде күшті дамыған. Полимер өндірісінде химиялық талшықтар жасау да айрықша орынға ие. Қазргі кезде жасанды талшықтар өндіру тіпті табиғи талшықтар өндірісін басып озды. Химиялық талшықтар жеңіл өнеркәсіпте ғана емес, шаруашылықтың көптеген саласында техникалық мақсатта кеңінен пайдалынады. Химиялық талшық өндірісі де аумақтық шоғырлануымен көзге түседі; бұл сала өнімнің 2/5 бөлігі Қытай, АҚШ және Тайваньға тиесілі.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 205; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |